Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы



Педагогика, тәрбие және оқыту мәселелері Л.Н.Толстойдың практикалық және теориялық қызметінде ерекше орын алады.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. 1860-1861 ж.ж шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның, Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің мектептері Л.Н.Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм, оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті.
Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады.
Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау.
Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты. Ясная Поляна мектебінің

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы.
(1828-1910)

Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі.

Педагогика, тәрбие және оқыту мәселелері Л.Н.Толстойдың практикалық және
теориялық қызметінде ерекше орын алады.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой
халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты.
1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862
ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная
Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін
ашты. 1860-1861 ж.ж шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның,
Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің
мектептері Л.Н.Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе
Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм,
оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің
тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті
басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті.
Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс
және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды
жоспарлады.
Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын
құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне
терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы
мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау.
Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және
олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен
шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты. Ясная Поляна мектебінің
тәжірибесімен өте қызыға айналысқан, оның нәтижелерімен қанағаттанған
Толстой бұл тәжірибені басқа мектептерге тарату ісін қолға алды. Осы
мақсатпен ол “Ясная Поляна” педагогикалық журналының басылымын
ұйымдастырды, оның бірінші кітапшасында Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі
жан-жақты суреттелді.
1862 жылы Ясная Поляна мектебінде полицияның жүргізген тінтуінен кейін
Ясная Поляна мектебі өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Толстой да
педагогикалық қызметін біржола тоқтатып, “Соғыс және бейбітшілік” романын
аяқтауға кірісті. 1870 жылы Толстой тағы да педагогикалық қызметке оралды
(романмен жұмыс аяқталғаннан кейін). Осы кезде Толстой “Әліппе” атты
алғашқы оқыту үшін оқу кітабын құрастырды, кейін “Жаңа әліппе” жарық көрді
және сауат ашуға оқытудың жалпы мәселелерін талдайтын “Оқу кітабын”
құрастыруға ерекше көңіл бөлді.
70-жылдардың екінші жартысында Толстой діни мәселелерге ерекше мән
беруге байланысты педагогикалық қызметтен уақытша алыстауға тура келді,
өмірінің соңғы кезінде ол педагогика мен тәрбие мәселелеріне қайта оралады.
70-жылдары Толстой балаларды тағы да Ясная Поляна мектебінде шәкірттерді
қайта оқыта бастады, шаруа мұғалімдер семинариясының жобасын жасады.
Өмірінің соңғы кездерінде Толстой тәрбиенің негізіне дінді қоя отырып, діни-
адамгершілік ілімді насихаттады.

Л.Н.Толстойдың педагогикалық көзқарасы

Л.Н.Толстой педагогиканы және сол кездегі орыс, шетел мектептерін қатты
сынға алды. Ол педагогика, оның ішінде неміс педагогикасы мектеп өмірінен
алшақ, педагогикалық тәжірибе оның негізі болып табылмайды, онда формализм,
бірсарындылық басым екендігін атап көрсетті.
Сол кездегі мектепті қатты сынай отырып, Толстой баланың жеке басын
құрметтеуге, белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға негізделген өзінің
тәрбие жүйесін қарсы қойды. Толстойдың 60-жылдардың бас кезіндегі
педагогикалық ізденістерінде тәрбие баланың жеке басына жасалған қатыгездік
болып табылады, сондықтан да оған жол беруге болмайды, тек ғана білім
берумен ғана, демек, үлкендердің балаларға берілетін білімімен ғана шектеу
керек дегенді айтты. Бірақ ол шаруалар мектебінде оқуға, жазуға,
арифметикаға және т.б. тек ғана оқытып ғана қойған жоқ, сонымен қатар
тәрбие жұмысын жүргізді.
Сонымен, бұлай деп пайымдау Толстойдың педагогикалық көзқарасы мен
қызметіндегі көптеген қайшылықтарының бірі болды. Шын мәнінде ол жалпы
тәрбиеге қарсы шыққан жоқ, бірақ сол кездегі мектептерде жүргізілген
тәрбиеге, құрғақ жаттауға, шәкірттердің жеке басын аяққа басуға,
формализмге қарсы болды. Осыған өзінің “Педагогиканың өлшемі – тек бір ғана
еркіндік” деген ұранын қарсы қойды.
“Еркіндік тәрбие” теориясына тән қасиет баланың жеке басын асыра
бағалалаушылық, оның “табиғатының” алдында бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лев Николаевич Толстойдың /1828-1910/ педогогикалық қызметi мен көзқарасы
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс
Лев Толстой философиясы
Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі
Шәкәрім Құдайбердиев - өмірі мен қызметі
Ыбырай алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы жөнінде
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Пәндер