Сыртқы жарнама түсінігі және оның өзіндік ерекшеліктері


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Сыртқы жарнама түсінігі және оның өзіндік ерекшеліктері

Сыртқы жарнама көбіне тұтыну тауарларын жарнамалауда тиімді құрал болып табылады, өйткені ол ең алдымен халықтың кең көлемінің қабылдауына арналған. Алайда, соңғы кездері көптеген ірі өндірістік кәсіпорындар, бірлестіктер және концерндер оны престижді жарнаманың түрлі шаралар кешенінде өз тауар белгілерін насихаттау үшін пайдаланып жүр.

Сыртқы жарнама объектісін орналастырудың тәртiбi мен шарттары жарнама орналасқан объектiлердiң - елдi мекендердiң шекарасы шегiндегi (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда) үйлердiң, ғимараттардың, жер учаскелерінің (гүлдердi немесе өзге де өсiмдiктердi арнайы тақырыптық отырғызу жолымен көгалға және үйме топыраққа жарнама орналастырған жағдайларды қоса алғанда) барлық түрлерiне таралады.

Сыртқы жарнаманы монтаждаған (бөлшектеген) кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде және пайдалану процесінде саяси үгіт және насихат жүргізетін, сондай-ақ қоғамдық-әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік органдардың өзге де көрнекі ақпараты бар объектілерді елді мекендерге орналастырғанда ұсыным ретінде қолданылуы мүмкін және маңызды халықаралық, республикалық немесе өзге де маңызы бар оқиғаларды, халықтың арасындағы танымал мемлекеттік және қоғамдық мүдделерде өткізілетін іс-шараларды баяндайды.

Сыртқы жарнама:

1) көлiк құралдарында (әуе шарларын, аэростаттарды, дирижабльды, тұрақсыз жүзу құралдарын қоса алғанда) орналасқан жарнамаға (жарнамалық ақпаратқа) ;

2) қалалық жерлерде жарнаманы тарату құралы ретiнде адамдар мен жануарлар қатысатын жарнамаға (жанды жарнама) ;

3) сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының (дәрiханаларды қоса алғанда) витринасын (терезесiн) iшкi ресiмдеуге, егер осы ресiмдерде тек осы кәсiпорындар өткiзетiн тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер туралы жарнамалық ақпарат болса;

4) көрменiң жұмысы кезiнде оның аумағында орналасқан және тауарлар мен өзге де өнiмдердiң жарнамасы, сондай-ақ көрмеге қатысушылардың жұмыстары және қызмет көрсетулерi бар көрмелiк экспозицияға;

5) көрнекі жарнамалық ақпарат болмағанда таратылатын дыбыстық (аудио) жарнамаға қолданылмайды.

Сондай-ақ ресми мерекелер, мәдени және спорттық акциялар мен iс-шаралар өткiзген кезде елдi мекендердi безендiру объектiлерi мен жабдықтары, көлiк және жаяу жүру қозғалысын реттейтiн жол сiлтемелерi мен белгiлерi, ақпараттық кестелер, мекемелiк тақталар мен маңдайша жазулары, салынып жатқан объектiлердiң (кешендердiң) паспорттарын қоса алғанда, өзге де паспорттық немесе адрестiк ақпараттар Ереженiң мәнi бола алмайды.

Сыртқы жарнаманың көп түрлерін 1 суретте көрсетілген.

1- сурет. Сыртқы жарнаманың түрлері

Сыртқы жарнама түрлеріне сөрелерді, дүкен ішілік жарнама элементтерін (нұсқағыштар, ақпараттық табло, ақша көрсеткіштері және т. б. ), маңдайшаларды, кеңсе, қабылдау бөлмесі және басқа да қызметтік орынжайларды, қызмет көрсетуші қызметкерлер арнайы киімдерін жатқызуға болады.

Сыртқы жарнама көп жағдайларда үлкен ара қашықтықта және жүре бара қабылданатындығына байланысты, негізінен, қысқа да мәнді хабарды білдіреді. Бұл жарнамалық материалдарды көркем суретті рәсімдеуде фирмалық нышандардың негізгі элементтеріне (тауар белгісі, фирмалық блок, фирмалық түс) көп көңіл бөлінеді.

Жарнамалық қалқандар, панно, афишалар және транспоранттарды негізгі транспорттық және жаяу жүргіншілер магистралдарында, алаңдарда, стадиондар, спорт сарайлары фойелеріне, спорт алаңдары, жәрмеңкелер мен көрмелерге және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерге орнатуға болады.

Жарық маңдайшалар, электронды табло және зкрандарды түрлі тауарларды жарнамалау үшін орталық көшелер мен алаңдарда, қызықты шараларда қолданады.

Сөрелер, дүкенішілік жарнаманың түрлі элементтері көп жағдайда сатып алушылар санасына сауда кәсіпорнының бейнесін қалыптастырады, болашақ сатып алуға себепші болады. бөлімдердің фирмалық нұсқағыштары, түрлі жарнамалық-ақпараттық қабырғалар және панно, ашық анық салынған ақша көрсеткіштері сауда залдарында бағдарлауды жеңілдетеді, тауарларды тез таңдауға мүмкіндік береді. Осының бәрі, ақыр аяғында, бұл сауда кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауына және сатып алушылардың жақсы көңіл қабылдауларына жәрдемдеседі.

Фирмалық маңдайшалар, шығу есіктерін нұсқағыштар, кеңселер, қабылдау бөлмесі мен қызметтік орынжайлар интерьерлерін безендіру, қызметкерлердің арнайы киімдері кәсіпорынның іскери әріптестері мен тұтынушылар үшін имиджін жасайтын фирмалық стилдің маңызды құрамдық элементтері болып табылады.

Көліктегі жарнама түрлі көлік көлік құралдарына (жүк автокөліктерінің борттарына, автобустарға, пойыз, трамвай, троллейбустар және т. б. ) орнатылған түрлі жарнамалық хабарларды білдіреді. Кейде жарнамалық хабарларды көлік құралдарының ішіне де орнатады. Сондай-ақ, сыртқы жарнаманың түрлерін темір жол вокзалдарына, автобекеттерге, әуежайларға орналастырады.

Сыртқы жарнамалармен жұмыс жасайтын жарнама берушілер мен жарнама агенттіктеріне сыртқы жарнама нысандарының негізгі қызметі басқа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарнамаларға тауар маркасы немесі фирма атауы жөнінде еске түсіру жолымен толықтырулар енгізуге арналғандығын жадыларына сақтаған жөн.

Сыртқы жарнама - бұл адамға үйде немесе жұмыста емес, көшеде немесе сапар кезінде жеткізуге мүмкіндік беретін әсер ету құралы. Қазіргі заманғы қоғамда сыртқы жарнамамен халықтың үлкен бөлігі күнде кездесіп отырады.

Сыртқы жарнамалар үшін бес маңызды талаптар бар (2сурет) .

2- сурет. Сыртқы жарнамалар үшін маңызды талаптар

Көрсетілген талаптарға байланысты сыртқы жарнаманы тек нақты сурет және қысқа мәтін көмегімен ұсынуға болатын тауарлар (қызметтер) үшін тиімді қолдануға болады. Оны адамдарға белгілі тауарлардың қасиеттері туралы және оларды қайдан алуға болатындығын еске түсірту үшін пайдалануға болады.

Осылайша, сыртқы жарнама не еске түсіртеді, не ақпарат береді. Кей жерлерде «еске түсіру» және «ақпарат беру» жарнамалары үшін метро вагондарының панелдері қызмет атқара алады. Оларды жолаушылардың көп бөлігін қамту және әсер ету үшін қолдануға болады. Метромен жүретін жолаушыларда жарнамалық ақпараттарды оқитын уақыт жетеді.

Сондай-ақ белгілі бір адамдарды тұтастай қамтуды қамтамасыз ететін орындарды да алуға болады. автобустардың артқы қабырғасы автомобилистердің көз алдында болады; автокөліктермен жүрмейтін балалар мен ересектер автобус салондары панелдеріндегі жарнамаларды оқиды. Қала сыртындағы темір жол бекеттеріндегі қалқандар мен плакаттар жолаушылардың көзіне түседі. Сауда аудандарындағы қалқандар мен плакаттарды үй шаруасындағы әйелдер көреді, автотұрақтағы жарнамалармен автомобилистер таныса алады.

Сыртқы жарнама саласында жұмыс жасайтын жарнама агенттіктері жарнама орнату орнын таңдау, осы орын паспортын ресімдеу және келістіру, эскиздер мен жарнама құрылғысын дайындау және келістіру, сондай ақ құрылғына орналастыру сияқты жұмыстарды өзіне алуы керек. Мысалы, әр нақты жер паспорты құзіреттіліктеріне сәйкес қалалық қызметтермен келістірілуі тиіс.

Мәселен, қала газондары мен демалыс алаңдарына орнату үшін қалалық көгалдандыру басқармасынан паспортты келістіру керек. Жарнамалық хабарлар эскизі мен құрылғы жобасы сәулет-құрлыс қызметтерімен келісуді талап етеді. Сонымен қатар, Қазақстанның көптеген қалаларында сыртқы жарнамаларды өз беттерінше орнатуға (жабыстыру және т. б. ) тыйым салынған және жергілікті билік белгілеген тәртіпте рұқсат алу талап етіледі.

Жарнама беруші немесе жарнама агенттіктері сыртқы жарнама сметасын жасақтауда тіркеу мен ресімдеу құнын, жарнамалық орындарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бағасын, жарнамалық хабарды дайындау мен көркем безендіру құнын және жарнамалық құрылғыны қондыру бағасын есепке алулары керек.

Экстерьерлерді жарналық безендіру және жарнамалық құрылғыларды қондыру - фирма имиджін қалыптастырудың маңызды буыны. Сондықтан да сыртқы жарнаманың осы саласына жарнамалық өнімдерді жасақтаушылар мен дайындаушылар, сондай-ақ тапсырыс берушілер тарапынан үлкен көңіл бөлінеді. Бұлардың әр қайсысы да әр нысан үшін - мейлі ол кешенді безендіруді талап ететін мекеме кіре берісі, мейлі қарапайым сыртқы маңдайша болсын, жеке стиль жасауға тырысады.

Сыртқы жарнаманы саралап бөлу, әсіресе экстерьерлерді жарнамалық безендіруде, өте қиын, өйткені үнемі ізденіс, жаңа материалдар мен технологияларды қолдану жарнама құрылғыларының бұрын қолданылмаған дәстүрлі емес түрлерінің пайда болуына әкеледі.

Төменде көрсетілген жарнама тасығыштардың түрлері - бүгінгі таңда нарықта ұсынылатын өнімдерге жалпы көрініс беру әрекеті.

Жарықтық жарнама астарынан көбіне іштен жарық беру маңдайшалары (жарықтық қорап, лайтбокстар) және жеке тұратын құрылғылар түсіндіріледі. Жарық беру не люминесцентті шамдармен, не төменгі кернеулі шамдар ("Chainlight") көмегімен жүзеге асырылады. Қолданылатын материалдар: қорап қабырғалары үшін дюралюмин, темір немесе пластик профилдер, беткі және артқы жақтары үшін ақ органикалық әйнек немесе акрилді әйнектер. Полтора - екі жыл бұрын жаңа материал - жақсы жарық тарату қасиеті бар және мықты, арнайы армирленген винил матасынан (панафлекс сияқты) дайындалған әйнек алмастырғыш пайда болды.

Қиын пішінді қораптарды, сондай-ақ көлемді жарық беретін әріптерді, қозғалыстағы құрылғыларды дайындау кең қолданылып жүр.

Суреттерді салу әдісі - өзі жабысатын поливинилхлоридті (ПВХ) жапсырмалар немесе арнайы жабдықта толық түсті ағысты баспаға беру.

Акрилді әйнекті жарық боксының орташа құны - 240-270 АҚШ доллары, ал ауданы бір шаршы метр жерді алатын винилді мата және оны тартатын арнайы жүйесі қолданылған жарық боксы 400 - 700 АҚШ доллары тұрады. 0, 5 м биіктіктегі бір жарықты әріптің құны - 250 АҚШ доллары. ПВХ-жапсырмалы суретті жүргізу - бір шаршы метрге 30 АҚШ долларынан жоғары, толық түсті баспа тәсілі - бір шаршы метрге 120 - 150 АҚШ доллары, неонды түтік көмегімен безендіру - бір метрі 70 АҚШ долларына бағаланады.

Жарықты жарнамалық қондырғылар жеке құрылғылар ретінде де, маңдайшалар ретінде де орындала алады.

Жарықты емес жарнамалар астарынан, негізінен, ішкі жарық бергіштері жоқ жарнама тасымалдағыштар түсініледі. Мұнда жарық беру қызметін қылды шамдар және галогенді шамдары бар жарық бергіштер атқарады.

Осындай жарнамаларды дайындаудың негізгі материалдары - темір, түрлі пластиктер, винилді мата, арнайы профилдер, әр түрлі жабындылар және т. б. Түрлі материалдар мен технологияларды біріктіру және шығармашылық көзқарас жарнамалық құрылғылардың көп түрлі формаларын тудыруға мүмкіндік жасайды.

Жарнама тасымалдағыштардың ең қарапайым түрі - ПВХ пластикке ПВХ жапсырмаларымен суреттер жүргізілген сыртқы маңдайшалар. Олардың құны - бетінің бір шаршы метр ауданына 50 АҚШ доллары.

Маңдайшаларды ПВХ - пластиктен қиып дайындалған жалпақ элементтерді жапсыру тәсілімен, сондай-ақ темір декор мен тасымал құрылғыларының көмегімен (мысалы, консолдер үшін) дайындауға да болады.

Мұндай маңдайшалардың құны - бір шаршы метрге 150 - 170 АҚШ доллары. Онингтер, маркиз, маңдайшалар, тулар мен штандарттар, баннерлер жасауда винилді маталар өте қолайлы. Мұндай құрылғылардың құны формаларының күрделілігі мен қолданылатын материалдарына байланысты болады. тулар мен кермелердің құны бір шаршы метр ауданға 35 - 50 АҚШ долларын құрайды. Қажетінше тасымал элементтерін дайындау құны да есептеледі.

ПВХ - пластик пен темір қатты кеңістікті құрылғылар дайындауға көмектеседі. Декоротивті жабынды ретінде бояу, ПВХ-жапсырма, жіңішке түрлі түсті ламинатталған пластиктер немесе титан, қола немесе алтындалған материалдар қолданылады.

Мұндай құрылғылардың құны, қолданылған материалдарына байланысты, 50-ден 200 АҚШ долларына дейін жетеді.

Сыртқы жарнаманы дайындауда дизайнер түрлі графикалық бейнелерді, пиктограммаларды, шрифтарды және т. б. қолданады және бұл тапсырысты орындауда шығармашылық ізденістің еркіндігімен қамтамасыз етіп, өзіндік бір өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Мұнда психологиялық тиімділіктің (оңай қабылдануы, оқылымы, жарнамалық материалдың есте қалуы) негізгі критерилері жасақтау авторының немесе авторлық ұжымның пікірлері болып табылады. Өйткені, тек жасақтаушылар ғана тартымды жарнама жасау үшін қандай бейнелеу құралдарын қолдану керектігін шешеді (ішкі сезіммен немесе бұрынғы тәжірибелер негізінде) .

Психологиялық тиімділікті бағалауға мұндай көзқарасты «авторлық» деп атауға болады. ол адамдардың әсерлерін болжауға негізделген, сондықтан да тәжірибеде әрқашан тиімді емес. Мәселен, көптеген өзіндік жасақтаулар (шрифтер, логотиптер, фирмалық стиль және басқалар) баспа бетінде тиімді, бірақ сыртқы жарнамада нәтижесіз болып қалады, мысалы, қалқанды жарнамада.

Мұнда ең басты талаптардың бірі салыстармалы түрде аз уақытта, үлкен қашықтықта жарнама мәтінін түсіну болып табылады. Сыртқы жарнаманы қабылдау тиімділігіне объективті баға беру тек арнайы психологиялық зерттеулер нәтижесінде ғана мүмкін. Сондықтан да сыртқы жарнаманы жасау мен орналастыруда психологиялық сараптама жүргізілуі керек.

Егер қараушыға көп мөлшерлі деталдары (шрифтер, суреттер, мекен-жайлар, телефон номерлері және т. б. ) бар танымайтын жарнамалық плакатты ұсынсақ, бұл оның психикалық үдерістеріндегі (көңіл аудару, еске сақтау, ассоциативті ойлау, сезімдер және т. б. ) жүктемелерін ондаған, жүздеген есе арттырады. Бұл жағдайда қарама-қайшылық жағдай туындайды: суретші-жарнамашы жарнамалық хабарға көп мөлшерде элементерді қолдана отырып, өз жұмысын құбылтуға тырысады, ал қараушы (тұтынушы) жарнамашы ұсынған өнімді қабылдау үдерісінде үлкен шиеленіске тап болады.

Сонымен, мәнсіз ақпараттарды өңдеуде адам көп мөлшерде жүйкелік-психикалық қуатын шығындайды. Белгілі бір сыртқы құралдардың (белгілер, нышандар, символдар) бар болуы психикалық үдерістерді бірталай жеңілдетеді және ми алғашқыда тап болған жүктемелерді өзіне артпайды.

Жарнамалық хабардың мазмұнына қатысы жоқ ақпараттар қабылдау нысандарында (мысалы, қалқанда, плакатта, хабарландыруларда) көп болған сайын, ақпаратты өңдеудің психикалық үдерістеріне үлкен жүктемелер артылады, ал егер адам үлкен эмоционалдық шиеленіске ұшыраса, жалығу да содан шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этикасының зерттелуі
Тауарды нарыққа шығару кезеңі
Жарнама ұрандарының аудармасы
Толық циклді жарнама агенттіктеріне сипаттама, мінездеме беру, олардың қызметтерін айқындау
Адамдар санасына жарнама әсерінің теориялық аспектісі
Тауарларды нарықта позициялау
Толық циклді жарнама агенттіктеріне спаттама, мінездеме беру, олардың қызметтерін айқындау
Жарнама мәтінінің функциялары
ТУРИСТІК САЛА КӘСІПОРЫНДАРЫНДА САТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ
Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны лекция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz