Шоқан Уәлиханов – фольклоршы


Кіріспе
Қазақ фольклоры мен тарихын зерттеу кенжелеп қолға алынғандық-тан, бұл салада тындырғанымыздан қолға алғанымыз анағұрлым басым екені анықталып отыр. Соның бір көрінісі - қазақ фольклорын жинау, жариялау және зерттеу ісіне көп үлес қосқан Ш. Ш. Уәлихановтың фольклоршылық еңбектері. Қазақ халқының әдеби мұрасын зерттеудің көкейкесті мәселелерін Ш. Ш. Уәлиханов ең алғаш рет қолға алып, бұл игілікті істі А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхаметұлы, Қ. Сәтбаев, С. Сейфуллин сынды қазақ зиялылары одан әрі дамытқан еді.
Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш таныстырушы. Бұл істе Шоқан жалғыз болған жоқ. Шоқанға дейінде кейбір орыс ғалымдары да қазақ әдебиеті мен мәдениеті туралы пікірлер айтып, қазақ халық әдебиетінің кейбір үлгілерін баспаға шығарушылар болды. Олардың ішінде Потанин, Березин, Радлов, Алекторов тағы басқалардың еңбектері ерекше ескерерлік (1. 254) .
Ш. Ш. Уәлиханов - әйгілі шығыстанушы болумен қатар, қазақ халқының мұрасын жинауға, зерттеуге зор үлес қосқан, қазақ халық поэзиясына тұңғыш рет теориялық талдау жасаған ғалым. Ғалымның халық мұрасын зерттеуге арналған еңбектерін жүйеге келтіру, ғылыми саралаулар жасау - қазіргі қазақ фольклортануындағы ең зәрулі мәселелердің бірі.
Ш. Ш. Уәлихановтың шығармашылығын зерттеу оның көзі тірі кезінде басталған еді. Алайда, қазақ ғалымының мұрасын зерттеудің жаңа дәуірі ол дүние салған жылы басталды. Шоқанның ғылыми мұрасын жан-жақты, түбегейлі зерттеудің аса қарқынды дәуірі біздің заманымызда 1940 жылдан соң басталып, осы күнге дейін жалғасып келеді.
Әр дәуір өзінің көрнекті шоқантанушы ғалымдарын тудырды. 1917 жылға дейін шыққан шоқантанушылар ретінде Г. Н. Потанин мен Н. И. Веселовскийлерді атаған жөн. Ал, біздің заманымыздағы шоқантанушылардың саны аз емес. Солардың ішіндегі көрнектісі академик Ә. Х. Марғұлан.
ХХ-ғасырдың бірінші ширегінде Ш. Ш. Уәлихановтың фольклортануға сіңірген еңбегін қарастырған зерттеушілер Ә. Бөкейханов, Қ. Сәтбаев, М. Дулатов, М. Жұмабаев және басқалары болатын.
Қазақ фольклорын зерттеуде ерекше еңбек сіңірген академик М. О. Әуезов Ш. Ш. Уәлихановтың ағартушылық, зерттеушілік қызметі, қазақтың халық әдебиетін зерттеудегі орны, ислам дініне қатысты көзқарасы, сол сияқты қырғыздың атақты эпосы “Манасты” алғаш жазып алуы туралы пікірлерін білдіреді.
Кейінгі кезде бұл іспен түбегейлі айналысқан Ә. Х. Марғұлан еді. Ә. Марғұлан бастаған зерттеушілердің іздестіру жұмыстары нәтидесінде Шоқан еңбектерінің 5-томдығы жарық көрді. Оның үстіне Ә. Марғұлан Шоқан туралы көлемді монографиялар жазды. Оның халық әдебиеті туралы ой-тұжырымдарымен қатар фольклорлық, тарихи шығармаларды жинап, олар туралы маңызды пікірлер айтып, зерттеулер қалдырғаны, қазақ фольклорындағы тарихи аңыз бен әңгімелердің бар екендігін байқауы, өзі жазып алған тарихи жырлардың нұсқаларына ғылыми талдау жасағандығына көптеген ғалымдар назар аударған.
Орыстың алдыңғы қатарлы баспасөзі Шоқан туралы ең жанашыр пікірлер айтып отырады. А. С. Пушкин, В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, А. Н. Некрасовтар негізін қалап, бастырып келген “Современник” журналы Шоқан туралы өз пікірін 1864 жылы-ақ жариялаған. Мысалы осы журналда К. Губарев “Қазақ сахарасы” деген мақала жариялап, онда
“ . . . Шоқан Уәлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп аталатын басқа халықтардың ешқайсысынан бұрын-соңды шыққан емес”, - деп жазған (2. 102) .
Белгілі ғалымдар Н. С. Смирнова, Ш. Қ. Сәтбаева, Р. Бердібаев еңбектерін-де Ш. Ш. Уәлихановтың қазақ халық әдебиетін алғашқы жинаушы, зерттеушілігі байыпты сараланған. Қазақ эпосы мен аңызы, ертегілері мен өлең-жырлары, мақал-мәтелдері жайында өте бай материал жинауы, олардың жинау принциптері мен қазақ халық поэзиясы жанрларына анықтама беруі, халық әдебиеті шығармаларынан халықтың таным-түсініктері, әдет-ғұрыптары, өмір-тіршілігі көрінеді дейтін ұлағатты ойларын аталған ғалымдар кеңінен қарастырады.
Ш. Ш. Уәлихановтың жинап-терген өлеңдер мен ол туралы айтқан ой-пікірлердің мәні ерекше. Ш. Ш. Уәлиханов қазақ поэзиясының жыр тәрізді көне формаларына тоқталып, оның қазіргі даму заңдылығын зерттейді. Ол “ соңғы уақытта . . . қазақ сахарасында жыр поэзиясының ескірген, көне формасы ретінде қолданушылық тек бақсылардың еншісіне ғана тиген. Домбыра мен өлең бұл күндері қобыз бен жырды біржола ығыстырып шығады”. “ Қазіргі ақындардың көпшілігі-ақ осы күнгі өлең формасын ең қолайлы өлең өлшемі ретінде қолданып, соған өздері жаттығып алған”, - дейді (3. 18) . Ш. Ш. Уәлихановтың қазақтың қара өлеңінің құрылысы жайлы айтқан пікірлерін, мән-маңызына Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, З. Ахметов, М. Базарбаев, Б. Уахатов, А. Сейдімбеков сияқты ғалымдар ерекше назар аударған.
Шоқанның халық әдебиеті және оны зерттеу туралы айтқан пікірлерін, халық поэзиясының ерекшеліктерін шығыс поэзиясымен салыстыра талдауын, қырғыздың “Манас” эпосы хақындағы пікірлерін бір қатар ғалымдар қарастырған.
Қазақтың мақал-мәтелдері, қазақ билері, шешендік сөз туралы, жалпы айтыс өнері жайында Ш. Ш. Уәлихановтың пікірлерін көптеген ғалымдар өз зерттеулерінде басшылыққа алып отырады, фольклордың бұл жанрларын тұңғыш зерттеген Шоқан екенін әділ атап өтеді. Олар Щоқанның этнографиялық зерттеулерімен, Шал, Жанақ, Орынбай, Шөже ақындар туралы, ақындық өнер, халық әдебиеті хақындағы ой-пікірлерін өз еңбектерінде орынды да орнықты қарастырады (4. 140) .
Ш. Ш. Уәлихановтың бай мұрасын комплексты, жан-жақты, терең зерттеп, оның ұлы тұлғасын бүкілдүниежүзілік қауымға танытатын фундаменталбдық, монументалдық еңбектер туып, бірнеше тілге аударылған болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Әдебиет пен өнер туындыларында Ш. Уәлихановтың көркем бейнесін жасауға көңіл бөлгені мәлім. Сонау ертеде, Уәлихановтар ауылында жиі болып, Шоқан көрген, дидарласқан, көп әсер алған атақты ақын Орынбай Кертағыұлы ғалым дүниеден қайтқан шақта өлең-элегия шығарып, асыл ұлынан айырылған қазақ қауымының күңіренген мұң-шерін жеткізе келіп, туған елі оны мәңгі есіне сақтайтынын, әменде құрметтеп, қастерлейтін көркем сөзбен өрнектеген болатын. Содан бері көптеген жылдар бойы көркем сөз бен өнерде талай шығармалар Ш. Ш. Уәлихановқа арналды. С. Мұқанов “ Аққан жұлдыздарт ”романы мен “ Ш. Ш. Уәлиханов ” тарихи драмасын т. б. жазды. С. Марков “ Асқарға аттанғанда ” тарихи биографиялық повесть, С. Бегалин “ Шоқан асулары ”, С. Бақбергенов “ Мен сізді сүйемін ”повесттер, А. Сатаев бірнеше әңгімелер, П. Косенко “ Тағдырлар тоғысы ” атты тарихи хроника жазды. Шоқан Уәлиханов туралы Х. Бекхожин, Ғ. Орманов, С. Сейітов, Х. Ерғалиев, Е. Ибрахим, М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев тағы басқа ақындар поэма-өлеңдер жазда. Ақындар, жазушылар Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметінің елеулі кезеңдерін, халықтың әлеуметтік, рухани тарихын және өз кезіндегі жайын жақсы білгенін, орыстың алдыңғы қатардағы жазушылармен қарым-қатынасын, достығын едәуір толымды бейнеледі. Көркем туындыларда ғалымның биік адамгершілік келбеті, бай ішкі жан дүниесі, мінезі сипатталды. Көркемөнерде де ғалым тұлғасын бейнелеуге арналған деректі кинофильм көп сериялы және суретті фильмдер, скульптурлық және суреттік бейнелер жасалды. Мұндай шығармалардың да деңгейін, хал-жайын саралау да көп қажеттердің бірі.
Ш. Ш. Уәлиханов өмірі мен қызметі сан салалы мұрасы туралы ондаған ғылыми кітаптар мен жүздеген мыңдаған мақалаларды қамтитын “Шоқан Уәлиханов” атты әдебиеттердің мазмұндалған көрсеткіші жарық көрді шоқантанудың бағдаршысындай болып көрінетін бұл басылым да құптарлық.
Шоқантануда ғалым мұраларының сан-салалы, көп қырлы мазмұн-мәні, алуан қасиеттері едәуір ашылды, ашыла да бермек.
Ұлы тұлғадан әр заман адамдары, әр буын, әр ұрпақ тамаша қадір-қасиеттер алады, рухани өсе түседі. Ш. Ш. Уәлиханов мұралары қалтқысыз шыншылдықтың, халқына, Отанға адал қызмет етудің үлгісі, тағлымы.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеу жұмысымызда көрнекті ғалым Шоқан Уәлихановтың қазақ халық әдебиеті үлгілерін жинауы мен жариялау жолындағы қызметіне жалпы сипаттама беріп, қазақ халық әдебиеті үлгілерін жіктеуі және оның тегі, құрамы, ерекшіліктері туралы ой-пікірлерін саралап көрсеттік. Шоқанның туысқан қырғыз халқының тарихын, географиясын, әдебиетін, тілін зерттеп, көптеген құнды пікірлер, байсалды топшылаулар айтуы ғылым қазынасына қосқан зор үлесінің бірі. Олай болса біз диплом жұмысымыздың бір саласын осы мәселеге арнадық.
Ш. Ш. Уәлихановтың фольклорға сіңірген еңбектерінің әр түрлі салаларын ғалымдар көп зерттегенімен, оның бәрін бір жүйеге түсіріп, Шоқанның қазақ халық мұрасын жинау жөнінде ұстанған қағидаларын және фольклористік көзқарасын тұтастай алып қарастыру диплом жұмысымыздың өзектілігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымызда біздің алға қойған мақсатымыз - негізінен Шоқан сынды ірі тұлғаның шығармашылығын ғана зерттеу емес, оның фольклортануға сіңірген еңбегі туралы бұрын - соңды айтылып жүрген пікірлерді саралап, бір жүйеге келтіріп, өз тұжырымдарымызды айту.
Біріншіден , Ш. Ш. Уәлихановтың фольклорды жинау, жариялау, зерттеу принциптерін талдау, екіншіден, оның қазақ халқы поэзиясының түрлері туралы жазған, аңыз бен эпосты тарихпен тығыз байланыста қарастырған, ертегілер мен аңыздарға ғылыми баға берген, қазақ фольклорын зерттеушілер туралы сынаған еңбектерін жаңаша пайымдау, үшіншіден, Шоқанның қырғыз фольклорын зерттеуі, қазақ қырғызға ортақ аңыздарды тығыз байланыстыра зерттеу ерекшеліктерін айқындау. Сайып келгенде, Ш. Ш. Уәлихановтың фольклористік көзқарасын саралап көрсету.
Жұмыстың зерттелу деңгейі . Жұмыс барысында Х. Сүйіншәлиев, Г. Н. Потанин, Ш. Қ. Сәтбаева, Ә. Х. Марғұлан, Қ. Б. Алпысбаева, Н. С. Смирнова, Р. Бердібаев атты әдебиет майталмандарының ғылыми еңбектерімен қоса тағы басқа ғалымдардың ғылыми мақалалары мен материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері . Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін негізгі дерексөздерді жинау барысында баяндау, түсіндіру, сұрыптау, жүйелеу, талдау т. б. әдістер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы . “ Шоқан Уәлиханов - фольклоршы ” деп аталатын диплом жұмысымыз кіріспе, негізгі екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Бірінші тарау “ Ш. Ш. Уәлиханов - қазақ фольклорын жинаушы және жариялаушы ”деп аталады. Мұнда Ш. Ш. Уәлихановтың өмірі мен қазақ фольклорын жинау және жариялау жолындағы қызметінің жалпы сипаттамасы жайлы қарастырсақ, ал екінші “ Ш. Ш. Уәлиханов - қазақ халық әдебиетін зерттеуші ” деп аталатын тарауында Шоқан Уәлихановтың қазақ халық әдебиеті үлгілерін жіктеуі және оның тегі, құрамы, ерекшеліктері туралы ой-пікірлерін қарастырдық. Ал “ Шоқан және “Манас”” деген тараушасында қырғыз фольклорының елеулі жыры “Манас” туралы ой қозғалды. Қорытындыда диплом жұмысындағы айтылған ой жинақталып, тиянақталып, қорытындылады. Соңында сілтемелер тізімі мен пайдаланылған әдебиеттер мен мысалдар алынған көркем шығармалар тізімі берілген.
1-тарау. Ш. Ш. Уәлиханов-қазақ фольклорын жинаушы және жариялаушы .
Ш. Ш. Уәлиханов-ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақтың өз ортасынан шығып халық шығармашылығы, этнографиясы жөніндегі мағлұматтарды көптеп жинап, оны баспа жүзіне шығаруда және сол материалды зерттеуде үлкен қызмет атқарып, үлес қосқан үлкен ғалым.
Ш. Уәлиханов 1835жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде Күнтиместе туған. Шоқан балалық шағын әуелі Күнтиместе, содан кейін Сырымбеттің сұлу табиғатының қойнауында, биік қарағайлы, қалың қайыңды, көлі мен көгі мол жерлерде өткен.
Шоқанның шыққан ортасы - қазақтың ірі феодалдары хан-сұлтан тобы. Әкесі - Шыңғыс - Омск әскері училищесін бітірген, орысша сауатты, офицерлік чині бар адам. Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі - Абылайхан. Шоқан - осындай семьядан шыққан жас. Бұл оған жасынан оқуға мүмкіндік береді. (1. 254)
Өз заманының алдыңғы қатарлы адамдарының үйінде дүниеге келген Ш. Уәлиханов жас кезінен бастап-ақ екі Ресейді танып өсті. Біріншісі - патшалық, яғни отаршылар мен реакцияшылар тобының Ресейі болса, екіншісі - халық Ресейі, бұл соңғы топқа кіретіндері бүкіл орыс халқы, алдыңғы қатарлы интеллигенция, яғни Пушкин, Белинскийлер Ресейі. Олар Қазақстанды, тек отар ел деп қарамай, қазақтың елдік қасиеттеріне үңіле білді. Батыс Сібір Бас басқармасында Д. Р. Бантыш - Каменский (Пушкиннің досы), С. Б. Броневский сынды алдынғы қатарлы орыс интеллигенциясының көрнекті өкілдері қызмет етті. Бұл іспетті адамдар қазақ халқы арасынан шыққан алдыңғы қатарлы Айғаным сынды қоғам қайраткерлерімен тығыз айналысып, екі халықтың рухани жақындасуына өз үлестерін қосты. Соның нәтижесінде Шыңғыс сияқты қоғам қайраткері мен оның баласы Шоқандай ұлы ғалым өсіп жетілді.
Алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясы мен Шоқан туып өскен қара шаңырақтың қаншалықты тығыз байланысты болғаны туралы Г. Н. Потанин өз естелігінде былай деп жазды. “ . . . В самом деле едва ли может быть названа какая-нибудь другая казахская семья, которая питала бы также дружественные чувства к русским, как семья султана Чингиса. Сам Чингис Валиханович обучался в русской школе переводчиков в Омске, где, следовательно, с детства привык к русским впоследствии, когда он служил, управлял Кушмуринским округом, занимал должность представителя от казахского народа при областном правлении в Омске, он постоянно вел дружбу самыми интеллигентными русскими чиновниками в Омске, который был центром управления степью, сначала чиновником Сотниковым, потом Гутковским и Капустиным. Сотников ориенталист из Казанского университета, влюбился в казахский народ каждое лето он приезжал в ацл султана Чингиса и в течение нескольких месяцев кочевал вместе с ним по Кушмуринскому округу, жил в казахскрй юрте и одевался по казахский, по его-то совету Чингис Валиханович отдал своего второго сына, Чокана, учиться в кадетской корпус в Омске . . . ”(4. 75)
Міне, Шоқан туған шаңырақ осындай еді. Шоқанды, болашақ ұлы ғалымды тәрбиелеуде ең алдымен әжесі Айғаным мен цкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.
Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып, сыйлы адамдар жиі бас қосатын болған. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, күміс көмей, жез таңдай әншілер, сондай-ақ әкесі Шыңғыстың орыс достары, декабристер, ғалымдар, алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының көрнекті өкілдері жас Шоқанға ерекше әсер етті.
Шоқан әуелі ауылында оқып, ескіше хат таниды. Он жасқа толғанда әкесі олны Омскідегі кадет корпусына береді. Кадет корпусына ол орыс тілін білмейтін, ауыл салтындағы бала ретінде келіп түседі де, бір жыл ішінде орыс тілін үйреніп алады. Шоқан талапты, зерек болып өседі. Ол корпус оқушыларының алды болып бірден көзге түседі. Шоқан талабына оқушылары ерекше ықыласпен ескереді.
Омбыда оқыған кезде Ш. Уәлихановтың ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымының қалыптасуына кадеттің озық пікірі, прогрестік идеядағы кейбір оқытушылардың да ықпалы аз болған жоқ. Мысалы, оған орыс тілі мен әдебиеті тарихының оқытушысы Н. Ф. Костылецский үлкен әсер етті. Қазан университетінің Шығыс факультетін бітірген Н. Ф. Костылецский өз заманының алдыңғы қатарлы идеяларын жақтап, В. Г. Белинскийдің еңбектерін насихаттаған. Г. Н. Потанин Костылецскийдің өр мінезі әрі өткір тілді адам болғанын, Белинскийдің идеясына табынып, Гогольдің қадір тұтқанын, тіл мен әдебиет тарихында Белинскийдің мақалаларын басшылыққа алып, солдарға сүйенгені үшін корпусты тексерген генерал-инспектордың бірінен сөгіс алғанын жазады.
Аса білімдар, дүниетанымы, көзқарасы орыстың қоғамдық идеяларының ықпалымен қалыптасқан, қоғамдық еңбек етуге барынша құштар, алға көп мақсат қойған арманшыл жас Шоқан саяхатшы болуды көкседі. Осы тұста Батыс және орыс жиһан кездерінің шығармаларын Шығысты зерттеуге байланысты еңбектерді аса құштарлана оқыды. (5. 4)
Омбы кадет корпусында Шоқанмен қатар болашақ саяхатшы Г. Н. Потанин де оқыды. Зерттеушілер анықтағандай, бұл корпуста оқу программасы бойынша әскери пәндермен бірге жалпы география, Ресей географиясы, жалпы тарих пен Ресей тарихы, орыс және Батыс Еуропа әдебиеттерінің философия негіздері, физика, химия, математика пәндері сонымен қатар сызу, сурет сабақтары жүргізіліп, француз тілдері де оқытылған. Оның үстіне корпуста Шығыс тілдерінің класы болған. Бұл класта түрік, монғол, араб, парсы тілдерін де оқытқан.
Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез жетіледі. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендер де идея жағынан басып озды, -дейді бірге оқыған досы Г. Н. Потанин(6. 639)
Екінші курстан бастап Шоқан мен оның ұстаздарының арасында жақындық және достық қатынастар орнайды.
Шоқанды ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, қазақ фольклорын түбегейлі зерттеуге қызықтырған адамның бірі, ұстазы Н. Ф. Костылецский. Ұстазы екеуіні арасындағы жақын байланыс Шоқанның Омбы кадет корпусында басталады. Олар көп мәселелер жөнінде, әсіресе фольклор туралы пікірлес болады. Қазақ пен қырғыз халықтарының фроьклорын жинауға Н. Ф. Костылецский де ерекше көңіл бөлген. Ол Қазан университетінің Шығыс факультетін бітірген. 1840 жылдан бастап Омбыдағы кадет корпусында орыс әдебиетінен сабақ береді. Ресейдің сол кездегі революциялық-демократтық идеялардың рухында тәрбиеленген Н. Ф. Костылецский өз заманының алдыңғы қатарлы адамдарының бірі болды. Ол өзінің озық ой-пікірлнрімен Шоқанға ерекше әсер етті.
Н. Ф. Костылецский арқылы Шоқан 1852 жылы И. Н. Березинмен танысады. Олардың арасында достық және шығармашылық байланыс орнайды. Оған себеп И. Н. Березинге «Тоқтамыстың жарлығындағы» кейбір көне сөздердің мәнін ажыратуға Шоқанның көмегі қажет болды.
Березин мен Шоқан арасындағы хат арқылы байланыс осыдан басталған еді. Хан жарлығындағы кездесетін түсініксіз кейбір терминдердің мағынасын талдап кейбір терминдердің мағынасын талдап түсіндіру үшін профессорға Ш. Ш. Уәлиханов жәрдем көрсетеді. Тоқтамыстың жарлықтарында кездесетін, бірақ кейін қолданылмайтын кейбір сөздердің мағынасын ол қариялардан сұрастырып, анықтап, түсініктемелер, басқа да тарихи оқиғаларға байланысты ой-тұжырымдарын жазып, профессорға жіберді. «Тоқтамыстың жарлығындағы» XIX ғасырдағы тілде қолданылмайтын кейбір сөздердің мағынасын қазақ тілінен іздестіру жөніндегі сіздің ұсыныстарыңызды өзімнің бұрынғы ұстазым Н. Ф. Костылецскийден естігеннен кейін мен қазақ қарияларынан сұрастыра жүріп, біздің тілімізден бірсыпыра сөздер таптым. Сөйтіп, оларды сізге жіберуге асық болып отырмын», - деп жазған Шоқан. (7. 163)
Шоқан Уәлихановтың алғашқы ғылыми еңбектері болып саналатын. «Профессор И. Н. Березинге хат», профессор И. Н. Березиннің «Хан жарлықтары» кітабы туралы жазғандарының өзінен-ақ әдебиет пен тілге қатысты материалдарды білетіндігін, оларды тарихи-ғылыми зерттеулерге деректер, дәлелдер ретінде пайдалану үлгісін көрсетеді. Бұдан Сібір кадет корпусында оқып жүрген Ш. Ш. Уәлихановтың асқан білімдарлығы, ғылыми қызметке бейімділігі, ұқыптылығы, ғылыми принциптілігі көрінеді. Бұл еңбекті жазғанда Ш. Ш. Уәлиханов 15-16 жаста еді. Ол Омбыда қыруар білім алған. Шығыс халықтарының тарихи, тағдыры туралы көптеген еңбектерді оқыды, аналитикалық көзқарастары қалыптасты. Ол кезде еңбектерімен аты белгілі шығысты зерттеуші И. Н. Березиннің сұрақтарына тиянақты жауап беріп, еңбектеріне ғылыми пікір айтудың өзі Шоқанның білімдарлығын, батылдығын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz