Қазақтың ұлттық өнерлері



Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

ЖҮЗІК, САҚИНА

Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.
ШОЛПЫ, ШАШ ТЕҢГЕ

Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

ШАШБАУ

Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРЛЕРІ
ТҰМАРША (БОЙТҰМАР)

Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе
арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер
суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын
болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі
мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды
деп сенген.

ЖҮЗІК, САҚИНА

Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі –
жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып,
қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір
тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар
жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа
жүзік т. б. деп аталған.
ШОЛПЫ, ШАШ ТЕҢГЕ

Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер
мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз
теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-
бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

ШАШБАУ

Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл
тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен,
күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен
бірге салбырай төгіліп тұрады.

БІЛЕЗІК

Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен
құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады.
Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі
атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар
білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып,
қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен
соғылады.
СЫРҒА

Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға.
Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға,
салпыншақ сырға, сабақты сырға,шашақты сырға деп әр өңірде алуантүрлі
аталатын сырғалардың түрлері өте көп.
ҚАПСЫРМА

Қапсырма – бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады.
Олар үш бұрыш,сүйір,доға тәріздес әр түрлі пішінде болады. Қапсырманың
бетіне аң-құстың, ай мен күннің,немесе өсімдік тектес өрнектер салынып,
тастар қондырылып әсемделеді.
АЛҚА

Оны өңіржиек деп те атайды. Алқалар бір-біріне шығыршық арқылы
жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады. Әр
әшекейдің ортасына, жиектеріне асыл тастар орнатады.

ОЮШЫ

Оюшы - әртүрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою-өрнегінің шебері.

ГҮЛ, ДӨҢГЕЛЕК, МҮЙІЗ, ТАҢБА

Ою-өрнек түрлері: Қазақтың ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік
тектес, жануарлар, геометриялық формадаа, космогендік
(астрологиялық).Бұлардың әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар.
Мүйіз – қазақ оюының негізі және ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі
мүйізді мегзеуден шыққан. Мүйіз ою-өрнегі кейде ұсақ, кейде ірі болып
келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында
пайдаланылады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде
сан түрлі мәнерде қолданады. Гүл ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды.
Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі
жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-кешектердің
жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.

АРПАБАС, КӨБЕЛЕК, СУ ӨРНЕГІ

Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу
түрлері бар. Олар: қызыл, көк, жасыл, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол
сияқты символдық мәні де бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың,
қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың,
көктемнің символы. Су өрнегі деп әрбір өрнекті бөліп тұрған жолақты
айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық жасай отырып,
дөңгелек, төртбұрыш бейнелер жасайды.
ҚОШҚАРМҮЙІЗ, АШАТҰЯҚ

Қошқармүйіз - ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен
мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлаытын
тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға
қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада,
кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мәдениетінің рухани байлығы
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға әстетикалық тәрбие берудің жолдары мен құралдары
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Дулат Бабатайұлы
Дене мәдениеті
Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының идеяларын педагогикалық тұрғыда негіздеу
Пәндер