Шәкәрім және Пушкин



Шәкәрім шығармалары туған халқына қайтып оралды, ақынның өмір бойы армандағаны да осы еді. Өзі айтқандай “Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда” өлең дастандары, қарасөздері баспа жүзіне түгел шығып, жылдар бойы аңсап күткен оқушысының қолына тиді.

Оятқан мені ерте — Шығыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен,

Надандықтың тазарып кетті кірі, — деп жырлайды ақын бір өлеңінде. Жалпы, қазақ ақынының өлең мәдениетіне жетік болуы Шығыс және орыстың классикалық поэзиясымен жете таныстығын аңғартса керек. Абай өнегесі арқылы жас кезінде-ақ Пушкин, Лермонтов лирикасын құлағына сіңіріп өскен жас талап бертін келе, сол алыптар ауылына өзі де барып, өнімді олжа тауып қайтады.
Шәкәрім поэзиясын бірнеше арналы бұлақтардан, халық ауыз әдебиетінен, Абай шығармашылығынан, орыс, шығыс, батыс Еуропа әдебиетінен толымды нәр алып барып, бұғанасы берік бекіген поэзия деу керек. Әсіресе, орыс өлеңдерін, поэма­ларын ыждаһаттылықпен зер сала оқып, өзіне өтімді өрнек әкелгені көп көңілінен шыққан. Пушкинді қырда қазақша сөйлеткен Абай ұстазынан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин прозасына қайтып оралды. “Дубровский” мен “Боран” хикаясын өлеңмен өрнектеп, қазақ тыңдаушысына танымал, жақын уақиға етіп береді, қазақ ортасында болғандай етіп сенімді суреттейді. Бұл да хас шеберлік­тен, ізденімпаздықтан туындап жататын кемел құбылыс екендігінде шәк жоқ.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім және Пушкин

Шәкәрім шығармалары туған халқына қайтып оралды, ақынның өмір бойы
армандағаны да осы еді. Өзі айтқандай “Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда”
өлең дастандары, қарасөздері баспа жүзіне түгел шығып, жылдар бойы аңсап
күткен оқушысының қолына тиді.

Оятқан мені ерте — Шығыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен,

Надандықтың тазарып кетті кірі, — деп жырлайды ақын бір өлеңінде.
Жалпы, қазақ ақынының өлең мәдениетіне жетік болуы Шығыс және орыстың
классикалық поэзиясымен жете таныстығын аңғартса керек. Абай өнегесі арқылы
жас кезінде-ақ Пушкин, Лермонтов лирикасын құлағына сіңіріп өскен жас талап
бертін келе, сол алыптар ауылына өзі де барып, өнімді олжа тауып қайтады.
Шәкәрім поэзиясын бірнеше арналы бұлақтардан, халық ауыз әдебиетінен,
Абай шығармашылығынан, орыс, шығыс, батыс Еуропа әдебиетінен толымды нәр
алып барып, бұғанасы берік бекіген поэзия деу керек. Әсіресе, орыс
өлеңдерін, поэма­ларын ыждаһаттылықпен зер сала оқып, өзіне өтімді өрнек
әкелгені көп көңілінен шыққан. Пушкинді қырда қазақша сөйлеткен Абай
ұстазынан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин прозасына қайтып оралды.
“Дубровский” мен “Боран” хикаясын өлеңмен өрнектеп, қазақ тыңдаушысына
танымал, жақын уақиға етіп береді, қазақ ортасында болғандай етіп сенімді
суреттейді. Бұл да хас шеберлік­тен, ізденімпаздықтан туындап жататын кемел
құбылыс екендігінде шәк жоқ. Біз бүгін осы шығармашылық байланыс жайын сөз
етпекпіз. Ұстазы Абай дүниеден қайтқанша орыс зиялыларымен достасып,
пікірлесіп, қолынан келгенше орыс классиктерін қазақша сөйлетіп кетті.
“Дубровский әңгімесі”, Ахат Шәкәрімұлының айтуына салсақ, 1903-1909
жылдары, ал белгілі әдебиет зерттеушісі Қайым Мұхаметқанов 1908 жылы
жазылған дейді. Екі мәліметтің арасы қашық емес, жобаға келіп тұр. Шығарма
1924 жылы Семейде жеке кітап боп басылып шығады. Содан он бес жыл өткен соң
1935 жылы Қазақтың көркем әдебиет баспасынан А.С.Пушкиннің таңдамалы
өлеңдер жинағы шығады. Құрастырушы Бейсенбай Кенжебаев осы жинаққа
“Дубровский әңгімесін” қосып жібереді. Әсілі, XІX ғасырдың бастапқы он жылы
1903-1910 жылдар Шәкәрімнің айтулы дастандар жазған жемісті жылдары болған-
ау. Сол жылдары Шәкәрім қазыла ізденіп, батыс, шығыс, орыс әдебиеттерін
оқыған сияқты. Тақырыптардың ауқымы да кеңіп, поэмаларына іле-шала келіп
прозасы араласқан. Міне, Абай халқына қуана танытқан Пушкин парасатын
шәкірттері осылайша кеңейтіп, таратып әкетеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының
үлгісі соған куә. Қазақ қоғамына, өміріне жақын, үндес деген шығармасына
иек артып, оны ана тіліне тәржімалайды. Пушкин еңбектерінің ішінен
“Дубровский” мен “Боранды” бөліп алып, қазақы бесікке салып тербетуінде жай
нәрсе жатпауға тиіс. Мұнда бір мәніс бар. Пушкин прозасының жай көзге
көріне бермес сиқыры Шәкәрімге шалқар шабыт беріп, әскери Дубровскийден
даланың Дубровскийін өлең сөзбен сомдап шығарады. Пушкин әсерінің қуаты
мүлдем бір бөлек қазақ дастанын дүниеге әкелді. Бірқатар зерттеу­шілер
“Дубровский әңгімесін” аударма деседі. Бұл дәл анықталған анықтамаға жата
ма? Автордың өзі “аударма” деген сөзді қолданбапты. Ал Абай, Шәкәрім
тұсында қазіргі мағынасындағы аударма атты термин болды ма? Болмаса, неге
“аударманы” жиі айтып, жиі қолданамыз. Ойланайықшы...

Шәкәрімнің шарқ ұрған ойларының бір толқыны кеп Пушкин прозасына
маңдайын тірейді. Мұндай тақырыптың сол тұстағы қазақ қоғамы, даласы үшін
актуаль­дылығы, әлеуметтік мәні, ұлттық эстетикалық дәстүрмен үндестігі
алушының мақсатымен сайма-сай келіп, эпик ақынға және бір жақсы олжа
қосады. Ресейдегі крепостнойлық қоғам өмірінің картиналары, типтік
бейнелер, жаңадан оянып келе жатқан зор күштің ұшқындары қазақ жазушысына
ой салады. Қазақ тыңдаушысы, оқушысы үшін Шәкәрімнің поэзиядағы бір пірі —
Пушкин. Пушкинді сөйлетіп қойып, өзі тыңдайды, баяндау мәнеріне, стиліне,
тереңдігіне, жинақылығына, қолжетпес қарапайым прозасына тәнті болады.
Пушкин прозасының тигізген әсері соншалықты; ақын оны қарасөзбен айтып
жеткізе алмасына көзі жетіп, қазақтың он бір буынды қара өлеңімен алып
шығады. Қазақ ұғымына қонымды жаңа шығарма тыңдаушысын елең еткізеді,
тәржіме көшірме күйінде ел арасына ауызша таралып кетеді. “Дубровский
әңгімесі” жиырма жылға жуық халық жүрегінде, есінде өмір сүреді. Дастанның
баспа жүзін көрмей жатып, бұлай тарап кетуінің өзі Шәкәрім талантының
тегеурінділігін, адамсүйгіш мінезін танытады. 1924 жылы ақынның көзінің
тірісінде Семейде кітап болып шықса, 1935 жылы А.С.Пушкин таңдамалысы
қайтадан басылып шығады. Сөйтіп, орыс хикаяты қазақтың өлеңмен жазылған
хикаясына айналды. Қазақ қаламгері әдеби ерлік жасады. Шәкәрім “Дубровский
әңгімесін” бастамастан бұрын “Сөз алдынан” деп 124 жол кіріспе береді.
Шығыс классиктерінде мұншалықты кіріспе кейде тарау-тарауға түсіп,
ұзаңқырап кететіні де бар. Шәкәрім оған бармай тура жолды таңдап алады,
яғни не себепті қолға алғанын, осы сөздің қазаққа керектігін, кімнен, қалай
қабылдарын қысқаша баян ете кетеді.

Осы сөзін айтты деп кейбір қауым,

Ұрмай соқпай болар-ақ менің жауым.

Нені айтты деп сұрамас, кім айтты дер,

Білмей жүріп өзінің ауру-сауын, — дейді ақын кіріспе сөзінің аяқ
жағында. Демек, ол “Дубровский әңгімесіне” оқушысын алдын ала дайындап
алады. Ең басында “дүние кәрінің” жаралған уақытынан бергі адамзат ғұмырына
шолу жасап, бейбітшілікті, адал еңбекті, ғылымды, сөз құдіретін ардақтап
айтып кетеді.

...Жер айналмай тұрмайды дүние жай,

Келер, кетер адамзат із қалдырмай.

Сол өткен көп заманның бір кезінде,

Болыпты Троекуров деген бір бай.

Осы бай Русияның шетінде екен,

Күнбағыс заграница бетінде екен.

Өлшеусіз жер, санаусыз ақшасы көп,

Сүйтсе де тағы жұтпақ ниетінде екен.

Бұл кезде ол заманның заңы қызық,

Бар еді бір әдеті тіпті бұзық.

Кәдірлі қолы жеткен мықтылардың,

Құлы боп жүруші еді тамам мұжық.

Дейтұғын “Покровский” қышлағы бар,

Жазылған құлы болып көп мұжықтар.

Тамам бастық, соңынан итше ереді,

Ұлығы ол заманның ақшақұмар.

Пушкиннің бес-алты бет бастауы осылай қазақы өлеңге түседі. Автор
түпнұсқасын түгел теріп жатпайды. Айталық, Пушкин Кирилл Петровичтің
қорасындағы қосалқы бөлмелерде қонақ күтуші он алты қыздың тұратындығын,
олардың өз жынысына сәйкес қолөнермен айналысатындығын, терезелерінің
ағаштан екендігін, есіктердің құлыптаулы, ал кілттің Кирилл Петровичтің
қолында болатындығын, ешкіммен араласпайтын байғұстардың баққа қыдыруға
шыққанда қыздарды қас қақпай қос кемпір күзететіндігін, оқта-текте қожайыны
олардың кейбіреуін күйеуге беріп тұратындығын бас жағында ескертеді. Бұл
жерді Шәкәрім аттап өтіп, ақсаусақ шонжардың аңшы иттерінің жайына ауысып
кетеді. Бұдан кейін келетін бір шумақ хикаяттағы оқиғаның алдын орап
кетеді. “Әкеліп француздан бір молда қыз, Оқытты Мария деген жалғыз қызын”
деген жолдар Пушкинде кейінірек айтылады. Хикаяттың басты қаһарманы Андрей
Гаврилович Дубровский отставкадағы гвардия поручигі, жақын көрші, басқаға
тым тәкәппар Троекуров өзінен кедейлеу болса да Дубровскийді сыйлайды. Бір
кезде екеуі қызметтес болған, оның шыдамсыздау тік мінезінен хабары бар.
Дубровский қыстағы шағын, жаны да, малы да аз. Екеуінің де әйелдері қайтыс
болып, бір-бір баладан қалған. Троекуровтың Мария деген қызы бар, ал
Дубровскийдің Владимир атты баласы оқуда, екеуінің аракідік қалжыңы да жоқ
емес, осы жайдың бәрін Шәкәрім бірер шумақпен түйіндейді, түпнұсқадағы
негізгі кейіпкер рухын дәл келтіреді.

Дубровский мал сүймей адам сүйгіш,

Қиянат залымдықты көрсе күйгіш.

“Мал сақтама, ар сақта” деп ойлайды,

Адамдық әділетті ерте түйгіш.

Шәкәрім Дубровскийі осындай жан. Адамға, адамшылыққа қоятын сондай
талап-тілектерін талай өлеңдерінде айтқан-ды. Тура мінезді, бір сөзді,
намысқой Дубровскийге Шәкәрім қазақы шапан кигізіп, қазақ ұғымына жақын
бейнелейді. Ақынның “Үш сауал” деп аталатын қып-қысқа пәлсапалы әңгімесі:

Адамшылық іздесең бұл жолға түс,

Алдау қылма біреуге қиянат-күш,

Жетілсең де жемтік жеп ел зарлатпа.

Ар, ынсаптың сүйгені – таза жұмыс, — деген жолдарымен бітуші еді.
Дубровский тақырыбына баруының сыры осындай ойларында жатса керек.
“Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін” деп автордың өзі айтқандай, әрі қарай
орысша, қазақша тек­стерді салыстыру кезінде шетке де шығып кетпей, “шын
жанасып” отырғанын байқадық. Хикаятта Кирилл Петрович пен Дубровскийдің
араздасуы ит жатақты ара­лаудан басталады. Бай тазы иттерін айтып
мақтанады, қонақтардың аузынан суы ағады, олар да мақтап, көтермелей
жөнеледі. Драмалық сәттің қақпаны осы жерден тарс етіп атылып кетеді де,
екі дворянин бір-бірінен теріс айналады. Бірі көндіремін дейді, екіншісі
қиянат сөзге көнбеймін дейді. Әрине, ит күтушінің сөзі Дубровскийге оқтай
қадалады. Айтылған сөз – атылған оқ. Пушкин заманында бұндай сөз қақтығысы
дуэльмен аяқталатын.

Қонақ итін мақтаса – көңіл хошы,

Троекуров байдың да тілегі осы.

Сөз сөйлемей тұр еді Дубровский,

“Сен неге сөйлемейсің”, — деді досы.

Маған міндет емес қой ит мақтанбақ,

Жаңа көрген қонақтар алсын сабақ.

Ит түгіл қызметшіңе табылар ма,

Мұндай орын, мұндай үй, мұндай тамақ.

Бұл сөзге қызметкер ашуланды,

— Иттен кейін көрдің бе сен адамды?

Біз түгіл сіз сықылды бір алпауыт,

Мұнда тұрса қуанар, деп-ақ, — қалды.

Әрі қарай уақиға ушығады. Шәкәрім Пушкин ізімен жүре береді. “Соны
әкеліп жық­пасаң” аяғыма, өмірімде көрмеймін енді сені” дейді. Соны дегені
қарсыла-сының ит күтушісі – Темушка. Троекуров бұған шалқасынан түсіп
ашуланады. “Малым барда бетіме кім шыдайды, Борышқор ондай маған тең бе?”
деп кеудесін ұрады. Аңнан қайтқанда Андрейдің егінін таптап өте шығады.
Троекуровтың мұжықтары Ан­дрейдің ағашын ұрлап кеседі. Екі мұжық, үш ат
Дубровскийдің қолына түседі. Шәкәрімде қолға түскені бір ат, бір мұжық.
Атын алып, өзіне дүре соғады. Оқиғаға Шабашкин деген заседатель келіп
араласады. Оны Троекуров Дубровскийге қарсы жұмсайды. Көршімнің жерін маған
алып бер дейді.

Олай болса жұмысы оңай маған,

Түп-түгел әперейін жерін саған.

Закон-түйе, бұйдалап жетелерміз,

Несі адам осындайда жол таппаған, — деп Шәкәрімнің Шабашкині жылмаң
қағады. “Закон түйе, бұйдалап жетелерміз” деген тіркес Пушкинде жоқ, оны
Шәкәрім енгізіп отыр, қазақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШӘКӘРІМ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) жайында
Аударма өнері және көркемдік – эстетикалық, шеберлік проблемалары
А.С.Пушкиннің шығармаларын аударудағы Шәкәрім Құдайбердіұлының шеберлігі
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы адамгершілік мәселелер
АМАН АЯУЛЫ АЛМУХАМЕДҚЫЗЫ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫ
Шәкәрім шығармалары
Тұрақты тіркестердің аударылуы
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Шәкәрім Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі
Пәндер