Әбу Насыр Әл-Фараби
Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топ жарғаны-Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» («Әл-Мұғаллим ас-Сани»), «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фараби. Оның толық аты –жөні Әбу Нәсір Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби.Яғни әл-Фарабидің өз аты Әбу Нәсір Мұхаммад, әпкесінің ныспысы да Мұхаммад, бабасының есімі Тархан, арғы атасы–Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Нәсір ныспысының соңына кейде «әт-түрки» деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір деректерде–оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен «Әл-Фараби», яғни «Фарабтық» деген атқа ие болған.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды. Өйткені, «көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуреннаһрда балаларды түрлі қолөнер мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың бес жасар кезінен басталатын болған».
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Нәсірді ата–анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбу Нәсір Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш ен Самарқан, Бұхара шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді. Әйтсе де Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпады. Кейін ол жолай Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдадқа аттанады.
Әбу Нәсірдің Бағдадқа баруының өзіндік себептері бар болатын.
Атағы әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд (1869-1930): «ІХ-Х ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Басра мен Харранға шоғырланды. Антиохиядан грек ғылымы да осында қоныс аударды. Бағдад-

Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топ жарғаны-
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз (Әл-Мұғаллим ас-Сани), Шығыстың
Аристотелі атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фараби. Оның толық аты –жөні
Әбу Нәсір Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби.Яғни әл-Фарабидің өз аты
Әбу Нәсір Мұхаммад, әпкесінің ныспысы да Мұхаммад, бабасының есімі Тархан,
арғы атасы–Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Нәсір ныспысының соңына кейде әт-
түрки деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс
өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір
деректерде–оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз)
отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен
Әл-Фараби, яғни Фарабтық деген атқа ие болған.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға
ұқсайды. Өйткені, көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда,
Мәуреннаһрда балаларды түрлі қолөнер мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту
олардың бес жасар кезінен басталатын болған.
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан,
жас Әбу Нәсірді ата–анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды.
Бірақ Әбу Нәсір Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш ен Самарқан, Бұхара
шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді. Әйтсе де Әбудің мұнда қанша
болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпады. Кейін ол жолай Иран еліндегі
Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен
танысады. Содан соң әрі қарай Бағдадқа аттанады.

Атағы әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд (1869-1930): ІХ-Х
ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Басра мен Харранға шоғырланды.
Антиохиядан грек ғылымы да осында қоныс аударды. Бағдад-бүкіл мұсылман
әлемінен, әсіресе, Иран мен Орта Азиядан шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды
өзіне тартты-деп жазған. Ал, әл-Фараби өмір сүрген кезде ұзаққа созылған
соғыстан кейін Орта Азия арабтардың қол астына бағынып, халифат құрамына
енген болатын. Араб халифатының үлкен мәдени орталығы Бағдад болған. Басып
алынған жерлердің қазынасы да осында әкелінген. Тигр мен Евфрат алқабындағы
Бағдад, әсіресе Басра мен Харран жаңадан пайда болған араб тілді
мәдениеттің, жаратылыстану және қоғамдық–фәлсафалық ғылымның орталығы болып
алғандықтан, ғылыммен әуестенгендер халифаттың түпкір-түкпірінен осында
ағылып жатқан. Білімін молықтыру үшін әл-Фараби де Бағдадқа аттанған.
Әбу Нәсірдің Бағдадқа келген кезде мұнда зерделі зерттеулерімен атағы
шыққан Йуханна бин Хайлан, Әбу Башрматта, Әбу Бәкір бин Сираж сияқты
белгілі ғалымдар ғұмыр шегіп жатқан-ды. Әл-Фараби медицина ғылымы мен
логиканы осы Йуханна бин Хайланнан, жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін
Әбу Башр маттадан үйренеді. Ал, Әбу Бәкір бин Сиражға өзі логиканы үйретіп,
одан астрономияны үйренген. Оны Ибн Хәлликанда растайды. Әйгілі тарихшының
деректеріне сүйенсек, Әл-Фараби Бағдадқа келген кезде мұнда мәшһүр
фәлсафашы Әбу Бишр бин Йунис тұратын. Ол қарт еді, жамағатқа логикадан
дәріс оқитын, өзі де осы пән бойынша көптеген еңбектердің авторы болатын.
Ол Аристотель ілімінің (оны түсіндіру жөнінен), әсіресе логика саласының
маманы еді. Ибн Халликан Әл-Фарабидің Бағдатқа көп бөгелмегендігін
ескертеді. Расында да Әбу Нәсір көп ұзамай Ирактың оңтүстігіндегі Харран
шаһарына аттанып, сонда бірер жыл дәріс алады да, білімін молықтырып,
Бағдадқа қайтып оралады. Бар ынта –жігерін фәлсафаны зерттеуге арнайды.
Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша
көптеген еңбектер жазған. Ибн Халликан өз еңбегінің тағы бір жерінде
жерлесіміз жайлы: Ол-аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың
ешқайсысы да оның шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын,
сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады-деген.
Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан. Арада біраз жылдар саналып, Бағдадтан
Шамға келеді, бірақ мұнда ұзақ аялдамастан, Мысырға сапар шегеді.
Әбу Нәсірдің Мысырға келуі онда 935-946 жылдар арасында патшалық
құран Мұхаммад ибн Тұғұж әл-Ихшидтің кезімен тұспа-тұс болады. Мұхаммад ибн
Тұғұж әл-Ихшид әл-Фараби сияқты түркілердің әскери отбасынан шыққан екен.
935 жылы ол Мысыр басқағы (әміршісі) боп тағайындалған. Халиф ар-Радидан
(934-940ж патшалық құрған) ихшид атағын алады. Араб шежірелерінде бұл
атақтың мәні айқындалмаған, бірақ Мұхаммад ибн Тұғұждың ата-бабасы
мекендеген Орта Азияда ол құрметті лауазым болған. Мысарда патшалық құрған
кезде ол әл-Фарабиді жерлесі ретінде қонаққа шақырса керек, бір-ақ
бабамыздың Мысырда қанша уақыт болғаны жайлы араб деректерді ештеңе
айтпады.
Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын,
оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығын
оқыған. Ибн Халликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің
Метафизикасын қырық, Жан туралы еңбегін жүз, ал Риторикасын екі жүз
рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол
Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.
Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана
киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын
тәпіштей жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзетшілік қызмет
атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен
шұғылданаған.
Біз әл-Фарабидің алғашында фәлсафашы ретінде танылғанын айттық. Оның
фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі арналған. Әбу Нәсір Аристотельдің
Категория, Бірінші және екінші Аналитика сияқты фәлсафалық және
логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.
Сондай-ақ өзі де Кемеңгерлік меруерті, Ізгі қала тұрғындарының
көзқаарасы, Мәселелердің түп мазмұны, Ғылымдардың шығуы, Бақытқа
жету сияқты т.б. көптеген трактаттар туындатқан. Бұл еңбектерінде ол
дүние, қоғам, мемлекет және адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы өз
заманы үшін соны ой-пікірлер айтады. Орта ғасырлардың өзінде-ақ Әбу Нәсір
қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасалған.
Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен,
адамгершілігімен байланыстырған.
Әбу Нәсір әл-Фараби ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының
іргетасын қайта қалаған, әр ғылым саласын игеру жағын көтере отырып,
олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Әуез жайлы да күрделі
зерттеулер жүргізген математика саласында үлен жаңалықтар ашқан,
астрономия жайлы кесек-кесек еңбектер қалдырған, физика ғылымында да тың
ойлармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медицина, химия, минералогия
секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған
еңбектер жазған. Көне грек оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидалары
талданған.
Көрнекті шығыстанушы ғалым, академик Б.Ғафуров (1908-1977) әл-Фарабидің
ғылымға деген құштарлығы таңқаларлықтай алуан салалы болғанына тоқталады.
Біз,-дейді ол,-ұлы ғұлама жазған еңбектер ішінен математикаға, медицинаға,
әуез теориясына, алхимия мен магияға арналған дүниелерді көреміз. Ұлы
ғұлама фәлсафаның, логиканың, таным-наным теориясының психологияның,
этиканың (әдеп), саясат пен социологияның сан қырлары жөнінде пікірлер
айтып, келелі еңбектері жазған. Әл-Фараби атыцн бүкіл әлемге танытып, оны
дүние жүзі мәдениетін жасаушылардың алдыңғы легіне қосқан да оның осы
салалардаағы еңбектері.
Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия
мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан.
Сондай-ақ, ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбу
Нәсір-халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының
білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Иә, сөйтіп Әбу Нәсір
метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия, этика т.б. ғылым салаларын
қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазған.
Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдарын Шамның Халаб қаласында өткізді. Осы
жердің әміршісі Сайф ад-Дауланың (?-967) сарайында тұрған, кейбір
деректерге қарағанда оның дәрігері болғанға ұқсайды. Бірақ онда да ұзақ
тұрақтамаған.
Ибн Халликан шежіресінде Әбу Нәсірдің Халабқа алғаш келген кездегі Сайф
ад-Дауламен танысуы жайлы қызықты деректер келтірілген. Мысырдан қайтып
оралған бетінде әл-Фараби Сайф ад-Даула өзінің нөкерлерімен мәжіліс құрып
отырған үстіне кіріп келгенде, Сайф ад-Даула оған Отыр! деп әмір етеді.
Әл-Фараби: Қай жерге отырайын, сіз отырған жерге ме, жоқ әлде өзім
тұрған жерге ме?-дейді. Сонда Сайф ад-Даула: Өзіңе қай жер лайық деп
тапсаң, сол жерге отыр,-дейді.
Әл-Фараби Сайф ад-Дауланың қасына келіп, оны орнынан ығыстырыңқырап
қасына жайғасады. Әміршінің өзі және бірнеше нөкері ғана білетін құпия
сарай тілімен оларға: Мен мына кісіге қазір бірер сұрақ қоямын, егер ол
лайықты жауап бере алмаса, жазалаңдар,-дейді. Сонда әл-Фараби іле-шала
Сайф ад-Дауланың өзі жаңа ғана сөйлеген құпия тілімен 0, әміршім, сәл
сабыр ет. Әр істің артын баққан жөн болар!-деген кезде, ол қайран қалып:
Апырай, сіз бұл тілді қайдан білесіз?-дейді. Сонда әл-Фараби: Ия, мен
жетіске жуық тіл білемін-деген екен.
Бұдан кейін әл-Фараби Сайф ад-Даула мен оның сарайындағы әнші, ақын,
ғалымдармен өнер жөнінде сұхбаттасады.
Сайф ад-Даула сарайға әуезшілер келсін деп бұйырады. Олар аспаптарында
ойнаған кезде әл-Фараби әуезшілерді тоқтатып, ескерту, түзетулер жасап
отырады. Сонда Сайф ад-Даула: Сіз бұл өнерді де жақсы білетін бе едіңіз?-
деп сұрайды. Ол: Иә-деп жауап береді. Сөйтеді де, беліндегі сахтиан
кісесін шығарып, ішін ашады, одан жіңішке аспапты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz