Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

1. КОГНИТИВТІК ТІЛ БІЛІМІ . . . 6-9

  1. КОГНИТИВТІК ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ КОНЦЕПТ МӘСЕЛЕСІ . . . 9-28
  2. КОНЦЕПТТІҢ ӨЗГЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ

КАТЕГОРИЯЛАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ . . . 28-31

  1. КОНЦЕПТІЛІК ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫ . . . 32-34
  2. “КОНЦЕПТ ӨРІСІ” ЖӘНЕ “КОНЦЕПТІЛІК ЖҰП” ҰҒЫМДАРЫ . . . 34-39
  1. АСПАН ДЕНЕЛЕРІ АТАУЛАРЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ ӨРІСТЕРІ . . . 40-42ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ АЙ КОНЦЕПТІСІ . . . 42-48ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ КҮН КОНЦЕПТІСІ . . . 48-51ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ ЖҰЛДЫЗ КОНЦЕПТІСІ . . . 51-55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56-57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58-60

КІРІСПЕ

Адамзат қоғамы дамып, өркендеген сайын оның таным-білімі, ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Осымен байланысты санада қалыптасқан ұғымды таныту деңгейі де кеңейе түсетіні белгілі. Ақиқат дүниенің кез келген үзігінің (объектісінің) денотаты мен ситуациялары тіл арқылы санада таңбаланып сақталады және сол дүниені таныту үшін жұмсалады. Ал суреткер танымында ақиқат дүние үзігінің тілдік қолданыста кездеспейтін, яғни тіл арқылы санада “тіркелмеген” (фиксацияланбаған) ерекше денотаттар, ситуациялар кездесіп отырады. Сондықтан қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі, біріншіден, санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, екіншіден, логикалық-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарды тіл арқылы іздеп айқындау. Бұл мәселе жан-жақты зертеуді қажет етеді. Осыған орай, тіл арқылы көрініс тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, яғни тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу әлемдік тіл білімінде үлкен бағытқа айналды. Когнитолог-ғалымдар М. Минский, Г. Филлмор, Дж. Лакофф, Э. Кассирер, Б. С. Мейлах, В. А. Маслова, Е. С. Кубрякова, Р. И. Павиленис, В. К. Нишанов, М. Холодная еңбектерінде талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері ұсынылған. Осы бағыт қазақстандық лингвист ғалымдардың зерттеулерінде де кеңінен қарқын ала бастады.

Проф. Э. Д. Сулейменова тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мәні арқылы ақиқат дүниені тану жағын қарастырса, Н. Ж. Жарқынбекова адамзаттың этноментальды дүниесінің тіл арқылы берілуін көрсетеді. Сонымен қатар ғалым Қ. Жаманбаева эмоция, гештальт-құрылым түріндегі концептілердің көрінісін талдайды. Г. Г. Гиздатов сөз әрекетіндегі когнитивтік модельдердің типологиясын, С. Сүгірбекова прозадағы концептілердің тілдік көрінісін, М. Күштаева жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының берілуін, Г. Снасапова “Ұлпан” романындағы концептілердің ұлттық-мәдени компоненттерін, С. Жапақов эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік сипатын, Ш. Елемесова байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Н. Аитова түр-түс атауларының когнитивтік семантикасын, А. Сыбанбаева концептуалдық метафоралардың табиғатын, Ж. Уматова Жан/душа концептісін талдау үлгісін, Ж. Б. Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік тұлға мәселесін тереңінен зерттеп, айқындап берді.

Мәдениеттің, өркениеттің әр қилы кезеңдері мен дәуірлерінен өткен сайын тілдік ұжым мүшелерінің таным-білімі, сондай-ақ белгілі бір ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік ғана емес, эстетикалық түрде де тани біледі және таныта алады. Сол ақиқат дүниенің сәулесін, ол туралы түсінік, ұғымды санада тұрақты таңбаланып қалыптасқан тілдік құралдардан басқа эстетикалық мақсатта қолданылатын бейнелі құралдармен де таныту жағдайлары кездеседі. Осындай адам санасындағы ақиқат дүниені, сондай-ақ идеалды дүниені эстетикалық көркем негізде таныту әсіресе өнермен тікелей байланысты шығармашылық таланты бар дарынды тұлғалардың ой жүйесінде туындайды.

Дегенмен, дүниенің бейнесін танытудағы тұлғалық не ұжымдық санада жинақталған біліми, мәдени ақпараттардың құрлымын, оның жүйелену, топтасу механизмін анықтау, бұнымен қоса басты когнитивтік бірлік-концептіні ұғымнан ажырату, оның санадағы бейнесі мен тілдік көрінісі мәселелерін айқындау, бір тұжырымға келу терең зерттеуді талап етеді.

Жоғарыда аталғандай, жеке лексемаларды, фразеологизмдерді, прозалық мәтінді когнитивтік тұрғыдан зерттеген ғылыми еңбектер бар. Ал аспан денелері атауларын концептілік тұрғыдан анықтау мәселелері когнитивтік лингвистикада зерттеліне қойған жоқ. Сондықтан концептілік құрылымдардың аспан денелері атауларының тілдегі көрінісін, концептілердің берілуін, бір концептінің әртүрлі тілдік құралдар арқылы вербалданудағы ерекшелігін айқындау жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу нысаны мен дереккөздері ретінде аспан денелері атауларына әртүрлі концептілік құрылымға салынған концептілердің тілдік көрінісі, яғни көркем әдебиет, метафора, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер алынды.

Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, ассоциативтік әдістері, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру, тікелей байқау, аналитикалық талдау әдістері қолданылады

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Концептілік құрылымдардың аспан денелері атаулары түрлері мен типтерін, олардың денотатының, стереотиптік немесе стереотиптік емес ситуацияларының вербалдану ерекшеліктерін, әртүрлі тілдік құралдар арқылы эстетикалық мақсатқа бағынған ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсаттарды орындау барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

  • жұмысымызға негіз болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау және зерттеу барысында сүйенген теориялық тұжырымдарын негіздеу;
  • когнитивтік тіл білімі аспектісі тұрғысында бұрын зерттелген еңбектер мен тақырыпқа қатысы бар мәселелерге шолу жасап, оларды ой елегінен өткізу;
  • аспан денелері атаулары арқылы көрініс тапқан концептілерді құрайтын тілдік таңбалар мен бірліктерді анықтау;

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Жұмыста ұсынылған тұжырымдар мен пайымдаулар, алынған нәтижелер қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеудің ғылыми-теориялық негіздерімен, ұстанымдарын нақтылай түсуге, айқындауға өз деңгейінде үлесін қосады. Аспан денелері атауларын зерттеудің негіздерін іздестіруге жәрдемін тигізуі ықтимал.

Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар, талдау жасалған тілдік деректер мен үлгі модельдер көркем шығармаға стилистикалық-лингвистикалық талдау жүргізу барысында ассоциативтік, түсіндірме сөздік құрастыру жұмыстарында, бейнелі сөздер сөздігін жасауда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында “Когнитивтік лингвистика”, “Стилистика” пәндерінен дәріс беруде пайдалануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

Зерттеу жұмысында осы уақытқа дейін аспан денелері атаулары концептілік тұрғыдан зерттелмеген. Аспан денелері атауларын этнолингвистикалық тұрғыдан Аронов Ғ. Қ. “Қазақ тіліндегі халықтық космонимдердің этнолингвистикалық табиғаты” атты диссертациясында зерттеген. Мұнда ғалым аспан денелері атауларының қазақ танымындағы символдық мәнін қазақи дүниетаным тұрғысынан терең зерттеген. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың жаңалығы аспан денелері атауларының когнитологиялық, яғни концептілік тұрғыдан зерттелуі.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- аспан денелері атауларының тілдік құраладар арқылы көрініс тапқан концепт құрылымдары өз бейнелілігімен, бағалауыш, экспрессивті, коннотаттық мәнімен құнды;

- концепт санада белгілі бір концептілік жүйе арқылы қалыптасады. Концептілік жүйе иерархиялық (сатылы) құрылымнан тұрады: 1) дүниенің қасиеті, белгілері (сенсорлы, перцептивті қабылдау) ; 2) когнитивтік модель (ассоциация, бейне, символ, этикет, эталон, стереотип формаға ие болуы) ; 3) концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет формасына салынуы) ; 4) дүниенің тілдік бейнесі (метофара, фразеологизм, сөз, сөйлем, көркем мәтін) ;

- аспан денелері атауларын ақиқат дүниені мынадай концепт типтері арқылы тану тиімді деп танимыз: фрейм - қарапайым форма, скрипт - күрделі форма, сценарий - оқиғалы форма, схема - сызбалы форма, ойсурет - бейнелі форма.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1. КОГНИТИВТІК ТІЛ БІЛІМІ

Қазіргі тіл білімінде тілге деген көзқарас, оны танудың жолдары өзгерді. Тіл - біз тануға ұмтылатын бүтін бір болмыстың кішкене бөлшегі. Сондықтан тіл мәселелерін тануды сан-салалы факторлардың көмегі қажет. Мысалы, субъектінің ұғыну, ойлау қабілеті, санадағы танымы, өңдеу механизмі, тіл арқылы танылған ақпараттардың семасы, этимологиясы, уәжденуі т. б. әрекеттер тіл білімінде адамзаттың танымдық деңгейін зерттеуге бағытталады.

Тіл - ой жеткізу құралы. Ойлау әрекеті - мида болатын құбылыс, сана әрекеті. Ал, тіл санадағы бұл процессті “мағына” түріндегі формаға енгізеді. Демек, ойлау - логикалық механизмнің ақиқат көрінісі. Оның тілмен шартты байланысынан ұғым қалыптасады. Ұғым бірнеше ойдың сұрыпталуынан өтіп сөз арқылы таңбаланады. Осы тұжырымды мынадай сызба арқылы айқындауға болады: ой - ұғым - тіл.

Ойды жеткізу барысында адамның мынадай қабілеттері айқындалады: дүние туралы танымы, стереотипі, ассоциативтік қоры, жадыдағы ақпараттары т. б. Әрине бұл мәселелер антрополингвистиканың “тіл және сана”, “тіл және адам психикасы”, “тіл және адам құндылықтары”, “тіл және мәдениет”, “тіл және философия” бағыттары бойынша қарастырылады. Соның ішінде адамның танымдық әрекеті мен тілдің өзара қатынасын зерттеуде когнитивтік тіл білімінің қызметі ерекше. Когнитивтік тіл білімі когнитивизм ғылымынан тарайды. Когнитивизм - бұл адамның зердесін, ойлау қабілеті мен ментальды әрекеттері және оның жай-күйін зерттейтін ғылыми бағыт. Адамның білімі мен танымы туралы, дүниені қабылдау және ұғыну механизмі туралы ғылым. Когнитивизм адамның ойлау әрекетін тереңінен танытатын “өндірістік”, “жүйелі” ғылыми әдістер ұсынады /1, 17-33б/.

Адамның интллект, ойлау заңдылығы мәселесі мен логика, философия, физиология, психология ғылымдары айналысып келеді. Мәселен, философия ғылымында гносеология делінетін бүтін тарау таным теориясын қарастырады. Бірақ когнитивистика бағытында ескі атаулар жаңа мазмұнға ие болды. Мысалы әрбір ақиқат дүниенің (зат, оқиға, жағдаят) өзіндік болмысы когнитивизмде былай танылады: Біріншіден - заттық көрнекі бейнеде, екіншіден - қарапайым бейнеде, үшіншіден символ түрінде.

Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны - адамзаттық когниция. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальді репрезентациясын (ішкі танымын), білімнің негізін қалыптастырған символдармен адамның стратегиялық таңбалары айқындау керек. Демек, адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Адамның бұл әрекетін танытатын негізгі белгі - оның тілі. Себебі, тіл - адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал /2/.

Когнитивтік әрекеттің нәтижесінде адамның дүние туралы танымын көрсететін ой жүйесі қалыптасады. Адамның қабылдаған ақпараттары сұрыпталып, категорияланған, жүйеленген ойға шоғырланады, ол тілдік формада көрініс табады: “тілдік сана, жалпы сөз мағынасы - адамның қоғамдық тәжірибесінің құрылымдық формасы; дүние туралы білімі - индивидуалды санадағы білімінің өзекті көздері мен белгілерінің формасы (А. Н. Леонтьев) . “Когнитивтік әрекеттер тілмен тікелей қатысты және олар тілге қатысты әрекеттердің формасын тудырады” (Е. С. Кубрякова) .

Когнитивтік тіл білімінде жаңа ақпаратты қабылдау және өңдеу құралы ретінде мына терминдер қолданылады: Фреймдер (стереотиптік жағдаяттар мен сценарийлер) ; концептілер (тіл арқылы көрініс тапқан жан-жақты білімнің ойдағы жиынтығы) ; гештальт (дүние фрагменттерінің ұғымға дейінгі бүтін бейнесі) . Когнитивтік тіл білімінің қызметі - тілдегі бейнеленген мазмұнның санада қандай ақпараттар негізінде қалыптасқанын, қандай ғылыми шеңберінде, қандай психикалық қабілет негізінде қабылданғанын анықтау. Сондықтан бұны когнитивтік бағыттың басты нысаны болып табылатын ұғынудың ерекшеліктерін қарастыратын фундаментальды аспектіде және дұрыс ұғынуға күш салатын қолданбалы аспектіде шешу көзделген.

Когнитивтік ғылымның зерттеу нысаны - санада бейнеленген ақпараттар мен білім /3, 180б/. Санада бейнеленген білім когнитивтік тіл білімінде мынадай зерттеулер негізінде танылады.

  1. Таңбаның (семиотика) түр мен типтері.
  2. Таңбада бейнеленген мазмұн мен білімнің түрлері және сол білімді таңбадан тану және ажырату механизмі, яғни интерпретация тәртібі.
  3. Таңбаның қалыптасуы мен дамуының шарттары (семиотикалық онтогенез) /4, 5б/.

Тілдің когнитивтік аспектісі білімді қабылдау, ұғыну концептілеу топтастыру, конструкциялау, тілде бейнелеу мәселелерін қарастырады. Адамзат үшін дүниені танудың ең бірінші кілті - ұғымның сезімдік негіздерден нәр алған сана әрекеті, ал тілдік белгі - танымның сыртқы формасы.

Б. А. Серебренников: “Тіл мен ойлау екі түрлі сала болғанмен әрқашан өзара қарым-қатынаста болады /5, 16б/ - дей келіп, олардың қатынасынан “дүние бейнесі ” танылатындығын айтады. Оның бірі - концептілік бейне, екіншісі - тілдік бейне. Мұның біріншісі - ұғынуға қатысты, екіншісі тілде бейнеленуіне қатысты. “Дүниенің бейнесі” деп ақиқат немесе бейақиқат болмыстың санадағы көрінісі деп түсінген дұрыс. ”

Когнитивтік бағыттың негізгі қызметі - дүниенің бейнесі белгілі бір жүйеде репрезентациялау. Репрезентация - алғашқы түсініктен бастап, дамыған бай концептілік жүйедегі түсінікке дейінгі санадағы білімінің көрінісі /5, 19б/. Демек, когнитивтік тіл білімі - ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді репрезентациялау әдісін, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Сонымен қатар когнитивтік тіл білімі дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананың құрылымын модельдеуге бағытталады. Дүние туралы түсініктің санада қалыптасуы үш деңгейлі психикалық әрекеттердің өзара қатынасынан туындаған нәтижесіне байланысты: біріншісі - сезімдік қабылдау (көру, есту, терімен сезу, иіскеп сезу, дәм сезу, т. б. ) деңгейі; екіншісі - түсініктің қалыптасу деңгейі (қарапайым стереотиптер, ассоциациялар, эталондық таңбалар, жеке ситуациялар, қарапайым бейне, санадағы ойсуреттер, абстракция) ; үшіншісі - ойдың тілдік деңгейі. Санада қалыптасатын бұл операциялар бір дүние туралы ақпараттар жиынтығын тудырады. Осы жиынтық концепт жүйесін құрайды.

Санада сыртқы әсердің көмегімен пайда болған ақпараттар адамның эмпирикалық тәжірибесімен толықтырылады. Онымен қоса, дүниенің онтологиялық фрагменттері тілде көрініс табатын дүниенің қарапайым бейнесінде туындайды. Мысалы, ойдың метафоралануы - негізгі ментальды әрекет, дүниені тану және таныту тәсілі. Және ол жаңа білімді “ескінің көзімен” бейнелеп түсіндіруге бейім тұрады. Ойдағы нәтижені тіл арқылы тани аламыз. Себебі тіл - барлық коммуникативтік жүйенің ірі семиотикалық көрінісі. Американ тілші-ғалымы У. Чейф: “тілдің қызметі дайын концептілерді кодтау”, деп түсіндіреді. В. А. Звегинцев: “білімнің мәнділігі оның дискреттік сипатында, ал тіл одан туындайтын мынадай үш қызметі арқылы көрініс табады: біріншіден, білімді дискреттеу құралы ретінде; екіншіден, оның обекътивтенуі ретінде; үшіншіден, интерпретациялануы барысында көрінеді”, деп таниды /6, 195б/.

Демек, тілсіз адамның интеллектуалдық және рухани дүниесін анықтау мүмкін емес. Дегенмен, дүниені тану тілден тыс санадағы таңбалар мен жағдаяттардың сол дүниенің табиғатын толық аша алу деңгейіне байланысты. Санадағы кейбір жағдаяттар тілде көрініс таппай тек ойда таным ретінде сақталуы мүмкін. Бұндай дүниенің табиғатын дәл әрі нақты таныта алатын ситуациялар стереотиптік, яғни жиі қайталану барысында ғана тілдік сипатқа ие бола алады.

Қорыта айтқанда, когнитивтік тіл білімінің негізгі эпицентрі -санадағы дүниенің бейнесі (таңба), оның тірегі - концептілік құрылымдар. Дүниенің бейнесі - жан-жақты ақпарат, бұл ақпараттарды біріктіретін орта - концептілік жүйе. Сондықтан тілдің когнитивтік бағыты тілдегі ұғымды кешенді таныту мәселесін қарастырады.

Г. Гиздатов тұжырымында да когнитивтік бағыттың басты мәселесі - санадағы білімді жүйелеу. Ғалым зерттеулерінде: “Когнитивтік бағыттың негізгі қызметі - санада әмбебап модель қалыптастру” /7/ - деп беріледі. Санадағы ұғымның әмбебаптық көрінісі тіл арқылы танылады. Ал тілдің кешенді қызметі бұған дейін зерттелген болатын. Л. С. Выготский: “Тіл табиғат феномені, тіл - ақпаратты таратушы” деп айқындайды /8/. Тілдің когнитивтік бағыты мынадай екі мәселені шешуге негізделеді:

1Санадағы кешенді білімнің танымдық құрылымын анықтау;

2 Оның концептілік жүйелену тәсілін, тілдік көрінісін айқындайды;

Проф Е. Д. Сүлейменованың зерттеуінде тілдің когнитивтік аспектіде көрінуі ондағы мазмұнның жан-жақты танылуы мен дүниені бүтіндей меңгеруден байқалады. Бірақ тіл жеке тұрып ақиқат дүниені бүтіндей таныта алмайды /9, 127б/. А. А. Кибриктің пікірінше: “Тілдік формалар когнитивтік құрылымдарды таныта алған жағдайда ғана тіл когнитивтік қырынан көрінеді”. /10, 126б/. Ғалым Ж. Манкееваның зерттеулерінде: “Тілдегі мазмұнның сақталуы оның кумулятивтік қызметімен тікелей байланысты. Ол өз кезегінде қабылдау, ойлау, жад сияқты психологиялық ұғымдармен тығыз байланысты болып, тұтас күйіндегі когнитивтік парадигма құрайды” /11/, деп тұжырым жасайды.

Қорыта айтқанда, когнитивтік тіл білімі бағытының қызметі:

- тілге дейінгі санада қалыптасқан дүние туралы ақпараттарды жинақтау және тұжырымдау (концептілеу) ;

- оларды бір жүйеге топтастыру (категориялау) ;

- дүниенің санада бейнелену көрінісін анықтау;

- тілдегі бейнеленуін анықтау.

  1. Когнитивтік тіл біліміндегі концепт мәселесі

Адамзат қоғамы дамып, өндіріс, мәдениет, ғылым өрбіген сайын, адамның танымдық, ұғымдық ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Санада қалыптасқан ұғымды танытудағы шеңбері де кеңейе түсетіні де белгілі. Сондықтан қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін табу. Бұл процесс жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Бұл қызметті жүзеге асыратын когнитивтік бірлік-концепт.

Концепт ұғымы қазіргі тіл білімінде ХХ ғасырдан бастап белсенді қызмет атқара бастады Алғашқыда концепт тілді логикалық талдау тұрғысынан тану бірлігі ретінде анықталып, ұжымның тұлғаның мәдени, рухани ой-санасын, менталитетін тануда қарқынды қызмет атқарады. Сөйтіп рухани мәдениетті танытатын тірек сөздерді (тірек-ұғым) концепт деп атау қарастырылды. (Н. Д. Арутюнова, А. Н. Мороховский, Д. С. Лихачев, В. В. Колесов т. б ) . Н. Д. Арутюнова:”Мәдени концептілер - бұл ең алдымен философиялық мәдени терминдердің қарапайым сәйкестігі (үйлесімі) . Осы ұғымды білдіретін тіл бірліктері ғылыми философиялық, мәдени ұғымдарды таныта отырып, жалпыға ортақ күнделікті қолданыстағы мағыналардың таңбасы бола алады”, -деп түсіндіреді. \12, 117б\. Мысалы, тіл иесі күнделікті қолданыстағы (тағдыр, ақиқат, ар, ождан, еркіндік т. б. ) сөздерді нақты дифиниция арқылы таныта алмайды. Сондықтан бұл сөздер ұжымдық санада қалай танылса, қай қырынан басым түссе, сол мәнді танытатын (көбіне әлеуметтік, мәдени мазмұн) тіл бірліктері арқылы ұғынылады. Бұл ұғымдық мән субъектінің жеке өмірлік тәжірбиесі, жинаған ақпараты арқылы бірнеше тіл бірліктері арқылы көрініс табады. А. К. Мороховский зерттеулерінде концепт ұғымы мен оның қалыптасуы тілдің семантикалық мазмұны арқылы анықталады. Ғалым тілді үш түрлі семантикалық топқа ажыратады:1. Мәдени сөздер; 2. Ғылыми сөздер; 3. Идеологиялық сөздер; Топтастырудағы басты себеп: біріншіден, олардың мағынасы белгілі бір мақсатқа бағытталады, екіншіден, олардың әрқайсысының қалыптастырушы иелері бар, үшіншіден, олардың қолданылу орны, аясы бар. Мәселен, ғылыми терминдерді жеке тұлғалар қалыптастырады, мақсаты-жаңа идеялар мен концептілердің атауын береді. Мәдени сөздер-әлеуметтік ортада қалыптасады, мақсаты- социумда мазмұндық сипат алған концептілерді рухани санада тіл арқылы бекіту, нақтылау. Идеологиялық сөздер жеке тұлғалар санасында қалыптасып, социумға қолданысқа ұсынады, мақсаты-үгіт, насихат, нұсқау. Бұл сөздер иллюзорлы (бұлдыр) санадағы бейнелерді танытуда айқын көрінеді. /13, 55б/. Концепт табиғаты жөніндегі ғылыми зерттеулерінде А. Вежбицкая: ”Концепт идеалды дүниенің объектісі ретінде танылып, субъектінің дүние туралы түсінігінде қалыптасады”, - деген тұжырым жасаған. /14, 79б/. А. Вежбицкаяның бұл пікірі С. А. Аскольдов-Алексеевтің: ”Концепт санадағы актілердің мазмұны” /15, 29б/-деген пікірімен сабақтас. Демек, концепт тілге дейінгі санадағы ой әрекеті арқылы пайда болып, ондағы мазмұнды танытатын бірлік ретінде ұғыныла бастады.

Бұдан кейін зерттеушілер (В. В. Колесов, Д. С. Лихачев, Е. С. Кубрякова, Р. И. Павиленис т. б. ) концептіні ментальды түсінік ретінде тани бастады.

Д. С. Лихачев зерттеулерінде концепт ұғымының тұлғалық санасында шоғырланып, өзара байланыс жасай отырып, концептілік отау (орта) құрайтынын дәлелдейді. Бұл отауды “концептосфера” деп атап көрсетеді /16, 7б/. Кейінгі зерттеулерде концептосфераның қызметі концептілік жүйеге айналады. Ғалым зерттеулерінде концептосфера концепт-1 (алғашқы ментальды түсінік және концепт-2 (рухани мәдениеттің тірек сөздері) арқылы құралған. Олардың тілдік көрінісі көп жағдайда фразеологизм болып табылады. Н. К. Рябцева концепт қасиеттерін былай айқындайды:

- адам санасындағы ақпарат тұлғаның тәжірибесі, танымы, қабылдауы арқылы толығып, өзгеріп отырады;

- концепт логикалы ұйымдасқан динамикалық құрылымнан тұрады. Оның базистік элементі - негізгі құрылым болып танылса, прототиптік мазмұндары - көмекші элементтер болып саналады;

- көмекші элементтер болып саналады;

- концепт (санадағы ескі және жаңа ақпараттар) уәжделген және өңделіп ұсынылған өнім ретінде танылады /17, 74б/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аспан денелерінің концептуалды өрістері
Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктері
Күн жүйесінің құрылысы мен планеталар қозғалысы тақырыбын мектепте сапалы оқытудың әдістемесі
Түр-түстердің қалыптасуының архетиптік бейнесі
Қазіргі заманғы астрометрияда координат жүйелерін анықтау
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Жер тобының ғаламшарлары
Қазақ және түрік тілдеріндегі астрономиялық атаулардың лексикографиялық деректердегі көрінісі мен семантикасы
Аспан жұлдыздарының аспан сферасына проекциялануы
Ономастика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz