Қазақстандағы экономикалық өсу: мәні мен ерекшеліктері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Экономикалық теория кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Қазақстандағы экономикалық өсу: мәні мен ерекшеліктері
Орындаған
4 курс студені Құлтай З.
Ғылыми жетекшісі Табеев Т. П.
(қолы, күні)
Нормабақылаушы Абдилова А. Ч.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
э. ғ. д., профессор Төлегенова М. С.
(қолы, күні)
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ - МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСЫМДЫ МІНДЕТІ
1. 1 Экономикалық өсу теориясының мәні, маңыздылығы . . . 6
1. 2 Экономикалық өсу факторлары және оның сипаты . . . 13
1. 3 Экономикалық өсудің құқықтық негіздері . . . 22
2 ҚР ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАҒДАЙЫ
2. 1Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің мәселелері (проблемалары) . . . 28.
2. 2 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін
индустриялы-инновациялық саясат . . . 37
2. 3 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен
өндірілуінің тиімділігі . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
КІРІСПЕ
Ұлттық табыстың өсімін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының әрекет ету нәтижелері мен тұтынылған ресурстардың өзгерісі экономикалық өсу деп аталады. Экономикалық өсудің сипаты, нәтижелері және қарқыны тұтыну мен қор жинауға ұлттық табысты жұмсаудың ара-қатынасына тәуелді болады.
Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік түрлерін ажыратады. Энтенсивтік түрде техника мен технологияның бұрынғы деңгейінде қолданушы ресурстардың санын арттыру есебінен экономикалық өсуге қол жеткізіледі.
Интенсивтік түрі экономикалық өсуді қолданылушы ресурстардың сапасын арттыру есебінен қамтамасыз етеді, ал бұл қоғамдық өнімнің өнімділігін арттырады. Экономикалық өсудің интенситвік түрі басым болатын елдер аса жоғары экономикалық даму тиімділігіне қол жеткізеді.
Ұлттық табыс көлемінің пайыздық өсімі экономикалық өсу қарқынын анықтайды. Экономикалық өсудің жоғарғы, төменгі және нөлдік қарқынын ажыратады. Экономикалық құлдырау кезеңдеріне тән өндіріс көлемінің қысқаруы да пайызбен анықталады.
Ұлттық табыс өсімінің сапалық сипаттамасы осы өнімнің бағыттарының арақатынаымен анықталады. Бұл бағыттар төмендегілердің қанағаттандырылуын қамтамасыз етеді:
- халықтың жеке қажеттіліктерінің;
- өндіргіштік емес қажеттіліктердің;
- өндіріс құралдары өсімінің.
Экономикалық өсудің сандық және сапалық сипаттамалары өндірістік ресурстардың немесе факторлардың саны мен сапасына тәуелді болады. Сұраныс ресурстары (жиынтық сұраныс, инвестициялар) мен ұсыныс ресурстарын (табиғи ресурстар, еңбек, негізгі капитал, ғылыми-техникалық прогресс) ажыратады.
Экономикалық өсуді қамтамасыз етуде ғылыми-техникалық прогресс ерекше мәнге ие. ГТП жетістіктерін инвестиция нәтижелеріне, жаңа техника мен технологияға іске асыру өндіріс шығындарының қысөаруын, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық өсу тұрақты болмайды. Экономиканың дамуы өзінің циклдылығымен сипатталады, яғни дағдарыс деп аталатын өндірістің көтерілу және құлдырау кезеңдерінің кезектесіп орын алу. Жекелеген кәсіпорындарды немесе елдегі шаруашылық салаларын қамтитын құрылымдық дағдарысты және жалпы барлық салаларды қамтитын өнеркәсіптік дағдарысты ажыратады. Дағдарыстар ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді. Олар өндірістің құлдырауына, жұмысссыздықтың дамуына, қаржы-ақша жүйесінің бұзылуына, халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне, инвестициялық қызметтің қысқаруына алып келеді.
Ел экономикасын модернизациялау және ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету мәселесі экономикалық саясат институттары деңгейінде қаралады, ал бұл тиімді әрекет ететін нарықтық шаруашылық құру, жаңа институционалды ортаны қалыптастыру және экономикалық процестердің әлеуметтік бағыттылығын арттыру бойынша жаңа міндеттер қояды. Онсыз халықтың тұрмыс деңгейінің өсуіне кепілдік беру, әлеуметтік мәселелерді шешу, әлемдік экономикалық жүйеде өз “қуысынды” табу мүмкін емес.
Зерттеу тақырыбының ғылыми-тәжірибелік зерттелу дәрежесі.
Зерттелуші жұмыстың теориялық және тәжірибелік аспектілері У. Ф. Шарп, Ф. Дж. Фобоции, Дж. К. Ван Хорн, Дж. Хилл, М. Адельман, Д. Джонстан секілді көрнекті шетел оқымыстыларының жұмыстарына, сонымен қатар Г. Бирман, С. Шмитд, В. В. Ковалев, В. Н. Лившиц, А. Ф. Андреева, П. С. Сапожников, Э. И. Крылов, И. В. Журавков және басқалар секілді Ресей оқымыстылары мен мамандарының еңбектеріне негізделген.
Экономикалық өсудің әр түрлі аспектілерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан алдыңғы қатардағы қазақстандық оқымысты-экономистердің арасында А. А. Абишев, О. И. Егоров, У. Б. Баймұратов, Н. К. Нұрланова, В. С. Школьник, У. Шалболова, А. Д. Челекбай, М. С. Жанабилов, Е. С. Карибжанов және басқалардың еңбектерін атап өтуге болады.
Дегенмен, экономикалық өсу мәселелеріне арналған көптеген басылымдарға қарамастан, алдағы уақытта жан-жақты зерттеу мен ғылыми өңдеулер жүргізуді талап ететін сұрақтар аз емес. Сондықтан да зерттеудің жеткіліксіз теориялық өңделуі, зерттеу мәселелері мен олардың өзектілігі жұмыс тақырыбын таңдауға, оның мақсаттарын, міндеттерін және құрылу логикасын анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты экономикалық өсуді арттыру бойынша ұсыныстарды өңдеу болып табылады. Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер шешілді:
- экономикалық өсудің теориялық аспектілерін қарастыру;
- Қазақстандағы экономикалық өсуге талдау жасау;
- Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін қамтамасыз етудің құқықтық негіздеріне сипаттама беру.
Зерттеу объектісі экономикалық өсу болып табылады.
Зерттеу пәні Қазақстанда экономикалық өсуді арттыру жолдарын негіздеу болып саналады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін экономикалық өсуді арттыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша шетелдік және отандық оқымысты-экономистердің ғылыми еңбектері құрайды. Сондай-ақ, энергетика жөніндегі халықаралық ұйымдардың ресми мәліметтері, елдің мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын халықаралық трансұлттық компаниялардың, ҚР энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің материалдары, ҚР ресми статистикалық жинақтарының мәліметтері және кезеңдік басылым материалдары қолданылады. Жұмыс барысында Қазақстан
экономикасының ағымдық және перспективтік өсуін реттейтін заңдар, өкімдер, қаулылар мен басқа да нормативтік актілер қолданылды. Зерттеу, топтастыру, салыстыру, қорыту әдістерін, эксперттік бағалау әдісін және экономикалық статистикалық әдісті қолдану арқылы жүргізілді
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ - МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСЫМДЫ МІНДЕТІ
1. 1 Экономиканың өсу теориясының мәні, маңыздылығы
Қазіргі кездегі экономикалық теория бойынша экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімді өсуі мен құлдырауы емес, өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімдегі өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін білдіреді. Бұл жағдайда оқу пәні бір ұзақ мерзімді тепе-тең жағдайдан екінші жағдайға өтуімен сипатталатын өндіріс көлемінің потенциалды өсуі болып саналады.
Бұл жағдайға өтуде экономикалық өсудің қарқыны мен ұсыныс факторлары басты орынға қойылады. Нақты экономикалық өсудің анализі негізінде оқу пәні экономиканың динамиканы анықтайтын факторлар ғана емес, сондай-ақ салалық және ұдайы өндірістік сәйкестік, экономиканың өсудің үдерісіндегі (процесіндей) институттың құрылымның трансформациясы, ынталандыру және өсу қарқындылығын тоқтату бойынша мемлекеттік саясат, нақты өндіріс көлемінің потенциалды өндіріс көлемінен артта қалудың себебі және т. б. болып иабылады.
Нақты экономикалық өсудің маңызы жаңа деңгейдегі экономикалық қайшылықтың шешілуі мен қайта жаңғыруынан құралады. Өндіріс ресурстарының шектеулігі мен қоғамдық қажеттілік шексіздігінің арасында болып табылады. Бұл қарама-қайшылық екі түрлі басты тәсілмен шешіледі: біріншіден өндіріс мүмкіндіктерінің өсуі нәтижесінде, екіншіден, өндіріс мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және қоғамдық қажеттіліктің артуы барысында. Бірақ бұдан үдеріс (процесс) тоқталмайды. Әр жаңа кезеңде даму өндіріс мүмкіндіктерін кеңейту барысында барлық қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Қоғамдық қажеттіліктер тап осы елдің өндірушілерімен игерілген немесе импортталып өніммен қамтамасыз ететін қажеттілікті қанағаттандыратын өнімді өндіретініне қарамастан, олардың өндіріс ресурстарына деген қатынасы әрқашанда бастапқы болады. Бұл қажеттілік пайда болған сайын біртіндеп көлеміне айналады, яғни үздіксіз өндірістің дамуын болжаумен түсіндіріледі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің формаларын түсіндіретін екі негізгі тәсіл пайда болды. Нақты көлемнің өсу қарқындылығымен немесе халық ниетінің көрсеткішіне сай өсу қарқындылығымен өлшенетін белгілі бір мерзімдегі ұлттың экономикалық өсудің қорытынды сипаттамасы экономикалық өсу ұғымын түсінудің ең таралғаны болып табылады.
Экономикалық өсуде шешудің әр түрлі жолдары қолдану қажеттілігі зерттеу міндеттерімен байланысты. Экономикалық өсудің бірінші өлшеу тәсілі елдің экономикалық потенциалының өсу қарқындылығын бағалауда, екінші әр түрлі елдер мен аймақтардағы халық тұрмысы мен өмір деңгейін салыстыру барысында қолданылды. Қазіргі уақытта экономикалық өсу теориясында екінші шешу тәсілі анықталып жатыр.
Егер таза ұлттық кіріс халық өсімінің қарқынынан жоғары болса, онда ұлттық экономиканың мұндай өсімі экономикалық өсім болып табылады. Бұл өсім мәселесін сыртқы бақылаушы емес, сол елдің тұрғыны тарапынан бағалауға мүмкіндік береді.
Экономикалық өсімді нақты өндірістің көлемінің тұрғысынан бағалағанда, негізінен экономикада терең құрылымдық және институционалдық өзгерістер болмауы тиіс. Өндіріс құрылымы және институционалдық орта қалыптасқан және өзгермейтін болып табылады. Бұндай даму сипаты негізінен тұтастық қасиеті бар және сыртқы ортамен байыпты қатынас орнатқан экономикалық жүйеге тән болып келеді. Ұзақ мерзімді период ретінде негізгі капиталдық өмірлік цикліне тең периодты қарастырады. Бұл қатынас неокейналдық және неоклассикалық экономикалық өсім теориясына тән.
Басқа қатынас өсу, өндіру, индустриалды, постиндустриалдық қоғам экономикалық теориясында қолданылады. Бұл теориялар экономикалық динамиканың “аса ұзақ мерзімді перодындағы мәселелерді, билік басқару институттары, тнфрақұрылым объектілері, экономикадағы құрылымдық ара-қатынастар және олардың сыртқы ортамен байланысында мәселе туындағанда сараптама жасайды. Айта кететін жайт “ұзақ мерзімді” және “аса ұзақ” периодтарды бөлгенде, олар өзіндік уақыт ұзақтығымен ғана емес, тұжырымдамалық бағытталуыменде бір-бірінен өзгеше болып келеді, өйткені, мәселе экономикалық уақыт төңірегінде болып тұр.
Кейбір жағдайларда “аса ұзақ мерзімді” период ұзақтығы, дәстүрлі мағынасына қарамастан “ұзақ мерзімдіден” қысқа болуы мүмкін. Жекелей алғанда, бұл біздің елдің қазіргі таңдағы дамуына тән, өйткені, бізде құрылымдық, институционалдық, қызметтік өзгерістер, шынайы өндіріс көлемінің таза өсімін көрсететін, тура өндіріс факторларындағы өзгерістерге қарағанда тезірек жүреді.
Аса ұзақ периодтағы экономикалық өсімді сараптаудың 2 негізгі ерекшелігін атап көрсетуге болады:
1. Экономикалық өсім экономика дамуының негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Ол бір жағынан дамудың циклдік сипаттамасын шығарса, бір жағынан өзі құлдырау мен депрессия периодындағы өзгерістер нәтижесі болып табылады. Сондықтан да негізгі көңіл экономикалық өсім қарқынына емес, экономикадағы жаһандық өзгерістерге, оның жаңа сапаға ауысу заңдылықтары тенденцияларына бөлінеді.
2. Макроэкономикалық өзгерістер мен қатар микроэкономикалық, салалық, экономикалық өсімнің индустриалдық негізі, кәсіпкерлік мәселелерді, өндірушілер, тұтынушылар, мемлекеттік билік институттарының мүдделерінің қақтығысуы өзгергіш сыртқы орта жағдайындағы оның тұрақтылығы, экономикалық қызмет етуінің эффективтілігін арттыратын жаңа экономикалық құрылымдарды қалыптастыруды зерттейді.
Экономикалық өсудің негізгі түпкілікті мақсаты - халықтың тұрмыс жағдайын жоғарылату және ұлттық қауіпсіздікті сақтау. Тұрмысты жоғарылату экономикалық өсудің негізгі мақсаты ретінде келесідей маңызды құрылымнан тұрады:
1. Халықтың орташа табыс мөлшерін жоғарылату. Бұл мақсаттың орындалуы - ұлттық табыстың өсімінен көрініс табады.
2. Бос уақытты көбейту . Уақыт өмірлік игіліктердің бірі болып табылады. Ол ұлттық ішкі өнім мен ұлттық табыстың көрсеткіштерінен көрініс табады. Сол себепті де бұл мақсатқа жету үшін, міндетті түрде апталық және жылдық жұмыстың қысқартылуын, жұмысшылардың жалпы еңбек әрекетінің ұзақтығын негізге алу керек.
3. Түрлі халық топтары арасында ұлттық табысты үлестіруді жақсарту. Егер ұлттық табыс төмен деңгейде үлестірілсе немесе бөлінсе, халықтың көптеген бөлігі экономикалық өсуге қол жеткізбес еді, тіпті халықтың тұрмыс деңгейі бір қалыпта қалар еді.
4. Шығарылатын өнімдер мен қызметтердің түрлерін көбейту және олардың сапасын арттыру.
Жоғары сапа және өнімдердің жіктелуі тұтынушыларды қанағаттанушылықтарын арттырады. Соған сәйкес өнімдер мен қызмет түрлеріне шығын көбейеді. Бұл өндірілген ұлттық табыстың мөлшерін құрайды.
Экономикалық өсудің мақсатарының алға қойылуының негізінде - дамыған қоғам жатқанын білуіміз керек.
Экономикалық өсудің мақсаттарына тұтынушылар мен өндірушілердің тәртібі түрткі бола алады. Негізінен фирмалар арқылы инвестициялық шығындардың жүзеге асуына түрткі болатын экономикалық түсімнің ұзақ мерзімге алынуы. Үй шаруашылығындағы басты мақсат - отбасы тұрмысын көтеру. Бұған жету үшін, біріншіден, олар кірістің бір бөлігін сақтап отыруды іске асырады, екіншіден, кірістің бір бөлігін өздеріне жақын жерде орналасқан өндіріс факторына жұмсайды. Бұл мотив, көбінесе, жұмысшыларға, жолданушыларға және кәсіпкерлерге, яғни адам капиталына өз инвестициясын салатын кәсіпкерлерге тән.
Экономикалық өсудің тиімділігінің негізінде сан арқылы өндіріс тиімділігі ұғымы жатыр. Бұған: - өнімнің және қызмет түрлерінің сапасын арттыру, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру жатады.
- Жаңа өндіріс тауарларын игеру, бұрын қанағаттандырмаған сұранысты қанағаттандыру немесе олардың қанағаттандырылуы үшін жақсы мүмкіндіктер туғызу.
- Терең шеберліктің және қауымдастырудың, өндірістің, мемлекеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, халықаралық жүйелік еңбек бөлінісінде қарастыру.
- Өндірістік еңбектің фирманың ішінде өсуі үшін тиімсіздікті жеңу арқасында басқарудың жоғары болуы және тиімді мотивацияны қолдану.
- Берілген өндіріс үшін, өндіріс ресурстары үшін шығындарды азайту, жаңа технологияларды игеру.
- “Экономикалық өсудің сапасы” деген түсінік экономика теориясында социалистік бағыттың күшеюімен байланысты. Сапалы экономиканың негізін құраушылар мыналар:
- Халықтың материалдық жағдайын жақсарту;
- Тұлғаның дамуы үшін бос уақыттың көбеюі;
- Социалистік инфрақұрылымның салаларының кеңеюі;
- Адамдардың капиталы үшін инвестицияның өсуі;
- Адамдар өмірі мен еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Жұмыссыздар мен жұмыс жасауға қабілеті жоқ адамдардың мүдделерін қорғау;
- Еңбек нарығында сұраныс көлемінің өсуі үшін толыққанды жұмыс істеу;
Бір нәрсені ескеру қажет, экономикалық өсу қарқыны, бір жақтың сапасымен және сол сапаның көтерілуі мен екінші жақтың арасында белгілі бір қарама-қайшылықтар болады. Жоғары қарқындылық тауардың сапасының нашарлауы арқасында дамиды. Мысалы, жұмыс күнінің ұзақтығы немесе еңбек қарқындылығының көтерілуі, еңбек шығынының көбеюіне соның әсерінен экономикалық қарқынының көбеюіне, экономикалық өсудің негізінде бос уақыттың жетіспеуіне әкеліп соғады. Сапалы өнім нәтижесінде керісінше төмен және қарама-қайшылық өсудің қарқындарына алып келеді. Сол себептен көптеген экономистердің пікірінше экономикалық өсудің қарқындылығы төмен болуы керек (1 жылда - 2-3 %) төмен болған жағдайда да тұрақтылықты сақтауы қажет.
У. Ростоу сатылы экономикалық өсудің теориясы.
Өзінің теориясын шығару барысында У. Ростоу былай дейді: өндірушілер мен тұтынушылардың әсерінен экономикалық даму бұзылмайды. Жинақтық инвестицияда құрылуы, ол инвестицияның өзі өнім, басқа қырынан алып қарағанда У. Ростоу біртұтас экономиканың және қоғамның тарихи эволюциясын құрды. К. Маркс өндіруші күштер мен өндірістік қатынастардың, меншіктіктің капиталистер мен жалдамалы жұмысшылардың күрес қатынастары бір-бірімен байланысты.
У. Ростоу пікірінше үш маңызды мінездеменің айырым белгілері тарихи эволюцияны сатыларға бөлу негізінде анықталады. Оларға: техника дамуының қарқыны, экономикалық өсудің, жиналудың, нормаларының қарқындылығы, тұтыну баспалдағы жатады.
Халықаралық технологиялық айырбас ХХ ғасырдың бас кезінен белгілі. Алайда әлемдік рыноктық (нарықтық) технологияның үлгілендірілуі 50-60 жылдан бері қарай келе жатыр. Дәл осы уақыт аралығында халықаралық коммерциялық операциялардың көлемі ұлттық айырбас масштабтарына енді.
Халықаралық валюта қорының мәлімдемесі бойынша, төлем санағымен айналысу және лицензиялар үшін түсім және осы айырбасқа қатысқан мемлекеттер саны 1960 жылдан 1985 жылдар арасында 22-ден 71-ге өскен. Соынмен қатар сатып алушылар мен сатушылардың да ұлттық құрама ұлғайды.
Халықаралық өндіріс және ғылыми-техникалық кәсіпкерліктің алғышарттары 2 деңгейде көрінеді:
- Елдердің деңгейіне байланысты алғышарттар.
- Фирма, ұйым деңгейіндегі жергілікті алғышарттар.
Сандық айырмашылық - құралдардыңі көлеміне қатысты, ғылыми-техникалық дамумен және технологияларды импорттаумен айқындалады.
Ал, сапалық айырма - зерттеу әдістеріне, ғылыми-техникалық өнімдердің экспорттық және импорттық бағдарына қатысты және т. б.
Елдегі ғылыми-техникалық потенциал, тауарлық немесе технологиялық мінездемесіне және де халықаралық тасымалдау технологиясы НИОКР меншігінің құрамын іздеуін, ғылыми-техниканың дұрыс нәтижелерін қамтамасыз етеді.
Бұндай ұқсастық, ғылыми-техникалық іріктемедегі мемлекет дамуына немесе жеке формалардың дамуына әсер етеді.
Елдің мамандандыру аясына кірмеген, ғылым мен техникасы, техникалық дәрежеге шетел технологиясымен қатар көтерілуді мақсат етеді.
Ғылыми өндірісті экспорттауда, сонымен қатар жаңаша іс-жүзіндегі сараптаулары жетістікке жеткен елдер - инновациялық дамудың кейбір жобаларына жол ашады.
Арзан жұмыс күші мен және меншікті ғылыми-техникалық потенциалды пайдалана отырып, көптеген елдер өздерінің тауар өндірісін жақсартады, орта және жақсы дамыған елдерде инженерлік-техникалық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Одан әрі қарай, ғылыми зерттеулік және тәжірибелік құрастырмалар жұмысы, мемлекеттік және рыноктық формалар меншігін жүргізуге жол ашады. Бұндай стратегия Қытайда, Оңтүстік шығыс Азияда қабылданған. Бұған классикалық мысал ретінде - автомобиль өндірісінің жетілдірудегі бәсеке қабілеттілігі және есептеу техникалары үшін тиімділігі жоғары құралдарды, Оңтүстік Кореядағы тұрмыстық электроникаларды келтіруге болады.
Дәл осындай үлгімен елдегі шетелдік технологияны игеру деңгейін, өзінің “компенсаторы” ретінде қарап, НИОКР-дағы шығынның жеткіліксіз көлемін экономикалық профильді емес облыстарынан көруге болады.
Халықаралық ғылыми-техникалық жергілікті өнім өндірудің және тұтынудың бөліктері төмендегідей болады:
- ресурстардың көтерілуі, ғылыми-техникалық мәселелерді шынайы түрде шешу;
- қысқа материалды-техникалық базаның бөлек шығарушы институты, лабораториясы; жаңа ғылыми шешімдерді дайындықсыз қабылдау;
- ғылыми-техникалық сәйкессіздіктердің қабылдаудың стратегиялық өнімдерді шығаруды дамыту;
- жаңа стратегиялық мүмкіндіктерді, қоршаған ортаның құрамындағы халықаралық технологияларды беру;
Әсіресе мағынаға ие болған ғылыми-техникалық айырбас және әріптестердің халықаралық мәселелерді шешудің алдын алатын ұжымдар, конкурентттік қабілетпен бағаны жоғарылату және өндірілген өнімдерді жеткізу. Бұл стратегияда кеңінен қолданылатын “басқалар шығаруға шамасы келмейтін, сондай-ақ арзан әрі сапалы өнім шығару қажет”.
Жалпы халықаралық технологияларды жеткізу, яғни анализдің образдануы 2 сұраққа жауап береді: экономикалық жалпы образды экспорттау және импорттау.
Экономикалық жалпы образдылықты экспорттаудың технологиялық келесідей бөлімдері бар:
1. Пайда өндірудің әдіс-тәсілдері. Егер жаңа өнім шығаруға технологиялық жағдай болмаса, онда ол өнімдер әрі өтімді болмауы мүмкін. Сондықтан өнімдердің технологиялық сапасын тұрақтандыру қажет. Ол НИОКР-дің қорын өсіруді, өзіндік өнімдерін қайта шығаруы және қайта қосуының қатарына жатқызуға болады. Сонымен қатар, маркетинг көбінесе ішкі және сыртқы рынокта жүргізіледі.
2. Тауардың рыноктағы күрес формасы. Ең алдымен өнім өндіру капиталының жоқтығы және шетел өнімдерін ұйымдастыру көптеген қажеттіліктерді талап етеді. Осы уақытта сатып алушылар базардағы шетел өнімдерімен таныс болады, яғни оның бұрын лицензиямен шығарғандығын бөледі.
2. Экспорттық товарларды шешу проблемасы материалдық жағдайда: өнімнің өтімділігі және транспорттық мәселелерді кедендік тосқауылдарды жеңіп шығады.
3. Өнімдік экспортты кеңейтудің әдіс-тәсілдері, комплекстік лицензиялық келісімдер жүргізіледі, материалдарды да және компоненттерді, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
4. Шетелдік фирмалардың лицензиялаудың әдіс-тәсілдері өнімнің көлеміне байланысты, техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету, сонымен бірге бір бірімен тығыз байланысты экспорттық шикізаттың және компоненттердің лицензиялық сапада қымбат қағаздарды марапаттау және алушыны лицензиялау болып табылады.
5. Лицензиялық фирма арқасында жаңа өнім шығару;
6. шынайылылықтың мүмкіншілік эффектілері. Серіктес сатып алушымен қатысатын мүмкіндігі пайдалырақ шынайы лицензиялық объект жиі лицензиялық келісіммен қаралады.
Импорттық технологияның экономикалық мақсаты оның:
1. Жаңа (технологиялық) жоғары технологиялық деңгейге кіруі;
2. НИОКР-ге экономикалық шығындар құралы ретінде болуы;
3. Тауарлы импорттық шығындарын төмендеу құралы және біруақытта халықтық капитал мен жұмыс күшінің көңілін аудару құралы;
4. Шетелдік технолоиялармен шығарылатын экспорттық өнімдердің кеңейтілуіне жағдай жасау. Мүмкіншіліктер көрсеткендей, көптеген елдерде лицензиямен шығарылатын бұйымдардың бөлігі валюталық экспортта халықтық бұйымдардың бөлігін өсіруде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz