Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік



Жоспар

Кiрiспе

1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы орны
2. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезеңдегі даму үрдiстерi
3. БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырудағы орны
4. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық дербестік

Қортынды

Әдебиеттер
Кiрiспе

Қандай бiр қоғам саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтiң, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметi өте зор. Өйткенi қоғамның қалыпты саяси әлеуметтiк өмiрiн күнделiктi ақпарат тарату қызметiнсiз көзге елестету қиын. Әр түрлі ақпараттар күнбе-күн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз- түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтары - спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.
Жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға қажеттiлiгi олардың тiкелей атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты. БАҚ- ның ақпараттық қызметі, яғни қоғам мен оның мүшелерiне күнделiктi ақпараттар таратуы. БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлi әлеуметтік процестер және оқиғалар тұрғысында ой түйiндеуiне ықпал етедi, олар жөнiнде әр түрлi ақпараттар ағыны iшiнде бағдар алуына жәрдемдеседi.
Өздерi қабылдаған ақпарат негiзiнде адамдарда қоғамның саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтiк, рухани өмiрi, билiк тармақтарының қызметi т.б жөнiнде белгiлi-бiр пiкiрi қалыптасады.
Екiншiден, қоғамның дамуы, түрлi iшкi және сыртқы мiндеттер мен саяси-экономикалық процестердi мақсатты түрде реттеп, шешiп отыруы, қоғам мүшелерiнен басқа да қоғамдық институттармен ара қатынасы т.б
Әдебиеттер:


1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан 2030 Ел президентiнiң Қазақстан халықына жолдауы. Алматы, 1997 жыл.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан егемен мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы: Дәуiр, 1992 ж. 56 б.
3. Қисымов С. Журналистиканың функциялары мен принциптерiне жаңаша көзқарас. ҚазМУ хабаршысы: Жур. Сер. 1999
4. Кекiлбаев А. Без согласия нет создания. Каз. Правда, февраль 1998
5. Жамкенұлы С. Бiзде бұқаралық ақпарат құралдар қанша ?
Егемендi Қазақстан. 14 тамыз
6. Пугачев В.П., Соловьев А.И. Введение в политологию.
М: Аспект, Пресс.1996
7. Козыбаев С.К. Масс- медиа как индикатор свободы общества Вестник КазГУ, сер. Жур.
8. Сарсенбаев А .С. Становление демократической системы средств массовой информации. Автореферат канд. дис. Алматы.
9. Амандосов Т Совет журналистикасының теориясы мен практикасы Алматы 1978 ж
10. Ворошилов В.В. Журналистика СПб-1999 г
11. Федотова Л М Массовая информация : стратегия производства и тактики потребления М1996 г
12. Омашев Н., Бегімтаева Р. Қазіргі шетел журналистикасы
Алматы -2000

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Бұқаралық ақпарат
құралдары - қоғамдағы төртінші билік

Жоспар

Кiрiспе

1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы орны
2. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезеңдегі даму
үрдiстерi

БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырудағы орны

3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық дербестік

Қортынды
Әдебиеттер

Кiрiспе

Қандай бiр қоғам саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық
қызметтiң, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметi өте зор.
Өйткенi қоғамның қалыпты саяси әлеуметтiк өмiрiн күнделiктi ақпарат тарату
қызметiнсiз көзге елестету қиын. Әр түрлі ақпараттар күнбе-күн бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы таратылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз- түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке
арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн
құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио,
теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар
жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтары
- спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет
байланыс жүйелерi қосылып отыр.
Жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға қажеттiлiгi
олардың тiкелей атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты. БАҚ- ның
ақпараттық қызметі, яғни қоғам мен оның мүшелерiне күнделiктi ақпараттар
таратуы. БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлi әлеуметтік процестер
және оқиғалар тұрғысында ой түйiндеуiне ықпал етедi, олар жөнiнде әр түрлi
ақпараттар ағыны iшiнде бағдар алуына жәрдемдеседi.
Өздерi қабылдаған ақпарат негiзiнде адамдарда қоғамның саяси,
экономикалық, мәдени-әлеуметтiк, рухани өмiрi, билiк тармақтарының қызметi
т.б жөнiнде белгiлi-бiр пiкiрi қалыптасады.
Екiншiден, қоғамның дамуы, түрлi iшкi және сыртқы мiндеттер мен саяси-
экономикалық процестердi мақсатты түрде реттеп, шешiп отыруы, қоғам
мүшелерiнен басқа да қоғамдық институттармен ара қатынасы т.б күнделiктi
ақпарат алмасуынсыз, яғни БАҚ-ның коммуникативтiк қызметiнсiз мүмкiн емес.
Аталған қызметтерден барып адамдардың қоғамдағы әлеуметтiк шындыққа табиғи
бейiмделуiн қамтамассыз ететiн олардың танымдық қызметі туындайды.
БАҚ-ның билiк пен оның субьектiлерi арасындағы байланысты реттеп,
қадағалап отыру қызметінің маңызы бүгiнде тiптен арта түсуде. Бұл әсiресе
дамыған демократиялық қоғамдарға тән қасиет. Олардың қадағалаушылық
бақылау қызметi өздерi туғызатын қоғамдық пiкiрге арқа сүйенедi. БАҚ-ры
мемлекеттiк ресми қадағалау органдары секiлдi әкiмшiлiк экономикалық шара
қолдану құқығына ие болмаса да, олар болған оқиғаға оған жауапты адамдарға
тек құқықтық тұрғыдан емес моралдық та баға беруге мүмкіндіктері бар.
Қоғамдық сананың өзгерiп, өсуi қоғам мүшелерiнiң мемлекет өмiрiмен
күнделiктi мол, әрi обьективтi мағлұмат алу дәрежесiне тiкелей байланысты,
қоғамдық сана өз кезегiнде қоғамдық пiкiр негiзiнде қалыптаспақ. Бұл
екеуiнiң де БАҚ арқылы пайда болып одан әрi дами алатындығын ескерсек, оның
жоғарыда айтылған қадағалаушылық қызметінің маңыздылығы тiптi күшейе
түспек. Яғни қоғамдық пiкiр билiк тармақтарының белгiлi бiр шешiмiнiң
терiстiгiне БАҚ арқылы көз жеткiзсе, ол шешiмдi өзгерту үшiн тағыда сол
ақпарат қызметiн пайдалана отырып ықпал ете алады. БАҚ-ның төртiншi билiк
аталуы оның осындай саяси әлеуметтiк қызметтерінің маңыздылығынан туындаса
керек.
ҚСРО кезеңiнде БАҚ-ры жоғары аталған қызметтерін толық атқара алмады.
Өйткенi ескi саяси жүйе баспасөз, сөз бостандығына , пiкiрлер плюрализiмi
мен қоғамдық ойдың қалыптасқан стандарттық нормасын бұзуға мүлде қарсы
болды және бұл саясатты жүргiзу үшiн мемлекет өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн
пайдаланғаны белгiлi. Ол кезеңде тәуелсiз басылымдар мен электронды ақпарат
құралдары турасында сөз қозғаудың өзi мүмкiн емес едi. Аудандық, қалалық
деңгейдегi БАҚ-нан бастап республикалық, одақ көлемдерiндегiлерiне дейiн
СОКП- ның кәсiподақтарының және комсомолдық тiкелей органдары ретiнде
қызмет еттi. Ал олардың барлығының үстiнен партиялық бақылау жасаушы СОКП-
ның билiгi, тоталитарлық саяси жүйе идеологиясын бұлжытпай орындауға
қамтамасыз еттi, сөйтiп қоғамның дамуынан бастап барлық iшкi сыртқы
процестер әлемдегi сан алуан оқиғалар мен құбылыстар тек таптық
идеологиялық тұрғыдан бағаланып халыққа үнемi бiр жақты, көп ретте
бұрмаланған ақпараттар таратылып келдi.
Нәтижесiнде утопиялық әсiреидиологияландырылған қоғамдық сана мен таным
көзқарастар жиынтығы қалыптасты. Аталмыш қоғамдық пiкiрдiң адамдар
санасында берiк орын алғанын бiз қәзiргi тәуелсiз мемлекеттер өмiрiндегi
ескi көзқарастар өзгеруiнен байқалады.
Сондықтан бұрынғы саяси жүйенiң жiберген негiзгi кемшiлiктерi мен
стратегиялық қате бағыттарын ескерер болсақ, өтпелi қоғамды бастан өткерiп
отырған жас тәуелсiз мемлекеттер “төртiншi билiктiң” қоғамдық қызметiмен
саяси ықпалы тереңдей түседi. БАҚ-ның маңызды рөлi қоғамнық қабiлеттiк
өмiршең жағдайын қамтамасыз ету. Қоғамда болып жатқан экономикалық,
демократиялық саяси, әлеуметтiк өзгерiстердi түсiну, жаңаша қабылдап
бағалау процестерi ендi қалыптаса бастаған Қазақстандық ақпарат
кеңiстiгiнен анық көрiнуде.
Жалпы ақпарат қызметтiк жүйесi өтпелi қоғамның әлеуметтiк
институттарының айрықша бiр түрi ретiнде ақпарат өндiрiп оны адамдардың
әлеуметтiк кеңiстiгiне арнайы қызметтiң формасына ие. БАҚ-ның жоғарыда
аталып өткен түрлi саяси-әлеуметтiк қызметтері демократиялық қоғамдарда
мейленше толығырақ көрiнедi. Демократияның бар құндылықты адам санасы мен
саяси мәдениетiне тiкелей байланысты қоғам өмiрiндегi маңызды шешiмдердi
көпшiлiк дауыспен қабылдайтын демократиялық қоғамды сол көпшiлiкке тiкелей
саяси, психологиялық танымдар тұрғыдан ықпал ететiн ақпарат құралдары болып
табылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы

қалыптастырудағы орны

БАҚ- ры азаматтардың жекелеген саяси құбылысымен оқиғаларды
қабылдауына белсендi әсер етiп қана қоймай, оларды қоғамдағы жалпы
саясатқа көзқарасын қалыптастырады халықтың белгiлi бiр мәселе бойынша
саяси белсендiлігi болмаса, керенаулығы БАҚ-ның әлгi мәселенi ақпарат
кеңiстiгiнде таратуға қай қырынан келуiне байланысты.
Қоғамдағы соңғы жылдары болып жатқан саяси-экономикалық өзгерiстерге
байланысты БАҚ -ның журналистиканың мәнi, маңызы, қоғамдағы орны
қызметерімен, принциптерiне жаңа көзқарастар қалыптасқаннын ескеру қажет.
Пiкiрлер мен ойлардың сан алуандығы мақсат, талап, пiкiр қайшылығы, саяси
және әлеуметтiк әр түрлi бағыт ұстанған ақпарат құралдарының маңызы артып
отыр. Қоғам мүшелерiнiң рухани сұранысына таңдау мүмкiндiгi туды.
Яғни шын мәнiсiндегi ақпараттық қоғам принциптерi мен негiздерiнiң
обьективтi алғышарттары толық қалыптасты деуге болады. Мәселен, Мәскеу
университетiнiң профессоры Е.П.Прохоровтың пiкiрiнше журналистика бiрнеше
мекемелер жүйесiнен құралатын қоғамдағы ерекше әлеуметтiк институттың
қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететiн кешендi қызмет жүйесi.
Бүгiнгi жаңаша даму жолына түскен Қазақстан халқы мен экономикасы үлкен
өзгерiстердi басынан өткеруде. Демократиялық жаңғарулар тереңдетiлiп
қоғамды жалпы трансформациялау процестерiнiң қажеттi шарттары
тұрақтандырылуда. Осындай өтпелi кезеңде БАҚ-нық қоғамдық санаға әсерi
,саяси әлеуметтiк күйi айқын байқалып отыр.
Егемен елде болып жатқан барлық оқиғаларға ақпарат құралдары тiкелей
араласа отырып, қоғамның басқа салаларымен бiрге ақпарат қызметi де өз
рыныгона шықты.
Меншiктiң әр алуандығы ақпарат қызметiн заң және экономикалық статусы
және саяси- әлеуметтiк көзқарасы бағыт арқылы жiктелуде.
Ақпарат қоғам дамуының барысында, әр түрлi өркениет өкiлдерi тарих тағылымы
мен болашақты бағамдау мүмкiндiктерi жөнiнде ежелден ойланып келедi.
Жас мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңде өркениеттiң
жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтау мәселесi
туындап отыр.
Әр халық өз мемлекетiнiң iшкi мәдениетiн шешуде өмiр салтын , әдет ғұрпын
дамыта отырып адамзаттық өзара түсiнiсуiнiң кепiлi бола алатын планетарлық
ынтымақтастықты естен шығармауы тиiс.

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі
кезеңдегі даму үрдiстерi

Мемлекеттiк тәуелсiздiк жаңа экономикалық саясатпен құқықтық мемлекет
құру мiндеттерi республика ақпарат кеңiстiгiне де үлкен өзгерiстер ала
келдi. Ол мiндеттердi жүзеге асыру қоғамның өмiрiн дұрыс түсiнiп қабылдап
шынайы суреттеу мүмкiндiгiнен соң жүзеге аспақ. Егемендiк алған Қазақстан
үшiн мемлекттiктi бiрегейлендiрумен байланысты көптеген мiндеттер мен
проблемалар туды.
Жаңа мемлекеттi құруды мақсат еткен Қазақстан ең алдымен ескi
тоталитарлық жүйенiң басты саяси идеологиялық қаруы болған баспасөзге,
радио, теледидарға т.б.ақпарат тарату құралдарына цензурадан бас тартты.
Сөйтiп азаматтардаң әлеуметтiк саяси ақпараттардың кез- келгенiн еркiн
таңдап қабылдау мүмкiндiгi туды.
Демократиялық, құқықтық, азаматтық қоғам құруды баспасөз, сөз
бостандығы мен пiкiрлер плюрализiмiнсiз көзге елестету мүмкiн емес.
Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан ақ бұған дейiн тегiс мемлекеттiк болып
келген ақпарат құралдары бiрте-бiрте либералдандырылып кооперативтiк,
комерциялық жекеменшiк басылымдар шыға бастады. Жаңадан көптеген газет
журналдар мен радио станциялар, телеканалдар ашылды.
Қоғамдық ақпарат құралдарына саяси цензураның алып тастауынан батыстық
шетел елдерiнен көптеген тиым салынған әдебиеттермен кинофильмдер т.б.
Қазақстан рыногына ағыла бастады.
Бұл процесс өтпелi кезеңде азаматтардың сан-саққа бөлiнiп кеткен рухани
құндылықтарына әр түрлi әсер еттi.
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпарат құралдарының қаражатпен және
қажеттi техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету дәрежесiнде бүгiнде
айтарлықтай айырмашылық жоқ. Мемлекеттiк ақпарат құралдарының бұл салада
көрсеткiштерi жоғары болып келгенiмен, нарық жағдайында өзiне де көрерменін
оқырманын да жоғалтпай, экономикалық қаражат қиындығынан шыға бiлген
меншiктiң әр түрiндегi ақпарат құралдарының қәзiр кадрларды таңдап алу
мүмкiндiгi басым түсiп отыр.
Бұл үрдiс республикалық ақпарат кеңiстiгiнде сөз бостандығынан
туындайтын көптеген жаңа демократиялық нышандарды ала келдi.
Қәзiргi таңда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет
монополиясы жойылып отыр.
Алайда ақпарат тарату, тасымалдау, байланыс, транспорт, баспаханалық
жүйе секiлдi ақпарат қызметiнiң құрамдас салалары бойынша ресми билiктiң
ықпал ету мүмкiндiгi сақталып отыр.
Тәуелсiз Қазақстанның демократиялық ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыру
барысында транзиттi қоғам басынан өткерiп отырған мұндай сапалық жаңа
өзгерiстердi түптеп келгенде сол ортаға прогрессивтi қызмет етерi анық.
Бұл жолда қаншама кемшiлiктер түсiнiспеушiлiктер кездесерi сөзсiз.
Өйткенi қоғам өмiрiн демократиялық трансформациялау үзақ уақыты, күрделi
процесс. Бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық, саяси, әлеуметтiк
жағынан жiктелуi олардың қоғамдық пiкiр қалыптастыру арқылы қоғам
мүшелерiне әсер ету деңгейлерiнiң әр қилылығын аңғартады . Қазақстан үшiн
дамудың тұрақты демократиялық моделiн таңдауда қоғамды еркiн және құқықтық
демократиялық үлгiде трансформация жолдары мен әдiстерiн iздеу обьективтi
шынайы ақпараттардың маңызы зор.
БАҚ жаңа жағдайда қалыптасуы және жұмыс iстеуiне саяси- экономикалық,
мәдени-әлеуметтiк, құқықтық негiздерiнiң саралануы үлкен ғылыми
iзденiстердi қажет етедi.
Қоғамның саяси әлеуметтiк өмiрiнде жүрiп жатқан демократиялық
өзгерiстер оның ақпарат кеңiстiгiне де тән. Сөз бостандығы , баспасөз
бостандығы, баспасөз бостандығы, пiкiрлер плюрализмi тәуелсiз жеке меншiк
ақпарат құралдарының пайда болуы Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде
демократиялық үрдiстердiң нәтижелерi.
70-жылдан аса уақыт бiр идеологияның шеңберiнде дәрiптелiп келген
рухани құндылықтардың елеулi бөлiгi бүгiн өздерiнiң бар мағанасынан
айырылуға мәжбүр болды. Қазақстан халықтары алдында жаңа жағдай, жаңа
құндылықтарды қалыптастырды, оларды қоғам өмiрiне енгiзу мiндетi тұр.
Бұл құндылықтарды ең алдымен республикамыздағы халықтардың мәдени,
тарихи, рухани қазыналарын бүгiнгi уақыттың күрделi өзгерiстердi талап етер
жаңалықтарымен сабақтастыра қарастырған абзал.
Адамның күнделiктi өмiрiнiң жаңғыруы, жаңа прогрессивтi жетiстiктерiне
жетуi қоғамның жалпы мәдени деңгейiне байланысты. Ал қоғамның мәдениетiн
қалыптастырушы өзгертушi негiзгi субьект адам, түрлi халықтар болып
табылады.
Мәдениет әлеуметтiк дүниедегi терең тарихи құбылыс және оның негiзгi
өзектерi бағыттары салалары әлеуметтiк субьектiнiң жетiлу процесстерiмен
негiзделе дамиды. Ақпарат кеңiстiгiнiң пiкiрлер плюрализмi мен әр түрлi
көзқарастар тоғысып жинақтала келгенде обьективтiк қоғамдық пiкiр туғызып
қоғамдық сананы қалыптастырып қана қоймайды, халықтың саяси-әлеуметтiк
белсендiгiне де ықпал етедi.
Адамдар сапырылысқан сан алуан пiкiрлер төңiрегiнде өздерiнiң жеке
түсiнiгiн қалыптастырады. Бұл жеке көзқарастар қоғамның басқа мүшелерiнен
пiкiр алмаса келiп бұқараның көзқарасына ұласады. Одан әрi сұраптала келiп
, қоғамдық пiкiр қалыптасады
Әлемдiк тәжиiрбеге сүйенсек БАҚ белгiлi-бiр адамдар немесе ұйымдардың,
органдардың бақылап, қажет болса басқарып отыратыны белгiлi.Жекелеген
адамдардың меншiгiндегiнi болмаса коммерциялық ақпарат құралдарында бұл
мiндеттi әлгi меншiк иелерi атқарып мемлекеттiк ақпарат құралдарында онымен
арнайы мемлекет органдары айналысады. Ал қоғамдық құқықтық негiздегi
ақпарат құралдары бұл қызметтi егер баспасөз құралдары мемлекеттiк заңдар
сақтап отырса, жұртшылық саяси ұйымдар мен бiрлестiктер қадағалайды.
Әлемнiң көпеген елдерiнде БАҚ этикалық нормаларын және заңдылықты
сақтауын жалпы қадағалап отыратын арнайы органдар бар. Мысалы Франция
коммуникация құралдары жөнiнде жоғары кеңес жұмыс iстейдi. Ол меншiк түрiне
қарамастан елдегi барлық телерадиостанцияларының жұмысын қадағалап қана
қоймайды, сонымен бiрге эфирге шығуға рұқсат ететiн мемлекеттiк рұқсат беру
құқына ие.
Қазақстанда әзiрге мұндай демократиялық бақылау органдары қалыптасып
үлгерген жоқ.
БАҚ қызметi негiзiнен мемлекеттiк Конституциясы және Баспасөз туралы
заңға ақпарат құралдарының жарғылық бағдарламалық құжаттарына сүйенiп
жүргiзiлуде.
Әрине бұл айтылғандардан бөлек бiздiң пiкiрiмiзше өтпелi қоғамда үлкен
рөль атқаратын фактор ақпарат құралдары өкiлдерiнiң түрлi басылымдар мен
теле, радио компанияларының саяси мәдениетi мен таным деңгейi, яғни
бұқаралық ақпарат құралдарының өзiн- өзi қадағалауда ең тиiмдi әрi
демократиялық түрi ретiнде саналады.
Өкiнiшке орай қоғамдағы жаңа рухани мәдени құндылықтар мен саяси
әлеуметтiк нормалардың қалыптасып үлгере алмай жатқаны секiлдi ақпарат
құралдарында да бұл қадағалау жеткiлiктi болмауда.
Қазақстанда орыс және қазақ тiлдерiндегi қатар таратылатын БАҚ ара тұра
мәселеге екi түрлi көзқараспен келуi, бiр- бiрiне мүлде кереғар түйiн
түйiп, ұсыныс бiлдiрудiң қоғамға пайдасы шамалы.
Бұл мемлекет iшiндегi күрделi мiндеттердi айқындау және оларды шешуге
жұмылдырудағы бiрлiк пен өзара түсiнiстiктiң әлi де жетпеушiлiгiн
аңғартады.
Жас егемендi мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңiнде
өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтап ел
ертеңi үшiн тиiмдi пайдаланудың артықшылықтарын халыққа тарату. БАҚ-ның
рухани танымдық қызметiне сұраныс тумақ.
Қәзiргi кезеңде халық оқшауланған күйде өмiр сүре алмайды.
Себебi жер шарының барлық түкпiрiне хабар ошар бiрнеше сағат iшiнде
тарайтындай бұл кезеңнiң ең қымбат капиталы ақпарат болып отыр.
Республиканы мекендейтiн халықтардың рухани бiрлiгi демократиялық
құндылықтар мен мәдениетiнiң қалыптастырып, саяси -әлеуметтiк және этнос
аралық тұрақтылықты нығайту болып табылмақ.
Өтпелi қоғам дамуы бiр орында болмай үнемi өсу үстiнде болғандықтан бұл
процесс ескi мен жаңаның күресiмен ерекшеленедi. Әрқашан идеялық саяси
өзгерiстер алаңы саналатын ақпарат кеңiстiгi ерекше роль атқарып келедi әлi
атқара бермек.
Тарихқа жүгiнер болсақ жалпы мемлекеттiң түрлi қоғамда саяси иституттар
және басқа да органдармен қарым- қатынасы үнемi мамыржай толық түсiнiстiк
жағдайда болмаған.
Мемлекет басындағылар iс әрекетi түрлi заң құқықтық нормалармен мен
ережелерге сүйенiп қана қоғамдық процестердi реттеп жүйелеуге, басқаруға
бағытталады.
Басқаша айтқанда билiк басындағылар мен билiктiң қол астындағылар
арасындағы саяси-экономикалық, мәдени құқықтық т.б толып жатқан қарым-
қатынастар нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады.
Қоғамның саяси институттар қатарында айрықша мәнi бар басқалармен
салыстырғанда саяси әлеуметтiк билiгiмен қызметi бөлектеу тұрғаны бұқаралық
ақпарат тарату жүйелерi болып табылады. Бұл жүйе тiкелей өндiрушi сала
болмағанымен қоғамдағы саяси әлеуметтiк ықпалы жағынан басым болатыны
белгiлi. Қоғам өмiрiнiң қай саласында болсын мемлекеттiң ақпаратты саясаты
болады, iшкi және сыртқы саясаттың күрделi мiндеттерiнен бастап, күнделiктi
ауа райына дейiн ақпараттық қамтамасыз етпейiнше алдағы мақсатқа қол
жеткiзу одан күткендей нәтиже тосу қиын. БАҚ-ның қоғам өмiрiндегi
ақпараттық, коммуникативтiк, танымдық, қоғамдық пiкiр туғызушылық
қызметтері мемлекет мүдесiн қоғам мүшелерiне жеткiзiп, олардың ой- пiкiрiн
байқатады, қоғамдық институттар арқылы оның жүзеге асуын қамтамасыз етедi.
БАҚ-ның пәрмендi саяси-әлеуметтiк ықпалымен, мүмкiндiктерiн осы себептерге
байланысты да мемлекеттiң үнемi пайдалануына тура келедi. Бұл екi жақты
байланыс ауқымы және формаларына байланысты өзгерiп отырады.
Тоталитарлық қатаң авторитарлық саяси режимдер БАҚ тұтастай мемлекеттiң
бақылауында болады. Ондай қоғамдарда ақпарат кеңiстiгi мемлекет
идеологиясына сай сол бағытта қана қалыптасады.
Баспасөз бостандығы, пiкiр алшақтығы болмайды. Қоғамда тек мемлекеттiк
ресми көзқарас таратылып, қоғамдық пiкiр де сол бағытта қалыптасады.
Ал демократиялық мемлекеттерде БАҚ-мен мемлекет арасындағы қарым-
қатынас заңдылық негiзде белгiленiп барлық мәселелер тек құқықтық
нормалармен ережелер бойынша шешiледi. Бұндай саяси режимде баспасөз
бостандығы, пiкiрлер алшақтығы және көзқарас еркiндiгiн мойындайды, сонымен
бiрге ар-ождан бостандығы да сақталады.
Баспасөз бетiнде ұлттық кемсiтушiлiк, елдiң территориясымен
егемендiгiне қол сұғушылыққа, Конституцияны бұзуға тиым салынады. Мiне
осындай негiзгi принциптердi басқа мемлекет БАҚ- ның қызметiне араласуды
қажет таппайды. Ал осындай ақпараттық саясатты жүргiзу үшiн белгiлi- бiр
басылымдармен теле-радиокомпанияларының қызметi пайдаланады.
Мемлекет пен ақпарат құралдары арасындағы қарым -қатынастың тағы бiр
өзiндiк формасы айқын байқалатын қоғам өтпелi кезеңдегi саяси жүйелер
олардағы ақпарат құраладарымен арақатынас сипаты бiршама өзгешелеу
демократиялық негiздеуге бағыталғанымен өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан шығу
жолында авторитарлық форма тәсiлдерiн пайдалану мүмкiндiктерiнде жоққа
шығармайды. Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан тап осындай өтпелi кезеңдi бастан
кешiрiп отыр. Ақпарат құралдарымен мемлекет арасындағы байланыс өзара қарым
қатынас формалары мен мазмұны құқықтық негiздерi даму үрдiстерi әлi толық
қалыптасып үлгерген жоқ.
Қәзiргi экономикалық қиындықтар жағдайында халықтың санасында үрей
және пессимизм орын алғандығы белгiлi. Еркiн бәсекелестiк принциптi
ұстанған ақпарат құралдары қәзiр меншiк төрiне үстанған әлеуметтiк саяси
бағыты мен экономикалық мүмкiндiктерiне қарай бейiмделуде.
Ақпарат құралдарының қоғамдағы әлеуметтiк саяси қызметтері үнемi
мемлекет мүдесiне сай қызмет ете бермейдi.
Мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға ие болғандары билiк
басындағылардың ресми көзқарасын жақтаса, тәуелсiз жекеменшiк БАҚ-ры
мемлекет саясатымен үнемi келiсе бермейтiндерiн аңғартады.
Қоғамдағы демократиялық өзгерiстердiң өсуiмен бiрге партиялар және
қоғамдық қозғалыстардың олардың әрқайсының көпшiлiкке белгiлi бiр оқиғалар
жөнiнде өз көзқарасымен пiкiрiн бiлдiруге талпынысын тудырады.
Мемлекет қоғамдағы хабар ошардың негiзгi көзi бола отырып оның дұрыс
түсiндiрiлуiн мен таратылуына мүделi болғандықтан бұл процесте бейтарап
қала алмайды. Ол ақпарат кеңiстiгiнде түрлi көзқарас пiкiрлердiң заңдылық
шеңберiнен шықпауы , жаңа мемлекеттi нығайту қатыстылығы және мемлекеттiң
саяси әлеуметтiк тұрақтылығына нұқсан келтiрмеу.
Қазақстанда мемлекет пен ақпарат құралдары арасындағы қарым қатынасты
айқындайтын құжат- “Баспасөз туралы заңның” қабылдануы болды. Ол бойынша
мемлекеттiң ақпарат құралдары арадағы қарым -қатынасында қажеттiлiгiне
қарай реттеушiлiк қызметі ғана сақталынады. Ақпарат құралдарының жұмысына
орынсыз қол сұғу, басқару, бұйрық беру т.б араласушылықтарға тиым салынған.
Мемлекеттiң ресми саясатына либералдық демократиялық көзқарастағы БАҚ-
ры оныммен iшiнара келiспеуi де мүмкiн алайда негiзiнен алғанда ашық
жақтамайды қарсылығын да бiлдiрмейдi. Қоғам дамуының демократиялық
заңдылықтарын негiзге ала отырып, өз ұсынысы пiкiрлерiн көзқарастарына
ресми мемлекеттiк басылымдар мен оппозициялық бағытағылардың арасынан
iздейдi. Мұндай бағыттың Қазақстан секiлдi транзиттi қоғамда үкiметпен
арадағы қарым- қатынасты қалыптастыруда қолайлы тактикалық мәнi бар.
Өйткенi саяси әлеуметтiк экономикалық құндылықтар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық метадологиялық негіздері
МЕДИАКРАТИЯ ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДАҒЫ БАҚ ЖӘНЕ БИЛІК
Қaзiргi қоғaмдaғы журнaлиcтiң рөлi
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық дербестік
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Қазақстан қоғамындағы қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарыны өзекті мәселелері
Бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық қатынастар және елдердің сыртқы саясаты аспектілеріндегі көріністері
Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Пәндер