Қайта құру мен тәуелсіздік жылдардағы Н.Назарбаев


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Қайта құру мен тәуелсіздік жылдардағы Н. Назарбаев

Жоспар

  1. Н. Назарбаев қысқаша өмірбаяны
  2. Н. Назарбаев кемел кезеңдері
  3. Қызмет жолының хронологиялық кестесі
  4. Н. Назарбаев кемел кезеңдерінің фото бейнелері
  5. Қолданылған әдебиет тізімі

1) НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ (1940 ж. т. ), Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекет қайраткері. Экономика ғылыми докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның, Халықаралық инженерлік академиясының, Ресей әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын (1965 ж. ), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1976 ж. ) бітірген. 1960-69 ж. Қарағанды металлургия комбинатында шойын құюшы, горновой, 1969-73 ж. Теміртау қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы, қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1973-77 ж. Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы, 1977-79 ж. облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы, 1979-1984 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы, 1989-1991 ж. і-хатшысы, 1984-89 ж. Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1990 ж. 24 сәуірден Қазақстан Республикасының Президенті.

2) Н. Ә. Назарбаев үшін 70-ші жылдар қызметте өсуге жемісті жылдар болды, бұл жылдар «тоқырау кезеңі» деп аталған. Комбинаттағы комсомолдық және партия жұмысы, Қарағандыдағы қалалық комитет партиясы, кейін Алматыдағы ҚКП ОК хатшысы, Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесі төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы және елдің Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы.

Билік басына Горбачевтің келуі, қайта құру. Ельцин кезеңі, Одақтың құдырауы және Қазақстанның Тәуелсіздік алуы. Осының барлығы Н. Назарбаев билік құрылымында қызмет еткен кезеңде болды.

Қазіргі кезде елдің тәуелсіз мемлекет ретінде алғашқы қадамдарын елестетудің өзі қиын: жаппай тапшылық, интеграция, өнеркәсіп жұмыс істесе, тек құрдымға кетпес үшін ғана істеді, әлеуметтік салада тұнған депрессия.

Н. Назарбаевтың өз сөзімен айтсақ: «90 жылдардың басында құлдырау кезеңінде болдық деп қазір мен ашық айта аламын». Елде ұлтаралық дау-жанжалға әкелетін әлеуметтік мәселелердің өршуі тоқтамады. Одақтас республикалармен байланыс үзілгесін, олардың ірі мықты азық-түлік кәсіпорындарымен бірлесе жұмыс істеу тоқтатылды. Бұл экономиканың әлсіреуіне әкеліп соқты. Осы кезеңде басқа ұлт өкілдерінің елден кетуі белең алды.

Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті алғаш алған қазақ ұлтының менталитеті де бірден танылды. Өзге ұлт өкілдеріне деген қарым-қатынастары күрт өзгерді. Бұл Қазақстанды жайлаған «орыстандыру» саясатына, салт-дәстүрлердің жойылуы, қазақ халқы ана тілінің, дәлірек айтсақ, қазақ этносының құрып кетуіне байланысты жойылу жолдарына қарсы жауап болды.

Осының барлығы болды ғой. Мәселелерді нақты шешу керек болды.

Абайлап, «зияныңызды тигізбе» деген медициналық принципті басшылыққа алу керек болды. Бір жерде шұғыл хирургия керек. Еліміздің жағдайы миналы жерден өтіп келе жатқандай болды. Соның өзінде әлеуметтік тұрақтылық пен этносаралық, конфессияаралық келісімді сақтап қалды. Бұның барлығына төзімділік танытып, өз Президентіне нық сенген Қазақстан халқына тағзым етуіміз керек. Олар елбасы идеясын қолдап, елдің аяқтан тік тұрып кетуіне ат салысты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жоғарыдан ешкімнің бұйрығынсыз, барша халықтың, қазақстандықтардың қалауы бойынша шын мәніндегі Елбасы атанып отыр. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады. Халық Қазақстанның Тұңғыш Президенті тыңнан алғашқы жол салушының ауыр міндетін қолға алды деп санайды.

1989 жылғы маусымда ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды, ал 1990 жылғы сәуірде Жоғарғы Кеңес оны Қазақстан Республикасының бірінші Президенті етіп сайлады. Сөйтіп, өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Нұрсұлтан Назарбаев бүкілодақтық ауқымдағы КСРО-ның лидерлері рейтингінде бірінші орын алған ең танымал саясаткерлердің бірі болды. Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Бірақ өзге әріптестерімен салыстырғанда жас екендігіне қарамастан, ол сол кездің өзінде кемеліне келген мемлекет және қоғам қайраткері болып қалыптасты.

Ол Кеңес Одағы қалай күйреп жатқанына куә болды, дегенмен, КСРО-ның сол кездегі басшыларының интел­лектуалдық және саяси мүмкіндіктерін нақты бағалады және бір кездегі қуатты елдің жұртында пайда болған жаңа мемлекеттік құрылымдарды дүрбелең мен қан төгуге апаратындай айла-шарғыға араласудан өз бойын аулақ ұстап қалды.

Сондай күрделі кезеңде интеграцияны жақтап, ТМД-ны құрудың шын мәніндегі бастамашысы болған Н. Назарбаевтың аса көрегендігін уақыт көрсетіп отыр. Ол бірден-бір дұрыс жолды таңдады, сол арқылы бұрынғы Одақ республикалары арасындағы теке-тіреске, “югослав сценарийі” бойынша қан төгілуіне жол бермеді.

Тәуелсіздік алумен бірге Қазақстан алдында жер шарының геосаяси картасында өз орнын айқындаудың күрделі мәселесі тұрды. Президенттің өзі бұл туралы былайша еске алады: “…біз әлемде өзіміздің геосаяси стратегиямызды анықтауға тиіс едік. Қазақстан қандай болуы керек? Еуропа мен Азия арасындағы көпір ме? Немесе “Солтүстік пен Оңтүстіктің” белағашы ма? Әлде тағы бір “азиялық жолбарыс па?”

Мемлекет басшысы жүзеге асырған жаңарулардың тарихи ауқымы мен ұлылығын түсіну үшін тәуелсіздігін алғанға дейінгі Қазақстанға ойша оралу жеткілікті. Еліміз кеңестік жылдардан дағдарыстағы экономиканы, тоқтап қалған кәсіпорындарды, күйреген ауыл шаруашылығын, кедейленген халықты мұраға алып қалған болатын. Мұның бәрі әлеуметтік шиеленісті туындатып, саяси тұрақсыздыққа айналып кету қаупі төніп тұрды.

Сол күндері көптеген саясаткерлер мен сарапшылар біздің еліміздің келешегіне күмән келтіріп, экономика­лық, демографиялық және ұлтаралық өткір мәселелердің ауыртпалықтарына қоса, Қытаймен, Ресей, Орта Азия мемлекеттерімен құқықтық тұрғыда шекарасы ресімделмеген Қазақстан әлі ұзақ уақыт бойы шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізе алмайды десетін.

Бірақ, президенттің жігерлі еңбегі, оның көреген саясаты мен алғыр көшбасшылығы барлық сүреңсіз болжамдарды жоққа шығарды.

Егер де Нұрсұлтан Назарбаев елдің басшысы болып тұрмаған болса, бірде-бір реформа табысқа жете алмаушы еді деп нық сеніммен айта аламын. Ол қиын кезеңдердің бәрінде - саясатта да, экономикада да барлық жаңарулардың үдеткіші мен кепілі ретінде бүкіл жауапкершілікті мойнына алды.

Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда мемлекеттік басқарудың барлық салаларында түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылды, еліміз жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға бет бұрды. Демократия мен құқық тәртібінің берік дәстүрлері болмаған елде, қатаң орталықтандырылған әміршілдік жүйеден еркін нарыққа көшу күрделі де ауыр және ұзақ болуы мүмкін еді. Президент нар тәуекелге бел буды. Дегенмен, осы арада оның саяси күш-жігері шешуші рөл атқарған болса керек.

НАТО-ның Бас хатшысы Дж. Робертсон кейіннен бұл туралы былай деді: “Ескі көзқарастан арылып, ел ішіндегі шынайы реформаларды жалғастырудың, жедел өзгеретін халықаралық жағдайға бейімделудің президент Назарбаевқа оңай болмағанын біз түсінеміз”.

Шынында да, сол бір қиын кездерде Президентке еліміздің ішіндегі - жарықсыз және жылусыз қалған қалалар мен ауылдардың тіршілігін қамтамасыз етуден, өмір сүру үшін арпалысқан күрестен бастап - мемлекеттің стратегиялық даму жоспарын жасауға дейінгі бір-біріне қарама-қайшы өткір мәселелерді бір мезгілде шешуге тура келді.

Бірінші кезекте қатаң билік жүйесімен үйлесім тапқан экономиканы ырқына жіберу бағыты таңдалып алынды. Н. Назарбаев жоспарлы жаңаруды жігерлі және аз шығынмен жүргізудің қажеттігін, күшті атқарушы билік керектігін және халық пен тарих алдында жеке өзінің жауапкершілігі тұрғанын жақсы түсінді.

Сол жылдары ең қиын әрі ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Жекешелендіру бірнеше кезеңдерге бөлінді. Нәтижесінде, өнеркәсіп жандана бастады, қаржы және макроэкономикалық тұрақтылық орнады, бюджет және салық жүйелері құрылды, адам айтқысыз инфляция ауыздықталды, халықтың өмір сүруінің қанағаттанарлық деңгейі қамтамасыз етілді.

Президент Н. Назарбаевтың орасан зор тарихи еңбегі оның басшылығымен ұлттық валютаның енгізілуінде, дербес қаржы-экономикалық жүйенің түзілуінде, жоғарыдан төмен бірыңғай атқарушы биліктің қалып­тасуында, Қарулы Күштердің құрылуында, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің бекітілуінде көрінеді. Сонымен қатар, елімізде көппартиялық жүйе қалыптасып, азаматтық қоғамның негізі құрылды, баспасөз еркіндігі қамтамасыз етілді. Қазақстан өркениетті даму жолын таңдады.

Қол жеткен нәтижелер мемлекеттік жоспарлаудың жаңа деңгейіне шығуға алғышарттар жасады, стра­тегиялық сипаттағы міндеттерді шешуді бағдарлауға мүмкіндік берді. Сол кезде Президент Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен әзірленген еліміздің 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары дүниеге келді.

Францияның бұрынғы президенті, көрнекті саясаткер Жак Ширак Н. Назарбаевтың жұмысы туралы: “1991 жылдан басталған өзгерістерді Франция маңызды әрі шешуші оқиғалар деп бағалайды. Тұрлаусыздық және қиын жағдайда Сіздің еліңіз мемлекет құру жолына түсті, сөйтіп, өзінің ұлттық құндылықтары мен тамыры терең тарихына адалдығымен қатар, демократияның жалпы адамзаттық принциптері мен құқықтық мемлекетке беріктігі туралы мәлімдеді.

15 жыл ішінде Қазақстан тұрақты институттары және қарқынды экономикасы бар елге айналды. Сіздердің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру, діндер және мәдениеттер арасындағы үнқатысуды дамыту жөніндегі және тағы басқа көптеген бастамаларыңызға Франция әрқашан тілектес болып келеді. Осы қадамдардан аймақтық және халықаралық деңгейдегі жауапкершілікті жете сезінген әлем қоғамдастығының мүшесі екендіктеріңіз анық көрініп тұр.

Өзінің жаңа қызметінің биігінен ол туған республикасының дамуында жіберілген қателік-қиғаштықтардың ауқымы мен олар тудыратын қасіретті толық сезіне алды. Ол Қазақстанның одақтық экономика үшін алып шикізат қорына айналып кеткенін көрді.

Тұтыну тауарларының 60 пайызы Қазақстанға өзге республикалардан әкелінетінін, қазақстандықтардың ең басты мұқтаждықтары бұрынғыша шикізаттық дамудың ыңғайына қарай өтелетінін аңғарды.

Ол өзімен бірге өзгелердің де ой-санасы ашылып, бүкіл ел ояна бастағанын байқады. Әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны Қазақстан үшін «жылымық» кезең болғандай еді, бірақ республиканы Г. Колбин басқарған аз ғана жылда одақтық орталық өктемдік көрсетіп, қайта құрсаулап тастады. Бірақ уақыт ағынын тоқтату мүмкін емес еді. Өзгерістер пісіп-жетілді. Оқиғалар барған сайын жеделдей түсті.

КСРО-да 1989 жылғы көктемде алғашқы рет мемлекеттік биліктің ең жоғары органының баламалы негіздегі сайлауы болып өтті. Мәскеуде 1989 жылғы маусымда реформалардың қажеттігі, идеология мен экономиканың түйткілді мәселелері қызу талқыланған КСРО халық депутаттарының бірінші съезі болды. Халық депутаттарының съезі біте салысымен, Геннадий Колбин Мәскеуге жұмысқа ауыстырылды. Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті 1989 жылғы 22 маусымда бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Оған пленумға қатысқан 158 адамның 154-і жақтап дауыс берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақыт және тарих
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тарих толқынындағы және жаңа дәуірдегі Қазақстан
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
Қазақстанның қазіргі заман тарихы жайында сұрақтар
Саяси жүйе теориясының авторы
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Қазақстанның егемендік алуы және дамуы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz