Өзен және батпақтардың геологиялық рөлі



Жоспар:
1. Өзен және батпақтардың геологиялық рөлі
2.Жаралуы және түрлері
3.Батпақтың жалпы мінездемесі
4.Көмір және шымтезектің қалыптасуы
5.Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар:
1. Өзен және батпақтардың геологиялық рөлі
2.Жаралуы және түрлері
3.Батпақтың жалпы мінездемесі
4.Көмір және шымтезектің қалыптасуы
5.Пайдаланылған әдебиеттер
Батпақ -- ылғал шамадан тыс жиналып, шымтезек түзілу процесі жүріп жатқан жерлер. Батпақ жер беті сулары ойыстарда, шұңқырларда, сондай-ақ, жер бетіне жақын орналасқан су өткізбейтін қабаттарда іркіліп жиналғанда немесе жер асты сулары жер бетіне жақын жатқанда, беткі топырақ қабаты толық ылғалдыққа дейін қаныққанда және осы жерлерде ылғал сүйгіш өсімдіктер өскенде пайда болады. Қазақстан жерінде ауқымды Батпақтар жоқ, өйткені республика жері, негізінен, құрғақ -- сулану аз да, булану мол. Дегенмен, жергілікті табиғи-климаттық жағдайларға, тіпті кей алқаптарда адамның тікелей әрекетіне байланысты Қазақстанда Батпақтың өзен-көл жағалауындағы Батпақ, сор Батпақ, тақырлық Батпақ, саздық Батпақ, техногендік Батпақ, т.б. түрлері кездеседі. Өзен-көл жағалауларындағы Батпақ тұщы су әрі күн сәулесі жеткілікті аймақтарда орын алатындықтан, мұндай жерлерде қамыс, қоға қалың өседі. Сор Батпақ -- республиканың оңтүстігіндегі шөл және шөлейт белдемдердің ойпаң жерлерінде, көлдердің жағалауларында, ал кейбір жылдары, тіпті, сол көлдердің табандарында да кездеседі. Мұнда кейбір сораң шөптерден басқа өсімдік өспейді. Тақырлық Батпақ -- шөлді аймақтардың ойпаттау жерлеріндегі тақырда кездеседі. Саздық Батпақ -- Қазақстанның оңтүстік мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтар етегіндегі бұлақтар төңірегінде түзіледі. Техногендік Батпақ -- кең ауқымды су құрылыстары жүргізілген аймақтарда (бөген салу, канал қазу, күріш суару алқаптары, т.б.) пайда болады. Мысалы, Қапшағай бөгені салынғаннан кейін, оның жағалауындағы жер асты суының деңгейі көтеріліп, 200 мың га жер батпаққа айналды, сөйтіп ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалды.
Батпақ -- жер бетінің шамадан тыс ылғалданған бөлігі. Олардың беткі қабаттарында құраған өсімдіктердің толық ыдырамаған, кейін шымтезекке айналатын қалдықтары жиналады. Б. үстінде мол ылғал мен ағыссыз жағдайға бейімделғен өсімдіктер ғана өседі. Қалындығы 0,3 м-ден кем болмайтын, минералды таужыныстардың бетіне шөккен, ылғалға қанық органикалық материалдардан (шымтезек) тұрады. Ылғал шымтезек қабаттың калындығы 30 см болса -- батпақ, ал 30 смден аз болса -- батпактанған жер деп аталады. Қоректену сипатына, жер бедеріне байланысты, орналасу жағдайына және негізгі өсімдік кұрамына карай Б. басты-басты үш экологиялык түрге бөлінеді: эвтрофты (ойпаңдық), олиготрофты (беткейлік) және мезотрофты (өтпелі). Б. негізінен көлдердің шарасын өсімдік басу немесе құрлықтың батпақтануы (орман, шабындық өртендері) жолымен қалыптасады. Өсімдіктердің басымдылығына қарай -- орманды, бұталы, шөптесін, мүкті Б.; микробедерге байланысты -- төбешікті, жайпақ, шығыңқы (дөңбек) және т.б. Б.; макробедеріне қарай -- аңғарлық, жайылмалық, беткейлік, суайрыктык Б. болып жіктеледі. Қазақстанда батпактар көбінесе солтүстікте, Батыс Сібір ойпатында кеңінен тараған. Әлемдегі батпақтардың жалпы көлемі 2682 мың шаршы км, яғни құрлық аумағының 2,1%-ын алып жатыр.
Батпақ (Болото) -- құрлықтың (орманды, шалғынды жерлердің, кесілген және өртенген орман орындарының) батпақтануы немесе суқоймаларды шоп басуынан пайда болған, жылдың көп бөлігінде ылғалдылығы тоқыраған, мол немесе баяу азаятын құрлық бөлігі. Сулық-минералдық қоректену жағдайларына байланысты ойпаңдық -- евтрофтык батпақ, өтпелі -- мезотрофтық батпақ, қалқыма -- олиготрофтық батпақ деп бөлінеді. Љсімдіктерінің басым типтері бойынша: орманды, бұталы, шымтезекті, мүкті; макробедері бойынша: төбелі, жайпақ, ойпаң және тағы да басқалары; макробедері бойынша: аңғарлық, жайылмалық, беткейлік, суайрыктық деп ажыратады. Батпақтануға су өткізбейтін қабатгың болуы әсер етеді.
1) суқоймаларды батпақты өсімдіктердің басып кетуі; 2) грунт суларының көтерілуі, ағынның тоқырауы, су іріккіш тау жыныстарының жер бетіне жақын жатуы салдарынан, сондай-ақ булану режімінің өзгеруі (мысалы, орманда өрт болуының) нәтижесінде топырақ пен грунттың суға шылқуы. Батпақтану көбіне батпақтанған және батпақты топырақтардың түзілуіне, оның бетінде шірімеген органикалық заттар мен шымтезектің жиналуына себепші болады.
Батпақтағы ылғал қозғалыстарының физикалық процестерін және батпақ пен қоршаған ортаның ылғал алмасу процестерін зерттеумен айналысатын құрлық гидрологиясының бөлігі.
Батпақты атыраптарда тараған жылғалардың, өзеншелердің, көлдердің және ми батпақтардың жиынтығы.
Өзен -- өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су.
Өзеннің негізгі бөліктері - бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер - негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері - өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі - арна, тасқын сулар ғана жететін жері - жайылма) ағады. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады. Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық-дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазона, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км-ден, 155-і 100 км-ден, 4-нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 1000 км-ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м3, олардың ағын мөлшері 3460 м3с. СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су-энергетикасының жалпы қоры - 170,6 млрд. кВтсағ. Ірі СЭС-тер Ертіс (Бұқтырма, Өскемен), Іле (Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен - арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы - құнарлы топырақты шалғын
Өзен түзілімдері. Шөгінділердің континент жағдайында ерінді сулармен немесе өзен суларымен тасымалдануы нәтижесінде қалыптасатын мұздық, көл және өзен түзілімдері. Олардың өзіңдік ерекшеліктері климат жағдайына, ағынның жылдамдығына, түзілімдену алабының тереңдігіне, қоршаған аймақтың геологиялық құрылысы мен бедер ерекшелігіне, тектоникалық қозғалыстар қарқындылығына байланысты өзгереді. Бұл түзілімдер жиі-жиі тұщысулық фауна қалдықтарын кіріктіреді, бірақ бұл тапжылмайтын заңдылық емес.
Батпақтар жіктемесі -- батпақтарды олардың кейбір жалпы сипаттарына қарай топтарға бөлу. Су-минералдық қоректену сипатына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КҮРІШ СУАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ КҮРІШТІҢ СУАРУ РЕЖИМІНЕ ДЕГЕН ТАЛАБЫ
Қазақстандағы емдік-сауықтандыру орындарының туризмдегі рөлі
Емдік туризмнің түсінігі
Емдік туризмнің түрлері
Алтай экспедициялары ЖШС-нің қаржылық қызметін экономикалық талдау
Тұщы су экожүйелері
Зілзала және оның салдарымен күрес туралы
Курорттық-сауықтыру туризмнің дамуы
Әлемдік мұхиттың ластануы
Емдік туризм
Пәндер