Мұстафа Шоқай өмірі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Мұстафа Шоқай-эмиграциялық саяси қызметтің негізін қалаушы
  2. Баспасөз саласындағы қызметтері
  3. Мұстафа Шоқайдың еңбектері

Мұстафа Шоқай-эмиграциялық саяси қызметтің негізін қалаушы

ХIX ғасырдың соңғы ширегі Түркістан тарихының ең қараңғы кезеңдерінің бірі еді. Бұл кезеңде патшалық Ресей Түркістанды жаулап алуын толық аяқтаған. Бұдан кейін Петербург өкіметі бұл жерлердегі билігін нығайтуға күш жұмсап жатты. Сонымен қатар Түркістанның кең даласын мүмкіндігінше жан-жақты қанау шараларын жүргізді. Ресейдің ішкі аймақтарындағы жері жоқ орыс мұжықтарының Түркістанға жаппай көшулерін тездетті.

Түркістандағы жергілікті орыс билеушілері де осы саясатқа сай билік жүргізді. Меншікті жер мен мал-мүлікке ие болуға әбден құнығып алған орыс келімсектерінің Түркістанның жергілікті қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік және түрікмен секілді халықтарының жерлерін иемденуіне тосқауыл болмады. Мұндай әділетсіздікке қарсы халық шарасыз еді. Өйткені жерлерінің қолдарынан тартып алынуына қарсы тұрарлық күш-қауқарлары жоқ еді. Әділетсіздікке қарсы бас көтеріп, қаруланып, жерін қорғауға тырысқандар ауыр жазаға тартылды. Халық жер дауына байланысты жүгініп барған орыс сот орындарынан көбіне оңды нәтиже ала алмады. Өйткені халық жергілікті жәрежеде орыс тілі мен заңдарын білмеуші еді. Түркістан осындай саяси-әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қиын жағдайға тап болып отырған тұста Шоқай дүниеге келді.

Мұстафа Шоқай 1890 жылы 7 қаңтар күні жалпы Түркістан өлкесіне қарасты Сырдария округіндегі Ақмешіт қаласына жақын орналасқан Наршоқы ауылында дүниеге келді. Мұстафа қазақтардың қыпшақ руына жататын текті отбасының ұрпағы. Қоқан хандығында жоғары шенді әскер болған атасы Торғай Датқа Қуатбайұлы Қыпшақ ішіндегі Шашты руының биі еді.

Халық Шоқайға тек өз арасындағы мәселелерде ғана емес, сонымен қатар орыстармен болған дауларда да жүгінетін еді. Мұндай жағдайларда Шоқай олардың әрі тілмашы және әрі заңгері болды. Халық, әсіресе, ағылып келіп жатқан орыс келімсектерінің өз жерлерін зорлықпен тартып алуларынан зардап шекті. Орысша білмейтін халық шағымдарын жергілікті орыс әкімдеріне жеткізуде қиыншылық тартты. Мұндай жағдайларда олардың көмек сұрап баратын адамы, орыс тілін жақсы меңгерген Шоқай би еді. Шоқай би оларға әлі келгенше, жеткенінше қол ұшын беретін.

Алайда жергілікті халық пен келімсектер арасындағы даулардың көпшілігі сотта орыстардың пайдасына шешіліп жатты. Өйткені орыс тілін білу әділетсіздікпен күрес үшін жеткіліксіз еді. Сонымен қатар орыс сот орындарында жүретін заңдарды да жақсы білу қажет. Өкінішке орай, ол кезде қазақ арасында патшалық Ресей заңдарын жетік білетін заңгерлер тапшы еді.

Орыс сот орындарының келімсектер пайдасына қабылдаған үкімдеріне халық үнемі мойынсұна бермеді. Кейде әділетсіз шешімдерде бағынбай қарсылық көрсетушілер де табылды. Олар зорлықшыл келімсектерден жерлерін қайтарып алу үшін соңғы шара ретінде қақтығысқа барды. Келімсектермен қақтығысқан қазақтар сот орындарында айыпты деп табылып, Сібірге жер аударылды. Шоқай би келімсектер мен жергілікті орыс әкімдеріне қарсы айқасқа барудың пайда емес екенін түсінді, қайта жағдайды ушықтырып жіберетінін білді.

Сондықтан ауық-ауық өзі де осындай әділетсіздіктерге душар болғанда басына түскен ауыртпалыққа мойынсұнудан әріге бармады. Орыс әкімшілігі Шоқай бидің үйін мектеп пен мұғалім, қызметкерлер тұратын жатақханаға айналдыру мақсатымен ақы төлеместен екі рет тартып алды. Шоқай мұндай әділетсіздіктерге қарсы күрес жүргізуден еш нәрсе өңбейтінін білгендіктен, екеуінде де көнбістік танытып, басқа жаққа қоныс аударып, жаңадан үй салды. Ал енді бірде келімсектердің қасақана қиянатына тап болды. Олар Шоқайдың егінге дайындап, жыртып қойған егістік танаптарын тартып алды. Шоқайдың бұған да шыдап, көнуден басқа амалы жоқ еді.

Мұстафа Шоқайдың нағашы жұрты да қазақтар арасында беделді әулет еді. Анасы Бақтының әкесі жауынгерлігімен аты шыққан кісі болды. Түркістанды жаулаушы патша әскеріне қарсы жорықтарға қатысты. Әкесі Бақтыны да өзі секілді жауынгер етіп өсірді. Сірә, жорықтардың бір қатарына Бақты да қатысты. Ат құлағында ойнап өскен Бақты сонымен қатар бірсыпыра білім де алды. Өлең жазатын және дастандарды жатқа айтатын Бақты араб тілін де білетін еді.

Мұстафаның бастауыш мектепте өткен күндері туралы ешқандай мәлімет жоқ. Тек оның бұл мектепті 1902 жылы бітірді. Шоқай би ұлының орта мектеп пен лицей білімін де орыс мектептерінде жалғастыруын қалады. Ол кезде жақсы білім алудың алғышарты да осы еді. Ондай мектеп тек Ташкентте бар еді. Ол кезде Петербург өкіметінің Түркістанда орыс тілін білетін жергілікті кадрларға сұранысы күннен-күнге күшейіп келе жатты. Сол себепті орыс мектептеріне жергілікті оқушылар да қабылданатын.

Ташкентте лицейде оқып жүргенде Шоқай қоғамның құқықтық және мәдени өміріне қатысты көп нәрсені жақыннан бақылады. Оның рухани салада өсіп-кемелденуіне башқұрттан шыққан атақты фольклорист ғалым Әбубәкір Диваев көп әсер етті. Ташкенттегі Түркістан өлкелік әкімшілікте аудармашы болып істейтін Диваев қазақ, өзбек және түрікмен секілді жергілікті халықтардың әкімшілікте тілге байланысты мәселелерін шешуге көмекші болып, оларға аудармашылық жасайтын еді. Жұмыстан қолы қалт еткен уақыттарда жергілікті халықтың арасында әдеби салада зерттеулер жүргізді. Әсіресе, қазақтардың ауыз әдебиетіне қатысты естігендерін қағазға түсірді. Бұл арада Диваев Ташкент гимназиясында Мұстафамен бірге оқитын төрт-бес жергілікті оқушыға да көмектесіп отырды. Мезгіл-мезгіл оларды үйіне шақырып сұхбаттасты. Олар бетбе-бет келген қиыншылықтарды жеңілдетуге күш жұмсады.

Баспасөз саласындағы қызметтері. Шоқайдың саяси күресінің ең маңызды құралдарының бірі - баспасөз болып табылады. Ол саяси идеяларын тарату құралы ретінде газет-журналдарға әрдайым үлкен мән беріп, күрес жылдарының кезеңінде мақала жазып отырған. Шоқай мақала жазумен ғана шектелмей, Түркістанға қатысты жеке газет немесе журнал шығаруға да күш жұмсады. Әйтеуір, Шоқайдың баспасөз саласынан сырт қалған кезеңі жоқ десе де болғандай.

Шоқай студент кезінен-ақ баспасөздің қоғамның саяси және мәдени өміріне тигізер ықпалы мол, пәрмені күшті екендігін байқаған еді. Сол себепті ол кейінгі кезеңдерде баспасөз тірлігінен қол үзбеген. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістанда атқарған қауырт саяси жұмыстары кезінде де мақала жазуға уақыт бөлді. Ол Ташкентте Ұлттық орталықтың төрағалығымен қатар «Бірлік туы» газетін басқарып жүрді. Большевиктер Түркістанға өз биліктерін орнатқаннан кейін Тбилиси мен Бакуге барып уақытша тұрақтағанда баспасөзге мақала жазумен қатар журналдар да шығарды. Тбилисиде біреуі түрік тілінде және екіншісі орыс тілінде екі газеттің шығуына мұрындық болды. Тбилиси большевиктердің қолына өткеннен соң, Стамбулға кетіп бара жатып жолшыбай біраз күн Батумиге аялдады. Бір жергілікті газетке Тбилисидегі саяси жағдайға байланысты бірнеше мақала жазып үлгерді. Содан ағылшындардың қол астындағы Стамбулға өтіп, бірнеше апта «Таймс» газетіне мақалалар беріп тұрды.

Шетелдердегі өмірінің соңғы аялдамасы - Париж қаласында Шоқайдың саяси шығармашылық тәжірибесінің шырқау шегіне жеткені байқалады. Оның мақалалары орыс, француз, түрік және ағылшын тілдерінде шығатын әр түрлі газет-журналдарда басылды. Сондай-ақ, екі журналдың жарыққа шығуына жетекшілік етті. Стамбулда «Йени Түркістан» атты журналды З. У. Тоғанмен бірге ТҰО-ның баспасөз органы ретінде жариялады. Кейіннен Түркістан мәселесі тақырыбын терең әрі батыл қамыттаған «Яш Түркістан» журналын жарыққа шығарды. Журнал шет елдердегі ресейлік түркі халықтары өкілдерінің II дүниежүзілік соғыстан бұрын ұзақ уақыт шығып тұрған және ең ықпалды баспасөз органдарының бірі ретінде тарихта із қалдырды. Бұл жетістікке кездейсоқ қол жеткізілген жоқ. Ол Шоқайдың студенттік жылдарынын бастап баспасөз саласында жинақтаған тәжірибесінің бір жемісі еді. Шоқай мақала жазу әдетін II дүниежүзілік соғыстың ең қызып тұрған күндерінің өзінде де тастамады. Шоқай өз өмірінің ең қасіретті, ауыр күндерін бастан өткерген тұтқын лагерьлеріндегі жұмыстары кезінде де естеліктері мен алған әсерлерін қағазға түсіре білді. Міне, тап осы кезеңде, немістерге Түркістанның мәдени және философиялық қырын таныстыру үшін «Түркістан» атты мақала жазды. Бірақ Шоқай бұл мақалаларын басып үлгерместен қайтыс болды. Осы екі қолжазба мақала оның соңғы мақалалары болды. Мария жұбайының баспасөзге ынта-ықыласын жақсы білгендіктен, кейіннен бұл мақалаларды жариялады. Сөйтіп, Мария әрі Шоқайдың мұрасына құрметпен қарап, оның қиын-қыстау кезеңдердегі ой-сезімдерінің із-түссіз жоғалып кетуіне жол бермеді. Шоқайдың баспасөз саласындағы қызметі туралы осы жалпы мәліметтерден кейін, оның алғашқы атсалысқан газеттері «Бірлік туы» мен «Улуғ Түркістаннан» бастап шығармаларына шолу жасауымызға болады.

«Бірлік туы» - «Улуғ Түркістан» (Ташкент)

Ташкентте 1917 жылдың маусымында шыға бастаған «Бірлік туы» газеті Шоқайдың алғашқы газет басқару тәжірибесі болып табылады. Газет Ташкентте тұратын қазақтар құрған «Ықтият одағының» баспасөз органы еді. Аптасына бір рет шығып тұрған газеттің баспасөз саясаты - Түркістан халқының ынтымақтастығын қамтамасыз ете отырып, саяси таным-түсінігін толықтыру, осылайша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына дайындалу еді. Газет осы орайда Бөкейхановтың жетекшілігіндегі «Алашорда» қозғалысының баспасөз органы «Қазақ» газетімен үйлесімді әрекет етті. «Алаш» қозғалысына қарсылардың бірі - Сәкен Сейфуллин Түркістандағы қазақ зиялыларының Ташкенттегі «Бірлік туы» газеті арқылы «Алаш» қозғалысына қолдау көрсетіп, кеңес өкіметінің саясатын сынағандықтарын айтады.

«Бірлік туы» жарыққа шықпас бұрын Ташкент қазақтары үшін 1916 жылдың 26 қарашасынан бері «Алаш» деген газет шығып тұрған еді. Оны Көлбай Төгісов басқарды. Бірақ газет Ташкенттегі қазақтардың талап-тілектерін тілге тиек етуде табысты бола алмады. Бұл жағдай уақыт өте келе Ташкенттегі қазақ зиялыларының наразылығын туғызды. Олардың кейбіреулері наразы бола тұра, газет басшылығына қол ұшын беруді ұсыныс етті. Бірақ бұл ұсынысты Тоғысов қабылдамады. Сондықтан, ташкенттік қазақ зиялылары Мқстафа Шоқай мен Сұлтанбек Қожановтың төңірегіне топтасып, «Ықтият одағын» құрып, ұйымның баспасөз органы ретінде «Бірлік туы» газетін шығаруға шешім қабылдады. Сөйтіп, «Алаш» газетінің шығарушысы Тоғысовтың зиялылардың жәрдем ұсынысын қабылдамай тастауы «Бірлік туы» газетінің дүниеге келуіне себеп болды. Газет басшылығына Шоқай сайланды. Шоқай Ташкенттен кеткеннен кейін газетті басқаруды Қожанов мойнына алды. 1918 жылдың орта шеніне дейін отыз шақты саны жарық көрген газет Түркістан большевиктер қолына өткен соң жабылды.

Түркістан өлкесі мұсылмандары Ұлттық орталығының баспасөз органы ретінде 1917 жылдың сәуір айынан шыға бастаған «Улуғ Түркістан» газетіне қазан татары Фатих Керими басшылық етті. Шоқай бұл газеттің редакция алқасының құрметті мүшесі болды әрі мақалалары басылып тұрды. Редакция алқасында Шоқайдан басқа Молла Гази Юнус Мұхаммедұлы. Нуреддин Сейфүлмүліков, Лүтфи Әбубәкір, Мұхтар Бәкір және Халеф Толак бар еді. Алты мың тиражбен шығатын «Улуғ Түркістан» сол кездегі әжептәуір ықпалды газет екенін айтуға болады. Газет 1918 жылдың көктемінде кеңес органдары тарапынан жабылды. Шоқай бұл газеттің 1917 жылғы 30 сәуір күнгі санында шыққан мақаласында Түркістан халқының татар, сарт және қазақ болып жіктелмей, түркілік және мұсылмандық шаңырағы астында бір жеінен қол, бір жағадан бас шығарып, ынтымақтасу қажеттігін баса көрсетеді.

«Улуғ Түркістан» мен «Бірлік туы» газеттерінің ұстанған саясаты бір-біріне үйлесетін еді. Екі газеттің арасында әрғандай бір келіспеушіліктің болуы да мүмкін емес еді. Өйткені «Бірлік туын» басқарып тұрған Шоқай, сонвмен қатар, «Улуғ Түркістан» қарайтын Ұлттық орталықтың да төрағасы қызметін қоса атқарды. Олай болса, екі газеттің де баспасөз саясатының белгіленуінде Шоқайдың маңызды рөл атқарғандығын айта кету керек.

«На рубеже» - «Шафик» (Тбилиси)

1919 жылдың сәуір айында Тбилисиге келіп, 1921 жылы ақпан айының ортасына дейін осы жерде тұрған Шоқай осы мерзім ішінде орыс тілінде «На рубеже», «Шафик» атымен түрік тілінде екі газет шығарды. Бірақ бұл екі газеттің де өмірлері қысқа болды. Шоқай бұл газеттерді Тбилисиде болған күндерінің соңғы алты айында шығара бастаған еді. Ол бұдан бұрын Тбилисиде шығып тұрған дағыстандық Ахмет Салиховтың «Вольный горец» және «Борьба» газеттеріне мақала жазуын жалғастырды.

Сонымен қатар, «Шафак» газетінде түріктердің армяндарды қырып салғаны туралы өзінің тұжырымдарын қорытып, мақалалар да жазды. Әсіресе, Тбилисиде белең алған әсіре сілтеушіліктерге қарсы түрік жағы берген мәліметтер арқылы жауап беруге тырысты.

«Шафак» газеті 1920 жылдың желтоқсан айынан бастап шыға бастады. Шоқайдың мақалалары жүйелі түрде жарияланып тұрған «Вольный горец» газеті 1920 жылы 31 желтоқсан күні «Шафак» газетінің алғашқы саны жарық көргендігін оқырмандарына хабарлады. Аталмыш газеттің хабары бойынша, «Шафак» газеті Тбилисидегі мұсылмандардың жаңа бір басылымға деген қажеттілігінен туды. Хабарда, сондай-ақ, газеттің ешқандай партияға тәуелді емес екені, бейтарап демократиялық бағыттағы газет екені және оның басты тақырыбын ұлттық мәдениеттің құрайтындығы баса көрсетілді.

«Шафак» пен «На рубеже» газеттерінің жұмыстары большевиктердің Кавказды жаулап алуынан кейін тоқтап қалды. Алты-ақ саны жарық көрген «На рубеже» Грузия өкіметінің материалдық көмегі арқылы шығып тұрды. Түрік тілінде шыққан «Шафак» Тбилисидегі түрік қоғамының жәрдемімен жарияланды. Шоқай «На рубеже» газеті арқылы Грузия өкіметі кеңес билігінің қарсы ұлт-азаттық күресін қолдаса, «Шафак» газеті арқылы Анатольяда Мұстафа Кемалдың жетекшілігінде одақтас мемлекеттерге қарсы жүргізіліп жатқан ұлт-азаттық күреске қолдау көрсетті. Бұл мәселеде ұлт-азаттық күштерінің Тбилисидегі өкілі Қазым «Дирик» пашамен жақын қарым-қатынаста болды. Қазым пашадан Анадолыдағы күрес туралы алған мағлұматтарын «Анатолья хаттары» деген атпен жариялады. Бұл мақалалар оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызды.

«Йени Түркістан» (Стамбул)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұстафа Шоқайдың ұлы
Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы
Мұстафа Шоқай қоғамдық - саяси қызметі
М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы
Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы
Мұстафа Шоқай.Өмірі.Зерттелуі
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлғалығын зерттеу
Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі
Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезеңіндегі және шетелге мұғажыр болып кеткенге дейінгі қоғамдық-саяси қызметі
Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық –саяси қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz