Қайта өрлеу мәдениеті (XVI-XVII ғ.ғ.)



Жаңа заман мәдениеті қалыптасуының уақыт бойынша екінші ареалы – трансальпілік Европа. Осы жерде – Орталық Европа елдерінде XVI ғасырдың бірінші жартысында ескінің жаңамен күресінің жаңа кезеңі басталады. Осы процестің маңызды факторлары итальян Қайта Өрлеуінің әсері және аймақтың көптеген елдерінде өндірістік күштердің, материалдық өндірістің, ғылым мен техниканың бұған дейін байқалмаған жетістігі болды. Ол қалалардың, кәсіптердің табыстарымен, мануфактураның пайда болуымен, ішкі және халықаралық сауданың дамуымен байланысты.
Италиядан солтүстікке қарай жатқан европа елдерінің XV ғ.–XVI ғ. бірінші жартысындағы мәдениетін “Солтүстіктегі Қайта Өрлеу” деп атайды. Бұл термин жеткілікті түрде шартты, өйткені бұл елдерде ештеңені жандандыру қажет емес болатын: онда антика кезеңінің ескерткіштері көп емес.
Егер мәдени процестің ішкі тенденцияларының ортақтығын еске алсақ, осы терминді қолдану толығымен өзін ақтайды. Ол буржуазиялық даралықтың жаппай өсуі мен қалыптасуынан, ізгіліктің таралуынан, феодалдық дүниеге көзқарастың бұзылуынан, тұлға санасының өсуінен құралады.
XV ғ. маңызды өнертабысы – баспа станогы. XVI ғ. ортасында ол Европаны жаулап алады. Шіркеудің жазба тілін тарату монополиясы қирады. Ақсүйектер және ғылыми-техникалық әдебиетті шығару мүмкіндігі ашылды. 1500 ж. Германияның, Голландияның және Швейцарияның 26 қаласында 1100 баспахана болды, олар көбінесе гуманистік әдебиеттердің 10-12 млн. данасын шығарды.
Ұлы географиялық жаңалықтар европалықтардың ой өрісін кеңейтті: тек осы кезде ғана Жерді ашты. Жердің құрылысы туралы мәселеде

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қайта өрлеу мәдениеті (XVI-XVII ғ.ғ.)

Жаңа заман мәдениеті қалыптасуының уақыт бойынша екінші ареалы –
трансальпілік Европа. Осы жерде – Орталық Европа елдерінде XVI ғасырдың
бірінші жартысында ескінің жаңамен күресінің жаңа кезеңі басталады. Осы
процестің маңызды факторлары итальян Қайта Өрлеуінің әсері және аймақтың
көптеген елдерінде өндірістік күштердің, материалдық өндірістің, ғылым мен
техниканың бұған дейін байқалмаған жетістігі болды. Ол қалалардың,
кәсіптердің табыстарымен, мануфактураның пайда болуымен, ішкі және
халықаралық сауданың дамуымен байланысты.
Италиядан солтүстікке қарай жатқан европа елдерінің XV ғ.–XVI ғ.
бірінші жартысындағы мәдениетін “Солтүстіктегі Қайта Өрлеу” деп атайды. Бұл
термин жеткілікті түрде шартты, өйткені бұл елдерде ештеңені жандандыру
қажет емес болатын: онда антика кезеңінің ескерткіштері көп емес.
Егер мәдени процестің ішкі тенденцияларының ортақтығын еске алсақ, осы
терминді қолдану толығымен өзін ақтайды. Ол буржуазиялық даралықтың жаппай
өсуі мен қалыптасуынан, ізгіліктің таралуынан, феодалдық дүниеге
көзқарастың бұзылуынан, тұлға санасының өсуінен құралады.
XV ғ. маңызды өнертабысы – баспа станогы. XVI ғ. ортасында ол Европаны
жаулап алады. Шіркеудің жазба тілін тарату монополиясы қирады. Ақсүйектер
және ғылыми-техникалық әдебиетті шығару мүмкіндігі ашылды. 1500 ж.
Германияның, Голландияның және Швейцарияның 26 қаласында 1100 баспахана
болды, олар көбінесе гуманистік әдебиеттердің 10-12 млн. данасын шығарды.
Ұлы географиялық жаңалықтар европалықтардың ой өрісін кеңейтті: тек
осы кезде ғана Жерді ашты. Жердің құрылысы туралы мәселеде ғасырлық беделге
соққы жасау білімнің басқа салаларында еркін ғылыми іздестіруге мүмкіндік
жасады.
XV ғ. бірінші жартысында итальян Қайта Өрлеуінің гуманизмі қазіргі
Голландия мен Бельгияның территориясын алып жатқан Нидерландыда айқын
көрінді. Нидерланд қалалары итальяндық қалалар сияқты саяси еркін болмаса
да, байып, беки түсті. Оның ішінде халықаралық сауда орталықтары Брюгге,
Антверпен де болды.
Солтүстік елдердің ерте бюргерлігі – жаңа замандағы европа
мәдениетінің қызықты құбылысы. Оған итальяндықтардың екпіні мен көп қырлығы
тән емес. Үлкен тарихи міндеттер оның мойнында болды. Бұл сирек кездесетін
қасиеттерді қалыптастырды, оларға материалдық құндылықтарға жоғары құрмет,
төзімділік, корпоративтік бірлік, борыш пен берген сөзге адалдық, жеке
басының ар-намысы сезімі тән болды. Томас Манн айтқандай, бюргер орташа
адам болды.
Өз-өзін, өз нәрсесін сыйлау діни көзқарас арқылы өзінше түсінілді,
өлеңмен суреттеліп, өнермен рухтанды. Солтүстік Европа бюргерлерінің
кредосы бейбіт, тақуа, діни құрметті өмір болды. Бұл протестанттық
реформалардың рухына сай келді.
Нидерландыда Италиядағыдай гуманистер әлемдік жауыздықтың өміршеңдігін
және бүкіл жерге тарағандығын байқады. Үміті үзілген адамдар мистикалық
ілімдермен, изуверлік секталармен, сиқырмен айналысты.
Бұл көңіл-күйлерді Иероним Босх өз шығармашылығында көрсете білді.
Адамзат кеселдерін суық қанды талдау және аяусыз гротеск оның Ақымақтар
кораблі картинасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Босхтың ең белгілі
туындысы – Жер бетіндегі ләззат бақшасы триптихы, онда суретші адамдардың
күнәлі өмірінің бейнелеу бейнесін жасайды. Картинаның ішкі түрі –
суретшінің жақындап келе жатқан әлемдік катастрофаны сезінуі.
Нидерланд Ренессансының шыңы Питер Брейгельдің (1525-1569 ж.ж.)
шығармашылығы болды. Деревнядағы мерекелер, жәрмеңкелер, билер
тақырыбындағы жанрлық туындылар, нидерланд деревнясында испандықтар
ұйымдастырған кескілесу бейнеленген Сәбилерді Вивлиемде ұру және
Соқырлар тәрізді соңғы жылдардағы трагедиялық туындылар Брейгель-
суретшіге даңқ әкелді.
Неміс Қайта Өрлеуінің ең ірі шебері Альбрехт Дюрер (1471-1528 ж.ж.)
болды, ол ұлы кескіндемеші, нақышшы (гравер), Германиядағы бірінші
ренессанс типіндегі универсал суретші болды. Дюрердің идеал адамы
итальяндықтан бөлек. Дюрер бейнелері күшті және зерделі, сонымен қатар
қалың ой мен күмәнға толы. Онда Рафаэльдің немесе Леонардоның айқын
үйлесімі жоқ. Дюрердің көркем тілі күрделенген, аллегориялы. Суретші
шығармашылық жолының басында гравюра өнерімен көп айналысқан. Дюрер
жауһарларына Апокалипсис нақыштары сериясының 15 беті жатады, онда
ақырзамандағы сәуегейлік бейнеленген. 15 жылдан соң Салт атты, өлім және
жын-пері, Қасиетті Иероним және Меланхолия атты мыстағы атақты
гравюралар пайда болды. Шебердің жауһарларының бірі – Дрезден галереясынан
алынған Жас адам портреті.
XVI ғ. Европа мәдениетінің ірі оқиғасы Реформация болды. Реформация
сөзімен XVI ғ. жаңа христиандық діни оқулардың қалыптасуымен байланысты
Европа және әлем тарихының ірі құбылысын белгілейді, осы кезде
католицизмнен діндарлардың көбінің кетіп қалуы, рим-католик шіркеуінің
ажырауы, жаңа христиан шіркеулерінің және шіркеулік емес діни қоғамдардың
құрылуы болды. Осының бәрі жаңа заманның басында Европа өмірінің саяси,
әлеуметтік, мәдени, шаруашылық және басқа да ірі өзгерістерімен қатар
жүрді.
Реформацияның хронологиялық шеңберлері Европаның әр елдерінде әр алуан
болды, бірақ Германияда 1517 жылы индульгенцияға қарсы тезистермен шыққан
Мартин Лютердің (1483-1546 ж.ж.) сөзі оны басы болып саналады, ол
Виттенбергск университетінің теология профессоры. Гуманистердің позициялары
туралы және олардың Реформацияны дайындаудағы ролі туралы түсінікті олардың
ішіндегі ең ірісі, Нидерландтың тумасы Эразм Роттердамскийдің (1469-1536
ж.ж.) жұмыстары бойынша қалыптастыруға болады. Эразм Христиан жауынгеріне
өсиет, Ақымақтықты мадақтау, Әлем арызы туындыларында, Қымсынбай
әңгімелесу сұқбаттарында және басқа көптеген хаттарында схоластика, клира,
көпшілік ырымшылдықты сынаудың жоғары көркем үлгілерін берді.
Шіркеу құтқару мәселесінде аспан мен адам арасында міндетті сарапшы
болмайтындығы туралы ережені Реформацияның басты идеясы деп атап көрсетуге
болады. Лютерде адамның құдаймен өзара қатынасының жеке жауапкершілігінің
идеясы айқын көрсетілген.
Реформацияның екінші ірі орталығы Швейцария болды, онда жаңа
христиандық ілімдерді жасаушылар Ульрих Цвингли және Жан Кальвин болды.
Кальвин бірінші болып діни утопияны жүзеге асыра бастады, лютерандылықты
аяғына дейін жеткізді: казармалық протестантизмді құрды. Пртотестанттық
қала бейнесі – бірдей өлшемдегі үйлер, фасадтардың безендірілмеуі.
Бір қатар елдерде Реформацияны корольдік өкімет жоғарыдан жүргізді
(Дания, Швеция, Англия), немесе мүлдем жүргізілмеді (Испания, Италия).
Осы оқиғалардың барысында протестанттық мәдениет феномені біржолата
нақтыланды.
Протестантизм буржуазиялық қатынастардың қалыптасуының жаңа әлеуметтік
және саяси процестерін бейнелеу және ақтау ретінде болды. Бұл жағынан ол
христиандықтың буржуазиялық версиясы ретінде қарастырылады.
Протестантизмнің басты ойы Евангелийға кешірім үшін берілетін құрбандық
идеясы жат болуынан тұрады. Евангелий құдайы күнәліден істеген ісіне
өкінуден басқа ештеңе талап етпейді. Протестантизм бастамашылық пен
жауапкершілік талап ететін автономды адам діні. Ол адамды діншілдікті
адамның ішкі дүниесі қылып, оны сыртқы діншілдіктен босатты.
Протестантизм жеке өмір мен қоғамдық өмір арасындағы шекараны
мойындамайды: адам әрқашан құдайдың көз алдында Лютерандар үшін миф маңызды
емес, мәтін ғана маңызды, олар сәнді ғұрыпты мойындамайды. Протестантизмнің
діни жаңалықтары шіркеуді арзандату линиясымен жүрді. Намаз оқу үйі
қарапайым болу қажет. Сәнді литургияның орнына – оқу мен ән айту.
Лютерандылық католицизмнің маңызды ғұрыптарын ревизияға ұшыратты: 7
құпиядан 2 ғана қалдырды – шоқыну және тазарту. Протестанттық эволюциямен
Европа музыкасының гүлденуі тығыз байланысты.
Контрреформация кезеңі XVI ғ. ортасынан XVII ғ. соңына дейінгі уақытты
қамтиды. Оның мәні – папалықтың реформацияға қарсы күресі.
Контрреформацияның басты қаруы – инквизиция, монах ордендері. Католицизм
ымыра саясатын қойып, протестантизммен қатаң қайшылыққа көшу қажеттілігі
туралы қорытындыға келді.
Соңында контрреформация зорлық-зомбылыққа көшті. Ең айқын үлгісі –
Испания, онда инквизиция қаһарына енген. Испания халықаралық істерде өзінің
бастапқы ролін жоғалта отырып, оны әдебиет пен өнер облысында тапты. Испан
әдебиетінің ірі құбылысы М. Сервантестің Дон Кихот романы болып табылады.
Ол XVI-XVII ғ.ғ. Испанияның, оның тұрмыстық әдет-ғұрпының ажырамас бөлігі.
Елдің рухани өмірі үшін басқа жұбаныш испан театры болды. Оның жоғары
жетістіктері атақты испан драматургы және жазушысы, 2000-нан астам
шығармалардың авторы Лопе де Веганың (1562-1635 ж.ж.) есімімен байланысты.
Ол терең қоғамдық дағдарыс жағдайында өмірді ар-намыс принципімен
негіздеуге тырысты. Лопе де Вега қазіргі Испанияда ар-намысты жақтаушы деп
шаруаны атайды. Ар-намыс принципінің кем күштермен күресі испан драмасына
өзіндік сипат береді.
XVII ғасыр Испания үшін көрнекті суретшілер шоғырын сыйлады. Бұл Эль
Греко есімімен белгілі Доменико Теотокопули (1542-1614 ж.ж.), Хосе Рибейра
(1591-1652 ж.ж.), Франсиско Сурбаран (1598-1664 ж.ж.), Эстебан Мурильо
(1617-1682 ж.ж.), Диего Веласкес (1599-1660 ж.ж.).
Реформация мүмкіндік жасады
- католиктік шіркеудің шындыққа монополиясының беделін түсіру;
- ақыл-парасат беделін, шаруашылық және саяси қызметке ұтымды
қатынасты жоғарылату;
- Библияға сыни көзбен қарау;
- католицизмнің көптеген елдерде өзінің позицияларын жоғалтуы;
- аймақтық плюрализмді ресмилеу, бұл еркін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка өнері
«Жаңа заман мәдениеті» ұғымы
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Қайта өрлеу дәуірінің сипатты белгілері мен оның философиядағы көрінісі
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Орта ғасыр мәдениеті. Итальян қайта өрлеуі
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Ресей мәдениеті
Пәндер