Зат есім


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Зат есім

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

Мазмұны1 Адамзат және ғаламзат есімдері2 Жалпы және жалқы есімдер3 Көптік мәнді есімдер4 Көмекші есімдер5 Зат есімнің морфологиялық сипаттары5. 1 Зат есімнің құрылымы5. 2 Зат есімдердің жасалу тәсілдері6 Әдебиет:

Мазмұны

  • 1 Адамзат және ғаламзат есімдері
  • 2 Жалпы және жалқы есімдер
  • 3 Көптік мәнді есімдер
  • 4 Көмекші есімдер
  • 5 Зат есімнің морфологиялық сипаттары5. 1 Зат есімнің құрылымы5. 2 Зат есімдердің жасалу тәсілдері
  • 6 Әдебиет

Адамзат және ғаламзат есімдері

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды ( кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б. ) туыс атауларын ( әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б. ), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын ( әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б. ), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын ( директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б. ), кісі аттарын ( Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б. ) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Жалпы және жалқы есімдер

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.

Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Мысалы:

  • кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбайт. б. )
  • үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймаст. б. )
  • өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б. )
  • газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер"т. б. )
  • географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіст. б. )
  • қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңыт. б. )

тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика) .

Көптік мәнді есімдер

Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.

Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.

Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.

Ескерту:: Ескерту:
Көптік мәнді есімдер кейде көптік жалғаулы формаларда да қолданылады. Бірақ бұл сөздер көптік формада көбінесе я басқа мағынада жұмсалады, я өздеріне қосымша мағыналық реңдер жамап алады.: Көптік мәнді есімдер кейде көптік жалғаулы формаларда да қолданылады. Бірақ бұл сөздер көптік формада көбінесе я басқа мағынада жұмсалады, я өздеріне қосымша мағыналық реңдер жамап алады.

Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:

  1. Сұйық заттардың атаулары:айран, арақ, боза, шай, тұздықт. б.
  2. Газ тектес заттардың аттары:азон, бу, түтін, тұмант. б.
  3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары:ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алшат. б.
  4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары:айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындықт. б.
  5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары:алтын, қола, құрыш, шойынт. б.
  6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары:боран, жаңбыр, қар, жел, құйынт. б.

Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де ( аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т. б. ), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы: асты, үсті, жаны т. б. ) негізінде осы топқа жатады.

Көмекші есімдер

Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.

Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.

Зат есімнің морфологиялық сипаттары

Зат есімнің құрылымы

Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.

Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.

Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.

Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Морфологиялық талдау
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ
Зат есімдерді жекеше түрде жазу
Баяндауыш.туралы
Зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері
Сын есімнің категориялары
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту
Есімше зат есім үлгісіндегі сөз тіркестеріндегі бағыныңқы етістіктердің лексика-семантикалық синтагмалық мағыналары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz