Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы


Мазмұны
1. Кәсіпорындағы баға стратегиясы . . . 4
2. Салалардағы тарифтік жүйелер . . . 7
3. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері және арттыру
жолдары . . . 16
Кіріспе
Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Еліміздегі тарифтік саясат әр салаларда жүргізілуде. Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында қазіргі күні қолданыстағы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар сала сына барлық қатысушыларына-субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделері теңдестіруге қол жеткізуге бағытталған икемді тарифтік реттеу саясаты жүргізілуде.
Бүгінгі күні экономиканы дамыту инфрақұрылымы болып табылатын табиғи монополия саласының қарқынды өсуінсіз өнеркәсіп кешенін дамыту мүмкін емес.
Бүгін тарифтік реттеу әдістері табиғи монополия саласына инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасауды және өндірісті жаңғыртуға негізделген, аталған экономика секторының басып озатын қарқынына қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Сондықтан, индустрияның тұрақты дамытуын қамтамасыз ету, олар көрсететін қызметтер сапасын жақсарту, өзіндік құнды төмендету мен қызмет көрсетулерге тариф деңгейлерінің тұрақтылығы үшін тарифтік саясатты:
-инвестицияларды ынталандыратын және орта мерзімді кезеңде тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін тарифті қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізу;
-есептеудің халықаралық стандарттарын және тиісті қызметтер көрсету түрлері мен шығындар элементтері бойынша шығындарды бөлек есептеу әдістерін енгізу;
-табиғи монополиялардың тұтынушыларға әсерін талдау үшін ақпараттық мәліметтер базасын жасау арқылы одан әрі жетілдіру қажет.
Кәсіпорынның тиімді баға стратегиясын қалыптастыру
Баға стратегиясы дегеніміз - бұл кәсіпорын үшін барынша үлкен табысты қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше баға нұсқаларынан тиімді бағаны таңдап алуын айтамыз. Баға қалыптасуының қазіргі таңдағы тәжірибесінде баға стратегияларының тармақталған жүйесі қолданылады. Оның жалпы бейнесі 2. 1-суретте берілген.
Нарықтық шегерімдер стратегиясы мәмілеге байланысты айнымалы және тұрақты шығындармен байланысты болады. Кәсіпорын тауарды сатуға байланысты мүмкін болатын шығындарды қарастыра отырып, тұтынушыларды тарту мақсатында нарықта әр түрлі баға шегерімде қолдана алады.
Мезеттік шегерімдер стратегиясы тұтынушылардың түрлі категорияларының сұраныстарына негізделе отырып қалыптасады. Мәселен, компьютерлік қызметтерді тұтынушы тұлға осы қызметтің лицензияланған немесе лицензияланбаған екендігіне қарап әр түрлі баға береді. Кәсіпорын мұндай жағдайларда қызметтің екі нұсқасы бойынша түрлі шерерімдер ұсына алады.
Кездейсоқ шегерімдер стратегиясын ресми түрде анықтау және болжамдау өте қиын. Мұндай шегерімдер көп жағдайларда кезеңдік тауарларға (мысалға, қысқы және жазғы киімдерге) немесе халықтың қазіргі жағдайдағы сән үлгісінде пайдаланатын тауарларына қолданылады.
Нарыққа ену стратегиясы өндіріс көлемін арттыру арқылы қаражаттар үнемдеуге негізделеді. Кәсіпорын нарыққа жаңа енген сәтте тұтышыларды тарту үшін төмен бағалар ұсынып, нарықты игерген сайын өндіріс көлемін арттырып, баға қалыптасу саясатына өзгерістер енгізіп отырады.
Тәжірибеге сай стратегия кәсіпорынның өзінің бәсекелестерімен салыстырғанда жинақталған тәжірибесінің артықшылықтарын қолданумен сипатталады. Кәсіпорын басқа тауар өндірушілермен салыстырғанда нарықтағы өзгерістерді бағалауға, соған сәйкес шешімдер қабылдауға аз шығындар жұмсап, тимімді баға саясатын қалыптастыра алады.
Бағалармен белгі беру стратегиясы өндірушінің өзге бәсекелестер қалыптастырған баға механизміне тұтынушың сенімін пайдаланумен түсіндіріледі. Кәсіпорын нарықтағы басқа өндірушілер қалыптастырған бағадан төмен немесе жоғары баға белгілеп, тұтынушылардың көзқарасын байқап алады, содан кейін қорытынды шешімдер қабылдайды.
Аталған және басқа да баға стратегиялары кәсіпорынның нарықтағы өз орнын табуға септігін тигізеді. Қаржы менеджерлері осы нұсқалардың ішінен кәсіпорын қызметінің мақсаттарына сай келетін бір стратегияны немесе бірнеше стратрегияларды таңдап алып, оңтайлы баға стратегиясын қалыптастырады.
Баға стратегиясын таңдау - бұл кәсіпорын қызметінің өзекті мақсаттарын бағалауға негізінде баға қалыптасуының стратегияларын таңдау. Жоғарыда келтірілген мәліметтерден байқағанымыздай, кез-келген кәсіпорын нарық жағдайларында баға стратегияларын таңдаудың үлкен мүмкіндігіне ие. Кәсіпорынның баға стратегиясының жүйесін қалыптастыратын негізгі екі көрсеткіш - бұл кәсіпорынның мақсаты мен тұтынушылардың сипаттамасы (1-кесте) .
1-кесте
Кәсіпорынның баға стратегиясының жүйесі
Нақты бір стратегиялық шешімдер қабылдау, әрине, қиын. Әсер етуші факторлардың кейбірлері (іздестіру шығындары, тауардың пайдалылығын бағалау ерекшеліктері) бір мезгілде пайда болуы мүмкін, сол себепті тәжірибеде кәсіпорындар аталған стратегиялардың түрлі байланысын қолдана алады.
Баға стратегиясын таңдау, сонымен қатар, заңнамалық негіздерге де байланысты болып келеді. Бәсекелестік деңгейі төмен кәсіпорындарға немесе нарықтағы ақпараттардан бейхабар тұтынушыларға қарсы бағалық қасақана заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін көптеген елдерде кәсіпорындардың баға стратегиясын реттейтін заңдар қабылданған. Бұл заңдар, әдетте, бәсекелестер арасындағы қақтығыстарға және тұтынушыларды кемсіту секілді әрекеттерге бөгет болады. Кейбір заңдарда тіпті баға стратегиясының нақты нұсқалары да белгіленген. Сонымен қатар, ешқандай баға стратегиясы бәсеклестіктің әсерін төмендетпеуі тиіс.
Салалардағы тарифтік жүйелер
Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында қазіргі күні қолданыста ғы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар сала сына барлық қатысушыларына-субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделері теңдестіруге қол жеткізуге бағытталған икемді тарифтік реттеу саясаты жүргізілуде.
Бүгінгі күні экономиканы дамыту инфрақұрылымы болып табылатын табиғи монополия саласының қарқынды өсуінсіз өнеркәсіп кешенін дамыту мүмкін емес.
Табиғи монополиялардың қазіргі жағдайы негізгі құралдар мен жабдықтардың тозу деңгейінің жоғарылығымен сипатталады.
Іс жүзінде оның барлық салалардағы сапалы, табиғи тозу деңгейі сындарлы шекке жетті.
Сапалық жағынан тозған жабдықты пайдалану ұсынылатын қызмет көрсетулер көлемінің азаюына, сапасының нашарлауына және апатты жағдайлардың туындауына әкеледі.
Бұдан өзге, жеке айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі жабдықты ауыстыруға бағытталған капитал салымдарын (инвестицияларды) жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі қорларды жаңарту оларды пайдалану тиімділігін, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларын жақсартудың және түптеп келгенде, экономикалық өсім мен ел индустриясын тұрақты дамытудың басты факторларының бірі болып табылады.
Аталған іс-шараларды кең ауқымды іске асыру және тарифтерді белгілеудің жаңа әдістерін енгізу табиғи монополия саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту әрі ресурстарды сақтайтын және шығыны аз жаңа технологияларды енгізу үшін, олардың қайтарымдылығы мен бес жылға дейінгі болашақта тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Ұялы байланыс жүйесіндегі тарифтер саясаты
Баға - бұл тұтынушының тауарды сатып алар кезіндегі ең бірінші көңіл аударатын қасиеті десек те болады. Тұтынушы ең алдымен тауардың бағасын, содан кейін оның басқа параметрлеріне (сапасына, техникалық көрсеткіштеріне) назар аударады. Сол себепті тауар өндірушілер бәсекелестік күресте оң нәтижелі жетістіктерге жету мақсатында өздерінің баға саясатына көп көңіл бөледі. Қазақстандағы баға бәсекелестігінің мысалы ретінде ұялы байланыс нарығындағы компаниялардың баға саясатын қарастыруға болады. Әрбір компанияның өз өнімінің бағасы соғылған қоңыраудың түріне және уақытына байланысты.
Қазақстандық ұялы байланыс нарығындағы
компаниялардың баға саясаты
теңге
* «Dalakom» компаниясының байланыс станциялары орнатылған қалалар мен елді
мекендер үшін ғана.
Кестеден байқап отырғанымыздай, ең төмен тариф «Dalakom» компаниясының өз желісі ішінде орнатылған, сонымен қатар қалалық телефондарға қоңырау соғу бағасы да аталған компанияның баға саясатының тартымдылығын көрсетеді. Дегенмен, өзге компаниялардың бәсекелестік саясаты басқа көрсеткіштер бойынша өзіндік артықшылықтары бар. Мәселен, «Beeline» компаниясы барлық телефондарға соғылатын қоңыраулар үшін секундтық тарифтік бағалар орнатқан, ал «K-Cell» компаниясы көрсетілген тарифтерден басқа қосымша жеңілдіктер қарастырады (кешкі уақыттарда байланыс бағасының 75%-ға дейін төмендетілуі және т. с. с. ) .
Ұялы байланыс компанияларының баға бәсекелестігі олардың өнімдеріне деген бағаның төмендеуіне алып келді. Алғашқы кездері ұялы байланыс нарығында монополистік үстемдік құрған «Алтел» компаниясының қызметі үшін тұтынушылар тіпті қабылданған қоңыраулар үшін де есеп айырысатын, ал уақыт бірлігінің бағасы сол кездері бір АҚШ долларынан асатын.
Министрліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда ағымдағы жылы интернет және мобильді байланыс қызметтерінің тарифтері арзандады. Тарифтер кең жолақты интернетке қосылу үшін ғана емес, ұялы байланыс үшін де арзандатылып жатыр. Желі ішіндегі байланыс құны 33 пайызға, роуминг шегі 48 пайызға және интернетконнект бойынша 20 пайызға төмендетіліп, нәтижесінде интернет пайдаланушылардың саны 34 пайызға өсіп отыр. Қазір Байланыс және ақпарат министрлігі мобильдік желілер арқылы 4 G жобасынжүзеге асыруға жақын, бұл мақсат үшін сәйкес диапазондар бөлініп отыр.
Баға бәсекелестігінің нысаны ретінде бағалық дискриминацияны қарастыруға болады. Бағалық дискриминация бір тауарға, өндіріс шығындары көлеміне қарамастан, әр түрлі тұтынушылар үшін түрлі бағалар орнатумен сипатталады. Бұл нарықты тұтынушылардың категориясына қарай, олардың тауарды сатып алу қабілетіне қарай бөлу арқылы жүзеге асады. Тұтынушылардың түрлі категорияларына қарай әр түрлі баға белгілеу нәтижесінде өндірушілер жалпы табысты арттыруға мүмкіндік алады, себебі тауар қымбат және арзан нарықтарда сатылады, ал тауарды өндіруге кеткен шығын бірдей. Бағалық дискриминация саясатының мысалы ретінде «Қазақтелеком» АҚ баға саясатын келтіруге болады (3. 2-кесте) .
3. 2-кесте
«Қазақтелеком» АҚ белгілеген автоматтық қалааралық
байланыс тарифтерінің коэффициенттері
Кестеден «Қазақтелеком» АҚ автоматты қалааралық байланыс қызметтеріне тұтынушылардың категорияларына қарай әр түрлі тарифтер орнатқанын көреміз. Тарифтер апта күніне және тәулік мерзіміне қарай бөлінеді: түнгі сағат 3-тен бастап ең тарифтер қолданылады. Сонымен қатар, компанияның қызметі әр түрлі абоненттерге түрлі бағалар бойынша ұсынылады: мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғаларға байланыс қызметі жеке тұлғалармен салыстырғанда арзанырақ түседі.
2. 5 Интернет желісіндегі тарифтік жүйелер
"Жеке тұлғалар" және "жеке кәсіпкерлер" пайдаланушыларының санаттары үшін Интернет желісіне кең жолақты қосылыс қызметінің тарифтері
барлық «Megaline» тарифтік жоспарларының пайдаланушылары үшін - "Қазақтелеком" АҚ Интернет желісінің ішкі ресурстарына (Қоғамның IP-адрестері) шектелмеген қосылыс беріледі. Бұл ретте, ішкі ресурстарға/дан кіріс/шығыс трафик тарифтелмейді. Егер сессия бір тарифтік жоспардың (тарифтің) әрекет ету кезеңінде басталып, басқа тарифтік жоспардың (тарифтің) әрекет ету кезеңінде аяқталған жағдайда, қызметтің ұсыныла басталу күнінде (сессияның басталу күнінде) тарифтеледі.
«Megaline Start» тарифтік жоспарының пайдаланушылары үшін - "Қазақтелеком" АҚ-ның ішкі ресурстарына және Интернет желісінің сыртқы ресурстарына қатынау жылдамдығы трафикті генерациялау кезінде кіріс/шығыс арналар бойынша екі бағытта да жалпы қатынау жылдамдығы 1024 Кбит/с /1024 Кбит/с дейін құрайтындай жинақталады, бұл ретте сыртқы ресурстарға кіріс/шығыс арналар бойынша кепілді қатынау жылдамдығы 256 Кбит/с/256 Кбит/с құрайды.
«Megaline Hit», «Megaline Light», «Megaline Box» тарифтік жоспарларының пайдаланушылары үшін - "Қазақтелеком" АҚ-ның ішкі ресурстарына және Интернет желісінің сыртқы ресурстарына қатынау жылдамдығы трафикті генерациялау кезінде кіріс/шығыс арналар бойынша екі бағытта да сыртқы ресурстарға жалпы қатынау жылдамдығы 2048 Кбит/с /1024 Кбит/с, бірақ Астана мен Алматы қ. үшін кем дегенде 1024 Кбит/с/1024 Кбит/с және қалған аудандарға 512 Кбит/с/512 Кбит/с құрайтындай жинақталады.
"Megaline Turbo", "Megaline Turbo Plus", "Megaline Turbo Light" тарифтік жоспарының пайдаланушылары үшін - деректерді беру жылдамдығы "Қазақтелеком" АҚ желісінің ішкі ресурстарына да, Интернет желісінің сыртқы ресурстарына да динамикалы түрде (бейімді түрде, "соңғы миляның" техникалық параметрлеріне байланысты) кіріс арна бойынша 8 Мбит/с дейін (жинақ) және шығыс арна бойынша 1024 Кбит/с (жинақ) дейін, бірақ кем дегенде 1024 Кбит/с/ 512 Кбит/с өзгереді.
* - Аудандық мәндегі қалаларда және аудандық мәндегі қалалардан төмен елді мекендерде тұрып жатқан абоненттерге қызметті ұсыну барысында портқа қосылу үшін біржолғы төлемге 0, 75 еселігі қолданылады;
** - тариф "Астанателеком" ҚТО және «Алматытелеком» ҚТО абоненттеріне қарастырылған
*** - тариф облыс орталықтары мен Семей қ. қарастырылған
- тариф облыс орталықтары мен Семей қ. қоспағанда, Ақмола ОТД, Ақтөбе ОТД, Атырау ОТД, Алматы ОТД, Шығыс Қазақстан ОТД, Жамбыл ОТД, Батыс Қазақстан ОТД, Қарағанды ОТД, Қостанай ОТД, Қызылорда ОТД, Маңғыстау ОТД, Павлодар ОТД, Солтүстік Қазақстан ОТД, Оңтүстік Қазақстан ОТД абоненттеріне қарастырылған.
Ескерту:
аудандық мәндегі қалаларда және аудандық мәндегі қалалардан төмен елді мекендерде тұрып жатқан«Megaline Start» ТЖ пайдаланушылары үшін - ай сайынғы төлемге 0, 75 еселігі қолданылады.
аудандық мәндегі қалаларда және аудандық мәндегі қалалардан төмен елді мекендерде тұрып жатқан «Megaline Turbo» ТЖ пайдаланушылары үшін - ай сайынғы төлемге 0, 95 еселігі қолданылады. Бұл еселік кейінгі 10 Мбайт кіріс трафигі үшін төлемге қолданылмайды
2. 6 Теміржол саласындағы тарифтік жүйелер саясаты
ҚР көлік және коммуникация министрлігінің экономика мен халықтың көлік саласындағы қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникация кешенін дамытуда МТЖқызметтеріне тарифтерді кезең-кезеңімен біріздендіру болып табылады:
1) қатынас түрлері бойынша (импорттық және облысаралық) 2012 жылға қарай;
2) экономикалық орындылығын ескере отырып, жүк түрлері бойынша;
3) МТЖ қызметтеріне шекті тарифтерді 10 жылға бекіту.
Тасымалдар саласында жаңа тарифтік саясатты іске асыру және темір жол көлігімен тасымалдауға тарифтерді 2011 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы кезеңде, кейіннен инфляция деңгейінде индекстеумен жыл сайын орташа есеппен 15% арттыру есебінен жылжымалы құрамды сатып алу және күрделі жөндеу.
Қолданыстағы реттеу тәжірибесіне сәйкес тарифтер жүк түрі мен тобына қарай сараланған. Нәтижесінде тасымалдаудан түскен кіріс хабарлама түрімен және жүк тобымен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді. Көрсетілген тасымал сегменттерінен үш топты атауға болады:
1- топ - төмен кірісті тасымалдар:
тас көмір (экспорт, облысаралық қатынас), кен (экспорт, облысаралық қатынас), құрылыс жүктері (импорт), нан (экспорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (облысаралық қатынас) ;
2 - топ - жоғары кірісті тасымалдар:
мұнай жүктері (экспорт), қара металл (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), химиялық және минералды тыңайтқыштар (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (импорт) ;
3 - топ - өз шығынын өтейтін тасымал:
тас көмір (импорт), мұнай жүктері (импорт, облысаралық қатынас), кен (импорт), құрылыс жүктері (экспорт, облысаралық қатынас), нан (импорт), қалған жүктер (экспорт) .
Экономиканың жүк және басқа салаларының (тау-кен өндіру, құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен) есебінен, баға өсіміне қатысты темір жол тарифтерінің төмендеуі есебінен жолаушы тасымалдарын көптеген жылдар бойы қиылысты қаражаттандыруға мүмкіндік беретін экономикалық саясат сала активтерінің «шайылуына» және мемлекеттің көлік инфрақұрылымдары сапасының әлсізлауына алып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz