Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік көзқарастар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ПРОФ. Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1.1.Қ.Жұбановтың өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінің екі басылымы (айырма шылығы) ... ... ... ...
1.3 Қ.Қ.Жұбанов шығармашылығының тақырыптары ... ... ... ... ... ... ..

2 Қ.Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕГІНДЕГІ СИНТАКСИСТІК КӨЗҚАРАСТАР
2.1 Қ.Қ.Жеңбегіндегі синтаксистің берілуінің көздері ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Сөз тіркесі туралы ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Сөйлем мүшелері туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Сөйлем туралы ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

1 ПРОФ. Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1.1.Қ.Жұбановтың
өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
1.2 Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер еңбегінің екі басылымы
(айырма
шылығы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
1.3 Қ.Қ.Жұбанов шығармашылығының тақырыптары
... ... ... ... ... ... ..

2 Қ.Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕГІНДЕГІ СИНТАКСИСТІК КӨЗҚАРАСТАР

2.1 Қ.Қ.Жеңбегіндегі синтаксистің берілуінің көздері
... ... ... ... ... ... ... ..
2. Сөз тіркесі туралы
ойлары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Сөйлем мүшелері туралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Сөйлем туралы
ойлары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Қазіргі қазақ тілі ішінде тарам – тарам салаларға бөлінетін
өзіндік сыры мен қыры көп күрделі және бай тіл.
Қазақ тіл біліміндегі мәселелердің барлығы дерлік тарлай – талай
тарихи даму сатыларынан өтті. Қандай құбылыстың болмасын өткен тарихи даму
жолдарын жете меңгермей оның қазіргі жай – күйін зерттеп білу мүмкін емес.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің ғылыми грамматикасының
зерттелуі орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты болды. Сол кезеде қазақ
тілінің зерттелуі мынандай төрт бағытта болды.
Біріншіден, қазақ тілінің кейбір мәселелерін ғана сөз еткен
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтың төл ғалымдарының еңбектері:
Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихонов, Б.Бақтыгереев, М.Бекимов. Б.Рахимжанов,
Қ.Серғали, И.Малдыбаев есімдерімен байланысты
Екіншіден, орыс ғалымдарынан қазақ – қырғыз тілінің
грамматикасын зерттеген авторлар:Н.Н.Ильминский, Н.Ф.Катанов, Н.Лаптаев,
В.В.Радлов, П.И.Мелиоранский, Н.Сазонтов, Н.Терентьев т.б.
Үшіншіден, Қазан төңкерісі және одан кейінгі қазақ зерттеушілері
: А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Т.Шонанұлы, Е.Омаров, Ж.Бархиев,
Н.Досмағамбетов т.б.
Төртіншіден, XXғасырдың 50–жылдарынан бері қарай Н.Сауранбаев,
Н.Кеңесбаев, М.Балақаев,С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақав, Т:Қордабаев,
С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев,Ә.Ермекбаев т.б.
Осылардың ішінен мен профессор Қ.Қ.Жұбанов туралы әңгіме
қозғаймын. Зерттемпаз ғалым проф. Қ.Қ.Жұбановтың лингвистика тарихынан
алатын орны ерекше. Қ.Қ.Жұбанов – әмбебап ғалым. Оның зерттеулері тіл
білімінің әр түрлі салаларын қамтиды.
Ғалым Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасына назар аудару оны
зерттеу, XX ғасырдың 90–шы жылдарының басы мен ортасында белең алды. Оның
есімі мен еңбектеріне деген сілтемелер ғылыми баспасөз беттерінде осы
тұста жарияланып, белгілі бір аспектілері қазақ тіл білімін зерттеуші
қауымның назарына ілігіп жатты.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің негізін
салушылардың бірі – профессор Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми еңбегі сөз болғанда,
әдетте фонетика, сөзжасам, әдеби тіл, терминология, орфография, этимология
жайындағы ойларына мән беріліп жүр де, ал ғалымның синтаксис саласына
қатысты тұжырымдары зерттеу нысанына ілікпей жүргені хақ.
Тіл білімінің даму тұрғысынан Қ.Қ.Жұбановтың лингвистикалық,
дәлірек айтсақ, синтаксистік көз қарастарын, ұстанымын айқындау қажет.
Себебі ғалымның синтаксис ілімін қалыптастыруда өзіндік ерекшелігі болды.
Жан–жақты біліммен қаруланған ғалым өзінің еңбектерінде синтаксистің
бірқатар теориялық мәселелерін қозғап, соны тұжырымдар да айтады. Тілді
зерттеу практикасында ғалымның кейбір идеялары , тұжырымдары қолданыс
тапса, кейбірінің тасада қалып, қолданаыс таппай жүргендері де бар.
Қазақстандағы 20-30–жылдардағы лингвистикалық дәстүрдің қалыптасуын
бағдарлайтын болсақ, онда Қ.ҚЖұбановтың жалпы тіл білімінде, оның ішінде
синтаксис бойынша қалдырған іліміне соқпай кетпейміз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Профессор Қ.Қ.Жұбановтың
шығармаларынан синтаксистік объектілерді айқындап, оның осы сала бойынша
қалдырған пікірлерін, ой–тұжырымдарын сұрыптап, жұйелеп, қорытынды жасау.
Аталған мақсатқа жету үшін диплом жұмысмыздың алдына мынандай нақтылы
міндеттер қойылады:
– Профессор Қ.Қ.Жұбановтың синтаксистік объектілерге байланысты ғылыми
еңбектерін зерделеп, оның мәні мен маңызын жан–жақты қарастыру;
– Ғалымның лингвистикалық(синтаксистік) концепциясының ерекшелігін
айқындау, яғни оның сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, сөйлем туралы ойларын
сипаттап, өзгешеліктерін анықтау;
– Тіл білімінде, оның ішінде синтаксистің даму тарихындағы ерен еңбегі
мен қосқан үлесін бағалау;
– Қ.Қ.Жұбанов ұсынған мәселелерді осы күнгі ғылым тұрғысынан қайта
қарастыру;
Жұмыстың объектісі. Қ.Қ.Жұбановтың синтаксиске қатысты
еңбектерін зерделеп, оның мәні мен маңызын жан–жақты қарастыру.
Жұмыстың дерек көздері. Жұмысқа өзек болған материалдар
негізінен Қ.Жұбановтың өз қаламынан шыққан еңбектері. Олар Қазақ тілі
жөніндегі зерттеулер атты кітапқа шоғырланған.Сондай–ақ, Қ.Жұбанов
еңбектерін зерттеудің маңызы жөнінде І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ә.Қайдаров,
Р.Сыздықова, Н.Оралбаева сияқты ғалымдар айтып өткен осындай зерттеулер
ғалымның ғылыми мұрасындағы синтаксистік көзқарастар туралы ой түюге қайнар
көз болды. Зерттеу жұмысындағы ғылыми пікірлер үшін Қ.Жұбановқа арналған
ғылыми–теориялық конференция материалдарынан, әрі мерзімді баспасөз
беттеріне жарияланған мақалалардан қажетті мәліметтер алынды.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Тақырыптың ерекшелігіне және
мақсатына байланысты салыстырмалы, сипаттама, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу
сияқты әдістер қолданылды.

1. ПРОФЕССОР Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1. Қ.Қ.Жұбановтың өмірі

Қазақ совет тіл білімінің негізін салушылардың бірі,
қазақ филологиясындағы тұңғыш профессор, совет мектептеріне арналған
алғашқы қазақ тілі программасының және тұңғыш оқулығының авторы, ғалым –
ұстаз Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1899 жылы 19 желтоқсанда Ақтөбе облысы
қазіргі Мұғаджар ( бұрынғы Темір уезі ) 9–шы ауыл,Ақжар деген жерде дүниеге
келген

Қуан шаңырағы көп балалы шаңырақ болатын: бір үйде 14 бала
болыпты. Құдайбергеннің әкесі Қуан парасат иесі, ақылды адам болған
көрінеді. Ауыл арасында ұсақ–түйек шаруамен айналысқаннан гөрі балаларының
хат біліп қара тануын, оқу – біліммен айналысқанын қалады. Сол кездегі
тарихи – әлеуметтік жағдайға орай, әкесі орыс переселендері мен
аралас–құралас болып, орысша үйренуіне, егін шаруашылығымен айналысуына
септігін тигізсе, кейін одан әрі Құдайбергенді орыс оқуына беру керек деген
ойға жетеді. Алайда сол кездегі заман ахуалы балалардың орысша хат тануына
кедергі жасады. Себебі ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын, мұсылманшылық
жолын аттап өтіп, бірден орыс оқуына қарай мойынсыну былайғы жұртқа ерсі
көрінетін. Тіптен орысша оқуды діннен безу деп түсінетін ыңғайдан да ел құр
алақан болмайтын. Сол үшін де Құдайберген сауатын ашуды дін оқуынан,
арабшадан бастады. Алты – жетілердің шамасындағы жас баланы әкесі Темір –
орқаш болысындағы Жобал ауылы дейтін жердегі Оспан иманның мешітіне оқуға
береді. Мешіт бере алатын барлық діни ілімді үш жыл ішінлде игерген
Құдайберген ауылына оралады, баласын оқудан қол үздірмеуді көздеген әке
ауылда жаңа тұрпатты мектеп ашқан Құдайбергенді жалпы білім беретін
мектепке оқуға берер алдында, әкесі Қуан балаларды оқыту ісін ұйымдастыруға
белсене араласқан шағын ауылдың беделді деген азаматтардың бірі есебінде,
ол өз қалтасынан қаржы шығарып мектеп ашып, оған молда – мұғалімді де өзі
тапқан. Бұл мектепте молданың балаға құран үйретудің орнына, арабша
жаңғыртып, орыс жазуының принципіне бейімделген, жалпы білім алуға
лайықталған әліпбиді оқытып жүргенін шәкірттердің ата – аналары біліп
қойып, балаларын мектепке жібермей қояды, онда тек Құдайберген ғана қалады.
Бірақ Қуан алған бетінен қайтқан жоқ.Ағайын –туған, ауылдастарының
жазғырғанына қарамастан өзінің қыздарына дейін осы мектептепке оқуға беріп,
мұғалімге еңбек ақыны төлеуді өз міндетіне алған. Сол сәттегі
Құдайбергеннің ұстазы Абдолла Беркінов деген кісі болатын. Кейін бұл кісі
Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген мұғалімі атағына ие болып, бертінде ғана
дүние салды.
Құдайбергеннің жас күніндегі жақын досы Жиенғали Тілепбергенов
деген прогресшіл көзқарастағы азамат болды. Оның одан
әрмен Құдайбергеннің өміріне де ықпалы болғаны сөзсіз. Ж.Тілепбергенов
өзінің Таңбалылар дейтін повесінде төменгі қауым арасынан шыққан Қалман
деген бас кейіпкері арқылы феодалдық дәуірдің тап арасына тигізетін
қайшылықтарын сынап, кедей қауымды жақтаушы дара күрескердің бейнесін
жасады. Сүйіскендер деп аталатын пьесасының бас кейіпкерінің прототипі
етіп Құдайберген Жұбановты алған –ды.
1914 жылы Орынбордағы Хұсания медресесіне оқуға түседі. Осында
оқи жүріп ол жалпы білім беретін пәндерді терең үйреніп, орыс тілін терең
меңгере бастады және Ш.Сарыбаев, Н.Манаев, Е.Жәрменов сынды абзал жолдастар
тапты. Шамғали Сарыбаев кейін қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық
курсын жазған ғалым атағына ие болды. Н.Манаев, Е.Жәрменов болса, халық
ағарту саласында жемісті еңбек еткен белгілі қайраткерлер дәрежесіне
көтерілді.
1917 жылы Жұрындағы екі класты орыс мектебін бітіргеннен кейін
Құдайберген Орқаштағы бір кластық орыс мектебінің мұғалімі Құсайын
Әшіғалиевтің кеңесімен Күйік қалаға(Елек) барып, ондағы екі кластық
училищеге түсіп, білімін одан әрі жалғастырады. 1918 жылы Құдайберген осы
училещенің 5-6 кластарын бір жыл ішінде үздік бітіріп шығады.
Өз қаламының құдіретін ерте байқатқан алғашқы өлеңдері мен
фельетон, мақалаларын Қазан төңкерісінен бұрынғы басылымдарда Құдайберген
Шекті, Қараша бала деген лақап атпен жариялаған болатын. Сонымен қатар
Қ.Жұбанов жас қазақ зиялылары машық еткен бірнеше қолжазба журналдардың
шығуына ұйытқы болған көрінеді. Мәселен, Күйік қасында жүріп, ол Тез, ал
Темірде Ай деген қолжазба журналдар шығарған. Бұл журналдарда ол орыс
әдебиетінің өкілдері М.Горькийдің, В.Г.Короленконың шығармаларын да
жариялаған.
1925 жылы Құдайберген Ақтөбе қаласының губерниялық оқу бөлімінде
нұсқаушы – методист болып істейді. Ол–ол ма, Құдайберген орыс мектептерінің
методисі қызметін тамаша жауаптылықпен орындап шықты. Ол сол кездің өзінде
– ақ неміс, ағылшын, француз тілдерін үйренуге бар ынта – жігерін сала
кіріскен екен. Алдымен ол бұл тілдерді қала мұғалімдерінен үйреніпті де,
кейін өз бетімен оқып жаттыға бастапты. Осы жылдарда ол И.П.Павловтың,
И.М.Бехтеровтың т,б. ғалымдардың еңбектерімен танысып, психология,
педагогика, логика, рефлексология пәндерін тереңірек білуге ерекше ден
қояды. Мәскеудің, Қазанның, Бакудің, Тәшкеннің. Петербордың Е.Д.Поливанов,
В.А.Богородицкий, И.И.Мещанинов, Ағамалы – оғлы сияқты лингвистермен хат
алысып, пікірлесіп тұрады.
1928 жылдің көктемінде республиканың сол кездегі астанасы
Қызылордаға Халық ағырту комиссариятына нұсқаушылық қызметіне шақыртылады
да, 1929 жылыдың қаңтарында Петорбордағы шығыс тілдері институтының
түркологиялық семинарына жіберіледі. Сол жерде бір жарым жыл оқығаннан
икейін ол СССР Ғылым академиясының Яфет институтына аспирантураға ауысады.

Оқумен қатар Қ.Жұбанов өз бетімен ғылыммен шұғылданады: жалпы
тіл білімі, түркология салаларымен айналысады. Латын әліпбиіне көшу
жөніндегі барлық жұмыстарға белсене араласады.
1929 жылы ғылыми емле мәселесіне арналған мәслихатта қазақ
емлесінің негізгі принциптері қандай болмақ деген жайдан әңгіме қозғайды.

Қ.Жұбанов 1930 жылдың күзінде Ленинградқа қайта оралып, СССР
Ғылым академиясының Тіл және ойлау институтына, ондағы Яфетидологиядық
семинарға аспирант болып ауысады [2.15].
1930 жылы Алматыда өткен Қазақстанның бірінші Өлкетану съезінде
Мағынасыз сөздердің мағынасы деген тақырыпта баяндама жасады. Жұның өзі
оның түркі текті тілдерді зерттеудегі ізденістерінің жан – жақты екенін
аңғартқан еңбек болды.
Қ.Жұбанов тек түрік және басқа тілдердің білгірі ғана емес,
сонымен бірге ерекше публицист болатын. Оның Күй деген еңбегі мәселенің
қойылысы тұрғысынан да , нақтылы деректердің молдығы тұрғысынан да өте бір
тың дүниелік болатын. Мұнда автор күй, домбыра, қобыз, жыр толғау, бақсы,
сыбызғы, ән, би тағы басқа музыкалық терминдерге тарихи – лингвистикалық
талдау жасайды. Сондай – ақ, күй мен әннің қыры мен сырын ашып, байыбына
барады.
Қ.Жұбанов-шын мәніндегі ірі зерттемпаз түрколог. Петербордың
Шығыс институтында оқып жүрген кезінде-ақ байқағыштығы нәзік ,
шығысты жақсы білетін қарымды зерттеуші лингвист ретінде танылған –
ды.Ғалымның осындай дарыны мен қабілеті әсіресе азақтың Абай тындағы
педагогтік институтына (1932)бірнеше жыл қатарынан сабақ беріп, қазақ тілі
және түркология саласынан ол оқыған лекциялар тек студенттер ғана емес,
қазақ зиялыларының қалың қауымының назарын өзіне кеңінен аударған еді.
Қ.Жұбанаов өз пәнін жетік білетін. Лекция оқудың да асқан шебері еді.
Лекциялары түркі тілдердің қазіргі жайы мен өткенін баян ететін деректерге
аса бай келетін. Ежелгі түркі жазбаларының тілін де жетік білетін, құлпы
тастардағы Орхон – енисей жазуларының сырына да жетік болатын, оның
лексикалық, грамматикалық, фонетикалық белгілерінің бәрін бүге – шігесіне
дейін игерген адам еді.
Осы уақытта ол бірнеше басқа да міндеттерді қоса атқарды.
Қ.Жұбанаов Алматыға келген соң, СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалының
лингвистика секторының меңгерушісі болып тағайындалады. 1933 жылдың 1
қыркүйегінен бастап ол Қазақ ССР Ағарту халық комиссариаты жанындағы
методика, программа, оқулықтар секторының ( оқу – методика секторы) бастығы
болып істейді. Бұл сектор сол кезде мектепке арналған оқу прграммаларын
жасап, қазақ тілі оқулықтарын жазуды тікелей өзі жүргізетін. Мысалы, Ағарту
халық комиссариятының программа – методика секторының 1935 жылғы
тамыз,қыркүек айларына арналған жұмыс жоспарында орта мектеп үшін қазақ
тілі программасын жасауды 13-пункт етіп сектор қызметкерлері Қ.Жұбанов пен
Ғ.Бегалиевке міндеттейді.Осы іске өзі муқият араласып қана қоймайды,
басқаларды да жұмылдырады .
Қ.Жұбановтың қызмет еткен жылдарында қоса атқарған
жұмыстарының тағы біреуі – мемлекеттік терминологиялық комиссияның
председателі болып істеуі . Осы салада ол термен жасау принциптері, термин
сөздердің спецификасы, бұл жөніндегі кемшіліктер мен қателіктер жайында
бірнеше мақала жазады. Қазақ АССР Ағарту халық комиссариатының жанындағы
Терминологиялық комиссияның бюлетенін шығарады [1.16 – 17].
1935 жылғы Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғаның бірі – мәдени
құрылыс қызметкерлерінің бүкіл қазақстандық съезі болды. Съезді 1935 жылдың
май айында шақыру туралы қаулыда съездің күн тәртібіне үш түрлі мәселенің
қойылатыны қөрсетіледі . Олар :
1) Қазақстандық мәдени ревалюция
2) Қазақ тілі туралы (орфография , термин ,әдеби тіл)
3) Мектеп туралы
Съездің екінші мәселесін дайындауды және негізгі баяндаманы
Қ.Жұбановқа тапсырды. Ғалым мұнда Қазақ әдеби тілінің жай–күйі туралы
баяндама жасап, сол кезге дейін болып келген қателіктер, оларды түзету
амалдарын көрсетеді. Съезд осы баяндама бойынша қаулы қабылдады. Осы
қаулыны жүзеге асырудың бір шарасы –қазақ тілі оқытушыларының мамандығын
арттыру мақсатымен курс – семинарлар ұйымдастыру болады, өйткені баяндамада
көрсетілгендей,бұл кезде мектепте және әр түрлі курстарда қазақ тілін
оқытатын адамдардың өзінің теориялық білімі аз болатын, оны өз бетімен
толықтыратын қазақ тілінде жазылған ғылыми әдебиет жоқ болатын.Жалғыз
мұғалімдер емес ,баспа ісімен айналысып жүргендердің де қазақ тілі
грамматикасынан ,жазу принциптеінен хабары тіпті шағын болатын. Осының
барлығын бірте – бірте жою үшін істелген алғашқы қадамның бірі курс –
семинарлар ашып, оған тиісті адамдарды міндетті түрде қатыстырып,
білімдерін көтеру болды. Бұл курстар мен семинарлардың оқу жоспары мен
программаларын жасау Қ.Жұбановқа жүктелді. Алматы қаласындағы семинарды
басқарып жүргізуде Құдайбергеннің міндеті болды.
Профессор Құдайберген Жұбанов осы көрсетілген жұмыстардың
барлығымен қатар республиканың мәдени өмірінде жылма – жыл болып жатқан
өзге де түрліше юбилей, конференция, мәжілістерге қатысып, кейбіреулерін
өткізуге басшылық етті. 1934 жылы Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толғанын
еске алу юбилейін өткізуге белсене қатысады [2.19].
1936 жылы Құдайберген Жұбановтың аса мол жемісті жылдарының бірі
болды. Бұл жылы оның Қазақ тілінің грамматикасы I бөлім. Жалпы морфология
деп аталатын кітабы жарыққа шықты. Бұл мектепке арналып ғылыми негізге
сүйеніп жазылған қазақ тілінің тұңғыш советтік оқулығы болатын. Орта
мектептің 5-7 кластарына арналған қазақ тілі праграммасы да Қ.Жұбановтың
қаламынан осы жылы жарық көрді. Сондай – ақ ізденіп, лекция түрінде оқып
жүрген материалдарын Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер деген сериямен он
кітапша етіп баспаға тапсырды [2.20].
1937 жылда Қ.Жұбанов үшін қыруар жоспарларға толы еді. Мәселен ,
ғалым осы кезде қазақ тілінің ғылыми грамматикасының жүйелі толық курсын
жазуға кіріседі. Оның Фонетика деп аталатын I бөлімін осы жылдары аяқтап,
1937-1938 жылдары баспадан шығармақшы болады, мектеп грамматикасының бiр
бөлімін жазып бітіреді де, әр түрлі жинақтарға ғылыми мақалалар жазып
береді. Қазақ тілінің Түсіндірме сөздігінің 1–кітабын жазып дайындайды.
Оның редакторы А.Н.Самайлович болмақшы еді. Бірақ бұл жұмыстардың көбі
жүзеге аспай, жарық көрмей, трагедиямен үзіледі. Қ.Жұбанов 1937 жылы 19
желтоқсанында жеке адамға табынушылық кезінде жазықсыз жала жабылып,
тұтқынға алынады. 1938 жылы ақпанның жиырма бесінде үлкен ғалым Қ.Жұбанов
қаза табады Кейін, жиырма жылдан соң, яғни 1957 жылы 3 қазанда азаматтық
тұрғыдан ақталды[1.577].

2. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер еңбегінің екі басылымы

Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді демекші, профессор
Қ ұдайберген Жұбанов өзінің аз жылғы ғұмырында болашақ ұрпаққа зор
мұра қалдыра алды. Өкініштісі сол, оның бізге тек біразы ғана жетті.
Қал–
дырғаны көп те, жеткені аз. Оның ғылыми ізденістері фонетика, морфоло

гия, синтаксис мәселелерімен шектеліп қалмайды.
Ғалым өмірі тұтанып, асы қарай лапылдап жанған кезі сол бір зұлмат
кезеңге тап болып, ғұламаның еңбектерінің көбі жарияланып та
үлгермеді,
ал жарияланғандары қолданыстан алынып тасталды. (20-30 жыл бойы ).
Сондықтан да олар қолға түспейтін сирек дүниеге айналды.
Сөйтіп, Қ.Жұбановтың таңдамалы еңбектері іріктеліп 1966 жылы
Ғылым баспасынан азғантай таралыммен (2400 дана) жарияланды. Алайда бұл
кітапқа Қ.Жұбановтың қаламынан шыққан дүние түгел енген жоқ, мұнда сол
кезде қолға түскен еңбектерінің ішінен іріктеп алынып жарияланды.
Бұдан кейін бұл еңбек 1998-1999 жылдарын Елбасымыздың Нұрсұлтан
Назарбаев Саяси қуғын –сүргінге ұшырығандарды еске алу жылы, кейін-
гісін Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы сияқты қос жарлыгы мен
Қазақстан Республикасы
Ғылым министірлігі Ғылым академиясының Тіл
білімі ғылыми институты ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес 1999 жылы

қазақтың біртұма ұлдарының бірі, заңғар ғалым, қазақ тіл білімінің
негізін
салушы профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 100 жылдығын атап
өту күн тәртібіне қойылды. Осыған орай оның белгілі себептермен
баспа
бетін көрмеген еңбектерін қайтадан зерделеп, жаңғырту, толықтырып
басып шығару ісі жанданды.
Сонымен, Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер еңбегі 1999 жылы екінші
рет елеулі өзгерістерімен қайта басылып жарыққа шықты. Енді екі басылым -
дағы ерекшелікткрге тоқталып өтейік.
Алғашқы басылымдағы алғы сөзі академик Ісмет Кеңесбаев
Құдайберген Жұбановтың қысқаша өмірі мен шығармашылығын орыс тілі
нұсқасында берсе, кейінгі кітапта ол қазақ тілінде берілген. 1966 жылғы
еңбек бес тараудан, 1999 жылғысы алты тараудан тұрады екен.Сол тарауларға
мақалалар тақырып бойынша топтастырылған.Алдыңғы басылымында орыс тілінде
жазалған мақалалары аралас–құралас болып топтастырылса, кейінгісінде ондай
мақалаларсоңғы екі тарауға жинақталған.
Екі басылымдағы мақалаларды толығымен салыстырып қарастырсақ :
1966 жылғы басылым :

I. Қазақ тілі грамматикасының мәселелері
Вопросы грамматики казахского языка

▪ Из истории порядка слов в казахском предложении
▪ Заметки о вспомогательных и сложных глаголах
▪ Образование сложных слов в казахском языке
▪ О формах сочетания слов в казахском языке
▪ О построении речи на казахском языке
▪ Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар
▪ Қазақ тілінің грамматикасы
▪ Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан
▪ Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері

II. Алфавит, орфография, терминология мәселелері
Вопросы алфавита, орфографии и терминологии

▪ Проект казахского алфавита
▪ К пректу реформы казахского алфавита
▪ Қосар ма, дара ма ?
▪ Выступление на научно – терминологической конференции в городе
Кызыл – орде 2 – 4 июня 1929г.
▪ К пересмотру казахской орфогафии
▪ Проект изменений орфографии и алфавита казахского языка
▪ О специфике слов – терминов
▪ О терминологии козахского литературного языка
▪ Принципы терминологии казахского литературного языка

III. Қазақ әдеби тілі мәселелері
Вопросы казахского литературного языка

▪ Абай қазақ әдебиетінің классигі

IV. Мәдениет пен өнер мәселелері
Вопросы культуры и искусства

▪ Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен
▪ Выступление на съезде учителей – ударников Казахстана
▪ Первый серьезный успех Казахского драматического театра

V. Программа мен методика мәселелері
Вопросы методики и программы

▪ Буын жігін қалай табуға болады ?
▪ Қазақ тілінің программасы

1 1999 жылы шыққан Қазақ тіті жөніндегі зерттеулер еңбегінде VI
тарау ретінде Қазақ тілі гамматикасы мәселелері тарауы қазақша – орысша
нұсқасында жікке айырылып берілген, сәйкесінше ондағы мақалалар да екі
тілде бөлек – бөлек сұрыпталып берілген.
Сондай – ақ бұрынғы (1966) басылым бірсыпыра материалдармен
толықтырылған. Бұл мақалалар оқушы жұртшылыққа тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Олар:
■ Қазақ тілінің жоғары курсы жөнінен дәрістер желісі. Бұл дәрістер
ҚазПИ–дің жанынан ұйымдастырылған мұғалімдер курсында оқылған
(1935–1937), көлемі – 6 баспа табақ, бұрын еш жерде жарияланбаған;

■ 1929 жылы Қызылордада өткен ғылыми – орфографиялық конференциясында
Әліппеміз бұқарашыл болсын деген тақырыпта сөйлеген сөзі;

■ Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы мақала (1935ж);

■ 1935 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған Төңкеріс және
қазақтың ұлттық тілі атты мақала;

■ Термин сөздердің спецификасы жөнінде мақаласы 1966 жылғы басылымда
тек орысша нұсқасы берілсе, ал 1999 жылғы басылымда орыс, әрі қазақ
тілдерінде берілген;

■ 1937 жылғы Жаңа гамматиканың жаңалықтары атты мақаласы сол
кездегі бұрма саясатқа байланысты алғашқы басылымда 10–12 беттей
қысқартылып берілген екен. Еңбектің көлемі 52 бетті қамтиды. Басқа
еңбектерінің қысқартылған тұстары қалпына келтірілді.
Ал төмендегі мақалалар алдыңғы басылымнан соңғысына енбеген екен:
–– О терминологии казахского литературного языка;
–– Первый серьезный успех казахского драматического театра;
–– Выступление на съезде учителей – ударников Казахстана;

Сөйтіп, осындай ерекшеліктерімен 1966 жылғы басылымы бас – аяғы
361 бетті қамтыса, 1999 жылғысы 581 бет көлемінде басылып
шыққан.

1.3 Қ.Қ.Жұбанов шығармашылығының басты тақырыптары
Қазақ тіл білімінің түбегейлі зерттелуі негізінен алғанда Қазан
төңкерісінен кейін ғана жүзеге аса бастады. Алғаш жиырмасыншы жылдары қазақ
тілінің мәселелері практикалық тұрғыдан қарастырылса, отызыншы жылдардан
бастап ол ғылыми негізде талдау объектісіне айналды.
Қазақ тілінің зерттелуі жайында профессор Қ.Қ.Жұбанов: Қазақ тілі–осы
уақытқа шейін жүйелі түрде тексеріліп, ғылыми тезіне түспеген тіл. Қазақ
тілін алғаш зерттегендер Н.И.Ильминский, проф. П.М.Мелиоранский,
М.Тереньтев, И.Лаптев, В.В.Катаринский,академик В.В.Радлов, проф.
Е.Д.Поливанов т.б. болатын–ды,–деп жазды.
Қазақ ғалымдарынан қазақ тілін зерттеуге қатысқан ғалымдар деп
Ш.Уәлиханов пен А.Байтұрсыновты атайды [1.118].
Қ.Жұбанов – жан-жақты ғылыммен қаруланған әмбебап ғалым. Оның әзірге
қолымызға түске материалдардың баршасын сұрыптап қарап, ғалым Р.Сыздықова
Қ.Жұбановтың қаламына ілінген мәселелерді тақырыбы жағынан төмендегідей
салаларды қамтитынын көрсетеді:
1. Фонетика;
2. Қазақ тілі грамматикасы (морфология, синтаксис )
3. Жалпы тіл білімінің кейбір мәселелері;
4. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің дамуы мен тарихы;
5. Қазақ жазуы, орфографиясы, терминологиясы;
6. Оқулық, программа, методика;
7. Мәдениет пен өнер мәселелері [2.23];
Енді осылардың әрқайсысына қысқаша талдау жасап көрейік. Мұндағы
мақсатымыз ғалымның ғылыми мұрасын тіл білімінің даму тарихы тұрғысынан яки
өткен күндердің мирасы ретінде мұқият үңіліп,зерделеп, бүгінгі ізденіс
зерттеулерге арқау етіп алу.
Қ.Жұбановтың еңбектеріне және өмірбаянын жазушылардың айтуына
қарағанда, оның тіл ғылымының бір саласы фонетиканы ден қоя зерттеуге
кіріскені байқалады. Материалы к научной грамматике казахского языка, I
том, фонетика деген монографиясы жазылып бітіп, 1937–38 жылдарда баспадан
шығуға тиісті екен, бірақ шықпай , қолымызға қолжазбасы да тимей сол
күйінде жоғалып кеткен болып шықты. Қ.Жұбанов еңбектерін жақсы білетін
академик І,Кеңесбаев көлемі 20 баспа табақтай бұл кітапты автордың
фонетика саласындағы ұзақ уақыт зерттеген еңбегі болатын дейді. Соған
қарағанда Қ.Жұбанов фонетика нендей ғылым дегеннен бастап, онда
зерттелетін категорияларды жүйелі түрде бажайлап талдағанға ұқсайды [2.24].
Әзірге қолымызда фонетика мәселелерін сөз ететін оның 3–4 жұмысы бар.
Оларды ғалым Р.Сыздықова фонетиканың өзі емес, соның кіріспесі тәрізді деп
атап көрсеткен. Бұл еңбектерге К постановке исследования истории фонетики
казахского языка, Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар, Қазақ
тілінің фонетикасы, Буын жігін қалай табуға болады сияқты зерттеулері
жатады.
Мұнда автор лингвистикалық зерттеу жұмысын жүргізудегі өзінің
бұрынғы зерттеулерден ерекшеленетін әдістерін баяндайды. Бірінші ерекшелігі
деп Р.Сыздықова қазақ фонетикасы тарихының зерттеу объектісі етіп жазба
ескерткіштер емес, осы күнгі тілдің өзін алатындығын көрсетеді. Себебін
автор қай тілдің болмасын осы заманғы қалпының өзінде көптеген тарихи
қалдықтар бар деп ашады. Олар грамматика саласынана да, семантикадан да,
сондай – ақ фонетикалық элементтерден де табылады.
Автордың зерттеу әдісіндегі екінші ерекшелігі – тіл құбылыстарын бір
–бірімен органикалық бірлікте қарайтындығы, яғни фонетикалық,
грамматикалық, лексикалық, семантикалық құбылыстар даму процесінде біріне –
бірі байланысты болатындығын, біреуінде болған өзгеріс екіншісіне ықпал
етіп, тіркесті реакция жасайтындығын айтады. Бұған осы мақалада мынадай
мысал келтіреді. Өте көне замандарда тілде Р мен З дыбыстары фонема
ретінде ажырымаған кезі болған, сол кезде көр сөзі мен көз сөзі, сондай –
ақ семіз, семір сөздері бірдей қолданылып, затты да, оның қимылын да, яғни
олан әрі етістікті білдірген. Келе – келе, етістікті есімнен ажырату
қажеттігі туған кезде, тіл бұған сөз тудырудың басқа да тәсілдерімен қатар,
дыбыс алмасу құбылысын пайдаланған: көз –ді есімге, көр – ді етістікке
бекіткен. Сөйтіп, дыбыстық ерекшелік сөз жасуға қатысып, лексикалық қорды
байытқан. Бұл өзгерістің салдарынан екі түбір – бірі есім, бірі етістік
пайда болып, морфологиялық жаңалық туған. Әрі қарай р,з дыбыстары
лексикалық және морфологиялық жаңа элемент жасайтын қасиетке ие
болғандықтан, енді өздері фонемаға ( дыбыстық) мән алып, фонетикалық
категория айналған, – дейді [11.26].
Осындай тіркесті реакцияны іздеуді және оны осыкүнгі тірі
тілдердегі құбылыстардан іздеуді тіл тарихын палеонтологтялық әдәспен
зерттеу деп, оны өз сөзімен айтқанда, индоевропа компаративизміне қарама
– қарсы қояды. Ғаламның дыбыс деген не, оның табиғаты қандай, даму тарихы
қалай өрбіген, оны қалайша тзерттеу керек деген мәселелер туралы пікірлері
орынды.
Фонетиканың таза өз объектілерін талдағанынан бізге әзәрге
белгілісі – мектепке арналған оқулықта берілген Сөздің дыбыс құрылысы
деген III тарауы мен 1–2 мақаласы [2.28] .Қарап отырсақ, ғалым Қ.Жұбанов
қазақ тілінің классификациясы, екпін, буын, сингармонизм дегендерді кең
түрде зерттей бастаған. Алайда бұларды V класқа арналған оқулықта толық
көрсете алмаған. Сонымен ғалым төмендегідей өзіндік ғылыми пікірлер
келтірілген:
1.Қазақ тіліндегі фонема саны – 26
2.Дауыстыларды жүйелейді: а) толық (осы күнгі ашық)

ә) келте ( қысаң)

б) қосынды
Жасалуына қарай : еріндік
езулік
3. Буын мәселесі. Буынның жылысу,кірігу қасиеттері
4. Сингармонизм мәселесі. Мұнда ғылым европа ғалым – зерттеушілерін
қате түсінігін айқындап,ашып көрсеткен . Мысалы, Штейнтальдің сингармонизм
түркі –монғол елдерінің рухани енжарлығынан туған дегенін. Бетлингтің
сингармонизм себебі орал – алтай халықтарының сөйлеу мүшелерінің өзгеше
құрылғандығынан деген пікірлерін қатты сынап, сингармонизм–кертартпалықты
немесе артта қалушылықты көрсететін құ- былыс емес, тілдегі түбір мен
қосымшаны жымдастыратын цементекенін айтады. Сондай – ақ сингармонизмді
түырге ғана қатысты заң деп уғуды теріске сиығарады .Қ.Жұбанов өз ғылыми
пікірлерін әр тілде түркі тілдері, қытай т. б. тілдер материалдарымен
бекітіп отырған.Оның осындай қыры көптеген қызықты мәселе ақпарат
көздеріне кезіктіреді.Мәселен,фонетика ішінде ән қытай тілінде фонема
орнына жүреді .
Ма қытайша – ағаш, илиша ,жылқы дегенүш сөзді білдіреді .Оны үш
түрліәлемен оиттылуына қарай бөлеміз деп көрсетеді.Бұл – бір ғана лисеал.
Енді,морфология саласы бойынша құнды еңбектерінің бірі –
Заметки о вспомогательных и сложных глаголах
Нақтырақ айтсақ,морфологиялық объектілерден ғалымның кеңірек пікір
айтып үлгергені : Көмекші етістіктер , күрделі сөздердің жасалуы , сөз
структурасы,оның ішінде өлі түбір мен өлі қосылсшалар сияқты мәселелер .
Қазақ тіліндегі отыр ,тұр ,жүр , жатыр деген төрт етістік
күллі өзге етістіктерден үш түрлі морфологиялық қасиетімен ерекшеленеді
дейді алғашқы зерттеуші Қ.Жұбанов.Бірі-олардың жіктік жалғауларын тікелей
қабылдай алатындығы ;екінші - түбір күйінде тұрып таза Prаsens – ті (осы
шақты) білдіре алатындығы ; үшінші – түбір күйінде тұрып Impertiv – тің
(бұйрық райдың) II жағы мен Prаsens – тің III жағын көрсететіндігі.Оның
үстіне төрт етістік әрқайсысы осы шақты жасағанда.Соның өз аясындағы әр
түрлі мағынаны көрсетеді:
––Жатыр етістігі іс - әрекеттің дәл сөйлеп тұрған сәтте емес,әйтеуір
жалпы жүріп жатқан,ара арасында үзілісі де болатын түрін көрсетеді.
––Егер іс - әрекет сөйлеп тұрған сәтте орындалып жатса,қазақ тілі отыр
етістігін жұмсайды .
––Ұзақ іс - әрекет үзілістермен жүріп жатса,қазақ жүр көмекшісіне
жирінеді.
––Тұр - ға келсек,ол соншама күрделі :осы сәттегі істі де,орындалып
жатқан іс- әрекетті де білдіреді,дәл осы сәттегі істі білдірген тек адамға
байланысты айтылады.
Қысқасы, Қ.Жұбанов өзінің Көмекші,күрделі етістіктер туралы
деген орыс тіліндегі шағын кітапшасында төрт етістіктің осы сияқты
семоснтикалық – функциялық дифференциациясын ең бір нәзік жерлеріне дейін
талдап көрсетіп береді.Бұл – атақты төрт етістік(отыр ,жатыр,жүр,тұр)
туралы жазылған ең алғашқы ғылыми жұмыс.(2. 32)
Ғалымның айрықша зейін қойған мәселесі - өлі түбірлер мен өлі
жұрнақтар жайы. Ол өлі форманттарды тірі тілдің өз ішінен іздеп,тілдік
құбылыстардың даму тарихын сол тұрғадан көрсету әдісін пайдаланған.
Көз бен көр,жан жақ, мен ұял мен ұял,өгіз бен өкір тәрізді сөздерді
олрдың соңғы дыбыстарын ажыратып боршалаған және оның мәнің поляк ғалымы
Владислав Котвичтен кейін қазіргі поляк тюркологы Зайончковский мен қырғыз
қаламдасымыз Б.Юнусалиевтен бұрын айтқан адам ,біздіңше, Қ.Жұбанов болар.
Өлі түбір(күрес ,жарыс дегендердегі күре ,жар)өлі қосымша (соң – ра, жон –
қа,ерте – ң дегендердегі – ра, - қа,- ң жұрнақтары) дегендерді мектепте
танытуды ұсынған . Ғалым Р. Сыздықова Қ. Жұбановтың мұрасын зерделей келесі
мынадай түйінге келеді : Сірә , әрі қарай жұмыс істей беруге дәм жазғанда,
Қ.Жұбанов сөз структурасы,түбірдің грамматикалық дамуы деген мәселені
түркологтардың ішінде бірінші болып терең зерттеген адам болар еді деген ой
туады.(2.33)
Қ.Жұбановтың қалам тербеген енді бір саласы – жазу, емле, термин
мәселелері.Мұндай зерттеу еңбектерінің қолданбалы мәні зор болды.
Ең алдымен Қ.Жұбанов – араб әліппесін тастап ,латын жазуын қабылдауды
барынша мақұлдап ,дәлелдеген адам.Латынның өзін бір қабылдап алғанна кейін
де оны жетілдіре түсу ,қырнау ,артық – кемін алып – салып өңдеу дегендерге
кете – кеткенінше бар күшін салған .[2 .38 ]
Осыған қоса ый ,(ій) дыбыстарын у арқылы бір ғана таңбамен белгі есу
жөніндегі .Қ.Жұбановтың жазу теориясына негізделген жобасы қазақ
орфографиясында бірте – бірте орнығып, 1957 жылғы ережеде біржола
заңдастырылды .Кезінде проф. Қ.Жұбанов емле негізіне қожа сол тілдің
жаратылыс заңы болуға керек .Тіліміздің жаратылысына қарасақ ,емле дыбыс
негізді болуға керек деп айтқан екен.Біз қазіргі жазу нормаларын бағдарлап
қарасақ ,әлі де осы усыныс пікірі өміршеңдігін байқатады.
Білім аясы кең ,қазақ тілінің шын жанашыры болған.Қ.Жұбановтың
қаламына әдеби тіліміздің даму мәселелері де үйірілмей қалмасды .Бұған бір-
екі мақаласы куә .(2. 48 ) Оның Абай қазақ әдебиетінің классигі атты
мақаласы осы саладағы еңбегі болып табылады .
Абайды тану төңірегінде айтыстар жиырмасыншы жылдары,отызыншы жылдары
да белең алғаны мәлім Абайдың орны мен ісін дурыс түсінбей,оған діншілді
идеалистік,тіпті үстем таптық идеялогияны тану да болы.
Қазақ халқының өткен ғасырдағы әдеби мұрасының асқосры болған Абайдай
алыпты дұрыс тануға ат салысқан басқа да әдебитшілер мен зерттеушілер
сияқты Қ.Жұбанов та ұлы ақынның әдебиттегі қазақ әдеби тіліндегі орнын
көрсетуді қолға алады.(2 .48) Сөйтіп Абайға төмендегідей тың пікір,баға
береді. Абайдың ақындығын ,басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби
тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та,онда ақымыз кететін түрі
жоқ, өйткені Абай жалғыз қазақ емес ,бүкіл Орта Азия күн шығыс ислам
мәдениетінің кірлі көрпесін қалың жамылып,көнерген қалыптан шыға
алмай,әдебиет маңдайын жаңа арнаға мұра алмай,арап – парсы өлең өлшеуінің
қаңсығы таңсық көрінген XXғасырда бірінші болып, сол араб–парсышылықтан,
шағатайлықтан бас тартып, таза халық тілімен жазып, ол жазғанын классик
әдебиет үлгісінде шығарған адам,–дейді.
Абай шағатай әдебиетін баурап алып, оның үлгісімен өлең де жазып,
көргенмен, оның ішінде қалып қоймай, соныдан жол іздейді: Абай қазақтың
халық әдебиетін де қанағат тұтпайды, жұртын дүние жүзі классикалық
әдебиетіне, оның ішінде орыс әдебиетіне жетелейді, соның нәтижесінде Абай
творчествосының мазмұны да, түрі де өзгереді, яғни қазақ халық
әдебиетіндегі бос сөздерді өлеңнен шығарады, қазақ өлеңін түр жағынан
байытып, жаңа өлшеулер, ұйқастар, жаңа ритмдер туғызады, жаңа жанрлардың
үлгісін жасайды [2.49]. Абайға берілген Қ.Жұбановтың бағасы осындай еді.
Мұны кейінгі зерттеушілер нақтылы талдаулар арқылы толықтырып, дәлелдеп,
кеңіте түсті.
Біз профессор Қ.Қ.Жұбановтың тіл саласы бойынша айтқан, ұсынған
пікірлерінің тек бастыларына ғана тоқталып өттік. Алайда ғалымның әдебиет,
нақтылай түссек фольклор саласы бойынша тың пікірлері зерттеушілер
назарынан тыс қалған жоқ. С.А.Қасқабасовтың Қ.Жұбанов еңбектеріндегі
фольклор теориясының мәселелері мақаласын атап өткен абзал. Сондай – ақ
Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен зерттеуінде халықтың
рухани мәдениеті тілдік материалдармен ұштастырылып берілген.
Сонымен, ғалым Қ,Жұбановтың мұраларын бажайлап қарасақ, оның әр
саладағы, яғни фонетика, морфология, әдеби тіл, орфография, буын жігі,
этимология т.б. зерттеулері қазақ тіл білімінің хрестоматиялық беттері
екенін Н.Уәлиев дөп айтқан деп есептеймін. Себебі қай саладағы бомасын
еңбектеріне зерттеушілер тоқталмай өте алмайды.Оның кей классикалық ережеге
айналған қағидаларын дамыта отырып, пайымдауларымен толықтырады.
Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Қ.Жұбанов тіл білімінің
әр алуан саласында өзіндік із қалдырған ғұлама.Мұны өз кезінде байқаған
А.Ысқақов: Қ.ҚЖұбанов тіл білімінің барлықсаласымен шұғылданған;қазақ тіл
білімінің ол араласпаған, я қатыспаған бірде–бір қалтарысы қалмаған деуге
болады.Өйткені оның ғылыми мұрасынан қолды болмай аман сақталып,бізге дейін
келіп жеткен еңбектерінің өзін барласақ,олар қазақ тілінің фонетикасын
да,грамматикасын да, қазақ тілінің тарихын да, қазақ жазуы, оның
емлесі,терминологиясы,стилистикасы, оқулығы мен методикасы,програм-масы–
бәрін де қамтиды деген тұжырымы жоғарыдағы ойымызбен сарындас [6.73-74].
2 Қ.Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕГІНДЕГІ СИНТАКСИСТІК КӨЗҚАРАСТАР

2.1 Синтаксистің берілуінің көздері

Қарап отырсақ, Қ.Жұбанов тілдің барлық саласында өнімді еңбек
етті. Бірақ ғалым еңбегінің өн бойы тілдің басқа салаларынан гөрі көбіне
синтаксистік жағы нақты көрініс тауып отырады. Автор еңбенктерінің, оның
ішінде жеке еңбектерінің негізінде ол кісінің нағыз өнімді зерттеген саласы
деп прфессор Т.Сайрамбаев синтаксис деп есептейді. Сондықтан Қ.Жұбанов
синтаксис зерттеуші деген қорытындыға келеді [7.60]. Яғни, ендігі сөз
ететін мәселеміз ғалымның синтаксиске қатысты еңбектері болмақ. Қ.Жұбанов
осыған қатысты ой – тұжырымдары мен ұсыныс – пікірлерін төмендегідей
зерттулері мен еңбектері кейінгі ұрпаққа, оқырман қауымға мәлім болып отыр.
Бұл зерттеулер әр жылдары мақала болып баспа бетіне жарияланған.
■ Из истории порядка слов в казахском предложений (Қазақ
сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан).Исследования по
казахскому языку. Выпуск I Алма – Ата, 1936, 51с
■ О формах сочетания слов в казахском языке (Қазақ тіліндегі сөздердің
тіркесу формалары туралы).
■ Қазақ тілінің грамматикасы. 1936
■ Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынанАуыл мұғалімі,№1-2 27–39бб
■ Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері( немесе
Жанғазығы жат) 1936
■ Қазақ тілінің програмы. Проект. V–VIIкласқа арналған. Алматы, 1936
29 бет.
Бұл мақалалар Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер атты еңбекке
шоғырланған.
Қ.Жұбановтың синтаксисінде әр түрлі бағыт орын алған.
Біріншіден, автор синтаксис объектісі туралы мәселе көтергенімен,
автордың бүткіл жұмысының өн бойы әрі сөз тіркесінің, әрі сөйлемнің де
мәселелері. Тіпті күрделі сөздер, олардың негізгі эволюциясы, сөйлем арқылы
қалыптасуы, тіпті жалқы есімдердің синтаксисі туралы мәселелердің әрқайсысы
үлкен теориялық баға негізінде жазылған [4.61]. Шындап келгенде, бұл
еңбекте бір мәселе бірнеше бағытта берілген. Әрі синтаксистік объектілер әр
жерде орналасуымен қатар олардың атауларының өзінде бірізділік жоқ.
Сондықтан да мен бүкіл синтаксиске қарасты объектілерді кітаптың өн бойынан
жинап, мына кестемен беруді ұйғардым.

Рс Синтаксистік Б е т т е р і
объектілер
1 Синтаксис тарихы 102 113
2 Сөз қиыны 157
3 Жетек сөз бен же– 160 161
текші сөз
4 Іліктес сөз 390 392
5 Барыс жалғаулы 391
септес
6 Табыс жалғаулы 391
септес
7 Шығыс жалғаулы 391
септес
8 Жатыс жалғаулы 392
септес
9 Құрал жалғаулы 392
септес
10 Атау күйінде түрлі 392
жалғауыштармен
қосыла айтылатын
септес
11 Жанас сөз 391 393
12 Қабыс сөз 391 393
13 Шақтас сөз 391 393
14 Бастауыш 116 155 162
15 Баяндауыш 116 153-154 162
16 Анықтауыш 115 155-156 161 162 220-232
17 Толықтауыш 155-156 161 162 220-232
18 Сөйлем 151
19 Жай сөйлем 151 156
20 Сөйлем сазы 152 214 216
21 Хабар сазды сөйлем 152 217 219 394
22 Леп сазды сөйлем 152 217 219 394
23 Сұрау сазды сөйлем 152 218 219 394
25 Жалаң сөйлем 157 214
26 Жайылма сөйлем 157 214 394
27 Толық сөйлем 157 394
28 Олқы сөйлем 157 394
29 Иесіз сөйлем 394
30 Күрделі сөйлем 138 214 394 396
31 Салалас күрделі 139 394-395
сөйлем
32 Ыңғайлас салалас 395
33 Ереуіл салалас 395
34 Талғама салалас 395
35 Себеп–салдарсалалас 395
36 Шарт–жағдай салалас 395
37 Сабақтас күрделі 138 396
сөйлем
38 Сабақтас сөйлем 138-139 396
түрлері

2.2 Қ.Қ.Жұбановтың сөз тіркесі туралы ойлары

Лингвист-ғалым Қ.Жұбанов – жалпы және қазақ тіл білімі
деңгейінде ірі тақырыптарға қалам тартқан көрнекті ғалым. Солардың бірі –
сөз тіркесі синтаксисі. Алайда бұл жөнінде зерттеуші, профессор
Б.Ш.Шалабаевтың Қ.Жұбанов сөз тіркесін синтаксистің жеке объектісі ретінде
таныған дей алмағанымызбен Қазақ тілінің грамматикасындағы Сөз қиыны,
Жетек сөз бен жетекші сөз деген параграфтар және Қазақ тілінің
програмындағы 5-9 пунктермен берілген жіктемесі ғалымды кейін синтаксистің
жеке объектісі ретінде бөлініп шыққан сөз тіркесі туралы ілімнің кейбір
мәселелерін қазақ тіл білімінде алғаш сөз еткен зерттеуші деуге дәлел
болады деген пікірі бар (6.109). Иә, шындап келгенде Қ.Жұбанов сөз
тіркесіне қатысты мәселелерді сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасы ыңғайында
қарайды. Дегенмен, сөйлем мүшелері жеке сөздердің синтаксистік байланысынан
тұратын дұрыс аңғарған ғалым олардың байланысынан тұратын конструкцияны сөз
қиыны деп атайды. Сөз қиыны келу үшін қажетті шарттарды белгілейді.
Автордың сөз қиыны деп отырғаны – қазіргі ұғымымыздағы сөз тіркесі. Бұл
жайында ғалымның өз сөзімен келірсек. Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз
болса, бұл сөздер бір-бірімен қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей
құрастырған сөйлем не тіпті сөз болмай шығады да немесе айтайын деген сөзін
болмай басқа бірдеме болып шығады... Сөздің қиыны келу үшін екі шарт керек:
Алдымен, әр сөзді орны-орнына дұрыс қою керек; тиісті орны ауысып кетсе
де, қиыны келмейді.
Екінші, оның үстіне, бір сөзді екінші сөзге байлап беретін жалғаулар
бар; соны дұрыс жалғау керек; (1. 158).
Ендігі сөз тіркесіне қатысты мәселе – автор айтып кеткен жетек
сөз бен жетекші сөзі. Бұл тілімізде қазіргі баяндалып жүрген меңгерілуші
сөз бен мең меңгеруші сөз. Бұларды ғалым былайша түсіндіреді: Сөйлем
ішінде сөздер бірін-бірі ерте де, біріне-бірі ере де байланысады. Еруші сөз
жетек сөз ертуші сөзді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГРАММАТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)
Интонацияның маңызы
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
Сөздерді топтастыру принциптері
С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселесі
Толымсыз сөйлемдердің қолданылуы
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
А. Байтұрсыновтың есім сөздерді жіктеуі
Пәндер