Қазақ мемлекетінің құрылымы



Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Қазақ мемлекетінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. 2. Қазақ хандығының сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. Негізгі бөлім
1. 1 Қазақ мемлекетінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. 2. Қазақ хандығының сыртқы
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...12

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .14
Кіріспе
Қазақ халқы әлемнің басқа халықтарына тән болған бірегей заңдылықтар
негізінде қалыптасты. Этногенез процесінің жалпы схемасы төмендегідей
болды: жеке рулар, тайпалар, тайпалық одақтар, халықтар, ұлттар – осылармен
қатар тілдер де дамыды. Бұл процестер тура сызықты болған емес, ол қайшылық
жағдайда, ұсақтану, ассимиляциялану, будандасу және бірігу арқылы өтіп
жатты, жеке бір тұста уақытша тоқтап та қалып, ал содан кейін қайтадан
дамып отырды, бұл орайда тарихи жаңа жағдайда ғана жаңғырып отыруды басынан
кешірді.
Қазақ халқының этногенезі ежелгі заман тұңғиығынан басталады, ол
негізінен Қазақстанның ұлан – ғайыр жерін ежелден мекендеген автохтонды
тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Халықтың қалыптасуы ежелгі
және орта ғасырлардағы ірі- ірі этникалық саяси оқиғалармен, шаруашылық
формаларының эволюциясымен және қоғамдық қатынастардағы серпінді
ілгерулермен, феодализмнің қалыптасып, нығаюымен байланысты. Халық нақтылы
әлеуметтік – экономикалық жағдайда құралады және дамиды, сондықтан да ол
этникалық - әлеуметтік қауымдастық болып табылады.[1]
Қазақстан аумағындағы және бүкіл Орта Азиядағы этногенетикалық
процестердің түп тамыры қола дәуірінен басталады. Қазақ даласын мекендеген
тайпалар өздерінің нәсілдік типі жөнінен европеидтер болған. Ежелгі темір
дәуірінде Қазақстан жерін сақ тайпалары – массагеттер, даилар, исседондар
және басқалар мекендеген. Қазақ халқының түп төркіні б.з.б. УІІ ғ. бастап
жазба тарихта әйгілі болған сақтар еді. Б.з. ІІІ ғ. бастап У ғ. дейін
Оңтүстік Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсіндер мен қаңлылар
бірлестіктері қазақ халқының негізгі ұйытқысы болды. Қазақстан жерінде
этникалық процестің шешуші кезеңі б.з.б. 1 мыңжылдығының ортасынан,
түріктердің жаппай көшіп келуімен байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін
т.б. ұрпағымен араласқан түріктер этно- демографиялық жағдайды өзгертті.
ІІ.Негізгі бөлім
2. Қазақ мемлекетінің құрылымы
Қазақ халқының тарихында жүздердің пайда болуы ерекше орын алады.
Қазақ жүздерінің құрылуы – тарихи процесс, ол қазақ халқының этникалық
мекенінің қалыптасуымен қатар жүрді. Көптеген этникалық- саяси және
шаруашылық факторлар әрекетінің нәтижесінде Қазақстан жерінде негізгі-
негізгі үш этникалық- аймақтық бірлестік – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
құрылады. Олардың әрқайсысының дәстүрлі көшіп- қону жолдары, жаз жайлауы,
қыс қыстауы болған. [2]
Жеке рулар мен тайпалардың одақтарға бірігуі жүздердің құрылуына
жағдай туғызды.Сонымен, шаруашылық және географиялық жағынан біршама
оқшауланған қазақ хандықтары мен қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі тайпалар
одақтарының, кейде қазақ тайпаларының топтары мекендеген аймақтар жүз деп
аталатын болған. Кейбір тарихи материалдарда жүздер Ордалар деп те аталады.
Біреулер жүз деген бөлік, бір жағы, тұтас бірдеменің бұтағы дегенді
білдіреді десе, екінші біреулер жүз дегеніміз – бұл келбет, яғни
Қазақстанды мекендеген адамдарды сыртқы пішіндеріне қарай ажырата білу
дейді. Қайткенде де қазақ жүздерінің құрылуы негізінде рулардың,
тайпалардың белгілі бір географиялық кеңістікте бірігу процесі жатты. [5]
Жүздер қолында тізе бүктіретін күшті аппараты жоқ әлсіз орталық
өкіметі бар мемлекеттік құрылымдар еді. Әр жүздің басында Шыңғыс ұрпағына
жататын сұлтандар тобы шонжарларының жиналысында сайланған, кейде бірнеше
хан тұрды, олар көбінесе ру басыларына түгелдей дерлік тәуелді еді.
Үш жүз географиялық орны мен климаты айырмашылығымен ерекшеленеді:
1. Ұлы жүз. Территориясы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Рулары
– үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, жалайыр т.б.
2. Орта жүз. Территориясы – Орталық және Солтүстік Қазақстан.
Рулары – қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, керей, уақ т.б.
3. Кіші жүз. Территориясы – Батыс Қазақстан. Рулары – алшын,
адай, төртқара, табын, тама, жағалбайлы, т.б. Кіші жүзді үш негізгі рулық
одақтар құрайды: Жетіру, Әлімұлы, Байұлы.[4]
XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ
мемлекеттігі Тәуке ханның билігі тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан
Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды. Оның бұл кездегі ішкі
құрылымы мен сыртқы жағдайынан дербес мемлекетке тән негізгі белгілерді
анық байқауға болатын. Бұл уақыт мемлекеттік құрылымның түзілуіне негіз
болған, өзіне тән тілі, салт-дәстүрі, мінез ерекшелігі, атамекені, сондай-
ақ ортақ мүддесі бар қазақ ұлтының қалыптасу кезеңі еді. Қазақ хандығының
құрамына енген ру-тайпалардың өзара экономикалық, мәдениет және қоғамдық-
саяси байланыстарының нығая түсуі, этностық аумағының анықталуы, осының
негізінде ортақ жалпы ұлттық мүдденің калыптасуы және оны сырттан төнген
қауіптен ұйымдаскан түрде қорғау қажеттігі белгілі дәрежеде
орталықтандырылған басқарушы билік жүйесінің пайда болып, оның ширай
түсуіне алып келді.[6]
XV—XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен
жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында өтті. Еларалық
қатынастар тынымсыз жаугершілік пен феодалдық қақтығыстардан тұрған бұл
тарихи кезең жалпыұлттық мүдденің маңызын тура түсініп, мақсатты және
саналы түрде қызмет жасаған белсенді тұлғаларды да өмірге алып келді. Бұл
тұлғалар, ұлттың өзін-өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін
түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұюдың тезірек
жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. XVII
ғасырда казақ халқы сандық және сапалық өсу жолында тұрды, ол жалпыұлттық
сананың қалыптасуына ұласты, ал бұл рухани-интеллектуалдық дәрежеде жүретін
жинақы көрініс, мемлекеттік құрылымның бой көтеруі болатын.
Тарих бізге аксүйек төре (сұлтан) тұқымынан қазақ ұлты мен
мемлекеттігінің қалыптасуы жолында еңбек еткен тұлғалардың есімі мен
қызметін жеткізді. Солардың алдыңғы легінде Орыс ханның ұрпақтары — қазақ
хандары мен сұлтандары Жәнібек пен Керей, Бұрындық, Қасым, Хақназар,
Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке хандар тұр. Мәселен, егер жалпыұлттық
мүддесін жеке өмірінен жоғары қойған Салкам Жәңгір 600 жауынгерімен 50 мың
қалмақ әскеріне қарсы шығып, оны тоқтата алмаған болса немесе ханзадалық
жағдайына қарамастан майдан даласындағы жекпе-жекте мерт болып,
азаматтықтың биік үлгісін көрсетпесе, кейін "ақтабан шұбырындыға" ұшыраған
қазақ жұртынан Қабанбай, Бөгенбай, Тайлақ және Саурық сияқты батырлар шығар
ма еді?[1]
XVII ғасырдағы мемлекет нышандары
XVII ғасырдың соңындағы Қазақ хандығында дербес мемлекеттікке тән
қандай нышандар болды? Қазак хандығы бұл кезде шығысында — Алтай таулары,
батысында Жайық өзені, солтүстігінде — Орал таулары, оңтүстігінде Алатаудың
батыс етегі аралығындагы алып еуразиялық кеңістікті өзінің атамекені деп
білген қазақ елінің басын біріктірген тұтас мемлекеттік құрылым болатын.
Оның экономикасы кең аумақтағы табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан өзара
тығыз байланысты көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілікке негізделді.
Қоғамдағы саяси қатынастың бастау алар буыны және әуелгі субъекті — рулық
қауым болды, Рулық қауым — тайпалық, тайпалық жүздік иерархияға ұласты.[2]
Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл
салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғыс хан ұрпағы саналатын
төре (сұлтан) тұкымына ғана тиесілі болды. Қарадан хан сайланған емес. Хан
ел билеуші сүлтандар мен билердің, дінбасылар және ел арасындағы беделді
адамдардың жалпыұлттық құрылтайында сайланды.[3]
Ел арасында аса беделді төрт би сайланған. Хандық билік әкеден балаға
мұраға өткен. Сонымен бірге қалыптасқан дәстүр бойынша сайланған хан өзінің
хандық билікке лайық екендіғін ылғи да атқарған ісімен, қоғамдық
мәселелерді шешуде ақыл-парасатымен дәлелдеп отыруға тиіс болған.
Иерархиялық билікте ханнан төменгі сатыда тұрған белсенді және ықпалды
жеке сұлтандар бүтін бір тайпа елді билеген. Хан жеке сұлтандардың мұндай
құқын мойындаған. Өз ретінде тайпа басы сұлтандар да орталық хандық билікті
мойындауға тиіс болған. Күнделікті өмірде жергілікті ру-тайпа билігінің
тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолында болды. Мұндай дәрежеге олар
сайлау арқылы емес, ел мойындаған қызметі мен ақыл-парасаты арқылы жеткен.
Ал олардың шешімі мен ұсынысы әділ болған жағдайда ғана ел арасында өтімді,
ал өздері билік өкілі ретінде жұрттың сеніміне ие болған. Халықта "Тура
биде туған жоқ" деген ұғым осы дәстүрлі жолды білдіреді.[4]
Ең жоғары сот билігін хан иемденген. Ал одан төменгі сот билігі
билерге тән. Көне дәстүр бойынша, билік қызмет елдің сенімі мен құрметіне
ие адамға ғана жүктелген. Көп жағдайда би қызметін немесе сот ісін тайпа
басшылары жүргізген, өйткені олардың кінәлі жақты сот үкімін орындауға
мәжбүр етерлік күші болған. Әрбір бидің билік ауқымы өз ру-тайпасымен
шектелген. Сонымен бірге өзге тайпа, тіптен, жүз адамдары келіп жүгінетін
аса беделді билер де аз болмаған. Ал ру-тайпалар арасындағы даулы, сондай-
ақ жалпыұлттық мәселелерді арнайы шақырылған құрылтайда талқылап, ортақ
шешім қабылдап отырған. Орыс тарихшысы А.Левшин қазақ мемлекеттігінің осы
кезеңі туралы: Ол (яғни, Тәуке хан) өзінің ақыл-парасатымен және
әділдігімен бәрін де өзіне бағынуға мәжбүр етті... және жалпыға ортақ заң
беріп, сол бойынша төрелік жасады, сөйтіп күшке емес, ақылға, тәжірибеге
және айлаға сүйенді. Әрбір Жүздің ерекшелігін ескере отырып басқару және
бақылап отыру үшін оған бағынышты үш би сайланды:
Ұлы жүзде — Төле,Орта жүзде — Қазыбек,Кіші жүзде — Әйтеке билер.[3]
2. Қазақ хандығының сыртқы саясаты
Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық
байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші
мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты:
Солтүстік – батыстан башқұрттар;
Солтүстіктен – Сібір казактары;
Оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары;
Шығыстан – Жоңғария;
Оңтүстік – шығыстан – Қытай.[2]
Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Қарахан мемлекеті туралы
Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның территориясы
СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер
Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер. Қазақстанның экономикалық мәдени дамуы
Пәндер