Көлбай Тоғысовтың қызметі


Тақырыбы: Көлбай Тоғысовтың қызметі
Мазмұны
Кіріспе 3-8
1. К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы ---9-25
- ХХ-ғасырдың басындағы Қазақстанның
әлеуметтік-саяси жағдайы және қазақ зиялылары 9-15
- К. Тоғысовтың қоғамдық қызметінің алғашқы
кезеңдері және оның саяси көзқарастарының қалыптасуы --16-25
2. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі және «Үш жүз»
партиясының қызметі. (1917 ж) 26-39
- Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай
(1917 жылғы ақпан-қазан) 26-30
- «Үш жүз» партиясының құрылуы және ондағы К. Тоғысовтың
қызметі 31-39
Қорытынды 40-42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 43-45
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тарихтың кейбір кезеңдерінде қоғамның өзінің өткенге деген қызығушылығы арта түседі. Онда ол негізгі проблемаларға сұрақ-жауап іздейді.
Көп жылдар бойы тарихымыз билік етушілердің идеологиясына негізделіп жазылып келді. Бүгінде біз Қазақстан тәуелсіздігіне 15 жыл толып отырғанда тарихымызды ашық жаза аламыз. Еліміздегі демократиялық қайта құрулар тарихымыздың кей қыр - сырларын қайта қарауға мүмкіндіктер жасауда. Республикамыздың тарихын оңды-солды зерттеу үшін Қазақстанның демократиялық қозғалысы тарихындағы қазақ ұлттық интелегенциясының рөлі мен қызметін қарастыру өте маңызды.
ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенцияның рөлін зерттеудің өзектілігі айдан анық.
Біріншіден, осы кезде қоғамдық- саяси процесстер туындайды.
Екіншіден, бұрынғы КСРО құрамындағы елдердің тарихы біржақты, идеологиялық тоқырау салдарынан көптеген қоғамдық-саяси процесстердің, фактілердің, оқиғалардың зерттеулеріндегі қайшылықтарға алып келді.
Үшіншіден, осы кезеңде тарихи аренаға ұлттық интеллигенцияның өкілдері шығады. Бұлар өз халқын отарлық қанаудан босатуды, тәуелсіздік үшін күрестің жолын іздестірді. Бұл жолдар өз кезегінде түрлі ойлар мен көзқарастарды туғызды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысы үшін қазақ халқы бар күшін, өз өмірлерін арнады. Ұлт-азаттық, демократиялық қозғалыстардың лидерлерінің әрқайсысының қызметін толық обьективті зерттеу ғылымның өзекті мәселесі. Бүгінде біздің қазақ интеллигенциясы туралы тарихи шындықты жазуға мүмкіндігіміз мол. Осы ретте ұмытылған қайраткерлер мен қатар Көлбай Тоғысовтың есімін айтуға болады.
Көлбай Тоғысов өз халқының мұң-мұқтажын ойлаған, өз өмірін халқына арнаған адамдардың бірі. Оның негізгі мақсаты қазақ халқын ағартушылық жолына бағыт-бағдар беріп, тәуелсіздік алып беру болды.
Зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы аумалы-төкпелі аласапыран заманда ел теңдігі үшін атқа қонған, партия құрған, газет шығарған, қуғын-сүргінге ұшыраған, ақыр соңында жат қолынан қаза тапқан Алаш қайраткері, қаламгер - Көлбай Тоғысұлының қызметі кең көлемде зерттелді /1/.
Бұл жұмыстың өзектілігі ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы Көлбай Тоғысовтың есімін қайта жаңғырту, оның демократиялық процестерінің дамуындағы рөлін көрсету, қоғамдық-саяси қызметін айқындау маңызды. Қазіргі таңда жаңа мұрағаттық материалдардың шығуына байланысты К. Тоғысовты жеке тұлға ретінде зерттеу, оның атқарған қызметіне жаңа көзқараспен қарап объективті зерттеудің мәні өте зор. Көлбай Тоғысов жеке тұлға ретіндегі біртектілігі оның қызметі мен публицистикалық мұраларын зерттеу үшін қызығушылық туғызады. Бұл тақырыптың өзектілігі саяси ұйымдастырушылық, публицистикалық қызметінің осы күнге дейін толық зерттелмегендігі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ-ғасырдың басындағы Қазақстан тарихына байланысты зерттеулерде қырғыз (қазақ) «Үш жүз» социалистік партиясы (кейіннен қазақ социалистік партиясы) және Көлбай Тоғысовтың есімі партияны құрушылардың бірі екендігі айтылады. Бұл партияның қызметіне, сондай-ақ К. Тоғысовқа байланысты көзқарастар, пікірлер әртүрлі. Бұған себеп біріншіден, «Үш жүз» партиясы марксистік ұғымда болмады және К. Тоғысов большевиктер қатарында болмады.
Екіншіден, «Үш жүз» партиясы және оның лидері басынан бастап «Алаш» партиясымен текетіресте болды. Осыдан кейін «Үш жүз» партиясы «Алаш» партиясының қарсыласуына тап болғандықтан «Үш жүз» партиясының қызметін зерттеу ұзақ уақыт зерттеушілердің аса қызығушылығын тудыра қойған жоқ.
Үшіншіден, ұлт-азаттық қозғалысы тарихында «Үш жүз» партиясының орны мен рөлі және оның лидері К. Тоғысовтың қызметі толыққанды зерттелмеген және жан-жақты дұрыс баға берілмеген.
Соңғы кездері жас ғалымдар тарапынан «Алаш» партиясының қызметі мен басшыларына байланысты зерттеуге қызығушылықтың арта түсуі көңіл қуантады.
«Алаш» партиясы өкілдерінің ұлт-азаттық және Қазақстанның демократиялық қозғалысының дамуына қосқан үлестерін бүгінде біз барлық жағынан жан-жақты бағалай аламыз. Жаңадан шыққан басылымдарда К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси қызметі және оның құрған «Үш жүз» партиясы туралы қысқаша ғана зерттеулер жасалған. Оның өзінде де екі партияның бір-бірімен қарсыластығы айтылады. Бұл партиялардың бір-бірімен күресіне байланысты қайсыбіріне күнә артуға болмайды. Партия арасындағы күрес билік үшін емес, қазақ халқының тәуелсіздігі, азаттығы үшін болғандығын айтпасада белгілі. Сондықтан әрқайсысының тарихын обьективті зерттеу қажет. Сол кезеңде Қазақстандағы екі саяси-ұлттық партияның тарихи болуы елдегі демократиялық бастаулардың тууына, көппартиялық жүйені құру мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді.
Ғылыми тұрғыдан қарағанда Көлбай Тоғысов туралы С. Сейфуллин өзінің «Тернистый путь» атты еңбегінде біраз мәселелер айтады /2/. Бұл жұмысында ол алашордалықтар мен үшжүздіктер арасындағы кикілжіңдерді, «Үш жүз» партиясының әлеуметтік құрамын ашады. Қазақ социалистік партиясының мәнін аша отырып, ол бұл партияны ұсақ буржуазиялық демократтардан құралған деді.
С. Сейфуллиннің өз кезегінде «Үш жүз» партиясына деген көзқарасы өзгеше болғанымен ол былай дейді: «Нет. Мне не нужна ни партия «Алаш», ни партия «Үш жүз»! Ни стой, ни сдругой программой я не могу согласиться полностью. Но мои симпатии больше на стороне «Үш жүз».
С. Сейфуллин «Үш жүз» партиясы қызметінің қателіктерін көрсетіп, ол бұл саяси күрестегі болып тұратын кемшіліктер деді. Осыған байланысты ол былай деді: «Конечно, в то время многие спотыкались, шли на ощупь. Сотрудники «Үш жүз» явно не понимали своих задач, допускали большие ошибки» . Өз жұмысын қорытындылай келе ол: «Для революции Алаш была опаснее и вреднее, чем «Үш жүз». Хорошо ли, плохо ли начинали организаторы «Трех сотен; по в 1917-1918 г. г. в решающие исторические дни они выступили на стороне красных, поддержали революцию» /2/.
«Үш жүз» партиясының қызметі туралы Т. Елеуовтың «Қазан революциясы және азамат соғысы» еңбегінен қарауға болады. Бұл партияның саяси маңыздылығын айқындай отырып ол «Үш жүздіктер» революцияның жол серігі, жаппай халықтың қысымымен большевиктерді қолдады дейді. Сонымен қатар олар солшыл эсерлердің бағдарламасын толық қолдады /3/.
Автор өз жұмысында «Үш жүз» партиясының негативті жақтарын қарастырып оны ұлтшыл және антисоветтік партия ретінде қарастырады.
Мұнда автордың «Үш жүз» партиясы байларды қолдап, кеңес өкіметіне қарсы шықты деген пікірмен келісуге болмайды.
«Үш жүз» партиясына байланысты пікірді «Очерки историй Коммунистической партии Казакстана» еңбегінің авторлары да көрсетеді. Кітапта «Үш жүз» партиясы «Алаш» ұлттық-буржуазиялық партиясына қарсы шығып қазақ халқының әртүрлі жіктерін өз жақтарына тартуға тырысты делінген. Партияның идеологиялық платформасы пантюркизм, панисламизм, эсерлерді, анархизмді және ұлтшыл буржуазияны көрсетті /4/.
«Үш жүз» партиясының идеологиялық позициясына байланысты қарама-қарсы көзқарасын С. Зиманов былай дейді: «Үш жүз» партиясы сонау бастан социалистік позицияда болды және барлық жағынан большевиктер партиясын қолдады.
Олар социалистік бағытқа икемделіп кеңес өкіметінің декреттері мен жарлықтарын толық қабылдап жергілікті кеңестердің жұмыстарына белсене қатысып отырды. Бұл ұйым буржуазиялық ағымдармен шешуші күрес жүргізе отырып ұлтаралық келісімді сақтауды талап етті /5/.
Автор «Үш жүз» партиясының Кеңестермен, большевиктермен біріккен жұмысын ғана көрсетіп, бұл партияның ерекшелігін және саяси позициясының эволюциясына көңіл бөлмеген.
Бұл проблема жайлы өз ойын атақты тарихшы Г. Д. Дахшлейгер өзінің «В. И. Ленин проблемы Казахстанской историографии» атты еңбегінде көрсетеді.
Г. Д. Дахшлейгер үш жүздіктердің түрік-татар федерациясын құру туралы мәселелеріне көңіл аударады. Автор үш жүздіктер өздерінің идеологиялық жағынан эсерлермен-мұсылман фракцияларының бағдарламасына жақын деген тұжырым айтады.
Бұл жұмыста автор үш жүздіктердің эволюциялық іс-әрекетін олардың барлық мұсылмандарды біріктіруге тырысқандығын көрсетуге тырысады /6/.
«Үш жүз» партиясы туралы қызықты мағлұматтарды П. Пахмурный мен В. Григорьевтің «Октябрь в Казакстане» атты біріккен еңбектерінен байқауға болады. Бұл еңбекте авторлар партияның құрылуы туралы проблеманы қарастырады.
Сондай-ақ олар «Үш жүз» партиясы мен оның лидерлерін біржақты қарастыруға болмайтындығын айтады. П. Пахмурный және В. Григорьев «Үш жүз» партиясы бағдарламаларының кейбір әлсіз жақтарына көңіл бөледі. Яғни «Үш жүз» партиясы ауыл жұмысшыларына қажетті аграрлық бағдарламаны ұсына алмады дейді. Керісінше қазақ қоғамының өмірінде дінді күшейтуге атсалысты деген ойды айтады /7/. Авторлар бұл партияның қарама-қайшы идеялық позициясының күрделілігіне көңіл аударады.
П. Пахмурный «Большевики Казахстана в революции 1905-1907 г. г. » атты еңбегінде «Үш жүз» партиясының лидері К. Тоғысовтың эволюциялық көзқарасына көңіл аударады . Ол К. Тоғысовтың Ресейдегі революциялық дамудың әсерінен біртіндеп революциялық-демократиялық позицияға өткендігін айтады /8/.
«Үш жүз» партиясының идеологиялық мәселесі және оның басшысы
К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси көзқарастары К. Б. Бейсембиевтің «Очерки истории общественно-политической и философской мысли Казакстана» монографиясында қаралады. К. Бейсембиев «Үш жүз» партиясына бір жақты қарауға болмайды дейді. Олардың әрқайсысының көзқарасын ескере отырып, партияның іс-әрекетін тарихи тұрғыда бағалау керектігін айтады. К. Бейсембиев былай жазады: «В чрезвычайно сложных политических условиях которыми характеризуются первые месяцы установления Советской власти, К. Тогусов и его сторонники, как выразители настроения мелкобуржуазных слоев неселения, проявляли колебания непоследовательность, идейно-политическую незрелость. Однако под влиянием революции, ожесточенных классовых баев, местных большевиков в деятельность партии «Үш жүз» обнаружились признаки сдвига в сторону рабочего класса» .
Автор «Үш жүз» партиясының құрылуының себебін аша отырып былай жазады: «Оброзавание «Үш жүз» явилось своеобразной реакцией определенной части трудящихся масса аула на контрреволюционные действия баев, феодалов и их идеологов в лице «Алаш».
Автор К. Тоғысовтың дала байларын «қырғыз буржуазиясы» деп атағандығын, оның дала феодалдары мен қала байларының арасындағы айырмашылықты түсінбегендігін айтады /9/.
«Үш жүз» партиясының қызметі туралы қызықты мәліметтерді М. С. Бурабаевтың «Общественная мысль Казакстана в 1917-1940 г. г. » монографиясында қарауға болады. Монографияда партияның құрылу себептері айтылады. Мұнда партия қызметінің кезеңін екіге бөліп қарастырады.
Біріншісі, немесе ұйымдастырылуы 1917 жылдың қараша айының соңы және желтоқсан айлары. Екінші кезең 1917 жылдың қаңтарынан 1918 жылдың ортасына дейінгі аралық. Бұл кезең К. Тоғысов басқарған партияның толық кеңес өкіметінің платформасында тұрды /1, 44/.
Б. Елькеевтің «Из истории идейно-политической борьбы в Казахстане в период установления Советской власти» атты ғылыми зерттеуі «Үш жүз» партиясының қызметі мен құрылуы мәселелеріне байланысты арнайы жазылған еңбек. Зерттеуде қазақ ұсақ буржуазиясының Қазақстанда кеңес өкіметінің құрылуына, большевиктердің саяси-идеялық позициясына қолдау көрсеткендігі айтылады /10/.
Атақты тарихшы-ғалым К. Нүрпейісов өзінің «Алаш һәм Алашорда» еңбегінде «Үш жүз» партиясының көптеген қыр-сырларын жаңа көзқарастармен айқындайды. Автор «Алаш» және «Үш жүз» партияларының арасындағы кейбір мәселелердің қарама-қайшылығына қарамастан олардың түпкі ойлары бір болғанын айтады.
Ол «Көп ұлтты Қазақстанның автономия болудағы «Үш жүз» партиясының пікірін кейбір қайшылықтарға қарамастан, Ә. Бөкейханов ойларымен сабақтас екендігін көрсетеді» /11/.
Профессор М. Қойгелдиев өзінің «Алаш қозғалысы» еңбегінде де «Үш жүз» партиясының құрылуының себептеріне көңіл аударады. Ол «Біздің пікірімізше» «Үш жүз» аталатын саяси ұйым өзінің пайда болу тарихы жағынан да, әлеуметтік базасы жағынан да терең табиғи қоғамдық сұраныстан гөрі, сол тарихи кезеңдегі саяси дүрмек ағымында, әлеуметтік саяси айқындамасы толық қалыптасып үлгірмеген, бірақ ықпалды саяси күшке айналу ниеті бар саяси ұйым құру болып табылады /12/.
«Алаш» газеті туралы мағлұматтар Қ. Атабаевтың «Қазақ баспасөзі Қазақстанның дерек көзі (1870-1918) » еңбегінде айтылады /13/. Автор «Айқап» журналымен «Алаш» газеті қызметінің арасындағы байланысты көрсетеді. «Үш жүз» партиясы туралы қызықты материалдар Р. М. Рахимованың Омбы қаласына байланысты жазған ғылыми еңбегінде де орын алады. Рахимова былай дейді: партия қызметінің және оның басшыларының кейбір кемшіліктеріне қарамастан «Үш жүз» партиясы Омбы қаласының саяси өміріне біршама әсерін тигізді /14/.
Жалпы қазіргі кезеңдегі мерзімді басылым беттерінде «Үш жүз» партиясы оның лидері К. Тоғысов туралы түрлі мақалалар жарық көргенімен де, бұл мәселе әлі де зертеуді қажет етеді.
Қазіргі кезеңге дейін «Үш жүз» партиясы мен К. Тоғысовтың өмірі мен қызметі туралы толыққанды зерттеулер әлі де ізденісті қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси тұлға Көлбай Тоғысовтың қызметін, Қазақстанның саяси және демократиялық қозғалысы тарихындағы рөлін айқындау.
Сонымен қатар келесі міндеттер алдыға қойылды:
- К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси көзқарастарының пайда болуының
кезеңдерін анықтау;
- К. Тоғысовтың «Үш жүз» партиясын құрудағы қызметін көрсету;
- «Үш жүз» Қазақ социалистік партиясының негізгі кезеңдеріне тоқталу
және К. Тоғысовтың рөлі;
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиялық шеңбері ХІХ ғасырдың аяғымен 1919 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл К. Тоғысовтың ХХ-ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси қызметі белсенділігінің артқан шағы.
Зерттеу тақырыбының дерек көздері. Зерттеу жұмысының дерек көздері жарияланған құжаттар жинағы, зерттеу еңбектері, монографиялар, мақалалар, публикациялар, диссертациядан тұрады.
Бұл тақырыпты зерттеу барысында К. Тоғысовтың мақалалары мен публикациялары, «Айқап» журналы және «Қазақ», «Алаш», «Үш жүз» газеттеріндегі мақалалары қолданылды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Жұмыстың методологиялық мәнінің негізі болып заманға сай концептуальды жақындау және жалпы ғылыми зерттеудің методтары болып табылады. Бұл - историзм, объективтілік пен тарихи процестерді ұғынудың басқа да ғылыми принциптері, сондай-ақ теоретикалық мәселелері және атақты зерттеушілердің пікірлері.
Жұмыстың барысында ғылыми теория, методология және зерттеу методтарының өзара тығыз байланыстығын қамтамасыз етуге әрекеттер жасалған. Осыған байланысты зерттеу жұмысында мынадай ғылыми зерттеу методтары;
Тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық методтар қолданылған.
1. К. Тоғысовтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы
- ХХ- ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси жағдайы және қазақ зиялылары.
1867-1868 жылғы реформалар Қазақстанның Ресейге қосылуын толығымен аяқтады. Ресей экономикасының күлт дамуы ХІХ- ғасырдың аяғы мен ХХ- ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етпей қоймады. Бұл өз кезегінде Қазақстанда отарлық қанауды күшейтті. Қазақстан орыс буржуазияларын өзінің табиғи байлықтарымен, арзан жұмыс күштерімен қызықтырды.
Күрделі өзгерістер қазақ халқының саяси өмірінде де орын алды. Елді басқару жалпы империялық басқару жүйесімен жүргізілді. Бүкіл билік генерал-губернаторлардың қолына берілді. Сондықтан да тұрғындардың өмір сүруі жаппай генерал-губернаторлардың билігінде болды.
Бұрынғы басқару жүйелері қиратылып оның орнына «бөліп алда билік ет» принциптеріне сай жаңа басқарулар енгізілді. Патша өкіметі қазақ халқының шаруашылығын ғана емес, бүкіл қазақ халқын жойып отырды /15/.
Патша өкіметі отарлау саясатын күшейтуде қоныс аудару саясатын қолданған еді. Жаппай орыс, украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ - ғасырдың аяғынан басталды. Осы кезеңде қоныстанушылардың экономикалық жағдайын, жер нормаларын анықтауда Қазақстанға экспедициялар дайындалды. Бұл экспедициялар Половцев (1895-1896), Щербин экспедициялары (1896-1901) еді.
Патшаның қоныстандыру саясаты жергілікті халықты қанауға бағытталды. Жергілікті тұрғындардан ең жақсы деген жайылым жерлер заңсыз және қатаң түрде тартылып алынды. Жергілікті халық тасты, тақыр жерлерге ысырылып тасталды. Патша өкіметінің қоныс аудару саясатының кең көлемде іске асырылуы Столыпиннің аграрлық реформалары кезінде болды. Столыпинның аграрлық саясатының негізгі мәні шаруаларды жаппай Сібір мен Қазақстанға қоныс аудару еді.
Қоныс аударудың ерекше басымдылығы 1906-1910 және 1912-1914 жылдары аралығында байқалды. Қазақ жеріне 1870-1914 жылдар аралығында 1678836 адам қоныс аударып, тұрғындардың жалпы санының 25, 3 пайызын құрады /16/. Шаруалардың жалпы қоныс аударылуы қазақ халқына ауыр тиді. Нәтижесінде қазақтар жерлерінен айырылып, кедейленді. Патша өкіметінің аграрлық саясатының отаршылдық бағыты елдегі отырықшы және көшпелі тұрғындардың санының өзгеруіне алып келді.
Ресейдің экономикалық факторларының әсерінен көшпелі шаруашылықтар күрделі өзгерістерді басынан өткерді.
Отырықшы малшаруашылығымен отырықшы жер шаруашылығының жаңа түрлері пайда болып, көшпелілердің отырықшылану процестері жылдамдатылды.
Капиталистік өндірістер мен капиталистік қатынастардың енуі патриархалды-феодалдық құрылыстың, аймақтағы экономиканы түп-тамырымен өзгертті. Бұл өз кезегінде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер етті.
Көшпелі мал шаруашылығы жүйесінің, патриархалды-феодалдық қатынастардың ыдырауы, қазақ ауылдарында капиталистік қатынастардың дамуына алып келді. Елде жаңа өндіріс орындары мен жалдамалы жұмысшылар пайда бола бастады. Жергілікті шаруашылықтар ыдырап, қазақ кедейлері ақша табу көздерін іздеді. Кедейленген адамдар бір үзім нан үшін өз туған жерлерін тастап батрақтарға, кулактарға, байлармен феодалдарға жалданды. Ақша табудың негізгі көзі темір жол құрылысы мен өндіріс орындары болды. Қазақтар жұмысышы тап деңгейінің ең арзан күш қолы болды және де қазақ жұмысшы кадрлары жетіспеді. Сондықтан да Қзақстандағы кадрлардың көбісін орыс жұмысшылары құрады /16, 267/.
Жұмыс істеу барысындағы ауыр жағдайлар, төменгі жалақы, көптеген айыптар жұмысшылардың қарсылығын тудырды. Бірақ Қазақстан тұрғындарының көп бөлігін шаруалар құрады. Қазақстан тұрғындарының 90 пайызынан астамы ауылдық жерлерде тұрды /17/. Қоныстанушы деревнялар мен қазақ ауылдарындағы экономикалық факторлардың әсерінен шаруалардың жіктерге бөлінуі күшейеді.
ХХ-ғасырдың басында материалдық және саяси жағынан аймақтағы қазақ байлары, яғни ұлттық буржуазияның өкілдері біршама күшті болды. Байлар екіге бөлінді: ірі феодалдар мен ұсақ және орта бай-феодалдар.
Жергілікті байлар нарықтық-тауар қатынастарының арқасында байып, Ресейдің басқару жүйесін қолдап қана қоймай, соның іске асырылуына белсенді араласты.
Ұлттық буржуазияның қоғамдағы өз белсенділігін арттыруға
экономикалық базасымен саяси тірегінің болмауы қатты әсер етті.
Патшаның қоныс аудару саясаты жергілікті байлардың мүддесіне де өз әсерін тигізбей қоймады. Сондықтан да қазақ буржуазиясы патша өкіметіне қарсы тұрды. Осының нәтижесінде олар дамыған елдердің экономикалық жетістіктерін, мәдени дамуын қабылдауға тырысты.
Қазақ буржуазиясының өкілдері біртіндеп либералды-демократиялық позицияға өтіп, мерзімді басылымдарда жер мәселесін, ағартушылықты, мәдени дамудың проблемарын және тағы басқа да мәселелерді қарастырды.
Қазақ буржуазия өкілдері ұлттық интеллигенцияның қатарларын толықтырып отырды.
ХХ-ғасырдың басы қазақ халқының сана-сезімінің ояну кезеңі ретінде сипатталады. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ұлттық интеллигенция алдыңғы қатарда тұрды. Олардың құрамы чиновниктермен банк қызметкерлерінен, фельдшерлерден, мұғалімдер, аудармашылар, инжинерлер тағы басқаларды құрады.
Интеллигенция өкілдері негізінен ірі облыстар мен уезд орталықтарында; Омбы, Петропавловск, Ақмола, Семейде өз жұмыстарын жүргізді. Қазақ интеллигенциясы құрамы жағынан әртүрлі болды.
Бірақ түпкі мақсаттары бір болғандықтан олар патша өкіметінің отаршылдық саясатын бірден түсінді. Материалдық, әлеуметтік мәселелердің саяси көзқарастардың әртүрлі сипатта болуы Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстың біртекті еместігін алдын-ала анықтады.
ХХ-ғасырдың басында қазақ қоғамында интеллигенцияның құрамы 700-ге тарта адам санын құрап, беделдері арта түсті /18/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz