Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Бөлім.Бухгалтерлік есеп негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру принциптері ... ... ...10
1.3. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу принциптері ... ... ...18
1.4. Есеп принциптерінің теориялық жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... .23

ІІ Бөлім. Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары ... .31
2.1. Бастапқы құжаттар және олардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2. Құжаттарды классификациялау, стандарттау және үйлестіру ... ... ..35
2.3. Шаруашылық фактілерін құжаттау және құжатайналысы ... ..42

ІІІ Бөлім. Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерінің халықаралық стандарттары ... ... .54
3.1. Есеп жүйесін стандарттаудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
3.2. Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау ... ... ... ... ... ... ...55
3.3. Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру ... ... ..57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Бөлім.Бухгалтерлік есеп
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
1.2. Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру принциптері ... ... ...10
1.3. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп
жүйесін реттеу
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
1.4. Есеп принциптерінің теориялық жалпы
сипаты ... ... ... ... ... ... .23
ІІ Бөлім. Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары ... .31
2.1. Бастапқы құжаттар және олардың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2. Құжаттарды классификациялау, стандарттау және
үйлестіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.3. Шаруашылық фактілерін құжаттау және құжатайналысы ... ..42
ІІІ Бөлім. Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерінің
халықаралық
стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
3.1. Есеп жүйесін стандарттаудың
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
3.2. Бухгалтерлік есепті халықаралық
стандарттау ... ... ... ... ... ... ...55
3.3. Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық
бухгалтерлік есеп жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .62.

Кіріспе
Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен
басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау
үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың
теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды
білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді
және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі
өте зор.
Шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу
үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық
экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге
деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.
Сондықтан да, кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша
болашаққа мамандар даярлау мея оларды қайта даярлау жүйесіне жаңа
өзгерістер енгізілді. Елімізде кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісін
халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді.
Кәсіби мамандық дәрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп,
бухгалтерлік есеп мамандығы жоғары мамандыққа айналды. Осы заманғы
бухгалтерлер счеттар жүргізуші (счетоводттар) қатарынан өтіп, капитал
рыногында қаржы қалыптастырушы мен экономикалық қатынастар мен қаржы
саласын терең талдай білетін негізгі тұлғаға айналды.
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын
түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім
қабылдау мүмкін емес. Сондақтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім
қабылдау үшін. бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу мен оларды өз орындарына
қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру,
есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын
және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Қаржы саясатын тиімді бағытқа салу, экономикалық модельдер құрып,
салыстырмалы талдау ісін күнделікті экономикалық өмірге қосу мақсатымен әр
түрлі үлгідегі модельдер жасау керектігі туындайды. Бұл үшін кез келген
шаруашылық ұйымдарында мерзімдік даярланатын бухгалтерлік есеп
ақпараттарының негізінде жасалынатын баланстың атқаратын рөлі өте зор.
Бухгалтерлік баланс, мұның құрылымы мен құрамы, жекелеген баптары, ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып келе жатқан, тәжірибеге енгізілген ең жақсы қолданбалы
модель болып табылады.
Бұл жұмыстың мақсаты:
- бухгалтерлік есептің маңызы мен мазмұнын, оның негізгі мақсатын
түсіндіру;
- есеп жүйесінің нышандары мен ақпараттық базаның қалыптасуын
зерделеу;
- ұйымдардағы экономикалық үрдістің қалыптасу кезеңдеріне қарай
шаруашылық фактілерінің сабақтастық жолдары мен қалыптасуын негіздеу;
- бухгалтерлік есептің атқаратын міндеттері мен нышандары маңызын
ашып түсіндіру;
- бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қаржылық және басқарушылық есептің
орны мен негізгі мақсатын, объектілерін сипаттау;
- ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастырудың
принциптерін және бухгалтерлік аппарат құру мүмкіндіктерін көрсету;
- бухгалтерлік кәсіптің мәнін және Қазақстандағы бухгалтерлік есеп
мамандарын кәсіби даярлау мен қайта даярлаудың қажеттілігін сипаттау мен
жүйеге келтіру жолдарын көрсету;
- халықаралық тәжірибе негізіне сай есеп қызметін атқарушылардың
Кодексін және этикалық норманың мәні мен мәнісін көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін заңдылық
және нормативтік тұрғыда реттеу қажеттілігін сипаттау.
I Бөлім. Бухгалтерлік есеп негіздері
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызы
Меншік иелігінің кез келген түрлері, нарықтық әрекетке түсуші заңды
тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің барлығында бухгалтерлік есеп
жургізіледі. Меншігінде қаражаттары мен мүліктері, қорлары мен капиталы,
алған міндеттемелері, өндірілген дайын өнімдері, тауарлы-материалды
құндылықтары, негізігі құралдар мен айналым қаражаттары, сатып алу мен сату
өрісі, шаруашылық жүргізу үрдісі бар шаруашылық ұйымдарда бухгалтерлік есеп
жүргізу жүйесі экономикалық қатынастардың басты мәселесіне жатады.
Сондықтан бухгалтерлік есепті күрделі жүйе деп түсінген жөн. Экономикалык
қатынастардың барлығы да есепке алыну керектігі бухгалтерлік есепке тән мән
мен мағына, алғы шарт және міндетті түрде орындалуға тиісті нақтылы үрдіс
болып табылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымдардағы сатылы экономикалық үрдісті
қамтамасыз ету бағытында құрылуы керек. Шаруашылық фактілері экономикалық
үрдістің кезеңдік негіздерін құрайтын заңдылық сабақтастыққа жауап беретін
болып қалыптасады.
Ол мынандай кезеңдерге бөлінеді:
активтер мен бұлардың көздерін қалыптастыру;
инвестициялар келтіру;
қаржылық активтерді (экономикалык ресурстарды) қаржыландыру және несиелік
міндеттемелер қабылдау;
қалыпты жағдайда жүргізілетін өндірістік үрдістің өзгерістері мен
қалыптасуын есепке алу;
өндірістік шығындар жұмсап, табыстар табу жолдарының есебін жүргізу;
түскен табыстар (пайданы) бөлу және қайта бөлу;
бөлінбеген таза пайданың ұдайы көбеюін қамтамасыз ету және түскен таза
пайданы өндіріс үрдісін кеңейту мен ары қарай жетілдіруге, бұлардың
қорлануын қалыптастыруға жұмсау.
Бұл мақсаттар мен міндеттердің нақтылы іске асатындығын есепке алып,
ақпараттар жүйесін қалыптастыруда бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте
зор. Бухгалтерлік есеп жұмысы экономикалық кезеңді қатынастарды көрсетеді
және әр кезеңдерге сай дамиды. Бухгалтерлік есеп - базарлы сауданы,
технологиялық ерекшеліктерге сай өнім өндіруді, экономикалық бостандықты,
кәсіпкерлік қатынастарды, бірлескен әрекеттерді т.с.с. байланыстар
жөніндегі көрсеткіш мәліметтерді даярлап, тиісті тұтынушыларға хабарлап,
талдап, мұның негізіне тиімді шешімдер қабылдайтын, өз орны мен әдісі және
принципі бар пән. Сондықтан бухгалтерлік есептің алғы шарты экономикалық
қатынастарға, мұның өзін теориялық тұрғыда зерттеуге, басқарудың тиімді
жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтьш ерекше бағыттағы айрықша жүйе.
Қандайда болмасын есеп ақпараттары мен көрсеткіштерін, мұндағы
цифрларды экономикалық маңызы зор мәселелер деп қараған жөн. Бухгалтерлік
есеп нарықтық катынастарға байланысты іс-әрекеттерді саналы түрде жүргізу
мен мәліметтерді жан-жақты қолдану және бұлардың маңызын түсіну үшін
ақпараттар жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы және зиянды мәліметтер
жүйесін топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау үшін көрсеткіштер мен
мәліметтер даярлайды.
Нарықтық қатынастар мен меншік иелігіне сүйеніп қол ұшымен жалғасып,
сыбайластық әрекеттерге барушы және жұмыс бабын жеке басының игілігіне
пайдаланушы, заңсыз жүріп қаражат табушы алаяқтар арасында күрес жүргізуде
де бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор. Мұндай әрекеттерді болдырмау
үшін әрбір атқарушы бухгалтер өз кәсібін сыйлап, таза және сапалы еңбек
етуі керек.
Бухгалтерлік есеп бүкіл халықтық ілімге жатады. Мұның диапазон
кеңістігі мол. Сондықтан, экономиканы басқару жүйесін жетілдіру, халықтың
сұранысы мен тұтынысын зерттеу, базарлы саудаға тән шешім қабылдау, тексеру
мен бақылау жүйесін кеңінен қолдану, есеп көрсеткіштерін қарапайымдау,
заңсыз қағаз бастылықты болдырмау үшін бухгалтерлік есеп ілімі өз мәні мен
мақсатын жоймайтын сабақтастық бағытта болуы керек.
Бүгінгі күннің талабына сай бухгалтерлік есепте қолданылатын үлгі -
мәтін, бастапқы құжаттарды рәсімдеу, есеп регистрлары және қорытынды есеп
көрсеткіштері т.б. жазулардың көлемі мен маңызы қарапайым жолдармен
жасалып, пайдаланушы қауымға түсінікті болуы керек.
Енді бухгалтерлік есеп жүйесінің алдына қойылған жалпы мақсаттар мен
талаптарды шешудің бастапқы сабақтастығына тоқталайық. Жалпы есеп жүйесінде
қабылданған тәжірибеге және көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда
бухгалтерлік есеп ең әуелі өзінің байқау, өлшеу, тіркеу принциптерін жүзеге
асырады.
Байқау принципі деп - шаруашылық жүргізушілер өрісіндегі фактіні
немесе объектіні көзбен көруді айтамыз.
Өлшеу принципі деп - натуралдық өлшеммен берілген есеп объектісін
ақшалай өлшемге айналдыруды айтады.
Тіркеу принципі деп - бухгалтерлік есеп мәліметтері мен
көрсеткіштерін ақпараттар тасушы құралдарға түсіруді айтамыз.
Сонымен байқау, өлшеу және тіркеу принциптері бірімен-бірі тығыз
байланысқан, бірінің мазмұнын бірі толықтырып отыратын сабақтастық жүйе деп
таныуымыз керек.
Бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні және бұл жүйені жүргізу мен
аяқтау үрдісі, ең әуелі бухгалтерлік есеп негізін біліп үйренуден, қаржы
есебін жүргізу тәсілдерінен, басқару есебіндегі көрсеткіштерді бағалай
білуден, қаржылық қорытынды есепті сапалы жасаудан, сондай-ақ ұйымдардың
қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық жағынан талдаудан тұрады.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар қазіргі кездегі Қазақстандық
бухгалтерлік есеп стандарттар талабына сай кәсіпкерлерге, мамандарға, салық
және қаржы салаларындағы қызметкерлерге, т.б. тұлғаларға қызмет көрсетеді.
Потенциалды қаржы салымшы инвесторлардың, басқа да несиелендіруші заңды
тұлғалардың қаражаттарын іске қосып, түпкі мақсат - таза табыстың көлемін
арттырып отыру үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі қалыптасқан ақпараттарды
хабарлап отыру қажеттігі туындайды.
Бухгалтерлік есеп деп - ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және
мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық
қатынастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты әдетте коммерциялық
бағыттағы және меншікті ұйымдар табыс табуды мақсат тұтады. Егер
бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың
көзқарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақапараттарды
ары қарай өңдеу жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу
көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты арнайы
пәндік, ұғымды туындатады.
Бухгалтерлік есеп пәні деп - ұйымдардың шаруашылық өміріндегі
(меншігіндегі) активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісіндегі
қозғалыстарды байқап, өлшеп, тіркеп, жинақтап, үздіксіздік жолдармен
құжаттап, қорытындылайтын үрдісті айтамыз.
Бухгалтерлік есеп көптеген әдістер мен принциптерді, арнайы
ережелерді зерттейді.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізу мақсаты екі деңгейде танылады.
Бірінші деңгейде бухгалтерлік есептің тіркеу қызметі және көптеген
шаруашылық фактілері мен экономикалық өзгерістерін жинақтау, ақшалай
өлшемге айналдыру қызметі орындалады.
Екінші деңгейде бухгалтерлік есептің күрделі мәселелері атқарылып,
әртүрлі әдістерді, ережелер мен принциптерді қолдана отырып, бухгалтерлік
есеп жүйесінде жасалған қорытынды ақпараттар жүйесіндегі шаруашылық
фактілерінің маңызы бағаланып өлшенеді, шашыранды фактілер жинақталып
талданады.
Басқару үрдісінің негізгі саласы болып танылған бухгалтерлік есеп
жүйесі арқылы ұйымдардың ағымдағы қызметінің барысы тексеріледі, сапалы
даярланған ақпараттарды талдай отырып, стратегиялық және тактикалық бағыт
анықталады, ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын қабылдаудағы
субъективтік факторларды болдырмаудың тәсілдері қарастырылады.
Сапалы жүргізілген бухгалтерлік есептің мақсаты төмендегі сатылы
қызметтерді қамтамасыз етуге арналған:
- ұйымдардың табыс түсіріп, бәсекелестік ортадағы тиімділігін
арттыру үшін жасалған бизнес-жоспарының орындалуы дәрежесін тексеру;
- активтерді өз орнымен тиімді жұмсау арқылы өндірілген өнімдердің
өсу қарқынын және бұларды сатудан түскен түсім көлемін бухгалтерлік есеп
жүйесінде айрықша зерттеу;
- меншіктің барлық түрлерінің сақталуын, активтердің қолда бары
мен қозғалысын, ұйымдардың қаржылық және төлем өтеушілік қабылетінің
орындалуын тексеру;
- алдау, ұрлау, көзбояушылық және сыбайластық жағдайларды
болдырмау, ақша т.б. құндылықтарды жеке адамдардың сіңіріп кетушілігіне жол
бермеу, тексеру жүргізу және мұндай жағдайларды тиісті орындарға дер
кезінде хабарлау;
- бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет және салық жөніндегі
заңдардың сақталуы мен нормативті актілердің орындалуын қадағалауға
мүмкіндік жасап отыру.
Бухгалтерлік есеп өрісінде төмендегі мәселелердің шешілуі қамтамасыз
етіледі:
ұйымдар өрісіндегі шаруашылық үрдістің қорытындысын шығарып, басқарушылық
шешім қабылдауға қажетті ақпараттар қалыптастыру, сондай-ақ қаржы салымшы
инвесторлар, қоюшылар, сатып алушылар, несиелендірушілер, салық және қаржы
органдары арасындағы қалыпты жағдай жасау мақсатында толық және сенімді
ақпараттар қалыптастыру;
экономикалық ресурстардың және активті мүліктерді тиімді әрі орынды
пайдалану үшін, бұлардың қолда бары мен қозғалысын тексеріп отыруды
қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің ең негізгі мақсаты - ұйымдар қызметінің өсу
қарқынын қамтамасыз ету, әртүрлі варианттағы салыстырмалы мәліметтер
қалыптастыру, талдау шараларын орынды жүргізу арқылы баскарушылық шешім
қабылдау болып табылады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпкершілікпен айналысушы тұлғалардың барлығына
қажетті білім беруді қамтамасыз етеді.

1.2. Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру принциптері
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен ұйымдарды
басқарушылардың талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс
ұйымдастырылуы керек.
Ұйымдастыру деп - есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас
элементтерін, есеп кезеңдерін (бастапқы құжаттан бастап, бухгалтерлік
қорытынды есепті тапсыру мен кұжаттарды мұрағатқа өткізуге дейінгі аралық)
арнайы тәртіпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін,
жүргізу, есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сондай-ақ,
бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін
қатаң сақтау қажет.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың негізі, біздің
елімізде қабылданған 24 маусым 2002 жылғы №329-1 Бухгалтерлік есеп және
қаржылық қорытынды жөніндегі Заңда қаралған. Бұл заңның мазмұны
бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі, бухгалтерлік есеп
жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп жасап, мұны жариялау
және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде
тиянақты ұғым береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстанған жалпы
бағыт, ұйымдар ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу
жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан
орнықты болады.
Ұйымдардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің
ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп әрбір ұйымдардың өз ішінде
ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері
бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады.
Өндірістік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау,
дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу,
т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады.
Бухгалтерлік есепке алынатын барлық құжаттар ұйымдардың
бухгалтериясына өз уақытында тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылған
құжаттардың заңдылығы тексеріліп, мұндағы мәліметтер мен сандық өлшемдер
бағаланып, шашыранды құжаттар өздерінің маңызы мен атқарған міндеттеріне
қарай топтастырылады.
Есеп мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру, жетілдірілген әдістер
мен амалдарды ұтымды қолдану, есеп регистрын синтетикалық және аналитикалық
счеттар жүйесімен тығыз байланыстыру жөніндегі нәтижелі жұмыстарды дер
кезінде ұйымдастырудың маңызы зор.
Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп,
аналитикалық және синтетикалык счеттар талабына сай байланыстырып, арнайы
жасалған есеп регистрларына түсіріп, бұлардың негізінде қорытынды есеп
жасап отыру - бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарына сай жүргізілуіне байланысты, бухгалтерлік есеп жұмысының
маңызы мен сипаты өзгеріске түседі. Бухгалтерлік есеп объектілерінің
көпшілігі өзгеріске түсіп, негізгі құралдар мен күрделі қаржы игеру,
жарғылық капитал, арнайы қорлар, пайда мен шеккен зиян, т.б. есебін
жүргізудің әдістемелік жолдары халықаралық стандарттарға сай есепке
алынатын болды. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың құрамы мен маңызы,
тапсыру мерзімі, мұның өзінің қашан және кімге тапсырылатындығы жөніндегі
өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкестіріліп, қорытынды есеп
ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар үшін мүмкіндік туғызылды. Қолмен
атқарылатын көптеген есеп жұмыстарының көлемі азайып, компьютерлік жүйемен
атқарылатын болды. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп ақпараттарын
пайдаланушылар саны көбейіп, есептің сапалы жасалуымен қатар есеп
принциптерін қатаң сақтау жөніндегі әдістер мен амалдар кеңінен
қолданылынып келеді.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты -
қандай да ұйымдар болмасын, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз
ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдылықтарды сақтау
болып табылады.
Осы жоғарыда қойылған үлкен дәрежедегі бухгалтерлік есепке тән
ұйымдастырушылық үрдісті жетілдіру үшін төмендегідей кезеңді жұмыстар
атқарылуы керек:
Бухгалтерлік есеп қызметін құкықтық тұрғыдан жетілдіру мен нормативтік заң
актілерін кеңінен қолдану;
Бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жөніндегі кабылданған бухгалтерлік
есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық бухгалтерлік есеп
стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты әдістемелік нұсқаулар мен
ережелер, сондай-ақ жетілдірілген есеп принциптерін бухгалтерлік есеп
жүргізу тәжірибесінде сактау;
Қаржылық және басқарушы (өндірістік) есеп өрісін ажыратып, жалпы
бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің әрбір ұйымдарға тән ұйымдастыру
бағытын белгілеу;
Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тиімді бағытын пайымдап, мұның
өзін менеджмент және маркетинг жөніндегі қабылданатын үйлесімді жолдармен
сәйкестендіруді белгілей отырып, экономикалық талдау жұмысының бағытын
негіздеу;
Есеп пен есептеу жұмыстарын автоматтандыру мен компьютерлік технологияны
кеңінен пайдаланып, ақпараттар ағынын шапшаңдату және пайдаланушылар
талабын қанағаттандыру;
Ұйымдардағы бухгалтерлік қызмет атқарушыларды кәсіби даярлау мен қайта
даярлау, бұлардың кәсіби білімін жылдан-жылға жетілдіріп отыру.
Бұл айтылғандарға қосымша: бухгалтерлік есеп стандарттары халықаралық
деңгейде қабылданған негізгі әдістер мен есеп жүргізудің бағыттары
жөніндегі (принцип) жинақталған құжат болып табылады. Бухгалтерлік есеп
стандарттарына қойылған талаптар, мұның маңызы мен мәні, қажетті тараулар
мен есеп стандарттарына тән есеп жүргізу объектілері Қазақстан
Республикасында орталықтандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
Ішкі ереже-нүсқаулар жекелеген шаруашылық операцияларына тікелей
байланысты болады. Нарықтық қатынастар жүйесінің заңдылығы мен коммерциялық
құпияның сақталуына байланысты көптеген есеп көрсеткіштері шектеулі түрде
жариялана бастады. Мұндай жағдайларды бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдық
тұрғыдан қараған кезде ескерген жөн.
Бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор. Сондықтан
ұйымдар осы заманғы өлшеу мен есептеу аспаптарын, ақпараттарды тіркеуді
және оларды механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын кеңінен
пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді мақсат тұтуы қажет. Осы айтылғандарды
іске асыру үшін әрбір ұйымдарда бухгалтерлік есеп мәліметтерін
автоматтандыру мен өңдеу жөнінде арнайы бағдарлама жасау қажеттігі
туындайды.
Ұйымдарда тағайындалған бухгалтерлер өздеріне тапсырылған міндетті
жұмыстар атқарып, есеп объектілеріне тән бастапқы құжаттардан туындайтын
ақпараттарды жинақтап, қойылған тәртіпке сай қорытынды есеп жасап, мұның
өзін тиісті органдарға тапсырады. Аталмыш жұмыстарды атқару үшін кез-келген
ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысы жақсы және сапалы ұйымдастырылуы
керектігі бұрын да айтылған. Бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру
жауапкершілігі ұйым басшысының құзырында болады.
Ұйым басшысы есеп жұмысының дұрыс жүргізілуін, барлық бөлімшелер мен
мұндағы есеп жұмысын атқарушы қызметкерлерге, сондай-ақ есеп-қисап жұмысына
қатысты адамдарға, бастапқы құжаттар жасаушы жауапты тұлғаларға жақсы
жағдай туғызуы керек.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ұйымдар бухгалтериясында іске
асырылады. Бухгалтерияның аппаратын бас бухгалтер басқарады. Ұйымның бас
бухгалтеріне өз уақытында және сенімді есеп жүргізу, тауарлы-материалды
кұндылықтардың тиімді жұмсалуы, қаржы ресурстарын қалыптастыру,
экономикалық және қаржылық талдауды өз мәнінде жүргізу, болашақтағы жағдай
үшін ұсыныс енгізу т.б. экономикалық-қаржылық мәселелерді ұйымдастыру
тапсырылады.
Бухгалтерлік есеп аппаратының айрықша атқаратын міндетінің ең
негізгісі - тексеру мен бақылау міндетін орындау болып табылады.
Бухгалтерия аппараты орындайтын тексеру жүмысы алдын-ала, ағымдағы және
келесі тексеру болып үшке бөлінеді.
Алдын-ала тексеру деп - мүмкін болатын шаруашылық операцияларының
орындалуына дейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Алдын-ала тексеру жұмысы
ақша қаражаттарын кіріске алып, бұларды жұмсау, тауарлы-материалды
құндылықтар қозғалысы, қаржылық қорытынды нәтижесі, несие алу мен жұмсау,
т.б. шаруашылық операцияларының барлығы да ұйым басшысының және бас
бухгалтердің койған қолымен бекітіліп расталады.
Ағымдағы тексеру деп - шаруашылық операциялары орындалған сәтте
немесе оның артынан іле-шала жүргізілетін тексеруді айтады. Шаруашылық
операциялары тіркелген құжаттардағы мәліметтер заңдылық пен тиімділік
жағынан тексеріліп, мұндағы қолданылған арифметикалық есептеулер мен
бағалау амалдарының дұрыс қолданылғандығы қадағаланады. Құжаттар ағымдағы
тексеруден өткен соң, ондағы мәліметтер бухгалтерлік есеп регистрларына
жинақталып жазылады.
Келесі тексеру деп - шаруашылық операцияларының орындалған сәтінен
бастап белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі жүргізілетін тексеруді айтады.
Келесі тексеру есепті кезеңге сай жүргізіледі. Тексерудің бұл түрі ұйымның
және осы ұйым құрамындағы бөлімшелер мен қаржы-шаруашылық қызметі өрісінде
жүргізіледі. Қажет болған жағдайда кейбір есеп объектілері бойынша орын
алған шаруашылық операцияларының маңызын, он күндік, айлық, тоқсандық,
т.с.с. кезеңдер бойынша да тексереді.
Ұйымдардағы есеп пен тексеру жұмысын осы ұйым құрамында құрылған
бухгалтерия, мұндағы бухгалтерлер атқарады. Бухгалтерия ұйымдық құрылымның
ең бастысы болып табылады. Бухгалтерия аппараты ұйым басшысына бағынышты
болып, ұйымның атқаратын жүмыстарының көлеміне қарай міндетті қызметтер
атқарушы бухгалтерлер тағайындалады. Бухгалтерия жұмысын тиімді
қалыптастыру үшін бухгалтерия аппаратын, мүндағы бөлімдерді дұрыс қарап,
есеп қызметкерлерін, бұлардың білімі мен тәжірибесіне қарай орналастырудың
маңызы зор.
Ұйымдарда ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп түріне (форма) сай
бухгалтерлік аппараттың құрылымы деп - өзара байланыста болатын ұйымдық
тұрғыдағы бөлімдер мен құрылған топтарды, бұлардың құрамы мен біріне-
бірінің бағыныштылығын, сондай-ақ атқаратын кәсіби міндеттерін айтады. Яғни
бухгалтерлік аппарат құрылымы жекелеген бөлімдер мен еңбектің бөлінуіне,
бухгалтерияда қызмет атқарушы мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесіне
қарай қалыптасады.
Ұйым көлемі мен атқаратын шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне сай
есеп жүргізу еңбегі кәсіби түрде белгіленеді. Мысалға, негізгі өндіріске
жұмсалатын шығындар есебін бухгалтерияның бір бөлімі жүргізсе, жанама
өндіріс шығындары есебін жүргізу бухгалтерияның басқа бөліміне тапсырылуы
мүмкін. Яғни бір циклға тән есеп жұмысын басынан аяғына дейін бір адам
немесе бір бөлім орындайды.
Сонымен қатар, есеп жұмысын кәсіби тұрғыда орталықтандырып
ұйымдастырған жағдайда әрбір бухгалтер бір тектес шаруашылық операциялары
жөніндегі есепті жүргізеді. Мысалға, еңбекке ақы төлеу жөніндегі есеп
жүргізу үшін бір бухгалтер (топ) есептің осы учаскедегі бастапқы құжаттарды
қабылдап, мұның дұрыстығын тексерсе, екінші бухгалтер осы құжаттарға сай
еңбекақы есептейді, оның мөлшерін көрсетеді, ал үшінші бухгалтер есеп
регистрларын жасап, счеттарды корреспонденциялайды. Бухгалтериядағы
атқарылатын еңбек пен атқарылатын міндеттерді бөлісу, ұйымның өндірістік
немесе қызмет көрсету көлеміне байланысты болады. Бухгалтерлік аппарат
құрылымы мен мұның күрделілігі ұйымдағы еңбек етуші адамдар саны мен
технологиялық ерекшеліктер, атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы мен
күрделілігіне де байланысты.
Көлемі жағынан шағын құрылымдарда бухгалтерлік аппарат құрылымы
қарапайым және жеңіл жолдармен қалыптасады. Мұндай құрылымдарда атқарылатын
бухгалтерлік есеп жұмыстарын жекелеген бөлімдер құрмай-ақ, атқарушы
бухгалтерлерге есеп объектілері мен жүргізетін счеттарды бөліп беру мен
тапсыру арқылы да орындауға болады.
Көлемі жағынан үлкен және орта ұйымдарда есеп объектілері едәуір
күрделі жағдайды қамтамасыз ету үшін құрылады. Ұйым қызметінің көлемділігі
мен есеп объектілері өрісіне қарай бухгалтерия аппаратын жекелеген бөлімдер
құру арқылы калыптастырған жөн. Бухгалтерия құрамында арнайы бөлімдер құру
ісі есеп объектілерінің негізгі учаскелеріне байланысты болады. Ұйым
бухгалтериясында жүргізілетін есеп жұмыстарының күрделілігі мен көлеміне
қарай жекелеген бөлімдер мен секторлар құру ісі де тәжірибеге енген.
Мұндай бөлімдер мен секторлар: еңбекақы төлеу, материалдық ресурстар,
өндірістік шығындар, дайын өнімдер мен бұларды сату, есеп айырысу
операциялары, басқадай операциялар жүргізу үшін құрылады. Сонымен қатар
есеп ақпараттарын жинақтаушы және қорытынды есеп жасау жөніндегі бөлім
құрылуы да мүмкін.
Орталықтандырылған бухгалтерияның артықшылығы - есеп техникаларын,
компьютерлерді, сондай-ақ еңбек бөлісу, оның өнімділігін арттыру, есептің
сенімділігін, тексеру мен бақылау жұмыстарын кәсіби білімі жоғары
бухгалтерлік есеп мамандарының қатысуымен іске асырылуына байланысты
болады.
Бухгалтерлік есеп жұмысын қандай бағытта және қандай түрде жүргізуіне
қарамастан барлық шаруашылық субъектілері бойынша бас (аға) бухгалтерлер
тағайындалады. Ұйымдардың бас бухгалтері есеп жұмысының жақсы
ұйымдастырылуына тексеру мен бақылау, жинақтау мен талдау жұмыстарының
барлығына жауап береді.
Бас бухгалтердің қызметін атқарушы тұлға қолда бар ақша қаражаттары
қозғалысын тексеру мен бақылау, тауарлы-материалды және мүліктік
құндылықтардың дұрыс және мақсатты жұмсалуын, қойылған нұсқаулар мен арнайы
ережелерге сай жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, ол қаржы
салымшы инвесторлардың тәуекелшілік талабын орындау, салынған ақша
каражатының тиімді жүмсалуын, дивиденттік төлемдер, пайыздық ставкалардың
келісім-шартқа сай есепке алынуын қадағалайды.
Ұйымның бас бухгалтері өндірістік үрдістің тиімділігі мен өндірілген
өнімнің сапасын арттыру ісіне тығыз араласып, қолда бар қаржы көздерін
ұтымды жұмсау, өндірістік емес шығындарды болдырмау, сондай-ақ орынсыз
зиян, талан-таражға қарсы шаралар белгілеп, ұйым басшысының экономика
жөніндегі көмекшісі бола білуі керек. Бас бухгалтер ұйым басшысына тікелей
бағынышты болады. Мұның еңбек ақысы ұйым басшысының орынбасарларына
тағайындалған еңбек ақы көлемінен кем болмағаны жөн. Бас бухгалтерді
қызметке тағайындау мен босату ұйым басшысының бұйрығымен орындалады.
Сонымен қатар, ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің дұрыс
жүргізілуіне, арнайы ережелер мен нұсқаулардың орындалуына, қаржы
көздерінің тиімді қалыптасуына, келісім-шарттың ұтымды орындалуына, заңдар
мен нормативтік актілерге қайшы келетін операцияларды болдырмауға, т.б.
есеп-қисап жұмысының барлығына тікелей жауапты.
Бас бухгалтердің басшылығымен бухгалтерияда атқарылатын барлық
жұмыстар осы ұйым экономикасының дамуына тікелей әсер етеді.

1.3. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу
принциптері
Бухгалтерлік есеп жүйесін реттеп, мұның кұрамдас бөліктерін
жетілдіріп отыру мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың құзырына
жатады. Бухгалтерлік есеп өрісінде жетілдіріліп отыратын мәселелердің
барлығы да орындаушы бухгалтерлер мен шаруашылық жүргізуші тұлғалар үшін
түсінікті және өте сенімді болуы керек. Кезіндегі әкімшілік жолмен жоспарлы
бағытпен реттелетін бухгалтерлік есеп жүйесі нарықтык қатынастарға
байланысты түбегейлі өзгерістерге түсіп, халықаралық деңгейдегі есеп
жүргізу тәжірибесі отандық есеп жүйесіне енгізіліп келеді. Бұл күндері
мемлекеттік органдар меншігіне жататын ұйымдардан басқа да ұйымдар, есеп
жүргізудің ішкі саясатын белгілеп, бюджетке төленетін салықтар мен алымдар
арнайы қабылданған заң актілері мен нормативтік құжаттарға сай іске
асырылып келеді.
Сондықтан Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін
реттеудің түпкі мақсаты, барлық ынта білдіруші субъектілерді тұнық және
түсінікті, мазмұндағы ресми күші бар құжаттармен қамтамасыз ету болып
табылады. Қойылған осы талаптарға сай алдағы кезеңдерде есеп жүйесін реттеу
бағыттарын төмендегіше сипаттауға болады:
- шаруашылық фактілерін тек кана арнайы белгіленген счеттарға
жазып қана қоймай, бухгалтерлік қорытынды есеп даярлау мен тапсыру, соның
негізінде тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бағытын қамтамасыз ету;
- қаржылық қорытынды есеп жасау үрдісін халықаралық қаржылық
стандарттар жүйесімен үйлестіру;
- халықаралық қаржылық есеп стандарттарын ұлттық экономика мен
аймақтық экономика ерекшеліктеріне қарай бейімдеу;
- бухгалтерлік есеп жүйесін реттеуді ақылға сиятын бағытқа салып,
бухгалтерлік есеп жүргізудің түрақтылығын сақтау мен жетілдіру.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесін реттеп отыру,
арнайы заң актілерінің жобасын даярлау мен ұсыну және күнделікті
экономикалық өмірден туындайтын кейбір сұрақтарға жауап беру үрдісі
еліміздегі Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп Заңының
шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзырына
тапсырылған.
Сонымен қатар қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрамындағы
Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы Департаменті бухгалтерлік есеп
және қорытынды есеп жөніндегі кейбір ережелерді, әдіснамалық ұсыныстарды,
бухгалтерлік есеп стандарттарын, мұны қолданудың ұсыныстарын, сондай-ақ
бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, мұны қолданудың
түсініктемесін және счеттардың типтік корреспонденциялануын даярлап, мұндай
ресми материалдарды тиісті заң орындардан тіркеуден өткізіп, ұйымдарға
ұсынып отырады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін
нормативтік тұрғыдан реттеу төмендегі ресми және нормативтік күші бар
құжаттардан тұрады (1.1. кесте).
1.1. кесте
Қазақстандық есеп жүйесін нормативтік-құқықтық тұрғыда реттеу
деңгейлері
Деңгейлер Ресми құжаттар Құжаттар даярлаушы органдар
Бірінші деңгей - Заңдар, каулылар, Парламент, Үкімет, ҚР
заң күші бар құжаттаржарлықтар, Президенті
кодекстер
Екінші деңгей - Ережелер, ҚР Қаржы минитрлігі, ҚР
нормативтік құжаттар стандарттар Ұлттық банкісі
Үшінші деңгей - Әдіснамалық ҚР Қаржы министрлігі,
әдіснамалық құжаттар ұсыныстар, Үкіметтің аткарушы
нұсқаулар, хаттар, органдары, халықаралық кеңес
тұжырымдамалық беруші қоғамдастықтар мен
негіздер ұйымдар
Төртінші деңгей - Ұйымдастыру мен Кеңес беруші фирмалар,
ұйымдардың есеп билік жүргізуші құрылтайшылар т.б. осы
саясаты ішкі құжаттар ұйымның басшылары, ұйымдарда
(бұйрықтар, әр жылы жасалынатын,
шешімдер т.б. ішкі толықтырылып отыратын есеп
ресми құжаттар) саясаты

Жалпы экономикалық заңдылықтарға сәйкес макро және микро деңгейде
орын алатын экономикалық қатынастардың шынайы қалыптасып, ақпараттардың
жүйелі жинақталуы үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі нормативтік базаның
атқаратын рөлі өте зор.
Қазақстан Республикасында жүргізілетін бухгалтерлік есеп 24 маусым
2002 жылы № 329-шы Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі
Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген. Аталмыш заң ең жоғарғы бірінші
деңгейдегі нормативтік ресми құжатқа жатады. Елімізде жүргізілетін
бухгалтерлік есептің құқықтық және әдістемелік негіздері осы заңда
қаралған. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық
қорытынды жөніндегі Заңда бухгалтерлік есеп жүргізудің бірегей құқықтық
және әдістемелік негізі, ұйымдарда бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру
және мұның негізгі бағыты мен атқаратын қызметі, сондай-ақ есеп
жүргізушілер мен қорытынды есеп жасаушы заңды тұлғалардың міндеттері
қарастырылған.
Аталмыш заң есеп жүйесінің мақсаты мен есеп жүргізуге қойылатын
негізгі талаптарды анықтаған. Есеп жүргізудің негізгі талаптарына: ақшалай
өлшеу, ұйымдар қызметінің үздіксіздігі, есеп саясатын жасау, екіжактылық
жазу, тәуелсіздік, түсініктілік, мәнділік, сенімділік, деркезділік,
орнықтылық, бейтараптық, тұнықтылық, жан-жақтылық, салыстырушылық сияқты
принциптер жатады. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі заң еліміздегі салық
жөніндегі заң актілерімен байланыстырылған. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп
өрісіндегі жоғарғы деңгейдегі нормативтік базалар жөніндегі құжаттарға
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулылары жатады.
Тиісті заң актілерін басшылыққа ала отырып еліміздегі бухгалтерлік
есеп жүйесін реттеу мен дұрыс жүргізілуін бақылауға алып отыру Қаржы
министрлігінің құзырына тапсырылған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басқа да министрліктер мен
ведомствалармен келісе отырып, екінші деңгейде бухгалтерлік есеп жүйесіне
тән бағыттағы ресми құжаттар (қондырмалар): Бухгалтерлік есеп
стандарттарынан, Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсырудың
Концептуалды негізінен, Бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарынан
тұрады. Қондырмалық (синтездік) мәні бар әдістемелік үрдістегі ресми
құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген.
Бухгалтерлік есеп жүргізу өрісіне арналған, ресми түрде іс-тәжірибеде
басшылыққа алынатын, қолданбалық сипаты бар мұндай құжаттар Қазақстан
Республикасы аймағындағы барлық ұйымдарға таратылып отырады.
Бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік қорытынды есеп даярлауға арналған
ереже түрінде танылған нормативтік маңызы бар құжатты - Бухгалтерлік есеп
стандарттары деп атаймыз.
Бухгалтерлік есеп стандарттары - Қазақстандағы бухгалтерлік есеп
жүргізудің ресми қабылданған ережесі және шаруашылық жүргізуші ұйымдардың
қаржы қорытындысы есебін жасау үшін ақпараттық жүйе қалыптастырудың
әдістерін белгілейтін құжат. Бухгалтерлік есеп жүргізудің көптеген
әдістерін бірегей жүйеге келтіріп, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық
қызметін ақпараттау мен салыстыру мақсатын орындау үшін қабылданған
бухгалтерлік есеп стандарттарының атқаратын рөлі өте зор.
Мазмұнды негіздегі бухгалтерлік есеп стандарттары - әрбір ұйымдар мен
шаруашылық жүргізуші заңды тұлғалар қызметінде күнделікті болып отыратын
шаруашылық операцияларының мазмұны мен мәліметтерін қандай жолдармен, қашан
және қалай топтастырып, счеттарға жазу мен есептеу, синтетикалық счеттарға
жинақтау, мәліметтерді қорытынды есепке жазу жөніндегі принциптерді іске
асыратын ресми құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасы бойынша бухгалтерлік есепті реформалау екі
бағытта: 1) ұйымдардағы бухгалтерлік есеп мамандары мен жоғары және арнаулы
оқу орындары оқытушылары мен студенттерін даярлау және қайта даярлаудың
жобасы жасалып, іске асырылды; 2) еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесіне
өзгерістер енгізіліп, нәтижеде 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап,
Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары қабылданды.
Бірінші бағыт бойынша 1994 жылы Қазақстанда Шотландияның ант беруші
бухгалтерлері институтының жасаған жобасы бойынша 1999 жылға дейін
бухгалтерлік есеп мамандығы оқытушыларын, салық органдары мамандарьш, т.б.
қаржы саласының мамандары, барлығы шамамен 1200 жуық мамандар Алматы,
Тараз, Қарағанды және Астана қалаларында халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттары бойынша қайта даярланды.
Сонымен қатар, ЮСАИД жобасы бойынша АҚШ-тың Баренц-групп, Корана
сияқты корпорациялары күні бүгінге дейін еліміздегі бухгалтерлік есеп
жүйесіне өзгерістер енгізіп, ұйымдардың бухгалтерлік есебін халықаралық
стандартқа көшіру жөнінде әдістемелік және нақтылы көмек көрсетіп келеді.
Екінші бағыттың іске асырылуы біршама қиындықтар туғызды. Мұның өзі
күрделі жағдайда өтіп келеді. Терминологиялық тұрғыда көптеген қателіктер
күні бүгінге дейін түзетілмей отыр. Сонымен қатар бүтіндей бухгалтерлік
есеп жүйесі Салық есебіне тәуелді болып, бухгалтерлік есеп мәліметтерін
жіктеп-талдау деңгейі ұмыт қалып келеді. Бухгалтерлік есептің дербестігі
өте төменгі дәрежеде. Аталмыш бағыт деңгейінде қорытынды есеп үлгісіне
(форма) жылма-жыл өзгерістер енгізіліп, қорытынды есептің маңызы мен құрамы
түбегейлі қалыптаспай отыр. Есеп саясатын жасаудың ресми түрде белгіленген
нұсқауы жоқ. Өндірілген өнімдер кұнын шығару жұмсалған, шығындарды
өндірілген өнім, көрсетілген қызмет құрамында есептеу мәселелерінің әлі де
жетіспейтін жақтары жеткілікті. Бухгалтерлік есеп өрісіндегі кеткен
кемшіліктер мен әлі де жетіспейтін нормативтік нұсқау-ережелерді тізбектеп
отырудың орны жоқ.
Аса қажетті ресми құжаттарды экономикалық өмірге қосу үшін
бухгалтерлік есеп жүргізудің техникалық, сатылық және сабақтастық жолдарын
білумен қатар, салық, инвестиция, лизинг, т.с.с. елімізде қабылданған
зандардың да бухгалтерлік есепке тән жақтарын іске асырудың маңызы зор.

1.4. Есеп принциптерінің теориялық жалпы сипаты
Бухгалтерлік есеп жүйесінің даму кезеңдеріне байланысты бухгалтерлік
есеп жүргізудің белгілі теориялық принциптері қалыптасты.
Есеп теориясында қолданылатын әдістерді - принциптер деп атайды.
Бухгалтерлік есептің теориялық өрісін сипаттайтын принциптер міндетті түрде
есеп тәжірибесінде қолданылуы керек. Теориялық принциптерге жауап бере
алмайтын есеп объектілері бухгалтерлік есепке тән емес операцияларға
жатады. Қарама-қайшылық туғызбайтын қолданбалы принциптер бухгалтерлік
есептің сенімді және таза жасалуын қамтамасыз етіп, акпараттар жүйесінің
пайдалы дәрежесіне қарай ұйымдар өмірінде тиімді экономикалық шешімдер
қабылдауды мақсат тұтады.
Яғни іске асырылатын құбылыстар мен фактілердің арақатынастық
байланысын түсіндіру үшін теориялық принциптерді қолдану қажет.
Бухгалтерлік есеп теориясының негізгі мақсаты – бухгалтерлік есеп
табиғатын зерттеу үшін концептуалды тұжырымдамалар мен принциптерді ақылға
сиятындай орнықты жолдарын көрсету болып табылады. Өз кезегінде қолданбалы
бухгалтерлік есеп принциптері есеп жүргізу тәжірибесін жетілдірудің ғылыми
қондырмалық бағытын белгілеуге арналған. Бухгалтерлік есеп теориясы
шаруашылық фактілерін бағалау, модельдеу мен тіркеу, қорытындылау жөніндегі
әдістердің өзара байланысын тәуелсіз жолдармен зерттеуге арналған. Яғни
бухгалтерлік есеп теориясы өрісінде есеп жүргізуге тән әдістер мен ережелер
үрдісі зерттеледі. Мұның негізінде қолданбалы әдістер мен ережелер
табиғатын білу принциптері туындайды.
Бухгалтерлік есеп принципі сөзі ең бірінші рет АҚШ-та 1936 жылы
қолданылған. Мұның авторы бухгалтерлік есеп жөніндегі ғалым Вильям Эндрю
Патон (1889 - 1991 ж.ж.) болған. Күні бүгінге дейін АҚШ және басқа да батыс
елдерінде (ағылшын тілді) бухгалтерлік есеп принциптерін жүйелі түрде
зерттеу жұмыстары жалғасып келеді.
Бухгалтерлік есеп принциптерінің негізгі мақсаты мен мәні қаржылық
қорытынды есептің маңызын талдауға, бухгалтерлік есеп стандарттарын дұрыс
бағытта қолдануға, сондай-ақ есеп объектілерін бағалау мен өлшеу
нәтижесінде орын алған шаруашылық операциялары мен қаржылық жағдайды
бағалауға арналған.
Ақшалай өлшеу принциптерінің ең негізгісі. Қызмет атқарушы
бухгалтерлер ненің қанша сомаға сатылып алынғандығын, ненің қанша сомаға
өндіріліп сатылғандығын, ненің қолда қалғандығын білуі керек. Ағымдағы
шаруашылық операцияларының мазмұнын өлшеп, есептеп, бухгалтерлік есеп
счеттарына жазып, жекелеген счеттардың жинағын шығарып, бұл жинақтарды
қорытынды есепке (отчетқа) түсіру сияқты кызметтердің барлығы да ақшалай
өлшеу принципі бойынша орындалады. Ұйымдар қызметін қорыту мен талдау,
басқару жүйесін жетілдіру бағытында тиімді шешімдер қабылдау әрекеттері де
осы ақшалай өлшеу принципін қолдану арқылы іске асырылады.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жан-жақты зерделеп жүргізу мақсатында
акшалай өлшем натуралды және еңбек өлшемдерімен тығыз байланыста қаралады.
Натуралды өлшеу санақ жүргізу арқылы есепке алынады. Есепке алынуға
тиісті мүліктер мен құндылық заттар, негізгі құралдар мен материалдар, т.б.
орындалған жұмыстар ең әуелі натуралды тұрғыда өлшенеді, саналады, көлемі
анықталады. Мысалы, мата – метрмен, көмір – тоннамен, ағаш – текше метрмен,
жер – гектармен, т.с.с. натуралды өлшемдермен есепке алынады. Натуралды
өлшем құндылықтардың сапасын анықтау үшін, бұларды сортқа, стандартқа,
басқа да төменгі және жоғарғы сапалық қасиеттерге бөлу үшін қажет. Есепке
алынатын барлық натуралды өлшеу қасиеттері бар құндылықтарды ақшалай
өлшемге айналдыру қажет.
Еңбек өлшемі - өнім өндіру, жұмыстар мен қызмет көрсету, жұмыс
уақытын белгілеу, еңбек өнімділігін шығару үрдісінде қолданылады. Бұл өлшем
жұмыс күнінің саны, сағаты, минуты сияқты уақыт өлшемдерімен өлшенеді.
Жұмыс уақытының көрсеткіштері жұмысқа қатынасқан қызмет атқарушыларға, өнім
өндірушілерге еңбекақы есептеу, кейбір категориялар бойынша еңбек етуші
адамдарға норма белгілеп, еңбек өнімділігін шығару үшін қажет. Еңбек өлшемі
ең әуелі натуралды өлшеммен бірдей байланыста қолданылады.
Дербестік принциптер. Кез келген ұйымдар мен құрылымдар меншік
түрлеріне қарамастан бухгалтерлік есеп счеттарын және есеп жүргізу
жөніндегі арнайы құжаттар жүргізуге міндетті.
Ұйымдардағы жүргізілетін бухгалтерлік есептің сапасы мен жақсы
ұйымдастырылуына осы ұйымның иесі (қожайын) жауап береді.
Сондықтан дербестік принцип ұйымдардың құқықтық түрлеріне қарамастан
есеп жүргізудің барлық жағдайында сақталуы керек. Осыған орай барлық
бухгалтерлер ұйымдар басшыларының, президенттернің т.б. жеке басына
жұмсайтын шығындарын осы ұйымға түсетін табыстар мен шеккен зияндар
есебінен жаппай, өте жоғары дәрежеде сақтық ұғымын сақтағаны жөн. Бұл
айтылғандарды дербестік принцип деп атайды.
Үздіксіздік принцип. Өз қызметін атқарып келе жатқан ұйым жақын арада
жойылмай, белгісіз уақытқа дейін өздерінің іс-әрекеттерін қалыпты жағдайда
жалғастыра бермек. Яғни ұйымдардың өндірістік үрдісі тұрақты болып,
өндірілетін өнімдер, көрсететін қызметтер, орындалатын жұмыстар көлемі
азаймауға тиісті. Ең негізгісі - ұйымдар өздерінің қабылдап алған қарыздары
мен міндеттемелері үшін заңды түрде жауапты болады.
Үздіксіздік принцип есептің динамикалық қасиетімен тығыз байланысқан.
Баланстың динамикалық теориясы бухгалтерлік есептің тұрақтылығын қамтамасыз
етеді. Сондықтан үздіксіздік принцип есептің ең алғашқы кезеңдегі
тұрақтылық қасиетінен туындайды.
Өзіндік құн принципі. Ұйымдардың қалыпты жұмыстар атқаруы үшін
қажетті активтерді сатып алуға, сондай-ақ осы ұйымның өзінде жасалып немесе
өндірілген тауарлы-материалды құндылықтарға жұмсалған шығындарды өзіндік
құн деп атаймыз.
Өзіндік құн деп - белгілі бір мақсатқа ақшалай өлшеммен жұмсалған
экономикалық ресурстар көлемін айтады. Өз кезегінде өзіндік құн ұғымы қанша
және қандай ресурстардың қандай өнімдер алуға, тауарлар өндіріп, жұмыстар
орындауға және қызметтер көрсетуге (материалдар, еңбекақы, электр қуаты
т.с.с) жұмсалатындығын көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп жүргізу әдістеріне қарай көптеген әр түрлі
өндірістік шығындар екі категорияға: тікелей және жанама шығындарға бөлініп
қаралған.
Тікелей шығындарға нақтылы объектілерге жататын тікелей өнімдер
өндіруге байланысты жұмсалған шығындар жатады. Мұндай шығындар өндірілген
өнімдердің өзіндік құнының едәуір көп көлемін құрайтын негізгі шығындар
болып анықталады.
Жанама шығындарға өндірілген өнімдердің өзіндік құнына тікелей
жазылып қоймайтын шығындар (жабдықтардың моральдық және физикалық тозуы
қосалқы өндіріс шығындары, отындар, жарық беру, қуат беру т.с.с) жатады.
Шығындардың жанама болып аталуы жүмсалынатын шығындарды өндірілген
өнімдердің бірнеше түрлеріне таратып жазудан туындаған.
Халықаралық есеп тәжірибесінде барлық өндірістік шығындар өндіріс
көлемінің өзгеруіне және жұмсалатын шығындарды жоспарлауға байланысты
ауыспалы және тұрақты шығындар болып екіге бөлінеді.
1.2. кесте
Шығындардың аталуы
Шығындардың аталуы немесе бөлінуі Тікелей Жанама Жалпы
Тұрақты шығындар 16000 16000
Жал төлемі
Сақтандыру 4000 - -
Көлік салығы 3000 - -
Амортизациялық шығын 18000 - -
Ауыспалы шығындар 130000 - -
Бензин
Жөндеу шығындары 7800 - -
Жалпы шығындар 162800 16000 178800

Сақтық пен ықтималдық принцип. Қаржылық қорытынды есеп жасау кезінде
әрбір жауапты бухгалтер өзінің білімі мен тәжірибесін қаржылық қорытынды
есепке алынатын пайда көлемін барынша көбейтуге қызмет істеуі керек.
Пайданың көлеміне сай салық салынады. Яғни пайда салық салу базасы болып
танылатындығына байланысты, әрбір бухгалтер сақтық көрсетіп, барлық ықтимал
болымсыз жағдайларды қарастыруы керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп
тәжірибесінде консервативтік принцип дейтін термин қолданылады. Орыс
тілінде берілген бұл терминнің қолданылатын жағдайын, түсініктілігін
зерттей келе, консервативтік терминін қазақ тіліне сақтық пен
ықтималдық ұғымымен түсіндіріледі.
Сақтық пен ықтималдық принцип деп - өлшеніп, танылған табыс көлемін
көрсету тек қана сенімділіктен, ал жұмсалынатын шығындар негізделген
қаржылық мүмкіндіктерден туындайтындығын айтамыз.
Сақтық пен ықтималдық принципке жауап беру үшін бухгалтерлік есеп
объектілерінің барлығы да өлшенуі керек. Өлшенген, тіркелген объектілер
мәліметтері орнықты және сенімді болуы керек. Сондықтан, сақтық пен
ықтималдық принципі - өлшеу, орнықтылық және сенімділік талаптармен тығыз
байланыста болады.
Халықаралық бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесінде сақтық пен
ықтималдық принципі - пайданы алдын-ала есепке алмау, шегетін зиянды
алдын-ала есепке алу ықтималдығын анықтау ұғымына сай берілген. Яғни
ағымдағы қаржылық қорытынды есеп өрісінде болатын ауыспалы жағдайдағы
табыстар мен шығындар айырымдарын жоғарлатып көрсеткенше, жыл аяғына дейін
пайданың көлемін толық бағаламау керек. Жыл аяғына дейін түсетін пайданың
сомасы белгісіз ықтимал жағдайда қалуы керек. Мысалға, капитал сомасының
көбеюін, бұл әрекетке әбден көз жеткенше есепке алмау керек. Басқаша
айтқанда сақтық пен ықтималдық принципке сай активтерді жыл аяғына дейін
бағалау қиындығы есте болуы керек.
Материалдық принцип. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары
талабына сай құны аса жоғары емес, маңызы жағынан айырықша өндірістік мәні
болмайтын, ішкі қозғалыс есебін жүргізуге жатпайтын құндылықтардың құнын
(сомасын), бұларды алған сәтте, бірден шығындар құрамына жазу қаралған.
Мысалға, кеңсе тауарлары (қаламдар, іс қағаздарын тіркеу папкалары,
тескіштер, кіші есептеу аспаптары т.с.с.) бір жылдан артық уақыт
қолданылатындығына қарамастан және сатып алу бағасының арзандығына қарай,
мұндай құндылықтардың сомасын бірден осы жылдағы шығындар құрамына жазып
есептен шығаруға болады. Егер кеңсе тауарларының құны мен пайдалану мерзімі
ұзақ болып (мысалға компьютерлер), бұл ұйымдарда бірнеше жылдар бойы
пайдалану көзделсе, онда кеңсе тауарлары түгелімен жойылғанға дейін бұларға
амортизациялық сомалар есептеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Ұйымдар мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы
Бастапқы құжаттарды классификациялау
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Пәндер