Әбілхайырдың тарих сахнасынан көріне бастауы



Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
2.1. Әбілхайырдың тарих сахнасынан көріне бастауы
2.2. Қазақ әскерінің бас қолбасшысы Әбілхайыр
2.3. Әбілхайыр ханның орыс империясына арқа сүйеуі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.
XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады». Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Атамекен газеті 01.12.1999ж.
2. Қазақ әдебиеті газеті
3. Қазақ үні газеті 2003, тамыз
4. Энциклопедия Қазақ Совет I том
5. Энциклопедия Казахи II том
6."Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясы
7.Алматы "Ұлттық энциклопедиясы"1998-720 бет 1 том

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Әбілхайырдың тарих сахнасынан көріне бастауы
2.2. Қазақ әскерінің бас қолбасшысы Әбілхайыр
2.3. Әбілхайыр ханның орыс империясына арқа сүйеуі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы
халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып
сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.
XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды,
жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты.
Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде
болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен
ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде,
тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге
мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері
жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және
білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда
билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас
қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін
1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша
түйіндейді: Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі
сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ
тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан
болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды
алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз
қолымен тұтқынға алғаннан кейін... Кіші орда оны хан сайлады. Әскербасы
Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары
деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді
марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл
шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында
болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты
талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге
болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға
қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік
шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды
тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті
кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы
кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау
төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат
ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды
Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге
келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.
2.1 Әбілхайырдың тарих сахнасынан көрінуі

ӘБІЛХАЙЫР ХАН
(1693-1748)

Әбілхайырдың тарих сахнасынан алғаш рет көрініс беруі 1716 жылдан
басталады. Бұл – тарихшы Левшиннің сөзімен айтсақ, қазақ ордаларының нағыз
Ликургі- әз-Тәуке дәуірінің аяқталып, сол әз-Тәуке жүзеге асыра білген
ұлттық, халықтық бірліктің қайтадан тігісінен сөгіле бастаған кезі еді.
Сиырдың бүйрегіндей болып бөлініп; ру-ру, тайпа-тайпа болып отырған тілі
де, ділі де бір қазақ халқын қаһармен, күшпен емес, кемел саясат, кенен
ақыл-ойын біріктіруді ойлаған Тәуке тайпа, ұлыс адамдарының кемел ойлы
өкілдеріне, Әйтеке, Қазыбек, Төле шендес ірі қайраткерлеріне арқа сүйеу
арқылы бірлік идеясын, ұсынып, осы жолда тәп-тәуір табысқа да жеткен-ді.
Бірақ, қалыптасып қалған ділді (менталитетті!) өзгерту қиын болды ма, әлде,
бас-баспасына хан болуды ойлайтын сұлтандар идеялогиясы өз дегенін істеп
тынды ма, әлде, осы екі фактор қатар әсер етті ме, әйтеуір, үш тарапты
қадағалауға қойылған кіші хандар халықты үш жүзге бөліп тынды. 1715 жылы әз-
Тәуке , одан бес жыл бұрын, Қожаберген жыраудың айтуынша; төрелерге
сенудің қажеті жоқтығын, басшыны қазақтан сайламайынша, қазақта бірлік
болмасын айтып кеткен ұлы би, кемеңгер саясатшы Әйтеке Бәйбекұлы - Әйтеке
би – дүниеден өтті. Кейін, ел басына күн туған заманда, әлгі бірлік
идеясының негізгі кілтін айтқан Әйтеке өсиетін естеріне алып, Қазыбек,
Төле, Ақсуат бас шайқатыны негізсіз емес – қазақ бірлігіне еркінен тыс
іріткі салатын билікке таласушы сұлдандар, хандар екенін кейінгі тарих тағы
дәлелдеді. Үш ордаға бөлініп отырған жұртшылықтың ішкі қайшылықтары, әрқилы
кедергілер, жер, мал, жесір, билік даулары қазақ жұртының сыртқы
қауіпсіздігін едәуір әлсіреткені де шындық. Осы шындықты кей тарихшылардың
сол кезгі сана, ұғым деңгейіне түсіп қарастыратыны ғана түсініксіз.
Қазақ елінің ішкі жағдайың қапысыз біліп отырған сыртқы жау өз
дегенін істеп қалуға тырысты. Айта кететін нәрсе – халық бірлігінің бұзылуы
Тәуке саясатының осалдығынан емес-ті (біреулер осыны дәлелдеп, Тәукені
айыптап әлек!), әлі де тұтас ел болып ұйып үлгірмеген, сұлтандар
партияларының ықпалынан шыға алмаған (төресіз ел болмас – сол идеологияның
құрал-мәтелі) қазақ халқының объективті шындығы еді. Сол тарихи жағдайда
қазақ жеріне шығыстан ежелгі жауы – жоңғар, батыстан Еділ қалмақтары мен
башқұрттар, солтүстіктен сібір казактары оңтүстік Атырау жағалауынан
парсылар мен түрікпендер көз аларта бастады. 1716 жылы Еділ қалмақтары мен
башқұрттардың, сібір казактарының кіші жүз жеріне басып кіруі айтылып
жүрген Ақтабан шұбырынды кезеңінен жеңіл болған жоқ. Еділ, Жайық, Ойыл,
Жем, Елек, Ырғыз, Торғай бойындағы жалпақ ел жаудың тонауына ұшырады. Осы
қайғылы, ер басына күн туған кезең туралы орыс тарихшылары да , өз
тарихшыларымыз да орнықты пікір айтып, терең талдау жасамайтыны түсініксіз.
Бұл - өзгенің қолымен от көсеп көруді діттеген Ресей саясаты еді. Кіші жүз
жұрты қалың жаумен жеке соғысты, қазақ жұртшылығының қай қиырынан да көмек
болған жоқ. Сол қиын тұста Әбілхайыр сұлтан, есет, Бөкенбай (Бөгенбаймен
шатыстырмаңыз), Тойғұлы мен Қосқадым, Шолан, Тоқпан, Сабытай, Байқазақ,
Тайлақ сияқты көптеген батырлар мен көсемдер күш қосып, халықты жауға қарсы
көтерген-ді. Дәл осы соғыс тұсында-ақ Әбілхайыр өзінің әскери дарынымен,
жеке батырлығымен, ақылдығымен көзге түсіп, қол бастады. Кіші жүзбен
іргелес отырған Арғын, Қыпшақ, Керей, Уақ тайпаларының ірі бөліктерінің
Әбілхайыр қол-астына табиғи түрде топталуына себепкер болған ортақ қауіп-
қатер, мүдденің бірлігі еді. Қазақ батырларының басын қоса білген Әбілхайыр
әскери қимылдарды да шебер ұйымдастырды. Бірінші соққыны Ресей жеріне
көктей өтіп барып, Еділ қалмақтарына берді. Содан соң башқұрттарды қирата
жеңіп, 1717 жылы Қазан губерниясының шебіне еніп, Новошелинск қаласын
талқандап, орасан зор әскери олжамен, қыруар тұтқынмен қазақ жеріне қайтып
оралды. Осы жорық туралы жазған А.И.Левшин: Осы шабуылды жасаған Әбілхайыр
ханның қоластындағылары еді, осы әрекет өзіне таңылып, өз бәсекелесі үшін
босқа күйіп, жазаға тартылам ба деп қорыққан Қайып хан 1718 жылы Бірінші
Петрге хат жолдап, оны мәңгі татулыққа және одақтастыққа шақырды дейді...
Қайып бұл кезде әз-Тәукенің орнындағы бас хан болып есептелетін. 1717
жылы ол Әбілхайырды Дүрбін-Ойратқа жорық ұйымдастыруға көндіреді. Жолы
кіші, әрі әскери дарыны мен ерлігі, сесі басым Әбілхайыр 30 мың әскері бар
қазақ қолына сардар сайланады. Үш күн бойғы ұрыста 30 мыңдық Әбілхайыр
қолына басқа тараптан ешкім көмекке келмейді де, күшін еселеп алған
қалмақтар осы жолы қазақтарды орасан зор шығынға ұшыратады. Осы жеңілістен
соң ықпалы жоқ, жігерсіз Қайып ханнан ел бастағандар да күдер үзген сияқты.
Арыс, Шаян, Бөген өзендері алқабындағы елді қалмақтар ойсырата шауып,
тонауға салатыны да осы тұс. 1718 жылы талайсыз Қайып хан кісі қолынан
өледі. Тақ үшін болған сұлтандар арасындағы қырқыста қазақ шонжарлары өз
мүдделерінің үстем болуы үшін азулы, жігерлі әрі заңды мұрагерлерді
шеттетіп, әз-Тәукенің жуас, жігерсіз ұлы Болатты хан көтереді. Бұл оңсыз да
әлсіреп тұрған қазақ ордасының іргесін сөгіп тынған оқиға болды. Батыс және
солтүстік батыс аймақтың жұрты енді өз қамын ойлауға көшті. Сөйтіп, Кіші
Жүз Әбілхайырды хан көтерді. Бұл да объективті құбылыс еді. Хан қоластына
Кіші жүз тайпаларымен қатар Орта жүздің бірқатар тайпалары да кірді. Сыртқы
жауларға тойтарыс берудің, ел болып бірігудің басталғаны да осы тұста.
Әбілхайыр тайпалар көсемдерімен де, батырлармен де тіл табысып, өз
хандығының шымыр бірлігін сақтай білді. Табын Бөкенбай, тама Есет, байбақты
Шолан, адай Ақпан, Сабатай, Тобылды, Есенқұл, алтын Сәлтеке, Тойғұлы,
Қосқадам, Саурық, Тайлақ, басқа да қағазға есімі түспеген батырлардың
бірлік пен татулық үлгісін көрсеткені де осы кезең. Бұл - Әбілхайырдың
билеушілік шеберлігі мен ерлігінің, ел алдыңдағы ересен беделінің дабырасыз-
ақ мойындағанының белгісі...

2.2 Қазақ әскерінің бас қолбасшысы Әбілхайыр

...1710 жылы Қарақұмда қазақтың үш жүзінің игі жақсылары кеңес құрды.
Қазақ ішіне сыналай еніп алған қалмақтың қарулы күшін кері ығыстыру
мәселесін осы кеңес талқылаған-ды. Жоңғарлардың қазақ жерін жаулап алуға
ұмтылуы 1618 жылдан басталған еді. Хо-Өрлік тайшының бос жатқан Сібір
жеріне 50 мың түтін жұртымен көшкені, суыққа шыдамай, Еділ бойына ығысатыны
да осы жылы. Ал Монғолияның батыс бөлігіндегі жоңғарлардың басын
біріктірген Қара-хуланның ұлы Хотоқосын Батор 1635 жылы манчжурлардың
Қытайға шабуыл жасаған кезіндегі қарбаласты пайдаланып, дербес Жоңғар
хандығын құрған. Далай Лама оған Ерден Батор қонтайшы атағын лайықтап,
батасын берген. Жоңғар мемлекетін тіктеп, айбынды елге айналдырған да осы.
Одан билік тізгінін алған Қалдан Бошукты (Бошақ, Бошақты) Қытайға да, Қазақ
жеріне де үздіксіз жорық жасап, мемлекет іргесін кеңейткен еді. Еділ
қалмақтарын қаруландырған Ресей үлкен геосаясы ойынға кірісті. 1697 жылы
Қалдан Бошақты у ішіп өлгеннен кейін таққа әйгілі Себен Рабтан қонтайшы
отырғаны мәлім. Ол шығыс майданда да ықпалын күшейтті Қалмақ әскері қазақ
даласына сыналап еніп, қоныстана бастады. 1710 жылғы кеңесте қазақ қолының
бас сардары болып табын Бөкенбай тағайындалды, Әбілхайырдың жауынгерлік
ерлігімен де, ақыл-ойымен де тұңғыш көзге түсетіні осы кез. Бұл кезде Тәуке
тірі. Қалмақтар Ырғыз, Торғай өзендері қосылатын тұсқа тақап келіп, басып
алып, Нұра тауының етегіне әскери бекініс салған. Мақсаты – бір жағы
Ұлытауға, екінші шеті Мұғалжарға тірелетін алқапты уысында ұстай отырып,
далаға одан әрі ендеп кіріп, Еділ қалмақтарына күш қосу арқылы ұлы жорықты
бітіру болған секілді. Мұны сіре, Ресей де құптаған болар. Әбілхайыр мен
Бөкенбайдың ұлы достығы да осы майданнан бастау алған. Сол алыс күндердің
ескерткішіндей болып Ырғыз жерінде әйгілі Бөкенбай шоқысы тұр. Қазақтың
әйгілі жазушысы һәм білімдары Әбіш Бөкенбаевтың Үркер романында
баяндалатын оқиғалар осы шоқы тұрған алқапта өтеді. Бұл – тарихи хатқа
түскен ақиқат.
Қазақтың хас батырлары қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей
Қабанбай, бәсентиін Малайсары, Кіші жүз марқасқалары Бөкенбай, Тайлақ,
Есет, Ақпан, Киікбай сияқтылардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып,
ұлы бірлік арқасында жоңғар әскерінің тауын шағып, бетін қайтаратыны осы
тұс, осы дәуір-дәурен... Ырғыз өзенінің түбегіне мыңдаған қалмақты тықсырып
әкеп қоршап, талқандаған жер қазір Қалмақ қырылған аталады. Қалмақ
бекінісінің талқаны шыққан жұрты күні бүгінге дейін Күйген қала аталады.
Сол жолы бас сардарлыққа Бөкенбайды Әбілхайыр сұлтан ұсынған деген әңгіме
де бар ел аузында. 1712 жылы қазақ әскері жоңғарларды өз ұлыстарына дейін
түріп қуып тастаған-ды. Қазақ бірлігінің жарқын көрінісі де сол жылдардағы
осы жеңіс болатын...
... Ақтабан шұбырынды басталды 1723 жылы Қытай боғдыханы өлді. Дәл
осы сәтті күткендей Себен Рабтанның екінші ұлы Шона-Доба қалың әскермен
қазақ жеріне басып кірді. Жоңғарлар күллі оңтүстікті, Тәшкен мен Сауранды,
Түркістан мен Шу, Арыс бойын басып алды. Елім-айлап босқан елдің бір тобы
Ырғыз, Торғай бойына қарай шұбырды, енді біреулері Хиуа, Бұқара, Смарқан
асты... Қанды қырғын, қатерлі жау қазақ тайпаларын қайта біріктірді. Озық
ойлы, кемеңгер билер Төле, Қазыбек, Ақсуат, Малайсарылар (би) халықты
бірлікке шақырды. Жоңғар қолы шеп құрып отырған Торғай, Ырғыз алқабындағы
қазақтардың әскерінен аттап, ары бара алмауы – майдан шебі күшті еді. 1726
жылға дейін болған үзік-үзік шабуылдар болашақ ірі шайқастың әзәрлігі еді.
Қазақ қолы ес жиып,күш біріктіріп алды. Сол жылдардағы әскери қимылдарды да
Әбілхайыр хан басқарған хақ. Осы кезге дейін-ақ қазақ қолының бас сардары
болып келген Әбілхайырды 1726 жылы Ордабасында болған ұлы құрылтай күллі
қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп ресми түрде бекітті. Бұл заңдылық
болатын. Соғыстардың талайын бастан өткерген дана қолбасшының мол
тәжірибесі мен қазақ батырлары алдындағы теңдессіз беделі осы шешімге
себепкер болса керек. Бұдан бұрын да соғыстың ауыр сынын бірге кешкен
белгілі батырлармен бірге қимылдаған Әбілхайыр жоңғар әскерін ә дегенде-ақ
ығысуға мәжбүр етті де, 1728 жылы Бұлантының Сарысуға құяр тұсында болған
әйгілі ұрыста үзіліді кесілді талқандады. Қалмақтардың мысын құртып, қалың
қазаққа жеңіске деген сенім сыйлаған осы ұрыс еді. Кейбір тарихшылар дәл
осы ұрыстың бағасын әдейі кемітіп көрсеткісі келеді. Неге? Белгісіз
Шындыққа жүгінсек, сол ұрыстан соң қалмақтың да айдарынан жел есе қойған
жоқ. Кейінірек өз саясатының ұпайын ешкімге жіберіп көрмеген қытай 150 мың
әскермен келіп, Жоңғарияны шапты. Жоңғаралар жойыла қоймағанымен жекелеген
ұлыстарға бөлініп кетті, әскери қуатты ыдырай бастады. Әйгілі Әмірсанның
қазақтармен бірге өз қандастарын шабуының себебі, сіре тереңіректе болса
керек-қалмақтар да бөлек-бөлек ұлыстарға билік жүргізу үшін тырысып баққан,
ол кезде бұрынғы жоңғар бірлігі жоқтың қасы еді...
Әбілхайыр бастаған қазақ қолы әлгі ұрыстан соң Кіші жүз бен Орта жүз
иеліктерін босату үшін ұзақ жортуылдарға шығып, талай ұрыстарға кірді. Отан
соғысының бас сардары Әбілхайырдың даңқы өрлей түсті. Ал Бұлантыдағы шайқас
баяғы Күлік даласындағы (Куликово) шайқастан әскери, саяси тұрғыдан еш кем
емес-ті. Ұлы жүз жері әлі де жоңғарлар аяғының астында жатыр еді. 1730 жылы
Әбілхайыр бастаған қол Сарыарқаны көктей өтіп, Балқаш көлі маңындағы
жоңғараларды шапты. Бұл жолы сан жағынан басым түскен жоңғарларды Әбілхайыр
қолы әскери тәсілмен жеңді...
Дәл осы тұста батыс пен терістіктегі ата жау қайтадан атқа мінген еді. 1729-
30 жылдары Әбілхайыр ат басын кері бұрып, Еділ қаламақтары мен башқұрттарға
тағы да тойтарыс берді. Алайда, бұл кезде жоңғарлар қайтадан бас көтеріп
келе жатқан. Ұзақ соғыс даланы шаршатып, халық тұрмысын құлдыратып жіберген
еді. Ресей де аранын ашып, саяси құйтырқыны көбейте түскен. Ресейді
дипломатиялық жолмен бөгеу ісі Тәуке тұсында-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVII - XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
XV ғасырдағы тарихи жағдай
Шақшақ Жәнібек батырдың өміржолы мен ұрпақтары
Әбілхайыр хан
Қазақ хандығының құрылуы және нығаю кезеңдері
XVII – XVIIIғғ. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы
Пәндер