Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет жүйесі


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы
Бітіру жұмысы
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІ
Орындаған,
4 курс студенті А. М. Мамырова
Ғылыми жетекші,
п. ғ. к., доц. А. Б. Айтбаева
Рецензент ,
п. ғ. к., доц. Ә. Б. Елкеева
Норма бақылаушы,
жалпы және этникалық
педагогика
кафедрасының оқытушысы
Қорғауға жіберілді
“” 2006 ж
жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының меңгерушісі
п. ғ. д., проф. З. А. Исаева
Алматы, 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүйесінің қазіргі күнгі жағдайы. . 7
1. 2. Реабилитациялық мекемелердегі мүгедек балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктері 21
II МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН
ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
2. 1. Әлеуметтік педагогтың реабилитациялық мекемелердегі қызметінің құрылымы мен мазмұны . . . 26
2. 2. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясы . . . 31
2. 3. Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қолдау саясаты. . 38
ҚОРЫТЫНДЫ 48
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР 51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 54
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Педагогика ғылымындағы - әлеуметтік педагогика саласы, тәрбиелеу және білім беру саласы процесстеріндегі адамның қоғамдық өмірге, қоғамдық қатынастар жүйесіне араласу құбылыстарын зерттейді, яғни әлеметтік педагогика тұлғаның, әлеуметтік топтардың және қоғамның бір-бірімен әрекеттесу процессімен байланысты тәрбиелік аспектілер мен құбылыстарды қарастырады. Қазақстанда бұл мамандық 90-шы жылдардан бастап, жоғарғы кәсіби білімдер қатарына кіргізілді және осы мамандыққа арнайы кадрлар даярлана бастады. Бірақ, әрине, педагогика ғылымының бұл саласының, әлемнің басқа мемлекеттеріндегідей терең және ертеден келе жатқан дәстүрлері бар. Тек, бұл даму мемлекетіміздің тарихы сияқты, сан қилы қиындықтар мен жетістіктерге толы болды. Әлеуметтік педагогиканың жаңа кәсіби сфера болып қалыптасуы, дәл осы қиындықтармен шартталып отыр, өйткені бұл сфера өзіне тек әлеуметтік-педагогикалық мекемелер мен қызмет орталықтарын кіргізіп қана қоймай, оларды басқару органдарын, мамандарды даярлау жүйесін, сонымен қатар әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ғылыми зерттеу базасын кіргізеді.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметті барлық адамдар қажет етеді, дегенмен олардың ішінде адамға отбасында және мектепте алынған көмек көбірек әсерін тигізеді. Өсе келе адам бір мезгілде әлеуметтік-педагогикалық қызметтің объектісі де субъектісі ретінде бола отырып, өзіне деген сол көмекті жүзеге асыра бастайды. Алайда әлеуметтену процесінде туындаған қиыншылықтарға адамның өзінің шамасы жетпейтін жағдайлар пйда болады, осы кезде әлеуметтік-педагогикалық көмекті мемелекеттік және қоғамдық ұйымдар жүзеге асыра бастайды.
Әлеуметтену процесінің анықтаушы факторы - қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады: адам қалыптасқан, оған ықпал ететін құндылықтар және жүріс-тұрыс нормалар жүйесінде туылады, бұл жүйеде, оның өмір сүру әрекетінің қызметін, нақты бір қоғамдағы қалыптасып дамуын- тәрбие және білімге деген талаптар анықтайды. Сонымен адамның тұлға ретіндегі мәні, оның тұлғалық дамуына бағыт беретін және анықтайтын, қоғамдық қатынастар жүйесінен тұрады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік педагогикалық оңалту (реабилитация) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі. Қазіргі таңда Қазақстандағы әлеуметтік педагогика саласының ең бір кенже қалған, баяу дамушы саласының бірі - ол мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс. Ресейде бұл тақырыпты А. В. Мудрик, Ю. В. Василькова, Р. В. Овчарова, В. А. Никитин, М. А. Галагузова, Т. Р. Певзнер, Я. К. Бородулина сияқты ғалымдар педагогиканың осы саласында бірқатар еңбектер жазып, бұл қазіргі таңда өте үлкен мәселе екенін атап көрсеткен. Отандық ғалымдардың ішінен Сулейменова Р. А., Халықова Б. С., Ниязбекова, Колумбаева Ш. т. б. ғалымдар осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған. Педагогика ғылымының бұл дамушы саласының зерттеу объектісі мен пәнінің нақты анықталмағандығын, негізгі ұғымдарының әлі де болса дискуссиялық екенін, болашақта шешімін табуды қажет ететін сұрақтарының өте көптігін айта кеткен жөн деп білеміз.
Қазақстанда халыққа әлеуметтік-педагогикалық шаралары үкімет тарапынан соңғы кездері ғана қолға алынуда. Коррекциялық көмек көрсететін реабилитациялық мекемелердің аздығы, онда мамандардың жетіспеушілігі, Қазақстандағы барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтылмағандығы бүгінгі күндері шешімін таппай жүрген мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бағыттарын анықтап, шешімін табу жолдарын іздестіру және нәтижелерді тәжірибеде іске асыру тақырыбымыздың көкейкестілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер қазіргі заманға сай мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау жүйесінің тиімді жолдары жасалып, анықталса, онда мүгедек балалармен жүргізілетін жұмыс нәтижелері жақсара түсер еді.
Зерттеу жұмысының нысаны.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық мекемелердегі жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүйесі.
Зерттеу жұмысының пәні: Реабилитациялық мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізетін әлеуметтік педагогтың қызметі.
Педагогикалық мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу, дамыту, әлеуметтендірудің, көмек көрсетудің бағыттарын анықтау, тиімді жолдарын іздестіру.
Зерттеу жұмысының міндеті: Мүмкіндігі шектеулі балаларға араналған реабилитациялық мекемелердегі тәрбиелік, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын анықтау, жүйелеу; осы мекемелердегі әлеуметтік педагог қызметін айқындау.
РЕФЕРАТ
Қорғауға ұсынылып отырған бітіру жұмысымның кұрылымы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмысты жүйелі түрде баяндау мақсатында тақырыптың зерттеу деңгейін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты еңбектер жазған ғалымдарының зерттеулері, негізгі нормативтік құқықтық актілер, халықаралық стандарттар мен нормалар, мерізімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қарастырылған.
Жұмыстың негізгі бөлімі екі тараудан тұрады. Бірінші тараудың бірінші бөлімінде, мүмкіндіктері шектеулі балалармен мәселенің зеттелу деңгейі туралы жұмыстың сипаттамасы, екінші бөлімде мүмкіндіктері шектеулі балаларға қатысты жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыс ерекшеліктері қарастырылған.
Ал екінші бөлімі үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда әлеуметтік педагогтың реабилитациялық мекемелердегі қызмет жүйесінің мазмұны, екінші бөлімде мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясы, үшінші тарауда Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қолдау саясаты қарастырылған.
Жалпы жұмысты жазу барысында, мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мәселелерінің маңызды тұстары баяндалып, кейбір өзекті жағдайлар көрсетілген.
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды зерттеудің теориялық негіздерін ашу;
- мүмкіндіктері шектеулі балалар және олардың сипаттамасы; олармен жүргізілетін әлеуметтік- педагогикалық жұмыстар жүйесі;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясатын қарастыру.
Жаңашылдығы: Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын түтас құжаттар, заңдар қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің" стандартты ережесінің аясында анықтау.
Тәжірибелік маңыздылығы: Үкіметтің әлеуметтік-педагогикалық мәселесін шешуге, мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосу.
Зерттеу әдістемесі: Себеп - салдарын анықтау, талдау, тарихи, логикалық және т. б. әдістемелер.
Күтілетін нәтижелер: Теориялық тұжырымдамалар, адамдардың жеке басын дамыту факторы ретінде дәлелденуі.
Зерттеліну дәрежесі: Шетел социологтарының ішінде зерттеуге үлес қосқан Паула Пиетила, Топиас Кенккеля және т. б. көптеген ғалымдар.
Ресейлік ғылыми зерттеулері үлкен қызығушылық тудыртады:
Дементьева Н. Ф., Шаталова Е. Ю., Соболь А. Я., Повленко П. Д. және т. б. көптеген ғалымдар.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың проблемасына қатысты Қазақстандық қоғамдық ұйымдардың үлесі өте зор. Ал осы мәселе төңірегінде ой - пікірлер айтып жүрген Межибовская И. В., Аманбаев А. А., Калтаева Л. М., Медиев К., Иманалиев К. И., Думбаев А., және т. б.
І МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүйесінің қазіргі күнгі жағдайы
Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік беру мақсатында бейімдеуі қажет.
1989 ж. БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық және салауатты өмір сүруі үшін олардың құқықтары бекітілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі балалардың жақсы дем алуы, білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т. б. үшін ақысыз көмек алуы (ата - анасының, жақын, қамқорын адамдардың финансттық ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге асырылады.
1971 жылы БҰҰ бас Ассамблеясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс - әрекетпен айналысу, мүмкіндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуде және қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.
Мүгедек - балалар үшін үлкен маңызға не талап бойынша, мүмкіндігіне ойлау мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында, немесе қабылдап алған ата - анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады. Мұндай отбасы мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс.
БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы халықаралық пактінде әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне жетуге құқығы атап көрсетілген.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі" болып табылады.
1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады [1] .
Ана мен баланы қорғау, отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар мен жеткіншектерге тән ауруларды емдеуді т. б. финанстық инвестициялау бөлу статистикасы төмендетіп қана қоймай, көп жылдар бойы денсаулығынан айрылып, аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді қысқартады.
Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, аурусыз, қыйналусыз өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырады.
Мүгедектік балалардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму мен өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімделе алмауға болашақта, өз мінезін бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен аралсуын, оқуын, еңбек етуін тежеуге алып келеді.
Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз - отбасы, үй - интернат түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды.
Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т. б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедек балаларға көмектесу технологиясы - үлкендер мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әлеуметтік - экологиялық моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай қарауларынан да болды.Мысалы: Церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы бейімдеу техникаларын қалдыру, жаттығу жасату, емдеу т. б. көрсетілмесе ол қозғалуға да мүмкіндігі төмендейді. Адамның араласқысы келмеуі, кішкене кездерінен бастап олардың дағдылану қабілеттерін төмендетіп, интеллектуалдық дамуын тежеуі мүмкін.
Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Бірақ балаға қатысты отбасы мүшелері кейде қатыгездік көрсетулері мүмкін. Өйткені, отбасының финанстың қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл - күйлеріндегі қиналыстарды балаға көрсетулері (мүгедек балаға) мүмкін.
Әрбір отбасының құрылымы мен қызметі уақыт барысында өзгеріске ұшырап, отбасының қарым - қатынастық тәсілдеріне әсер етіп отырады [3] .
Отбасының өмірлік циклі түрлі даму деңгейлерінен тұрады:
Неке құру, бала туу, олардың мектептегі кезеңі, жеткіншектік кезең, үйден кету кезеңі, ересектік кезең, қартаю т. б.
Мүгедек балалары бар отбасылары, олардың даму кезеңдеріндегі өзгешеліктерге дайын болулары тиіс.
Мысалы: мүгедек - баласы бар отбасының өмірлік циклі:
- бала туу - балада патология бар екендігі туралы хабар алу, эмоцианалдық дағдылану, отбасының басқа мүшелерін хабардар ету;
- мектептегі кезең - баланың оқу түрі туралы шешім қабылдау, құрдастар тобының әсерін уайымдау, оның оқуын ұйымдастыру және оқудан тыс әрекетін ұйымдастыру;
- жеткіншектік кезең - баланың ауруының ұдайлық табиғатына дағдылану, сексуалдық мәселелердің пайда болуына байланысты мәселелер, құрдастардың оны жақындасуы (олар тарапынан), баланың болашақ өмірін жоспарлау;
- "бітіру, шығару" кезеңі - отбасылық жауапкершіліктің жалғауына дағдылану, есейген баланың тұратын жері туралы шешім қабылдау, әлеуметтену мүмкіндігінің шектеулілігіне (мүгедек баланың) отбасы мүшелерінің қайғыруы;
- ата - аналардан кейінгі кезең - ерлі - зайыптылардың өзара қарым - қатынасының қайтадан құрылуы (мысалы: егер бала отбасынан шыққан соң дұрыс жерге орналастырылса) және баланың тұрғылықты жеріндегі мамандармен өзара қарым - қатынас жасау [2] .
Тарихи тұрғыдан "мүгедектілік" және "мүгедек» түсініктері "еңбекке жарамсыз» және "ауру" түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы "мүгедектікті", шартты мойындамай, оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған орай дәрігерлік еңбектік сараптамалық комиссияның басты міндеті, кәуаландырып отырған адам қандай кәсіби қызметті атқара алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда биологиялық негізде анықтау болған, әлеуметтік - биологиялық критерий; алынбаған. «Мүгедек» түсінігі «жазылмайтын ауру» түсінігіне теңдестірілген. Сонымен, құқықтың аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның әлеуметтік рөлі екінші орынға ығыстырылған, және де мүгедек түсінігі, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан мүлде қарастырылмаған [3] .
Қазіргі кезде мүгедек, өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің салдарынан ауруынан организм функцияларының қатты бүлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынады. Мүгедектілік, халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік жетілгендігін, экономикалық толыққанды жағдайын, адамгершілік ондылығын көрсетеді және мүгедек - адам мен қоғамның өзара іс - әрекетінің бұзылуын сипаттайды.
Жалпы, таңдаудың шектеулі екендігі жағдайындағы адам қызметінің проблемасы ретінде қаралатын мүгедектіліктің бірнеше негіздегі аспектілері бар: құқықтық; әлеуметтік - орталы; психологиялық; қоғамдық-идеологиялық; өндірістік - экономикалық, анатомиялы - функционалдық; медициналы - әлеуметтік; басқарушылық.
Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект
Құқықтық аспект; мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқығын, еркіндігін және міндеттерін қамтамасыз етуді білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік қорғалымдығы туралы заңға қол қойған. Осы арқылы қоғамымыздағы ерекше әлсіз бөлігіне әлеуметтік қорғау кепілдемесі берілген.
Заңның негізін құрайтын үш принципалдық ережені айтып өту керек:
- Бірінші - бұл мүгедек балаларға, білім алу үшін белгілі бір жағдайларға ерекше құқықтың болуы; қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуі; арнайы тұрғын - үй жағдайларына; жеке үй құрылысына, қосалқы шаруашылық және саяжай шаруашылығын жүргізуге жер учаскелерін бірінші кезекте алулары, және тағы басқа. Мысалы, тұратын жерлер қазір денсаулығын және басқа да жағдайларын есепке ала отырып, мүгедек - балалары бар жанұяларға, мүгедектерге берілетін болады. Мүгедектер, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген аурулар тізіміне сәйкес, жеке бөлме түрінде қосымша тұратын жер алуға құқылары бар. Ол артық деп саналмайды және де бір реттік мөлшердегі төлеммен төленеді. Тағы бір мысал, мүгедектерді жұмыспен қамту үшін ерекше жағдайлар енгізілуде. Меншік формасына байланыссыз 30 адамнан көп жұмысшысы бар кәсіпорын, мекеме, ұйымдар үшін мүгедектерді жұмысқа қабылдауына квота белгіленеді - жұмысшылардың орташа тізімді санына пайыз, ретінде (бірақ үш пайыздан кем емес) ;
- Екінші бір маңызды ереже - бұл мүгедектердің, өмір қызметіне, мәртебесіне және т. б. қатысты шешім қабылданатын барлық процестерге белсенді қатысушы болуға құқықтары. Бұл норманы бұзып қабылданған шешімдер соттық тәртіпте жарамсыз деп танылады;
- Үшінші ереже, арнайы мемлекеттік қызметтерді құруды білдіреді; медициналы - әлеуметтік экспертиза және реабилитация. Олар мүгедектердің тәуелсіз өмір қызметін қамтамасыз ететін жүйені құрады. Сонымен қатар, медициналы - әлеуметтік экспертиза мемлекеттік қызметіне жүктелген функциялардың арасында - мүгедектердің әлеуметтік қорғаудың әр түріне деген қажеттілігін анықтау; кәсіби ауру алған тұлғалардың кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтуының дәрежесін анықтау; халықтың мүгедектілік деңгейін және себептерін анықтау және т. б.
Заң, мүгедек балалар проблемасын шешудің негізгі бағыттарына ерекше назар салады. Атап айтқанда, онда мүгедектердің ақпараттық қамтамасыз етілулері, өмір қызметінің кедергісі жоқ ортасын құрудағы қажеттіліктері туралы айтылған. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесінің өнеркәсіптік базасы ретіндегі реабилитациялыық индустрияны құру, мүгедектердің еңбегі мен тұрмысын жеңілдететін арнайы құралдардың өндірісін, сәйкесінше реабилитациялық қызметтерді беруді және де оларды ішінара жұмыспен қамтуды білдіреді. Заңда медициналық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар мүгедектердің көп профильді реабилитациясы бар кешенді жүйесін құру жайында айтылған. Сондай - ақ мүгедектермен жұмыс істейтін кәсіби кадрларды дайындау, оның ішінде мүгедектердің өз ішінен дайындау проблемасы да қозғалады [4] .
Әлеуметтік - орталы аспект
Әлеуметтік - орталыға, микроәлеуметтік ортамен (жанұя, еңбек ұжымы, үй - жай, жұмыс орны және т. б. ) және макроәлеуметтік айналамен (қалақұрушы және ақпараттық орталар, әлеуметтік топтар, еңбек рыногы және т. б. ) байланысты мәселелер кіреді.
Әлеуметтік жұмысшылар қызмет көрсететін "объектілердің « ерекше категориясын мүгедек адамы бар, болмаса сыртқы көмекті қажет ететін қарт адамы бар жанұялар құрайды. Ондай жанұя бұл кезде микроорта т. б. Ресейлік ғалымдар жүргізген арнайы зерттеу бойынша /1/ еңбекке жарамсыз жанұя мүшелері бар 200 отбасының әлеуметтік қызмет көрсетуді тиімдірек ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы мүгедектіліктің себептерін білуі қажет, олар:
84, 8% - жалпы аурулар,
6, 3% - соғыста болғандар (соғыс мүгедегі),
6, 3 % - бала жастан мүгедектер. Мүгедектің қандай да бір топқа жатуы жеңілдіктер мен ерекшеліктерге байланысты. Әлеуметтік жұмысшының басты міндеті осы жөнінде толық мәлімет ала отырып, әрекет етуші заңға сәйкес жеңілдіктердің жасалуына ат салысу болып табылады. Мүгедек адам немесе қарт адамы бар жанұямен жұмысты ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы осы жанұяның әлеуметтік жайын, оның құрылымын (толық, толық емес) анықтауы өте маңызды. Бұл факторлардың болуы сөзсіз, онымен, жанұямен жұмыс әдістемесі және де жанұяның әр түрлі сипаттағы қажеттілігі байланысты. Зерттеу барысында 45, 5% - толық, 28, 5% - толық емес (әдетте анасы мен балалары) жанұялар, 26% - жалғызбастылар, онда да әйелдер жағы басым болған (84, 6%) . Айта кететін бір жайт, ұйымдастырушы делдал, атқарушы ретінде әлеуметтік жұмысшының (қызметкердің) рөлі жоғарыдағы жанұялар үшін мына салаларда маңызды; моральды - психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік - тұрмыстық қамтамасыз ету. Моральды - психологиялық қолдауды бағалаған кезде барлық жанұялар үшін келесілер ең өзекті болып табылған; әлеуметтік қамтамасыздандыру органдарымен байланысты ұйымдастыру (71, 5%), қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату (17%) және еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыру (17%) . Толық жанұялардың ішінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарымен байланыты ұйымдастыруға 60, 4%, толық емес жанұялардан - 84, 2% жалғыз бастылардан - 76, 9% мұқтаж екен. Қоғамдық ұйымдармен байланысты орнатуға сәйкесінше - 27, 5%, 12, 3%, 3, 8% жанұялар ұмтылады екен. Еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыруға 19, 8% толық жанұялар, 5, 9% толық емес және 26, 9% жалғызбастылар мұқтаж болады. Бұл жағдай, мүгедектердің өздеріне көрсетілетін жеңілдіктер туралы толық хабардар болмауымен түсіндірілуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz