Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің аналитикалық, синтетикалық есебі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттемелерінің экономикалық.құқықтық маңызы 5
1.2 Ағымдағы міндеттемелер есебінің жіктелуі 7
2 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ, СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ («ЖАРАСЫМ» ЖШС НЕГІЗІНДЕ) 14
2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу 14
2.2 Кәсіпорынның бюджетке салық және басқа да төлемдер бойынша берешек есебі 17
2.3 Жеткізушілерлермен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 20
2.4 Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі 21
3 АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 22
3.1 Ағымдағы міндеттемелер есебін жүргізуде 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктері 22
3.2 Салық төлемдері бойынша бюджетпен есеп айырысудың автоматтандырылуы (Соно , Салық төлеушінің кабинеті бағдарламалары) 23
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

Тақырыбы: Ағымдағы міндеттемелер есебі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттемелерінің экономикалық-
құқықтық маңызы 5
1.2 Ағымдағы міндеттемелер есебінің жіктелуі 7
2 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ
АНАЛИТИКАЛЫҚ, СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ (ЖАРАСЫМ ЖШС НЕГІЗІНДЕ) 14
2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу 14
2.2 Кәсіпорынның бюджетке салық және басқа да төлемдер бойынша берешек
есебі 17
2.3 Жеткізушілерлермен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 20
2.4 Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі 21
3 АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 22
3.1 Ағымдағы міндеттемелер есебін жүргізуде 1С:Бухгалтерия бағдарламасының
мүмкіндіктері 22
3.2 Салық төлемдері бойынша бюджетпен есеп айырысудың автоматтандырылуы
(Соно , Салық төлеушінің кабинеті бағдарламалары) 23
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
Кіріспе
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада
қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының
да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол
өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін
жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық
субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы
субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де
айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы
қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі
салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі
таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет
елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ
міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай
жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең
негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер
есебі.
Қазіргі таңда барлық кәсіпрындар өз табысын өсіру мақсатында жаңа
технологияларды қолдануға асығады. Сондықтан да банктерден несие алу барлық
кәсіпорын үшін өте маңызды. Сондай-ақ несие негізгі міндеттемелерінің бірі
болып табылады. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия
берілген Ұлттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер
арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар
кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің
борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз.
Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және
оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім
түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге,
халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға
беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер
кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне
және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және
ұйымдарға беріледі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты ағымдағы міндеттемелердің
экономикалық мағынасын ашып, аналитикалық және синтетикалық есептерін
көрсету.
Осы курстық жұмыстың зерттеу объектісі Жарасым жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау
барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
– Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің
есебінің теориялық негіздерін қарастыру;
– Ағымдағы міндеттемелер есебінің жіктеу;

аналитикалық, синтетикалық есебін Жарасым ЖШС нег зінде талдау
– Ағымдағы міндеттемелер есебін жетілдіру жолдарына баға беру
Жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып бухгалтерлік есеп
саласындағы Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері,
отандық және шетел ғалым-экономистерінің оқулықтары, кезекті басылым
мақалалары табылады.
1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің есебінің
теориялық негіздері
1.1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ
Шаруашылық жүргізуші субъектілер деп пайда табу үшін қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыратын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
коммерциялық ұйымдар.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсан N 269-XIII
Азаматтық кодексіне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъекті заңды тұлға
болады, егер :
1) Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкi бар болса;
2) сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса;
3) атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыра алса;
4) өзі сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп
танылады
5) Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс;
6) Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Міндеттемелердің тууы, олардың түсінігі және орындалуы Азаматтық
кодекстің 3-бөлімі Міндеттмелік құқық бөлімімен реттелі отырады.
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие
берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты
белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға
мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге
құқылы.
Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр
мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте
белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк
мiндеттеме пайда болады . Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың
бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай
адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие
берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер
етпейдi. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың
пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың
борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие
берушiсi болып есептеледi.
Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында
белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi
әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:
1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру - мүлiк орналасқан
жерде;
2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды
пайдалана отырып беру - мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi
тасымалдаушыға тапсыратын жерде;
3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi
болса, кәсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де
мүлiктi беру - мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;
4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда
болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса -
мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi
мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн
өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа - орындалатын жердiң өзгертiлуiне
байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа
тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;
5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты
жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде
орындалуға тиiс.
Бухгалтерлік есепте міндеттеме терминін Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк
туралы Заңы былай тұжырымдайды: Мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе
ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу
экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
В.Л.Назарова өзінің Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтердік
есебі оқулығында міндеттмені былайша түсіндіреді: Міндеттеме - бұл бір
тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын
көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордьң нақты эрекетіне
мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар,
әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартынау (бас тарту), ал кредит беруші
борьшқорынан өз міндетін орьндауын талап етуге құкылы.
Міндеттеме - өткен кезең окиғасыынан пайда болған субъектінің
берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар
(ақшалай қаражат) ағымына әкеп соғады.
Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны
ретінде өлшенеді.
Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:
ақшалай қаражатпен төлеу;
активтерді табыстау: қызмет ұсыну;
міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру; міндеттемені капиталға
аудару.
1.2 Ағымдағы міндеттемелер есебінің жіктелуі
Халықаралық қаржылық есеп сандарты және бухгалтерлік есеп шоттарының
үлгілік жоспары бойынша міндеттемелер келесі топтрға бөлінеді. Міндеттеме
ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек. Ол операциялық кезеңдерде немесе
есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу
мерзімі бір жьшдан көп) болып жіктеледі.
Курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің
ағымдағы міндеттемелерінің жіктелуіне толығырақ тоқталайық. Бухгалтерлік
есепті жүргізу мақсатында ағымдағы міндеттемелердің құрамын төмендегі
міндеттемелер құрайды:
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;
2) Салықтар бойынша міндеттемелер;
3) Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер;
4) Қысқа мерзімді кредиторлық берешек, оның құрамы:
- Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
- Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
- Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық
берешек;
- Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек,
- Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі;
- Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар
- Алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар
және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың
болуы;
- Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек.
Сонымен әр-біріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
І Қаржылық міндеттемелер. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
қаржылық қатынастың ажырамас бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның банк
алдындағы қаржылық міндеттемесі алған несиесін қайтару және оған пайдалан
ғаны үшін пайызын төлеу, сондай-ақ банк қызметтерін төлеу. Сондай-ақ
қазіргі таңда шаруашылық жүргізуші субъектілердің несие алудағы маңызы
сөзсіз.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда
капиталының айналымдық зандылығымен байланысты..
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Банктен несие алу ушін 6ipінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын,
ұйымдастыру құжаттарының көшірмемін, ережелерін, жалға алу келісімдерін,
тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын
басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып
отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан
несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана
несиелендірілетін шаранығ техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін
түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық
есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған
шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және
қаражат жағдайын анықтайтын басқара деректер; банк тәжірибесінде
қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін
мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.)
және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.
Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсетә үшін онымен бір жылға
немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын
әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.
Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін
материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі
ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклінің
ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі
жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.
Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар
болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу
шотына аударылады.
Банк несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының
(қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының
репутациясының, қаржылықө және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін,
айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты
талдап зерттейді.
Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне
бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың
әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және
кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері
және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.
Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін
пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.
Несие алған жағдайда: 1030, 1010-есеп айырысу мен касса шоты; 3310-
Жеткізушілерлер мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде
аталған шоттар дебеттеліп және 4010 "Банк несиелері" шоты кредиттеледі.
Несиені етеген жағдайда 4010 шоты дебеттеліп және 1030 шоты кредитгеледі.
Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі
жеткенде 4010 "Банк несиесі" шотына: "Мерзіміңде өтелмеген ссудалар" немесе
Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалык шоттарына есептен шығарылады.
Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызыи есептейді. Есептелінген
пайыздардыңсомасы 7310 "Пайыздар бойынша шығындар" шотынын дебеті және 3380
"Төленуге тиісті процснтгер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
ІІІ Салықтар бойынша міндеттемелер. Салық міндеттемесі мемлеқет
алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады жөне ол салық
заңына сәйкес жүргізіледі.
2008 жылдың 10-ы. № 99-ІV ҚРЗ Қазақстан Республикасының "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" (өзгертулермен және
толықтырулармен) салық Кодексі кабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды
тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толыктырудың негізгі
көзі болып табылады.
Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес
мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады,
оған орай салық төлеушi салық органында тiркелу есебiне тұруға, салық салу
объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға,
салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге,
салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық
нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.
Мемлекеттің салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден оның салық
мiндеттемесiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал салық мiндеттемесi
орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген
тәртiппен оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және мәжбүрлеп
орындату шараларын қолдануға құқығы бар.
Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады.
Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер
жасайды:
1) салық органында тiркелу есебiне тұрады;
2) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты
объектiлердi есепке алуды жүргiзедi;
3) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты
объектiлердi, салық базасы мен салық ставкаларын негiзге ала отырып,
салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердің
сомасын есептейдi;
4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және
белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;
5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді
төлейді.
3. Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.
4. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға
құқылы.
5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық
міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша
міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап
немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді
жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші
көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы
органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.
6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті
өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем
құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын
(ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
7. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі
салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып
есептеледі.
8. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ
өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме салық кодексінің 599-бабында
белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.
9. Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу
жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу
бойынша міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік
қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген
жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер
қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің
заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды
қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.
Салық кодексі республикалык және жергілікті бюджетке түсетін
салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді
білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж
салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан
Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды
құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды
есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салыктың негізгі түрлері бойынша
төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен баска да міндетті төлемдер
деп Кодексте белгіленген тәртіпке сөйкес Қазақстан Республикасының бюджет
жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және баска да міндетті төлемдерді енгізу және
аудару немесе тоқтату құкьіғы Қазакстан Республикасының зан органдарының
өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек ғана Салық кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын
объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге
міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен
байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар
болса, онда салық төлеушінІң міндеттемесі де пайда болады;
Салық базасы деп құқықтық физикалық базасын айтады және де салық салу
объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық
базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердін мөлшері
анықталады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық
деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік
сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық
кодексінің басқада міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең
біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық
пен баска да міндетті төлемдері есептелінеді.
Казакстан Республикасындағы салық заңы — мүліктің кірістелген және
тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың
атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне
қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.
ІІІ Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер.
Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке нотариустар, адвокаттар, жеке
кәсіпкерлер және занды түлғалар, сондай-ақ басқа да қызметпен айналысатын,
занды тұлға болып саналмайтындар (бір сөзбен айтканда, салық төлеушілер),
міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнетақы корларына төлеуші ретінде
тіркелгсндер, өзінің түрған жеріндегі салық қызметінің органдарына
аударады.
Егер заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке
нотариустар, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса ай сайың олардың
жалакысынан есептеп және ұстап, сосын оларды жинак зейнетакы корына аударып
отыруы керек.
Әскери және ішкі істер органдарынын кызметкерлері үшін 1998 жылдың
қаңтарынан бастап республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен аталған
кызметкерлердін міндетті зейнеткерлік жарнасын аударып отырады.
Зейнеткерлік жарнасы келесі мөлшерлеме бойынша есептелініп және
ұсталып отырады:
егер занды тұлға, сондай-ак жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және
нотариустер, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса, онда сол
енбеккерлердің табысынан 10% деңгейінде ай сайын міндетті зейнеткерлік
жарнасына аударады;
- жеке кәсіпкерлер өздері үшін салық салынатын табысынан 10%
деңгейінде аударады;
- адвокаттар да, жеке нотариустер өздері үшін Салық Кодексіне
сәйкес анықталған табысынан 10% деңгейінде аударады.
- Міңдетті зейнеткерлік жарнасы келесі төлемдерден ұсталмайды:
- еңбеккерлердің денсаулығынын бұзылуына әкелген зардаптар үшін
төленетін төлемдерден;
- егер де тұракты жұмыс орны жолда немесе жүріп-тұру сипатында
болса, онда оларға төленген төлемдерден;
- ядролық сынақ немесе экологиялық апаттардан зиян шеккеңдерге
берілетін әлеуметтік жәрдем ақыдан;
- медициналық қызметке төлеу үшін біржолғы төлемдерден, бала
талқан кезде төленетін төлемдерден;
- пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілер төлеген
компенсациясынан;
- сақтандыру сыйақысынан;
- берілген арнайы киімдер құнынан;
- және т.б.
Одан баска зейнеткерлік жасқа жеткендер міндетті зейнеткерлік төлемдер
төлеуден босатылады.
Міндетті зейнеткерлік жарналар ақшалай да, акшасыз да төленеді. Жинақ
зейнеткерлік қорға аударылған ақшаға банк заңды тұлғаға үш данада, жеке
тұлғаға екі данада төлем тапсырмаларын ұсынады. Оның бірінші данасы банкте,
калған екеуі төлеушіде калады.
Егер де заңды тұлға-төлеуші ретінде жойылса, ондағы зейнеткерлік жарна
туралы құжаттар міндетті түрде Ммемлекеттік архивке беріледі.
ІY Қысқа мерзімді кредиторлық берешек міндеттемелері. Кәсіпорынның
кредиторлық берешегі деп басқа ұйымдарға, жеке тұлғаларға қарызын айтады.
Қысқа мерзімді берешек құрамына:
Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

- Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
Кәсіпорын өз ондірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету
үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет
корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін
қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык
ұйымдармен келісім-шартқа отырады. Осдан бастап жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек пайда болды.

АНАЛИТИКАЛЫҚ, СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Жарасым ЖШС-нің банктер мен банктен тыс мекемелрідң несиелерін
есепке алуы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 3-4
бөлімдерімен айқындалады.
Келесі шоттар қолданылады:
3010 – Қысқа мерзімді банктік қарыз, онда бір жылға дейінгі
мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады, 4010 – Ұзақ мерзімді
кредиторлық берешек;
3020 – Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз
банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді
қарыздар, 4020 – Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің
лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ
мерзімді қарыздар;
3050 – Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері, 4030 – Өзге ұзақ
мерзімді қаржылық міндеттемелер.
Несие алған жағдайда: 1040 – Банк шоттардағы ақша қаражаты –ұлттық
валютамен-ақша банктегі есеп шотына түскен жағдайда, 3310 – Жеткізушілер
мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешегі, 3390 – Өзге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек шоттары дебеттеліп және 3010 "Қысқа мерзімді
банк несиелері" шоты кредиттеледі. Несиені өтеген жағдайда 3010 Қысқа
мерзімді банктік қарыз, 4010 – Ұзақ мерзімді банктік қарыздаршоттары
дебеттеліп және 1040 немсе 1050 шоттары кредиттеледі.
Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызын есептейді. Есептелінген
пайыздардың сомасы 7310 "Пайыздар бойынша шығындар" шотынын дебеті және
3380 "Төленуге тиісті проценттер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жарасым ЖШС 1 жылдық мерзімге 10 % -бен 1000000 теңге несие алу үшін
банкпен келісім-шартқа тұрды. Келісім шарттың негізі болып несие алған
жағдайда несие сомасы теңгемен 7500 долларға пара-пар, мерзімі өткен соң
қайтарған жағдайда теңгемен 7500 долларға пара-пар. Пайыздық өсімді әр
квартал соңындағы 7500 долларға эквивалент теңгемен есептеледі.
Есме пайызын есептеу сомасы келесідей анықталады: Жылдық пайыздық
мөлшері× қалдығы× күнінің саны 360
Шоттар корреспонденциясын жасап көрейік. (1-кесте)
1 – кесте. Жарасым ЖШС-нің 2008 жылғы шаруашылық операциялары
.№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы дебет кредит
теңге
1 2 3 4 5
1 03.01.2008 ж есеп айырысу шотына несие1000000 1040 3010
аударылды
2 Келісімшарттың жағдайына сәйкес несие 7310 3380
қаражатын пайдаланған мерзіміне
есептелген пайызы:
І тоқсан
7500×132,4×10%×90360 = 24825
теңге
ІІ тоқсан
7500×121,83×10%×90360=22843
теңге
ІІІ тоқсан
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz