Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни



Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни
Өмірбаяны

Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" . Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 . 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 . 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" . "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1.жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институттының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1932 . 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук Каласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 . 1918) жиырма жыл бойы (1890. 1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942.43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанныңбасты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ.дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ.дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Құтты білік дастаны

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни

Өмірбаяны

Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет
(математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология),
өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор
үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет
тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп
Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша
1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті
мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955)
тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" -
"бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге
жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр
жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы),
екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен
кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші
нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі
Шығыстану институттының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме
нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты
білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер
ғалымы Германи Вамбери (1932 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс
тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук Каласында жеке кітап етіп бастырып
шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма
жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890-
1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш
нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны
орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті
мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971),
Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне
(1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты
білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін
атқарған. Дастанныңбасты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі,
мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы.
Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі
патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Құтты білік дастаны

“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған
Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн
Құтты білікті 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз
айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971),
Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне
(1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады.
Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы
мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам
мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.
Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүниөзінің
“Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата
заң (Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен
уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен
нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам
мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен
міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені
әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты
ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық,
пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін
айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға
құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады.
Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас
уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір
халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін,
жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. “Құтты білікте” елшіге қойылатын
талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі
көрікті, көп тіл білетін, шешен,жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог),
түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет.
Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі,
сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді. Дастанда осылайша елдегі барлық
лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік-этик. талаптар сипатталып
көрсетілген. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі
аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”),
екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб
ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі
– “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған
шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке
негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ
жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде
Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген
тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға
қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі
уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап
мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі
арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды
көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында
суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан,
ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі
бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл
өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып,
мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп
Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық
рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.
Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік дастанындағы көнерген сөздердің мағынасын айқындау
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ
Жүсіп Баласағұн-көрнекті түркі ақыны және ойшылы
Баласағұнның Құтадғу білік атты кітабы
Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстан баб
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Орта ғасыр мәдениеті туралы
Ұйғыр жазуы
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастандағы адами және кәсіби қасиеттердің жырланып, көрініс табуы
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075)
Пәндер