Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте пайдалану өзектілігі


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География факультеті

Геоэкология және табиғи орта мониторингі кафедрасы

Дипломдық жҰМЫС

Қалдықсыз жӘне аз қалдықты технологияларды Өндірісте пайдалану Өзектілігі

Орындаушы:

5 курс студенті Альджанова Н. К

Ғылыми жетекші

б. ғ. к., доцент Сабырбаева Х. С.

(қолы, күні)

Нормабақылаушы

г. ғ. к., доцент Таланов Е. А.

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі Павличенко Л. М.

(қолы, күні)

Алматы, 2006

РЕФЕРАТ

Жұмыс тақырыбы: “Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте пайдалану өзектілігі”. Бет саны - 43, кесте саны - 8, сурет саны - 12, пайдаланылған әдебиет көздері - 24.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: қалдықсыз және аз қалдықты технологияларға түсініктеме беру, бұл технологиялардың бүгінгі таңда өндірісте пайдаланылу өзектілігін көрсету, ғылыми-техникалық революция нәтижесінде қоршаған ортаның оптималды жағдайына келуі үшін аз қалдықты технологиялардың маңыздылығын айқындау, еліміздің экономикасы мүмкіндігімен пайдалануға болатын аз қалдықты технологиялардың мысалы ретінде “Казцинк” металлургиялық кешенінде ақаба суларды тазалау сапасын арттыратын қалдықсыз және аз қалдықты технологиялардың экономикалық нәтижелілігін көрсету, қоршаған ортаның ластануымен күрес барысының тәжірибесімен байланысты қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды ендіру міндеттілігін айқындау. Жұмыстың өзектілігі: қоршаған ортаның ластануын азайтудың, табиғи ортаны қалпына келтірудің бірден бір жолы - аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгізу. Жұмысты орындау барысында аз қалдықты және қалдықсыз технологиялардың әртүрлі өндірістерде пайдаланылуы, Өскемен металлургиялық комбинатында ақаба суларды тазалау сапасын көтеретін қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар ұсынылды, ол технологиялардың экономикалық нәтижелілігі есептелді.

Кілтті сөздер: қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар, өндіріс қалдықтары, ресурсты сақтау, табиғатты тиімді пайдалану, тазарту қондырғылары, қалдықсыз өндіріс, химиялық өндіріс, мұнай жән газ өндірісі, энергетика, ақаба сулар, шикізатты кешенді пайдалану.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 4

  1. Қалдықсыз жӘне аз қалдықты технологиялар . . . 5. Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар туралы

түсінік . . . 5

  1. Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу . . . 7
  1. ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНУ . . . 10Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды химиялық

өндірісте қолдану…. . . 10

  1. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды энергетика

өндірісінде пайдалану . . . 13

  1. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды мұнай және газ өндірісінде қолдану . . . 15
  2. Шикізатты кешенді пайдалануда қолданылатын аз қалдықты технологиялары . . . 17
  3. Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу және көму…… . . . 20
  1. Өскемен металлургиялық комбинат ӨнеркӘсібінде ақаба суларды тазалауда пайдаланылатын қалдықсыз жӘне аз қалдықты технологиялар . . . 24“Казцинк” өнеркәсібіндегі тазарту қондырғыларының қысқаша сипаттамасы24“Казцинк” өнеркәсібінде орнатылатын аз қалдықты

технологиялар . . . 28

  1. Кондуктометриялық концентратометр “АЖЭ - 8Б” . . . 28
  2. Сериясы 1010 көп қызмет атқаратын ультрадыбысты

әмбебап өтім өлшеуіш . . . 29

  1. “Экотест-120” анализаторы . . . 33
  1. Ұсынылатын аз қалдықты технологиялардың экономикалық нӘтижелілігін бағалау35

4. 1 Ұсынылатын ағындарды тазалау нұсқасының экономикалық нәтижелілігін бағалау . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40

КІРІСПЕ

Адам баласының кез келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер туғызады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тастауға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр.

ХХІ ғасырда ғаламдық экологиялық проблемалардың қатарында табиғи ресурстардың көптеген түрлерінің сарқылу қауіптілігі және сонымен байланысты өндірістік-тұрмыстық қалдықтардың үлкен көлемінің жинақталуы нәтижесінде қоршаған ортаның қарқынды түрде ластануы маңызды орын алады. Бұл жағдайда экологиялық ресурс сақтау проблемаларына ерекше көңіл аудару керек. Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қана қоймай, қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады.

Қоршаған ортаның ластануымен күрес барысының тәжірибесінде қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды ендірудің міндеттілігі туды. Аз немесе қалдықсыз технологиялар кешені ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады. Қалдықсыз өндіріс дегініміз - өндіріс қалдықтары минимумға келтіріліп немесе толығымен екінші ретті материалдық ресурстарға өңделген кездегі технологиялық процестердің формасы.

Дипломдық жұмыс мақсаты: қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте пайдалану өзектілігін көрсету, ғылыми-техникалық революция нәтижесінде қоршаған ортаның оптималды жағдайына келуіне аз қалдықты технологиялардың маңыздылығын айқындау, Өскемен металлургиялық комбинатында ақаба суларды тазалайтын аз қалдықты технологиялардің экономикалық тиімділігін көрсету.

Дипломдық жұмыс міндеті:

  • аз қалықты және қалдықсыз технологияларға түсініктеме беру;
  • қалдықсыз технологиялардың өндірісте пайдаланылу түрлерін көрсету;
  • аз қалдықты технологиялардың пайдаланылу барысындағы экономикалық нәтижелілігін есептеу;
  • қалдықсыз және аз қалдықты технологиялардың өндірісте пайдаланылу маңыздылығын айқындау.
  1. Қалдықсыз жӘне аз қалдықты технологиялар

1. 1 Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар туралы түісінік

Қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі өндірістердің экологиялық эффективтілігін қамтамсыз ету жолдарында маңызды өзгерістерге әкеледі. Экологиялық эффективтілік дегеніміз - қоршаған ортаға тиетін әсерді минимизациялау. Бүгінгі таңда ластану салдарымен күресуге бағытталған уақытша сипаттағы шаралардың орнына ұзақ мерзімді шараларды қолданады.

Қоршаған ортаның ластануымен күрес барысының тәжірибесінде қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды ендірудің міндеттілігі туды. Қалдықсыз деген ұғым - салыстырмалы ғана шама. Табиғаттың өзінде де қалдықсыз ешнәрсе жоқ. Бұл терминнің түсінігі өндіріс пен өнеркәсіп технологияларын дамытып, энергия мен шикізатты толық игерумен байланысты.

Қалдықсыз өндіріс - қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығармайтын шаруашылық қызмет үшін шартты түсінік. Кез келген өндірістің дерлік пайдаланған энергия түрінде болса да қалдықтары болады.

Н. Ф. Реймерс қоршаған орта есебімен табиғи жүйенің дамуының экологиялық заңына сүйене отырып, табиғи ортаның оқшауланған түрде өзіндік дамуының абсолютті түрде мүмкін еместігін анықтаған. Термодинамика прициптеріне негізделе отырып, абсолюютік қалдықсыз өндіріс болу мүмкін емес, ол “мәңгілік” двигательді құрумен тең болар еді деп ұйғарады [5] .

Табиғатта тек үш технологиялық сатыдан тұратын аз қалдықты технология болады:

  1. ресурс сыйымдылығы және елеусіз қалдықтар;
  2. өндірістің айналымдылығын құру (бір өндірістің қалдықтары екінші өндіріске шикізат болу мүмкін) ;
  3. улы қалдықтарды утилизациялау немесе көму.

Барлық осы үш саты біртұтас өндірістік процесті құрай алады.

Ресурсты сақтау, ресурс өндірісі секілді, табиғи-ресурстық әлеуетті орнықты түрде сақтау және қайта қалпына келтіруге (толығымен немесе бөлшектеп) бағытталған. Ол, өз кезегінде, табиғи ресурстардың әр түрлерінің жойылу, бөлшектеп немесе толығымен сарқылу қаупі туған кезде жүзеге асырылатын әртүрлі мелиоративті және басқа шаралардың көмегімен атқарылады. Ресурсты сақтау процесі табиғатты тиімді пайдалану принциптеріне және ресурсты сақтайтын технологияларды пайдалануда негізделеді (сурет 1) .

Қалдықсыз технология дәйекті түрде мүмкін емес, теориялық түрде қалдықтардың барлық түрлерінің минимумы кезінде мүмкін. Тәжірибелік қолдануда бір өндірістің қалдықтарын басқа өндіріске шикізат ретінде (сирек кездесетін металдардың “таза” металлургиясы) қолдануға рұқсат ететін өндіріс технологиясы ғана іске асады. Алайда шикізатты пайдаланғанда мүлдем қалдықтың болмауы көп жағдайда орын алмайды. Энергиялық қалдықсыздық мүмкін емес.

Аз қалдықты технология қатты, газ тәрізді және жылу қалдықтардың минимумымын алуға рұқсат етеді [7] .

Ресурсты сақтау технологиясы - табиғи жағдайлардың минималды түрде бұзылуымен жүзеге асатын табиғи ресурстар және олардан жасалған өнімдерді пайдаланудың минимизациясы.

Экологиялық технология - табиғатқа тән процестер типімен, кейде оның жалғасы ретінде (ғарыштық кеме жағдайларындағы жасанды орта, топырақты өңдегендегі үйіндісіз егін шаруашылығы және т. б. ) құрылған технология.

Қайтымды сумен жабдықтау - пайдаланған судың технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық айналымдарға (тазалаудан кейін немесе тазалаудан бұрын) қайтадан (кейде көп мәрте) түсуі.

Сусыз технологиялар технологиялық процестен суды толығымен немесе бөлшектеп шығаруға есептелген [9] .

Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды жою - өндіріс, тұрмыстық және ақаба су қалдықтарын екінші текті шикізат ретінде басқа өнім алу үшін пайдалану (сонымен бірге, реутилизация, мысалы, макулатурадан қағаз дайындау) .

Ресурсты сақтау

Сурет 1.

Табиғи ресурстарды басқа ресурстармен алмастыру - ресурстың бір түрін, оның тапшылығы немесе басқа себептері жағдайларында (ағаш жанармайын тас көмірмен немесе табиғи газбен алмастыру), басқа ресурстармен алмастыру.

Биоалуантүрлілікті сақтау - Жердің биосферасын өсімдік және жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтау жағдайларын қамтамасыз ету.

Ландшафттарды қорғау, қорықтарды ұйымдастыру - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әр түрлерін ұйымдастыру үшін “жабайы” табиғаттың эталондары ретінде адам аяғы баспаған (аз өзгертілген) жер және аквальды ландшафттарды сақтау [1] .

Ресурсты сақтау өндірістің экологизациясымен тығыз байланысты. Өндірістің экологизациясы дегеніміз - белгілі бір аумақтың табиғи ресурстарын пайдалану нәтижелілігін көтеретін аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды және басқару шешімдерін экономика саласына енгізу бойынша мақсатталған әрекет.

  1. Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Төмендегі 2 -суретте өнеркәсіп қалдықтарының табиғатына қарай жіктелуі берілген. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын мен болмайтындар) жатады.

Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қана қоймай, қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялар кешені ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады [2] .

Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.

Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнауынан жыл сайын 100 млрд. тоннаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын (4 млрд. т. мұнай және газ, 2 млрд. т. көмір) беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92 млн. т. минералды тыңайтқыштар мен 2 млн. т. улы химикаттар пайдалынылып, олар да жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн тоннаның үстінде көміртек оксиді, 53 млн. тоннадай азот оксидтері, 50 млн. т. көмірсутектері, 146 млн. т күкірт диоксиді, 250 млн. т шаң тәрізді қалдық ретінде шығарылынылады. Ал, су қоймаларына жыл сайын орта есепппен 32 млрд. м. 3 тазаланбаған су, әлемдік мұхиттарға - 10 млн. т. дейін мұнай тасталынылады. Осы жағдайларға байланысты қоршаған ортада пайда болатын қолайсыз өзгерістер қайтымсыз түрге айналып отыр [15] .

Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет. Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек. Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өңдеп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса, экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар табиғатқа тиетін қолайсыз әсер де жойылып отырады.

Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтарды екі топқа бөледі - өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына.

Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физикалық-химиялық жолмен өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақ та өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын өнімдер кіреді.

Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттар да жатады [21] .

Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал тұрмыста тасталынады.

Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді.

Пайдаға асырылатындарға - өңдейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш ретінде пайдалынылатын қалдықтар жатады.

Қазірге кезде өңдеу жүргізетін технологияның жоқтығына және алынған өнімдерге тұтынушының жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырылмайтындарға жатқызады [13] .

Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық-химиялық жолмен өңдегенде немесе қоса шыққан өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бұл өнімдерге мемлекетттік стандарт белгіленеді және баға қойылады.

Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Қалдықтарды агрегатты күйіне байланысты топтастыру

Сурет 2.

Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты өндірістік қалдықтарға қоқыстар, кестер, руданы байытқанда шыққан қалдықтар және т. б. жатады. Бұларды өңдейтін технология әзірше болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары, макулатура, тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар, пайдаланылған былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданады. Ал жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі [4] .

Қалдықтарды жер астына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған орларға - полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпаңдарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады. Радиоактивті және едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі толығымен шешімін таппаған экологиялық проблеманың бірі болып табылады.

Улы қалдықтарды көму уақытша амалсыз қолданылатын шара, себебі бұл жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады. Кейбір тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды көму алдында жағу арқылы олардың көлемін азайтуға болады.

Улы қалдықтардың әр уақытта қауіптілік (уақыттылық) класын негізге ала отырып, оларды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылданды [8] .

  1. ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНУ

2. 1 Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды химиялық өндірісте қолдану

Бүгінгі таңда химиялық өндірісте пайда болатын қалдықтардың көлемі азаймауда, ол өз кезегінде табиғатты қорғаудың жаңа талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан технологиялық процестерді бастапқы материалдарды өндіргеннен кейін оларды кешенді түрде қайта өңдеу мақсатымен жетілдіріп, қалдықтар көлемін азайтып, оларды қоршаған ортаға елеусіз әсерін тигізетін немесе екінші рет өңдеуге келетін формаға келтіру керек, яғни аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды шығару керек. Қоршаған ортаны қорғау мақсатымен технологиялық процестерді жетілдіруде негізгі түсініктерді қарастырайық.

Қалдықсыз өндіріс дегініміз - өндіріс қалдықтары минимумға келтіріліп немесе толығымен екінші ретті материалдық ресурстарға өңделген кездегі технологиялық процестердің формасы. Қалдықсыз өндірісте тұйық және энергиялық ағындары бар негізгі компонеттері бойынша тепе-теңдікке келтірілген технологиялық сызбаларды пайдалану қажет. Технологиялық сызбалардың тепе-теңдікке келтірілуі электрохимиялық өндіріс мысалында келтіріледі: NaCl электролизі кезінде негізгі соңғы өнімдер болып табылатын NaOH және Cl 2 түзіледі. Сонымен бірге бірінші өнімдегі қажеттілік едәуір жоғары және хлор бойынша технологиялық сызбаның тепе-теңдігі үшін өндіріс құрамына электролиз нәтижесінде түзілген артық хлорды пайдаланатын хлорорганикалық және басқа өнімдерді алу процестері кіреді [10] .

“Қалдықсыз өндіріс” термині салыстырмалы шама, өйткені іс-жүзінде қалдықтардың толығымен дерлік жойылуы мүмкін емес. Дегенмен бұл термин пайдалы, өйткені химиялық-технологиялық процестерді өңдеушілерді жаңа құрылатын өндірістердің экологиялық эффективтілігін арттыруға бағдарлайды. Қалдықсыз өндірістерде технологиялық циклдар ластаушы барлық ауа, газ немесе су ағындары қоршаған ортадан оқшауланып, тұйық тізбектерде сақталып және олардан міндетті түрде арнайы тазарту қондырғыларынан шығатындай етіп ұйымдастырылған.

Ластанудан тазарту процесі - негізгі өндірістік процестерден кейін ілесіп жүретін қосымша процестер, ал қалдықсыз технологиялық сызбада олармен тығыз байланысты. Мұнымен қалдықтарды негізгі өндріс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет ететін пайдалы өнімге қайта өңдейді, басқа өнеркәсіптерге шикізат немесе жартылай фабрикаттар болып табылады. Қалдықтарды тазалау жіне қайта өңдеудің қосымша процестері негізгі өндірістің жалғасы болып табылады, ал мұндай процестерді жүзеге асыру үшін қажетті қондырғылар барлық өндірістік кешеннің арнайы спецификалық бөлігі болады [11] .

Шикізатты кешенді пайдалану - қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды құрудың негізгі принципі. Шикізатты кешенді пайдалану жағдайында негізгі технологиялық операцияларға жатады: негізгі өндіріске қажетті емес пайдалы заттарды алу; бұл заттарды негізгі өндіріске немесе басқа өнеркәсіптерге түсетін құнды өнімдер немесе жартылай фабрикаттар.

Өндірілетін химиялық өнімдердің көлемін арттыру, оның түрлеін көбейту, сонымен қатар бұл өнімнің сапасын көтеру үшін табиғи шикізатты, энергияны максималды түрде толық пайдаланып, қоршаған табиғи ортаға минималды әсерін жүзеге асыру керек. Бұл мәселені шешуде амалдардың маңыздылары:

  1. еріген және өлшенген ластаушы қоспалардан су жүйелерін қазіргі кезде қолданылатын тазарту әдістері негізінде тұйық технологиялық жүйелерді құру;
  2. химиялық өндіріс қалдықтарын жою жүйелерін өңдеу және енгізу;
  3. өнімдердің дәстүрлі түрлерін алу үшін жаңа технологиялық процестерді құру [12] .

Әрбір өндірістік жүйеде қоршаған ортаны қорғау процестерін жетілдіру жолдарын таңдау техникалық шешімдердің экономикалық негізінен, сонымен бірге белгілі бір аймақтың табиғи ерекшеліктерінен тәуелді. Мысалы, біздің еліміздің оңтүстік аймақтарында, химиялық өндірістер көп орналасқан аймақта, су ресурстары тапшы. Мұндай жағдайларда бастапқы мақсат болып қайтымды су айналымдарын енгізу табылады. Қала шегінде орналасқан химиялық өнеркәсіптерде бір қатары ұшқыш компоненттер қалдықтарын, көбінесе еріткіштер буларын қысқарту керек. Еріткіштертердің адсорбциялық рекупирациясын енгізген кезде тек атмосфераға қалдық тарамай, олардың едәуір бөлігі негізгі өндіріске қайтады. Сонымен әрекет етіп жатқан өндірістерде аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды құру жолдары мен әдістері бұл өндірістердің спецификасына негізделеді.

Қалдықтар негізінен химиялық өндірістің технологиялық процесінде, технологиялық газдарды, өндірістік ақаба суларды тазалағанда, жөндеу жұмыстарында және т. б. пайда болады. Өндірістік газ тәрізді қалдықтарды жоюдың және оларды тауарлық өнімге қайта өңдеудің әртүрлі әдістері шығарылған. Мысалы, күкірт қышқылы зауытында қалдық газдарынан күкірт диоксидінің жұтылуы нәтижесінде атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтар алынатын қышқылдың жалпы көлемінен пайыздың жүздеген үлестеріне дейін қысқарады. Мұндай қалдықтарды қысқарту үшін күкіртті газдарды утилизациялайтын әртүрлі технологиялар қолданылады: адсорбцялық, аммиактік, содалық, қышқылды-каталитикалық және т. б. Мысалы, қышқылды-каталитикалық әдісі марганец ионының қатысуымен жүретін күкірт қышқылы ерітіндісінде күкірт диоксидінің тотығуына негізделген, мұнымен өнеркәсіптің өндірістік айналамында қолданылатын ерітілген күкірт қышқылы алынады:

2SO 2 + O 2 + 2H 2 O Mn2+ → 2H 2 SO 4

Сонымен қалдық газдардан күкірт қышқылының жұтылу технологиясын енгізген кездегі күкірт қышқылының өндірісі аз қалдықты ғана болмай, сонымен қатар шикізаттың қосымша көзі алынады [13] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар жайында
Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар
Өндірістік қалдықтар
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Қалдықсыз және жартылай қалдықты өндірістік технологиялар
Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық процестер
Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия жайлы ақпарат
Нан –өндірісінднгі қалдықсыз технология
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz