Бағалы қағаздар, мәні мен функциясы


I. Кіріспе
II. 1. Бағалы қағаздар, мәні мен функциясы
2. Түрлері, акция, облигация, туынды бағалы қағаздар
3. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелуіне ұқсайды және былайынша ажыратылады:
- халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
- ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
- нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т. б. ) ;
- мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
- алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
- коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функ- циясы;
- мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процессті, олардың ұдайы қозғалысын және т. б. қамтамасыз етеді;
- ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
- реттеуші - ондағы нарық сауда және қатысудың ережесін, қаты- сушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т. б. белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:
- қайта бөліну;
- баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.
Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
- ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
- инфляциялық емес негізінде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастайды.
II. Бөлім
2. 1. Бағалы қағаздар, мәні мен функциясы
Бағалы қағаздар рыногі - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногінің бөлігі. Бұл рыноктің жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процесстерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкідік береді. Бұған осы рыноктің қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың сан алуанды- ғымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногі экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процесстердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвистициялау процессіне қатысты.
Қазқстанда бағалы қағаздар рыногі мүлдем болған емес. Оны дамыту ұшін едеуір уақыт керек, өйткені ол меншікке қатынасты қайта құрумен (ең алдымен мемелекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және акционерлеу) және мемлекеттік қаржы саясатының сипатын өзгертумен тікелей байланысты.
Бағалы қағаздар рыногінің жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталыды. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғанабағалы қағаздар рыногінде қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады. Сонымен бірге бағалы қағаздар рыногінің жұмыс істеуі тиісті құқықтық негіздерсіз де мүмкін емес.
«Бағалы қағаздар рыногі туралы» заңның қабылдануы қор рыногінде қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттілігінен туып отыр. Бұл заңның қызмет аясы онымен бірге бір бумада (пакетте) қабылданған «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы» заңдарымен іштей астарласып жатыр. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар жарлыққа түзетулер мен толықтырулар еңгізіліп, «Акционерлік қоғамдар туралы» заң қабылданғаннан кейін қаржы рыногінің қызмет ететін сферасы болып табылатын бағалы қағаздар рыногінің толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.
Қазақстанда бағалы қағаздар рыногі 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендіруі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарады. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. 1991-1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиарда сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 пайызды құрады.
Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарды. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруа- шылық келісімшарттарға негізделеді.
Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногіне тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногінде жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.
Бағалы қағаздар - мүліктік құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелері қарызының қатысы.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, кәсіпорынның, фирманың, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: оларға акциялар, облигациялар, мемлекеттің борышқорлық міндеттемелері, банктердің депозит және жинақ сертификаттары, Ұлттық банктің мерзімді ноттары жатады ( 20. 3 сызбаны қараңыз ) . Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиехат ( өсиетнама ), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды ( өйткені ол - кредиттік ақшалардың түрі ) . Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу-сату процестеріне тартылғандықтан векселді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады.
ІІ бөлім
2. Түрлері, акция, облигация, туынды бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға берудің мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін.
Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.
Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушға тиесілі болады.
Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.
Акция - қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивидентер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам жойылғаннан кейін оның қалған мүлкінің бір бөлігіне акционерлердің құқықтарын куәландыратын бағалы қағаз.
Облигация ұстаушының оны шығарған адамнан онда көзделген мерзімде нақты құнымен облигация немесе басқа мүліктік балама алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз облигация деп аталады. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақты құнының онда көрсетілген сыйақыны ( мүддені ) не өзге де мүліктік құқықты алуына құқық береді.
Облигациялардың мынадай түрлері болады:
ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;
кәсіпорындардың облигациялары.
Ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі және жергілікті қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы ( мүдде ) есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленеді.
Кәсіпорындардың облигациялары олардың жарғылығына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.
Облигациялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз ( мақсатты ), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебінен сатып алады.
Коносамент - жеке тұлғаның немесе заңды ұйымның жүк жөнелтушіге берген және жүкті тасымалдауға алынғанын куәландыратын қолхат.
Бағалы қағаздар құрамында мемлекет тарапынан, халықтан және заңды тұлғалардан алынған қарыз фактісін куәландыратын мемлекеттік бағалы қағаздар ерекше болып келеді. Олар әр түрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық бондар, облигациялар және басқалар.
Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттары әр түрлі айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Олар ақша-кредит саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан бері шығарылып келеді.
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕОКАВМ) Қазақстан Республикасының эмссиялық мемлекеттік бағалы қағаздары болып табылады, республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы Министірлігі шығарады және бағалы қағаздар рыногінде еркін айналыста болады.
Қазынашылық валюталық міндеттемелер ұстаушыларға өтеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және төленетін атаулы құнға пайызбен сыйақы ( мүдде ) алуға құқық береді.
Қазынашылық валюталық міндеттеменің бастапқы құны 100 АҚШ доллары.
Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдарын ( инструменттерін ) түрлендіру ( диверсификация ) мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында айналым мерзімі бір жыл және бір жылдан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер ( МИҚМ ) шығарылды. Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттеме мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады, оларды республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан қаржы Министірлігі ( эмитент ретінде ) шығарады және Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногінде еркін айналымда болады.
Индекстелген қазынашылық міндеттемесін бастапқы құны 1000 теңге және олар инвесторлардың арасында аукциондық әдіспен орналастырады.
Айналыс мерзімі 7 жыл және өтеу күні 2007 жылғы 11 мамыр, бастапқы құны 1000 АҚШ долары, капиталдың халықаралық рыноктерінде орналастырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары ( Еурооблигациялар ) шығарылды.
Дамыған экономикалық жүйелердің қаржы рыногінде бағалы қағаздардың өздерінен басқа негізгілерден шығатын туынды бағалы қағаздар болады, олар басқа бағалы қағаздар арқылы білдіріп, құнға ие болатын бағалы қағаздар. Мұндай бағалы қағаздарға әдетте варранттар, опциондар, фьючерстер жатады.
Туынды бағалы қағаздар рынокте айналыста жүрген корпоративтік бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдерін сақтандыруға ( хеджерлеуге ), өтімдіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокке шығу мүмкіндігін алуға байланысты.
ІІ бөлім
3. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару - эмиссия - бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне - инвесторларға, яғни заңды тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
- акционерлік қоғам құрған кезде және акциялар олардың құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
- акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
- облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет, заңды тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бұл эмиссия шегінде біртектес белгілерге және риквизиттерне ие болатын, осы эмиссияға арналған бірыңғай ережелер негізінде орналастыратын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды ( акцияларды, облигацияларды ) шығаруды жарияланған жарғылық капиталды құру және өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы ораналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.
Мемлекеттік емес эмиссияның бағалы қағаздар эмиссиясы бағалы қағаздар шығару туралы эмитенттің шешім қабылдауын; уәкілетті органда бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеуді; инвесторлар үшін эмиссия проспектісінде болатын ақпараттарды ашуды; бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды; бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті табыс етуді қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге асыратын ашық акционерлік қоғамдардың акциялары эмиссияланатын мемлекеттік тіркеудің, сондай-ақ акциларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есеп беру рәсімі мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Акционерлік қоғамдардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногінің әуесқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және Орталық депозиттердің акцияларының барлық эмиссиялары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған ( документарлық ) және құжатсыздандырылған нысындарда шығарылуы мүмкін. Бағалы қағаздар шығарудың құжаттандырылған нысаны - бағалы қағаздара мүліктік құқықтар бағалы қағаздар ұстаушылардың тізімінде тіркелетін шығару нысаны. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізе отырып, эмитенттің жоғарғы басқару органының шешімі бойынша эмитент өзгертуі мүмкін.
Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерінің құқықтары осы бағалы қағаздарды көрсетуі арқылы расталады. Құжатсыздандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің құқықтарын тіркеушілер немесе нақты ұстаушылар растайды. Бағалы қағаздарды иелерінің талап етуі бойынша тіркеуші немесе нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерінің құқықтарын растайтын құжаттар беруге міндетті.
Бағалы қағаздармен мәмілелер ұйымдасқан және ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногінде - қайталама рынокте жасалады. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша нотариалдық куәландыруға тиіс.
Кәсіпқой қатысушылар ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногінде мәмілелерді өз атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногінде жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өздері де, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкін.
Кәсіпқой қатысушының бағалы қағаздармен мәміле жасауға өкілетті оның клиентпен жасасқан мәмілелерді жасау және орындау үшін қажетті талаптарды айқындайтын шартымен расталады.
Акциялар, облигациялар, және уәкілетті органдар бағалы қағаздар деп таныған оның басқа да түрлері, туынды бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысында уәкілетті орган белгіленген тәртіппен рұқсат етілген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары, ипотекалық куәліктер, коносаменттер және заңдарға сәйкес құжаттардың басқа да түрлері Қазақстанда бағалы қағаздар рыногінің объектілері болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz