Жарнаманың тарихи кезеңдері


ЖОСПАР
Кіріспе
Жарнаманың тарихи кезеңдері
Қазақстандағы жарнамалық істің жағдайы
Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау
Қорытынды
Кіріспе
Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Ол болашақ сатып алушының санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрде ұсынылады.
Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты.
Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, козқарасы, пікірлері мен мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізуде. Сәннің, стильдің және дизайнның беталысын (тенденциясын) көрсету арқылы жарнама адамның эстетикалық қажеттілігіне әсер етеді.
Жарнама сұраныс пен ұсынысты қалыптастыруға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция табуға, өткізу нарығының кеңеюіне, сайып келгенде осыған байланысты жалпы экономиканың және оның әр түрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Бұл жарнаманың экономикалық рөлін ерекшелейді.
Жарнама тек өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай, оның тұтынушы санасында әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді. Осыдан жарнаманың коммуникациялық рөлін байқауға болады.
Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемінің және фирма пайдасының өсуіне әсер етеді. Бұл маркетигтік рөлін көрсетеді.
Жарнаманың әр түрлі өзіндік идеялары мен жанрлары журналистика, кинемотография, графика, көркем сурет тәсілдерін және түс, көлем мен кеңістікті қолданудағы композициялық шешімдерді пайдалана отырып, жасалынды. Жоғарғы кәсіптік деңгейде орындалған жарнама туындылары адамдардың жақсы талғамдарын қалыптастырады, оның рухани сезіміне әсерін тигізеді, адамның сенімі мен құндылықтарының бағытына ықпал етеді.
Жарнаманың тарихи кезеңдері
Жарнамалық тәжірибе туралы ең алғаш жазба тарихи құжаттарда айтыған. Жерорта теңізі едерінде жүзілген қазбаларда археологтар әртүрлі оқиғалар және ұсыныстар жазылған маңдайшаларды тапқан. Римляндар гладиатор сайыстары жөнінде қабырғаларға құлақтандырулар ілген, ал финикийстер әртүрлі салтанатты шеркеулер кезінде шың-құздарды суреттермен әшекелеп, онда өз тауарларын мадақтаған. Осының бәрі қазіргі сыртқы жарнаманың негізін салушылар. Помпейдің жарына жазылған бір суреттемелерде бір саясаткерді мадақтап, адамдарды соған дауыс беруге шақырған.
Ертеректегі жарнаманың тағы бірін жаршылар кейіптеген. Ежелгі Грецияның «Алтын ғасыры» Афин көшелерінде құлдарды, малды және басқа тауарлардың сатылуы хабарлаушы жаршыларды көрген. Афинаның ежелгі тұрғындарына арналған «жарнаманың өлеңінде» былай делінген. «Көзіңіз жарқырасын, бетіңіз қызғылттансыз, қыздың әдемілігі ұзақ сақталсын, есті әйел кометиканы дұрыс бағамен сатып алады»
Ертедегі жарнаманың тағы бір түрі қолөнершілерінің өз тауарларына, мысалға, қыш бұйымдарға салған таңбалары болған. Қолөнершінің атағы тараған сайын, сатып алушылар оның таңбасы салынған тауарларды іздейтін болған. Қазіргі күндері осы мақсаттарда тауар белгілері және марка атаулары пайдаланылады. Мысалға, Оснобрюктан алынған талшықты матасының сапасын дұрыстап тексергеннен кейін, маркалы атауы жоқ вестфаль талшықты матасымен салыстырғанда, оның бағасын 20% жоғары қойған. Өндіріс орталықталынған сайын және нарықтар қашықтаған сайын, таңбаның маңыздылығы тұрақты түрде өскен.
Жарнама тарихының манызды бір бетбұрысына Гутенбергтің баспа станогін ойлап шығарған 1450 ж. жатады. Жарнама берушіге өзінің хабарлама қағаздарының қосымша даналарын қолдан жазып тарату қажет болмаған. Бірінші баспа түріндегі құлақтандыру 1478 ж. ағылшын тілінде пайда болған.
1622 «Уикли Ньюс» деп аталған ағылшын тіліндегі бірінші газеттің шығуына байланысты жарнама қуатты ынталандыруға ие болған. Одан кейінірек Эддисон және Стил «Тэтлер» газетін шығарып, жарнаманың үлкен жақтаушылары болған. Эддисон жарнамалық тексті баспа түрінде құрастырушыларға мынадай кеңес берген: «Жарнамалық құлақтандыруды жазудағы ұлы өнерге, жақсы хабар белгісіз қалмас үшін, не банкроттық туралы хабарлар арасында жоғалмас үшін, оқыманның назарын бірден аудару үшін, дұрыс жол табу керек». «Тэтлердің» 1710 ж. 14 қыркүйектегі нөмірінде алмастарды қайрауға арналған қайысы, медицина препараты және басқа көпшілік пайдалану тауарлары туралы жарнама берілген.
Жарнаманың жоғарғы сатылы көркейуі Құрама Штаттарда болып отыр. Амарикандық жарнаманың әкесі ретінде Бенджамин Франклинді атайды. Оның 1729 ж. шыққан «Газетт» газетасы отарлы Американың газеттері арасында жарнамаларды басу көлемі және оның таралымы ең үлкен көрсеткішке жеткен. Американың жарнама бесігіне айналуына бірнеше факторлар себеп болған. Біріншіден, американдық өнеркәсіп өндіріске механизацияны еңгізу процесінде алда болғандықтан, тауар артықшылығына себепкер болып, оларды тұтынушылардың сатып алуына үгіттеу қажет болған. Екіншіден, жақсы су, тас және жәй жолдардың пайда болуы тауарларды және жарнама құралдарын ауылшаруашылық аудандарға жеткізуді нақтылы жағдайға айналдырған. Үшіншіден, 1813 ж. енгізілген міндетті түрде бастауыш білім алу сауаттылық деңгейін жоғарлатып, газет-журналдардың көбейуіне әкеліп соқтырған. Радионың, ал кейінірек теледидардың ойлап табылуы жарнаманы таратудың тамаша екі құралының пайда болғанын көрсетеді.
Жарнама өрісіндегі негізгі шешімдер.
Қазақстандағы жарнамалық істің жағдайы
Жарнамалық үндеудің ең үздігі қолданбалы өнердің туындылары болып табылады. Пішіні, идеясы, көркемдігі, сценарийдің сәттілігі, стилі тұрғысынан үйлесімді жарнама адамға ерекше психологиялық және эмоциялық әсер етеді.
Жарнама - көптеген білім шеңберінің қамтитын қоғамның күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс. Оны жасау үшін креаторлар, мәтінін жазушылар, суретшілер, дизайнерлер, редакторлар, психологтар, оператарлар және т. б жұмыс істейді.
Жарнама дегеніміз - қаржыландыру көзі анық көрсетілген, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.
Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:
- жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынылады.
- жарнама беруші жарнама мақсатын атап корсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.
Жергілікті өндірушілердің көбі ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты жарнама агенттіктеріне жүгінбей-ақ, жұмысты өздері істегенді қалайды. Мысалы: «Рахат», «Беккер және К», «Фуд мастер», тікелей БАҚ-тың жарнама бөлімдерімен тікелей өзара әрекет жасап, жарнамаларын орналастырады. Ал «Филлип Моррис », «Қант орталығы », «Бахус» сияқты компаниялар жарнама агенттіктерімен тікелей байланысып, жарнамаға тапсырыс береді. Олар «Ogilvy&Mather», «Styx& Leo Burnett», «D’Arcy», «Panda» сияқты ірі ағылшын саксондық-американдық концерндердің агенттіктерімен жұмыс істеуді қалайды. Қазақстан нарығында да жергілікті жарнама агенттіктері дамуда, олардың ішіндегі «Proba», «Pro-Metia Counsel», «Das-Marketing», сияқты жетекші агенттіктер клиенттерге барлық ақпараттық-жарнамалық іс-әрекет бойынша қызмет етеді.
Жарнама агенттіктері-жарнама қызметтерін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама науқанын шығармашылық өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.
Көрсетілген қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандырылған болып болінеді.
Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады.
Мамандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір түрін ұсынады. Оларға шығармашылық шеберханалар, жарнама уақытына ие болатын фирмалар жатады. Шығармашылық шеберханалар жарнаманың ерекше көркем тұжырымдамаларын жасап, ол туралы материалдарды дайындайды, бірақ жарнаманы өткізуде, ұйымдастыруда толық ауқымды қызметтер көрсетпейді.
Жарнамалық агенттіктің көрсететін қызметтері:
- « Қазақстан Республикасының баспа және басқа да, бұқаралық ақпарат көздері туралы» заңыны сәйкес мерзімді және басқа басылымдарды шығару;
- Жарнамалық қызметтер ұсыну;
- Мерзімді басылымдарды тарату;
- Тапсырыс бойынша журналдардың, газеттердің концепциясын, дизайнің жобалау;
- Эскиздер, макеттер жасау;
- Жарнамалық және ақпараттық мәліметтерді дайындау;
- Түрлі ұйымдар, мекемелер және компанияларға арнап фирмалық стильдерін ойлап табу. Сонымен қатар, осыған байланысты сурет және безендіру жұмыстарын жасау;
- Дизайнерлік жобаларды жасау;
- Этикеткалар, зат белгілер, визиткалар және ашық хаттар дайындау;
- Ойын-сауықтық шаралар ұйымдастыру;
- Сыйға тартылатын ойыншықтар және түрлі естелік бұйымдар дайындау;
- Ақпараттық қызметтер;
- Көрмелер, жәрменкелер, аукциондар ұымдастыру;
- Мектептер және басқа да оқу орындарына арналған курстар ұйымдастыру;
- Баспа өнімдерін және документацияны тираждау;
- Компаниялар және басқа ұйымдармен тұрақты қатынас орнатып, мекеменің имиджімен жұмыс істеу;
- Тұрақты клиеттерге қызметтердің жаңа түрлерін ұсыну;
Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау
Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:
Мақсаттық белгілеуіне қарай:
- Тауарлар мен қызметтер жарнамасы;
- Идея-ойлар жарнамасы;
- Пайда алуға бағытталған коммерциялық жарнама;
- Пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы) .
Мақсатты бағытқа сәйкес жарнама типтері:
- Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты - бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталандыру.
- Тауар жарнамасының мақсаты - жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған.
- Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған.
- Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарын толтырады.
- Имидждік жарнаманың негізгі мақсаты - адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушы жарнаманың мақсаты-тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.
Агенттіктің ұсынатын жарнамалық қызметтері:
Баспа жарнамасы - ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық-каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, листовкалар) және жарнамалық - сыйлықтық басылымдар (үстелдерге қоятын және қабырға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күтізбелері, т. б. жатады) . Баспа жарнамасының мақсаты - болашақ сатып алушыларды жарнамаланған фирма тауарлармен толық таныстыру.
Баспасөздегі жарнама . Бұл - хабарландыру және шолу - жарнама жарияланымдары сипаты баспасөзде жариялаған әр түрлі жарнамалық материалдар (мақалар, репортаж, шолу т. б. ) . Басылымның маңыздылығы оның кезеңділігіне, жарнаманың осы басылымдағы алған орнына және көлеміне байланысты болады.
Радиожарнама. Негізгі түрлері - радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер, радиохабарландырулар.
Тележарнама. Ең танымалы түрлері: телеролик, телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар.
Аудиовизуалды жарнама . Бұл - жарнамалық роликтер, жарнамалық-техникалық филимдер, жарнамалық-беделді филимдер, бейне филимдер және слайдтар.
. Тікелей пошталық жарнама - жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен-жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру-ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.
Көліктегі жарнама . Бұл - автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналыстырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар;
Сыртқы жарнама . Бұл - көру арқылы қабылданатын қалың көпшілікке арналған жарнама. Негізінен бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін қолданылады. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, экрандар, транспаранттар, түрлі-түсті жазбалар, электронды табло, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар.
Жарнама сувенирлерлері - фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.
Компьютерлендірілген жарнама. Жарнаманың бұл түрі шетелде жақсы дамыған. Ол компьютерлендірілген ақпарат және кабельді теледидар арқылы жүргізілетін жарнама (бейне-теле каталогтар бойынша сауда) .
Интернет арқылы жарнама. Өзінің жеделдігіне, қайталануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады.
Жалпылама сұраныстағы тауарлар мен қызымет үшін радио мен тележарнама тиімді болып табылады.
Тележарнама - жарнаманың ең қымбат түрі және оның бағасы әр кезде өсіп отырады.
Жарнама тәсілінің ең қарапайым түрі - жарнама хабарларын поштамен тарату.
Газет пен журналдығы жарнаманың құны оның беттеріндегі қолданылған ауданының әрбірін шаршы сантиметрінің бағасымен есептелінеді. Зерттеулер көрсеткендей, газеттер мен журналдардың беттерінің оң жақтағы жоғарғы бөлігіне көбірек көңіл аударылады.
Жарнама құралдарын таңдау процесі мынандай бірнеше кезеңдерден тұрады:
- Жарнама құралдарын қамту ауқымын анықтау;
- Жарнаманың қайталану жиілігі және әсер етуші күші туралы шешім қабылдау;
- Оны тарату құралдарын анықтау;
- Жарнама жеткізушілерін анықтау;
Фирмалық стиль мынадай элементтерден тұрады :
- Тауар белгісі. Мысалы, «Marlboro» сауда маркасының құны 10 млрд. Доллардан тұрып, компанияның нарықтық сомасының 1/3 бөлігін құрайды.
- Логотип - фирманың ерекше жазылған және арнайы дайындалған толық немесе қысқаша аты;
- Фирмалық ұран, сөз мәнері (слоган) -бұл фирма ұраны;
- Фирмалық блок - белгі мен логотиптің компазициялық бірігуі;
- Бірыңғай стиль;
- Фирмалық түс немесе түстер жиынтығы;
- Шрифтердің фирмалық жиынтығы;
- Фирмалық константалар (формат, мәтін версткасы) ;
- Бірыңғай музыка.
Сонымен қатар фирмалық стиль қызметкерлердің ерекше жұмыс киімін де қамтиды. Фирмалық стильдің басты мақсаты - фирма тауарларының тез өтуін және бәсеке қабілеттілігін жоғарлату.
Кез келген тауар белгісі бренд деп атала алмайды, ол үшін тауар өзінің жоғарғы сапасымен тұтынушы сенімін ақтап, нарықта әйгілі болуы керек.
Жарнама агенттігінің мақсаттары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz