Мәншүк Маметова


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

МӘНШҮК МАМЕТОВА

Мәншүк 1922 жылдың 2 октябрінде дүниеге келген. Шын аты - Мәнсия. Анасының еркелетіп қойған аты-Моншақ Мектепке оқуға барғанда ол атын Мәншүк деп жаздырыпты .

1941 жылдың май -июнь айларында Мәншүк жастардың Москвада өтетін физкультуралық парадына қатысатын болып, соған дайндалып жүрген. Ұлы астана -Москваға Мәншүктің жүруне шамалы күндер қалғанда неміс фащистері елімізге тұтқиылдан тиісті. Гитлершілдердің жауыздығы жан түршігерлік еді . Советтік Отанын жан-тәнімен сүйген Лениншіл жастар өз еркімен сұранып, майданға кетіп жатты. «Москваны көрген, Қызыл алаңдағы парадқа қатысамын!» деп қуанышы қойнына сыймай жүрген Мәншүкке бұл ауыр тиді. Оның ендігі есіл-дерті мейірімсіз жаумен қолынан келгенше аянбай шайқасу. Күндіз институтта оқыса, кешкісін Халық Комиссарлар Советі председателі орынбасарының секретары міндетін атқарады, қолы босап кетсе, әскери өнерді үйренумен шұғылданады. Қайткен күнде майданға аттану-оның мақсаты болды. Соғыс комиссариаты берген арыздарын елемеді, өзіне қайтарып отырды. Қызының мұндай әрекетін қолдамаған анасы: «Тылда жүріп те, майданға көмектесуге болады. Жақсы оқып, жұмысынды тыңдырып істесең, бұл да жауға қарсы соққы, »-деді. Мәншүк бұл сөзге ренжіп те жүрді. Негізінде Мәншүк әлі жас еді. Он тоғызға шыққаны сол және өте нәзік болатын. Бірақ тал шыбықтай, талдырмаш бола тұра, барынша пысық, бар бітімі жігер-қайратқа толы еді . . .

Мәншүк Алматыдағы жиырма сегізінші мектептің(ол қазіргі кезде Мәншүк атындағы мектеп деп аталады) жетінші класын бітіргеннен кейін, медицина институты жанынан ашылған жұмысшылар факультетіне түсіп оқыды. Мектепте үздік оқып, қоғам жұмысына белсене қатысып жүрсе де, соның бәрін қомсынатын. Жұмысшылар факультеті - фабрикалар мен заводтарда, колхоздар мен совхоздарда еңбек мектебінен өткен ересектер үшін ашылған оқу орны болатын. Бірден соның екінші курсына түсіп(үш жылдық еді ол), оны жыл жарымда бітіріп шықты да, 1940 жылы медицина институтының бірінші курсында оқуын жалғастырды.

Фашистерге деген шексіз ыза-кек бойын дилеген Мәншүк 1942 жылдың күзінде өзі сұранып, Алматыда құрылған 100-ші дербес атқыштар бригадасына келіп, қосылды. Алдыңғы кезде штабта, саяси бөлімде, машинистка ретінде іс атқарып жүрлі. Бірақ бригада майданға барып, жаумен шайқасқан күндерде-ақ «Мұндай жұмысты мен тылда да атқардым, бейбіт еңбекті, оқуды тастап, Алматыдан аттанғанда-Отанымды қолыма қару алып қорғаймын деп ант еткенмін» деп жаумен алдыңғы шепте шайқасуға тілек білдірді. Бригада командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Сақтаған Бейішев, Великие Луки қаласы үшін ұрыстардан шамалы-ақ күн бұрын Мәншүктің тілегін қабыл алып, оны пулеметшілер ротасына жіберу жөнінде бригада командирі алдында мәселе қойды. Сөйтіп, қабырғасы онша қатпаған Мәншүк үш адам әрең көтеретін пулеметті оқып-үйреніп, соны меңгеруге кірісті. Көп ұзамай ротадағы сенімді жауынгерлердің бірі болып, майдандық өмірдің ыстық-суығына солармен бірдей төзіп, әскери міндетін тиянақты атқарды. Бірте-бірте ротадағы пулеметшілердің ешқайсысына кем түспейтін үлгілі жауынгерлердің қатарына қосылды . . .

. . Мәншүк тәртіпті, тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін, жүректі, батыл жауынгер болды. Жолдастары оны қатты сыйлап, үнемі құрметтейтін, туған қарындасындай көретін. Оның көзінше жауынгерлер әрдайым әдептілік көрсетуші еді. Мәселен, ол штабтан пулеметшілер ротасына ауысқан шақта оның жертөледе орналасқан қарулас достары «жеке бөлме» әзірлеп, жатып-тұруына қолайлы жағдай жасаған-ды. Сол кездегі оның рота командирінің айтуы бойынша, Мәншүк тәртіп сақтауда да, қаруға мұқият басқалар соған теңелуге тырысқан. Орыс, қазақ тағы басқа ұлттардан құралған бүкіл рота оны «Біздің Мәншүк!» деп атап кеткен-ді . . .

Қазақстандағы 100-ші атқыштар бригадасы басқа құрамалармен бірге октябргь айының басында Невельде бекінген жау топтарын құртып, қаланы босатуға кірісті. 7 октябрь күні Невельді азат етті. Бірақ жау оны қайта басып алу үшін дірнеше рет қайта шабуылдар жасады. Осындай бір шайқас алдында Мәншүк 1943 жылдың 11 октябрінде Әмине апайға төменгі хатты жолдады:

«Қымбатты мама!

Қазір мен алдыңғы шепте жүрмін. Тағы да хат жаза алам ба білмеймін, сондықтан жедел осы шақ хатты жіберіп отырмын. Әзірше денсаулық жақсы. Қымбатты маматайым, егер бізден делегация бара қалса, соның мүшелерінен басқа жаңалықтарды біле жатырсың. Тап қазір бұлар жөнінде жазуға ешқандай мүмкіндік жоқ. .

Ендігі хатты менен алда тұрған ұрыстардан кейін күтіңдер. Жиі-жиі хат жазып тұрсаңдаршы. Барлығыңызға сәлем. Мен үшін Динаның бетінен сүйіңіз, ал ол Сізді тыңдайтын болсын.

Хош. Сізді қатты құшып сүйемін, қызыңыз-Мәншүк. »

Шешесіне осы хатты жолдағаннан кейін Мәншүк қас дұшпанмен жанқиярлықпен айқасып октябрьдің 15-де ерлікпен қаза болды. Осы бір ауырқайғыға ұшыраған 100-ші атқыштар бригадасының жауынгерлері Мәншүктің анасы Әминаға хат жазып, көңіл айтты.

«Аға сержант М. Мәметова жолдас өмірінің соңғы минутына дейін фашистік жауыздарды аямай жойды. 1943 жылдың 15 октябрінде болған шайқаста Мәметова жолдас жаудың боратып атқан оғына, сондай-ақ өзінің жаралуына қарамастан жауды үздіксіз атқылап, шабуылға шыққан бөлімдердің тоқтаусыз алға басуын қамтамасыз етіп отырды. Шексіз батырлығымен жауынгерлерде жаңа жігер тудырып, оларға фашистерді құртуда бар күштерін жұмсауға зор дем берді.

Мәншүктің өлімі-біз үшін-майдандас, қарулас, жолдастары үшін-зор қайғы. Бұл хабар оның шынайы анасы болған, оны батыл да батыр, Отаны, халқы үшін жанын қиюға әр кезде дайын тұратын етіп өсірген Сізге аса ауыр тиетінін біз жақсы түсінеміз. Біз жалынды патриотканың жауынгерлік дәстүрін әр кезде үлгі етеміз, Ұлы Отан соғысының батыры ретінде есімізде мәңгі сақтаймыз . . .

Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыруды көздеп, Невель қалалық Советі атқару комитетінің бірінші мәжілісінде қаланың бұрынғы Приамурская көшесін пулеметші қазақ қызы Мәншүк Мәметованың, ал Торфяной переулогін Мәншүк есімімен атауға шешім қадылданды . . .

Мәншүктің қарулас жолдастары

1943 жыл, 25 октябрь. »

Содан бәрі Мәншүк өмірі, ерлігі миллиондаған совет жастарының жүректерінде зор патриоттық сезімдер туғызғандығын білдіретін мыңдаған хаттар Алматыға күні бүгінге дейін келуде.

ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА

Әлия, Мәншүктен үш жастан аса кіші болса да, сәби күнінен-ақ анасынан айырылып, әкесінің тәрбиесін көре алмай, әжесінің, нағашы ағасының қамқорлығында өсті. Ал мектеп табалдырығынан аттап дүниені тани бастаған кезінде балалар үйінде тәрбиеленуге мәжбүр болды. Рас, ол өзінің Ұлы Октябрь социалистік революциясының бесігі Ленин қаласындағы ең жақсы тәрбие орнында болып, сонда оқып, тәлім-тәрбие алғанын өмірінің соңғы минутына дейін мақтаныш ететін. Ол қиын-қыстау блокада кезінде, 1942 жылдың март айында Ладога көлінің мұз айданында салынған «Өмір жолы» арқылы жау қоршауындағы Ленинградтан балалар үйінің басқа балаларымен бірге Ярослав облысының Вятская селосына келіп, оқуын жалғастырғанда, кейін Рябинск қаласындағы авиациялық техникумда оқыған шағында туған қазақ елін, туыстарын ешбір естен шығармаған. Табылған документтер, Әлияның хаттары, онымен бірге оқыған, майданда болған жора-жолдастарының деген сүйіспеншілігінің арта түскенін, Отанына, еңбекші халыққа пайдам тиерліктей маман болып елге оралсам деген мақсатын өте анық көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл
Қазақтың батыр қыздары
Мәншүктің балалық шағы
Ерліктің қос қанаты - Әлия мен Мәншүк
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
Ерлік салтанаты
Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанова
МӘНШҮК МАМЕТОВА – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАТЫР ҚЫЗЫ
Еліміздің батыр қыздары
Мәншүк Мәметова туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz