Қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқытық жағдайы


Реферат
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқытық жағдайы: олардың қаржылық саясатты жүргізудегі рөлі және құзіреттері болып табылады. Мемлекеттік басқарудың ең оңай тәсілі (жолы) қаржылармен басқару болып табылады. Бірақ талмыш қаржылар қалай, қайдан пайда болып қалыптасады. Әрине қаржылық қызмет арқылы, ал қаржылық қызмет Мемлекетті басқаруды, қаржылық саясатты жүзеге асыратын Мемлекеттің Механизмі (Аппараты) арқылы атқарылады. Қаржылық қызмет ақша қаражаттардың мемлекет қазынасына жұмылдырылуына және бұл қаржылармен Мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдарды ақшалай қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржылардың ұтымды, тиімді нысаналы функциясына бағытталады. Қаржылық саясат Осы аталған жоғарыдағы функцияларды қамти отыра Еліміздің Әлеуметтік экономикалық бәсекеге қабілетті 50 дамыған мемлекеттер ішінен орын алуымызға арқау болады. Бұл межеге еліміздің потенциялды байлығы жетеді және оған жетудің стратегиясы мен тактиканы дұрыс жолға қойылу керек, сондай-ақ оның нобайын Президент айқындап та берді. Аталған жетістіктерге жетудің басты критерийі Ұлттық байлық болып табылады.
Бірақ біз бірінші орынға мұнай, газ, көмір, уран тағы басқа қазба байлықтарды емес, Мемлекеттік басқаруды, оның ішінде қаржылар саласындағы басқару бірінші орында тұруы тиіс. Неге, өйткені Бюджет түсімдерінің дәлме-дәл уақытылы, толық жиналуына және оны пайдалануда, бақылауда, шешуші рөл атқарады. Мемлекеттің байлығы және соны Халыққа қайтару биліктің қолында.
Дипломдық жұмыстың объектісіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқарудың мән жайлары, соның ішінде қаржы саласындағы жалпы басқаруды жүзеге асыратын және ерекше арнайы басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктері және экономикалық қаржылық басқарудың негізгі құқықтық әдістері мен нысандары, сондай-ақ конститутциялық, әкімшілік, қаржылық және банкілік құқық пен мемлекеттік басқарудың тероиясының басты жағдайларын қамту мәселелері жатады.
Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасып, нарық талаптары мен қоғам мүдделерін есепке ала отырып Мемлекеттік басқарудың идеяларын, механизмдерін көрсету, дипломдық жұмыстың пәні болып табылады.
Теориялық мәнділігі бойынша Әкімшілік құқық, қаржылық құқық және Мемлекеттік Басқарудың теорияларының мәнді жағдайларын қарастыру болып табылады.
Практикалық мәнділігі бойынша - Қаржы саласындағы Мемлекеттік Басқарудың құқықтық базасы ретінде әкімшілік және Қаржылық заңдарды қалыптастыру қажет болуда.
Қарыжлар саласындағы Мемлекеттік Басқару құқықтық ілім тұрғысынан зерттеп, зерделеуді қажет ететін өзекті мәселе болғандықтан, алдыма қойған мақсат мына келесідей болып келеді:
Біріншіден осы мәселені зерттеп және оны әкімшілік құқықтың институты ретіндегі мәні мен маңызын және құқықтық жағдайларын қарастыру; Екіншіден, нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан қаржылық қызметтің Мемлекеттік басқарушы қызметінің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан қарастыру; Үшіншіден, қаржылар саласындағы Мемлекеттік Басқаруды жүзеге асыратын органдар қатарында өкілді органдар бар екенін, сондықтан бұл жерде басқару кең мағынада түсіндірілетінін айқындау, дәлелдеу.
1. Мемлекеттік Басқару және атқарушы билік органдарының қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізінде, жаңаша бағытта жүзеге асырылады.
2. Қаржы саласындағы Мемлекеттік Басқару процесінде әкімшілік қатынастар туындайды, ал мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында қаржылық қатынастар туындайды.
3. Әкімшілік және қаржылық қатынастар тек құқықтық нысанда, яғни әкімшілік және қаржылық құқықтық қатынастар ретінде болады дегенге негізделеді.
4. Нарықтық экономика жағдайында Мемлекеттік Басқару мен атқару билік қызметінің маңыздын анықтау болып табылады.
5. Қаржы түсінігіне, Мемлекеттің қаржы жүйесімен қаржы қызметіне аса назар аударылады.
Мазмұны
Кіріспе. . 6
I-тарау. Мемлекеттік басқару: түсінігі және ерекшеліктері . . 8
- Мемлекеттік басқару: түсінігі, жалпы сипаттамасы және оның атқарушы билікпен арақатынасы . . . 8
- Мемлекеттік басқару органдары: түсінігі, жүйесі және құқықтық жағдайлары . . . 13
II-тарау. Қазақстан Республикасында қаржылар саласындағы
Мемлекеттік басқару. . 17
2. 1. Қаржылар, қаржы жүйесі және Мемлекеттің қаржылық қызметі…. 17
- Қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы: олардың қаржылық саясатты жүргізудегі ролі және құзіреттері. 25
- Еліміздің қаржы саласындағы мемлекеттік басқару мәселелер . . . 57
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық
актілер тізімі . . . 63
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, Мемлекет тарапынан оларды реттеу, басқару механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. [1. 4 б]
Қаржылар Мемлекеттің өсін дамытуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсін дамытуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқаратын рөлі өте зор екені баршамызға аян.
Қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар қаржылық қатынастарды мемлекеттің атынан басқаруды жүзеге асырады, яғни қаржы саласын мемлекеттік басқару болып табылады.
Мемлекеттік басқару өз бетінше жүзеге аспайды. Ол тиісті мемлекеттік органдармен, оның субъектілерімен нақты әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бұл аталған жағдай мемлекеттік билікпен атқару органдарының да қызметіне тән жағдай, қаржы саласындағы мемлекеттік басқару органы - атқару органы болып табылады. [2. 55 б]
Басқару субъектісінің басқаруды жүзеге асыруы үшін тиісті өкілеттілігі билігі болады. Яғни басқарылушының жүріс-тұрысын өз еркіне бағындыра алатын қабілеті болады.
Мемлекеттік Басқару жүйелі қоғамдық құбылыс болып табылады және оның болмысы субъективтік фактор шегінде, адамдардың өзара іс-әрекетінің ауқымында көрініс табады. Мемлекеттік Басқару, адамдардың зияткерлік және практикалық қызметінің аса жауапты, әрі күрделі аясы ретінде сол адамдардың қоғам өмірінің әр түрлі салаларынан арнаулы құрылған құрылымдар арқылы немесе тікелей тигізетін мақсаты - бағдарлы ұйымдастырушы немесе реттеуші ықпалы болып саналады. Сонымен қатар Мемлекеттік Басқаруды жүзеге асыру кезінде зияткерлік жұмыстар осы басқару жөнінде жинақталған белгілі бір тәжірибелерді ескере және есепке ала отырып жүргізіледі.
Сонымен қатар Мемлекеттік Басқару мемлекеттік қаржы, валюта, ақша кредит саясатын, оның ішінде монетарлық саясатты жүргізудің тиімді құралы ретінде танылғанд-ан және түбегейлі реформаларға байланысты өзекті проблемалары мен мәселелері көп мемлекеттік қызмет болғандықтан, сондай-ақ мемлекет пен қоғам мүдделері тұрғысынан алғандағы қажеттілігіне байланысты қазіргі кезде алдыңғы қатарға шығып отыр. ҚР-ң Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан 2003” - Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әлауқатын артыуы жөнінде қазақстан халқына жолдауында: “Экономиканы ілгерілету мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальді және монетарлық қатаң шектеулер жағдайлардағы өсу мен күшті әлеуметтік, саясатқа аударамыз” деген болатын. [3. 52 б]
К. Маркс былай жазған болатын: “Жеке скрипкашы өзі скрипканы тарта алады, ал оркестр дирежерсіз ойнай алмайды”. Бұдан туындайтын қорытынды қоғам өз еркінше өмір сүре алмайды, міндетті түрде басқаруды қажет етеді. Яғни адамзат, қоғам, мемлекет, ұжым, ұйым барлығы дерлік басқарусыз болуы мүмкін емес.
Басқару адам қоғамының барлық аясында, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Қаржыны басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі - бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті процессінің түркілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы мемлекеттік аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
I-тарау.
Мемлекеттік басқару: түсінігі мен ерекшеліктері.
1. Мемлекеттік басқару: түсінігі, жалпы сипаттамасы және оның атқару билігімен арақатынасы.
Басқару көне заманнан адамдар пайда болған кезден бастап белгілі. Қандай да болмасын алға қойған жалпы мақсатқа жету жолында 2 адам біріксе, соның біреуіне мәселені шешу міндеті жүктелетін болған, яғни бұл жағдайда ол басқарушыға айналса, ал екінші адам оған бағынышты басқарушыға айналған.
Осындай мәселе төңірегінде, яғни мәселелерді шешу жөнінде алғаш қадам жасаған ежелгі (көне) египеттіктер (мысырлықтар) болған.
Осыдан алты мың жыл бұрын мысырлықтар адамдардың іс қимылдарын белгіленген бір мақсатты бағытта ұйымдастыру, оны жоспарлау және сол ұйымдасқан әрекеттердің нәтижелеріне бақылау жүргізу қажет деп тапқан, сондай-ақ басқаруды орталықтан алу жөніндегі мәселені бірінші кезекке қойған болатын. [4. 9 б]
Сол кездегі мысырлықтардың көршісі Вавилон да қалыспаған. Вавилон патшасы Хаммураппи басқаруды ұйымдастырып басқару ісін жетілдіру мақсатында қыштан жасалған табличкалардан тұратын басқару және бақылау жөнінде жазбаша құжаттарды қолданған, сонымен қатар ол лауазымды адамдардың өз жауапкершіліктерін бағынышты адамдарға жүктеуге тиым салған және жалақы мөлшерін заң жүзінде белгіленген.
Басқару іліміне (теориясына) антика дәуірінде де белгілі жетістіктер енгізілген болатын. Б. э. д. 400 жылы грек ғалымы Сократ басқарудың универсалды принциптерін қалыптастырған. Онымен бірге өмір сүрген замандасы персия падишахы Кир адамдардың бірігіп (жұмыс) әрекеттенулерінің қажеттілігі жөнінде идеяны алға қойды және басқару ақпараттарын өңдеу, жоспар жасау мәселелерін қарастырды. Сәл кейінірек Грекияда оқымысты Платон мамандандыру қағидаларын қалыптастырды. Сондай-ақ мемлекетте еңбектену әрекеттерін орындау тәсілдерін зерделеумен айналысқан болатын.
Біздің эрамызға дейінгі 325 жылы Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) алғаш рет әскери соғыс қимылдарын басқару орталығы ретінде штаб құрған еді.
1911 жылы амермкандық инженер Тейлор Ф. “Ғылыми басқарудың принциптері” атты кітабы жарық көрді. 1920 жылы Гастев А. К. басқаруды жетілдіру жөніндегі концепцияларды алға қойды. Басқару іліміне айтарлықтай үлес қосқан басқару мектебінің классиктері ретінде Тейлор, Гильберт, Файоль және басқаларды атауға болады. Бұл оқымысты басқарушылардың алға қойған мақсаты басқарудың әмбебап қағидаттарын құру болып табылады. Француз ғалымы Анри Файоль 1923 жылы: “басқару дегеніміз болжамдау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру, бақылау” деп айтқан болатын, сондай-ақ басқарудың мынадай 14 қағидаларын дайындаған еді: 1. еңбекті бөлу; 2. өкілеттік және жауапкершілік; 3. тәртіп; 4. орталықтандыру; 5. қызметкерлерді марапаттау; 6. жеке адамның мүддесін қоғам мүддесіне бағыныштылығы; 7. біріңғай мақсатта болу; 8. дара басшылық; 9. лауазымды адамдардың дәреже-деңгейі; 10. әділеттілік; 11. қызметкерлер үшін тұрақты жұмыс орнының болуы; 12. бірлесу; 13. ретке келтіру; 14. бастамашылық.
Жоғарыда аталған оқымысты басқарушыларға қоса тағы бірнеше осы сала бойынша еңбек еткен ғалымдар туралы айтқанымыз жөн болар. Мәри Фоллет пен Элтон Мэйо адамдар арасындағы қатынастар жөніндегі мектептің авторлары болған. Дуглас МАК Грегор, Фредрих Герцберг тәртіп концепциясының, ал Норберт Винер кибернетиканың және басқаруға жүйелі түрде теориясының авторлары болған. Енді бұрынғы өзіміз өмір сүрген кеңістікте осы сала бойынша тынбай еңбек етіп айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар Алексеев С. С., Козлов Ю. М., Пискотин М. И., Тихомиров Ю. А., Лунев А. Е., Бахрах Д. Н., Лазарев Б. М., Василенков П. Т., Манохин В. М., Химичева Н. И., Додин Е. В., Атаманчук Г. В., Бесчеревных В. В., Найманбаев С. М. және тағы басқалары болды.
Осы аталған ғалымдар әр кездерде замана ғылым, мемлекет талаптарына сай басқару, атқару билігі жөнінде ғылыми еңбектер, жинақтар, монографиялар, оқулықтар жазған болатын.
Мемлекет және құқық теориясы, құқықтану саласының көрнекті ғалымы Алексеев С. С. кезінде мемлекеттік басқару жөнінде былай деп айтқан болатын: Мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі. Басқару биліктің қызмет атқаруы болып табылады. Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымдардың негізі бар екенін көреміз. Мемлекеттік басқарудың мына келесідей өзіне тән ерекшеліктері бар:
- Мемлекеттік басқару саясы сипатта болғандықтан басқару жөнінде негізгі салмақ мемлекетке түседі. Мемлекет мемлекеттік-құқықтық, техникалық-ұйымдастырушылық, кибернетикалық және басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамды басқаруды орындайды;
- Мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады;
- Мемлекеттік басқару ғылыми негізге сүйенеді.
Алексеев С. С. мемлекеттік басқару өзара тығыз байланысқан басқару сатыларынан тұратын ұдайы процесс деп айта келіп, сондай-ақ, осы аядағы органдардың басқару қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып мына төмендегідей басқару сатыларын бөліп шығарған: 1. Басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау; 2. Басқару шешімін дайындау және қабылдау; 3. Шешімді атқаруды ұйымдастыру; 4. Есептеу және бақылау. [5. 165-167 б]
Мемлекеттік құрылыс және құқық саласының белгілі ғалымы Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын берген: мемлекеттік басқару мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс-қимылдарына, олардың ұйымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтың нысанда жүзеге асыратын қызмет.
Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінің мына әрекеттер мен элементтерді қамтитынын көрсеткен:
- басқару субъектісінің ұйымдастырылуы және қызмет атқаруы;
- басқарушылар мен басқарылушы объектілердің өзара байланыстарының құрылымы, басқарушы іс-қимылдардың жиынтығы;
- мемлекеттік басқарушы ықпалдарға тікелей бағынатын қоғам жүйесінің элементтері.
Осы жүйе басқаруға байланысты әрекеттерде, қатынастарда, актілерде міндетті үш элементтің болғанын қалайды:
- басқару субъектісі немесе оның лауазымды адамы, органы;
- құрылған және жүзеге асырылатын басқарушы ықпалы;
жеке тұлғаның, кәсіпорынның, ұйымның, және мекемелердің қызметтері түріндегі ықпал ету объектісі. [6. 11-12]
Латынның “администрация” сөзі басқару деген мағынада айтылады. Басқару қоғамда адамдар өмірінің маңызды жағы ретінде көрініс табады. Себебі ол әлеуметтік сипатта болады.
Сондықтан басқаруға әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ, оның маңызы өте терең, ерікті және саналы бастамасы бар екенін байқаймыз.
Басқару субъектісінің басқаруды жүзеге асыруы үшін тиісті өкілеттігі, билігі болады. Яғни басқарушының жүріс-тұрысын өз еркіне бағындыра алатын қабілеті болады.
К. Маркс былай жазған болатын: “Жеке скрипкашы өзі скрипканы тарта алады, ал оркестр дирежерсіз ойнай алмайды”. Бұдан туындайтын қорытынды қоғам өз еркінше өмір сүре алмайды, міндетті түрде басқаруды қажет етеді. Яғни адамзат, қоғам, мемлекет, ұжым барлығы дерлік басқарусыз болуы мүмкін емес.
Ғылымда басқарудың үш түрі бар: технологиялық, биологиялық және әлеуметтік басқару.
Әлеуметтік басқару латынның “socium” - қоғам, әлеумет деген сөзін білдіреді. Демек, әлеуметтік басқару қоғамды басқару болып табылады.
Әлеуметтік басқару объектісіне адамдардың тәртібі (жүріп-тұруы) және іс-қимылдары жатады.
Осы процесте тұлғаларды басқару қамтамасыз етіледі, олардың өзара қарым-қатынастары ұйымдастырылады. Жұмыс атқару кезінде адамның жүріп-тұруы, іс-қимылы, оны еркіне, сана-сезіміне байланысты болады. Демек басқару адамдардың әртүрлі ерікте қатынастары арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтқанымыздай басқару саяси сипатта болады, сондықтан ол мемлекеттің мүдделері мен міндеттері қызмет етеді. Мемлекеттік сипаты мына жағдайлардан көрініс табады:
- басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
- басқару функцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
- осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
- оларға мемлекеттік - өктем сипаттағы қажетті өкілеттік беріледі.
Кейде барлық мемлекеттік органдардың қызметі, барлық мемлекеттік қызмет басқару деп сипатталады. Мемлекеттік ауқымындағы және мемлекет атынан жүзеге асырылатын басқарушылық функцияларының өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері мыналар:
- Мемлекеттің Конститутциясында белгіленген мемлекеттік маңызы бар басқару сипатындағы мәселелер шеңбері;
- Мемлекет аумағында басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы аппараттты, яғни мемлекеттік басқару органдарын қылаптастыру болғандықтан басқаруды кез-келген мемлекеттік орган емес, тек арнайы құралатын атқару және өкім ету органдары ғана жүзеге асырады;
- Мемлекеттік басқарудың дербес мақсаты - атқарушы қызметті жүзеге асыру, яғни заңдар мен заңға сәйкес актілердің күнделікті және басқа жағдайларда іске асырылуы болып табылады;
- Мемлекеттік басқару белгілі бір метариалдық базасында болуымен ерекшеленеді;
- Мемлекеттік басқару тек тиісті кәсіпорындар мен ұйымдары, бірлестіктерді басқару ғана емес, сонымен қатар мемлекет аумағының барлық аялары емн түркірлерінде, яғни заң талаптарына бағындыру қажеттілігі туындаған жерлерде атқарылатын қызмет болып саналады;
- Мемлекеттік басқару ұйымдастырушы қызмет болып табылады;
- Мемлекеттік басқару тармағына за заң - өктем сипаттағы қызмет болып табылады;
- Мемлекеттік басқару заңға сәйкес қызмет болып табылады. Атқару қызметтерінің бағытын, бағдарын тек заң белгілейді, яғни заң нормалары нақты жағдайларда қолданылады.
Қорыта келіп айтсақ, мемлекеттік басқару дегеніміз шаруашылық, әлеуметтік мәдени және әкімшілік саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқару процесінде заңдарды тікелей атқару жөніндегі заңға сәйкес, мемлекеттік өктем, ұйымдастырушы қызмет. Сонымен, басқару деп қоғамдағы қандай да болмасын процестерге масқсатты, ұйымдастырылған түрде ықпал ету арқылы, оларды белгіленген заңдылықтарға сәйкес келтіруде немесе сол процестерді жүйелеген, тиісті тәртіпке келтіруді айтамыз. [7. 118 б]
Мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың бір түрі болғандықтан оған толық сипаттама беру үшін оны әр тұрғыдан қарастыру қажет: 1) Мемлекеттік Басқару мемлекеттік қызметтермен арақатынасы; 2) Мемлекетік Басқарудың қоғам дамуындағы тарихи орны; 3) Мемлекеттік Басқару белгілі бір қызмет процесінің мәні.
Мемлекеттік Басқарудың түрі мемлекеттік қызмет түрлеріне бөлінетіні жөнінде, бірақ олардың түрлері мен нысандарының араласпайтыны жөнінде сөз қозғаған Лунев А. Е. болатын.
Осы әртүрлі, әр нысанадағы мемлекеттік қызметтердің көмегімен мемлекеттің барлық міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер бірнеше ұйымдастырылу және басқа да белгілері бойынша бөлінеді:
а) жүзеге асыру кезінде атқаратын рөлдеріне байланысты;
б) жүзеге асыратын органдары бойынша;
в) жүзеге асыру әдістері мен нысандарына байланысты;
г) қызметтің ауқымы бойынша.
Мемлекеттік Басқару осы қызметтердің бір түрі болып табылады және тек арнайы мамандандырылған басқару аппараты арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік Басқарудың саяси мағынасы да бар. Бұл жерде барлық мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам мемлекет атынан қызмет атқарады және оларға басқаруға қажетті белгілі бір өкіметтіктер берілген сондай-ақ оның қызметі мемлекет тарапынан қорғаныс табады. Мемлекеттік Басқаруды саяси әлеуметтік тұрғыдан қарастырсақ, онда оны барлық мемлекеттік механизмнің қызметі. Мемлекеттік Басқарудың өте маңызлы белгісі оның қызметтерініғ ұйымдастырылу сипатында болуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz