Үйіп - тиелетін жүктерді тасымалдау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Тасымалданатын жүктің мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2 Жүкағындарын жылдың тоқсандары бойынша талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Жүкпункттер жұмысын ұйымдастыру бойынша талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... . 9

2 . ЕСЕПТЕУ . ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
2.1 Жылжымалы құрамды таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Жүктерді тасымалдағанда арту . түсіру жұмыстарын механикаландыру ... ... ... ... . 12
2.2.1 Арту . түсіру машиналарын таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2.2 Арту түсіру машиналарының керекті санын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Жүктерді тасымалдаудың маршруттарын негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.4 Жүктерді тасымалдаудың маршруттары бойынша негізгі техникалық . пайдалану көрсеткіштерін анықтау ... ... ... 16
2.5 Пайдалану бойынша өндірістік бағдарлама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23

3. ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.1 Жылдық келісім.шарт, оны жасау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
3.2 Жедел тәуліктік жоспарлау және жүктер тасымалдарын басқару ... ... ... ... .. 29
3.3 Жүктер тасымалдарын ұйымдастырғанда қолданылатын құжаттама ... ... ... . 33
3.4 Жүргізушілер еңбегін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
3.5 Жүктер тасымалданғаннан кірістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Автомобиль көлігі жолаушылармен жүктер тасымалдау бойынша біздің еліміздің халық шаруашылығының тұрақты өсетін қажеттерін қанағаттандыруда жетекші орында. Тасымалдау қажеттерін қанағаттандыруды материалдық және еңбек ресурстарының ең аз шығындарымен толық, сапалы және өз уақытысымен орындау, автомобильдердің пайдалану сенімділігін арттыру және оларды күтіп ұстау шығындарын азайту АКК қызметкерлерінің басты мақсаты болып табылады. Бұл міндеттерді орындау қоғамдық пайдалану автомобиль көлігін көбірек дамытуды, жүктер мен жолаушылар айналымын көтеруді, материалдық техникалық базаны нығайтуды және қарыжыларды ірі АКК - ларға жинақтауды талап етеді.
Нарықтық экономика жағдайында барлық көлік түрлері бойынша тасымалдауды жүзеге асыру, оның артықшылықтары мен тасымалдау жоспарын орындалауын бағалау үнемі өзгеріп, дамып отырады. Бүгінгі таңда көлік пен тұтынушының арасындағы таңдау еркіндігінің және көлік қызметінің ұсынушылардың арасында өзара бәсекелестік болуы осы саланың қарқынды дамуына жол ашып отыр.
Көлік және көлік қызметінің саласын дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары:
1. Көліктің негізгі міндеті - халықты бір жерден екінші жерге тасымалдау мен халық шаруашылығының қажеттіліктерін дер кезінде толықтай әрі сапалы қызметпен қамтамасыз ету және оның жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру.
2. Автокөлік мекемелерін пайдалану тиімділігі жоғары жылжымалы құрамдармен және сапалы қызмет көрсету нысандарымен жабдықтау.
3. Жол инфроқұрылымының сапасын арттырып, жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жарақтандыру.
4. Көлік қызметін ұсынушылардың арасында нарықтық бәсекелестікті жандандыру.
1 ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

1.1 Тасымалданатын жүктің мінездемесі

Құм - ұсақ түйірлі борпылдақ шөгінді тау жыныстары. Пайда болу тегі жағынан құмдар көлдік, теңіздік, флювиогляциалдық (сулық-мұздық), элювийлік, делювийлік, пролювийлік және эолдық (желдік) топтарға бөлінеді. Құм - табиғи қиыршықтас-құм қоспаларын елеу, тау жыныстарын, қиыршықтас пен қойтастарды, жолшыбай өндiрiлетiн аршылған және араласушы тау жыныстарын немесе кендердi (металлургия өнеркәсiбiнiң қара, түстi және сирек кездесетiн металдарын) және өнеркәсiптiң басқа салаларының биметалл қазбаларын уату өнiмдерiн кейiн елеу арқылы қайта өңдеу жөнiндегi тау-кен кәсiпорындарының кондициялық емес қалдықтарын уатып алынатын, iрiлiгi 5 мм кем түйiрi болатын органикалық емес түйiршiктi сусымалы материал;
Доломит (француз геологы Д.Доломьенің есімімен аталған) - 1) карбонаттар класының минералы [CaMg (СО3)2]. Тригональдық сингонияда кристалданады. Кристалдары ромбоэдр, призма пішіндес. Ірі кристалды агрегаттары гидротермальдық түзілімдер мен қайта кристалданған карбонатты қабаттарда кездеседі. Түсі сұрғылт ақ, кейде сарғыш, қоңыр немесе жасыл реңді болады. Қаттылығы 3,5 - 4, меншікті салмағы 2,85 гсм3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш; 2) негізінен Доломит минералынан тұратын шөгінді карбонатты тау жынысы. Негізгі қоспалары кальцит, ангидрит. Доломит әдетте әктаспен бірге кездеседі және құрамындағы Доломитің мөлшеріне байланысты әктас Доломит (95 - 75%) және Доломитті әктас (50%-дан аз) болып бөлінеді. Егер негізгі қоспа - ангидрит болса, тау жынысы ангидритті Доломит, саз болса Доломиті мергель, құм болса құмды Доломит деп аталады. Доломит кембрийге дейінг және палеозой шөгінділерінде кең таралған. Ол металлургияда (отқа төзімді материал, флюс ретінде), шыны өнеркәсібінде, глазурь және ақ магнезит әзірлеуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығында топырақтың қышқылдығын азайту үшін қолданылады.
Көмір - өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатт шөгінді кен жынысы.Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды)бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі.Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер, сапрогумолиттер.
Олардың біріншісі - тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі - негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.
Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктерін қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, тас көмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады.Көмірдің тығыздығы 0,92 - 1,7 гсм3аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайғансайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 - 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшері мен сипатталады.
Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері - ұшпазаттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір - бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітім қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан.

1.2 Жылдың тоқсандары бойынша жүкағындарын талдау
Біркелкіеместік дәрежесі тасымалдар көлемінің біркелкіеместік коэффициентімен сипатталады:
ηн=QmaxQорт (1.1)
ηн=198129165107.5 =1,2
Мұндағы ,ηн- біркелкіеместік коэфиценті
Qорт - бір тоқсандағы жүктер тасымалының орташа көлемі.
Qжыл=Qтәул*Дn (1.2)
Qжыл=2110* 313=660430
Мұндағы, Qтәул - курстық жобалауға берілген тапсырманың 1 кесте бойынша анықталатын,жүктер тасымалдарының қосынды тәуліктік көлемі,т.
Дn - автокәсіпорынның жұмыс режимі,жүктерді тасып шығару мерзімі.
Qорт=Qжыл4 (1.3)
Qорт=6004304 =165107.5т
QортI=Qорт*0,7=165107.5*0,7=115575. 25т
QортII=Qорт*0,9=165107.5*0,9=148596 .75т
QортIII=Qорт*1,2=165107.5*1.2=19812 9т
QортIV=Qорт*1,1=165107.5*1.1=181618 .25т
Q,мың тонна

Жылдың тоқсандары
IV
III
II
I
0
200000

150000

100000

Сурет 1.Тасымалданатын жүктер көлемдерінің графигі
1.3 Жүкпункттер жұмысын ұйымдастыру бойынша талаптар

Жүк жөнелтушінің (жүк алушының) бақылау-өткізу пункттерінде брезентті алып жүкті тексеру және тексеруден кейін жүктерді жабу, цистерналардың люктерін ашу және жабу және тағы басқа жүргізілген жағдайларда, көрсетілген операциялар жүк жөнелтушінің (жүк алушының) күшімен орындалады.
Түсіру-тиеу жұмыстары кезінде тасымалдаушы автокөлік құралына тиеудің белгіленген нормаларын сақтау, автомобильмен тасымалдауды орындау қауіпсіздігін және жүктің сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында жүктің салынуы мен бекітілуін бақылайды.
Егер шарттың талаптарында тиеу-түсіру жұмыстарын тасымалдаушы жүзеге асыратыны көзделген болса, соңғысы тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде қызметкерлердің автомобиль көлігінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауын бақылауды, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген ережелерді орындамау нәтижесіндегі жазатайым оқиғаларды болдырмау шараларының қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс.
Жүктерді тиеу және түсіру пункттері мынадай негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:
1) тиеу-түсіру және қосымша жұыстарды жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес келетін штаттағы және қосымша жабдықтың болуы;
2) өртке қарсы, санитарлық-гигиеналық және экологиялық нормативтердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде жүктің сақталуын және жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) кез келген ауа-райы жағдайларында автокөлік құралдарының тиеу (түсіру) орнына еркін және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін кіріс жолдарының болуы;
5) тәуліктің кешкі және түнгі уақытында жарықтандыру мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған талаптарға жауап беруі тиіс;
6) механизация құралдарымен тиеу (түсіру) посттарының саны мен жабдықталуы қайта өңделетін жүктің түрі мен көлеміне сәйкес келуі және автокөлік құралдарының тиелу (түсірілу) үшін нормативтік уақыт шегінде тұруын қамтамасыз етуі тиіс;
7) қажетті құжаттардың сапалы және уақтылы ресімделуі мен өңделуін қамтамасыз етуге арналған жеке үй-жайдың болуы;
8) телефон және басқа байланыс түрлерінің болуы;
9) бақылау-өткізу пункттері, зертханалары, жөнелтілетін және келіп түсетін жүктің сапасы мен массасын анықтауға мүмкіндік беретін таразыға тарту және басқа жабдығы, сондай-ақ автокөлік құралдарының шанақтарын тез бүлінетін жүктерді түсіргеннен кейін тазарту, жуу және дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізуге арналған арнайы орындарының болуы.

2 ЕСЕПТЕУ - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Жылжымалы құрамды таңдау

Жылжымалы құрамды таңдаған кезде пайдалану сапасын , пайдалану жағдайларына қатысты бағалау керек. Ол жағдайлартасмалдауды жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетеді, көліктік , жылдық және климаттық факторлардың түрлі үйлесулерімен анықталады.
Көліктік жағдайлар тасымалдау көлемімен , жүк түрі және партиямөлшерімен , тасмалдау қашықтығымен , тиеу түсіру жағдайларымен , тасымалдау түрі және ұйымдастыру ерекшеліктерімен сипатталады.
Жолдық жағдайлар жол жамылғысының түзулігімен және мықтылығымен ауытқулардың шеткі көлемімен және қозғалыс қарқындалағының өсуімен сипатталады.
Климаттық жағдайлар жылдың ең ыстық және суық айларындағы , ауаның ылғалдылық мөлшерімен , ауаның максималды және минималды температурасымен сипатталады. Жолдық және климаттық жағдайлар көбінесе бір- бірімен байланысты болады.
Сусымалы жүктерді тасымалдау үшін КамАЗ-5511 автомобильін таңдадым.Ол автомобиль 2.1 көрсетілген.

Кесте 2.1 КамАЗ-5511 Жылжымалы құрамының сипаттамасы

Жүккөтергіштік, кг
10000
Өзіндік салмағы, кг
19000
Шаңақтың көлемі, м[3]
3,6
Жүкпен шаңақтың көтеру уақыты, мин
15
Максималды жылдамдығы, кмсағ
90
Алдыңғы оське түсетін жүктеме, кг
4400
Артқы оське түсетін жүктеме , кг
14600
Жабдықталған автомобиль салмағы, кг
8850
Қозғалтқыш қуаты (л.с.)
210
Беріліс қорабы
механикалық
Беріліс саны
5

Сурет 2.1 КамАЗ-5511 жылжымалы құрамы

2.2 Жүктерді тасымалдағанда арту-түсіру жұмыстарын механикаландыру

Жүк пункттерінде атқарылатын тиеу-түсіру жұмыстары (ТТЖ) және түрлі жүктерді тиеу-түсіру, сорттау жұмыстарында пайданылатын тиеу-түсіру машиналары (ТТМ) көліктегі көлік-жүк жүйесінің (КЖЖ) негізін құрайды.
Көлік саласының мамандары мыналарды орындай білуге тиісті:
- біріншіден, әр түрлі жүктердің тиелуін, түсірілуі мен сортталуын және мыналардың қамтамасыз етілуін ұйымдастыруды:
тиеу-түсіру жұмыстарының ең төменгі өзіндік құнын; тиеу-түсіру машиналарының ең жоғары жұмыс нормасын (еңбек өнімділігі);
ең көп пайдатабуды (рентабельділік);
- екіншіден, қолданылып жүрген технологияның кемшіліктерін анықтау және техникалық-экономикалық дәлелдемелері бар ұсыныстар жасау.

2.2.1 Арту-түсіру машиналарын таңдау

Сурет 2.2 Тандап алынған Dressta тиегіші

Шикі заттар мен дайын өнімдер кен орындарынан немесе фабрикалар мен зауыттардан темір жол, автомобиль жолы, өзен немесе теңіз, әуе жолы, конвейер немесе пневматикалық және гидравликалық құбырлар арқылы, арнаулы жолдар арқылы тұтынушыларға жеткізіледі.
Аталған көлік түрлері мемлекеттің көлік жүйесін құрайды және оның экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады.
Жүк пунктетерінде атқарылатын тиеу - түсіру жұмыстары және түрлі жүктерді тиеу-түсіру, сорттау жұмыстарында пайданылатын тиеу-түсіру машиналары көліктегі көлік-жүк жүйесінің негізін құрайды.
Жүкті баратын жеріне жөнелтіп, оны иесіне табыс ету үшін жүк қабылдау пункттерінде осы заманғы техникалық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, жүк қабылдау пункттерінде белгілі бір жүк тиеу-түсіру операцияларын орындау қажет болады.
Осындай талаптарды жүзеге асыру мақсатында автокөлік саласының мамандары мыналарды білуге тиісті:
Тиеу-түсіру машиналарның құрылысы мен жұмыс істеу негізі, қоданылу салалары және техникалық-пайдалану сипаттамалары;
Қоймалар, олардың мақсаты мен сипаттамалары;
Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы;
Тиеу-түсіру пункттерінің технологиялық жарақтануын есептеп шығару әдістері.
Көлік саласының мамандары мыналарды орындай білуге тиісті:
Біріншіден, әр түрлі жүктердің тиелуін, түсірілуі мен сортталуын және мыналардың қамтамасыз етілуін ұйымдастыруды:
Тиеу-түсіру жұмыстарының ең төменгі өзіндік құнын, яғни Comin;
Тиеу-түсіру машиналарының ең жоғары жұмыс нормасын (еңбек өнімділігі), ең көп пайда табуды рентабельділік;
Екіншіден, қолданылып жүрген технологияның кемшіліктерін аңықтау және техникалық-экономикалық дәлелдемелері бар ұсыныстар жасау.
Жұмыс атқаратын бөліктерінің сипатына қарай арту-түсіру машиналары мынандай түрлерге бөлінеді:
Мезгілді немесе кідірмелі жұмыс істейтін;
Үздіксіз немесе уздіксіз дерлік жұмыс істейтін машиналар.
Мезгілді жұмыс істейтін машиналар мынандай түрлерге жіктеледі:
Тиегіштер - электр, авто және трактор тиегіштері, олардың жұмыс атқаратын бөліктері - аша, шөміш, ілмек және басқа жүк қамтығыштар.

Кесте 2.2 Dressta тиегішінің сипаттамасы

Пайдалану салмағы, кг
20 140
Қоғалтқыш
Cummins QSC8.3
Қозғалтқыш қуаты
240 л.с.
Түсіру биіктігі
2 820 мм.
Түсіру қашықтығы
1300 мм.
Бұрылу радиусы
6 470 мм.
Жылдамдық диапазоны
7..39 кмч
Орташа отын шығыны
25...27 лсағ

2.2.2 Арту-түсіру машиналарының керекті санын есептеу
Арту-түсіру машиналарының санын әрбір жүк пункті үшін жеке анықтау қажет.
Келесі әдістеме өте кең тараған:
1 тонна жүкті артуға (түсіруге) уақыт
tT=taтqнγс=2210∙1=2.2
Мұндағы, ta(т) - автомобильдің арту (түсіру) уақыты, мин
γс - автомобильдің жүккөтергіштігін пайдаланудың статикалық коэффиценті
qн - автомобильдің номиналды жүккөтергіштігі, т
Посттың өткізу қабілеті
Мт=60tт=602.2=28
Артудың (түсірудің) посттар саны
N=QтәулMт∙Tн∙ηн=40028∙14∙1.2=1
Мұндағы, Qтәул - жүк пунктерінің біреуіндегі артуға (түсіруге) қажетті жүктің тәуліктік көлемі (курстық жобалауға Тапсырма, кесте 1), 1
Tн - тәуліктегі арту (түсіру) машиналарының жұмыс уақыты, сағ курстық жобада шамамен жуықтап есептеу үшін оны автомобильдің нарядтағы уақытына тең деп қабылдауға болады.
ηн - автомобильдерді артуға (түсіруге) беруге біркелкі еместік коэффиценті (ηн=11,2).

2.3 Жүктерді тасымалдаудың
маршруттарын негіздеу

Кесте 2.3 Оңтайлы бөлу

Тұтыну пункттері
Қосымша
Өндіріс пункттері
Тұтыну көлемі

А1
А2
А3

Жол, α
Бағана, β
1
3
-4

Б1
0
7

3
75
8

75
Б2
6
8
9
26
2
35
61
Б3
3
4
40
6
0
4
40
Б4
3
4
35
8
4

35
Өндіріс көлемі

75
101
35
211

Кесте 2.4 Алтыбұрышты және төртбұрышты контур бойынша маршрутты құрастыру

Тұтыну пункттері
Қосымша
Өндіріс пункттері
Тұтыну көлемі

А1
А2
А3

Жол, α
Бағана, β
1
3
-4

Б1
0
7
(15)
3
75
8

75
Б2
6
8

9
26 (61)
2
35
61
Б3
3
4
40
6
(40)
4
40
Б4
3
4
35
8
4
(35)
35
Өндіріс көлемі

75
101
35
211

Маршрут №1 А2Б2Б2А2 (жүріс саны 26) маятникті маршрут
Маршрут № 2 А1Б1Б1А2А2Б3Б3А1 (жүріс саны 40) сақиналы маршрут
Маршрут №-3 А1Б1Б1А2А2Б2Б2А3А3Б4Б4А1 (жүріс саны 35) сақиналы маршрут
2.4 Жүктерді тасымалдау маршруттары
бойынша негізгі техникалық-
пайдалану көрсеткіштерін анықтау

Маршрут №1 Маятникті маршрут А2Б2Б2А2 (жүріс саны 26)
Б2 А2

АКК

Автомобильдің айналымға жұмсайтын уақыты:
tайн=lмvт+n*tа-т (2.1)
tайн=1822,0+1*0,3= 1,1 сағ
Мұндағы, lм - маршруттың ұзындығы, автомобильдің бір айналымда жүретін жолы, км
vт - автомобильдің орташа техникалық жылдамдығы, кмсағ
n - бір айналымдағы автомобильдің жүкпен жүрістер саны
tа-т - автомобильдің бір жүрістегі арту-түсіруде бос тұруы, сағ
Ауыспалы жартылай тіркемелерімен сүйрегіштер жұмысында арту және түсіру уақыты жартылай тіркемені тіркеу және ағыту уақытымен алмастырылады.
Тәулікте маршрут бойынша автомобильдің мүмкін айналымдар саны:
Zайн=Tн-l01+l02-lx'νтtайн (2.2)
Zайн=14-6+7-9221.1=12 айналым
Мұндағы, Tн - нарядтағы уақыт, сағ
l01 - бірінші нөлдік жүріс, км
l02 - екінші нөлдік жүріс, км
lx' - маршруттағы ақырғы бос жүріс, км
Автомобильдің тәуліктік өнімділігі, т
WQтәул=qн*Zайн*γс1+γс2+...+γсn (2.3)
WQтәул= 10*12*1 = 120 т
Мұндағы,
qн- автомобильдің номиналды жүккөтергіштігі, т
γс1+γс2+...+γсn - маршруттың бөліктері бойынша жүккөтергіштікті пайдаланудың статикалық коэффиценттері.
Автомобильдің тәуліктік өнімділігі, т
WPтәул=qн*Zайн*γс1*lег1+γсn*lегn (2.4)
WPтәул=10*12*1*9=1080 т
Мұндағы,lег1, lег2, lегn-автомобильдің бір айналымдағы жүкпен жүрістері, км
Автомобильдің маршрут бойынша тәуліктік жүрісі:
Iтәул=lмZайн+l01+l02-lx' (2.5)
Iтәул=18*12+6+7-9=220 км
Маршрут бойынша бір тәуліктегі автомобильдің жүкпен жүрісі
Iжүк=Zайн*lег1+lег2+...+lегn (2.6)
Iжүк=12*9=108 км
Автомобильдің жүрісті пайдалану коэффициенті
β=IжүкIтәул (2.7)
β=108220=0.5
Автомобильдің нарядтағы нақты уақыты
Тннақ=Zайн*tайн+l01+l02-lx'νт (2.8)
Тннақ=12*1.1+ 6+7-922=13.4 сағ
Автомобильдің пайдалану жылдамдығы
νn=IтәулTннақ (2.9)
νn=22013.4=16.4 кмсағ
Маршрутта жұмыс істейтін автомобильдердің пайдалану саны
Аn1=Zжосп Zайн немесе Аn1=QжоспWQтәул (2.10)
Аn1=2612=2 автомобиль
Мұндағы, Qжосп - тасымалдауға қажет, маршрут бойынша тонналардың жоспарлы саны
Qжосп=qн*Zжосп*γс1+γс2+...+γсn (2.11)
Qжосп=10*26*1=260 т
Мұндағы, Zжосп - берілген маршрут бойынша орындауға қажет, айналымдардың қажетті саны.
Маршруттағы бір тәуліктегі нарядтағы автомобиль-сағаттардың саны
А4н=An1*Tннақт (2.12)
А4н=2*13.4=26.8 авт.сағ
Маршрут бойынша пайдаланудағы автомобиль-күндер
АДn=An1*Дn (2.13)
АДn=2*313=626 авт.күн
Мұндағы, Дn- пайдаланудағы күндер автокәсіпорынның жұмыс режиміне байланысты қабылданады.
Есептік кезеңдегі маршрут бойынша автомобильдердің жалпы жүрісі
Iжал=Iтәу*АДn (2.14)
Iжал=220*626=137720 км
Есептік кезеңдегі маршрут бойынша автомобильдердің жүкпен жүрісі
Iжүк'=Iжүк*АДn (2.15)
Iжүк'=108*626=67608 км
Тасымалдар көлемі, т
Q=WQтәул*АДn (2.16)
Q=120*626=75120 т
Жүкайналымы, т.км
Р=Wpтәул*АДn (2.17)
Р=1080*626=676080 m*км

Маршрут № 2 Сақиналы маршрут А1Б1Б1А2А2Б3Б3А1 (жүріс саны 40)

Б1

А2

Б3

АКК А1

Автомобильдің айналымға жұмсайтын уақыты:
tайн=2022,0+1*0,3= 1,5 сағ (2.18)
Тәулікте маршрут бойынша автомобильдің мүмкін айналымдар саны:
Zайн=14-2+2-422,01,5=9 айналым (2.19)
Автомобильдің тәуліктік өнімділігі, т
WQтәул=10*9*1+1+1+1=360 т (2.20)
Автомобильдің тәуліктік өнімділігі, т
WPтәул=10*9*1*7+1*6=1170 т (2.21)
Автомобильдің маршрут бойынша тәуліктік жүрісі:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік желісінің фрагменті
Жүкті тасымалдауға қабылдау
Жүктердің таңбалануы
Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі
Теміржол жұмысы
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Сусымалы жүктердің көліктік мінездемесі
Тас материалдарды сұрыптау машиналары
«Халықаралық автомобиль тасымалдары»
Жүк тасымалындағы контейнерлер мен табандықтар
Пәндер