Айбек шығармашылығы және оның қазақ тіліне аударылуы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы

Диплом жұмысы

Айбек шығармашылығы және оның қазақ тіліне аударылуы

Орындаған; 5-курс студенті Бархинова Л.

Ғылыми жетекші, ф. ғ. к., Әбілқақов М. Қ.

Аға оқытушы

Норма бақылаушы, ф. ғ. к.,

Аға оқытушы Мұсалы Л. Ж.

Қорғауға жіберілді

« . . . » . . . 06 . . . 2006 ж.

Кафедра меңгерушісі; ф. ғ. д., профессор Жақсылықов А. Ж.

Алматы - 2006

Реферат

Жұмыстың тақырыбы: Айбек шығармашылығы және оның қазақ тіліне аударылуы

Жұмыстың көлемі: 49 бет

Жұмыстың құрлысы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен (2 тараудан), қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мазмұны:

Кіріспеде: Айбектің әдебиет әлеміндегі алар орыны, оның шығармаларының ұлт тілдеріне аударылу деңгейі, қаламгер туындыларын зертеудің қажеттілігі мен өзектілігі сөз болады.

Негізгі бөлімде:

1-тарауда Айбектің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасай отырып, автордың «Науаи», «Киелі қан», «Балалық шақ» сынды көлемді туындыларына әдеби талдау жасалады.

2-тарауда қаламгердің «Науаи», «Киелі қан», «Балалық шақ» роман-повестерінің қазақ тіліне тәржімалану сапасы мен аудармашыларға тән шеберлік деңгейі анықталады.

Қорытынды бөлімде: Қаламгердің көркем әдебиет саласына қосқан үлесі және оның әлемдік әдебиеттен алар орыны, сондай-ақ, автор туындыларының қазақ тіліне аударылу деңгейі деген мәселелер қарастырылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты:

Өзбек жазушысы Айбек шығармашылығының көркемдік қырларына әдеби тұрғыдан баға бере отырып, олардың ұлт тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне тәржімалану сапасына баса назар аудару болмақ.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Айбектің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау.
  2. Оның «Науаи», «Киелі қан», «Балалық шақ» роман-повестерінің көркемдік деңгейіне баға беру.
  3. Қаламгер туындыларының қазақ тіліне аударылуындағы жетістіктер мен кемшіліктерге жан-жақты тоқталу.
  4. Автор шығармашылығының бүгінгі күн талабына сәйкестігін анықтау.

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Аударма теориясы мен тәжірибесі, түпнұсқа мәтіні, мақалалар мен зерттеулер, сыни пікірлер.

Пайдаланылған әдіс-тәсілдер: Әдеби және аударма мәселесіне қатысты салыстыра-салғастыра отырып талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 45

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

Негізгі бөлім

1-тарау Айбек шығармаларының көркемдік деңгейі

. 7

2-тарау Айбек шығармаларының қазақ тіліне тәржімалануындағы жетістік пен кемшілік мәселесі 23

Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 48

Кіріспе

Еліміз егемендігін алып, әлемдік деңгейдегі мәдениетке жаңа көзқарас тұрғысынан қараған тұста, бүгінгі күнге дейінгі, немесе, әлі де алдағы уақытта аударылмақ түрлі ұлттар тілдеріндегі туындылардың көркемдік құндылығы мен тәржімалану сапасына ыждахаттылық пен көңіл бөлердей тың серпілістің қажеттілігі артып отырғанға ұқсайды.

Олай дейтініміз Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің жақында ғана қабылдаған «Мәдени мұра» атты бағдарламасында көрсеткен әлемдік деңгейдегі ғылымның ең құнды жетістіктерін қазақ тіліне аударту туралы тапсырмасы сөзіміздің дәлелі іспетті.

Рас, бұл бағдарлама қабылданғанға дейін де әлемдік әдебиеттің әр кезеңде аударылып келгендігі мәлім.

Бірақ, ол аудармалардың барлығы деуден аулақпыз, дегенмен де, басым пайыздық деңгейіне көңіл аударсақ тақырыптық аясынан болсын, аударылу сапасынан болсын кемшіл тұстардың бой көрсетіп жататындықтары да баршылық деуге әбден болады.

Демек, бұны сол тұстағы аудармашылардың әлі де болса тәжірибесінің аздығы мен өз ісіне салғырттығынан деп топшылағанымыз жөн. Ол кездегі талап та, жағдай да бүгінгіге мүлде ұқсамағандығы баршаға аян.

Сонымен қатар қазақ аударма мектебінің де әлі де болса толығымен қалыптаса қоймаған уақыты болғандықтан, тәржіма жасаушылардың теориялық білімі төмен болғандығы да көптеген сапасыз аударманың дүнйеге келуіне себепкер болғандығы шындық.

Оның үстіне сол кездегі аудармашылардың түпнұсқа тілін білмеуі, білсе де, жете білмеуі, аударылатын шығармаларды сатылы жолмен аударуы, кей кездерде жолма-жол аудармаларға арқа сүйей отырып тәржіма жасауы, сападан гөрі санға мән беруі сынды толып жатқан сан қилы себептер аударма саласындағы әттеген-айлардың орын алуына басты негіз болды десек қателеспеген болар едік.

Ал, келешектегі аудармашылардың алдында қалай болғанда да осы кемшіліктерді қайталамау міндеті тұрмақшы.

Дипломдық жұмыстың « Айбек шығармаларының көркемдік деңгейі» атты 1-тарауында Аибектің «Науаи», «Киелі қан», «Балалық шақ» роман-повестерінің көркемдік деңгейі мен автордың жазушылық шеберлігі теориялық тұрғыдан зерделеніп, әдеби сын ауқымында бағаланбақшы. Қаламгердің өз шығармаларына арқау етіп алған тақырып аясы, осы тақрыптар арқылы айтқысы келген автордың ой-тұжырымдары мен идеясы тереңінен талданып, ой елегінен өткізілмек.

Сондай-ақ, кейіпкер бейнесін жасау мен мінездік ерекшеліктерін таныту, эпизодтық оқиғалардың арасындағы байланыс шымырлығы, пейзаж, портрет жасаудағы қаламгердің шеберлігі, кейіпкер диологтары мен монологтарындағы шынайылық сипат, тағы басқа да көптеген мәселелер зерттеу барысында жан-жақты қарастырылмақ.

Зерттеу жұмысымыздың «Айбек шығармаларының қазақ тіліне тәржімалануындағы жетістік пен кемшілік мәселесі» аталатын 2-тарауына арқау болып отырған өзбек халқының жазушысы Айбек шығармашылығының қазақ тіліне тәржімалануы да жоғарыда атап өткендегідей кемшіліктерден айналып өте алмаған сыңайлы.

Жұмыс барысында автордың «Науаи», «Киелі қан», «Балалық шақ» сынды көлемді, әрі оқырманға танымал туындыларының қазақ тіліне аударылу барысына көңіл бөлінбек.

Сондай-ақ, тәржімашы шеберлігі мен оның тарапынан орын алған қателіктерге мән беріп, себеп-салдарын айқындау басты мақсатымыздың бірі болмақшы.

Сонымен қатар түпнұсқа мен аударма нұсқаны салыстыра-салғастыра қарастыру барысында бірнеше маңызды мәселеге баса назар аударуды жұмыстың негізгі міндеті етіп алуды жоспарлаймыз.

Олар: ұлттық ерекшеліктерді танытар тұстар, яғни, каллорит мәселесі, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері, бүгін де өзіндік баламасы бар, бірақ кезінде аударылмаған жекелеген сөздер мен терминдер, түсініксіз аударылған сөйлемдер, қазақ тілінің сөйлем құрау ережесіне сәйкес келмейтін аударма сөйлемдер, түпнұсқада бар, ал, аударма нұсқада түсіріліп қалған сөздер мен сөйлемдер, тіпті, тұтастай эпизоттар, тағысын-тағы осы тектес аудармашы тарапынан жіберілген қателіктерге сыни пікір айту.

Біз аталмыш зерттеу жұмысымыздың екінші тарауына негіз болған автор туындыларының тәржімалануына қатысты ескерте кететін жәй, ол, түпнұсқа, яғни, шартты түрдегі түпнұсқа мәселесі.

Бұлай атау себебіміздің түпкі төркініне келер болсақ, ол тілді толық меңгеру не меңгермеу мәселесіне алып келетіндігі сөзсіз.

Себебі, бүгінгі күнде, бірен-саран аудармашылар болмаса, көпшілік жағдайда тәржімашылардың өздері түпнұсқа тілін білмеуі себепті шығарманың орыс тіліндегі нұсқасына жүгінері баршаға аян.

Сол сияқты бізде осы жұмыс барысында өзбек тілін білмеуіміз себепті, орыс тіліндегі нұсқаны шартты түрде түпнұсқа ретінде пайдаланбақпыз.

Ал негізінен алғанда талдануға арқау болмақ аталмыш үш тундының үшеуін де қазақ тіліне тәржімалаған аудармашылар өзбек тілінен тікелей аударғандығы белгілі.

Өкінішке орай бізде мұндай мүмкіншіліктің болмай тұрғандығын жасырмаймыз.

Атап айтар болсақ, «Науаи» романының орыс тіліндегі М. Салье нұсқасын қазақ тіліндегі Ә. Сүлейменов нұсқасымен, «Киелі қан» романының орыс тіліндегі Н. Е. Ивашева нұсқасын қазақ тіліндегі Қ. Мұхамеджанов нұсқасымен, «Балалық шақ» повесінің орыс тіліндегі М. С. Иванов нұсқасын қазақ тіліндегі К. Сейдеханов нұсқасымен салыстыра-салғастыра қарай отырып, аталмыш нұсқалар аралық айырмашылықтар мен сәйкестіктерді анықтауға қадам жасамақ ниеттеміз.

Тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігі: 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап басқа да ұлт тілдері сияқты өзбек әдебиетінің көрнекті жазушыларының шығармалары қазақ тіліне көптеп аударыла бастағандығы белгілі. Солардың қатарында қаламы қарымды, өзіндік қолтаңбасы бар, айтар ойы мен түйінді тұжырымы айқын Айбектің де туындылары қазақ оқырмандарының сүйсіне оқыр шығармаларына айналғандығы мәлім.

Ол өз шығармалары арқылы өз ұлтының қиын да қысталаңы мол замандағы аур тұрмысы мен бұлты аспандай күңгірт тіршілігін, аянышты тағдырын шынайы түрде шебер суреттеп бергендігі оның атын асқақтата түсті деуге болады.

Автор осы тектес нағыз қаламгерге ғана тән шеберлігімен өзін ұстаз тұтқан жас жазушыларға үлгі бола білді. Одан тек өзбек жазушылары ғана емес көптеген ұлтардың әдебиетші қауымының жас буындары да үлгі-өнеге алды деуге болады.

Сондықтан автор шығармашылығын бүгінгі күн талабы бойынша қайта зерттеп, оған тән әділ бағасын беру өзектілігі даусыз нәрсе десек, оның шығармаларының қазақ тіліне аударылу деңгейін анықтау да маңызды мәселе болмақшы. Себебі, бұл шығармаларды аудару арқылы аударма мектебінің, әрі, сол салаға ат салысып жүрген қаламгерлердің шеберлігі жетіліп, тәжірибесі арта түсері анық.

Бітіру жұмысының маңыздылығы мен жаңашылдығы : Айбек шығармашылығының өз заманында да, бүгінгі таңда да құндылығын жоғалтпауы оны зертеудің қажеттілігінің дәлелі болса керек.

Ал, аталмыш автор шығармашылығы туралы қазақ тіліндегі зерттеу жұмысының бұған дейін болмағандығы және осы жолы оның ғылыми-теориялық тұрғыда жан-жақты талдануы жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.

Бітіру жұмысында әдеби негізде салғастыра-салытыра талдау әдісі, ғылыми-теориялық тұжырымдар жасау әдісі қолданылды.

1-тарау

Айбек шығармаларының көркемдік деңгейі

Айбек (Мұса Ташмұхамбетов) 1905 жылы Ташкент қаласында қарапайым тоқымашы отбасында дүниеге келген. 1921-1925 жылдар аралығында педогогикалық техникумда оқып, оны бітірген соң мұғалім болып қызымет істеген. 1927 жылы Ленинградтағы Орта Азия университетіне ауысады, оны 1930 жылы бітіреді де, сол университеттің өзінде саяси экономикадан сабақ береді. (1. 137 ) .

Айбек жазу жұмысымен ерте шұғылданды. Оның өлеңдері 1922 жылдан бастап-ақ баспа бетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сезім» деген атпен 1926 жылы жарық көрді. Бұл жинаққа негізінен, төңкеріс тақырыбында жазылған өлеңдері кіргендігі мәлім. Бұдан кейін Айбек өлеңдері бірнеше рет өз алдына жинақ болып басылды. 30 жылдардың басында Айбек реалистік тақырыпта бірнеше поэмалар жазды. Солардың ішінен өзіндік мәнге ие «Дильбар-ғасыр қызы» поэмасын ерекше атауға тұрарлық. Бұнда өз теңдігін алған өзбек қызының шынайы бейнесін жасайды. Автор тарихи тақрыпқа «Кек», «Бақтұғыл мен Сағындық» сынды поэмалар да жазды. Айбек талмай еңбектенуінің нәтйжесінде қаламгерлік шеберлігін ұштап отырды. Ол өз шығармаларын жазу барысында тыңнан соқпақ салуға үнемі ізденгендігі байқалады. Соның дәлелінің бірі көпшілікке үлгі боларлық, өмірге белсене араласатын кейіпкерлер бейнесін жасауға талпынуы болса керек. Мұндай кейіпкерлерді ақын еңбекші халық арасынан іздейді. Сондай шығармалардың бірі - «Жора ұста». Осы тектес реалистік сипатта жазылған Айбектің келесі бір туындылары «Науаи», «Батыр қыздар» поэмалары болып табылады. Сондай-ақ ол өзбек әйелдерінің Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы қажырлы еңбегін бейнелейтін «Қыздар» поэмасын жазды. Онда жастардың патриоттық істері мен еліне деген сүйіспеншілігі дәріптеледі. Ақынның «Хамза» атты лиро-эпостық поэмасы да осы тұста жарық көрді. 30 жылдардың соңында «Киелі қан» романын жазды. Роман оқиғасы 1912-1916 жылдардың арасындағы өзбек халқының саяси-әлеуметтік өмірінде болған әр алуан жағдайды қамтиды, сюжетіне әлеуметтік мәселелерді негіз етіп алады. Жазушы тарихи фактілерге сүйене отырып, өмір шындығын реалис әдісі негізінде көркем образ арқылы бейнелейді.

Романдағы негізгі кейіпкерлер таптық мақсаты жағынан бір-біріне қарама-қарсы екі жікке бөлініп, олардың арасында таптық күрес, шиеленіскен тартыс өрістейді. Онда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының шығу себептерін айқындай түсуге көп орын берілген. Халық көтерілісі тар шеңберде қалып қоймай, көтерісшілердің саналы түрде бас көтеруге деген дайындығы байқалады. Шығарманың бас кейіпкері Жолшы бейнесін де жазушы кең көлемде алып, оның өсу заңдылығын әрі нанымды, әрі тартымды суреттейді. Бас кейіпкер бейнесінің өсу эволюциясы өзбек халқының да сана-сезімінің қалыптасу жолын көрсетеді. Романның соңында Жолшы түрмеден қашып шығып, 1916 жылғы көтерілісті бастаушылардың бірі болады. Айбек «Киелі қан» романында әр тап өкілдерінің көркем образын жасады. Оның ішінде әлі келешегіне үміт артқан, ескішіл бағыт өкілдерінің бейнесі де анық көрінеді. Бұл ретте бұқара халықты езіп келген қанаушы таптың шектен тыс әрекеттерін жазушы Мырзакәрімбай сияқтылардың типтік бейнесі арқылы суреттеп береді.

Айбек өз замандастарының өмірі мен ісін шынайы суреттеуді басты міндет етіп қою мен бірге халқының өткендегі өмірін, оның даңқты ұлдарының іс-әрекеттерін көрсетуді де естен шығармайды. Сондай шығармаларының бірі «Науаи» романы. Романда автор ұлы ақынның жеке басын, оның өмірін, күрес жолын ғана сүреттеп қоймай, ол өмір сүрген дәуір шындығын, заман тынысын молынан ашуға күш жұмсайды. Науаидың өмір жолы арқылы жазушы бүкіл халықтың тағдырын басынан өткен тартысын көрсетеді. Романда Науаи алуан түрлі, шытырман, қат-қабат өмір кешеді. Автор оны сол заманның сипатын танытатын кесек те, күрделі оқиғалардың қалың ортасында көрсетеді. Науаи бейнесі романның әрбір тарауында кемелденіп, күрделеніп отырады.

Бұдан кейін жазушының «Алтын даланың самалы» романы жарық көрді. Бұл туынды ауылына жеңіспен қайтып оралған ардагер солдат Ұқтам Насыров бейнесі еңбек үстінде ашылады.

1949 жылы кеңес жазушыларының құрамында Айбек Пәкістанға барады. Осы сапары жайлы очерк, өлең, поэмаларымен бірге «Жарық іздеу» деген повесь жазады. Бұл шығармасында Айбек Пәкістан халқының бейбітшілік пен бостандық жолындағы қажырлы күресін суреттейді. Жазушы Пәкістандағы өмірді халық тіршілігін танытатын оқиғаны нақты көріністермен бейнелейді.

1963 жылы Айбектің «Балалық шақ» деп аталатын өмірбаяндық повесі жарық көрді. Мұнда жазушы өз өмірін әңгімелей отырып, сол кездегі халық басындағы ауырпалықтарды сөз етеді. Өзбек қыстағының Қазан төңкерісінедейінгі тұрмысын, өзінің балалық шағына шолу жасай отырып, баяндайды. Шығармадағы оқиғаға тікелей қатысып, әрі істің басы-қасында жүретін негізгі кейіпкерлердің бейнелері арқылы сол кездегі өмір тіршілігін повестен айқын көруге болады.

Автор Қазан төңкерісінің елу жылдығы қарсаңында «Ұлы сапар» атты роман жазды. Мұнда Ташкенттегі екі дәуірдегі жағдай суреттелінеді.

Айбек - ірі ақын, жазушы болумен қатар, үлкен қоғам қайраткері, публицист, талантты сыншы, ғалым, шебер аудармашы да болған адам.

Айбек - өзбектің, тәжіктің, орыстың классикалық әдебиетін және батыс әдебиетінің тарихын жақсы білген. Оның бірнеше ғылыми еңбектері бар. Сондай-ақ өзбек жазушыларының көбінің шығармашылығы жайлы құнды пікірлер де айтқан. Оған Хамза, Абдолла Қадыри, Хамид Әлімжан сынды қаламгерлер туралы жазылған ғылыми негіздегі еңбектері дәлел болса керек. Мүкіми, Науаи шығармашылығын зерттеушілердің де бірі - осы Айбек. Ол өзбек Ғылым академиясының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Айбек өзбек әдебиетіне осы тектес қыруар еңбегімен өз қолтаңбасын қалдыра білген қаламгер санатына жатады. Ол 1968 жылы дүниеден өтті.

1963 жылы Айбектің «Балалық шақ» аталатын өмірбаяндық повесі жарық көрді. Повесте жазушы өз өмірін әңгімелей отырып, сол кездегі халық басына түскен ауыртпашылықты көркем тілмен жеткізуді мақсат тұтқанға ұқсайды. Қазан төңкерісіне дейінгі өзбек халқы тұрмыс-тіршілігінің қырлары шебер тілмен суреттеленеді десе де болғандай. Автор - повестің бас кейіпкері. Шығарманы оқи отырып қаламгердің мақсаты өзінің балалық шағын сөз ету емес, сол арқылы сол заманның шындығын, өзбек халқының ауыр тұрмысын, мәдениетін, ұлтық ерекшеліктерін балалық көзқарасымен суреттеп беру екендігін аңғарамыз. Жазушының туындыны жазу барысында халық басына түскен ауыр тұрмыс пен тіршілікті көрсетүге баса назар аударғандығы байқалады. Ол шығарманың басынан-ақ кішкентай Мұсаның әкесін бірнеше айда бір көруі, көрген кезде де оның балаға көңіл бөлуге мұршасының болмауынан-ақ таныла бастайды.

-Көкемнің кеткеніне алты ай болып қалғанда бір күні кенеттен үйге өзі кіріп келді. Апам, әжем жылап көрісті. Мен ақырын құшақтадым. Шынында да біздің балалық шағымыз қайғы-қасіретке толы көңілсіз тіршілікпен өтті ғой. (2. 16) .

Автор осы сөйлеммен-ақ повест тақырыбына сай идеяны аңғартады. Әрине, бұл ауыртпашылық сол уақытта бүкіл өзбек балаларының басында болған деген емес, Автордың кедей балаларының жағдайын баяндап отырғанына көңіл аудару керек. Яғни, шығармада топ арасындағы айырмашылықты көрсетуді автор басты нысанға алғанға ұқсайды. «Аш бала мен тоқ бала ойнамайды» деген халық нақылы жазушы шығармада Мұсаның «Біз бай балаларымен ойнамаймыз» деген бір ауыз сөзімен нақтылай түскендей болады.

Автордың аталмыш туындыны жазу барысындағы жетістіктерінің бірі бала психологиясының берудегі дәлдік пен шынайылық. Ойын баласының ауыртпашылықты білсе де, оны жүрегімен сезе қоймауы. Атасына, апасына еркелеуі, қарны тойса мәз болуы, ойынның қызығымен бәрін ұмытуы, бала психологиясын ашуға үлкен әсерін тигізіп тұр емес пе. Тіпті, нағашы ағасы ауырып жатқанда қасында тұруға шыдай алмаған Мұса сыртқа шыққаннан кейін ойынның қызығына елтіп, оны ұмытып та кетеді. Бұл кез-келген баланың басында кездесетін жағдай екендігі даусыз. Яғни, автор бала психологиясының нәзік тұстарын дәл танып, оны шығармада сәтті пайдаланған деуге негіз бар.

Қай халықтың болмасын шығармасында сол елдің ұлттық ерекшеліктері көрініс табатындығы ақиқат. Айбек те «Балалық шақ» повесінде бұл дәстүрден жаңылмады. Яғни, шығармада өзбек халқының ұлттық мәдениетін көрсетуге ерекше ынта танытты.

«--Мен шалдардың қасынан шықпаймын. Атамның немесе әріптесінің сырықтай таяғын ат қып мініп аламын да, таяқтың топырақты сызған ізіне қызыға қараймын»(2. 19) . деген үзіндіден ата мен немеренің арасындағы жақындықты аңғарсақ, «Әпкем карамат, әрі паранжы кие коймаған жас қыз» (2. 19) . деген сөйлемдегі «паранжы» сөзі арқылы автор өзбек халқына тән ұлттық ерекшелікті танытып тұрғанға ұқсайды.

«Ескі базарда кісі қалың, тақия, жібек сатып жүрген әйелдер тіпті көп»-деген үзіндідегі тақия, жібек сөздеріне өзбек халқының ұлттық ерекшеліктерін көрсететін элементтер деп қараған жөн.

Шығармада сонымен қатар, әйел адамдардың отбасындағы орны, ұлттық таным дәрежесінде шындыққа сай берілді деуге болады. Сонда-ақ ене мен келін арасындағы қатынас та әсерлі шыққан.

«Бастырмада тақия тігіп отырған апам әжемнің дауысын естіп, жақтырмаған кейіппен қабақ шытып қойды да, үндеместен инесін шанши берді. Ол әдепті келін болғандықтан, әжемнің бетіне келмейді, айтқанынан шықпайды»(2. 20) . деген тұстар жоғарыда айтқан сөздерімізді дәлелдей түспек.

Автор шығармада молда бейнесін жасауға аса көңіл бөлгендігі байқалады. Сол мақсатқа жету үшін повест барысында молдаға қатысты түрлі эпизоттық оқиғалар өрбіп отырады.

«Мұғалім ашаң денелі, үлкен ойлы көздерін сүзіп қарайтын, сәлдесі дағарадай, сақалы ұзын, салихалы, қараторы кісі екен. Ақшаны дереу сағат қалтасына салды да қолын жайып фатиха қылды.

-Әумин. Оқысын, молда болсын!(2. 28) . деді атам да ықыластен қолымен бетін сипап. Бұл эпизодтан молданың өзбек ұлтының қоғамдық өмірінде қаншалықты орын алғандығына ерекше мән берген автор оның образын жан-жақты ашуға тырысқандығы аңғарылады. Аталмыш тундыдағы образы терең ашылған кейіпкерлердің бірі осы молда бейнесі болса керек.

Молданың шәкіртерінің алдында өзін ұстауы, дүнйе құмарлығы, оның осы тектес тойымсыз әрекетіне ашынған қарапайым ауыл адамдарының ызасы тағы басқа да оған қатысты психологиялық тұстар шынайы да сәтті беріледі.

«-Жақсы тақсыр. Ұрыңыз, ұрсыңыз, молда қылсаңыз бопты. Еті сіздікі, сүйегі біздікі!. -Қайта-қайта құлшылық етіп, хайыр-хош айтып атам есіктен шығып кетті.

Мұғалім қатар отырған балалардың арасымен жайлап жүріп, кейбіреулерді қолындағы қамшымен шыпыртып өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-өзбек әдеби байланыстары
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Омар Хайям шығармашылығының қазақ тіліне аударылуы
Аударма өнері – идеология майданындағы зор құралдардың бірі
Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметін зерттеу
Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы
Баққожа Мұқай редактор әрі журналист
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz