18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыс
Жоспар:
1) Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт.азаттық қозғалысы.
2) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт.азаттық көтеріліс.
3) Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық.азаттық көтерілісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Тақырыбы: 18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыс.
Орындаған: Солтангазин А.С. Э-113Г
Тексерген: Байгапанова А.Б.
Семей, 2012
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы
Василий Перов Пугачёв соты (1879), Орыс музейі, Санкт-Петербург
Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.
Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.
Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.
Екіншіден, Орал қазақ әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі әскери іздестірулер тоқтатылмады.
Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.
Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды.
Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші күздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ Бала би атанған болатын.
Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын. Өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: ...Сырым батыр -- жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады.
Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды.
Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды.
1782 жылдың аяқ кезінде патша үкіметінің жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана уақытша өтуіне рүқсат етілді. Орал қазақтары бұл жарлықты өз мүддесіне пайдалана қойды - қазақтардың жерін қазақтардың жалға алуына тыйым салынды. Орал шекара шебіндегі бекіністердің күзеті күшейтілді. Қазақтар аманат беруге тиісті болды.
1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында қазақтар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты.
1783 жылдың көктемінде қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял бекінісіндегі солдаттарды тұтқынға алып, малдарын айдап кетті. Орынбордың солтүстік-шығысында тама руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор коменданты қазақ даласына Орынбор қазақтарының жазалаушы әскерлері мен башқұрттардың 1500 сарбазын жіберді. Қазақ көтерілісшілері оларға табандылықпен қарсылық көрсетті. Қазақтардың тастан тұрғызған бекінісі дұшпанның баса-көктеп бірден лап қойған шабуылы кезінде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұмыстарды атқаруға жіберілді.
1783 жылдың жазында казақтардың әскери бекіністер мен сауда керуендеріне шабуылы жиілей түсті. Мұның өзі орыс мемлекетінің Орта Азия хандықтарымен жасалатын сауда-саттық деңгейін құлдырата төмендетіп жіберді. Қарағай бекінісіне бірден лап қойған шабуыл жасалды. Көтерілісшілер Орынбор мен Елек қорғанысының екі арасын байланыстыратын даңғыл жолды өз бақылауларына алды. Көтерілісшілердің Ор (Жаманқала) қамалы мен Төменгі Орал аймағындағы қимылы ерекше белсенді болды.
1785 жылы қазақ жасақтары Төменгі Орал шекара шебінің аймағында патша үкіметінің әскерлерімен кескілескен шайқасқа түсті. Сырым Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барсақ 2000, Тіленші батыр 1500 сарбазы бар жасақтарға басшылық етті. Бұларға қарсы қазақтардың үш отряды жасақталды.
1785 жылы ру старшындарының Нұралы ханмен және оның төңірегіндегілермен арадағы күресі күшейе түсті. Ханның халық көтерілісін басып-жаншып тоқтатуға мұршасы келмеді. Ол - ол ма, көтерілісшілер халыққа жексұрын болған оны орнынан түсіруді талап етті. Қазақтардың да, отаршыл билеушілердін де көз алдында өзінің беделінен жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кіші жүзден бір-жолата қуылды. Ол ендігі жерде патша билігінің қамқорлығына алынды. Біраз уақыт Калмыков бекінісінде жасырын тұрды. Содан кейін 1790 жылы Уфаға жер аударылған Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды.
Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері
Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді.
1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.Г. Игельстром келді. Ол аймақты басқару жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. Кіші жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты.
1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сотбилігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша -- Әлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге тиісті расправалар құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайндалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді.
II Екатерина Игельстромның бұл ұсынысын қолдады. Кіші жүз аумағында екі не үш қала, бірнеше мешіт, ақсүйектердің балалары оқитын мектептер салынатын болды. Бұл шаралардың бәрі де Кіші жүз қазақтарының Ресей империясынан іргесін аулақ салып, саяси оқшаулануын жоюға тиіс еді. Бірақ Игельстромның реформасы Кіші жүздегі сұлтандар мен старшындардың наразылығын туғызды. Өйткені олар қазақ даласындағы өз ықпалынан айырылғысы келмеді. Орта жүз бен Ұлы жүздегі Шыңғыс әулеттері де осылай деп ойлап, олармен ынтымақтастық танытты.
Сондықтан да Игельстром ұсынған жаңа басқару органдары өмірге бейім болмай шықты. Әкімшілік орган -- расправалар іс жүзіде бас қосып жиналған жоқ, ешқандай жұмыс та атқармады. Хандықты қолдаушы сұлтандар Батыр сұлтанның ұлы Қайыпты хан сайлады.
1786 жылы старшындардың съезі өтті. Онда тек қана Шекаралық сот құруға келісім берілді. Соттың құрамына алты ру старшыны сайланды. Жаңа әкімшілік орган құрамына сайланғандардың арасында Тіленші, Жәнібек және Тілеп сияқты беделі күшті қазақтар да болды. Мұның өзі лауазымды әкімшілік қызметінде қазақ ру старшындарының сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бастағанын көрсетті.
Алайда мұндай сайлау Кіші жүздің үш-ақ руында болып өтті. Сөйтіп Шекаралық сот Кіші жүздің бүкіл руларымен жоғары дәрежелі билер тобы арқылы байланыс жасай алмады. Соның салдарынан Кіші жүздегі саяси жағдайға ықпал ету мүмкін болмай қалды. Сұлтандар қазақ даласында расправалар құруға үзілді-кесілді қарсы болды.
Шекаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер туралы, Еділ мен Жайық арасында қысқы кездегі мал жайылымының көлемін ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қатар бос жатқан жайылымдарды жалға беру тәртібін жоюды да ұсынды. Генерал-губернатор бос жатқан жайылымдарды жалға алып, оған ақы төлеу тәртібін ғана жойды. Ал жеке меншіктегі жерлерді жалға беру тәртібі сақталып қалды. Сонымен қатар Шекаралық шептің ішкі жағына өту үшін аманат тапсыру тәртібі орнатылды.
1786 -- 1787 жылдардың қысында қазақтардың Еділ мен Жайық аралығына жаппай көшуі басталды. Старшындар өздерінің талаптарын күшейте түсті. Олар Кіші жүзден Ресейге кашып кеткен құлдарды қайтару мәселесін де қозғады.
Игельстром старшындардың талабын ішінара ғана қанағаттандырды. Бірақ қазақтардың шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауын токтатуды шарт етіп қойды. Қазақ старшындары бұған жауап ретінде шекара шебіндегі әкімшілік пен Орал қазақтарының тарапынан қазақтарға күш көрсетіп, озбырлық жасауын тоқтатуды талап етті. Жаңа әкімшілік орган - расправалардың құрылуы сұлтандарды Кіші жүз қазақтарын билеу жүйесінен шеттетуде елеулі рөл атқарды.
Бұл жағдай сұлтандардың патша үкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Өйткені олар өздерінің артықшылықтарынан айырыла бастаған болатын. Сөйтіп Кіші жүзде өкімет билігін жүзеге асыру мәселесі жөнінде сұлтандар мен старшындар арасындағы күрес одан әрі жалғаса түсті. Старшындар мен сұлтандардың қарама-қарсылығы басталды. Сырым батыр патша үкіметінің ықпалынан біржолата шығып кетуге бағытталған шаралар қабылдай бастады. Мұның өзі патша үкіметіне тіпті де ұнаған жоқ. Игельстромның реформасы іске аспай қалды.
Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қару-жарақ, атты әскер, азық-түлікпен көмектесу, көтеріліс жеңіліп қалған жағдайда көшіп-қонып жүру үшін Хиуа хандығының бір шетінен мал жайылымын беру жөнінде келіссөздер жүргізді.
1789 жылы Игельстром Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа жобасын ұсынды. Онда патша үкіметінің қалауы ескерілді: хан билігін қайтадан қалпына келтіру және Кіші жүзді одан сайын бөлшектеп алты расправа құру көзделді. Хан басқаратын бас басқарма құрылды. Сырым батырға прокурор қызметі ұсынылды.
Жаңа жоба бойынша патша үкіметі Кіші жүзде хан мен сұлтандардың құқығына шек қоюдан бас тартты. Бірақ бұл жоба да іске асқан жоқ. Енді патша үкіметі қазақтардың Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құқықтарына шек қоюға тырысты. Мұның өзі бұл аймақтағы қарама-қарсылықты күшейте түсті. Қазақтар Орал шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауды жиілетіп жіберді.
1791 жылы Ералы сұлтан Кіші жүздің ханы болып сайланды. Ал ол қайтыс болғаннан кейін Нұралы ханның ұлы Есім сұлтан хан болды. 1792 жылы Сырым Датұлы құрамында 1000 сарбазымен Елек қорғанысына шабуыл жасады. Содан соң Красногорск бекінісін бірден лап қойған шабуыл арқылы алмақ болды. Бірақ мықтап нығайтылған бекіністер мен жақсы қаруланған қорғанысшылар көтерілісшілердің жоспарын жүзеге асыртпады. Қазақ жасақтары әсіресе 1796 жылы ерекше белсенділік танытты. Өйткені бұл жылғы қыста болған жұтта мал жаппай қырылып, халықтың жағдайы нашарлап кеткен еді.
1797 жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады. Кіші жүзде хан тағына талас басталды. Игельстром Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды.
Сөйтіп 1797 жылдың тамыз айынан бастап Хан кеңесі жұмыс істей бастады. Отаршыл өкімет билігі қартайып қаусап отыріан Айшуақ сұлтанның кандидатурасын қолдады. Бірақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектері дәстүрлі халық жиынын өткізбей-ақ Қаратай сұлтанды хан сайлауға асықты. Мұның өзі сұлтандардың Хан кеңесіне деген қарсылығын білдіруі еді. Өйткені Хан кеңесінде старшындардың ықпалы күшті болып шығатын еді.
Сырым Датүлы Хан кеңесінің құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзені бойына көшіп кетті. Онда ол Әлімұлы старшындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесінің алдына Кіші жүздегі жағдайды жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және Орал қазақтарымен қақтығысты тоқтатуға күш салды.
1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетіп қартайған адам еді. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кіші жүздегі сұлтандар мен ру старшындарының өзара татуласуы Сырым Датұлын өзінің төңірегіне ру старшындарын бұрынғысынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкімшілігіне қарсы күресін жалғастыра беру мүмкіндігінен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшіп кетті. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбір мәліметтерге қарағанда 1802 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқан көрінеді.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсенді қолдау көрсеткендердің бірі оның әпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туыстары сұлтан Сортек пен Досан Әбілқайыровтарды Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң күйеуін тастап, баласымен көтерілісшілерге қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады.
Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс әскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Сол хаттарының бірінде: "Ата -- бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Орал, Торғайға дейінгі жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті", - деп көрсетеді. Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша әкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.
1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.
1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор әскери губернаторлығына қарасты ЬІрғыз бен Торғай жаққа көшеді. Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А.Перовский алғашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А.Перовский Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың аяғында Кенесары мен В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаған көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Бірақ,, уақытша тыныштық орнаған тұста Батыс Сібір генерал-губернаторлығының әскери отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ болатын.
1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді. Ресей империясының билігі орныққан Ертіс, Есіл, Орал шептерінің бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның барлық жерлеріне Кенесары ханның билігі жүрді. Мемлекеттік құрылыс қайта ұйымдастырылды. Хан Кеңесі құрылып, оған батырлар, билер, сұлтандар, сондай-ақ, жеке ерлік көрсеткендер, дипломатиялық қабілеттері бар ақылды саясаткерлер мен сенімді жақтастары кірді. Дипломатиялық қызмет ұйымдастырылды. Хан жарлықтары мен Хан Кеңесінің шешімдерін таратып, түсіндіріп және орындалуын талап етіп отыратын арнайы басқарма құрылды. Салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Әскери мәселеде, Хан кеңесінің мүшелері мен атақты батырлар басқаратын қатаң әскери тәртіптегі мыңдықтар және жүздіктерге бөлінген, далалық соғыс жағдайына ыңғайлы жасақтар ұйымдастырылды.
Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келген кейін, 1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бұл күрестің нәтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқандықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алынады. Осыдан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге межбүр болды. Қоқандықтарды талқандауда Сырдария бойындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың Кенесарыға қолдау көрсетіп, шайқастарға белсенді қатысуы үлкен рөл атқарды.
1842 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Петербургке қызметке шақырылып, оның орнына Орынборға генерал-губернатор болып Обручев тағайындалады. Обручевтің Перовскийге қарағанда Кенесарымен арадағы меселені шешуде көзқарасы басқаша болды. Ондай жағдайды пайдаланған Сібір губернаторы Горчаков осы жылы Кенесарының ауылын шабуға Сотниковтың басқаруымен отряд жібереді. Нәтижесінде, Орынбор әкімшілігімен жасалған бітім Горчаковтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz