Медиация – ұғымы мен тарихы



ЖОСПАРЫ:
I. Кіріспе
Медиация . ұғымы мен тарихы;

II. Негізгі бөлім:
1) «Медиация туралы» Заңның қоғамдағы алатын орны;
2) Заңды қолдану ерекшеліктері;
3) Қойылған талаптар.

III. Қорытынды

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

I. Кіріспе
Медиация – ұғымы мен тарихы;

II. Негізгі бөлім:
1) Медиация туралы Заңның қоғамдағы алатын орны;
2) Заңды қолдану ерекшеліктері;
3) Қойылған талаптар.

III. Қорытынды

Медиация – ұғымы мен тарихы.

Медиация сөзі ағылшын тілінде кез келген дауды оған ешқандай да қатысы
жоқ үшінші бір адамның – медиатордың араласуы арқылы альтернативті түрде
реттеу деген мағынаны білдіреді. Демек, медиатор дегеніміз – өзара
жанжалдасушы немесе дауласушы тараптардың арасында орын алған даулы
мәселелерді олардың өздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағдайда
шешуді жүзеге асыратын маман. Жалпы, осы саланың бүге-шігесін терең
меңгерген мамандардың айтуынша, медиаторларды бітімгер немесе мәмілегер
деуге әбден болады. Бітімгер деген мамандық қазірде қоғамда болмаса да,
ауыл арасында қолданылады. Сөзге шешен ақсақалдар араздасқан екі жақты
мәмілеге келтіріп, ауызша келісіммен айыбын төлетіп, бейбіт жағдайда
мәселені шешеді.
Мұның тарихының түп-тамыры тереңде. Адамдар арасында алғашқы дау қай
кезде туындаса, бітімгершілік те сол ықылым заманда пайда болған. Сондықтан
бұл әдіс алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде де болған. Бұрын медиация
халықаралық, этносаралық дауларды шешу барысында қолданылғанынан тарихшылар
хабардар. Мұндай жол келіссөздер нәтиже бермей, екі жақ тығырыққа тірелген
кезде қолданылатын.
Тарихшылар мұның түп-тамырын ежелгі Финикия мен Вавилоннан тапқан.
Өйткені, оларда сауда жақсы дамыған болатын, соған байланысты даушар да
тыйылмайтын.
Одан кейін бітімгершілік институты Грекияда дамығанға ұқсайды.
Ал, ежелгі Римде медиаторлар ережесі алғаш рет заңды тұрғыда
бекітілген.
Ежелгі Русьте делдал қызметін діни қауым өкілдері атқарған.
Ал қазіргі күйіндегі медиация институты ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та
қалыптасты. Дәл осы кезеңде Америка экономикасында даулардың жаңа түрі –
кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы келіспеушіліктер орын ала
бастады. Оларды шешу үшін арнайы федералды орган – медиация және
бітімгершілік процедуралары жөніндегі АҚШ-тың федералдық қызметі құрылды.
Ол әлі күнге дейін жұмыс істейді. Кейін медиация тек еңбек дауларында ғана
емес, отбасындағы, коммерциялық саладағы келіспеушіліктерді де реттеу үшін
қолданыла бастады.

Негізгі бөлім:
1) Медиация туралы Заңның қоғамдағы алатын орны.

Еліміздің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат
тұжырымдамасында азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын
барынша іске асыру, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын,
қоғам мен мемлекет мүддесін уақытылы қорғау және қалпына келтіру мақсатында
бірқатар іс-шаралар қамтылған болатын.
Оның ішінде, жеке құқықтық даушарлар тараптары арасындағы ымыраға қол
жеткізудің сот және соттан тыс тәртіппен қолданылатын түрлі жолдары мен
әдістерін белгілеуге бағытталуы мүмкін әрекеттер де көрініс тапқан еді.
Осыған орай, биылғы жылдың басында Елбасы ҚР–ның Медиация туралы Заңына
(әрі қарай - Заң) қол қойды.
Заңның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да
қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық
деңгейін төмендету болып табылады.
Заң бүгінгі таңдағы құқық және сот саласына арналған заңдардың
ішіндегі шоқтығы биік құжат деп айтуға болады. Заңда дәйектеліп отырған екі
тараптың өзара мәмілеге келу мәселесі айыпты жеңілдету немесе оған жаза
бермеу жоғарыда айтылғандай біздің ата дәстүрімізде болып келген үрдіс.
Кішігірім қылмыстар болған кезде, екі адам бір-бірімен ренжісіп қалады
немесе ол адам затын пендешілік пиғылмен ұрлап, жаза басуы мүмкін. Сондай-
ақ, адам біреуге байқамай балағат сөз айтып, оның намысына тиюі мүмкін. Ашу
үстінде ауыр сөз айту жеңіл болғанымен, ол басқаға қатты тиетіні белгілі.
Осының бәрін заңға салып қарайтын болсақ, қылмыс болып шығады. Сол
секілді, берген қарызын қайтарып ала алмай жүретін азаматтық даулар болады.
Осы тектес келіспеушіліктердің нәтижесінде адамдар бір-бірін сотқа сүйреп,
әуре-сарсаңға салып жатады.
Күні бүгінге дейін азаматтардың түсініспеушілігінен туындаған осындай
дау-дамайлар немесе жанжалды мәселелер тараптардың сот билігіне жүгінуі
арқылы шешілуде.
Өмір тәжірибесінің өзі көрсетіп отырғанындай, кез-келген мәселенің
сотта қаралуы бір күнде немесе бір аптада шешіле қоюы қиын.
Ал Заң кез-келген азаматтық келіспеушіліктерді айлап, апталап қарамай-
ақ, керісінше, істің күрделілігіне қарай бір-екі сағатта немесе бір күнде
шешуге жол ашады. Бұл ең алдымен, азаматтардың онсыз да жетпей жататын
алтын уақыттарын жоғалтудан сақтайды.
Сонымен қатар, Заң сотта қаралатын істердің санын азайтып, ондағы
күрделі істердің сапалы қаралуына мол мүмкіндік туғызып отыр. Сондықтан,
медиация институтын қоғамға енгізіп, жұмыс жасатуды қарапайым адам да,
ғалым да, депутаттар да қолдаған болатын.

2) Заңды қолдану ерекшеліктері.

Жаңа Заңға сәйкес азаматтық, еңбек, отбасы және басқа да құқықтық
қарым-қатынастан туындаған дауларды медиация жолымен шешуге әбден болады.
Мәселен, ерлі-зайыптылардың арасындағы некені бұзуға, ата-ана құқықтарына,
балалардың тұратын орнын анықтауға, оларды асырауға қосатын үлестеріне
қатысты мәселелер медиация жолымен реттелуі мүмкін.
Сондай-ақ аса ауыр емес және орташа ауыр қылмыстық істер бойынша да
тараптар медиатордың көмегіне жүгіне алады.
Алайда, дау екі тараптан басқа тағы біреудің немесе әрекетке
қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделерін қозғаса, мұндай іске
медиаторлар араласа алмайды.
Сондай-ақ тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын,
мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы және сыбайлас
жемқорлыққа қатысты істерге медиация қолданылмайды.
Ең бастысы, Заң екі жақты дауларды қараудың сапалылығын арттырады.
Сотта қаралған қылмыстық істердің көпшілігі жәбірленушінің сотталушыға
кешірім беріп, өзара татуласып, келген залалдың орнын толтыруына байланысты
өндірістен алынады.
Сондай-ақ кез-келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді
жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Заңның құпиялық туралы бабы бойынша медиацияға қатысушы тұлғалардың
бітімгерлік рәсімдер барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты
берген тараптың келісімінсіз жария етуге құқысы жоқ.
Сонымен қатар, медиатор тараптармен бірлескен немесе жеке кездесулерді
өткізуге, қажет болған жағдайда даудың техникалық аспектілері бойынша
сарапшының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медиацияда отбасылық дау - жанжалдың шешу механизмдері
Топтар арасындағы қақтығыстың жағы - әлеуметтік топ
Медиация дауларды реттеудің соттан тыс тәсілі ретінде
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
Медиация туралы
Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы
Дауды шешудің консультативті жолы
Халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация мәселелері
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Сот медиациясы Пилоттық жобасы
Пәндер