Швеция



Швеция (Швеция Kорольдігі) . Eуропада орналасқан ел. Скандинавия елдерінің бірі. Швеция Корольдігі . Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік.батысында Норвегиямен, солтүстік.шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік.шығысын Балтық теңізі, ал оңтүстік.батысын Эресунн бұғазы (Швецияны Даниядан бөліп тұр) мен Каттегат, Скагеррак бұғаздарының сулары шайып жатыр.
Швецияның лендерге бөлінуі

Швецияның иелігіне сондай.ақ Балтық теңізіндегі Готланд пен Эланд аралдары мен бірнеше ұсақ аралдар да кіреді. Аумағы 449964 км2. Швецияның ұлттық құрамы негізінен бір текті. Халқының 91%.ын шведтер құрайды. Сонымен бірге финндер (3%), саамдар, норвегтер, даттар (6%) тұрады. Ресми тілі . швед тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі . лютеран шіркеуінің өкілдері (94%), католиктер (1,5%), мұсылмандар мен иудей дініндегілер де бар. Астанасы . Стокгольм қаласы. Ірі қалалары: Стокгольм, Гетеборг, Кальмар, Упсала, Мальме, Хельсингборг (қала халқының үлесі 83%.ды құрайды). Әкімшілік.аумақтық жағынан 21 ленге (губернияға) бөлінеді. Швеция тарихи.географиялық жағынан үшке: Геталанд (оңтүстігінде), Свеаланд (елдің орталық бөлігі), Норландқа (Швецияның ең үлкен аймағы, ел аумағының 60%.ын алып жатыр, солтүстік бөлігі) бөлінеді. Швеция . конституциялық монархия. Мемлекет басшысы . король (Карл XVI Густав, 1973 жылдан). Жоғарғы заң шығарушы органы . бір палаталы парламент . риксдаг. Жоғарғы атқарушы органы . үкімет. Ұлттық мейрамы . швед туының Күні, 6 маусым (1503). Ақша бірлігі . швед кронасы. БҰҰ.ның (1946), Солтүстік кеңестің (1952), Еуропа кеңесінің (1995) мүшесі.

Табиғаты
Географиялық жағдайы

Швеция Еуропаның Атлант мұхиты бойы аймағында, қоңыржай белдеудің солтүстік бөлігінде (тайга мен аралас ормандардың, елдің қиыр оңтүстік . жайпақ жапырақты ормандар белдемшелерінде) орналасқан. Жағалаулары негізінен онша биік емес, жартасты болып келеді. Ботния шығанағының солтүстік және оңтүстік.батыс шеттері аласа, аккумулятивті, құмдауытты жағалаулар. Оңтүстігінде, Сконе түбегінде абразивті жағалаулар басым. Солтүстік және батыс аудандарын альпілік рельеф, жоталар мен тауішілік ойыс телімдері қыраттармен үйлесіп келетін Скандинавия таулары (биіктігі 2123 м.ге дейін, Кебнекайсе тауы) алып жатыр. Оңтүстігінде Скандинавия тауларынан Ботния шығанағына қарай аласаратын Норланд (биіктігі 200 . 800 м) қыраты орналасқан. Қырат терең бөлшектенген, өзен және көл аңғарлары бар. Оңтүстікке қарай Орта швед ойпаты орналасқан, мұнда

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Швеция (Швеция Kорольдігі) - Eуропада орналасқан ел. Скандинавия елдерінің
бірі. Швеция Корольдігі - Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы
мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысында Норвегиямен,
солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Балтық теңізі,
ал оңтүстік-батысын Эресунн бұғазы (Швецияны Даниядан бөліп тұр) мен
Каттегат, Скагеррак бұғаздарының сулары шайып жатыр.
Швецияның лендерге бөлінуі

Швецияның иелігіне сондай-ақ Балтық теңізіндегі Готланд пен Эланд аралдары
мен бірнеше ұсақ аралдар да кіреді. Аумағы 449964 км2. Швецияның ұлттық
құрамы негізінен бір текті. Халқының 91%-ын шведтер құрайды. Сонымен бірге
финндер (3%), саамдар, норвегтер, даттар (6%) тұрады. Ресми тілі - швед
тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі - лютеран шіркеуінің өкілдері (94%),
католиктер (1,5%), мұсылмандар мен иудей дініндегілер де бар. Астанасы -
Стокгольм қаласы. Ірі қалалары: Стокгольм, Гетеборг, Кальмар, Упсала,
Мальме, Хельсингборг (қала халқының үлесі 83%-ды құрайды). Әкімшілік-
аумақтық жағынан 21 ленге (губернияға) бөлінеді. Швеция тарихи-географиялық
жағынан үшке: Геталанд (оңтүстігінде), Свеаланд (елдің орталық бөлігі),
Норландқа (Швецияның ең үлкен аймағы, ел аумағының 60%-ын алып жатыр,
солтүстік бөлігі) бөлінеді. Швеция - конституциялық монархия. Мемлекет
басшысы - король (Карл XVI Густав, 1973 жылдан). Жоғарғы заң шығарушы
органы - бір палаталы парламент - риксдаг. Жоғарғы атқарушы органы -
үкімет. Ұлттық мейрамы - швед туының Күні, 6 маусым (1503). Ақша бірлігі -
швед кронасы. БҰҰ-ның (1946), Солтүстік кеңестің (1952), Еуропа кеңесінің
(1995) мүшесі.

Табиғаты
Географиялық жағдайы

Швеция Еуропаның Атлант мұхиты бойы аймағында, қоңыржай белдеудің солтүстік
бөлігінде (тайга мен аралас ормандардың, елдің қиыр оңтүстік - жайпақ
жапырақты ормандар белдемшелерінде) орналасқан. Жағалаулары негізінен онша
биік емес, жартасты болып келеді. Ботния шығанағының солтүстік және
оңтүстік-батыс шеттері аласа, аккумулятивті, құмдауытты жағалаулар.
Оңтүстігінде, Сконе түбегінде абразивті жағалаулар басым. Солтүстік және
батыс аудандарын альпілік рельеф, жоталар мен тауішілік ойыс телімдері
қыраттармен үйлесіп келетін Скандинавия таулары (биіктігі 2123 м-ге дейін,
Кебнекайсе тауы) алып жатыр. Оңтүстігінде Скандинавия тауларынан Ботния
шығанағына қарай аласаратын Норланд (биіктігі 200 - 800 м) қыраты
орналасқан. Қырат терең бөлшектенген, өзен және көл аңғарлары бар.
Оңтүстікке қарай Орта швед ойпаты орналасқан, мұнда көлдер көп. Мұздық
рельеф формалары кең таралған. Елдің оңтүстігінде жазықтардың радиалдық
жүйесімен жекелеген қырқалар мен массивтерге бөлшектенген Смоланд жоталары
жатыр. Швеция Шығыс Еуропа платформасының Балтық қалқанының шегінде
орналасқан.
Пайдалы қазбалар

Швецияның жер қойнауы металға бай болғанымен минералдық отынға кедей.
Металл кентастары кен орындары магмалық және метаморфтық жыныстардың мол
қорымен байланысқан. Шөгінді жыныстардың шектеулігіне байланысты
таскөмірдің, мұнай мен табиғи газдың кен орындары жоққа тән. Темір кен
орындары кентас қорларының мөлшері жөнінен дүние жүзіндегі ең бай кен
орындарының қатарына атады. Темір қорларының 80%-дан астамы шоғырланған
негізгі аудан поляр шеңберінің арғы жағында, Лапландияда орналасқан. Түсті
металдардың негізгі кен орындары Норланд үстіртінде. Бұл құрамында мыс,
мырыш, қорғасын, алтын, күміс, сұр колчедан, күшәла бар кешенді сульфид
кентастарының Булиден Кристинеберг аудандағы кен орны, қорғасын (Лайсвалль)
мен мыс (Аитик) кен орындары.
Климаты

Климаты Гольфстримнің күшті жылылық әсеріне ұшыраған қоңыржай. Елдің
солтүстік аудандарындағы климат неғұрлым қаталдау. Орталық және оңтүстік
аудандарындағы климат теңіздіктен континенттікке ауыспалы (кей жерлерде -
теңіздік). Оңтүстігінде қаңтардағы орташа темпетурасы 0 - 5°С,
солтүстігінде 6 - 14°С болады. Жазы салқындау, оңтүстігінде шілденің орташа
темпетурасы 15 - 17°С, солтүстігінде 10 - 11°С шамасында. Бүкіл Швеция
аумағындағы қыс ұзаққа созылып, жазы қысқа болады. Елдің барлық аумағына
қар түседі, алайда қар жамылғысы Сконеде бар-жоғы 47 күн, ал Коресуандода
170 - 190 күн бойы сақталады. Таулардағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 -
1700 мм-ді (кей жерлерде 2000 мм-ге дейін), елдің оңтүстігіндегі жазықтарда
700 - 800 мм-ді, солтүстік-шығыста 300 - 600 мм-ді құрайды. Швецияда қысқа,
қар, жаңбыр суларымен толығатын өзендер көп (ең ірілері Доль-Эльвен, Турне-
Эльв, Клар-Эльвен, т.б.). Өзендерінің көпшілігі шығысқа қарай ағып, Ботния
шығанағы мен Балтық теңізіне құяды. Олар электр қуатын өндіруге кеңінен
пайдаланылады (53%), Швецияда аумағы 1 км2-ден асатын 4 мыңнан аса көл бар.
Неғұрлым ірі көлдері: Венерн (аумағы 5585 км2), Веттерн, Ельмарен, Меларен,
т.б. Норландтағы көптеген көлдер тектоникалық ойыстарда орналасқан.
Флорасы мен фаунасы

Ормандар ел аумағының жартысынан астамын алып жатыр. Онда негізінен қарағай
мен шырша, қайың, көктерек, т.б. жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстікте аралас
ормандар, ал Сконе түбегінде емен мен шамшаттан тұратын жалпақ жапырақты
ормандар өседі. Ел аумағының 14%-ын батпақтар алып жатыр (негізінен
Норландта). Скандинавия тауларында 900 - 950 м биіктікке дейін және
солтүстікте 350 - 400 м биіктікке дейін тау-тайгалық өсімдіктер, одан
жоғарырақ қисық діңді қайыңдар, тундралық өсімдіктер өседі (15%).
Ормандарда бұлан, қоңыр аю, қасқыр, сілеусін, түлкі, ақ тиін, сусар, ақ
қоян, оңтүстікте борсық, еуропалық кірпі, тундрада сусар, қара түлкі,
леммингтер кездеседі. Суда жүзетін құстар кең тараған. 16 ұлттық саябақ пен
850 қорық жұмыс істейді (негізгілері: Абиску, Муддус, Пельекайсе, Сарек-
Шефаллет, т.б.).
Тарихы
Король Густав Васа

Швеция аумағында алғашқы адамдар б.з.б. 8 - 9-мыңжылдықта пайда болған.
Шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықта бұрын аңшылық және балық аулаумен айналысқан
халық мал және егін шаруашылығына көшті. Б.з.б. 2-мыңжылдықта құрлықтық
Еуропадан Швеция аумағына үнді еуропалық тіл тобындағы мал өсіретін
тайпалар баса-көктеп кіріп, жергілікті тұрғындарды бағындырды. Б.з. бас
кезінде онда солтүстік герман тайпалары (Тацит пен басқа да антикалық
авторлардың мәліметі бойынша - свиондар (свейлер), гауттар (геттер, еттер,
т.б.) өмір сүрді. Олар әскери көсем - конунгтің билігіне бағынып, Риммен
және оның герман провинцияларымен, 5 ғасырдан бастап франктермен,
фриздермен, славяндармен, Балтық бойындағы халықтармен сауда-саттық
жүргізді. 8 - 11 ғасырларда швед викингтері сауда жүргізу мен тонау
мақсатында көршілес аймақтар мен Руське, Византияға, Волга бұлғарлары мен
хазарларға, Араб халифатына жорықтар жасап тұрды. Алғашқы сауда орталықтары
салына бастады. 11 ғасырлардың бас кезінде елге христиан діні енді. Осы
кезде свейлер корольдігі (Свитьод) құрылып, швед халқы қалыптаса бастады.
Шведтердің 1240 ж. Нева шайқасында А.Невский басқарған орыс және түркі-
моңғолдардың біріккен әскерінен жеңілуі олардың шығысқа қарай жылжуын
тоқтатты. 1250 - 1363 ж. елде Фолькунгтер әулеті орталықтандырылған
мемлекет құрды. Олар көп ұзамай Финляндияны бағындырды. 1397 жылы Кальмар
униясы бойынша Швеция, Дания мен Норвегия бір монарх - Дания королінің қол
астына бірікті. 1471 ж. Швеция Даниядан ішкі автономияны жеңіп алды. Дания
үстемдігіне қарсы көтерілістің басшысы Густав Эриксон 1523 жылы. Швеция
королі болып (І Густав Ваза) сайланды. 1610 - 12 ж. швед ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Швеция. Мемлекеттің тарихы
Швецияның аумағы, географиялық жағдайының ерекшелігі, шекарасы
Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы қатынастар
Швеция мемлекеті
Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы ынтымақтастық
Швеция экономикасы
Скандинавия елдерінің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері
Отызжылдық соғыс және Вестфальдік бейбіт шарт
Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық
Еуропаның жалпы сипатттамасы
Пәндер