Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы



Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.Қаржыны басқару және оны басқарудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Қаржыны басқару ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Мемлекеттің қаржысын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі ... ... ... ... ... ... ...14

ІІ. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару ... ... ... ..17
2.2 «Арай» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ..20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.Қаржыны басқару және оны басқарудың
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 4
1.1 Қаржыны басқару
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4
1.2 Мемлекеттің қаржысын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Қаржыны басқарудың автоматтандырылған
жүйесі ... ... ... ... ... ... ...14

ІІ. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысы ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын
басқару ... ... ... ..17
2.2 Арай акционерлік қоғамының қаржылық
жағдайы ... ... ... ... ... ..20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26
.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржылық қызметке
де тән нәрсе. Қаржыны басқару – бұл қаржыға және шектес экономикалық-
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау
үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз
ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып, мемлекеттік, шаруашылық
және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы
басқаларын қосаөндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Рыноктық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайында қаржыны басқару
қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып
жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының – реттеудің, қаржы
рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржылық
ресурстарды есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді.
Қаржыны басқару стратегиялық және оперативті болып ажыратылады.
Стратегиялық басқаруды дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың
жоғары органдары – Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы
министрлігі, Экономика және бюлжеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерімділікте, бюджет
профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,
ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық
мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару деп аталатын курстық жұмыс
кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Қаржыны басқару және оны басқарудың негіздері деп аталатын бірінші
бөлімде қаржыны басқару ұғымы, мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны
басқарудың автоматтандырылған жүйесі қарастырылды.
Ал, Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп аталатын екінші
бөлімде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару және Арай
акционерлік қоғамының қаржысы қарастырылды.
Осы курстық жұмысты жазу барысында қаржы негіздеріне және басқа да
ғылымдарға өздерінің зор үлесін қосқан авторлардың, соның ішінде Құлпыбаев
С., Мельников В.Д. т.с.с. авторлардың еңбектері пайдаланылды.

І.Қаржыны басқару және оны басқарудың негіздері.
1.1 Қаржыны басқару ұғымы.
Қаржыны басқару – бұл қаржыға және шектес экономикалық-әлеуметтік
жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және
қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және
мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі
мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл ретте белгілі
бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің
тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылық
механизм арқылы оның әдістері, тұтқалары ынталандырмалары мен санкциялары
көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару – бұл тиісті қаржылық
саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы;
Қаржылық саясат қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды
нәтижесі.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерімділікте, бюджет
профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,
ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық
мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме;
басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылмаған, салалық және аумақтық басқарудың бірлігі;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдердің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден,
мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны
басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп қоғамдық
өндірістің бүкіл үдерісіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржыны өзі басқарудың
объектісі болып табылады: қаржылық қатынастардың нысандары, ақшалай қорлар,
қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық
элементтерді айырады: ақпарат, жоспарлау, уйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп
беруге негізделген.
Жоспарлау(болжау) – жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның
мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақшалай қорлар арасында, ұлттық шарушылықтың салалары
мен әкімшілік аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы
үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және
т.б.
Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, қаржылық ақпараттың жоғары нәтижелігін, басқару жұмыскерлерінің
жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржылық реттeу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық
ресурстарды икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; бұл резервтік қорлары,
жоспардан тыс қаржылық ресурстар, пайдаланылмаған қаржылар есебінен
қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз
етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де, сонымен
бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда
барлық қаржылық үдерістерді жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру
және қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық құқықтың нормаларын басшылыққа алып
отыратын қаржылық аппараттың қызметін қамтиды. Басқару қаржылық ресурстарды
пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруға,
қаржылық ресурстарды өсірудің резервтерін айқындауға мүмкіндік береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың
объектілері мен субъектілері ажыратылады: объектілер ретінде қаржылық
қатынастардың сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржылық қатынастардың
сыныптамасына сәйкес олардың сфералары бойынша объектілердің екі тобын
бөледі: шаруашылық субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға
басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны
басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржылық
аппарат деп аталады.
Рыноктық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайында қаржыны басқару
қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып
жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының – реттеудің, қаржы
рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржылық
ресурстарды есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда
рыноктық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге
әлеуметтік жағынан бағдарланған рыноктық экономика жағдайында көп жылдар
бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны
басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салықтық нысандары
жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты
жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т.б. Бұл әдістер экономикаға қаржының
реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін
өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

1.2 Мемлекеттің қаржысын басқару. Қаржыны басқару стратегиялық және
оперативті болып ажыратылады. Стратегиялық басқаруды дәстүр бойынша
мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары – Парламент,
Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюлжеттік
жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне оның көптеген өкілеттіктерінің
Парламентке өтуіне қарамастан көп жағдайда Президент аппараты арқылықаржыны
басқаруға үлкен өкілеттік берілген:
1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру
тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы
бекітеді, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет
енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында алдағы жылға
арналған ҚР қаржылық-кредиттік және салықтық бюджеттік саясаттарының
негізгі бағыттары айқындалады;
5) ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы
қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін
арттыру жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және
пайдалану туралы есептерді бекітеді.
6) ҚРдағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының
бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және ҚР
заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару ҚР заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең
жоғарғы өкілді органы – Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен
отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы
есептерін бекітеді, республикалы бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке
өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды
белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен
республиканың экономикалық және өзге көмек көрсетуі туралы мәселелерді
шешеді.
Парламенттің құзырында қаржылық проблемаларды шешу заңнамалық актілерді
– ҚР заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және кейін дауыс беруге
енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады. Парламент аса
маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығарады, негізгі қағидаттар
мен нормаларды белгілейді. Парламенттің жұмыыс органдары тұрақты жұмыс
істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты комитеттерінің бірі – қаржы және
бюджет комитеті болып табылады. Комитетте заңнамалық актілер оларды
парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.
ҚР Үкіметі – Министрлер кабинеті Республика Президенті белгілейтін
тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы
жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де табыс етеді, қарыз алуды
жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу, Ұлттық қорды пайдалану
тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге бюджеттік
субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңдігін айқындайды, елдің қаржы
жүйесін нығайту жөніндегі іс-шараларды жасап, жүзеге асырады, мемлекеттік
қаржылық, валюталық және материалдық ресурстарды жасау және пайдалану
кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. ҚР заңдырына және
Президенттің актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бұл органдар басқа функцияларды орындаумен бірге қаржыны басқарады,
өйткені қаржылық проблемалар жөніндегі шешімдер қоғам дамуының
бағдарламаларын әзірлеумен және іске асырумен байланысты басқа шаруашылық
және саяси проблемалармен тығыз тоқайласады. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді
және қысқа мерзімді бағдарламалар мен жоспарларды жүзеге асыру міндеті
қаржылық қамтамасыз етуді, яғни нақтылы қаржылық ресурстарды іздестіруді
қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша
шешімдерді жасау үдерісінде салықтық емес түсімдер, трансферттер, қарыз
қаражаттары, басқа ақшалай көздер түрінде қаржы базасы анықталады.
Жалпы мемлекеттік қаржыны мемлекеттік уәкілетті органдар – Қаржы
министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі басқарады.
ҚР Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты,
сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзырына жатқызылған қызмет
саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы
болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік
бақылау комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру комитеті Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті,
Қаржы мониторингі комитеті.
Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппаратында бірқатар мына
департаменттер маңызды орын алады: Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау
және оның әдіснамасы; Есептеме және статистика; Мемлекеттің активтерді
басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы; Мемлекеттік айналымы;
Стратегиялық даму және халықаралық ынтамақтастық; Заң службасы; Ақпараттық
технологиялар; Мемлекетттік қарыз алу; Бухгалтерлік есепті, аудиторлық
қызметті және қаржылық бақылауды дамыту және басқа департаменттер.
Департаменттер мен комитеттер өз кезегінде нақтылық функциялық
міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады. Бөлімдер
басқармалар орындайтын функцияларды нақтылайды. Министрліктің құрылымында
сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасы және ақпарат пен
жұмылдыру жұмысын қорғау бөлімі бөлінген.
Қазынашылық комитеттің ұйымдық құрылымы қаржы министрлігі құрамындағы
Қазынашылықтың орталық аппаратынан және облыстар, қалалар бойынша оған
бағынышты аумақтық бөлімшелерден тұрады. Қазынашылық комитеті Қаржы
министрлігінің құзыры шектерінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау
функцияларын, сонымен бірге республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет
көрсету, мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік мекемелерге есеп-қисаптық-
кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын мақсатты
пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөніндегі салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қазынашылық органдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру және бақылау,
мемлекеттік бюджетке есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсетуді жақсарту;
бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені және қазынашылық
органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту және жетілдіруге қатысу;
республикалық және өз құзырының шегінде жергілікті бюджеттердің
қаражаттарын ұтымды әрі мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету.
Қазынашылық заңнамамен белгіленген тәртіппен мына функцияларды жүзеге
асырады:
мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету;
республикалық және жергілікті бюджеттер арасында мемлекеттік салықтарды
және төлемдерді бөлуді қамтамасыз және оларды түрлі деңгейлердің
бюджеттеріне есептеу;
мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке
алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер
ұйымдастыру;
республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде есептемені дайындау;
мемлекеттік сыртқы қарыздарды және мемлекеттің кепілдігі бар
мемлекеттік емес ішкі қарыздарды өтеу және қызмет көрсету кезінде ақша
аударуды жүзеге асыру;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы бухгалтерлік есеп пен
есептемені жүргізу тәртібін әзірлеу және жергілікті атқарушы органдарға
және Қаржы министрлігіне жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы туралы
есеп беру;
қазынашылық шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды басқару;
мемлекеттік мекемелердің тапсырмасы бойынша ақша аударуды жүзеге асыру,
мемлекеттік мекемелер беретін төлемдік құжаттарды бақылау;
ҚР заңнамасымен оған жүктелген басқа функцияларды жүзеге асыру.
Қазынашылық жұмыскерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын
мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының,
мемлекеттік банктердің қаржы бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар.
Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жояды талап етуге құқы
бар. Қазынашылық службаларын қазынашылық төлем операцияларының орындалуын
тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған
жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға, ақшаны бюджетке
өндіріп алуға құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық бюджеттік
қаражаттарды үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық әдіснамалық және
талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары ұлттық шаруашылықтың
барлық салалары мен қызметтер сферасының мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың бюджеттік ұйымдары мен
мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс кәсіпорындары мен ұйымдарына
және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді. Олар сонымен қатар
кредиттік және валюталық ресурстарды пайдалануды,бағалы қағаздар бойынша
заңнамалардың орындалуын бақылайды.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды
Салық службасы орындайды. Салық службасының органдары уәкілетті мемлекеттік
орган мен салық органдарынан тұрады.
Салық службасы органдарына салық және бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдерінің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Әлеуметтік
сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылатын әлеуметтік аударымдардың толық
және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық
төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге
асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Салық комитетінің негізгі функцияларына мыналарды жатқызуға болады:
салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің толық түсуін
қарастыратын заңнаманың сақталуын бақылау; өзінің құзыры шектерінде
нормативтік құқықтық актілермен белгіленген салықтық емес төлемдердің
түсуін бақылау;
өзінің құзыры шектерінде салықтық саясатты қалыптастыруға қатысу;
салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер әкімшілігін
жүргізудің әдіснамасын әзірлеу;
салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша
мемлекеттік есептемені жинаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру;
салықтық міндеттемелердің туындауы, атқарылуы мен тоқтатылуы
мәселелерін жеке және заңи тұлғаларға түсіндіру жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
садық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және
жүзеге асыру;
заңнамамен қарастырылған өзге де функциялар.
Салық комитетінің аппараты мынадай басқармаларды кіріктіреді: салық
салу әдіснамасы, салық аппеляциялары, ұйымдық қамтамасыз ету, ірі салық
төлеушілердің әкімшілігі мен мониторингі, кірістерді талдау және ағымдағы
болжау, салық төлеушілер мониторингі, халықаралық салық салу, ақпараттық
технологиялар, ұйымдық-қаржылық қамтамасыз ету, заң және т.б. басқармалары.
Кедендік бақылау комитеті ҚР экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі
функцияларды жүзеге асыра отырып, сыртқы экономикалық қызметте, кедендік
саясатты жүргізгенде кеден службасының органдары арқылы мемлекеттің
қаржылық ресурстарының айтарлықтай үлесін құрайтын кеден баждары мен
төлемдерін төлетуді ұйымдастырады.
Кеден органдарының құрылымы облыстық кеден басқармаларын, кедендерді,
кеден бекеттерін кіріктіреді.
ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстылықпен күрес жөніндегі агенттігі
әлуетті құрылым болып табылады және қаржы службасы құрамына атаулы түрде
кірмейді. Бұл ҚР Президентіне бағынатын атқарушы орган, құрылымында
облыстарда, Алматы және Астана қалаларында аумақтық органдары, ауданаралық
бөлімдері бар. Қаржы полициясы органдары қаржылық операцияларымен:
ысыраптармен, мемлекет қаражаттарын ұрлаумен, бюджеттік ресурстарды
мақсатсыз пайдаланумен, салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдерді төлемеу немесе кірістерді жасыру не кемітіп көрсету мақсатымен
жасаумен, салу объектілерін немесе онымен байланысты объектілерді жасырып
қалумен, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеуден жалтарынумен
байланысты қылмыстық және құқықтық бұзушылықты анықтап, жолын кесу
жөніндегіфункцияларды орындайды.
Жергілікті қаржы органдарының аппараты облыстық, қалалық, аудандық
қаржы департаменттері мен бөлімдерін, салық комитеттерін кіріктіреді.Олар
оперативтік басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізуді, яғни жергілікті
бюджеттерді болжаумен, жасаумен және олардың атқарылуымен, ішкі шаруашылық
резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенімен әлеуметтік мәдени сфераның
барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен айналысады,
шаруашылық органдары қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржылық
қызметін бақылап отырады. Қаржы органдары жергілікті әкімшілікке бағынады.
Қаланың қалалық қаржы басқармасының құрылымы әдеттегідей білімберуді,
денсаулықты, әлеуметтік қорғауды, қаржы органдарын, өндірістік емес
сфераны, бюджеттік қаражаттарды пайдалануға бақылау жасау, кірістерді
болжау, мемлекеттік сатып алуды үйлестіру, заң службасы, кадрлар және т.б.
бөлімдерді кіріктіреді.
Облыстық қаржы департаментінің құрылымы облыстар шаруашылығының өзіндік
ерекшелігін ескереді және келтірілгеннен біршама айрмашылығы болады. Оған
ауыл шарушылығын қаржыландыру бөлімі кіріктіріледі, бірқатар бөлімдердің
атауларында айырмашылықтар бар.
Аудандық қаржы бөлімдерінде жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша
тиісті бөлімшелер болуы мүмкін. Бөлімдердің орнына испекциялар, топтар
немесе жекелеген мамандар болуы мүмкін.
Бюджеттік бөлімнің, бюджет бойынша испекцияның негізгі міндеттері
мыналар болып табылады:
қала, аудан бюджетін жасау бойынша, шаруашылықта ішкі резервтерді
анықтау және жұмылдыру және үнем режимін сақтау бойынша жұмысты
ұйымдастыру;
қала аудан бюджетінің жобасын жасау бойынша жұмыстарды орындау;
қала аудан бюджетінің орындалу барысына бақылауды жүзеге асыру, қаржы
бөлімінің басқа бөлімшелерімен бірлесіп бюджеттің орындалуын қамтамасыз
ету, бюджет кірістерін көбейтуді іздестіру және шығыстарды үнемдеу бойынша
ұсыныстарды дайындау;
бюджеттік заңнаманы, үкімет қаулыларын, биліктің жергілікті
органдарының шешімдерін және бюджетті жасау мәселелері бойынша жоғарғы
қаржы органдарының нұсқауларын қатаң сақтауды бақылау.
Облыстық, қалалық қаржы басқармаларымен аудандық қаржы бөлімдерінің
кірістердің түсімдерін болжау және экономикалық талдау бөлімдері мынадай
жұмыстар жүргізеді:
мемлекеттік бюджетке салықтар мен кірістердің жылдық түсімдерін
болжауды және бұл кірістердің түсімдерін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды
жүзеге асырады;
ведомстволық бағыныштағы аумақтың ұлттық шаруашылығы бойынша салықтық
және басқа төлемдердің және халықтың салықтық төлемдерінің бюджетке түсуіне
бақылауды жүзеге асырады.
бюджетке түсетін кірістерге, салықтарға және басқа төлемдерге қатысы
жайында мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі туралы есептемені жасайды;
бюджет жобасын қарауға және мемлекеттің кірістері жайында оның
атқарылуы туралы есепке қажет материалдарды дайындайды.
Материалдық өндірісті және материалдық емес сфераны қаржыландыру бөлімі
бекітілген бюджетке сәйкес тиісті бағыныштағы кәсіпорындарды, ұйымдарды
және мекемелерді бюджеттен қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың
өндірістік және қаржылық болжамдарының, жоспарларының және көрсеткіштерінің
орындалуына қарай бюджеттік қаражаттардың үнемді және нысаналы жұмсалуына
алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау жүргізеді.
Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін
сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен
мекемелері жасаған жоспарлар мен қаржыландырудың жеке жоспарларының
дұрыстығы мен объективтілігн тексереді, жергілікті әкімшіліктер
бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.
Салық комитеттерінің лауазымды адамдарының қолданыстағы заңнамаға
сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін, тексерулердің
нәтижелері мен қорытындыларын жоғары органдарға және жария етуге берілетін
ақпаратты бұрмалағаны үшін, пайдакүнем мақсаттарында сөз байласқаны үшін,
коммерциялық немесе өндірістік құпияны, кәсіпорындар мен азаматтардың
салымдары құпиясын жария еткені үшін, олардың заңға қарсы іс-қимылдарымен
келтірілген моральдық немесе материалдық зияны үшін жауапкершілігі болады.
ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және басшылықты
заңнамамен қарастырылған шектерде ҚР әлеуметтік экономикалық дамуының
негізгі бағыттарын әзірлеудің, ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының
стратегиялық және индикативтік жоспарларының, мемлекет қаржысын басқарудың,
орта мерзімге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерінің
және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын
қалыптастырудың салааралық үйлесуін жүзеге асыратын орталық атқарушы орган
болып табылады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің аппарты құрылымында
мына департаменттерді бөліп көрсетуге болады: Салықтық саясат және
болжамдар, Бюджеттік үдерістің әдіснамасы және функциялық талдау; Бюджеттік
саясат және жоспарлау; Мемлекеттік қарыз алуды және кредит беруді
жоспарлау; Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар; Халықаралық
экономикалық және қаржылық қатынастар; Стратегиялық жоспарлау және талдау;
Эконмикалық саясат және индикативтік жоспарлау; Мемлекеттік ақпарат,
қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік шығыстарын жоспарлау; Әлеуметтік
сфера шығыстарын жоспарлау, экономикалық саясат және болжау; Салалық саясат
пен бағдарламалар; Ақпарат және инновациялар сферасында шығыстарды
жоспарлау; Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы; салалық органдардың шығыстарын
жоспарлау, Макроэкономикалық талдау және болжамдау; Әлеуметтік сфераны
дамыту; Мемлекеттік басқару жүйелерін дамыту; Қорғанысты, құқық қорғау
жүйесін және мемлекеттік органдарды дамыту.
Департаменттердің атауларына қарай министрліктің міндеттері туралы
айтуға болады.
стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, ҚР әлеуметтік экономикалық
дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру;
экономикалық талдау, ҚР әлеуметтік экономикалық дамуын
макроэкономикалық болжау және реттеу және реформалар барысын бағалау;
стратегиялық, индикативтік және бюджеттік жоспарлау жүйесін
қалыптастыру және жетілдіру;
мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жасау және
заңнамамен оған жүктелінген басқадай міндеттер.
Министрлік мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын
жасау, ҚР-да стратегиялық, индикативтік және бюджеттік жоспарлау жүйесін
жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу;
ҚР Үкіметінің Бағдарламасын және іске асыру бойынша іс-шаралардың
жоспарын қалыптастыру, олардың атқарылу мониторингін жүзеге асыру; орта
мерзімді индикативтік жоспарларды жасау;
мемлекеттік инвестициялардың басым бағыттарын қалыптастыру;
Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді болжау.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын алдағы үш
жылдық кезеңге арналған ҚР мемлекеттік бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін
әзірлеу, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау;
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ҚР өңірлері мен салаларының,
әлемдік экономиканың жай-күйі мен дамуының мониторингін жүргізу;
инвестициялық бағдарламалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Мемлекеттік қаржылар. Қаржы жүйесінің құрамы
Қаржы жүйесінің құрамы
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Қаржы жүйесінің мәні
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негіздері
Каржы жүйесі. Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
Қаржы мәні және қызметтері
Пәндер