Суға кеткен адамға көрсетілетін алғашқы көмек


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Тақырыбы: Суға кеткен адамға көрсетілетің алғашқы көмек
Орындаған: Э-113Г
Тексерген: Мәлік М. М.
Семей, 2012
Жоспар:
1. Суға бату себептері және оның түрлері;
2. Реанимациялық шаралар;
3. Науқасқа көрсетілетің алғашқы көмек;
1) Суға батудың себептері: жүзу білмейеуі, жүзу білетін адамдар, бірақ шаршағанда, халі нашарлағанда, сіңірі тартылып қалғанда және судың ішінде неше түрлі кедергі кезіккенде (балдыр, сым-темір), маскүнемдік, мидың шайқалуы, талықсу, ауыр жарақаттан егер сүңгіген кезде бас сүйегінің немесе омыртқаның, мойынның сынуы нәтижесінде суға батуы мүмкін.
Суға баттқан адамдар екі түрге бөлінеді: “ақ суға батушылар” және “көк суға батушылар”. Бірінші жағдайда зардап шегушінің тыныс алуының рефлекторлық тоқтауымен және тонып суынудан аяқасты естің шығуынан, құлаққа және евстахи түтігіне суық судың дабыл жарғағының тесігі арқылы кіруінің салдарынан жүрек қызметінің әлсіреумен сипатталады. Осыған байанысты адам тез батады, өкпеге су толып үлгермейді, зардап шегушінің терісінің бет жағы ағарады, дене ұстағанда суық, бет бейнесі көгереді, үстінгі тыныс алу жолдарынан су шығарылғаннан кейін көбік бөлінбейді.
Екінші жағдайда зардап шегушінің өкпесіне суық су кіреді, тұншығу байқалады, бұл жағдайда адамның терісінің беті көгереді, мойін мен аяқ-қолдың тамыры ісінеді, ауызбен мұрыннан қызғылт түстес көбіктің шығуы байқалады.
Суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек: көмек көрсеткен кезде естің бар-жоғына, зардап шегушінің сыртқы келбетін, тыныс алудың және қан айналымының сипаты мен көрінісін ескерту керек.
Егер зардап шегуші есінің сақталуының алғашқы кезеңінде құтқарылса, шошынуды кетіру шараларын жасап, ылғал киімді шешіп, денені құрғағанша сүртіп, оны жылы үстайды, қымтап орайды, жылы грелка төсейді, ыстық шай, кофе береді.
Суға батушыны ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырларының соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50 градусқа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.
2) Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде реанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс:
1) ауздың, мұрынның қуыстарын кұмнан немесе балшықтан тазарту (дәке салфеткасы оралған сұқ саусақпен тазартылады) ;
2) тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару (суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне жатқызып), кеуде клеткаларын қысады;
3) жасанды тыныс алдыру;
4) қан айналымын қолдау, немесе жүрекке жабық массаж жасау.
Суға батқан адамға үмітті үзбей 20-30 минуттай реанимация шараларын жүргізген дұрыс.
суға кету - адам суға (басқа сұйықтықта сирек) толық батып және су әсерінен ағза жүйелерінің өмірлік маңызды функ-
цияларының (орталық жүйке жүйесінің, тыныс алудың, қан айналымының) бұзылуынан болатын зорлықпен келетін өлім түрі.
3) Суға кетуді «дымқыл» (шынайы), «құрғақ» және синкопальді түрлеріне бөледі. Олар тек пайда болу механизмімен ғана емес, өте маңызды болып табылатын алғашқы көмек көрсету ережелерімен де ерекшеленеді.
Адамның өкпесіне көп мөлшерде су кеткен кезде пайда болады. Мұндай жағдай көбінесе жақсы жүзетін адамдарда қол-аяқ тартылған кезде, су ағысы қатты болғанда, су иіріміне түсіп кеткен кезде болады. Судың бетіне шығып, батып бара жатқан адам суды жұта асығыс тыныс ала бастайды, ал су тыныс алу жолдарын толтырып, ауаның өкпеге баруына кедергі жасайды.
Мұндай жағдайларда адамның тері жабындысы көгереді, аузы мен мұрнынан кеуде қуысын басқан кезде көп мөлшерде көбікті сұйықтық бөлінеді (көбінесе қан аралас) .
Есте сақтаңыз: егер зардап шеккен адамның беті көгеріп кетсе, ең алдымен, өкпесіндегі суды алу керек. ол үшін науқасты өзіңіздің бүгілген аяқтарыңызға оның басы мен денесі төмен тұратындай етіп, ал сіздің жамбасыңыз оның төменгі қабырғаларын басатындай етіп жатқызыңыз. Содан соң арқасын су толық шығып болғанша басыңыз. Дереу жасанды тыныс алу мен жүректі уқалауға кірісіңіз.
Суға кетудің «құрғақ» түрінде судың біраз мөлшері көмейге түсіп, дыбыс саңылауының рефлекторлық қысылуын тудырады да, сұйықтық өкпеге өтпейді. Суға кетудің құрғақ түрінде адам есінен танады. Мұндай жағдайда адамның белсенді қарсыласу мүмкіндігі болмайды және ол судың түбіне батып кетеді. Бұл суық суға секірген кезде, суға кездейсоқ құлап үрейленген кезде, тамақты тоя ішіп суға түскен кезде болуы мүмкін.
Егер науқастың беті бозарып, ернінде көбік болмаса, оның суға тырбаңдамай батқанын көрсеңіз, ондай жағдайда ауыз қуысын судан және шырыштан тазартып, тамыр соғысы бар болса, арқасынан қағып немесе мүсәтір спиртін, я болмаса кез келген өткір иісті (әтір, иіссу, бензин) иіскету жеткілікті. Егер тамыр соғысы жоқ болса, дереу жасанды тыныс алуға және жүректі уқалауға кірісу керек.
Синкопальді суға кету тамыр қысылуынан жүректің рефлекторлы тоқтауы кезінде болады. Суға кетудің құрғақ түрінен тек пайда болу механизмімен ерекшеледі, алғашқы көмекте сол сияқты жан сақтау шаралары жасалады.
Кез келген суға кету кезінде өлімнің екі сатысын ажыратады. Суға кеткен адамның сыртқы түрі судан тез алынған кездің өзінде өлген адам сияқты болады. Соған қарамастан, ол клиникалық өлім сатысында деп есептеп, дереу тірілту шараларын қабылдау керек.
Жалпы жан сақтау шараларына тоқталып өтейік.
Егер адам есінен танбаса, оны сабырға шақырып, үстіндегі су киімдерін шешіп, құрғақтап сүртіп, жылы орау керек.
Егер есінен танып, бірақ тамыр соғысы мен тыныс алуы болса, мүсәтір спиртін иіскетіп, тар киімін шешіп, әсіресе мойны мен кеудесін босату керек. Тыныс алуын белсендіру үшін тілін бір қалыпта тарту керек.
Егер не тамыр соғысы, не тыныс алуы болмаса, дереу жүрек-өкпе реанимациясын бастау керек:
-Науқастың жауырынының астына басы мейлінше артқа шалқаятындай етіп оралған киімді салыңыз: осылай тыныс алу жолдарын ашуға болады.
-Тілін қолмен тартып алған дұрыс.
-Егер жақтары қарысып, ауызға қол жетпесе, жасанды тыныс алу «ауыздан мұрынға» тәсілімен жасалады.
-Жүрек тұсын уқалауды егер жалғыз болсаңыз 2 демді ішке тарту - 15 рет басу есебінен жасаңыз, қасыңызда адам болса 1 демді ішке тарту - 5 компрессия.
- Сіз суға кеткен адамның ішіндегі суды шығарғанша, басқалар «жедел жәрдем» шақырсын. Суды 30-40 минут шығаруға болады.
Науқас қандай жағдайда болса да, денесін ысқалап сипау арқылы жылыту, қол-аяқтарын уқалау пайдалы.
Науқастың тыныс алуы қалпына келе салысымен, оған ыстық шай беріп, көрпеге орайды және ол өзін алғашқы көмектен кейін жақсы сезініп тұрса да, оны емдеу мекеме-сіне жеткізу керек! Өкпенің ісінуі және басқа ауыр салдардың (мысалы, жүректің қайта тоқтауы) болуы мүмкін. Оның өміріне қауіп жоқ екенін тек дәрігерлер ғана айта алады!
Әрине, қайғының салдарымен күрескенше, оның алдын алған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz