Өнеркәсіп улары және улану туралы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. ӨНЕРКӘСІП УЛАРЫ ЖӘНЕ УЛАНУ ТУРАЛЫ
2. УҒА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР

Уланудан сақтаныңыз!

Химия өнеркәсібінде, үлкенді-кішілі заводтарда қазба байлықтарды
өңдеп, халыққа қажет заттар мен минералды тыңайтқыштар шығарғанда,
транспортта және ауыл шаруашылық жұмыстарында, тағы басқа көптеген
жағдайларда адамдарға химиялық қоспалар зиянын тигізеді. Әсірісе,химия
өнеркәсіп орындарында шикізат өңдегенде қолданылатын әртүрлі қоспалар
менолардан бөлініп шығатын заттар адам денсаулығы үшін қауіпті,өміріне
қатерлі. Кен қопару жұмыстарын атқарғанда мұнай өңдегенде айналаға бөлініп
шығатын химиялық заттар жұмысшылардың асқазандары мен тері қабаттарына
енеді, сөйтіп оларды кәсіби улану дейтіге әкеп соқтырады. Мысалы, мұнай
өндірушілер мен оны өндеушілер күкіртті сутегімен, көміртегімен, кен
өндірушілер мен көмір қазушылар, сондай-ақ қопару жұмыстарымен
айналасатындар көміртегімен және азот тотықтарымен, металлургтер көміртегі
тотығымен, күкірт газдарымен уланулары мүмкін. Ал металл балқытушылар болса
металл буларынан, машина жасаушылар цианды қоспалардан, түрлі қышқылдардың
буларынан, әртүрлі еріткіш заттардан, транспортта еңбек ететіндер іштен
жанатын двигательдердің газдарынан, көміртегі тотықтарынан т.б. газдардан
зардап шегеді.
Қазіргі кезде халық шаруашылығының көптеген салалары қарқынды түрде
химияландыруда. Бүкіл елімізге белгіглі мұнай-химия комбинаттары салынып.
синтетикалық каучук. жасанды талшық заводтары. осы жасанды талшықтарды жуып
тазартатын түрлі өнеркәсіп орындары қатарға қосылды,әлі де қосылу үстінде,
улы химикаттар мен тыңайтқыштар шығаратын заводтар, фавбрикалар көбеюде.
Осыған байланысты адам денсаулығы мен өміріне зиян өнеркәсіптік улы заттар
да күрт өсіп келеді. Ал улы химикаттарды дұрыс сақтамаған, олармен жұмыс
істеу ережелеріне үстірт қараған жұмысшылардың денсаулығына қауіп төнері
хақ.
Біздің елімізде химиялық заттармен жұмыс істейтін адамдарды уланудан
сақтанудыру мен зардаптың алдын алу ісіне жете назар аударылады. Өндіріске
қауіпсіз жаңа технология енгізіліп, жұмысшылар жаңа құрал – жабдықтармен,
арнаулы киімдермен қамтамасыз етіледі, жұмыс орындарында ауаны үздіксіз
тазартып тұратын сенімді желдеткіштер орнатылып келеді. Адамдар жұмысқа
алынарда және одан кейін де жиі-жиі дәрігерлік тексерулерден өткізіліп
тұрады. Улы заттардың жиналуын азайтып, адамдарды уланудан сақтандыру үшін
басқа да алуан түрлі шаралар қолданылады. Соның нәтижесінде соңғы жылдары
елімізде кәсіби уланулардың саны азайды, ал ауыр улануларға келсек, олар
мүлде сирек кездесетін болады.
Улану – жедел өтетін және ауыр паталогиялық (аурулық) процесс. Зардап
шеккен адамның организмін удан тез тазарту – дәрігердің білгірлігіне, удың
түрін жедел анықтай алатындығына байланысты. Ол әр удың адамға қалай әсер
ететінін, патогенезін (аурудың барысы мен дамуын) дұрыс анықтап, денеге
жайылмай тұрғанда шұғыл көмек көрсете білуіне байланысты. Дер кезінде дұрыс
көрсетілген көмек зардап шеккен адамды ажалдан және ауыр дерттен аман алып
қалады.
Денсаулық – зор байлық.Бұл тұрғыда орыстың ұлы физиологы И.В.Павлов:
Адам – табиғаттың айрықша жемісі. Табиғат қазынасынан ләззат алуы үшін
адамның дені сау, қайратты да ақылды болуы тиіс,- деп жазған.
Автор бұл еңбегінде медицина саласында істейтін мамандармен қатар
қалың оқырман қауымға түсінікті болуы үшін өнеркәсіп уларының физиологиялық
және биохимиялық өзгерістерін көрсетіп, улардың адамға тигізетін әсеріне,
симптомдарына, шұғыл жәрдем беру тәсілдеріне және уланудан сақтану
жолдарына баса назар аударады.

ӨНЕРКӘСІП УЛАРЫ ЖӘНЕ УЛАНУ ТУРАЛЫ
Улы заттар аз мөлшерде адам организміне еніп,тканьдармен химиялық
немесе физикалық-химиялық байланыстарға түседі, сөйтіп кейбір жағдайларда
денсаулықты бұзады, тіпті өмірге қауіп төндіреді. Бұл күнде қолданылып
жүрген химиялық заттардың бәрінің өздеріне тән уландырғыш қасиеттері бар.
Мысалы, өзімізге пайдалы деген ас тұзын көп мөлшерде жұтсақ та уланып
қалуымыз мүмкін. Бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық қару жайлы
Органикалық емес химиялық улы заттардың таралу қауіптілігі
Охратоксикоз дегеніміз не және оның қоздырғыштары
Уытты заттар мен уланудың классификациясы
Химиялық қауіптілік
Жануарлардың жылан уынан улануы
Ет және ет өнімдеріне токсикологиялық баға беру.
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану
Халықты қатты әсер ететін улы заттар
Мышьяк қосылыстарымен интоксикацияны емдеу
Пәндер