Егемендік елдеріндегі жетістіктеріміз


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім.

І. ҚР президенті

1. 1. Мемлекет басшысы . . . 4

1. 2. Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы . . . 7

1. 3. Кемеңгер немесе елбасы туралы тебіреніс . . . 10

ІІ. Егемендік елдеріндегі жетістіктеріміз

2. 1. Ұлт Көшбасшысы туралы Парламент енгізген заңдардың жобалары . . . 14

2. 2. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі халықаралық конференциясы . . . 16

2. 3. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан . . . 18

Қорытынды… . . . … . . . 30

Қолданылған әдебиеттер . . . … . . . 32


Кіріспе

«Қазақ мәдениеті барлық Қазақстан халқының мәдени қауымдастығын өз маңайында шоғырландырудың діңгегіне айналуы тиіс. Біздің мәдениет аймақтық құбылыс қана емес, Шығыс-Батыс ғаламдық мәдениетінің ажырамас бөлігі. »

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Біз ұзына бойы тарихымызда Ұлы далада небір қиындықтарды басымыз­дан кешірген, сұрапыл соғыстарды, жойқын жортуылдарды өткерген; сан рет қирап, сан рет бой түзеген; “тарихтың тағдырлы көші” дейтін ұзақ жолда жақсыны да, жаманды да көрген; салтанатты да өмір сүрген, хандары алтын сарайларда да тұрған, алтын тақта да отырған, іргелес елдермен бейбіт өмір сүре де білген елміз.

Тауқыметті соншама көп кешкен, тағдыры аянышты - езіліп-егілген, жа­бығып жапа шеккен, тарығып-зарыққан халық жер бетінде екеу болса, со­ның біреуі - қазақ. Сондай сұмдықтардың кесірінен қазақ кезінде атамекенін тастап, тоз-тоз болып жан сауғалауға да мәжбүр болды.

Даламызды да, өзімізді де көрмеген батыстың ғалымдары қазақты жер бетіндегі жабайы халықтың қатарына қосты. Олар өркениеттің Шығыстан басталғандығын, Еуропа қалың ұйқыда жатқанда бұл өңірде салтанатты тірші­лік болғандығын, керек болса, ер қанаты жылқыны да қолға үйретіп, ер-тоқым салып, жүгендеп, өмір сүрудің құралына айналдырғандығын біле тұра, мойындағылары келмеді. Өркениеттің жалғасын, тұтас бір дәуірін жасаған ата-тегіміз - ғұндарды да, оның көсемі Еділ (Аттила) патшаны да; көк Тәңірі мен қара жердің ортасындағы бүкіл адам баласын билеген, дүниенің төрт бұрышын аузына қаратқан, сөйтіп азды-көп, кедейді бай қылған, тату елге жақсылық қылған, асыл мұралар қалдырған Қағанат қаһармандарын да жабайыға санады. [5. 15-21]

Ойыңа түссе зығырданыңды қайнататын, пұшайман қылып сергелдеңге салатын, досың түгілі жауыңа да тілемейтін осындай қорлықты, сұмдықты басымыздан кешкен, тарихқа есесі кеткен елміз.

Негізгі бөлім

1. ҚР Президенті

1. 1 Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы - мемлекеттің жоғарғы өкілі есептелетін және атқарушы биліктің тасымалдаушысы болып табылатын жоғарғы лауазымдық тұлға.

Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті - жоғары лауазымды тұлға және ел Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Оның өкілеттілігі Конституцияның арнаулы бөлімінде айқын белгіленген. Лауазым 1990 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстанның кәмелеттік жастағы азаматтары жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы - «Ақ орда». Астананың жаңа әкімшілік орталығы аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. ҚР Президенті Сарайының ресми тұсаукесер рәсімі 2004 жылдың 24 желтоқсанында болды.

1991 жылы 25 тамызда "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Президентінің қүзіретіне қосымша өкілетгіктер жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған жағдайда Қазақ КСР аумаіында орналасқан одақтық баіъшыстағы үйымдарды, кәсіпорындарды бірінші басшыларын тағайындайды және оларды қызметген босатады; Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін тағайьшдайды; егер одақгық органдардьщ шешімдері Қазақ КСР зандарына және жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы келетін болса, олардың орындалуын тоқтата тұрады; Қазақ КСР аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге басшылықгы жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға шыққан жағдайда, сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін жүзеге асыруы мүмкін болмаған реттерде тоқтатылады. Соңғы жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қазақ КСР Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі, Қазақ КСР Конституциясының[4] 14-3 бабының 3-бөлігінің 8, 10 және 13- тармақтарында көзделгендерді қоспағанда, (облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесі төрағаларын қызметтерінен мезгілінен бүрын босату; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын қүру және тарату; сондай-ақ Қазақ КСР заңдарына қол қою процедурасы) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР вице- президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына беріледі.

"Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы[5] қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына[6] белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.

1991 жылы 10 желтоқсанда

"Қазақ Кеңестік Социалистік Республи- касының атауын өзгерту туралы" Қазақ КСР Заңымен[7] Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы[8] қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.

1991 жылы 16 желтоқсанда

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына[9] қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.

Реформалары

Жаңа тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасының (16. 12. 1991) - дамуы, барлық атрибуттары - ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі - бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті. [3]

1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т. с. с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т. б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

1. 2. Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы

Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды - Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Резиденция қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып саналады. Астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «Хан Шатыр» - «Бәйтерек» - «Ақорда» - «Бейбітшілік және келісім сарайы» - «Қазақ Елі» монументі бой көрсетеді. Сәулеттік ансамбльдің композициялық өзегі Ұлы даланың дәстүр сабақтастығының сақталуы идеясын, еуразиялық толеранттылық мәдениеттің жалғасуын және бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты Қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді. [2. 21-33]

Ақорда - ел дамуының жаңа философиясының көрнекі бейнесі. Резиденцияның символикалық және функционалдық бағыты өзінің толық кескінін қасбеттер мен ішкі көріністердің рәсімделуінен - олардың мәнер-стилистикасы мен түсіне қатысты шешімдерінен тапты. Еуропалық сәулет өнеріне тән дәстүрлі шешім ғимаратта жаңа мазмұнмен толыққан. Ақорда түпкі ой мен оның іске асырылуы жөнінен Қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. Қазақы және шығыстық мотивтер сарайдың сәулеткерлік жасау-жиһаздарында шеңберлер мазмұны және ою-өрнекті декор арқылы көрініс тапқан. Авторлық жобаның айрықша өзгешелігі, эксклюзивті ерекшелігі - резиденцияға көркемдік тұтастық беретін қазақ бейнелеу өнерінің бірегей жиынтығы. Метафорикалық тұрғыдан ол еуропалық мәдениет өрісіндегі далалық өркениетті, ғаламшардағы ірі құрлық - Еуразия өнерінің синтезін көрсетеді. Сыртқы келбет пен ішкі көріністің эстетикалық жүйесінің өзі дәстүрлі еуропалық сәулеткерліктің ойланып жасалған озық үлгілерінен келіп шығады. Резиденцияда көрініске қойылған қазақстандық суретшілердің туындылары Қазақстан өзін әлемде ұлы өркениеттер мәдениетін тоғыстырушы мемлекет ретінде көрсете отырып, мақтаныш тұтатын Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қажетті балансын құрайды.

Резиденция құрылысы 2001 жылы басталды. Авторлар алдында даму үстіндегі елдің қуаты мен қарқынын білдіретін қайталанбас бірегей кешен құру міндеті тұрды. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер М. Гуалаци мен А. Мольтени бар. Ішкі көріністі ұлттық мәнерде орындау академик Қ. Монтақаевтың кеңесімен жүргізілді. Аса маңызды мемлекеттік нысанды салу үшін 26 ұлт өкілдері және әлемнің ондаған елінің мамандары мен жұмысшылары еңбек етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы - 36 720 шаршы метр. Ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннан тұрғызылды. Үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі - 86 метр. Ғимарат жер үстіндегі бес қабатты және жер астындағы екі қабатты үйден тұрады. Бірінші қабаттың биіктігі 12 метрге тең.

Сәулет ансамблінің бөлінбейтін құрамдас бөлігі - сыртқы абаттандырылуына да айрықша көңіл бөлінген. Ақорда алдындағы алаң көше беттегі негізгі қасбеттің сән-салтанатты сипатын аша түседі. Субұрқақ пен гүлдер аллеясы да салтанатты көрініс тудырады. Кіре беріс және асфальтты жолдар, шағын сәулеткерлік нысандар, автотұрақ аймақтары композицияға нұқсан келтірместен өз орындарын тапқан. Аумақ шырағдандары бар декоративті дуалмен қоршалған.

Мемлекет басшысы резиденциясының атауында терең мағына бар. Тікелей аударғанда «Ақорда» кәдімгі «ақ орда» («белая ставка») дегенді білдіреді. Резиденцияның қасбеттері мен ішкі көріністерінің түстеріне қатысты шешімде ақ түс пен ашық реңктер басым. «Ақ» сөзі түркілік мәдениет семантикасында ең алдымен қасиеттілікті (киелілікті) білдіреді. Бұл ұғым - шаттық пен сәттіліктің, шынайылық пен мәрттіктің, ар-ұят пен жақсылықтың нышаны. Ақ түстің бай символикасы Ақорданың сәулеткерлік келбетінде көрініс тапқан. Бұл, ең алдымен, оның негізгі ішкі көріністерінің колористикалық шешімі. Ең негізгі, басты түс ретінде ақ түс өзінің табиғи аппақ түсінен піл сүйегінің түсіне дейінгі көптеген реңктер түрінде кездеседі.

Алтын, көк және жасыл түстер қосымша колористикалық жүк арқалап тұр. [15. 7-18]

Резиденцияның барлық залдарында ерекше ішкі жасаулар, аспалы шамдар және жиһаздар бар. Едендер мәрмәрдің, граниттің және көркем паркеттің алуан түрімен апталған.

Бірінші қабатта көлемі 1 800 шаршы метр Орталық салтанатты холл орналасқан. Ол құрметті қарауылдың қатысуымен өтетін ресми қабылдауларға арналған. Холдың ортасына зәулім күмбезді хрусталь аспалы шам ілінген.

Сонымен қатар, бірінші қабатта Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдаулар өткізуге арналған Салтанат залы, Мемлекет басшысының БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы және кездесулер өтетін зал, сондай-ақ Қысқы бақ орналасқан.

Екінші қабатта қызметтік бөлмелер бар.

Үшінші қабатта мынадай залдар орналасқан:

- Шығыс залы киіз үй түріне орайластырылып, мәрмәр мен гранитпен безендірілген.

- Мәрмәр залы Қазақстан Республикасының Президенті мен шетел мемлекет және үкімет басшыларының ресми сапарлары мен саммиттерінің барысында құжаттарға қол қоюға арналған. Осы залда Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттер елшілеріне сенім грамоталарын тапсыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен және құрметті атақтарымен марапаттау рәсімдері өтеді.

- Алтын зал Қазақстан Республикасы Президентінің шетелдердің мемлекет және үкімет басшыларымен шағын құрамда келіссөздері мен кездесулері, Мемлекет басшысының шетелдік делегациялармен, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттер елшілерімен кездесулері мен әңгімелесулерін өткізуге арналған.

- Доғал зал Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегациялармен келіссөздер және Мемлекет басшысының шетелдік делегациялармен, шетелдік іскер топтар өкілдерімен кездесулері мен әңгімелесулері үшін пайдаланылады.

- Қонақ бөлме Қазақстан Президентінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін шет мемлекеттер елшілерімен әңгімелесуіне арналған.

- Кеңейтілген келіссөздер залы Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегацияларымен келіссөздер өткізуіне арналған.

- Қауіпсіздік кеңесінің залы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізуге арналған.

Төртінші қабатта мынадай залдар орналасқан:

- Күмбезді зал Мемлекет басшысының жоғары деңгейдегі кеңестер, Қазақстан Президентінің министрліктер мен ведомстволар, партиялар, қозғалыстар мен елдің шығармашылық өкілдерімен кеңестер, Қазақтан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын өткізу үшін пайдаланылады. [17. 15-33]

- Отырыс залы Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметпен, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кеңестер, сондай-ақ Мемлекет басшысының республиканың іскер топтар өкілдерімен кездесулерін өткізуге арналған.

- Келіссөздер залы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының, ҚР Президенті көмекшісінің шетелдік делегациялармен, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттер елшілерімен, шетелдік іскерлік топтар өкілдерімен кездесулері мен әңгімелесулері үшін пайдаланылады.

- Кітапханада кітаптардың бірегей коллекциясы жинақталған.

Астыңғы қабаттарда түрлі техникалық қызметтер, гараж, асүй мен асхана орналасқан.

Жалпы, Ақорданың ішкі сәулеті мен безендірілуі Қазақстанның заманауи мемлекеттік стилін көрсетеді. Бұл стильдің негізі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қаланған және бүгін де өзінің негізгі бағыттары - мемлекеттік символикада, билік белгілерінде, ресми униформаның пішімінде, ұлттық валютада сақталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы біздің еліміздің ең маңызды және танымал символдарының бірі мәртебесін иеленген.

1. 3. Кемеңгер немесе елбасы туралы тебіреніс

Н. Назарбаев - түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары - еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы.

Әлжан ана перзент көрмей, құрсақ көтермей, аяғы жеткен жердегі әулиелерді аралап, ақыры Райымбек батырдың басына кеп түнеген түні түс көреді . . . Түсінде ен далада жүріп келеді екен. Жүріп келеді, жүріп келеді, ақыры көз ұшында сағымданып көрінген бір теңізге келіп жетеді. Теңіздің түбіне түседі, жүре береді. Жүре береді, бір кезде теңіздің түбінде көлденең жарқырап жатқан ұзын мылтықты көреді. Мылтықты көтеріп алып, иығына салып, сол күйі теңізді кешіп отырып, арғы бетіне шығады . . .

Осы көрген түсін Әлжан ана ауылдағы абысын-ажындарына айтып береді. Олар Әлжан ананың түсін жақсылыққа жориды: “Құрсақты болады екенсің, шекесі торсықтай ұл табады екенсің, өмірі күреспен өтеді екен”, - дейді. Алла анамыздың тілегін беріп, тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, дүниеге болашақ Президентті әкеледі.

Айтса айтқандай, ес жиып, етек жапқаннан бері Нұрсұлтанның өмірі ел үшін, болашақ үшін күреспен өтіп келеді.

Н. Назарбаев жауапкершілікті мойнына алып, ел үмітін арқалаған кезде, Қазақ Советтік Социалистік Республикасы дейтұғын елде тұратын азаматтардың ішіндегі ең бейшарасы, ең сорлысы қазақтар болатын. “Қазақпын” деп те, “Менің ана тілім - қазақ тілі” деп те айта алмайтынбыз, айтқызбайтын. Мың қазақ отырып, арамызда жалғыз орыс болса бәріміз орысша сөйлейтінбіз. Тіл де, дін де, тарих та, мәдениет те, салт-дәстүр де, әдет-ғұрып та, ата жолы да - бәрі де мансұқ болды. Мәскеуден келгендердің ығына жығылдық. Сөзін сөйлеп, жағынуға тырыстық. Қатыгездік, бірін-бірі сыйламастық, жанкештілік, самарқаулық, жалқаулық, немқұрайдылық етек алды. Елдің еңсесі түсті. Өтірік күлді, жалған сөйледі. [4. 5-41]

Енді, құдайға шүкір, сан ұрпақ аңсаған, мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік - ел болдық. Тәуелсіздік алған жылдары мемлекет өзінен өзі орнай салғандай, өзінен өзі дами беретіндей дауры­ғысып, қалпағымызды аспанға лақтырып, қуаныстық. Есі шыққан ел не істерін білмей шеруге де шықты. Қайсыбірі сол шеруге не үшін шыққандарын да білмеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару ғылымы. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері
Тәуелсіздік - мәңгілік еліміздің тұғыры
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері
Спорт базалары
Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Мемлекетті басқару нысанының ерекшеліктері
Қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптау
Мұғалім атқаратын қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz