Жарнаманың пайда болуы



Бүгінгі әлеуметтік,экономикалық тыныс.тіршілігімізді жарнамасыз көзге елестету қиын.Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне , өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды.Тұтынушы мен өндіруші арасындағы маңызды дәнекер буын бола отырып , жарнама экономиканың дамуын ынталандыратын , өндірістік үдерістер мен өнім сапасын жетілдіретін маңызды тұтқа ретінде көрінуде.Жарнама сауданы «жүргізетін» тетік қана емес, сондай.ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін « өркениет жеделдеткіш» болып отыр.
Өркениетті тіршіліктің сипатты белгілерінің біріне айналған жарнама төңірегінде зерттеушілер мен практик мамандар тарапынан түрлі пікірталастарының туындағанына көп болды.Зерттеушілердің көбі оны ғылымның арнайы бір саласына жатқызса , практиктер басқару , кәсіпкерлік пен іскерлік өрісінен іздегісі келеді,ал жарнамалық хабарландырулар әзірлеуге қатысы бар мамандар шығармашылық үдерістің өзіндік бір түрі деп санайды.Осы пікірлердің қай.қайсысының да шындыққа қатысы бар болғандықтан келесі тарауларда оларға арнайы тоқталып өтпекпіз.
Жарнама нышандары адамзаттың өзін.өзі танып , саналы тіршілікке көшкен уақытында пайда болды деуге негіз бар.Адамдардың алғашқы томаға.тұйық қауымдастықтарында өмірге келген жарнама дами келе мәдени факторға айналып, тіл, діл, дін, әдет.ғұрып сияқты өзге де объективті алғышарттарымен бірге адамзат дамуының өркениеттік ұғым.түсінігін қалыптастырды.Ал ақпарат алмасу тұрғысынан алғанда өркениет дегеніміз ең биік деңгейдегі мәдени қауымдастықтың ,аралас.құраластық пен сан қырлы байланыстың , яғни коммуникацияның жоғары даму сатысы.Жарнама . коммуиникация құралы, мәдени және өркениеттік тетіктер . техника мен технология арқылы ол қоғамдық байланыстардың дамуына өз әсерін тигізеді.
Әлбетте,адамзат қоғамының тәй.тәй басқан шағынды толыққанды жарнама әлі өмірге келмеген . тін, тек жарнама нышандары ғана бой көрсете бастаған.ды.Жарнама нышандарын алғашқы қауымға қауып.қатер төнгенде дабыл (сигнал) қағарлық міндетті орындаған, бір тайпаның адамын келесі тайпаның өкілінен ажырата білген әлеуметтік ақпарат ретінде қарастыруға болады.Тайпа мүшесінің сақал.шаш жіберуінен , киім киісінен , денесінің түрлі бөліктеріне таңба салуынан осындай ақпарат «көзге ұрып тұратын».Бұл кезеңде жарнама нышандарының экономикалық сипатынан әлеуметтік бағыты басым болды, яғни осы арқылы билік тұтқасын ұстаған өкілетті тұлғалар , ауқатты топтар қарапайым халықтан айырмашылығы болды.Сөйтіп, қоғам дамуының бастапқы сатыларындағы бұл нышандар жарнаманың пайда болуына жол ашқан әлеуметтік және мәдени тірліктің таптық және мүліктік жіктелу сипаты бар элементтері.тін.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
1.1.Жарнаманың пайда болуы

Бүгінгі әлеуметтік,экономикалық тыныс-тіршілігімізді жарнамасыз көзге елестету қиын.Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне , өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды.Тұтынушы мен өндіруші арасындағы маңызды дәнекер буын бола отырып , жарнама экономиканың дамуын ынталандыратын , өндірістік үдерістер мен өнім сапасын жетілдіретін маңызды тұтқа ретінде көрінуде.Жарнама сауданы жүргізетін тетік қана емес, сондай-ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін өркениет жеделдеткіш болып отыр.
Өркениетті тіршіліктің сипатты белгілерінің біріне айналған жарнама төңірегінде зерттеушілер мен практик мамандар тарапынан түрлі пікірталастарының туындағанына көп болды.Зерттеушілердің көбі оны ғылымның арнайы бір саласына жатқызса , практиктер басқару , кәсіпкерлік пен іскерлік өрісінен іздегісі келеді,ал жарнамалық хабарландырулар әзірлеуге қатысы бар мамандар шығармашылық үдерістің өзіндік бір түрі деп санайды.Осы пікірлердің қай-қайсысының да шындыққа қатысы бар болғандықтан келесі тарауларда оларға арнайы тоқталып өтпекпіз.
Жарнама нышандары адамзаттың өзін-өзі танып , саналы тіршілікке көшкен уақытында пайда болды деуге негіз бар.Адамдардың алғашқы томаға-тұйық қауымдастықтарында өмірге келген жарнама дами келе мәдени факторға айналып, тіл, діл, дін, әдет-ғұрып сияқты өзге де объективті алғышарттарымен бірге адамзат дамуының өркениеттік ұғым-түсінігін қалыптастырды.Ал ақпарат алмасу тұрғысынан алғанда өркениет дегеніміз ең биік деңгейдегі мәдени қауымдастықтың ,аралас-құраластық пен сан қырлы байланыстың , яғни коммуникацияның жоғары даму сатысы.Жарнама - коммуиникация құралы, мәдени және өркениеттік тетіктер - техника мен технология арқылы ол қоғамдық байланыстардың дамуына өз әсерін тигізеді.
Әлбетте,адамзат қоғамының тәй-тәй басқан шағынды толыққанды жарнама әлі өмірге келмеген - тін, тек жарнама нышандары ғана бой көрсете бастаған-ды.Жарнама нышандарын алғашқы қауымға қауып-қатер төнгенде дабыл (сигнал) қағарлық міндетті орындаған, бір тайпаның адамын келесі тайпаның өкілінен ажырата білген әлеуметтік ақпарат ретінде қарастыруға болады.Тайпа мүшесінің сақал-шаш жіберуінен , киім киісінен , денесінің түрлі бөліктеріне таңба салуынан осындай ақпарат көзге ұрып тұратын.Бұл кезеңде жарнама нышандарының экономикалық сипатынан әлеуметтік бағыты басым болды, яғни осы арқылы билік тұтқасын ұстаған өкілетті тұлғалар , ауқатты топтар қарапайым халықтан айырмашылығы болды.Сөйтіп, қоғам дамуының бастапқы сатыларындағы бұл нышандар жарнаманың пайда болуына жол ашқан әлеуметтік және мәдени тірліктің таптық және мүліктік жіктелу сипаты бар элементтері-тін.
Жарнаманың даму үдерісін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады:
Б.д.д. 3 мыңжылдық - б.д. 5 мыңжылдық - жарнаманың ілкі тарихы (ежелгі дәуір, антикалық кезең және антикадан кейінгі кезең);
6 - 7 ғғ. - орта ғасырлар (феодализм дәуірі, өнеркәсіпті цехтық тәсілмен ұйымдастырудың қалыптасуы);
16 - 17 ғғ. - Ренессанс және ағарту дәуірінің жарнамасы;
19ғ. - 20 ғ. басы - индустриялық өндірістің және капиталистік экономиканың даму кезеңі.
Қазіргі заманғы жарнама әуелі протожарнама түрінде пайда болды.Протожарнама бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралық коммуникация жүйесі қалыптасқан қазіргі жарнама пайда болар алдындағы ақпараттық-жарнамалық қызметті білдіретін тарихи-мәдени құбылыс саналады.Ежелгі протожарнаманың пайда болуы біздің дәуірімізге дейінгі 3-ші мыңжылдықпен таңбаланады.культтық протожарнама (рулық және тайпалық тотемдер), меншік белгілері (таңба, штамп, мөр), авторлық белгілер(сигнатуралар) протожарнамалық формаларға жатады.
Жарнаманың қоғам дамуының экономикалық факторы ретінде өмірге келуі қалалық өркениеттің пайда болуымен тікелей байланысты.Урбанистік өркениет арқасында ілім-білім бір жүйеге түсіріліп, әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтарға ортақ дін мен заң-низам дүниеге келді, жазу-сызу дамыған шаһар мәдениеті қалыптасты.Қала халқының саны өсті (кей деректерде Рим мен Бабылда-Вавилонда - миллионға дейін тұрғын болғаны айтылады).Қаладағы тыныс-тіршілік негізгі үш орталық төңірегіне топтастырылғаны белгілі: билік орталығында әкімшілік орындары , ал рухани орталықта ғибадат үйлері шоғырландырылса , экономикалық орталық өзегі базар болып табылатын-ды.
Осы құрылымдардың бәрі бас-аяғы бүтін, жинақы, классикалық күйде Рим мединасы - мегаполисте көрініс тапты.Мұнда тұрғындарды Сенаттың саяси шешімдерімен , қала басшылығының бұйрық-жарлықтарымен, жат жұрттық елшіліктердің келу-кетуі, азық-түліктің бағасы , сондай-ақ ақсүйектердің сүікті ермегі - гладиаторлардың шайқасы жөніндегі ақпармен таныстыратын жарнаманың арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнама агенттігі
ЖАРНАМА ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Аудиовизуалды жарнама
Тауарлар мен қызметтер жайлы тұтынушыларды ақпараттандыру
Сыртқы жарнама дизайнын құру
Жарнама нарығы туралы
Интернет арқылы жарнама
Жарнаманың пайда болу тарихы
Туристік компания қызметінің жарнамасы
Ынталандырушы жарнама
Пәндер