Қорғасын. Қорғасын өндіру


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қорғасын. Қорғасын өндіру.

Жоспар

Қорғанысының шығу тарихы

І. Негізгі бөлім

1. 2. Қорғасынның табиғатта таралуы.

2. 2 Қорғасынның алынуы

2. 3 Қорғасынның қасиеттері

2. 4. Қорғасының оксидтері

2. 5 Қорғасынды өңдеу.

Қорғасының маңызы.

Қолданылған әдебиеттер

Соғыс . . . Бұл сұм сөз көпшіліктің төбе шашын тік тұрғызады емес пе. Иә, ғасырлар бойы шайқас болғаны рас. Оған мылқау жатқан тасты құз бен мелшиген мола іздері, ыдырап, үгіліп ұнтақ болған сарбаздар сүйегі куә сияқты.

Қорғасын. Аса жылдам ұшатып, тарыдай ғана көлемі бар осы бір металл талай тарландарды да тұралатқаны белгілі. Сонымен бірге қорғасын өмірдс берері мол, ажалға ара турарлық та элемент.

Ал енді біз «жауынгер» іспеттес ұғыммен қалыптасқан қорғасын жайлы, оның өткені мен бүгінгісі, ертеңі жанлы айтпақпыз.

Көне кез, «кәрі» элемент-қорғасын адамзатқа өте ертеректен таныс. Қорғасын шамамен біздің эрамыздан 6 - 7 мың жылдай бұрын белгілі бола бастады. Өйткені қазбалардан табылған заттар соны анықтайды. Ертедегі адамдар қорғасын оңай балқығандықтан, сол кездің өзінде-ақ одан небір өрнектер құйып, ескерткіш заттар жасаған. Ал ертеректегі египеттіктердің табытынан табылған қорғасынға қарағанда, олар қорғасынды әшекей ретінде пайдаланған дей болжауға болады.

Алғашқы ақша қорғасыннан жасалған. Сондай-ақ кейбір көне заттарға жүгінсек, тұңғыш медаль да қорғасыннан соғылыпты. Оған жер шарының түкпір-түкпірінен табылған айғақ заттар дәлел. Қорғасын өзінің ертеректе қолданған салаларында қазір мүлде қолданбайды. Көне Римді қазғанда, Жер асты су жүйелері табылған. Ал су жүретін құбырлар қорғасыннан жасалыпты. Қорғасын таза сумен әрскеттеспегенмен, құрамында көмір қышқыл газы бар суда химиялық түзіліс беріп, суда ериді. Ондай сумен адам денесіне енген қорғасын, сүйектегі кальций элементін алмастырып, өмірді қысқартады. Ескі Римдегі адамдар өмірінің қысқа болуы да, міне, сондықтан.

Өткен өмірдің кейбір белестерін, тарихи кезеңдерін бейнелей алатын шежіре іспеттес қорғасын жайлы айтар жай көп-ақ. Алайда олардың маңызды бір-екеуін химиялық қасиетімен байланыстырайық та, қазірше оның төл қасиеті хақында бірер ой айтайық.

Қорғасын-элементтердің Менделеев ашқан периодтық кестесіндегі төртінші топтың 82-тор кезінде орналасқан химиялық элемент. Оның атомдық салмағы - 207, 19. Енді оның физикалық қасиетін алсақ, өз ерекшеліктері бар элемент екенін көреміз. Оның түсі көгілдір-сұр. Егер жаңадан кесілген қиындысына қарасақ ақ сұр екенін байқаймыз. Бірақ ол көп кешікпей тотықтанып өтс жұқа қабыршақпен қапталып, қалыпты түске енеді.

Қорғасынның өзіндік салмағы-11, 3. Ал болаттың өзіндік салмағы 7, 8 екенін ескерсек, қорғасынның болаттан ауыр екенін байқаймыз. Ол 327°С балқып, 1740°С қайнайды. Ток өткізгіштігі бір шама айтарлықтай. Егер сынаптың ток өткізгіштігін 1 десек, ал аса жақсы ток өткізгіш күмістікі-62. Ал қорғасындікі осы шамамен салыстырғанда 5 екен.

Тағы бір физикалық қасиетінің, бастысы оның, қаттылығы. Аса қатты зат-алмастың қаттылығы 10 болса, қорғасындыкі- 1, 5. Бұдан біз оның өте жұмсақ екенін аңғарамыз. Оны пышақпеп кесіп, тіпті тырнақ ізінің дағын да қалдыруға болатынын бала кезімізден білеміз. Жұмсақтығынан оңай жайылып, қамырша иленеді. Міне, дәл осы қасиетін ертеде үй төбелерін жабу үшін пайдаланған. Ал ондай үй қымбатқа түсіп, шатырының ауыр болатынына, әрине, әркім шүбәсіз сенеді. Ол жылуды, суықты жақсы өткізеді. Осы қасиетін жұмсақтығымен қоса пайдаланған залымдық іздері біздің, дәуірімізғе жеткен. Мәселен, Венеция қаласында үкіметке қарсы адамдар үшін арнайы салынған үй бар. Ол үй ертеректе қорғасыннан салынған. Өзіне қарсыларды патша сол үйге қамайды екен. Жазда ыстыққа піссе, қыста суықта отырады екен ол үйдегілер.

Табиғи қорғасын тұрақты 4 изотоптан тұрады. Ал радиоактивті 5 изотоптың масса саны 209 және 210, екеуі өндірісте өндіріліп, көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылған.

Енді бір сәт қорғасынның химиялық қасиетіне назар аударайықшы. Ол өз қосылыстарында 4 және 2 валентті. Алайда химиялық реакцияларға сараңдау. Ол төменгі концентрациялы қышқылдардың қай-қайсысында болсын ешбір химиялық реакцияға түспейді. Күкірт қышқылының 80 процентіне дейін еркін тезеді де, одан жоғарылаған сайын жайлап ери бастайды. Бір қызығы, күшті қышқылдарға оңай шыдап, аса мықты емес сірке қышқылында еріп, химиялық реакцияға түседі. Әсте бұл жан қорғасынның сірке қышқылымен әрекеттескенде күрделі комплекеті тұз түзуінен болса керек. Қорғасынның жақсы еритін қышқылдарының бірі азот қышқылы. Оның басқа химиялық қасиеттеріне тоқтала бермей-ақ, қайда кездесетіні жайлы бірер сөз айтайықшы.

Таза қорғасын табиғатта жоқ. Дегенмен майда түйіршік күйінде сирек болса да таза қорғасын кездеседі. Ол көбіне минерал құрамында, олармен түрлі сульфит тұздар күйінде кендердің алтын, күміс тағы басқа асыл металдар бар жерінде кездеседі. Ондай минералдар ондап кездеседі. Бірақ олардың бәрі бірдей маңызды бола бермегендіктен басты минералды алайық. Құрамында қорғасыны көп кездесетін минерал-галенит. Оны бірде қорғасынды жылтырауық десе, химияда қорғасын сульфиді деп атайды. Қорғасын сульфиді кендердің бәрінде дерлік бар. Оның құрамында әрқашанда күміс сияқты асыл металдар көбірек кездеседі. Бұл жағдай оны игеріп өндірудің құнын арзандатады.

Ал қорғасынды құрамында бар кендерден өндіру үшін домна пешінде 1500°С дейін балқытып, көмірмен тотықсыздандыру арқылы алады. Арнаулы мақсатқа пайдаланатын аса таза қорғасынды электролиттік әдіспен фторлы кремний қорғасын тұзын ыдыратып алады. Оның тазалығы 99, 99% дейін.

Қорғасын өте маңызды металл. Ол өндіріс салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, бүкіл әлемде өндірілген қорғасын 1800 жылы 30 мың тонна, ал 1900 жылы 875 мың тонна болған. 1950 жылы бұл цифр 1750 мың тоннаға жоғарылаған. (Біздің елде өндірілетін қорғасынды есептемегенде) . Бұндай өрлеу оның маңызының артқанынан болса керек.

Қорғасынды өте көп пайдаланатын сала аккумулятор жасау өнеркәсібі. Осы сала өндірілетін барлық қорғасынның үштен бірін пайдаланады. Егер тозығы жеткен аккумулятордан алынған қорғасынды қайта балқытып пайдаланбасақ, одан да көп қажет болатыны даусыз.

Оның келесі қолдаушысын көз алдымызға елестету үшін кейбір химиялық заттарды, олардың агрессивтік қасиеттерін қарастырайықшы. Химия өнеркәсібі өзінің алғашқы дами бастаған кезінде қорғасынды көптеп керек етті. Химиялық ыдыстар, аппараттардың іші қорғасынмен астарланады. Реактивтер тасымалдайтын құбырлар жасалады. Өйткені қорғасын олардың бәріне де төзімді келеді. Сондай-ақ жасанды заттардың көбеюіне қарамастан бүгінгі заманда да қорғасын өзінің, «сауыт» болып үйренген «кәсібін» тастамай-ақ келеді.

Оның кейбір қасиеті бір сала үшін мүлде қажетсіз болса, екінші бір сала үшін өте қажет. Мәселен, қорғасынан жасалған моторды, білікті ешкім де көрген жоқ. Бұған оның жұмсақтығы кінәлі. Ал сол қасиет тоқ көзін тасымалдауда бірден-бір керек жай. Біз үлкен кернеудегі тоқты жер астына көмілген сымдар жиыны арқылы тасымалдаймыз. Ал оның изолентасы ылғалдар, тұз әсерлерінен бүлінбеу үшін қорғасыннан «жамылғы» жамылды.

Қорғасын радиоактивті сәуледен қорғайды. Бұл ретте оның ролі өте зор. Өйткені біздің ғасырды атом дәуірі дейді. Ал атомдық ілімнің шығуы, дамуы сәулелермен байланысты. Осы сәулелер мейлі «альфа», «бетта», «гамма» немесе рентген т. б. болсын-бәрі де тірі организм, адам өмірі үшін аса қатерлі. Ондай қатерге қорғасын тосқауыл бола алады. Егер ол болмаса изотопты сақтау, әлгі сәулелерді пайдалану мүмкін емес десек те болатындай. Мәселен, Бухаресте атом орталығы бар. Оның дөңгелек терезесінің есігі қалыңдығы 1 метрдей, салмағы 1, 5 тоннадай қорғасыннан жасалған.

Сондай-ақ қорғасын көп металмен құйылып, сан алуан қоспа түзеді. Олар техниканың көп саласында бірі подшипник, екіншісі соққы серіпкіш ретінде қолданылуда. Осындай қоспалардың бірі әр үйде ток көзіне сақтандырғыш екіншісі дәнекерлегіш бола алады. Сондай-ақ қорғасын күнделікті газет, журнал және кітаптар баспаханасында пайдаланылады.

Біз қорғасынды у десек те, оның кейбір қасиеті медицинада қолданылады. Оның кейбір суда еритін тұздары медицинада көпке белгілі «қорғасын қанты» деген аты-мен әйгілі.

Қорғасын сондай-ақ көптеген бояуларға қосылады. Онымен ертеректе сурет салынған. Ондай суреттер уақыттың өтуімен бірте-бірте қараяды, тотығады. Ал егер қарайған суретті сірке қышқылымен немесе сутектің асқын тотығымен сүртсе аппақ болып жарқырап шығады. Өйткені қара қорғасын сульфиді қорғасын сульфатына айналады. Соңғысының түсі аппақ.

Иә, айтсақ аты аңызға айналған қорғасын жайлы айтар ой көп-ақ. Бұл оның маңызды элемент екеніне дәлел. Кешегі «жауынгер» қорғасын бүгінгі бейбіт өмірде өнеркәсіптік маңызды металл ретінде кеңінен қолданылады.

Қорғасынның табиғатта таралуы және алынуы. Қорғасын германий мен қалайы сияқты қосылыс күйінде кездеседі. Оның өнеркәсіптік маңызы бар қосылысьша қорғасын жылтыры РbS жатады.

Металлургия өнеркәсібінде қорғасын жылтырын өртеудің нәтижесінде алынған қорғасын оксидін көмірмен тотықсыздандыру аркылы корғасын алады:

2 РbS 2- + 3 О 2 0 = 2 РВО -2 + 2S О 4+ 2

2 Р 2 ЬО + С° = 2 РЬ° + СО 2

Қорғасынның қасиеттері. Қорғасын көкшіл ақ түсті, ауыр металл. Ол өте жұмсақ болғандықтан пышақпен кесуге болады.

Қорғасын құрғақ ауада кәдімгі температурада өзгермейді. Германий мен қалайыға қарағанда қорғасынның 2+ болатын қосылыстары тұрақты болады. Қорғасынды қыздырғанда галогендермен, оттегімен, күкіртпен әрекеттеседі, мысалы:

2 РЬ + О 2 = 2 РbО

Рb + С1 2 = РbСІ

Қорғасын дымқыл ауада гидрокарбонаттар түзе тотығады:

2 Рb° + 0 2 ° + 2 Н 2 0 + 4 С0 2 = 2Рb 2+ (НСО 3 2- ) 2

Қорғасын сұйытылған күкірт қышқылымен және хлорсутек қышқылымен бастапқы кезде әрекеттеседі де, түзілген қорғасын (II) сульфаты мен хлориды суда да, кышқылда да ерімейтіндіктен ары қарай реакцияласпайды.

Ол азот қышқылында жақсы ериді және концентрлі күкірт қышқылымен ірімтал гидросульфат түзе әрекеттеседі:

3 Рb° + 8 НNО 3 = 3 Рb 2+ (N0 3 ) 2 + 2 + 4 Н 2 О

Рb + 3 Н 2 4 = Рb (НSО 4 ) 2 + SО 2 + 2 Н 2 0

Қорғасын қосылыстары. Қорғасын екі түрлі оксидтер -РbО және РbО 2 түзеді. Сонымен бірге осы оксидтердің қоспасы түрінде кездеседі: Рb 2 О 3 және Рb 3 О 4 (2РbО сурик деп атайды.

Бұл оксидтердің ішіндегі маңыздылары РbО мен РbО 2 . Қорғасынға (II) oксиді РbО алыну әдісіне қарай сарыдан қоңыр түске дейін болатын негіздік қасиеті басым амфотерлі оксид.

Қорғасын (II) оксидін балқыған корғасынды ұзақ уақыт қыздырып алады:

2 Рb° + 0 2 ° = 2 Рb 2+ О 2

Қорғасын оксиді аздап суда еріп, ерітіндісі сілтілік қасиет көрсетеді:

РbО + Н 2 0 = Рb (0Н) 2

Қорғасын (II) оксиді РbO және оған сәйкес келетін гидроксид Рb (0Н) 2 германий (II) мен қалайының (II) гидроксидтері сияқты әрі қышқылдармен, әрі сілтілермен әрекеттеседі:

Рb (0Н) 2 + 2 НСІ = РbСl 2 + 2 Н 2 0

Рb (0Н) 2 + 2К0Н = К 2 РbО 2 + 2Н 2 О

Қорғасын гидроксидін қорғасын (II) тұзына эквивалентті мөлшердегі сілтімен әрекет етіп алады:

Рb (NО 3 ) 2 + NaОН = Рb (0Н) 2 + 2 NаО 3

Қорғасын (IV) оксиді РbСl қоңыр түсті суда ерімейтін қышқылдық қасиеті басым амфотерлі оксид. Қорғасын оксидіне сәйкес келетін қорғасын қышқылы белгісіз, бірақ оның тұздарын қорғасын (IV) оксидімен негіздік оксидтерді қосып балқытып алады:

РbО 2 + СаО = СаРbО 3

Қорғасын (IV) қышқылының тұздарын плюмбаттар дейді. Олардың, көпшілігі суда ерімейді және күшті гидролизденеді.

Қорғасын (IV) оксиді амфотерлі, сондықтан сұйытылған қышқылдарда, мысалы, хлорсутек қышкылында еріп қорғасын (IV) хлоридын түзеді, бірақ ол тұрақсыз қосылыс болғандықтан, қорғасын (II) хлориды мен хлорға ыдырап кетеді:

РbО 2 + 4 НСІ = РbС1 4 + 2 Н 2 0

РbСl 4 = РbСl 2 + Сl 2

РbО 2 + 4 НСІ = РbСІ 2 + Сb + 2 Н 2 0

Бұл реакция қорғасын (IV) оксидінің күшті тотықтырғыш қасиеті бар екенін көрсетеді.

Қорғасынның қолданылуы. Қорғасын электр кабельдерін изоляциялауға, аккумулятор пластинкаларын, бытыра, оқ өндіруге және радиоактивтік сәулелерден қорғануға қолданылады. Ол әр түрлі құймалардың құрамына кіреді. Негізгі қорғасын мен қалайыдан тұратын құйма-баббит подшипниктер жасауға жұмсалады.

Қорғасын. Қорғасын да қалайы сияқты ерте заманнан белгілі металл. Тіпті көп уақытқа дейін- алхимия дәуіріне дейін-қорғасын мен қалайы екі басқа металл екендігін білмейтін. Қорғасын жаратылыста түрлі қосылыстар құрамында болады. Қорғасын, уран мен торийдан басталатын радиактивтік процестердің ең ақырғы тоқтайтын радиактив емес элементі. Торийдан тұзілген қорғасыиның атомдық салмағы 208, уранн түзілетін қорғасындікі 206; бұл қорғасынның екі түрлі изотопы. Қорғасынның маңызды рудасы - қорғасын жылтыры РbS. Қорғасын кендері оңтүстік және шығыс Қазақстанда шығыс Сибирьде, Осетия және басқа жерлерде бар. Шет елдерден Австралия, Канада, АҚШ, Мексика, Германия жерлерінде бар.

Қорғасын өндіру үшін оның рудасын флотация арқылы байытады, одан шыққан концентратта 40-80% Рb болады. Концентраттағы қорғасынды көбіне пирометаллургия әдісімен алады, ол екі сатыдан тұрады.

1. Өртеп күйдіру. Руданы механикалық пештерде ауа үрлеп өртейді (600°), онда мына процесс жүреді:

2PbS + 3O 2 = 2PbO + 2SO 2

2. Тотықсыздандыру. Шахта пештерінде тотықсыздандырғыш әрі отын ретінде кокс алынып, мынадай процесс
өткізіледі (1400-1500°) :

РbО + С = Рb + СО

Пирометаллургия әдісінің екінші түрі бар, ол да екі сатыдан тұрады:

1. Өртеп күйдіру процесінде жоғарыда айтылған реакциямен қатар мына реакция да өтеді:

PbS + 2O 2 = PbSO 4

Бұл процестер арнаулы пеште өткізіледі, одан кейін ауаның, келуін тоқтатып, сол пештің өзінің ішінде, температурасын 800-900° дейін көтеріп, өртеліп болмаған Рb 5 пен өртеліп шыққан продуктыларды реакцияластырады:

PbS + 2PbO = 3Pb + SO 2

PbS + PbSO 4 = 2Pb + 2SO 2

Бұл шыққан қорғасында көбіне, Си, Аs, Sn, Sb, Bi, және асыл металдар (Аg, Аu) қоспасы болады. Бұлардан тазалау өзіне басқа бір сала жұмыс.

Қорғасын - жұмсақ, балқуы оңай, ауыр металл, ауада оңай тотығып жұқа қабыршақпен қапталады, ол қабыршақ әрі тотықпауына қорғауыш болады. Қорғасын сумен реакцияласпайды, бірақ суда еріген оттек әсерінен, мына реакцияға сәйкес біртіндеп ери береді:

2Рb + 2Н 2 О + О 2 = 2Рb(ОН) 2

Қорғасын азот қышқылында жақсы ериді, ал күкірт және тұз қышқылдары тиген жерінде реакцияласып, сол араны ерімейтін тұздармен РbSО 4 , РbС1 2 қаптайды. Қорғасын сілтілерде еріп плюмбит (ілгеріден қараңыз) түзеді.

Бүкіл жер жүзінде жылына 2 000 000 тоннадан артық қорғасын өндіріледі. Ол қорғасынның көпшілігі аккмулятор және кабель жасау үшін жұмсалады, біразы оқ, бытыра жасаға, күкірт қышқылы өндірісінде башнялардың, камералардың ішін қаптауға ұсталады. Қорғасын біраз құймалардың (баббит, қола, баспаханалық құйма, дәнекер) құрамына кіреді. Рентген және радиактив сәулелерінен, әсіресе γ-сәулелерінен қорғау үшін қолданылады.

Қорғасынның 4 валентті қосылысынан 2 валентті қосылыстары тұрақты болғандықтан, қалайыдағыдай емес, қорғасынның екі валентті қосылыстарының тотықсыздандырғыштық қасиеті жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсті металлургияның салалық құрамы
Ауыр металдардың топырақ қасиеттеріне әсері
Металл кешенінің даму тарихы
Мырышты өңдеу
Қазақстанның металлургия кешеннің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны
Тусті Металлургия Өнеркәсібі
Қорғасын концентраттарын балқытудың автогенді процестері
Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы
Қызыл-Еспе кенорны
Ауыр металдарға сипаттама және олардың зияны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz