Кәсіпкерлік құрылымдардың бизнес-жоспарды жасау үрдісінің негізі
Мазмұны
Кіріспе
1 Матрицалық (портфельдік) талдау
2 Бизнес.жоспардың қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарттары
3 Фирма және сіздің стратегияңыздың қысқаша көрінісі
4 Нарықтың негізгі көрсеткіштері
5 Болашақ кезеңдердегі болжамдалып отырған кірістер мен шығындар
Қорытынды

2 Бизнес-жоспардың қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарттары

Кәсіпорынның табыстылығын жоспарлау маркетингі басқарудағы анықтаушы
түсініктердің ең негізгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын табыстылығын
жоспарлау – экономика ғылымында қалыптасқан ұсыныс заңдылығының базалық
және фундаментальды негіздемелері, баға мен сұраныс және баға мен ұсыныс
арақатынасына негізделген. Мысалы: баға өскенде тауарға деген ұсыныс өседі,
баға төмендегенде ұсыныс та төмендейді.
Маркетинг саласында кәсіпорын табыстылығына қол
жеткізуді қалыптастыруда бәсекелестер мақсаттарын бақылау
қажет. Табысқа қол жеткізудің бірден-бір түрі абсолютті және
салыстырмалы ерекшеліктер жағдайларын бағалау болып
табылады. Абсолюттік ерекшеліктер жағдайы бәсекелестер өндіретін тауардың
бірлігіне шаққандағы шығынының көп болу мүмкіншілігін бағалауға алып
келеді. Бірақ та, тауарға деген сұраныс және осы тауар нарығының
географиялық орны белгісіз болып қалады.
Маркетологиялық диагностика барысында кәсіпорын жағдайы маркетингтік
зерттеулердің егжей-тегжейлілігіне және тереңділігіне тәуелді. Бұл
матрицалық (портфельдік) талдау әдістерін, эксперт-диагностика және
фирманың қаржылық жағдайының бағалану мақсатында қысқа мерзімді болжамдар
үшін қажетті тренинг модельдердің әзірлеуін қажет етеді.
4.1. Матрицалық (портфельдік) талдау
Портфельдік жоспарлау принциптеріне даму себептерінің бірі, ХХ
ғасырдың 60-шы жылдардағы американ компа-нияларының әртараптандыру үрдісі
(диверсификация) негіз болды.
Портфельдік талдау түсінігі қаржы теорияларынан алынған құнды
қағаздарды басқару мәселесі және компаниялардағы диверсификациялық шектеулі
ресурстарды бөлініске салу проблемасына ұқсас келеді. Портфельдік жоспарлау
концеп-циясы 60-шы жылдардың аяғында Бостон Кеңес беру тобы тарапынан
ұсынылған болатын. Бастапқы идея, шаруашылық байланысты екі жақты
кеңестікте көрсетуге ұмтылады: оның бірі – сыртқы фактор болса, ал екіншісі
компания мінездемесіне сипаттама беретін ішкі факторлар болып табылады (7-
кесте).
Кесте 7. Бостон Кеңес беру тобының матрицасы
Нарықтың салыстырма үлесі
Нарықтың өсу Жоғары Төмен Жоғары
үрдістері
Сұрақ белгісіЖұлдыздар
Төмен Иттер Сиырлар
Нарықтың салыстырмалы үлесі мен нарықтық даму қар-қынының
көрсеткіштері (өлшеуіштер) ретінде таңдап алынуы келесі алғы шарттармен
анықталады.
Компания тиімді экономиканың негізінде нарықтағы аз ғана үлесімен
жоғары рентабельділікке қол жеткізеді, бірақ та осындай үлесті сақтап,
қолдау үшін елеулі қаражатты қажет етеді. Оларды, әдетте, жұлдызшамен
белгілейді. Осылардан келген қаржы аналық компанияларда нөлге тең. Тез
дамитын нарық әр уақытта тартымды келеді. Бұл салалар кәсіпорын
басшыларынан олардың дамуына және жұлдызшалар қатарына көшу немесе нарықтан
алып тасталуы жайында стратегиялық шешімдер қабылдауын талап етеді. Бұл
аумақты сұрақ белгісімен белгілейді. "Иттер" деп аталатын белгі компанияның
құлдырау жағдайы мен компания үшін бұл жағдайда нарықтан кету стратегиясын
ұстану керектігін көрсетеді.
"Сиырлар" компанияның негізгі қаржысының жеткізу-шілері болып
табылады. Себебі нарықтағы ауқымды үлес арқасында компания үлкен пайдаға
қол жеткізеді. Бұл нарық жағдайын сақтап қалу елеулі қаржыны қажет етпейді,
яғни аз ғана қаржымен нарықта орнын сақтап қалуға болады.
Бостон Кеңес беру тобы матрицасының кемшілігі нарықта үлес пен даму
қарқындылығы арасындағы теңдей бөлініс болмауымен ерекшеленеді [15-17]
Стратегияның қалыптасуы үшін бұл екі көрсеткіш жеткілікті мөлшерде
мағлұмат бере алмайды. Нарықта елеулі үлеске ие бола отырып, бәсекелестерді
қиын жағдайға душар ету үшін шектеулі қаржының ресурстар мен
инвестицияларды дамушы нарыққа салу мүмкіншіліктерін талап етеді. Бұл
болжамдар дамушы нарық санының көп альтернативтердің болуына негізделген.
Нарықтың қарқындылығы мынадай ерекшеліктермен негізделеді: нарық
көлемінің даму қарқындылығы, капиталдың сиымдылығы, бәсеке қарқындылығы,
құрылымының ауытқуы, нарық санасы, тұтынушы құрылымының саны, технологияның
сақтандырылуы.
Бәсекелік позиция нарық жағдайында мынадай анықтаушы көрсеткіштермен
анықталады: рентабельділік нарық үлесі, техникалық капитал, еңбек
потенциалы, маркетингтік жағдай (сапасы, сервис, баға, имидж, өткізу ағыны)
және өндірістік потенциал (ресурстармен жабдықтау шарттары, өндірістің
экологиялылығы, технологиялар) (8-кесте).
Кесте 8. Дженерал Электрик және Маккензи
Топтарының матрицасы
Бәсекелестер позициясы
Күшті Орта Әлсіз
Нарықтың Жоғары 1 3 6
тартымдылығы
Орташа 2 5 8
Төмен 4 7 9
Даму ұяшықтары (1,2,3). Бұл жағдайда болашақтағы
табысқа бағыттала отырып қарқынды өсу кеңесі беріледі.
Нарықтың потенциалын анықтау ұяшықтары (7,8,9). Бұл жағдайда инвестицияның
минимизациялау стратегиясын қолдану қажет.
Селективті икемділік ұяшығы (4). Бұл жағдайда нарықтың тартымды бөлігі өз
орнын табу қажет.
Даму салаларын іздестіру ұяшығы (5). Селективі инвес-тициялардың неғұрлым
тартымды сегментте мамандандырылуы қажет.
6-шы ұяшық. Бұл жағдайда бәсекелестік артықшы-лыққа ие бола алатын қорғаныс
стратегиясы қолданылуы керек.
Қорыта келгенде, Маккензи матрицаның ең негізі артықшылықтарының бірі
көптеген факторлардың әсер етуі нәтижесінде шешім қабылдау – информациялық
базалардың кеңейтілуі болып табылады. Факторлардың осылай орналасуына әр
түрлі ерекшеліктердің әсер ету нәтижесінде менеджерлердің субъективті
қабылдау мүмкіншілігіне байланысы анықталды. Портфельдік анализ компанияның
стратегиялық дамуын анықтайды және қазіргі жағдайда анықтаушы әмбебап әдіс
болып табылады. Осыған орай басқару маркетингі өндірістің бөлініс және
айырбас үрдісін басқарудың анықтаушы көрсеткіші ретінде қарастырылады. Бұл
жерде маркетингті басқару нарықта сатып алушыларды табу жолы арқылы
тауардың өмір сүру қабілеттілігін айқындайтын тәсіл болып табылатынын
көрсету керек.
Қарастырылып отырған мәселе шеңберінде тұтынушы-лардың сатып алатын
тауар шешімімен осы шешімнің модификациясына көңіл аударуымыз керек.
Тауар моделінің анықтаушы шешімі ең маңызды болып табылады. Яғни
шешімдер тобының жиынтығына: таңдау түрі, түсі, пішіні, фасоны және т.б.
мінездемелер енеді. Тауардың сатып алыну орны, оның мақсаты және көлемі
таңдап алынған тауар моделіне байланысты.
Экспресс-диагностика тәсілі фирманың нарықтағы іс-әрекетінің негізінде
сату құрылымын, сонымен қатар ақшалай қаражаттың түсімімен, сатылуын
бағалау нәтижесінде туындайтын тікелей қажеттілікті зерттейді. Яғни
экспресс-диагностика қаржылай көрсеткіштің талданылуына, ақшалай
қаражаттардың айналымына, икемділігіне, кәсіпорынның нарықтағы қаржылық
тұрақтылығына баса назар аударады.
Кәсіпорынның пайдасы мен шығыны туралы есебі кәсіпорынның қаржылық
диагнозын анықтау мақсатымен маркетингтің талдау (өндірістік өзіндік құн
деңгейі коммерциялық және басқару шығындары, алынған кредит пайызын) жасау
бағытын көрсетеді. Актив және Пассив құрылымының анализі кәсіпорынның
өзгермелі және тұрақты активтерінің, дебиторлық қарыздардың өзгеріс
тенденциясы туралы жалпы түсінік береді. Ақша ағымының көлемінің бағалануы
айқынды және қажеттілігімен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығын
жоспарлауда жалпы түсімнің тауарды нарықта сату және оның өндіріске
байланысты шығындарды жабуы жеткілікті.
Соңғы көрсеткіштер ақшалай қаражаттардың жетіспеушілік себептерін және
түсімдердің көздерін анықтау, пайдалану, маркетингті басқару аспектісінде
айқындалатын қаржы ағымының басқарылуын талап етеді.
Нарықтың тұрақты жағдайында төлемдердің өтпеу күйзелісінде қаржы
ағымын басқару – кәсіпорын табыстылығын жоспарлау аспектісіндегі ең
көкейтесті мәселе болып табылады.
Ақшалай қаражаттар ағымын талдау барысында негізгі инвестициялық және
қаржылық қызметті бөліп көрсете аламыз.
Осының ішінде кәсіпорынның негізгі қызметі, оның өндірістік,
коммерциялық функцияларын орындауға жағдай жасаушы ақшалай қаражаттар мен
табыстың негізгі көзі болып саналады.
Қорыта келгенде, компанияның қаржылық қызметі оның иелігіндегі ақшалай
қаражаттарды ұлғайтуға бағытталып, оның негізгі және инвестициялық
қызметінің дамуына жағдай жасайды. Оның ішіне акциялардың, эмиссиясының,
несие алу нәтижесінде пайда болған ақшалай қаражаттар, сонымен қатар
төленбеген дивидендтермен, қайтарылмаған несиелерімен байланысты шығындар
кіреді.
4.2. Бизнес-жоспардың қажеттілігі және
оны пайдаланудың негізгі шарттары
Бизнес-жоспар – бұл біздің экономикалық лексикамызда біршама жаңа
категория. Кез келген жаңа элемент сияқты оны пайдаланудан бұрын оның дұрыс
түсінілуі керек.
Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен
өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын
жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады [33-34].
Жақсы бизнес-жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің
сызбасы болып табылады. Ол келешекте бизнеске мағына беруді жорамалдайды.
Сіздің алдыңызға қойған мақсаттардан шыға отырып, ол осы мақсаттарға қатаң
белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін сізге қажет болатын барлық кезеңдер
мен ресурстарды қамтиды.
Төменде бизнес-жоспардың пайдасына бірнеше дәлелдер келтіріледі:
Сіздің бизнес-жоспарды жасау кезінде жұмсаған ой-пікіріңіз сізге немен
айналысуды қаласаңыз соны тұтастай көруге және жекелеген аспектілерге назар
салмауға мүмкіндік береді. Егер ұшқыш өз ұшағында жанар-жағар майдың бар-
жоғын тексермей ұшса, онда айтарлықтай қайғылы салдар күтуге болады.
Сондықтан ол әрбір ұшудың алдында нені тексеру керек екендігі белгіленген
"тізімді" пайдаланады.
Ұқсас түрде "бизнес әлеміне ұшуға" аттанар алдында, ешқандай жағдайда
көзден таса қалмауы тиісті күдікті жерлердің тексерілуі қажет.
Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік ойды немесе дамып келе жатқан істің табысқа
жету мүмкіндіктерін жақсырақ бағалауға көмектеседі. Егер бизнес-жоспар
жақсы орындалған болса, онда ол сіздің осы ойдың жүзеге асу мүмкіндігіне
жасаған зерттеуіңіздің көрінісін береді.
3. Бизнес-жоспар сондай-ақ, істің өзін дұрыс жүргізуге
көмектесетін құрал болып табылады. Кәсіпорынды жоспарсыз
басқару, машинаны бір отвертканың көмегімен ғана жөндеуді
қалаумен бірдей. Жоспардың өзі осы машинаны жөндеуге
көмектесетін қосымша құрал болып табылады.
Қандай болса да бизнес-жоспарға ие болу, жоқтан жақсы.
4. Сіздің бизнес-жоспарыңыз бизнес-ойларыңызды фирма-дан тыс
тұлғаларға беруге, қажет болғанда қаржы алуға
немесе бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік береді.
Банкирлер, инвесторлар және потенциалды серіктестер мыналарды білуді
қалайды:
сізге қанша ақша қажет;
сізге олар қай уақытта қажет болады;
сізге олар не үшін қажет;
сіздің оларды қайтарып беруге жағдайыңыз болады ма
және қашан.
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап беруі қажет.
5. Болып жатқан оқиғаларға әсерлену қағидасы бойынша жүзеге
асырылатын істерге қарағанда, бизнес-
жоспар негізінде жүзеге асырылатын істердің табыстылыққа
жету мүмкіншілігі молырақ.
Сіз жаңа іс бастасаңыз немесе қазіргі бизнесті дамытатын болсаңыз,
бизнес-жоспар сізге негізгі бағытты ұстануға көмектеседі және жеңіл-желпі,
әрі алаңдататын детальдарға салынудан сақтайды.
Бір ойға ерекше көңіл аударғымыз келеді: табысты бизнес-жоспар жасау
аса қиын емес.
Біріншіден, сіз қай деңгейде тұрсыз және айталық, 5 жылдан кейін қай
деңгейге жетуді қалайтындығыңызды анықтап алу керек. Осыдан кейін барып
оған жету үшін бизнес-жоспар жасаңыз.
Бизнес-жоспар картаға ұқсас. Егер сіз, мысалыға, Алматы қаласында
болсаңыз және Астана қаласына дейін барғыңыз келсе, сіз бағытты таңдауыңыз,
сапар детальдарын анықтауыңыз, өзіңізбен бірге сапар үшін барлық
қажеттілерді және де сізде уақыт, ақша жеткіліктілігін және көлігіңіздің
жағдайының дұрыс екендігін тексеруіңіз қажет. Жолда қандай да болмасын
кедергілер пайда болған жағдайда сізге осы карта көмектеседі.
Бизнес-жоспарды жасау кезінде екі кезең бар:
А. Ақпараттар жинау.
Өмірлік маңызды бизнес-жоспар жасау үшін сіздің алдыңызда тұрған
қызметтер мен оларды дамыту жағдайлары жөнінде мүмкіндігінше көп білу
қажет.
Сіз мыналарды білуіңіз қажет:
Қызмет – сіз не істеп жатырсыз немесе не істегіңіз
келеді, соны нақты анықтау қажет.
Нарық – сіздің тұтынушыларыңыз кімдер, олар қай
жерде және нені қалайды, сіздің бәсекелестеріңіз кімдер және т.б.
Қаржы – сіз потенциалды тұтынушылардың қажеттілік-терін қанағаттандыра
отырып, пайда таба аласыз ба?
Қолыңызда жеткілікті мәліметтердің, ұлттық деңгейдегі статистиканың,
салыстырмалы мәліметтердің және т.б. жоқ болуынан қорықпаңыз.
Сіз өзіңізге қатысты қызметтің барлық егжей-тегжейін ең жақсы білетін
адамның дәл өзі болып табыласыз. Сіздің кез келген қосымша ақпаратты
қарапайым жолмен табуыңыз өте маңызды.
В. Ақпараттарды жөнге келтіру.
Қандай да болмасын кәсіпкерлік қызмет жөнінде бәрін білу жеткіліксіз.
Сіз серіктеріңізге, оларды көндіру үшін өз білетініңізді қалай
жеткізетіндігіңіз аса маңызды болып табылады. Жоспар бәрін тегіс қамти
алатын және қысқа болуы керек.
Қарапайым және түсінікті тілді пайдаланып көріңіз.
Өзіңіздің ойыңызды белгілі мәселелерді баяндайтын
нақты бөлімдермен ретке келтіріңіз.
Негізгі текстің оқырмандардың оқуына жеңіл болуы
үшін техникалық бөлшектер мен қосымша материалдарды қосымшада көрсетіңіз.
Сіздің жоспарыңыз жай немесе күрделі болуы мүмкін. Ең бастысы, ол
жасалған мақсаттарға сай болуы керек. Мысалы, егер сіз шағын дүкен ашқыңыз
келсе, онда сіздің жоспарыңыз компьютер өндіріп және оларды халықаралық
нарықта сатуды қажет ететін жоспардан мүлдем басқаша болуы керек. Екінші
жағдай бойынша айтарлықтай көп ақпаратқа ие болу қажеттілігі мен жеке
нәрселердің анағұрлым көп анықталу керектігі айқын.
Сондай-ақ, егер сіз банкіден несие алу үшін өз жоспарыңызды
пайдалансаңыз, онда сіз оған фирма жөнінде, басшылық және т.б. жөнінде
мәліметтер беруіңіз керек. Егер сіз өз жоспарыңызды фирманы басқарудың ішкі
құралы ретінде пайдалансаңыз, бұл мәліметтер сіз үшін аса тиімді емес.
Сондықтан бизнес-жоспарды дайындаудың бірыңғай ережесі жоқ.
Бизнес-жоспарының құрылымы [35-36]:
Титулдық бет
Мазмұны
Қысқаша баяндама
Бизнес сипаттамасы
Нарық
Ұйымдастыру және басқару
Қаржылық жоспарлар
Қосымша.
Концентрациялық қажеттілігіне ерекше көңіл аударғымыз келеді. Істі
жақсы жүргізу үшін мәні бар, нақты мақсаттарға ие болу керек және оларға
жету үшін барлық күштерді топтау қажет.
Айтылғанның пайдасына қарапайым бір мысал: егер далада күн шығып тұрса
және сіздің қолыңызда үлкейткіш шыны болса, онда сіз оның көмегімен кішкене
қағазды оңай жандыра аласыз. Күн сіз туралы және сіздің ойыңыз туралы
ештеңе білмейді және оның сәулелері сіздікі емес. Бұған қарамастан, сіз
оның энергиясын пайдалана отырып, өз мақсаттарыңызға жетесіз. Айналып
келгенде, бәрі сіздің айналаңызда, сізге пайдалы не бар, соған назар салуға
келіп тіреледі. Сол сияқты істе де ешкім белгілі бір кезеңде барлық қажетті
ресурстарға ие бола алмайды. Істе табысқа жетудің сыры, барлық мүмкін
ресурстар мен күштерді қол жеткізейін деп отырған нысанаға жұмылдыруда.
Күштерді өз бизнесіңіздің ең маңызды жақтарына топтау үшін келесі түрдегі
іс-әрекеттерді жасау керек:
Өз жоспарыңызды 12-15 бетке + қосымша жазып, оны
20 минуттан аз уақыт ішінде айтып жеткізуге тырысып
көріңіз.
Сіз оны жазып болғаннан кейін, мүмкіндігінше қысқа
және де 3-5 беттен аспайтын, 5 минут ішінде жеткізуге
болатын жоспардың негізгі мәселесі бойынша қысқаша мазмұн түріндегі
аннотациясын жазыңыз.
Бұдан кейін өзіңіздің көңіліңізді ұсынып отырған бизнестің мәніне,
келесідей түрде басты мақсат етіп алып көңіл аударыңыз: сіздің осы
бизнеспен не үшін айналысайын деп жатқаныңызды білдіретін бір немесе
бірнеше сөйлем ретінде. Дәл осы негізгі мақсат сізге орталық нүкте ретінде
қызмет етеді.
Негізгі мақсат сіз үшін айтарлықтай маңызға айналады, егер сізді түнгі
сағат 3-те оятып, сізден аталмыш бизнес бойынша негізгі мотивтеріңізді
сұраса, сіз бірден жауап бере алатын жағдайда болуыңыз керек.
Бизнес-жоспардың жасалуы өз алдына бір мақсат емес екендігін айта кету
маңызды деп есептейміз. Оны жасағаннан кейін іс жүзінде жүзеге асыру
анағұрлым маңыздырақ. Сонда барып жоспар тек жай қағаз емес, ал кәсіпкерлік
қызметті басқаруға болатын құжат болады. Тағы бір маңызды нәрсе бизнес-
жоспар алдын ала болжамдалған және әлдеқашан пайда болған өзгерістермен
тұрақты сәйкестендіріліп отырылуы керек. Біраз уақыт өткеннен кейін
атқарылған жұмыстарды бағалаңыз және күтілген нәтижемен салыстырыңыз,
ауытқулардың себептерін анықтаңыз, орындалмаған жұмыстарды жеңілдету
жолдарын табуға тырысыңыз және сіз өзіңіздің басты әрі негізгі
мақсаттарыңызға жету үшін жоспарды пайда болған өзгерістерге сәйкес
келетіндей етіп қайта түзетіңіз. Сөйтіп, жоспарды пайдалану логикасы
келесідей көріністе болуы керек:
Бизнес-жоспар нені қамтуы қажет және оны қалай жасау керек деген
мәселелер осы бөлімнің талқыланатын пәні болып табылады. Біз атап өткендей,
бизнес-жоспарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz