Байқоңыр ғарыш аймағын зерттеуде гаж технологиясын қолдану
КІРІСПЕ
I ТАРАУ БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙМАҒЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Географиялық орны мен жер бедері
1.2. Геологиялық құрылымы мен тектоникасы
1.3. Ландшафттары
1.4. Гидрографиясы
1.5. Агроклиматтық жағдайы
1.6. Топырақ жамылғысы
1.7. Өсімдік жамылғысы
ІІ ТАРАУ. БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙМАҒЫН ЗЕРТТЕУДЕ ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
2.1 ГАЖ туралы жалпы түсiнiк.
2.2 Мәліметтер базасы және оның құрылымы
2.3. Қазақстан территориясындағы ҚА.ның топырақ, су, өсімдік құрамындағы өзгерістерді анықтау
2.4. Байқоңыр ғарыш аймағының экологиялық мониторинг және бақылау жүйелерінің мақсаттары мен міндеттері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыстың тақырыбы: Байқоңыр ғарыш аймағын ГАЖ технологиясымен
зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік
құрылыс – Байқоңыр космодромын қазіргі ғылыми техниканың жетілген кезеңі,
яғни XXI ғасырда ГАЖ технологиясын пайдалана отырып зерттеу.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде
кездеспейді. Сол себептен Байқоңыр космодромы жер жүзі халықтарының назарын
аударып, оларды алаңдатып отыр. Бұл космодром тек ғарыш кемелері мен
зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес, сонымен
қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді.
Сондықтан да Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып
есептелінеді.
Барлық экономикасы жоғары дамыған елдер ғарыштық кеңістіктерді
қолдануды әртүрлі мақсатта жан-жақты (бүкіләлемдік мониторинг, ғаламдық
байланыс торабы және т.б) қолданады.
Аэроғарыштық зерттеулердің көптеген жетістіктеріне қарамастан, түйіні
шешілмеген мәселелер әлі де көп. Сондай мәселелердің бірі – ғарыштық
ұшырулардың қоршаған ортаға тигізетін әсері.
Ұшырылған ғарыш кемелері мен оларды ғарыш кеңістігіне шығарушы
зымырандар қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні белгілі.
Ғарыш кемелерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы
қосылыстардан тұратын болғандықтан, ол қоршаған ортаның мөлшерден тыс
улануына әкеп соғады. Зымырандардың бөлшектері құлаған аймақ не егін егуге,
не мал жаюға жарамай қалған.
Байқоңыр космодромынан ұшырылған ғарыш кемелерінің қалдықтарының
жерге түсетін аймақтары алдын-ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау
аудандары территориясының 10 пайызын қамтиды.
Зымырандарды ұшыру әсерінен Қызылорда облысының жерлерінде көптеген
қауіпті оқиғаларды тек Арал теңізінің тартылуымен байланыстырудың қажеті аз
секілді. Өйткені, космодром осы облыста орналасқандықтан, оның сол аймақтың
экологиясына қаншалықты әсер етіп жатқаны айтпаса да белгілі нәрсе.
Зымырандарды жасаған кезде оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол
зымырандарды ұшырған кезде қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні
ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда
қауіпті зымырандар ұшырылмайды. Байқоңыр космодромының экологиясын қатаң
бақылауға алған мекемелердің бірі – Қазақстан Республикасының Табиғи
ресурстары мен табиғат қорғау министрлігі.
1996 жылдан бастап зымырандардың улы қалдықтары азайып, тек белгілі
жерлерге ғана түсетін болды. Қоршаған ортаға ұзақ мерзім әсер етпей, тез
арада ыдырап кететіні байқалады, медициналық белгілерден аспайтыны белгілі
болды. Сонда да соңғы кезде осы аймақтың ауа-райы бұзылып, климаты өзгеріп
кеткенін айтпай кетуге болмайды.
Байқоңыр ғарыш аймағы бұрын-соңды ГАЖ технологиясымен зерттелмеген.
Бұл жұмыста осы аймақтың топырақ, өсімдік, ландшафт карталары (ГАЖ
технологиясын пайдалана отырып) сызылды.
Жалпы курстық жұмыс 2 тараудан тұрады. 1-ші тарауда Байқоңыр ғарыш
аймағына физикалық-географиялық сипаттама берілген. Байқоңыр ғарыш аймағы
Қызылорда облысының территориясында орналасқандықтан, біз оның топырағын,
өсімдігін, геологиялық құрылымы мен тектоникасын, климатын, жер бедерін,
гидрографиясын жалпы облыс бойынша, сосын Қармақшы ауданы көлемі, одан
кейін Байқоңыр ғарыш аймағы аумағында салыстырып, айтып кеттік.
2-тарау – осы аймақты ГАЖ технологиясымен зерттеу. Мұнда жалпы ГАЖ
туралы қысқаша түсінік беріледі, сосын мәліметтер базасы қалай құрылады,
картографиялық материалдар қалай даярланады, топырақ-су-өсімдік құрамындағы
өзгерістер қалай анықталғаны қарастырылған. Сонымен қатар Байқоңыр ғарыш
аймағының экологиялық мониторинг және бақылау жүйелерінің мақсаттары мен
міндеттері айтылған.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданы территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа-райы
өте құбылмалы болып келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз
түседі. Небәрі 90-150 мм. Сол себептен климаты ылғалсыз болып келеді де,
құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастары болмайды.
Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша
көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктің систематикалық
түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда –
эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөлеп,
қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар
тіршілігін жойып, қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл
аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Қазір бұл жайылымдар космодром
салынуына байланысты түгелімен жойылып кеткен. Малға азық болатын шөптердің
барлығы құрып, уланып біткен.
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ол солтүстікке
қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып
жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланыств 20 000 гектар жер шаруашылық
айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не
мал жаюға жарамай қалған.
1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында
Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Федерациясына оны
жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол
қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгіленген. Ресей жағы Байқоңыр
космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет
етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ
болмаса орындалмай жатыр ма, ол жағы бізге беймәлім. Зымырандардың
отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдермен тазарлылу керек деген
келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген
емес. Зымырандардан түскен қалдықтардың барлығы тірі ағзаларға өте зиянды.
Зымыран ұшатыннан 5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран ұшатынын Ресей
Федерациясы Қазақстан Республикасының басшыларына алдын-ала хабарлап
отырады. Даулы мәселелерді дер кезінде шешіп отыратын тұрақты коммисия бар.
Ол коммисия Байқоңыр деп аталады [1].
Байқоңыр космодромындағы әскери бөлімшелер зымырандарды ұшырған кезде
халықаралық келісім шарттардың түгелдей болмаса да, көпшілік талаптарын
сақтауға тырысады. Қазақстан Республикасының Байқоңыр космодромына
байланысты заңдарын орындауға қолдан келген мүмкіншіліктерін түгелдей
жасайды. Қазақ жеріне , жердегі тіршілік ететін өсімдік әлемі мен жануарлар
дүниесіне зиянды әсер еткізбеудің тәсілдерін жетілдіреді. Әсіресе,
адамдардың денсаулығына зиян келтірмеудің жолдарын іздестіреді. Байқоңырда
тұратын халықтардың денсаулығына қатер төндірмейді. Сол себептен космодром
орналасқан аймақтарға улы қосылыстарды түгелдей жойып жіберетін шаралар
қолданылады. Гептил төгілген немесе шашыраған жерлер мұқият түрде
залалсыздандырылады. Залалсыздандыру үшін хлорлы тотықтырғыштарды
пайдаланады. Термикалық әдістерді де қолданады, гептил төгілген немесе
шашыраған жерлерге керосин шашып, ол жерлерді түгелдей өртеп жібереді.
Сонда гептилдің улылығы жойылып кетеді. Сонымен бірге, жерді өртеген кезде,
жердің үстінгі қабатындағы пайдалы микроағзалар түгелімен жойылып кететіні
сөзсіз. Сөйтіп топырақ құнарлылығынан айырылып қалады. Ондай жерлерге
өсімдіктер өспейді.
Дегенмен, кейінгі кезде Байқоңыр космодромының пайдасыз жағын жан-
жақты зерттеу – келешек жас ғалымдардың, яғни біздердің міндетіміз деп
есептейміз.
I ТАРАУ БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙМАҒЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Географиялық орны мен жер бедері
Байқоңыр ғарыш аймағы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданының территориясында орналасқан.
Байқоңыр ғарыш аймағының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ол солтүстікке

жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысты 20000 га жер шаруашылық
айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге,
не мал жаюға жарамай қалған.
Байқоңыр космодромы 1957 жылы салынған. Оның орталығы – Байқоңыр
қаласы. Онда осы кезде 60 мың халық тұрады [1].
Байқоңыр космодромының іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу
үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық
болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып
оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б
факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объктілері мен қызмет
ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары
және теміржолдары арқылы байланысқан.
Байқоңырдың негізгі обьектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық
кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы
жалпы техникалық және арнаулы технологиялық құрал-жабдықтары бар ірі
құрылыстар), ғарыш алаңына әртүрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б;
көмекші және қызмет көрсету объектілеріне; отын (жанармай) сақтайтын алаң,
сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз
ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б жатады.
Байқоңырда ракета-тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір, не бірнеше
техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір, не бірнеше
старттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен
Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр[2].
Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының территориясында
орналасқандықтан жер бедерін осы облыс көлемінде де қарастырып шықтым.
Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария
өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі
жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі болып саналады. Қызылорда
облысының байтағы 249 мың шаршы шақырым, халқы – 609,2 мың адам. Мұнда
республикадағы халықтың 3,9 пайызы тұрады. 1 шаршы шақырым жерге 2,7
адамнан келеді
Шығысы мен оңтүстік-шығысында Шымкент, оңтүстігінде Өзбекстан
Республикасымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында
Ақтөбе облыстарымен шектеседі, яғни, Азиялық шөл даланың белдеуі
орналасқан. Батысында – Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі
аралдарымен қоса 28,5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының
құрамына енеді. Бұл облыс байтағының барлық көлемінің 11,8 %. Оңтүстігіне
– Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде – Арал теңізінің
жиегінде Қарақұм, Арысқұм және Орталық Қазақстанның шет аймағына кіретін
шөлейт үстірті кіреді. Тұран ойпатының жазықтау келген кең алқабын алып
жатыр. Оның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі
атырау жазығы болып табылады. Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде
Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан
екі үлкен қазаншұңқыр болған. Сонау Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана
даласында түйісетін кіші-гірім өзендерден басын алып, басқа Қызылорда
шұңқырына құйған. Ол заманда Сырдария суы мол, ірі өзен болса керек.
Өйткені, ол кезде Шу мен Сарысу өзендері Сырдарияның арнасына құйған екен.
Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып,
жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм лайды алады деген.
Ғылыми деректерге жүгінсек, бұл шұңқыр 56 мың жылда сумен келген
шөгіндімен толып, осы заманғы геоморфологиялық аймақ қалыптасқан көрінеді
[3]. Сол геоморфологиялық аймақ солтүстік-шығысында Қаратау, батысында
Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең
жайылып жатыр. Оны Сырдария ойпаты деп атайды. Ойпаттың ең терең жері
Тартоғай станциясының тұсынан басталады да, Қызылорда арқылы Тереңөзекке
дейін созылып, одан оңтүстік-батысқа қарай бұрылып, Жаңадарияның арнасын
бойлай жатыр. Шұңқырлардың табанынан санағанда жиналған шөгінді үш
қабаттан тұрады. Төменгі бірінші қабаттың қалыңдығы – 7 м-ден аспайтын
майда тас аралас құм мен саздан тұрады. Қызылорда қаласы мен Тереңөзектің
тұрған жеріндегі екінші қабаттың қалыңдығы 60-80 м болатын үрінді құмның
қалыңдығы шетке қарай жұқара бастайды.
Байқоңыр ғарыш аймағы Қармақшы ауданында орналасқандықтан, осы
ауданның жер бедеріне келетін болсақ, бұл ауданның жер бедері тегіс,
жазықты болып келеді. Сырдария өзені осы аймақты екі бөлікке бөледі:
солтүстік және оңтүстік. Солтүстік бөлігі жазықты болып келеді, ал
оңтүстік бөлігін Қызылқұм алып жатыр. Ауданның аздаған бөлігінде батпақты
жазық – Дариялықтақыр орналасқан. Аудан территориясында сирек бұталар
кездеседі.

орналасқандықтан, біз, жалпы геологиялық құрылымы мен тектоникасын осы
облыс көлемінде қарастырамыз.
Жалпы Қызылорда облысы Тұран ойпатының солтүстігін қамтиды. Мұнда жер
бедері негізінен аккумулятивті және денудациялық жазықтар, сонымен қатар
таулы үстіртті болып келеді. Батыста – оған Арал теңізінің солтүстік және
шығыс бөлігі, оңтүстікте – Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстікте
– Қарақұм, Арысқұм және оңтүстік батыстың қатпарлы шөлді үстірттері
кіреді.
Мұнда аккумулятивті жазықтар – аллювиальды, эолды, аллювиальды-
проллювиальды, көлдік және терраса жайылмалы сипатта болып келеді. Ал,
денудациялық жазықтар мен үстірттер қабатты жазықтар мен құрылымды
үстірттерді біріктіреді; мұнда таулар Қаратау жотасы түрінде берілген.
Геологиялық еңбектерден [4]. Аралдың Қазақстандық бөлігі геологиялық-
құрылымдық жағынан Тұран плитасының орталық және оңтүстік-шығыс бөлігін
алып жатқанын білеміз. Бұл территорияның күрделілігін анықтайды, әсіресе
оңтүстік-шығыс және солтүстік бассейндерде. Мұнда, теңіз акваториясында
палеозой фундаменттері 3 км тереңдікте, ал бассейн шекарасы бойынша таулы
құрылымдар жер бетіне шығады.
Арал теңізі бассейнінің әртүрлі бөліктерінде платформалы қатпардың су
тұтқыш шөгінділері әртүрлі тереңдікте жатады. Батыстан шығысқа қарай
платформалық қатарда құмды-батпақты және карбонатты шөгінділер үш ірі
жүйелерге бөлінеді. Олар: бірінші ретті артезиан бассейн жүйелері – Шалқар
– Солтүстік – Үстірт (қарастырылып отырған территорияға оның тек қиыр
оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді); мегантиклиналь және мегасинклинальдық
солтүстік – Аралмаңы жүйесі; Шығыс – Арал – Сырдария жүйелері кіреді.
Бұл жүйелердің құрылуында артезиан бассейндерінде әртүрлі жастағы
шөгінділер бар. Қиманың негізінде палеозой және протерозой шөгінділері
жатыр. Жоғарғы бөлігі бор, палеоген, неоген және төрттік дәуірдің
борпылдақ құмды-батпақты шөгінділерімен жабылған. Осы ауданға қимада құмды
және батпақты қабаттар және бірнеше су тұтқыш шөгінділер ауысып отыруы
тән.
Облыс территориясының гипсометрлік жағдайы жер бедерінің әртүрлі
абсолюттік биіктіктеріне байланысты. Олар оңтүстік-шығыстан батысқа, ,
солтүстік-батысқа қарай жайлап төмендей береді. Арал теңізіне жанаса
жатқан облыстың батыс бөлігінде абсолюттік биіктік 37 м-ден 100 м-ге
дейін, оңтүстік және шығыс бөлігі 100 м-ден 200 м-ге дейін, тауалды жазығы
200 м-ден 300 м-ге дейін, ал Қаратау жотасында 500 м-ден 700 м-ге дейін
жетеді.
Облыс көлемінде геоморфологиялық қатынаста үш негізгі бедерді бөлуге
болады: аллювиальды-атыраулы жазық, палеоген-бор үстірті және Қаратау
жотасының тізбектері.
Сырдария өзенінің аллювиальды-атыраулы жазығы облыстың орталық бөлігін
алып жатыр. Бұған бедердің шығыстан батысқа қарай әлсіз еңістелген (140 м-
ден 150 м-ге дейінгі Тартоғай станциясынан 37 м Арал теңізіне дейінгі
бөлігі), солтүстік және оңтүстікте палеоген және бор дәуірінің
үстірттерімен көмкеріліп жатқан Сарналан және Қарақұм, шығысында – тауалды
Қаратау жотасының құрылымы тән.
Атыраулы облыс Қаратау жотасы мен Қарақұм шөлі арасында басталады. Бұл
облыс өзеннен еңіс тауалды аллювиальды-пролювиальды жазыққа қарай аз
таралған және таулардан өзенге қарай сәл қисайған.
Тауларға қарай уақытша ағын сулардың әсерінен әлсіз жырымдалып,
ирелеңдей аққан жылғаларда осы атыраулы облысты қамтиды.
Ежелгі атыраудың солтүстік облысы Сырдария өзенінің оң жағасы,
Қараөзек тармағынан Қаратау тау бөктерінің арасында созылып жатқан үлкен
жазық – Дариялықтақыр болып саналады. Бұл жердің жер бедері – ол жерлерде
құмды массивтердің болуымен ерекшеленеді. Кейбір жерлерінде тақырлардың
әртүрлі түрлері кездеседі.
Тақырлар мен жазықтардың байланысы шамамен бірдей. Бұл жерде сонымен
қатар ежелгі Сырдария өзенінің тасқынының әсерінен болған құрғаған
арналардың орындары бар.
Атыраудың оңтүстік облысы оңтүстігінде Қызылқұмның құмдарымен
шекараласатын Сырдария өзенінің сол жағалауындағы үлкен шөл жазығын
қамтиды. Жазықта Жаңадария, Қуаңдария, Ескідария, Майлыөзек, Іңкәрдария
және т.б кішігірім арналар жақсы сақталған. Арналардың бойын жағалай
сексеуілдер өскен.
Жаңадария жазығында шығыстан батысқа қарайғы бағытта құмдар және
тақырлы жазықтар мөлшері көбейе түседі. Құмдар арасында тақырлар таралған
[4,5].
Сырдария өзенінің қазіргі атырауының территориясы (Қазалы) солтүстік-
шығыста палеоген-бор үстірттерімен және Аралмаңы Қарақұмдарымен, ал
оңтүстік-шығыста Жуанқұм құмдарымен шектеледі. Оның жер бедеріне өзен
арналарының шөгінділері және суы мол болған көлдер мен батпақтар (қазіргі
уақытта бұлардың көп бөлігі территорияның тұздануы мен шөлденуінің
нәтижесінде құрғап қалған) тән.
Арал теңізі деңгейінің қарқынды төмендеуіне байланысты оның түбі
құрғап жатыр. Қазіргі уақытта ол жерде сорлар мен құмдар (сусымалы,
жылжымалы құмдар), тұз бен шаңдар көптеп кездеседі.
Облыстың көптеген аудандарын ежелгі атырауда кездесетін құмды
массивтер алып жатыр. Жер бедерінің пішіні мен генезисі бойынша құмдардың
үш түрін бөліп көрсетуге болады: дөңесті-түйдекті, дөңесті-тізбекті және
биік дөңесті-тізбекті.
Қызылқұм шөліне жер бедерінің күрделі бөлінуі тән. Құм тізбектерінің
биіктігі солтүстіктен оңтүстікке қарай 10м-ден 30 м-ге дейін көбейеді.
Тізбектердің ұзындығы бірнеше шақырым, ал ендігі жүздеген метрден 2-2,5
шақырымға дейін созылған. Солтүстік бөлігінде құмдар аз, құрғаған
арналардың тақыртектес аңғарларымен алмасып отырады.
Аралмаңы Қарақұм құмдарына ойпатты дөңесті және адырлы жазықты рельеф
тән. Мұнда құмдар құмды жазықтармен ауысып отырады. Геоморфологиялық
қатынаста мұнда үш құм түрін бөліп көрсетуге болады: 1) бос дөңесті, кей
жерлерінде желдің әсерінен болған бархандар кездеседі; 2) нығыздалған
дөңесті және түйдекті; 3) қоршауланған құмды массивтер;
Дөңестердің биіктігі 20-40 м аралығында. Сарналан үстіртінің төменгі
шығыс бөлігін алып жатқан Арысқұм шөлдеріне дөңесті және дөңесті ретті
рельеф тән.
Облыс территорясында палеоген-бор үстірті – Қызылқұм үстірті түрінде
берілген. Сарналан үстіртінің жер бедері күрделі. Мұның орталық бөлігі
жалпақ көтеріңкі жазықтар, шығысы төмен жазықты болып келеді (Арыс
ойпаты).
Облыс территориясының солтүстік бөлігін қамтып жатқан Қаратау
жотасының тау тізбектеріне төмен таулы рельеф және аз таралған тауалды
жазықтары тән.
Облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде тығыз шөгінділер орналасқан [6].
Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында
орналасқандықтан осы ауданның геологиялық құрылымына кішкене тоқталып
кетейік. Бұл ауданның солтүстігінде бор дәуірінің бөлінбейтін, ыдырамайтын
шөгінділері таралған. Сырдария өзені аңғары және ауданның оңтүстігінде
төрттік жүйенің аллювиальды шөгінділері таралған. Кей жерлерінде үштік
жүйенің эоценді ыдырамайтын шөгінділері кездеседі.
1.3. Ландшафттары
Қызылорда облысы табиғи шөл зонасында орналасқандықтан, бұл аймаққа
негізінен шөлдің ойпатты-жазықты және көтеріңкі-жазықты ландшафттары тән.
Біз енді облыс территориясына тоқталмай, тек Байқоңыр аймағында кездесетін
ландшафттарға сипаттама беріп кетейік.
1 – шөлдің тақырлардағы құба және сұр-құба, сор топырақтардағы сұр жусанды,
бүйіргенді, сұржусанды-баялышты өсімдіктері;
2 – шөлдің тақыр тәрізді топырағы мен сортаңдағы сарсазанды, қарабарақты
өсімдіктері;
3 – шөлдің тақырлар мен құмдардағы және құба топырақтардағы жүзгінді,
жусанды-жүзгінді өсімдігі;
4 – шөлдің құмдардағы сұр жусанды, баялышты, бүйіргенді өсімдігі;
5 – шөлдің құмдағы және тақыр тектес топырақтағы аралас сексеуілді,
жүзгінді, эфемерлі, теріскенді, еркекті және жусанды өсімдіктері;
6 – шөлдің құмдағы қара сексеуілді, сұр жусанды-қара сексеуілді және
күйреуікті-қара сексеуілді өсімдігі;
7 – шөлдің шалғынды жайылма және шалғынды-батпақты, сор топырақтардағы
құрақты және қамысты;
8 – шөлдің тақыр тектес топырақтағы қара сексеуіл, еркекті-жусанды,
бүйіргенді өсімдігі;
9 – шөлдің аллювиальды-проллювиальды сортаңды құба және сор топырағындағы
баялышты-жусанды және бүйіргенді-қара жусанды өсімдігі;
10 - өзен жайылмасы;
1.4. Гидрографиясы
Табиғи байлықтардың ішінде судың алатын орны ерекше. Тіршілікке су
қажет. Олай болса, су баға жетпес байлық. Су тірі әлемде барлық зат алмасу
процесіне қатысатын болғандықтан органикалық өмірдің негізі екені сөзсіз.
Зерттеу аумағымыз Байқоңыр аймағы болғандықтан, оның гидрографиялық
жағдайын облыс көлемінде қарастырамыз.
Облыстың негізгі су артериясы – Сырдария өзені. Бұл өзен оңтүстік-
шығыстан солтүстік-батыс бағыты бойынша облыстың бүкіл территориясынан ағып
өтеді. Сырдария өзенінің қоректену көзі – аралас өзендер мен қарлы-
мұздықтар. Облыс территориясында Сырдарияға ешқандай өзен келіп құймайды.
Сырдария өзенінен бірнеше өзен тармақтары тарайды, солардың ішіндегі ең
ірісі – Қараөзек [7,8]. Сырдария өзенінің ұзындығы Шардара суқоймасынан
Арал теңізіне дейін 1627,7 км, ал Қызылорда облысы территориясына 1281 км
кіреді [9].
Сырдарияның су режиміне табиғи жағдай да өзендердің өзіне тән қарлы-
мұздықты қоректену типі тән. Мұнда су тасу наурыз айында және сәуір айының
басында басталып, қыркүйек айында аяқталады. Су тасқыны кезінде жылдық
ағынның 75-80%-ы келеді [8]. Ең көп жылдық ағынның шығыны маусым айында
байқалады.
Қазіргі уақытта өзеннің гидрологиялық режимі суқоймадан ағып шығатын
ағындарға байланысты елеулі өзгеріске ұшыраған. Территорияның су режимі
арқылы антропогендік фактор өзен ағысына әсер етеді. Сырдария өзенінің
жазықты территориясында ауылшаруашылықтың дамуымен байланысты, мұнда
ағыстың табиғи жағдайының бұзылуы болып тұр. Антропогеннің әсерінен
территорияның ылғалдануы және гидрографиялық тор (бұлар өзен режиміне әсер
етеді) өзгеріске ұшырап отыр.
Көлдік атыраулық жүйе – Сырдарияның су экожүйесінің негізгі
компоненті болып табылады.
Сырдария бассейнінде, табиғи су режимі жағдайында (1960 ж дейін) [8]
1164 км2 жерді алып жатқан 2582 көл болған. Оның ішінде ауданы 1 км2 азырақ
2453 көл болған, ал жалпы алып жатқан ауданы осы көлдердің 234 км2.
Бассейннің жазықты болып келген бөлігінде кішігірім көлдер жалпы мөлшердің
84 пайызын құрайды.
Өзеннің гидрологиялық режимінің өзгеруі бірінші кезектегі кішігірім
көлдердің атырауында, яғни таяз суларда көрінеді [10,11].
Түгелімен мына көлдік жүйелер кеуіп кеткен: Қостам-Қаракөл және Ақпай-
Ақирек. Олардың жалпы көлемі 300 км2, тереңдігі 2-3 метр. Қараөзек көлінің
жалпы көлемі 1960 жылы 50 мың гектар жерді алып жатқан [12]. Сырдария
өзенінің суын ауылшаруашылығында тиімді-тиімсіз пайдаланудың әсерінен, бұл
көлдерді суландыру қысқартылды. 1964 жылы олардың ауданы 15-20 мың гектарға
азайды, ал 1972 жылы 1,5-2,0 мың гектар ғана болып қалды.
Қамыстыбас көлдік жүйесі келесідей бес көлден тұрады: Райым, Жалаңаш,
Қаязды, Лайкөл, Қамыстыбас. Қамыстыбас көлдік жүйесінің иондық құрамы мен
минерализациясының таралуы - әркелкі емес [13]. Қамыстыбас көлдік жүйесінің
суының химиялық құрамын анықтайтын негізгі фактор – Сырдария өзені ағысының
көлемі. Бірақ та, бұл көлдердің суының иондық құрамы натрий тобының
сульфатты класында қала береді. Судың құрамында хлорорганикалық
пестицидтердің болуы – бұл көлдердің токсиканттармен уланғаны [9,14].
Соңғы он жылдықта өзенге келіп құйылатын су тоқтағаннан кейін су
ағысының көлемі қатты азайды, минерализациясы жоғарылады, судың санитарлық
жағдайы нашарлады. Мұнда су ресурстарының маңызды бөлігі – жерасты сулары.
Олар: грунт сулары және артезиан сулары.
Облыс территориясында жерасты суларының қоры әркелкі таралған.
Грунттық сулар барлық жерде таралған, негізінде төрттік шөгінділерде. Құмды
массивтерде грунт сулары тұщы болып келеді, Аралмаңы Қарақұмында 2-5 м-ден
10 м тереңдікте жатыр.
Жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі облыс территориясында тиімді емес.
Жылдық жауын-шашын 200 мм.
Тұщы су қорын пайдаланбайтын шаруашылық саласы жоқ. Қазіргі кезде
өндірісте де тұщы су қоры молынан пайдаланылады. Әрине, тұщы суды көп
шығындайтын суармалы егіншілік, оның ішінде суға бастырып егетін күріш
егіншілігі. Ондай аймақтың бірі – Сырдария өзені бойында орналасқан
аймақтар.
Бұл аймақтың көлеміндегі су қоры жер бетіндегі, жерастындағы және
қашыртқы сулардан құралады. Бұларға бірлі-жарым бұлақ сулары, уақытша ағын
сулар, көлдер мен тақырларға жиналатын қар мен жаңбыр суы жатады. Аймақтың
байтағында жер бетінде уақытша пайда болатын бірқатар су көздері бар.
Мұндай сулар Қаратау етегіндегі Бесарық, Телес, Жиделі, Ақұйық, Шұңқырой,
Шолақ және басқалары. Осы аталмыш өзеншелердің ішінде жылдық ағысы 170 млн
м3 болатын Бесарық өзенінің суы сәл молдау.
Бұлақтардан Қарасүгірді, Сасық Тамды, Қайнарды айтуға болады. Жауын-
шашын мол болған жылдары Бесарықтан өзге жер бетіндегі уақытша сулардың
жылдық мөлшері – 121 млн м3-ке дейін жетеді, ал қуаңшылық жылдары – 61 млн
м3-тен аспайды. Бұл су көздерін егін суаруға пайдаланады. Ғылыми деректерге
қарағанда, Қаратаудың етегінде секундына 2,1 м3-ке дейін суды пайдалануға
мүмкіндік бар [15].Осындай уақытша ағын судың едәуір үлкен көзі Сексеуіл
теміржол станциясына жақын жатыр. Ол жерде Құмсай суқоймасы салынған, онан
400 гектардай егіндік және шабындық суарылады.
Сырдарияның су көздері облыстың әкімшілік шекарасынан тыс жерде
құралады. Жерастының сулары борлы-үштік және төрттік шөгінділерден тұратын
қабаттардың аралығына байланысты. Өзенге, каналдарға, басқа да су көздеріне
жапсарлас учаскелерде ыза су 4-5 м-ден жоғары жатады, көбіне тұщы немесе
сәл-пәл кермек. Сырдарияның атыраулық егін егетін бөлігінде ыза сулардың
тереңдігі көбіне 2-7 м. Олардың минералдануы жағынан ала-құла, дегенмен ащы-
кермек және тұзды су басым. Жерасты суының қоры едәуір мол, онда секундына
5,8 м3-ке дейін су шығарып пайдалануға болады.
Суарылатын аймақтан тыс суайрықтары мен құрғақ арналардың бойында
қабаттағы су 5-15 м тереңдікте жатады. Мұнда скважиналар мен құдықтардың
сулылығы онша көп емес, секундына 0,2-0,5 м. Тақырлы жазықта қабаттағы су
терең жатыр (10-30 м) және күшті минералданған. Жазықтардың әр жерінде
кездесетін кішігірім бұйрат құмдардың астындағы судың тереңдігі 5-10 м.
Қабаттағы сулардан басқа артезиан сулары да бар. Мұнда скважиналардың
көпшілігі секундына 5-тен 50 л-ге дейін су береді. Мұндай сулар Қызылқұмда
200-300 м, алқаптың теріскейінде 300-500 м тереңдікте жатады.
Қызылқұмның жерасты суын секундына 76 м3 мөлшерінде пайдалануға,
демек, сол өңірдің жайылымдарын суландыру және базистік суаруды өрбіту
мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жер суаруға жарайтын су көздерінің бірі
болып есептелетін қала мен өнеркәсіп орталықтарының қалдық лас сулары.
Аймақ бойынша оның мөлшері жыл сайын 75 млн м3.
Жергілікті ұсақ өзеншелер мен уақытша ағын сулар (қар мен жаңбыр)
Сырдарияға жетпейді. Сондықтан қарастырылып отырған территорияда
пайдаланылатын судың балансы Сырдариядағы Көктөбе су бекетінен өтіп,
өзеннің төменгі ағысындағы гидротораптарға келетін сулардан тұрады. Есеп
бойынша, өзеннің сулылығы орта болған жылдары жоғарыдан Көктөбеге келетін
су (кіріс) 10,19 км3, оның шығыны 1,96 км3, сонда балансы – 8,23 км3. Содан
Қызылорда гидроторабына келетіні – 8,51 км3, шығыны – 4,87 км3 және 3,64
км3 деп есептеледі [16].
70 жылдары Сырдарияның жоғарғы және орта тұсында суармалы егістің
(мақта) көлемі көбеюіне байланысты өзеннің жылдық ағысының 87 %-ын алып
отыр. Ал, осы аймаққа жіберіліп тұрғаны небәрі 13 %. Сыр атырауының басы
саналатын Төменарық станциясының тұсына келетін Сырдарияның жылдық ағысы
25,1 км3, Қазалы тұсында – 17,2 км3 болатын.
70 жылдары сол су тиісінше бірінші жағдайда 3,8 км3-ке, екіншіде –
0,6 км3-ке дейін, яғни тиісінше 6 және 30 есе азайды. Өзеннің арнасынан
жоғалатын су шығынын алатын болсақ, ол Көктөбе мен Қазалының ортасында
едәуір болады.
Кесте 1 - Қызылорда облысының көлемінде өзен суының көп жылдық ағысының
орта мөлшерін көрсететін мәлімет [15].
№ Гидро Жыл Су ағысының орта мөлшері, м3с
күзеттің дар
аты
айлар
IV
1 Жер суару 5,84 4,42
2 Балық шаруашылығы 1,28 1,28
3 Табиғи комплекстерді сақтауға 2,20 2,09
жұмсалатын су
4 Өнеркәсіп пен коммуналдық және 1,0 1,0
тұрмыс қажетіне жұмсалатын су
Арал теңізіне жіберетін
5 санитарлық ағыс 10,58 9,5
1.5. Агроклиматтық жағдайы
Сырдария бассейнінің климаттық жағдайын сипаттайтын әдеби мәліметтер
баршылық болғанмен олардың көпшілігі Қызылорда облысының бүкіл байтағындағы
климат жағдайының ерекшеліктеріне соқпай, шектес жатқан аумағы кең үлкен
жерлердің климатын жалпы тұрғыдан талдайды. Жергілікті жерде жүргізілген
зерттеулердің нәтижесінде, ауаның айлық орташа температурасы бойынша
Қызылорда облысының жерін сұр топырақты белдіктің солтүстік жағына және
қоңыр топырақты шөлейт аймағына жатқызады [17].
Қызылорда облысының климаты Еуразиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында
атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен
қалыптасады. Климаты континенттік, жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы –
қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде
білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс
байтағының барлық жерінде шілде айының орташа температурасы +25 +280С.
Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44
+470С. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында
температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде
орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орташа
температурасы -13,40С, ал оңтүстігінде Аққұмда -6,80С десек, екеуінің
арасындағы айырмашылық -6,60С [17].
Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден
жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса
да суық болатыны содан. Қыс айларында кейде ең төменгі абсолюттік
температура -40 -450С-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік
тербелу, яғни жоғары ең төменгі температураның айырмасы -85 -900С.
Ауаның тәуліктік орташа температурасы 00-тан жоғары болатын күннің
саны – 235 -275. Ол 23 ақпан-18 наурыздан басталып қарашаның 12-28-де
бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге
созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте
аз. Оның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда
бірдей емес: 60%-ы көктем айларында жауады. Жазда жауған қар жабындысы
мардымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының 2-3-ші он
күндігінде жауады, қалыңдығы 10-25 см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары
қардың жатысы 4 айға созылады. Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша
айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың 1-ші он
күндігіне дейін жатты.
Территорияға солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық
орташа жылдамдығы 3,1-ден 6,0 мс. Дауылдатып топырақ суырып соғатын қатты
жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден
топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай-дүлей жел жиі соғады, облыс
жері шаңдатып жатады.
Аймақтың байтағының басым дені құмды келетін шөл жазығы болғанымен
оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес. Вегетация кезіндегі жылу мен
ылғалдың көрсеткіштеріне орай территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға
бөлінеді [18]:
1. Ыстық аудан-жылудың (+100С-тан жоғары) жинағы – 3400-40000С
2. Өте ыстық - 4000-43000С
3. Сырдария өңіріндегі агроклиматтық жағдай
4. Тау бөктері
Өте ыстық және құрғақ ауданға кіретіндер: Қазалы, Қармақшы
(солтүстігі), Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары. Аталмыш ауданда
температураның жинағы 3400-40000С.
Ауаның температурасы +100С-тан жоғары болатын кезең 175-195 күн. Суық
болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші он күндігінің аяғында және үшінші он
күндікте басталып, 160-205 күнге созылады. Шілде айында орташа температура
+25 +270С. Қаңтар айында -9 -130С. Жылына жауатын жауын-шашынның мөлшері –
115-130 мм. Қардың қалыңдығы 10-25 см. Дақылдың қандай түрін егуге де ауа-
райы қолайлы.
Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан – негізгі егіншілік аймақ. Ол
негізінен Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Бұл Қармақшы, Жалағаш,
Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының орталық
бөлігін қамтиды.
Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық аудан Қазалы, Қармақшы, Жалағаш,
Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандардың оңтүстік
бөлігін алып жатыр. Ауаның температурасы +100С-тан жоғары болатын жылу
жинағы – 4000-43000С. Осы кезеңнің ұзақтылығы 195-205 күн. Суық болмайтын
мезгілі сәуірдің бірінші жартысында кіреді, оның ұзақтылығы 180-190 күн.
Күзде қазанның бірінші жартысында егінді суық ұрады. Жазы өте ыстық.
Шілдеде орташа температура +27 +28 0С. Жаз айларында иран жақтан оқта-текте
өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның температурасы +45 0С-қа
дейін көтеріледі. Ондай ыстық егінге өте зиян-ақ, дақыл ауып кетеді,
ыстықты көкөніс, бау – бақша да көтере алмай, өсуі нашарлайды. Жауын өте
аз, анда-санда ғана жауады, жылдық нормасы – 35-60 мм. Қыста қар жоқ, жауса
да тез еріп кетеді. Су болмаған соң егін егілмейді. Бұл ауданға кіретін
жерлер малдың жайылымы ретінде пайдаланылады.
Тау бөктеріндегі құрғақ агроклиматтық аудан. Мұнда +100С-тан жоғары,
температураның жинағы – 3700-35000С. Бұл агроклиматтық ауданға Жаңақорған
мен Шиелі әкімшілік аудандарының Қаратау етегін қамтитын оңтүстік шығыс
бөліктері кіреді.
1.6. Топырақ жамылғысы
Антропогендік әсердің салдарынан соңғы жылдары облыс территориясының
топырақ жамылғысы қатты өзгерді. Қазақстандағы белсенді суландыру
нәтижесінде Орталық Азиядан ағып шығатын Сырдария және Амудария өзендерінің
сулары 1960 ж бері азая бастады. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі
төмендеді. Бұл өзен атырауларының шөлденуіне және Арал маңының экожүйесі
мен әлеуметтік-экологиялық жағдайының нашарлануына әкеп соқты.
Жоғарғы қабатта ылғалдылықтың азаюынан өсімдік жамылғысы бұзылып,
эолды процестер орын алды. Арал теңізінің кеуіп қалған бөлігінде (қазіргі
уақытта оның ауданы 23 мың км) аридті зонаның сор топырақтарымен эолды
процестер қарқынды жүруде. Шөлдену процесінің қарқынды дамуы нәтижесінде
2000 га жайылымдық жерлер мен 7,1 мың га шабындық жерлер қолданыстан шығып
қалған [9].
Қызылорда облысы территориясы Қазақстанның табиғи-ауылшаруашылық жер
қорларын аудандастыру схемасы бойынша 5-ші зонада орналасқан [19].
Територияның солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінің топырақтары
сұр-қоңыр және тақыр тектес субтропикалық шөл зонасы. Ал батыс бөлігінің
топырақтары шабындық және сазды қоңыр топырақ және құмдар. Солтүстік-шығыс
бөлігінің топырағы ашық сұр және сұр-қоңыр топырақ.
Тоғайлы жайылымдық топырақтар Сырдария өзенінің арна алды
жайылымдарында аллювийлі шөгінділерде кездеседі. Жерасты суларының
тереңдігі 2,4 м, жыл бойы оның деңгейі өзгеріп тұрады. Жоғарғы қабаттағы
гумус мөлшері 0,9-9,5 %. Тоғайлы-жайылымды топырақтар арасында сор және
тұзды сортаң топырақтар кездеседі.
Жайылымды қоңыр және шымды-қатпарлы топырақтар. Аймақтың
территориясында кең тараған және атыраулы-аллювийлі жазықтарының жоғарғы
қабаттарында құралған. Жерасты суларының тереңдігі 3,5-6 м, сулары
негізінен сульфатты, натрийлі, кальцийлі, магнийлі болып келеді,
минерализациясы 1,1-4,5 гл. Топырақ қимасында қатпарлы, жұқа қабаттар жиі
кездеседі, механикалық құрамы жеңіл. Жоғарғы қабаттағы гумус мөлшері 1,5
пайыз, жайылымдық қоңыр және шымды қатпарлы топырақтарды суармалы
егістіктерде қолдануға болады.
Жайылымдық-шабындық қоңыр топырақтар. Тегістелген суайрық бетінде
кездеседі. Олар соңғы төрттік және қазіргі тұзды аллювийлі шөгінділерден
құралған. Жерасты суы 2,5-4,5 м тереңдікте. Су минерализациясы 1-5 гл
дейін өзгереді. Мұнда сульфатты-натрийлі немесе магнийлі-кальцийлі сулар,
егістіктерде жайылымды шабындық қоңыр топырақтар бөлінеді. Олар суарудың
арқасында гумус мөлшері ұлғайған ірі гумус қабаты пайда болған. Топырақтың
гумусталуының мөлшері 0,4-3,4 пайыз, топырақтардың арасында кәдімгі сор,
сортаң топырақтар кездеседі.
Жайылымдық-шабындық қоңыр және бос топырақтар. Атыраулық-аллювийлік
жазықтықтың жоғарғы қабаттарында құралған. Мұндағы жерасты суларының
деңгейі 3-4 м-ге дейін тереңдейді. Соның нәтижесінде жерасты суының жоғарғы
қабаттағы топырақтармен байланысы бұзылып, топырақ құрғайды. Жайылымдық-
шабындық қоңыр және бос топырақтарды суармалы егістікте қолдануға болады.
Ал тұзданған топырақтар мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.
Жайылымдық-шабындық сазды қоңыр топырақтар аймақта кеңінен таралған.
Топырақ түзуші жыныстар аллювийлі шөгінділер болып табылады. Жерасты
суларының тереңдігі 1-3 м-ге дейін, минерализациясы 1-9 гл-ге дейіе
өзгереді. Жайылымдық-шабындық сазды топырақтардың арасында көбінесе сор
және сортаң топырақтар таралған, суармалы егістікте қолданылады.
Жайылымдық-шабындық сазды қоңыр және жайылымдық-сазды қоңыр топырақтар
таралған, сондықтан сирек кездеседі. Жерасты суы 0,5-0,6 м-ден 2,5-3,5 м-ге
дейінгі тереңдікте орналасқан. Жоғары қабаттағы гумус мөлшері 0,6-3,6
пайызды құрайды. Аталған топырақтардың арасында тұзданбаған түрлері бар
және сор топырақтар аз таралған.
Тақырлы топырақтар тегіс суайрықтарда, өзен аңғарының бос
бөліктерінде, атыраулы-аллювийлі жазықтарда, тауалды жазықтарда таралған.
Жерасты суы 6 м-ден терең. Топырақ түзуші жыныстары аллювийлі шөгінділер
болып табылады. Бұл топырақтың ерекшелігі сол, жоғарғы қабаты кеуекпен
жабылған. Оның төменінде ашық-сұр қабыршақты қабат орналасқан (5-15 см).
Тақырлы топырақтың көп бөлігі тұзданған және сор, сортаң түрлерімен
көрінеді. Тақырлы топырақтар гумусқа кедей, ондағы гумус мөлшері 0,7-1,2
пайыз. Аталған топырақтардың көбі суармалы егістерде қолданылады.
Күрішті топырақтар. Жайылымдық-шабындық немесе шабындық-сазды қоңыр
топырақтардан құралған.
Топырақ қимасында гумус қабаты қара түсті болып жиі кездеседі.
Топырақтың тұздануы шайылудың арқасында екі-үш есе азайған. Гумус құрамы
0,6-2,2 пайызға дейін өзгереді. Күрішті топырақтардың арасында тұзданбаған
сияқты сор және сортаң түрлері де кездеседі [20,21].
Оңтүстіктің ашық сұр топырақтары. Территорияның солтүстік-шығыс, аласа
таулардың 300-400 м-ден төмен бөліктерінде кездеседі. Топырақ түзуші
жыныстары делювий-пролювийлі шөгінділер болып табылады. Жерасты суы 8 м
тереңдікте жатыр. Минерализациясы жағынан әртүрлі. Оңтүстік ашық сұр
топырағының қимасы қабаттарда сәл дифференциацияланған. Түсі қабат
ұзындығында өзгермейді деуге болады. Құрылымы осал жұмырланған. Гумус
мөлшері 0,4-1,7 пайыз. Оңтүстік ашық сұр топырақтың арасында кәдімгі сортаң
аз дамыған және дамымаған түрлері бар.
Оңтүстік шабындық-ашық сұр топырақтар. Төмендеген жер бедерлерінде,
уақытша су арна аңғарларында ежелгі аллювийлі сазды шөгінділерде тараған.
Жерасты суының тереңдігі 3,5-6 м шамасында. Ылғалдылық аз, бірақ топырақ
қимасы бұрын да жоғары гидроморфтық белгілерінің сақталып қалғанын
көрсетеді. Топырағының морфологиялық белгілеріне қарап, топырақтың ашық-сұр
топырақтарға жақын екендігін көруге болады. Жоғары қабаттағы гумус мөлшері
0,4-2,4 пайыз. Оңтүстіктің шабындық-ашық сұр топырақтарының арасында
кәдімгі сор, сортаң топырақтардың сәл дамыған түрлері кездеседі.
Шабындық-қоңыр топырақтар. Бұлар сұр-қоңыр топырақтардың арасында
құрылған, яғни, арнаалды төмендеуде, жыраларда, ағыстарда, сайлар түбінде,
өзен аңғарларында атмосфералық жауын-шашын әсерінен пайда болған. Жерасты
суларының тереңдігі 3-6 м. Топырақ қимасының құрылымы бойынша шабындық-
қоңыр топырақтар, ашық-қоңыр топырақтарға жақын.
Сортаң-қоңыр топырақтар. Сұр-қоңыр топырақтар көп кездеседі. Тауалды
жазығының төменгі бөлігіндегі микрорельефтерде кездеседі. Топырақ түзуші
жыныстары тұзданған пролювий-делювий шөгінділері болып табылады.
Қызылорда облысының негізгі мәселелерінің бірі – суармалы жерлер мен
мелиоративті жүйелердің қанағаттанарлықсыз жағдайы. 65 мың га жер
қолданудан шығып қалған, яғни жарамсыз жерлер, оның ішінде 28 мың га
тұздануға ұшыраған, 37 мың га жер коллекторлы жүйенің дұрысталмауынан.
Облыстың шабындық аумақтары жылдан-жылға қысқарып, азаюда: 1960 жылы
424 мың га болса, 1980 жылы 115 мың га ғана қалған, яғни 3,7 есеге азайған.
Ал, 1960 жылдан 1990 жылға дейін 4,5 есеге азайған. Әсіресе шабындық
аймақтар Арал ауданында (10-12 есеге) белсенді түрде кішірейген, Сырдарияда
– 5-6 есеге, Қазалы ауданында 3-4 есеге дейін кішірейген.
Ауылшаруашылығында бірінші кезектегі мәселе топырақты мәденилендіруге
бағытталған. Бұл мақсатта минералды және органикалық тыңайтқыштар,
өсімдіктердің өсуіне қажетті биостимуляторлар және осы өсімдіктерді неше
түрлі аурулардан сақтайтын тыңайтқыштар қолданылып жатыр. Мұның барлығы
агроландшафттағы қоректену балансының байланысын өзгертеді.
Аса мол химиялық заттардың топыраққа төгілуі – бұл жердің топырағының
қышқылдануына, тотығуына әкеп соғады, осыған байланысты топырақтың гумус
қабаты жойылады.
Қазіргі ауылшаруашылығының химикатты заттарды мөлшерден тыс
пайдалануының салдарынан топырақ грунттарында – нитраттар, нитриттер, фтор
және ауыр металдар көбейіп кеткен. Ауылшаруашылығында минералдық және
органикалық тыңайтқыштарды белсенді түрде қолдану 1999 жылға дейін
созылған. Осы мерзім ішінде олардың көлемі 0,6 есеге төмендеген.
1999 жылы облыста ауылшаруашылығында шегірткеге қарсы Фацент және
Базарган препараттары қолданылған.
Топырақтың ластануы ауылшаруашылығында тек қана химикалық заттардан
ғана емес, сонымен қатар өндірістен шығатын қалдықтармен де ластанған.
Соңғы жылдары антропогенді әсердің салдарынан облыстың топырақ
жамылғысы адам айтқысыздай өзгерді. 1960 жылға дейін аллювиальды-шалғынды
топырақтар 568 мың га болған болса, 1978 жылы 397 мың га, 1990 жылы 390-нан
286 мың га-ға азайған. Шалғынды-батпақты топырақ 1960 жылы 520 мың га
болған болса, қазір 169 мың га ғана қалған. Батпақты топырақтар қазір кеуіп
қалған және шөлденудің әсерінен топырақтың басқа түріне айналып кеткен.
Олар 564 мың га жерді құрайды.
Топырақ грунттарының жоғары қабатындағы ылғалдылықтың азаюынан және
өсімдіктердің сиреуінен эолды процестер күшейген. Арал теңізінің құрғап
қалған бөлігінде (қазіргі кезде оның ауданы 23 мың км2) осы эолды және
аридті зонаның тұзды-шөлді процестері қарқынды жүруде [22].
Байқоңыр ғарыш аймағы орналасқан Қармақшы ауданының топырағына келетін
болсақ, ауданның солтүстік бөлігінде сұр-құба шалғынды-батпақты және
батпақты топырақтар таралған. Бұл жердің топырағында, әсіресе аллювиальды
топырақтар гумусы 6 пайыз.
Ал, ауданның оңтүстік бөлігінде құмды топырақтар таралған. Оның ішінде
сортаңды, сазды, тақыр тектес топырақтар кеңінен таралған. Құнарлылырақ
топырақтар Жаңадария және Іңкәрдария өзендерінің құрғап қалған арналарында
кездеседі. Ол топырақтар құрамында гумус мөлшері 2 пайызға дейін, егістікке
жарамды деп есептеледі. Ауданның оңтүстік бөлігі жайылымдық және шабындық
болып келеді.
Ал, нақты Байқоңыр аймағының топырағына келетін болсақ, мұнда құмдар,
тақыр тектес және тақырлар, сұр-құба, құба және Сырдария өзені маңында
жайылмалы шалғынды топырақтар кездеседі.
1.7. Өсімдік жамылғысы
Облыс шөлдің ыстық және құрғақ зонасында жатыр және де бұған
континенттік климат тән. Жауын-шашын аз, жазы ыстық, қары аз, суық қысы
осының бәрі өсімдік жамылғысының құрылымына әсер етеді. Өсімдік жамылғысы
алуан және құрылымдары да өзгеше.
Жалпы аймақтың өсімдіктерін үш топқа бөлуге болады: құмды жазықтардың
өсімдіктері; тау етегіндегі өсімдіктер; өзенарналық қырқаның өсімдіктері
[23]. Табиғатқа бейімделген өсімдіктер қауымдастығы қалыптасқан.
Құмды алқаптардың өсімдіктері: бұталы, бұта аралас және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz