Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

5-сынып бойынша

тереңдетіп оқытуға арналған

информатика

пәнінен дәріс сабақтар

Информатика пәнінің мұғалімі:

Камиль Айбек

2006-2007 оқу жылы

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

  1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
  • Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
  • Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
  • Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
  • Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;

Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.

  • Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
  • Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

3. Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
  • Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
  • Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
  • Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
  • Өт сөндiруде көмек көрсету қажет;
  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
  • Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет. Оған құм және т. б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
  • Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:

  • Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;
  • Жұмыс орнын ретке келтiру;
Электр тоғымен зақымданған жағдайда

алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

1. Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы) ;

2. Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;

3. Дәрігер шақыру;

4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына

байланысты көмек көрсету.

І. Күйген жағдайда:

● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т. б. )

беру;

● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу ;

● Зақымданған жерге суық су құю;

● Алдын-ала жараланған жерді, микроптар түспес үшін мөлдір жұқа

қағазбен (целлофанмен) орау.

ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:

● Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір

Жағына қаратып, қырымен орналатыру керек;

● Нашатыр спиртін иіскету керек.

ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:

● Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол

күрмеліп қалса оны қолмен дырыс қалпына керек ;

● Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;

Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар

1. Бас жаттығуларын жасау:

  1. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
  2. Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.

4. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.

5. Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.

6. Көз жаттығуларын жасау:

Көзге арналған жаттығулар

1 . 1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып, сонан кейiн ашып, жайбарақат ұстап,

1-6-ға дейiн санай отырып, алысқа қарау қажет. 4-5 рет қайталау қажет

2 . 1-4-ке дейiн санай отырып, екi көздi оларға қатты күш салмай, бiр-бiрiне қаратып, соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап, 4-5 рет қайталау керек.

3 . 1-4-ке дейiн санап, басты қозғамай, оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату, соңында 1-6-ға дейiн санап, алысқа қарау. Осы тәрiздi басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.

4 . 1-6-ға дейiн санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады. Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп, дененi сергiтедi.

® Компьютерде жұмыс iстеу үйiрмелерiн мектептегi сабақтар бiткен соң, 1 сағат өткiзiп, тамақ iшiп, дем алып алғаннан кейiн ұйымдастыру қажет. ® Бастауыш мектеп оқушыларына арналған компьютерлiк техниканы қолдану үйiрмелерi аптасына 2 реттен жиi болмайды. Бiр үйiрме сабағының ұзақтығы 60 минуттан аспайды. 10-15 минут компьютерде отырғаннан кейiн дене, көз гимнастикаларын жасауға арналған үзiлiс болады. ® Балалардың шаршауы компьютердегi өтетiн сабақтың сипатына байланысты болады. Ең тез шаршататын жылдамдыққа құрылған ойындар болып саналады. Сондықтан балаларды көп ойнатпауға тырысу керек. Компьютер алдында ұзақ отыру балалардың нерв жүйесiнiң жұқаруына, ұйқыларының бұзылуына, көздерiнiң шаршауына әкелiп соқтырады. Сол себептi компьютерлiк ойындарды сабақтың соңында 10 минут көлемiнде ғана өткiзсе болады.

  1. Ақпарат жӘне информатика

1. 1 Ақпараттар мен мәліметтер

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру баяндау білу деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.

Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.

Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.

Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болыт табылады.

Адам ақпаратпен не атқарады?:

  1. Адам ақпараттарды сақтай алады;
  2. Адам ақпарттарды шығарап бере алады; Ақпараттық процестер
  3. Адам ақпараттарды өңдей алады. Ақпараттың қасиеттері

Дәлдігі мен толықтылығы, бағалылығы мен қажеттілігі, анықтылығы мен түсініктілігі.

Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын ашатын болса, оның дәл болғаны . Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселер шеше алатынымызға байланысты болады. Егер ақпараты оны пайдаланатын жандар тілінде жазса, ол түсінікті болады.

Ақпарат түрлері: текст, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары және т. б.

Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар және мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка мен сөйлесу тілдері т. б. Көптеген тілдер негізі болып алфавит саналады. Алфавит - белгілі бір тілдің кез-келген сөздерін құрай алатын оның символдарының жиыны.

Табиғи сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

Екілік сандар алфавиті: 0, 1.

  1. Информатика пәні және міндеттері

Информатика - ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылым.

Информатика сегіз негізгі бағытттардан тұрады:

Информатиканың негізгі мәселелері:

  • кез-келген табиғаттағы информациялық процестерді зерттеу;
  • информациялық техниканы жасау және информациялық процестерді зерттеу нәтижелерінің базасында информацияларды өңдеудің жаңаша технологиясын жасау;
  • компьютерлік техника мен технологияны жасау мен ендіру және қоғамдық өмірдің барлық саласында тиімді пайдаланудың ғылыми және инженерлік проблемаларын шешу.
2. Ақпараттардың ЭЕМ-да берілуі 2. 1. Ақпараттарды кодтау (таңбалау)

Қандайда бір алфавитті падаланып информация жазуды кодтау деп атайды.

Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын код деп атайды.

Мысалы: төрт мың бес жүз алпыс жеті дегенді -

4567 10 , 10727 8 , 11D7 16 , 1000111010111 2

Ақпараттардың кодталуы оның кері кодталуына (декодталуына) қолайлы болуы керек.

ЭЕМ - ға енгізілген ақпарат 0 мен 1-ге аударылып түрленеді. Енгізілген әрбір символ 0 мен 1 тізбегін құрайды. Мұны екілік код деп атайды.

АНА - 1 10001011 1

1 байт

1 байт = 8 бит (ағылшын тіліндегі bit, binary digit - екілік таңба)

1 килобайт = 1024 байт ≈ 1000 байт;

1 мегабайт = 1024 Кбайт ≈ 1 000 000 байт;

1 гигабайт = 1024 Мбайт ≈ 1 000 000 000 байт.

Сонымен компьютер жадында сақталатын ақпараттардың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады.

Ақпарат.

Тақырып 1. Ақпарат

  1. Ақпарат туралы түсінігі, оның құрылымы
  2. Символдық ақпараттың әдістерін ұсыныға
  3. Ақпарат, оның түрлері және қасиеттері

Информатика -ЭЕМ арқылы мәліметтерді жинау, сақтау, түрлендiру, тасымалдау, пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зертейтiн ғылым.

Мәліметтер дегеніміз регистрленген сигналдар .

Физика курсынан белгілі, барлық физ. зат үнемі қозғ/ып, энергиямен алмасып тұрады. Зат энергиямен алмасқан кезде, сигналдар пайда болады. Бұл сигналдар ф/қ денемен әрекеттескенде дененің белгілі бір қасиеттері өзгереді, яғни мәліметтер пайда болады - бұл құбылыс сигналдардың регистрленуі деп аталады.

Ақпарат (информация) -латын сөзi, “informatio”- баяндау, түсiндiру, бiлу. Ақпараттың анықтамасы жоқ, ондықтан оның орнына ұғымды қолданады. Бірақ бір ғылымда енгізілген ақпарат ұғымы екінші бір ғылымда мүлдем басқа ұғым береді.

Ақпарат -белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер тобы.

Ақпараттың қасиеттері:

  1. Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.
  2. Толықтығы -информацияны түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.
  3. Бағалылығы -информацияны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.
  4. Түсiнiктiлiгi -информацияның пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.
  5. Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр - түрлі ақпарат береді.

Түрлерi: текстiк, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.

Берiлу жолдары: қимылдар, мимика, сызу-сурет, музыка, сөйлесу тiлдерi, байланыс құралдары, электрондық желiлер арқылы.

Мәліметтермен жүргізілетін негізгі операциялар : сақтау, жинақтау, беру (шығару), өңдеу

Мәліметтердің құрылым типтері:

1. Сызықтық құрылымы (тізімдер) - элемент адресі өз номерімен анықталатын реттелген құрылым.

2. Кестелік құрылым (матрица) - элемент адресі жол мен баған номерімен анықталатын реттелген құрылым.

3. Иерархиялық құрылымда әр элементтің адресі маршрутпен анықталады. Мысалы, калькулятор программасын іске қосу жолы: Пуск - программы - стандартные - калькулятор.

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тындап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде де әртүрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде, бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал блола алады.

Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, мәлімет алмасу тек ауызба ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу - жазу арқылы беріле бастады

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін бастап, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізу мүмкіндіктерін бере бастады.

XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесі арау жылдамдығымен жеткізіге мүмкіндіе берді.

Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды.

Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген мәліметтің мағнасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ойға келеміз.

Біз өзімізге қажет мәліметтерді оқулық пен кітаптардан, газет, журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі мәліметтер жиыны сызулар мен текстер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түріне кездеседі. Ондай мәліметтерді де ЭЕМ арқылы алуға болады.

Информация алу дегеніміз-бізді коршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу деген сөз.

Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты дұрыс емес шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Информацияныңтолық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, кателікке әкелуі мүмкін.

Лекция №4.

Есептеуіш жүйенің құрамы.

Тақырып 4. Есептеуіш жүйенің құрамы.

4. 1 Аппараттық жабдықтар

4. 2 Програмалық жабдықтар

4. 3 Қолданбалы және жүйелік программалар

Аппараттық жабдықтар.

ДК әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын қажетінше өзгертуге болады. Оның негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, клавиатура, маус.

Жүйелік блок негізгі болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі , ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы деп аталады. Сыртқы қосымша құрылғылар перефириялық деп аталады.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:

  1. Процессор
  2. Жады
  3. Енгізу құрылғылары
  4. Шығару құрылғылары
  5. Байланыс құрылғылары
  1. Процессор- барлық есептеулер жүргізетін компьютердің негізгі микросхемасы. Процессор ұяшықтардан тұрады. Онда мәліметтер сақталады және өңделеді. Процессордың ішкі ұяшықтарырегистрдеп аталады. Процессор жедел жадымен және басқа құрылғылармен бірнеше проводник арқылы байланысқан. Бұл проводниктершинадеп аталады. Олардың 3 түрі бар:Мәліметтер шинасы- мәліметтерді жедел жады ұяшығынан процессордың регистрлеріне (және керісінше) көшіруге арналған. Адрестік шина - мәліметтерді көшіргенде жедел жады ұяшығының адресін анықтайды. Коммандалар шинасы. Мәліметтерді өңдеу үшін процессорге коммандалар қажет. Коммандалар жедел жадыдан жіберіледі, бірақ олар мәліметтер сақталған жерден келмейді. Олар программаны сақтайтын жерден жіберіледі. Коммандалар мәліметтер секілді байт түрінде берілген.

Процессордің негізгі параметрлері:

  • Разрядтілігі- 1 такт ішінде өз регистрлерінде қанша байт мәліметтерді өңдей алатынын көрсетеді.
  • Процессордіңтакт жиілігіжоғары болса, ол көп коммандаларды орындайды, және өнімділігі сонша жоғары болады.
  • Кэш жады размері. Кэш жады процессор мен жедел жад арасында дәнекерлік роль атқарады. Процессорге мәліметтер қажет болғанда ол алдымен кэш жадыға сұраныс жібереді. Егер онда керекті мәліметтер болмаса, жедел жадыға сұраныс жібереді. Жедел жадыдан мәліметтерді қабылдағанда процессор оларды кэш жадыға кіргізеді.

2) Жады - мәліметтерді, программаларды сақтауға арналған құрлғы.

Ол Ішкі және Сыртқы болып екіге бөлінеді.

Сыртқы жады - магниттік дискідегі жинақтауыштар - үлкен көлемді мәліметтерді ұзақ уақыт сақтау үшін қажет. Оның 2 түрі бар: қатты диск және иілгіш диск. (Винчестер жүйелік блоктың ішінде орналасқан. Оның сиымдылығы 20-80 Гб, CD дисктің - 600 Мб, 3, 5 дюймдік дискетаның - 1, 44Мб. )

Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ) және Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) компьютердің ішкі жадысын құрайды.

- Компьютердің жедел жадысында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадыдағы ақпарат компьютерді өшіргеннен кейін жоғалады. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Қазіргі кезде көлемі 256 Мб, 512 Мб болатын жедел жады микросхемаларын көп қолданады.

Физикалық принциптен қарағанда жедел жады динамикалық (DRAM) және статикалық (SRAM) болып бөлінеді. Динамикалық жадының микросхемасын к/ң негізгі жедел жады ретінде қолданады, ал статикалық ж/ң микросхемасын көмекші жады (кэш жады) ретінде қолданады.

  • Тұрақты жадыдағы мәліметтер өзгертілмейі, оларды тек оқуға болады. Тұрақты ж/қа керекті прогр/р оны шығаратын заводта жазылады. ТЕСҚ-да орналасқан прогр/р комплекті BIOS (енгізу- шығару базалық жүйе) құрайды. Бұл прогр/р пакетінің негізгі қызметі - к/лік жүйенің құрамын және жұмысын тексеру және пернетақтамен, монитормен, қатты дискпен және дискқозғағышпен әрекетті қамтамасыз ету.
  • CMOS жадысы. ЖЕСҚ-дан айырмашылығы к/ді өшіргенде ондағы мәліметтер өшпейді. ТЕСҚ-дан айырмашылығы мәліметтерді, жүйе құрамына қандай құрылғылар кіретініне сәйкес енгізуге, өзгертуге болады. Бұл микросхема энергияны кішкентай аккумулятор батареясынан алып отырады. CMOS микросх/сы иілгіш және қатты диск, процессо және басқа да аналық платаның құрылғылары туралы мәліметтерді сақтайды. Жүйелік сағат көрсеткіші сонда сақталады.

3) Енгізу құрылғылары - мәліметтерді сыртқы ортадан комп/ге енгізу үшін қолданады. (Маус, трекбол, пенмаус, джойстик, дигитайзер- графикалық планшет, цифрлік фотокамера, сканер, микрофон, негізгісі пернетақта. )

4) Шығару құрылғылары - К/ң жұмыс нәтижесін адамға жеткізеді. (Принтер, колонкалар, негізгісі монитор. )

Монитор - басты шығару құрылғысы. Оның параметрлері: типі, размері, бейненің регенирациялау жиілілігі, қорғаныс классы.

- Қазір екі типті монитор кең таралған:

Программалық жабдықтар.

Программа - магниттік сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Интерфес- программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу щарттары мен келісімдер жиыны.

Программалық жасақтар -информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді:

  1. жүйелік программалық жасақтар
  2. қолданбалы программалық жасақтар

Жүйелік программаларды да мынадай етіп жіктеуге болады:

  1. операциялық жүелер
  2. утилиттер
Қолданбалы программалақ жасақтар - белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланатын және әмбебаб болып екіге бөлінеді.

Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебаб программалық жасақтарының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды.

Әртүрлі информацияларды өндай алатын әмбебаб программалық жабдықтар мынадай түрлерге жіктеледі:

  • текст редакторлары;
  • графиклық редакторлар;
  • электрондық кестелер;
  • оқыту және ойнау программалары
  • информациялық жүйелер.

Текстік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар текст редакторлары деп аталады. Кең тараған текст редакторларына: WordPerfect, Microsoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker жатады.

Графиктік редакторлар график түрінідегі информацияны дайындау және өндеу үшін қолданылады. Графиктік редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелер арқылы енгізу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесінде толтырылады.

Оларға Lotus, SuperCalc, QuatroPro, Excel жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады.

Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан т. б. пәндерден сабаққа дайындалау кезінде өте ыңғайлы оқулық.

Дербес компьютердің құрылғысы.

Дербес компьютердің құрылғысы.

5. 1 Аппараттың конфигурациясы

5. 2 Жүйелік блоктың ішкі құрылысы

5. 3 Қосымша құрылғылар

5. 4 Енгізу құрылысы

5. 5 Шығару құрылысы

5. 6 Сақтау және мәліметтерді алмастыру құрылғылары

Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір функциясын немесе оны есте сақтау ісін атқарады. Мұндай компьютер интегралдық схемала деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартлай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тұяқшалармен жалғастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дербес компьютердің жұмыс істеу қауіпсіздігі мен ережелері
Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
Оқу,өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе есебі
АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Есептеу құрылғылары және машиналар
HTML тілі және оның құрылымы
Турбо Паскаль тілінің графикалық режимнің мүмкіндіктері
HTML құжатында графиканы қолдану
Компьютерлік ақпараттық технологиялар
ОҚУ ТӘЖІРБИЕСІНІҢ ЕСЕБІ (1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz