Түркменстан мемлекетінің экономикалық жаңалану мәселелері
I. Кіріспе
1. Түркменстан экономикасының жаңалануының бастапқы кезеңі
1.1. Көмірсутек . Түркменстан экономикасы дамуының негізі ретінде
1.2. С.Ниязов тұсындағы Түркменстанның экономикалық жаңалануы
2. Түркменстан экономикасының жаңалану жолындағы процесстер
2.1. Экономикалық жаңалану жолындағы Ашхабадтың құбыр саясаты
2.2. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы саяси.экономикалық қарым.қатынастар
II. Қортынды
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТІЛДЕР
УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: Шығыстану Кафедра: Әлемдік мәдениет және
өркениет
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі Есеркепова Ж.О.____________________
Жоба жұмысы
Жоба тақырыбы: Түркменстан мемлекетінің экономикалық жаңалану
мәселелері.
050209 -Шығыстанушы мамандығы бойынша
Орындаушы: Копбаев С.А.
Сейдаева Э.А
Ғылыми жетекші:
с.ғ.к.Қағазбаева Э.М.
Алматы, 2013
Жобаның аты: Түркменстан мемлекетінің экономикалық жаңалану мәселелері.
Мәселе: Түркменстан мемлекетіндегі экономикалық жаңалану процесстерінің
барысы
Жобаның басты ойы: Түркменстан мемлекетінің экономикалық жаңалану
процесстерін ашып көрсету.
Жобаның мақсаты: Түркменстан мемлекетінің экономикалық жаңалану
процесстеріне аналитикалық талдау жасай отыра, экономикасының дамуына жаңа
жолдар қарастыру.
Жобаға қойылған тапсырма:
1 –КСРО ыдырағаннан кейінгі Түркменстан мемлекетінің экономикасы
2 – Түркменстан экономикасының жаңалану процесстері
3 – Түркменстан экономикасының перспективасы
\
Құрамы
I. Кіріспе
1. Түркменстан экономикасының жаңалануының бастапқы кезеңі
1.1. Көмірсутек – Түркменстан экономикасы дамуының негізі ретінде
1.2. С.Ниязов тұсындағы Түркменстанның экономикалық жаңалануы
2. Түркменстан экономикасының жаңалану жолындағы процесстер
2.1. Экономикалық жаңалану жолындағы Ашхабадтың құбыр саясаты
2.2. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы саяси-
экономикалық қарым-қатынастар
II. Қортынды
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
ТМД-ның тарихи және экономикалық құқықтық қалыптасуын нақты үш кезеңге
бөліп қарастыруға болады: трансформациялық (1991-1999 жылдар), қалпына келу
(2000-2008 жылдар), жаңару (2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін).
Бірінші кезең – трансформациялық, яғни өтпелі кезең, орталықтың күші
кеткеннен кейін Кеңес Одағының бұрынғы мемлекеттерінің өркениетті
айрылысуы. Жаңа пайда болған мемлекеттердің алғашқы міндеттері өз
егемендіктерін қалыптастыру және радикалды нарықтық реформа жүргізу еді.
Осы кезеңде посткеңестік кеңістікте мемлекеттік шекаралар бекітіліп,
сәйкесінше кедендік және шекаралық қызметтер, ұлттық валюталар да пайда
болды. Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің ортақ заңнамасының орнына жаңа,
ұлттық, құқықтық жүйе келді. Осы кезеңде ТМД-ның барлық егеменді
мемлекеттері үшін алғашқы міндет көрші елдермен байланыс әлсізденгендіктен,
әлемдік экономикаға интеграциялану, яғни жаңа серіктестіктер мен нарық
іздеу. Бұған едәуір дәрежеде КСРО-дағы кешіктірілген радикалды экономикалық
реформа әсер етті. 90-жылдары Еуразияның ұлттық капиталдары енді ғана
қалыптасқандықтан, шетелдік инвесторлардың негізі батыстық болды.
Трансұлттық корпорациялар ТМД елдерінің кәсіпорындарын сатып алып, оларды
өзге нарыққа аударып отырды, бұл кеңес уақытында қалыптасқан еңбек бөлінісі
және өндірістік кооперация жүйесінің бұзылуына әкелді.
ХХ ғасырдың 90-жылдары ТМД-ның барлық елдері экономикалық дағдарысты
бастан кешті, ал әлемдік экономика даму фазасында болды. ТМД-дағы алып
Ресейдің өзі Батыстың қаржылай көмегіне тәуелді болды және ТМД-ның
әлеуметтік-экономикалық интеграциясына көмек көрсете алмады. Бірақ ТМД-ның
басқа елдеріне өзінің еңбек нарығын ешқандай шектеусіз ашты. Сондай-ақ
Әзербайжан, Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстанмен мұнай-газ ресурстарын
көрші елдерге әлемдік бағадан төмен бағамен жеткізіп тұрды[1;2].
XXI ғасырдың басында ТМД-ның тарихи және экономикалық құқықтық
дамуының екінші қайта қалпына келу кезеңінде ТМД елдерінің өркениетті
айрылысу үрдісі аяқталды. Бұл уақытта маңызды нарықтық реформалар
жүргізілген болатын, нағыз экономикалық интеграцияға жағдайлар пайда болды:
кемшіліктері болса да еркін сауда аймағы жұмыс істеді, Түркменстаннан
басқа елдер Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықты құрды, Белорусия,
Қазақстан, Ресей, Украина Бірыңғай экономикалық кеңістік жөнінде келісімге
қол қойды. Нәтижесінде 2001-2008 жылдары ТМД елдері әлемде экономикалық
дамудың ең жоғары деңгейіне ие болды [4].
XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында ТМД-ның барлық егеменді елдері
экономикалық ынтымақтастыққа прагматикалық жолды басшылыққа алды. Бұл ТМД
елдерінен тауарлар әкеліміне "шетелдік" шығарылым және санитарлы-
экологиялық жайғдайға байланысты, энергоресурстарға нарықтық тарифке өту,
миграциялық саясаттың қатаңдануы негізінде өзара тыйым салды. Нәтижесінде
Достастықта еңбек ресурстарын импорттаушы елдер (Қазақстан, Ресей),
экспорттаушы елдер, табиғи ресурстарды өндіруші елдер (Қазақстан,Ресей,
Әзербайжан, Түркменстан, Өзбекстан) және осы ресурстардың транзиті өтетін
елдер (Белорусиия, Украина, Молдова) болып елдердің қызығушылықтары нақты
бөлінді.
ТМД-ның тарихи және экономикалық құқықтық дамуының үшінші жаңару
кезеңіне 2009 жылдан бергі уақыт жатады, жаһандық экономикалық дағдарыстың
басталуы және оның ТМД елдеріне әсер етуі. Бәсекеге қабілеті төмен
болғандықтан олар дағдарысты ауыр қабылдайды. ТМД елдерінің
экономикаларының жаңаруынсыз, олардың инновациялық даму моделіне өтуінсіз
Достастық елдерінің дамыған елдерден артта қалуы өсе беретіні айқын
болды. Батыс елдері айтарлықтай қаржы дағдарысын бастан кешкендіктен, ТМД
мемлекеттеріне олардың экономикасының жаңаруы үшін маңызды көмек көрсете
алмайды. Халықаралық валюталық қордың мәліметтері бойынша 2010 жылы
Еуропаның жалпы қарызы 7,1 триллион евроға (ЖІӨ-нің 78,7 пайызы) жеткен, ал
АҚШ – 13,9 триллион доллар (ЖІӨ-нің 94,3 пайызы). 2011 жылы бұл көрсеткіш
өскен. ТМД елдерінің экономикасы ТМД пайда болғаннан бері бірыңғай
халықшаруашылық кешенінен (1991 жыл) экономикасы өзара байланысты тәуелсіз
мемлекеттер тобына дейінгі кезеңді өткерді [5].

Түркменстан Орталық Азия аймағындағы ғана емес, бүкіл посткеңестік
кеңістіктегі бірден-бір мемлекет болып есептелінеді. Бұл ерекшелік қазіргі
мемлекет дамуының кезеңінде бірнеше негізгі факторлармен анықталады.
Біріншіден, Түркменстанның жер асты қазба байлықтарының молдығы. Сондықтан
да, осы қорларға сүйене отырып мемлекетте экономикалық саясат жүргізілді.
Екіншіден, Түркменстан өзінің сыртқы саясаты саласында тек өзіне тән, басқа
бұрынғы КСРО мемлекеттерінің таңдауларына ұқсамайтын бағыт – бейтарап
мемлекет позициясын таңдады. Үшіншіден, Түркменстанның саяси режимінде
билік бір тұлғалық, яғни мемлекет басшысы қолында. Ал, оның мінездемесінің
мәніне қарап режимнің тоталитарлық типіне жатқызуға болады.
Одақтың ыдырауы республиканың экономикасында өз көрінісін таппай
қоймады. Оның экономикасы ортақ халық-шаруашылық кешенінің бөлігі болып,
оның үстіне Түркменстан көптеген аспектілерінде өзінің солтүстік
көршілеріне қатты тәуелді болған. Заман талабына сай өнеркәсіп мекемелері
де республикада айтарлықтай аз болды, оның шаруашылығы көбіне екі негізгі
өнімді өндіруге бейімделген болатын – табиғи газ өндіру мен мақта өсіру.
Оның үстіне осы екі өнім де көбіне Одақтық құрылым арқылы республикадан тыс
шығаруға арналған. Бір жағынан бұл республиканың географиялық
орналасуымен, оның жаңа тарихының ерекшеліктерімен түсіндірілген.
Түркменстан Одақтың перифириялық, шекаралық территориясы болды. Иранмен
және Ауғанстанмен шекараласуы қадағаланып, қатты күзетілді.
Посткеңестік кеңістіктегі кризис Түркменстанды да – газ өндірісінде
айналып өтпеді, жетекші мұнайгаз кешені (МГК) саласындағы жағдай нашар
болды. Халықаралық Валюталық Қор бағасы бойынша, 1992 ж Түркменстанның ЖІӨ
номиналды шамамен 60% табиғи газдың үлесіне сәйкес келді. Горбачевтың
кезінде Түркменстан шамамен 90 млрд.куб.м газ өндірген. КСРО-ның
ыдырауымен өндірісті қысқартуға мәжбүр болды. 1992 ж 60,1 млрд.куб.м
өндірілді, 1993 ж – шамамен 65,3 млрд.куб.м. Кейіннен өндіріс төмендей
бастап, 1998 ж мүлдем аз көлемге дейін жетті. Түркменстан газын Еуропаға
экспортқа одан да көп мөлшерде шығару жоспарын жүзеге асыру енді мүмкін
емес болды.
Түркменстанда мұнай өндірісінің күрт төмендеуі табиғи газдың жағдайынан
оңайырақ болды. Кеңес дәуірі кезінің өзінде-ақ мұнай республиканың табиғи
ресурсы ретінде айтарлықтай қарастырылмады.
Түркменстан басшылығы, республиканың басқаруындағы бар айқын
ерекшелігін біле тұра, табиғи байлықтарын қолданудың негізінде
шаруашылықтың әр түрлі салаларын потенциалды көтерудің тежеуіші бар екенін
жақсы түсініп отырды. Егер олар МГК-дан алынған қаржы ресуртарын қайта
инвестициялауына сүйеніп отырмаса, онда регресс пен экономикалық құлдырауды
болдырмау, оның жалпы дамуы, халықшаруашылық кешенін құрылымдық қайта
ұйымдастыру жемісті болмас еді.
Халықшаруашылық кешенін қайта ұйымдастыру міндетін анықтаған кезде,
Түркменстан президенті Ниязов күшті мемлекеттік макроэкономикалық реттеу
тұсындағы нарықтық экономиканың аралас типі қажет екендігін мәлімдеді.
Соның өзінде Ниязов түпкі мақсатын да ұсынды – жүзжылдықтың соңына қарай
бай ресурстармен қамтамасыз етілген өркендеген елдер деңдейіне шығу. 1993
жылы құрастырылған 10 жыл тұрақтылық бағдарламасында МГК басты
артықшылыққа ие болған. Бәрін ойластырылғандай болжамды мерзімде іске асыра
алмаса да, соңғы оқиғалардың көрсетуі бойынша,Түркменстанның көмірсутектік
экспорттық мамандануға деген артқан үміті өзін-өзі ақтады.
Түркменстанның МГК-інің қайта құрастыру мен құрылымдық қайта құруы
шетел компанияларын тарту арқылы жүзеге асырылуда. Соның көмегімен 2010 ж
дейінгі кезеңде Түркменстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру
стратигиясы деген жаңа құрамдас бөлігі ретінде салаларды дамыту
стратегиясы жасалынды. Бұл стратегия мұнайгаз саласының бөлімшелерінің
максималды қайтарымды нарықтық қарым-қатынасқа ауысуды қарастырды. Бұл
ретте саланың жылдық орташа өрлеу қарқыны жылына 18%-дан кем емес деңгейде
болу жаспарланған. 2005 жылға таман мұнай шығару 28 млн.т., ал табиғи газ –
85 млрд.куб м дейін ұлғаюы стратегиямен анықталған еді. 2010 ж мұнайды -
48 млн.т, ал табиғи газды – 120 млрд.куб м деңгейінде шығару жоспарланып
отыр. Сонымен бірге мұнайдың 33 млн.т және газдың 100 млрд.куб м
экспортталады. Алайда іс жүзінде 2005 ж бұл көрсеткіштерге жете алмады,
оған қоса 2010 ж белгіленген көлемге де жету мүмкін болмады.
Түркменстанның мұнай шығару саласында шетел әріптестерімен
ынтымақтастығы күннен-күнге күш жинап жатыр. Түркменмұнай мемлекеттік
концерні шығарып отырған мұнай үлесі шетел мұнай компаниялардың мұнай
өндірісінен бірнеше есе артық. Шетел компаниялардың түркмен мұнайына деген
қызығушылықтары газ экспортындағыдай ерекше қиындықтарының жоқтығымен
түсіндіріледі. Түркменстанның сұйық көмірсутегінің негізгі қоры Каспий
аймағындағы Балқан уаялатында және құрлықтық шельфте шоғырланған, яғни
салыстырмалы түрде оңай экспортталуы мүмкін. Түркменбашы мұнай өңдеуші
зауыттан (МӨЗ) көрші орналасқан өнім де экспортқа қойылуы мүмкін.
Әзірше түркмендік мұнай өндірісі экспорттық мұнай құбырының құрылысының
идеясын шындап талқылауға болмайтындай деңгейде. Алайда болашақта мұнай
шығаруының артуымен бұл жобалар пайда болуы мүмкіндігі бар.
Табиғи газ шығарудың артуы қолданыстағы ұңғымаларды қолдану
тиімділігінің артуы есебінде және Орталық пен Заунгуз Қарақұмдағы, сонымен
қатар Амударья мұнайгаз бассейніндегі дайындауға әзірленген қайтадан
ашылған кен орындарын игеру негізінде жоспарланып отыр.
Түркменстанның күмәнсіз артықшылығының бірі болып Каспий теңізінің
шельфін игеру саналады. 1999 жылдың аяғында Түркменстан Каспий теңізінің
шельфінде мемлекетпен қызықтырарлық 70 аса объект табылғанын жариялады.
Түркменстанды Каспийлік шельфтегі кен орындарын белсенді түрде игеруге
итермелеген саяси себеп болды. Каспий теңізінің болашақ құқықтық мәртебесі
туралы мәселе бойынша Каспий маңындағы бес мемлекеттің келіспеушіліктері
бар болғанымен, Түркменстан таласып отырған теңіз кен орындарын Әзербайжан
бірінші болып игере бастады. Алайда қазіргі күнге дейін Каспий шельфінің
осы бөлігінде заң мәселелері толығымен шешілген жоқ.
Түркменстан басшылығының түбегейлі саяси бағытының бірі көмірсутекті
қайта өңдеу қуаттылығын жаңалау болып саналады. Ашхабад бұл бағытта
айтарлықтай жеңіске жеткенін ашық мақтаныш етеді. Түркменстанның бірнеше
жылдар ішіндегі ірі құрылысы Түркменбашы қаласындағы МӨЗ-ын (НПЗ) толық
масштабты қалпына келтіру болып табылады. Төрт жобадан тұратын қалпына
келтірудің бірінші кезеңі 2002 жылдың басында аяқталды. Бірінші кезеңінде
көмірсутек шикізатын әлем стандарттарына сай қайта өңдеу өнімдерінің
сапасын көтеру, полипропилен мен жағын май өндірісін игеру міндеттеріне қол
жеткізілді. Бұл ретте қайта өндірілетін мұнайдың көлемін жылына 6 млн.т
дейін арттыру көзделген. Екінші кезеңінде МӨЗ кешенінің қайта өңдеу
қуаттылығын 2010 жылға таман жылына 9 млн.т дейін ұлғайту көзделген
болатын. 2001 ж ірі объект сапқа қосылды – миллисекундтық каталитикалық
крекингті орнату. Көлік жанармайларының жоғары октанды компоненттері
қондырғының негізгі өнімі болып табылады. Оның түсімі тұтынылатын
шикізаттан 53% аса мөлшерді құрайды, яғни қайта құру бұл көрсеткішті екі
еседен арта ұлғайтты (қайта құруға дейінгі көрсеткіш 22% аспайтын).
Каталитикалық процесстерге сай жаңа қондырғыларды пайдалануға қосу
сұйытылған газ бойынша Түркменбашы МӨЗ қуаттылығын бірнеше есеге ұлғайтуға
мүмкіндік берді: жылына 16 мың тоннадан 345 мың тоннаға дейін. Өз кезегінде
бұл өнім полипропилен өндірісіне арналған шикізатқа айналды. Жапон
компанияларының консорциумы салған бұл өндірістік кешен жылына 90 мың т
қуаттылықты қамтамасыз етті.
Қайта құрудың бірінші кезеңінің нәтижесі ретінде мұнайды қайта
өңдеу ауқымдылығын анағұрлым ұлғайтуы болды: 76-дан 85%-ға дейін.
Республикада бірнеше жыл бұрын кешенді ТМӨЗ деп атай бастаған, ТМӨЗ (ТНПЗ)
қайта құруының екінші кезеңінің негізгі мақсаты – мұнай қайта өңдеуінің
ауқымдылығын 95% дейін жеткізу, алғашқы қайта өңдеу қуаттылығын жылына 9
млн.т дейін ұлғайту, мұнай өңдеу, мұнай-химия мен газ-химия процесстерін
біріктіру болып саналады. Бұл қайта құру кезеңінің жоспарлы аяқталу
мерзімі – 2010 жыл.
Түркменстанның шығысында орналасқан Сейдин мұнай өңдеуші зауыты да
(СМӨЗ) қайта құрудан өтіледі.
Соңғы жылдары жүзеге асырылған, республика табиғи ресурстарының ауқымды
зерттелуінен кейін, 2005 ж Түркменстанның көмірсутек шикізат ресурсы
Ашхабадпен мұнай эквивалентінің 34,5 млрд.т бағаланды. Республика басшылығы
кейде қор санын газдың 50 трлн.куб м атайды, бірақ әзірше бұл болжамдар
жеткілікті негізге тірек етпейді. Арнайы ресей әдебиеттерінде Түркменстан
көмірсутек потенциалының оптимистігі аздау бағаларын жиі кездестіруге
болады. Бірақ, түсінікті себеп бойынша, олар ең алдымен, табиғи газ
цифрларына қатысты. Осылайша зерттелген қорлар не бәрі газдың 2,86 трлн.куб
м бағаланып отыр, ал қазіргі күні қолданыстағы кен орындарының ішіндегі 20
негізгісіның қалдық қорлары – 1,5 трлн.куб м (соның ішінде солардың ең
ірісі – Довлетабад - 0,9 трлн.куб м).
2006 жылдың аяғында мемлекет басшысының ауысуымен Ашхабад әдейі
мұнайгаз саласындағы тактика мен стратегиясын еш өзгеріссіз қалдырды.
Бұрынғыша Түркменстан билігі орасан зор көмірсутек қорлары туралы
мәлімдейді. Бүгінгі күні Түркменстанның отын-энергетикалық кешенінің (ОЭК)
даму перспективасын анықтайтын және бірнеше жыл бұрын қабылданған құжатта
2010 жылға таман табиғи газ өндіру жылына 140-150 млрд.куб м, 2020 жылға
таман – жылына 160-170 млрд.куб м, 2030 жылға таман – жылына 250 млрд.куб м
дейін ұлғаюы қажет. 2007 жылдың аяғында тағы бір рет болжамды параметрлер
өзгертілді. Солайша отын саласының даму бағдарламасына сәйкес, 2030 жылға
таман мемлекетте мұнай мен газ конденсаты 110 млн.т дейін, ал табиғи газ –
250 млрд.куб м дейін артқан тәрізді.
Түркменстан 2007 жылы 72 млрд.куб м өндірді (80 млрд. өндіруді
жоспарлаған еді), соның ішінде 51 млрд экспортталды (жоспарлағаны – 58
млрд.). Ішкі газ тұтыну – 18 млрд.куб м. Түркмендердің айтуынша 2007 жылы
барлығы 6,1 трлн.куб м қоры бар газ және газ конденсатты 150 кен орны
ашылып тұр. 2,7 трлн.куб м қоры бар 54 кен орны әзірлену үстінде, 257
млрд.куб м қоры бар 11 кен орны әзірленуге дайындалуда. 3 трлн.куб м қоры
бар 70 кен орнында зерттеу жүргізілген. 135,1 млрд.куб м қоры бар 11 кен
орны консервацияда болды. 2008 жылы 81,5 млрд.куб м өндіру жоспарлануда.
Түркменстанның экономика саласына аралық қорытынды жасай отырып, Ниязов
экономиканы жаңалауды мақсат етіп, дәйекті түрде соған келе жатты деп атап
өту керек. Әрине ол оны нарықтық жолмен емес, тоталитарлық әдістермен
жүзеге асырса да, республиканың экономикасын нығайтты. Өңделмеген мұнай мен
табиғи газды экспорттауға үміт артылмай, оларды мемлекет ішінде өңдеп,
кейін алынған өңделген өнімді одан да тиімді бағамен сату көзделді. Түркмен
басшылығы өзінің екі МӨЗ жаңалауға үлкен қаржы жұмсап, кейін олар үстеме
бағасы жоғары деңгейдегі алуан түрлі өнім шығаратын қазіргі заманға сай
кешендерге айналды.
Түркменстанда мұнай өндіру процессін өз қолдарынан жібергісі келмейді.
Шетел компаниялары түркмен мұнайының жалпы мөлшерінен ширектіктен кем
өндіреді.
Расында, экономикалық өзгерістердің әлеуметтік бағыттануын да ұмытпау
керек. Түркменстанның қарапайым халқы республиканың табиғи байлықтарының
өңделуінен алғаны шамалы. Мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігі билеушілерінің
менмендік жобаларын қанағаттандыру үшін жұмсалған болған, солай болса да
денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелер
өз шешімін таппады. Өкінішке орай Түркменстанның әлеуметтік статистикасы
толығымен жабық күйде қалып отырғандықтан, бұл сфераны толыққанды анализдеу
мүмкін болмай отыр. Сондықтан да Түркменстанның көптеген құрылыстарының
экономикалық маңыздылығы күмән келтіріп отыр[7].

Түркменбашының әлеуметтік-экономикалық саяси режимінің базасы болып
келесі бағыттар болды: коммуналдық қызметтердің төмен бағасы; газ бен суды
тегін қолдану; электр қуаты бағасының аз мөлшерде болуы; тұз бен ұнды сатып
алуда жеңілдіктің болуы; негізгі азық-түлік бағаларының төмен болуы –
лаваш, сүт, сонымен қатар көптеген көкөністер мен жидектер; қоғамдық
көліктегі жол ақысының тарифы ерекше төмен болуы; ішкі әуе жолы
билеттерінің бағасының тіпті төмен болуы; жанармай бағасының символикалық
бағасы. Осындай әлеуметтік популизм мен нарықтыққа қарсы экономикалық
саясатқа негізделген С.Ниязов режимі оның басқаруының соңында үлкен
проблемаларға әкелді.
Түркменстан негізінде экспорт есебінде өмір сүріп келе жатыр, ол
көмірсутек есебінде қамтамасыз етілген болатын – 86%, соның ішінде
газ(52%), мұнай мен мұнай өнімдері (27%), текстиль (7%). Мемлекет дамуының
экономикалық моделін таңдаған кезде президент Ниязов талдырма терапиясы
принципінен бас тартып, халық есебінен емес нарықтық реформа деген
демагогты ұран тастады. Экномиканың әлеуметтік секторына (оған бюджеттің
60% дейін жұмсалған), өңдеуші өндіріс базасының құрылуына, өзінің
өндірісіне тірек жасалынды. Бұл салыстырмалы түрде халықтың жұмыспен
қамтылуын және әлеуметтік катаклизмінен құтылуын қамтамасыз етуге
мүмкіндік берді.
КСРО ыдырағаннан кейін Түркменстанда түркмен экономикасы, газ бен
мұнайды өндіру мен өңдеумен байланысты өндірісінің негізгі салаларының өсуі
байқалды. Түркменстан 2010 жылға таман мұнай шығаруды 48 млн.т дейін, ал
газды 120 млрд.куб м дейін жеткізуді жоспарлаған еді. Геологиялық барлау
мен қазіргі заманғы қымбат жабдықтарды сатып алу, бұрғылаудың, мұнай мен
газды шығару мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу үшін кең көлемді
инвестициялар тарту әрекеттері жасалынды. Алайда, бұл саясаттың қаншалықты
нәтижелі болатыны белгісіз.
2003-2004 жж Туркменстанға 1,5 млн тоннадан азық-түлік астық жинай
алатын. Бұл сусіңгіш сулар есебінен жасалынатын, Қарақұм шөлінің
ортасындағы жасанды көлдің салынуы бойынша орасан зор жобаны (2000 ж
қабылданған) жүзеге асыруымен байланысты болатын. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz