Дауысты дыбыстар жүйесі



Түркі тілдерінде бір буынды сөздер құрамындағы дауысты мен көп буынды сөздердің - бірінші және келесі буындарындағы дауыстыларды бір-бірінен ажыратып қарау керек. Өйткені, бір буынды түбір құрамындағы дауысты әрі тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбысқа бағынышты емес. Көп буынды сөздер құрамындағы дауыстыларда мұндай қасиет жоқ: олар көбіне айнымалы болып келеді және сингармонизм, ұйғыр умлауты тәрізді құбылыстар оларға қатты ықпал жасады. Оның үстіне фонемалар жүйесін анықтау үшін комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдайдағы дауыстылар қарастырылуға тиіс. Ал комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады.
В.В.Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып, түркі ата тілінде 8 дауысты а, о, ө, у, і, а, у, ф (бұлар қазіргі қарашай-балқар, қырғыз, құмық, түрік тілдерінде) бар деп қараған еді. Кейін әзірбайжан тілінің ерекшелігін ескеріп, олардың санын 9-ға жеткізеді (э). Кейінгі зерттеулер көбіне Радлов ұсынған осы жүйеге сүйенеді. Кейін Б.Я.Владимирцов пен Н.М.Поппе монғол вокализмінің ерекшеліктеріне сүйеніп, түркі негіз тілінің (сондай-ақ, түркі-монғол негіз тілінің) вокализм жүйесіне қосымша мынадай фонемалар тән деп көрсетеді: іа/ чуваш тіліндегі анлауттағы jу, якутта а/, а немесе ä/түркі а, чуваш, якут ï/, ё /е — мен салыстырғанда біршама жабық, чуваш і/, іä / чуваш у, басқа дауыссыздың өзгеруіне байланысты. Дауыстылар сан жағынан қазіргі түркі тілдерінде бірдей емес. Екінші сөзбен айтқанда, бір тілдегі дауысты дыбыстар екінші бір түркі тіліндегі дауыстылармен сан жағынан сәйкес келмейді. Мұндай әр қилылық, бір жағынан, сол түркі тілінің негізін салған ру-тайпа тілдерімен ұштасып жатса, екінші жағынан, олардың әрқайсысының тарихи дамуының да жемісі.
Түркі тілдерінің негізгі топтарында дауысты дыбыстардың бөлінісі мына тәрізді болып келеді: әзірбайжан тілінде—9, башқұрт—11, қарақалпақ—8, қырғыз—8, татар —11, түрік —8, түрікмен —9, өзбек —6,

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1. Дауысты дыбыстар жүйесі
2. Жуан – жіңішкелік дыбыстар
3. Ашық – қысаң дауыстылар

Түркі тілдерінде бір буынды сөздер құрамындағы дауысты мен көп буынды
сөздердің - бірінші және келесі буындарындағы дауыстыларды бір-бірінен
ажыратып қарау керек. Өйткені, бір буынды түбір құрамындағы дауысты әрі
тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбысқа бағынышты емес.
Көп буынды сөздер құрамындағы дауыстыларда мұндай қасиет жоқ: олар көбіне
айнымалы болып келеді және сингармонизм, ұйғыр умлауты тәрізді құбылыстар
оларға қатты ықпал жасады. Оның үстіне фонемалар жүйесін анықтау үшін
комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдайдағы дауыстылар
қарастырылуға тиіс. Ал комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін
жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады.
В.В.Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып, түркі ата тілінде 8
дауысты а, о, ө, у, і, а, у, ф (бұлар қазіргі қарашай-балқар, қырғыз,
құмық, түрік тілдерінде) бар деп қараған еді. Кейін әзірбайжан тілінің
ерекшелігін ескеріп, олардың санын 9-ға жеткізеді (э). Кейінгі зерттеулер
көбіне Радлов ұсынған осы жүйеге сүйенеді. Кейін Б.Я.Владимирцов пен
Н.М.Поппе монғол вокализмінің ерекшеліктеріне сүйеніп, түркі негіз тілінің
(сондай-ақ, түркі-монғол негіз тілінің) вокализм жүйесіне қосымша мынадай
фонемалар тән деп көрсетеді: іа чуваш тіліндегі анлауттағы jу, якутта а,
а немесе äтүркі а, чуваш, якут ï, ё е — мен салыстырғанда біршама жабық,
чуваш і, іä чуваш у, басқа дауыссыздың өзгеруіне байланысты. Дауыстылар
сан жағынан қазіргі түркі тілдерінде бірдей емес. Екінші сөзбен айтқанда,
бір тілдегі дауысты дыбыстар екінші бір түркі тіліндегі дауыстылармен сан
жағынан сәйкес келмейді. Мұндай әр қилылық, бір жағынан, сол түркі тілінің
негізін салған ру-тайпа тілдерімен ұштасып жатса, екінші жағынан, олардың
әрқайсысының тарихи дамуының да жемісі.
Түркі тілдерінің негізгі топтарында дауысты дыбыстардың бөлінісі мына
тәрізді болып келеді: әзірбайжан тілінде—9, башқұрт—11, қарақалпақ—8,
қырғыз—8, татар —11, түрік —8, түрікмен —9, өзбек —6, ұйғыр — 8, чуваш —9,
якут —8, алтай —8, ноғай — 11, тува — 8, шор — 8 т. б. Қазақ тіліндегі
дауыстылардың саны әр түрлі көрсетіліп отыр. Бірсыпыра оқулықтар мен
зерттеулерде 9 дауысты фонема бар дейтін тұжырым айтылады. Қазақ тілінде 12
дауысты фонема бар деушілер дифтонгоид дауыстылар немесе аса қысаң
дауыстылар дейтін топты көрсетеді де, оған бу, ки киім ки тәрізді сөздер
құрамындағы дыбыстар тіркестерін жатқызады. Дұрысында бұлар жалаң дауысты
дыбыстар емес, қысаң дауыстылар мен дауыссыздардың қосындысы, тіркесі. Олай
болса, қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар дейтін көзқарас шындыққа сай.
Дауысты дыбыстардың санын, сол сияқты сапасы мен ерекшеліктерін анықтау
үшін оларды фонетикада қалыптасқан принциптер бойынша топтарға жіктеу
қажет. Сонда ғана дыбыстардың жалпы түркілік ортақ қасиеттерімен қатар
түркі тілдерінің жеке түрлеріне ғана тән өзгешеліктері айқындалады.
Дауысты дыбыстар жасалу орындарына қарай, дыбысталуына, еріннің
қатысуына қарай және дыбысталу процесінде тілдің көтерілу дәрежесіне қарай
жіктеледі.
Бірінші принцип бойынша дауыстылар жуан-жіңішке топтарға бөлінеді.
Жуан-жіңішке— қазақ тіл білімінде қолданылатын термин. Тіл жайлы
әдебиеттерде жіңішке дауыстыларды палаталь дауыстылары немесе тіл алды,
таңдай (передние, небные) дауыстылары деп атайды да, жуан дауыстыларды —
веляр немесе тіл арты дауыстылары деп атайды. Жіңішке дауыстылар ауыз
қуысының алдыңғы бөлігінде, жуан дауыстылар ауыз қуысының артқы бөлігінде
жасалады. Осыған сәйкес бүкіл түркі тілдеріне ортақ дауыстылардың мынадай
екі тобы жіктеліп шығады: жуан дауыстылар — а, о, у, ï; жіңішке дауыстылар
— ä, ö, ÿ, ï, ә. Бұл жүйе тек өзбек тілінде ғана түгел емес: а, э, о, у, у,
і. Өзбек тілінде дауыстылардың жуан-жіңішкелік жүйесі сақталмайды, яғни
дауыстылар ондай топтарға жіктелмейді. Өзбек тілінің бұл ерекшелігі иран
тілдерінің әсерімен байланыстырылып жүр. Иран тілдерінің әсері өзбек
тілінің негізін салушы тайпа тілдеріндегі дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке
жұптарын ажыратпайтын кейбір ауытқулардың фонологиялық сипат алып орнығуына
түрткі болса керек. Соның салдарынан қазіргі өзбек әдеби тілінің құрамында
басқа түркі тілдеріндегі ы — і, (-і), у — ү, о — ө дауысты жұптарының
орнына үш дауысты и, у, у ғана айтылады. Яғни өзбек тілінде дауысты
дыбыстардың саны азайды да, олар өз ішінде, басқа түркі тілдеріндегідей,
жуан-жіңішке жұптарға жіктеле алмайтын дәрежеге жетті. Алайда, өзбек сөйлеу
тілі әдеби тілдің бүл ерекшелігін сақтай бермейді. Өзбек тілінің қыпшақ
тілі диалектісінде дауыстылардың саны 8 және олар жуан-жіңішке болып 4
жұпқа жіктеледі. Дауыстылардың жуан-жіңішке топтарға жіктелуі толық
сақталмайтын тілдің бірі — ұйғыр тілі.
Дауыстылардың жуан-жіңішке түрлері барлық түркі тілдерінде бірдей
болып келмейді. I дауыстысы қазақ, татар, башқұрт, чуваш, ноғай, хакас
тілдерінде ғана фонемалық мәнде қолданылады да, басқа тілдерде фонемалық
мәні жоқ ий (и) дыбысының (сирек сөзінің құрамындағы — и-ге жақын) варианты
есебінде ғана айтылады. Ә дауыстысы тек қана татар, башқұрт, әзірбайжан,
түрікмен, ұйғыр, қазақ тілдерінде, өзбек тілінщ сингармониялық говорларында
айтылып, фонемалық мән береді. Дегенмен, осы аталған тілдерде де бұл
дауыстының айтылуы әр түрлі болып келеді. Айталық, татар, башқұрт
тілдерінде ә ауыз қуысының ашылуымен дыбысталады да, сапалық жағынан орыс
тіліндегі а-ға жақындайды. Әзірбайжан, ұйғыр, татар, башқұрт тілдерінде ә
түбір ішінде де, қосымшалар құрамында да айтылады, ал қазақ тілінде тек
қана бірінші буында айтылады. Қолданылу жиілігі тұрғысынан әзірбайжан,
ұйғыр тілдері алдыңғы орында, одан кейін татар, башқұрт тілдері тұрады. Ең
сирек айтатын тілдер — қазақ, түрікмен тілдері.
Әзірбайжанда: әл (қол), әр (ер — мужчина), мән (мен), сән (сен), кәс
(кес); башқұртта: әтес (әтеш), сәғәт (сағат), тәмәкә (темекі), кәрәк
(нужно); татарда: әтәч (әтеш), сәғәт (сағат), тәмәкә (темекі), тәгәрмәч
(дөңгелек); ұйғырда: кәл (кел), кәт (кет), бәр (бер), кәң (кең), тәрәп
(тарап); түрікменде: кәтмен (кетпен), дәри (дәрі), кәсе (кесе), дәне (дән).
Әзірбайжан, ұйғыр тілдеріндегі ә көбінесе көне түркілік е (а)
дыбысының орнына айтылады: көне түркі: мен, сен, кес, кел, тер, әзірбайжан,
ұйғыр: мән, сән, кәл, тәр т. б. Сондай-ақ бұл тілдерде ә араб, парсы
тілдерінен енген сөздердің құрамында айтылады: мәктәп, шәһәр, дәрәх,
кәмбағал — ұйғырша; мәктәб, шәрг (шарқ, шығыс), пәфкәт (қарекет, әрекет) —
әзірбайжанда. Аффикстер құрамында ә бұл тілдерде жуан — а-мен қатар
айтылады: -лар, -ләр, -дан, -дәл (ұйғырда — де-дың), -да, -де. Ұйғыр
тілінде бұл айтылғаидардан басқа ә дыбысының қолданылуының мына
еияқты ерекшеліктері бар. Құрамында ә дыбысы бар сөздерге кейбір аффикстер
жалғанғанда, бір буынды сөз құрамындағы о дыбысы е-ге айналады да, ал көп
буынды сөздің соңғы буынындағы ә дыбысы и-ге айналады, бәл — бәлким, бел-
иң, бел-и; қәләм — қәл-имим, қәл-им-иң. Татар, башқұрт тілдеріндегі ә
дауыстысы: 1.Басқа тілдердегі а дыбысының орнына айтылады — бәйлә (бағла)
(байла), әйлән (айнал, айлан), әйт (айт), жәй (йәй, жай, йай, жая) т.б.
2.Орыс тілінен енген және сол арқылы келген байырғы сөздер құрамында а, о
(айтылуы а) дыбыстарының орнына — кәрзинке, шәл (шаль), кәрлә (карлик),
биварә (ведро) т.б. 3.Араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер құрамында
(әзірбайжан, ұйғыр тілдеріндегі тәрізді) айтылады, сәлам, сэләм, қәләм,
әгәр (егер), мәгәр (бірақ, дегенмен) т.б.
Дауыстылардың жуан-жіңішке болып жіктелуі, көне ескерткіштер
фактілеріне қарағанда, көне түркі тіліне де жат болмаған. Алайда, ол
тілде жуан-жіңішке нұсқаларға жіктелу дәрежесі барлық дауысты фонемаларда
бір дәрежеде болмаса керек. Көне түркі ескерткіштерінің фактілеріне
жүгінсек, аа, об, уұ (немесе ү) жіктелуі фонологиялық жағынан тұрақты
болып келеді де, іі жіктелуі қатаң сақтала бермеғен. Тәуелдіктің III
жағының жалғауы мен тәуелдеулі табыс жалғауы сөз негізінің сапасы
қандай болса да жіңішке жалғанған. В.В.Радлов осы ерекшелік жайлы айта
келіп, мынадай мысалдар келтіреді: қағані, қызі, сачі, субі, қағані, қызін,
сачін, субін. Осы сияқты ауытқулар басқа формалардың да жалғануынан
байқалады. Бұл фактілер сөздігі соңғы буындарында іі жіктелуінің
сақталғандығын дәлелдемейтіні айқын. Қазіргі түркі тілдерінде дауыстылардың
жуан-жіңішкелігіне негізделген сөздер бар. Дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне
негізделген вариантты сөздердің пайда болуы әсте жаңа дәуірлер жемісі
болмаса керек. Ондай вариантты сөздер бір тілдің құрамында да, сондай-ақ
бірнеше тілдер құрамында да кездесуі аталмыш құбылыстың түркі тілдерінің
фонологиялық тұрғыдан, әсіресе дауысты фонемалардың жуан-жіңішке
варианттарға жіктеліп тұрақталмаған кезінің көрінісі болуы әбден ықтимал.
Қазақ тіліндегі шай — шәй, жай — жәй, тыйын — тійін сөздері жуан-
жіңішкелікке негізделген варианттар. Алайда, бұл келтірілгендер көне
дәуірде қалыптасқандар емес, байырғы сөздерге ұқсастық (аналогия) жасаудан
келіп шыққандар, яғни жаңа кезеңнің жемісі. Жуан-жіңішкелікке негізделген
байырғы сөздер тілдің құрамындағы элементтердің саралану процестерінде жеке-
жеке мәндерге ие болған: ақыраңдау — әкіреңдеу. Жуан-жіңішкелікке
негізделген вариантты сөздер бірнеше тілдерді салыстыра қарағанда аса көп
екендігі анықталады: тува і— дыл, якут — тыл, қырғыз, ноғай, құмық, өзбек —
тил, қазақ — тіл, татар, башқұрт — тел; якут, тува — ыт, қазақ, қырғыз,
ноғай, құмық, өзбек, түрік, әзербайжан, түрікмен — ит; түрік — йәшіл, басқа
түркі тілдерінде йашыл — (жашыл, жасыл); қазақ — жас, қырғыз — йаш, башқұрт
— иеш; қазақ — байланыс, башқұрт — бәйленіш; қазақ — жабыстыр, татар —
йабыштыр, башқұрт — йәбіштір; қазақ — өгүз, түрік — өкүз, якут — оғус;
қазақ — сегіз, якут — ағыс; қазақ — тыңца, татар, башқұрт — тыңла, түрік —
дінле; қазақ, қарақалпақ — тық, түрік — дік (қазақ тілінде бұл сөздің ұяң
варианты — тік басқа мағынада қалыптасқан), қазақ — байла, басқа тілдерде —
бағла, татар — бәйлә т. б. Дауыстылардың жуан-жіңішке болып жіктелуіне
негізделген вариантты сөздердің санын бұдан да ұлғайта беруге болады.
Мұндай сөздердің қалыптасуы түркі тілдерінің көне дәуірінде дауысты
дыбыстардың осындай топтарының фонемалық мәнге ие болғандығын әсте
дәлелдемейді. Фонемалық мәні жоқ, сөз мағынасын ажыратуға бейтарап дыбыстар
ғана сапалық жағынан тұрақсыз болып келеді. Қазіргі түркі тілдеріндегі жуан-
жіңішкелікке негізделген вариантта сөздердің көпшілігінің жеке тілдер
құрамында дербес мағынаға ие болуы соны дәлелдейді. Вариантты сөздердің
дербее мән-мағынаға ие болуы көбінесе бір ғана тіл құрамына тән құбылыс. Ал
бірнеше тілдер арасында олар дыбыстық айырмашылықтарға негізделген
варианттар дәрежесінде қала береді. Жеке тілдерде варианттардың дербес
мәнге ие болуы бірден болған жоқ, тілдің тарихи даму барысында оның
құрамындағы жіктелу (дифферекциация) процесімен, әдеби тіл аясында стильдік
салалардың саралануы, жаңа ұғымдарға атау беру процесімен байланысып
жатады. Дербес мәнге ие болу арқылы бір ғана фонеманың көріністері болған
дыбыстар фонемалық қызметке ие болып қалыптасады. Сондықтан қазіргі қазақ
тіліндегі ырық, ірік, шаңқ шіңқ сөздерінің құрамындағы дауыстылардың
қайсысын дг дербес фонема ретінде ұғынамыз.
Жуан-жіңішкелікке негізделген вариантты сөздердің генезисі жайлы
түркологияда әр түрлі көзқарастар айтьь лып келеді. Бір кезде В. В. Радлов
вариантты сөздерде жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға ауысуы өте жиі
болатындығын көрсете келіп, оны неміс тіліндегі умлаут құбылысымен
салыстырған еді. Оның айынша, вариант сөздер құрамындағы мұндай
құбылыс(жуандардың жіңішкеге ауысуы) соңғы буындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың жасалуы және түрлері
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
Дауысты дыбыстар емлесі
Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалу қоры
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Тіл дыбыстарының түрлері
Дауысты дыбыстар кестесеі
Пәндер