Білім берудің әлеумеетік қызметтері



Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Білім берудің әлеуметтік қызметтері
2.2 Білім құндылық ретінде
2.3 Білімнің сапалық критерийлері

3. Қортынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5-13
4. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
5. Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...15

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Білім берудің әлеуметтік қызметтері
2.2 Білім құндылық ретінде
2.3 Білімнің сапалық критерийлері
3. Қортынды

Кіріспе
Білім cөзінің мазмұны өте зор. Сонымен қатар білім адам өмірінде де маңызды рөл атқарады. Осы білім арқасында әр адамның, қоғамның, жалпылай айтқанда әлеуметтің жалпы даму деңгейін, сапасын көрсетеді. Ол әрбір елдің құндылығын көрсетеді. Ал сол құндылық бізге, яғни қоғамның құндылығы.Н.Ә НазарбаевҚазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман - дегендей, біз өз заманымызға сай дамығанымызды білім арқылы көрсетіп, жеткізе біліуіміз керек. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен əлеуметтік құбылыс. Білімнің əлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік əрекеттерінен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Білім беру сапасы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақжеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Сонымен ғылыми білім -- болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.
Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету,білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Білім берудің әлеуметтік қызметтері
Біз ең алдымен білім дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз, соны ашып біліуіміз керек. Бірулер, білім - жалпыадамзаттық құбылыс, білім - əлеуметтік мəдени мұра, білім - жүйе, білім - педагогикалық процесс, білім - нəтиже десе , ал кейбіреулер білім -- болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы деп түсінеді. Әрине айтылғанның бәрі де дұрыс тұжырым.
Ал сол білімнің әлеуметтік қызметі қандай? Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту. Сыртқы және ішкі дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мөндіні бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу.
Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатад ы.
Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көркемөнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекеті түрлері бар.
Танымдық іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені танудық маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі.
Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына көмектесіп, азаматтың бет-бейнесін қалыптастырады. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдарды тәжірибесі.
Білім мазмұнының түрлері:
:: күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
:: көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
:: болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
:: белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
:: ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
:: әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер. Білім беру мазмұнының төртінші элементі - тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас.
Бұл бөлікте адамның дүниеге, іс-әрекетке, адамдарға берген бағалары болады. Сезім мәдениеті - адамның әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамның білімге, іскерлік дағдыларға іштей сүраныстарын туғызып, түрлі сезімдерге бөлеп, білім беру мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс-әрекет эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен тапсырмалар да әсер етеді. Оқушы өзі оқып отырған материалға қатынасын сөзі және ісі арқылы білд іреді.
Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бір-бірімен байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс-әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді.
Əлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім - ең алдымен шынайы қоғамдық құндылық. Əрқандай қоғамның адамгершілік, интеллектуал, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктері білім беру саласының даму деңгейіне тəуелді. Алайда білім қоғамдық - тарихи сипатта бола тұрып, өз кезегінде, əлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тарихи типіне байланысты. Əр дəуір білімі сол кезеңдегі əлеуметтік даму міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мəдениет деңгейін, саяси жəне идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың ортасында қоғамдық қатынастар субъекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.
Сонымен, білім - салыстырмалы дербес жүйе. Оның қызметі - нақты ғылыми біліктерді, идеялық-ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды, əрекет-қылық нормаларын игеруге бағытталған қоғам мүшелерінің тəрбиесі мен оқуын іске асыру. Ал бұлардың бəрінің астарында болатын мазмұн нақты қоғамның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси құрылымы мен оның материалды - техникалық деңгейімен айқындалып барады.
Білімнің жеке тұлғалық құндылығы əрбір адам үшін өз алдына бөлек. Əсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.
Білім құндылық ретінде
Білім беру ұғымын құныдылық ретінде де түсіндіруге болады. Себебі адамзаттың кез-келген даму формациясында әрбір ммелкеттің дамуының қозғаушы күші білім беру мен ғылымның дамуы болды, сондықтан да білім беруді құндылық ретінде қарастырады. Құндылық мәселесін аксиология ғылым қарастырады. Грек тілініде "аксио"- құндылық, "логос"- ілім, ғылым дегенді білдіреді. Құндылықтар - адам мен қоғам өмірінде үлкен роль атқаратын фактор. Бұл ұғымды алғаш рет философия саласына ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Г. Лотц енгізді. ҚАксиология ғылымының негізін қалаушы Г.Лотц бұл ұғымды мән деп түсіндіреді. Ал бұл ұғым ғылыми термин ретінде тек 20 ғасырдың басында П.Лапи мен Э.Гартманның еңбектерінің арқасында ғылыми айналымға енді.
Білім беру, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.
Білім беру ұғымының құндылық ретіндегі сипаттамасын өзара байланысқан үш бағыт бойынша түсіндіруге болады:
1. Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде
2. Білім беру қоғамдық құндылық ретінде
3. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде
Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде деген пікір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома болып табылады. Кез келген мемлекеттің адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына және оның прогрессивті даму мүмкіндігіне тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық, - деп айтқан сөздері бұл ойымызды дәлелдей түседі. Білім беруді мемлекеттік құндылық ретінде тану арқылы дамыған мемлекеттердің үлкен табыстырға жетуі ойымызды дәледей түседі.
Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын түсіну оның қоғамдық маңыздылығына талдау жасауды талап етеді. Мемлекет пен қоғам ұғымдары бірдей ұғым емес, олар өзара байланыстылықта болады. Әрқашанда мемлекет пен қоғамның білім беруге қатысты ұмтылыстары үйлесіп жата бермейді. Қоғам мемлекет анықтаған басымдылықтарды, бағдарламаларды, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қоғамдағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері кезек күттірмейтін мәселелерін шешуін қадағалап, білім беру ісіне құзыретті мамандардың келуін, әр түрлі жоспарлар мен жобалардың орындалуын қадағалап отыруы, қамтамасыз етуі тиіс.
Ұжымдық бастамалардың маңыздылығына қарамастан білім берудің тұлға үшін маңыздылығы да жоғары. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде тұлға үшін жеке мотивация мен ынталық қатынасын, сапасы мен деңгейін анықтайды. Тұлғалық құндылық ретінде білім беру тұлғаға өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді. Тұлғаның қалыптасуында білім беру маңызды роль атқарады. Тұлғаның мәдениеті, дүниетанымы, көзқарастары, өзіндік пікірі, тәжірибесі білім беру арқылы қалыптасады.
Білім беруді құндылық ретінде түсіндіруде оның мемелекетттік, қоғамдық, тұлғалық маңызын тұтастықта, жүйелілікте қарастырған жөн. Өйткені, тек осы тұрғыда түсіндіргенде білім беру ісін дамытуда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкін болады.

Білімнің сапалық критерийлері

Білімнің сапалық критериийлерін арттыруда жұмыс жасау үшін білім беру жүйесін жақсарту , жаңа заманғы ыңғайлы білім беру құралдарымен жұмыс жасау керек. Қазіргі кезде білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Ұлттық банктің басқару құрылымы
Банк жүйесі туралы ұғым
Қоғам өміріндегі әлеуметтің ролі
Банктердің экономика дамуындағы рөлі
World Wide Web – миллиондаған сайттардан тұратын компьютерлік желі
Халықты жұмыспен қамту туралы
Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту жолдары
ҚР инклюзивті білім бeруді ұйымдacтырудың зaмaнaуи тәжірибecі
Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері
Пәндер