Сот жүйесіндегі іс жүргізу


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

бет

Кіріспе . . . 2

I Тарау: Сот ісіндегі құжаттар мен жалпы іс жүргізу құжаттарының теориялық ерекшеліктері

1. 1 Сот жүйесіндегі іс жүргізу және олардың теориялық негіздері . . . 5

1. 2 Жалпы іс жүргізу құжаттарының теориялық ерекшелігі . . . 19

1. 3 Сот жүйесін және жалпы іс жүргізуді құжатпен қамтамасыз ету -41

1, 4мекемелер. мен ұйымдардағы коммерциялық хат алмасу ісін

жүргізу 77

II Тарау: Сот жүйесіндегі іс жүргізу

2. 1 Үржар ауданының № 2 аудандық сотының іс жүргізу сипаты . . . 81

2. 2 Үржар ауданының № 2 аудан сотының жалпы қызметін ұйымдастыру тәртібі . . . 85

2. 3 Әкімшілік, азаматтық және қылмыстық қатынастардан туындайтын істерді сот ісінде іс жүргізу бойынша реттеу . . . 89

Қорытынды . . . 98

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 101

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы тәуелсіз егеменді мемлекет. Оның ата заңы өз Конституциясы бар. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп ресми түрде қабылданды. Осыған орай мемлекеттік тіліміз барлық салада қолданылуға тиіс. Десек те осы уақытқа дейін сот жүйесіндегі іс қағаздарының қазақ тіліндегі үлгісі былай болып келеді. Кең байтақ Республикамыздағы халық соттарынан келіп түскен сот құжаттарының жазылуына байланысты. Республика сот құжаттарының мемлекеттік тілде жазылғаны жөн. Бұл заман талабынан туындаған кажеттілік. Сот билігімен шешімдері, үкімдері құқық қорғаудың заңдылықтары мен шешімдері қазақ тілінде таңға таңба басқандай анық жазылмаса, қарапайым халық сот ісінің мән жайын түсіне бермеуі мүмкін. Әр түрлі соттардағы сот құжаттарының маңызы ерекше екендігі бәрімізге де белгілі. Азаматтық істер мен қылмыстық істерді жүргізу заң талабына сай әрі нақты, сауатты соттардағы сот мекемелерінің іске қатысты құжаттарды жазғанда оған қойылатын негізгі талаптарынан ауытқымауы қажет. Көпшілікке арналған сот құжаттарының үлгілері сот істерін жүзеге асыруға тікелей араласып жүрген халық судьясына сот мәжілісінің хатшыларына басқа да процестерге қатысушыларға және де заң оқу органда оқып жүргендерге іс тәжірибелік көмекші құрал ретінде саналды. Сот құжаттардың үлгілері 1995 жылы 1-наурызға дейін қабылданып келген заңдарға негізделініп жазылған. Жинақты дайындау барысында соттардың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі үлгі боларлық құжаттарды, сот істері жөніндегі үлгі тәжірибелі кеңінен қолданылады. Үлгідегі кейбір кісі есімдері мен атауларды шартты түрде көрсетуі қажет. Құжаттарды жазуда 1959 жылы Қазақ ССР қылмыстық кодексі 1959 ж Қазақ ССР-нің қылмыстық істер кодексі, 1963 жылы Қазақ ССР-інің Азаматтық іс кодексі, 1963 жылы Қазақ ССР-інің Азаматтық істерді жүргізу кодексі, 1979 жылғы Қазақ ССР-інің Еңбек жүргізу кодексі, 1979 жылы Қазақ ССР Еңбек туралы заңдар кодексі, 1984 ж Қазақ ССР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 1969 ж Қазақ ССР-інің неке және семья туралы кодексі қолданылған болатын. Осы заңдардың қадағалау болып табылады. Сот билігін жүзеге асырумен байланысты іс жүргізу әрекеттерін орындау бойынша сот қызметкерлерінің қызметі сот ісін жүргізудің заңмен билігін нысандарымен реттелетінін көрсетеді. Қазақстан Республикасы аумағында да қылмыстық азаматтық жәнеде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерімен айқындалады. Сот билігін жүзеге асыруда азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын бостандықтары мен мекемелердің құқықтары заңды мүліктерін қорғауға соттар заңдылықтарын қатаң және де бұлжытпай сақталулары тиіс. Соттардың бүкіл қызметін анықталуына еліміздің тәуелсіздікті алғаннан кейін барлық жағдайлар жасалғанын бәріміз де білеміз. Құқықтық мемлекеттердің қалыптасуына және сот құқықтық реформаны өткізу кезінде соттардың рөлін және беделін арттыру үшін көптеген жағдай, шаралар жасалынған.

Ең бастысы сот төрелігін іске асыруда соттардың тәуелсіздігі нақтылы түрде іске асырылып отырған жайы бар. Соңғы он жыл ішінде еліміздің заң шығаратын органдары мен соттардың және құқық қорғау органдарының қызметіне маңызды материалдық және де белгілі бір формада іс жүргізу заң нормалары қабылдана бастады. Ең басты сот, сот төрелігін іске асыруда соттардың еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Республикамыздағы сот тәжірибесі көрсеткендей, сот билігінің жүзеге асыруда сот және одан да ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқанына қарамастан маңызды сот құжаттарын оның ішінде үкімдермен шешімдерді ескіргеннұсқаулар бойынша толтыруды жалғастырып келетін және де соттарға қойылатын қазіргі кездегі талаптар бойынша өз қызметтерін атқарады. Сот құжаттары үлгілерінің жиналған практикалық қызметкерлердің атап айтқанда судьялардың басып шығуы қуантарлық емес, бірақ соған қарамастан істейді. Қалай десек те, республикамызда мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен-өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы орыс тіліндегі нұсқауларды негізгі ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарынсақтап, ұлттық іс-қағаздарды жүргізуді мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда мемелекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру жинақтап айтқанда құжат айналымын іске асыру бүгінгі таңда өткір тұрған мәселенің бірі.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін осы санадағы істі жандандыру керек, ол бұл мемлекеттік деңгейде енді-енді қолға алынып жатқан шара. “Іс қағаздарын жүргізу” бұл мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардағы басқару-реттеу, азаматтық қатынасты рәсімде, нормативтік актілерді даярлау ісіне қатысты ресми құжаттардың үлгілерін қамтудың құны.

I Тарау: Сот ісіндегі құжаттар мен жалпы іс жүргізу құжаттарының теориялық ерекшеліктері

1. 1 Сот жүйесіндегі іс жүргізу және олардың теориялық негіздері

Сот әділдігін жүзеге асыру барысында азаматтардың істерді қарап шешкен кезде бірінші сатыдағы сот материалдық және процедуралық құқық қалыптарын қолдануда біраз іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Соттың бұл іс әрекеттері сот қарастыруы ретінде жазбаша түрінде тіркелінеді.

Азаматтық істерді жүргізу кодексі іс жүргізу ретінде бірінші сатыдағы сот қаулыларын екіге бөледі.

Сот шешімі - істі негізінен қараған бірінші сатыдағы сот қаулысы (Азаматтық істерді жүргізу кодексінің 188 - бабы) .

Ұйғару - істі ешпейтін, бірақ азаматтық істі негізінен қараған кезде туындайтын кейбір мәселелерді шешетін сот қаулысы (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 220 - бабы) №

Шешім мазмұны соттық құқықты пайдаланудағы іс-әрекетінің бірнеше этапын қамтиды:

а) Даулы қатынастардың мазмұнын анықтау және де оны даусыз жағдайға келтіру (сот шешімінің тақырыбы) .

ә) Даулы материалдық қатынастарды шеше алатын құқықтық қалпын анықтау (сот шешімінің кодексі) .

б) Сот белгілеген материалды құқықтық қатынастарды субьектілердің құқықтары мен міндеттері көлемін анықтау. Соттың іс-әрекетінің бірінші екі этапты негізінде шешім мәтініне қолданылған материалдық құқық қалпының мазмұнына толық сәйкестікте тұрақты құқықтардың жүзеге асырылуы және міндеттемелердің орындалуы мерзімі мен тәртібі туралы соттың өкімі қоса жазылады.

Шешімдердің нысаны мен мазмұны Азаматтық істі жүргізу кодексінің 134-150 - баптарымен анықталады.

Дербес іс жүргізу құжаты ретіндегі сот шешімін жазбаша түрде судья жасайды.

Шешімнің кіріспе бөлімінде шешім шығарылған уақыт пенорын, шешімді шығарған соттың аты-жөні, сотқұрамы, сотмәжілісінің хатшысы, прокурор, егер ол қатысқан жағдайда іске қатысқан басқа да адамдар, өкілдер, дау тақырыбы көрсетіледі.

Шешімнің сипаттау бөлігі талапкердің (арызданушының) талабын және де жауапкердің қарсылығын (қысқаша мазмұнын), іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін қамтиды. Егер талапкер сотісін жүргізу барысында талаптың негізін немесе тақырыбын өзгертсе, мөлшерін азайтса немесе көбейтсе, ол туралы шешімнің сипаттау бөлігінде жазылуы керек.

Ал енді шешімнің дәлелдеу бөліміне келетін болсақ, оның іргетасы мынада, онда қаралған негізі бойынша сот қорытындылары егжей-тегжейлі және негізделген түрде баяндау керек. Бұның мазмұнын шартты түрде үшке бөлуге болады:

а) Сот анықтаған нақты мән-жайлар;

б) Қорытындылар негізделген сот нақты мән-жайлар туралы дәлелденіледі, сондай-ақ сол немесе басқа дәлелдерді қабылдануы себептерін талқылау;

в) заңды топтастыру яғни, тараптардың құқықтық қатынастардың түрін анықтау және оларды реттейтін заңға сілтеме.

Шешім сот мәжіліснде зерттелген дәлелдерге ғана негізделінеді. Шешімдегі құқықтық қатынастарды заң бойынша топтастыру үшін істі қараған кезде басшылыққа алған заңға сілтеме ғана жасауға болады, немесе толық, яғни қалыптық акт атынан және баптық тиісті номерінен басқа сот нақты жағдайларға қатысты заң мазмұнын талқылауы мүмкін. Қажетті жағдайларда тиісті құқық қалыпын қолданудың мәселелері бойынша түсініктемелер беретін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумында қалыптық қаулыларына сілтеме жасауға болады.

Шешім - істің ақырғы шешушісі, сондықтан қарау бөлімі соттың анықтаған ісінің нақты мән жайларынан туындайтын жан-жақты қорытындылардан тұрады.

Онда соттың барлық мәлімдеген талаптар бойынша не қаулы еткенін, кім, кімнің пайдасына, қандай іс әрекет жасауы керек екендігін даулы құқық талаптарының қайсысына берілгенін анық және нақты көрсету қажет. Мәлімделген талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан кезде кімге қатысты және неден бас тартқанын анық айқындау керек. Сот шешіміне қойылған негізгі талаптар - заңдылық пен негізділік (Азаматтық істі жүргізу кодексінің 189 - бабына сәйкес) . Процедуралық құқық қалыптарын дәлме - дәл сақтап және материалды құқық қалыптарында толық сәйкестікке шығарылған шешім заңды болып табылады.

Егер де шешім шығарылған кезде сотта қолдануға жататын заңды қолданбаса, немесе қолдануға болмайтын заңды қолданса, немесе заңды теріс түсінген болса, онда ол шешім іс жүргізу заңына сәкес заңсыз болып табылады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 189 - бабына сәйкес) .

Іс жүргізу негізінің бұзылмауы немесе дұрыс қолданылмауы бұл істі шешуге әкеліп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін болған жағдайда ғана шешімді бұзуға негіз бола алады. Шешім шығарылған кезде Азаматтық істерді жүргізу кодексінің 307 - бабының 2 - бөлігіндегі көзделген іс жүргізу, яғни істі құжаттандыру қалыпы бұзылса, ол қайткенде де бұзылуға жатады. Егер де шешімде сол іске қатысты бір жайлы болса, сот тексерген дәлелденген мен расталған мәлім, дәлелдеуді қажет етпейтін фактілер болса, сондай-ақ белгіленген фактілерден туындайтын сот қорытындыларын толық қамтитын шешім негізді болып табылады.

Ұйғару

Істі қозғау және сотқа әзірлеу туралы іс қағазды құжаттандыру

“___” 20___ж. Алматы қ.

Алматы қаласы аудандық

судьясы

(судьяның аты-жөні)

талап арызын қарап,

анықтады.

Талапкер талап арызы АІЖК-нің

226 - 227 бабтары талабына сәйкес.

Істі сотта қарау үшін тыңдауға алдын ала дайындық жүргізу керек.

АІЖК-нің 142 бабын басшылыққа ала отырып

Ұйғарды

талап арызын

(талапкердің аты-жөні)

Істі сотта қарау үшін дайындық тағайындауды және мына істерді жасады.

1.

2.

3.

4.

5.

Судья қолы

Қылмыстық істер бойынша сотқа беру құжаттары және оларды сот ісінде жүргізу.

Судьяның жеке өзі шығарған қаулысымен айыпкерді сотқа беру туралы

ҚАУЛЫ

Семей облысы, Үржар аудандық халық сотының судьясы С. Әріпов Үржар аудандық прокурорының айыптау қорытындысымен келіп түскен О. Қалдабеков жөніндегі қылмысты істі 1993 жылғы 4 - желтоқсан күні қаралы іс бойынша 1972 жылы 15 қараша Жаркент қаласында туған, ұлты қазақ, білімі орта, бойдақ, Қазақстан Республикасының азаматы, әскери міндетті, талғар ауыл шаруашылық техникумының 3 - курс студенті, туған жері Мақаншы ауылы, бұрын сотталмаған Қылмыстық кодекстің 106 - бабының 1 - бөлгімен айыпталған Қалдыбековтың қылмыстық ісін қарап соттың

АНЫҚТАҒАНЫ

О. Қалдабеков 2005 жылы 13 қарашада Қораш ауылында туылған. Ол Зауре Бекованы алып қашқаны үшін оның қайтатын жолын тосып үйге жеткізіп саламын деп алдап, машинасына отырғызып “Таусүгір” кеңшарында мұғалім болып істейтін жездесі А. Қанабековтың үйіне алып келген. Осыдан кейін О. Қалдабеков З. Бекованы дәстүр бойынша шашу шашып, үйіне кіргізген.

Іс Үржар аудандық халық сотының қарауында Қазақстан Республикасының қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 206 - 208 - 222 бабтарын басшылыққа ала отырып, халық судьясы

Қаулы етеді

Айыпкер О. Қалдабеков Қазақстан Республикасы қылмыстық істі жүргізу кодексі бойынша 206 - бабының 2 - бөлімінде көрсетілген ережелер бойынша сотқа берілген

- Қалдабековтың бұлтартпалау шарасын ешқайда кетпеуі туралы

қолхатпен қалдыруға;

- Істі ашық сот мәжілісінде қарауға;

- Іске қорғаушы реттінде адвокат жолдас М. Наров қатысуға;

Сот мәжілісінде Қалдабековты, жәбірленуші Бекованы, куәгер Қанабековты шақыруға;

- 2005 жылы 12 желтоқсанда сағат 10-да халық соты үйінде қарауға.

Осы қаулы жарияланған уақыттан бастап бес күн мерзім ішінде прокурор Семей облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі Сот алқасы наразылық келтіре алады.

Халық судьясы С. Әріпов

Басқа тұлғалардан арыздар мен өтініштер сотқа келіп түспеген. Осы іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қазақ тілінде жүзеге асырылған, ал сот талқылауы сатысында оны өзгертуге негіздер жоқ деп санаймын.

Қылмыстық істі сотта іс жүргізу қабылдауға және де оны сот отырысында қарау үшін басты сот талқылаудан тағайындауға барлық негіздердің жеткілікті екендігін ескеріп және Қазақстан Республикасы Қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 299 бабының бірінші бөлігінің және екінші бөліктерінің негіздемесін басшылыққа ала отырып.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН

Біржанов Сембек Кеңесұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175 - бабының екінші бөлімінің в) тармағында көзделген қылмысты жасауда айыптау туралы қылмыстық іс Үржар аудандық сотында іс жүргізуге қаралсын.

Бұл қылмыстық істі басты сот талқылауында, ашық сот отырысыда Қарабұлақ кентінде, сот ғимаратында қарау, 2003 жылғы мамыр айының 5 күніне сағат 10 00 -де тағайындалсын.

Басты сот талқылауында мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, соттаушы, оның қорғаушысы және айыптау қорытындысына тіркелген тізімде көрсетілген куәгер шақырылсын. С. К. Біржанов Талдықорған қаласындағы №6 тергеу изольятор Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изольяторына ауыстырылсын.

Іс бойынша сот ісін жүргізу тілі болып қазақ тілі белгіленсін. Үржар аудандық сотының судьясы Н. М. Тұрғанбаев

Қылмыстық істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы

Қаулы

(судьялардың бірінің атынан)

Мақаншы ауылы 23 шілде 2003 жыл

Семей облысы, Үржар аудандық сотының судьясы

Т. А. Оспанов

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 299 - 300 бабының талаптарына сай, айыптау қорытындысымен сотқа келіп түскен, Өмірзақов Сержан Жүнісұлын Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 103 - бабының 2 - бөлігінің ж) тармағында көзделген қылмысты жасауда айыптау туралы қылмыстық істі қарап, төмендегі жағдайларды

АНЫҚТАДЫМ:

Бұл қылмыстық іс Үржар аудандық сотында іс жүргізуге қабылдануға жатады. Істі сот өндірісіне қабылдаудан бас тартуға немесе оны прокурорға қайтаруға негіздермен мән-жайлар жоқ.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 299 - бабының бірінші бөлігінің г) тармағына сүйене отырып.

Қаулы етемін

Өмірзақов С. Ж. Қазақстан Республикасының қылмыстық істер кодексінің 103 - бабының екінші тармағының ж) бөлімінде көрсетілгендей тиым салған қылмысты жасауда айыптау туралы қылмыстық іс Үржар аудандық сотында іс жүргізуге қабылдансын.

Үржар аудандық сотының судьясы Т. А. Оспанов

Қылмыстық істі сотта іс жүргізуге қабылдау және басты сот талқылауын тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

Қарабұлақ кенті 23 сәуір 2003 жыл

Семей облысы, Үржар ауданы сотының судьясы Н. М. Тұрғанбаев.

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 299 - бабының екінші бөлігінің бірінші тармағына сәйкес, Біржанов Сембек Кеңесұлын Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175 - бабының екінші бөлігінің в) тармағында көзделген қылмысты жасауда айыптау туралы қылмыстық істі қарап, төмендегі жағдайларды

АНЫҚТАДЫМ:

Бұл қылмыстық іс Үржар аудандық сотында іс жүргізуге қабылдауға жатады. Істі сотта іс жүргізуге қабылдаудан бас тартуға немесе оны прокурорға қайтаруға негіз жоқ. Қылмыстық іс аталған соттың қарауына жатады. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға немесе тоқтатуға әкеп соқтырған мән-жайлар жоқ.

Алдын-ала тергеу жүргізу кезінде сот мәжілісін тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берілмеген. С. К. Біржанов сотқа берілген. Оған айыптау қорытындысының көшірмесі тапсырылыған. Бұл туралы істе тиісті құжаттар жиынтығы бар бұлтартпау шарасы ретінде С. К. Біржановқа қамау қолданылған

Іс мән-жайларын, жасалған қылмыстың сипатымен қоғамға қауіптілік дәрежесін сотталушының кім екендігін ескеріп, аталғандарды соттаушыға қолданылған бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылуы тиіс деп санаймын. Іс бойынша азаматтық талап берілмеген. Қылмыспен келтірілген залалды өтеуді және де мүмкін ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шаралары қолданылған.

Істі сот қарауына жатқызу бойынша жіберу туралы мәселені шешу үшін алдын-ала тыңдауды өткізу туралы істі жүргізу.

Аққұба кенті 22 мамыр 2005 жыл

Қарағанды облысы, Алатау аудандық сотының судьясы Н. Н. Асанов.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 299 - 300 - бабтарына сәйкес істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жәбірлеу жүргізуге қабылданған. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 96 - бабының, екінші бөлігінің а) тармағында көзделген қылмыстық заңмен тиым салынған әрекетті Сауранбеков Қайрат, Ақбердовке қатысты қылмыстық істі қарап, төмендегі жағдайларды

АНЫҚТАДЫМ:

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 291 - бабының бірінші жартысындағы в) тармағының беттерінде көрсетілгендей Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96 - бабының бірінші бетінде көрсетілген жағдайларға сәйкес қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттерді ерсілі - керсілі күйде жасаған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдау туралы қылмыстық іс облыстық соттың қарауына жатады.

Осыған байланысты Қ. С. Сауранбековке қатысты қылмыстық іс Алматы облыстық сотында сот қарауында жатқызылуы бойынша жәбірленуші тиіс.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 301 - бабының бірінші бөлігінде а) тармағында көрсетілгендей судья осы кодекстің 299 -бабының екінші бөлігінің 2- в тармағында көрсетілген шешімдерді соның ішінді істі сот қарауына жатқызылуы бойынша өтініштерін қарау және сот талқылауында қарастырылған тәртіппен өткізу туралы мәселені шешу үшін тараптардың қатысы мен істі алдын ала тыңдауды өткізеді.

Қаулы етемін

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96 - бабының екінші бөлігінің а) тармағында көрсетілген қылмыстық заңмен тиым салынған әрекетті зорлық күйде жасаған Сауранбеков Қанат Қамбарұлына медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдау туралы қылмыстық істі алдын-ала тыңдау жабық сот отырысында, Аққұба кентінде, ст ғимаратында 2003 жылдың 27 мамыр күні сағат 10 00 - де өткізілсін.

Ескелді аудандық сотының судьясы Н. Н. Асанов.

Бірнеше баптар бойынша шығарылған айыптар үкімін іс жүргізу бойынша реттеу.

Үкім

Қазақстан Республикасы атынан

Семей облыстық сотының көшпелі сессиясы құрамында төрағалық етуші - облыстық соттың меңгерушісі О. Тастанбеков, халық заседательдері К. Рысбеков және С. Шаженова болып, Л. Сиқымбаеваның хатшылық етуімен, Ақтоғай ауданының прокуроры С. Алпысовтың, адвокат О. Сүлейменовтың қатысуымен Ақтоғай ауданына қатысты “Қаратал” ауылының орталық “Мәдениет үйінде” 20 қаңтар 2006 жылы өткізілетін ашық сот мәжілісіне З. Үмбетовтың қылмыстық ісін қарады.

Іс бойынша:

З. Үмбетов 10 тамыз 1972 жылы Жезқазған облысы, Ақтоғай ауылының Амангелді селосында туған, ұлты қазақ, орта білімді, үш баласы бар, бұрын сотталмаған, қазір Қаратал ауылында аға механик болып жұмыс істейді. Қылмыстық кодекстің 76 - бабының үшінші бөлігімен сотқа берілген айыптау қорытындысының көшірмесін бірінші қаңтар 2006 жылы алған, бас шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Қылмыстық істегі жинақталған дәлелдерді сот тергеуінде тексере келе соттың

Анықтағаны:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот шешімдерін орындау саласындағы қылмыстардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Қазіргі заманымыздағы құқықтық сана
Диссертациялық зерттеудің обьектісі
Қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету құралдары
Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
Әлеуметтік құқықтық саясатының түсінігі
Қылмыстық іс жүргізу және тоқтату
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz