Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі



Кіріспе

1 ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Тілдік сәйкестілік ұғымы
1. 2 Жасқа байланысты тілдік сәйкестілік

2 ТІЛДІК ҚАСИЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН . ӨЗІ СӘЙКЕСТЕНДІРУІ
2. 1 Оқыту тілін таңдау
2. 2 Жаһандану үрдісінің студенттердің тілдік сәйкестілігіне әсері
2. 3 Қостілділік және оның түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бітіру жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда тілдік сәйкестілік ұғымы
лингвистика саласында маңызды зерттеу нысанына айналып отыр. Тіл адамның
қол жеткен ең зор табысы болып есептелетін болса, тілдік сәйкестіліктің өзі
белгілі бір қоғамда өмір сүріп отырған жеке тұлғаның ұлтпен қарым –
қатынасында маңызды айқындауыш белгі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан бері тілдік сәйкестіктердің шарпысуы, тілдер, мәдениеттер
арасындағы қақтығыстар анық байқалады. Жалғыз Қазақстан ғана емес, көршілес
елдерде де сәйкестілік үрдісі жан – жақты жүргізіліп жатыр. Мұның өзі
қазіргі кезде сәйкестіліктің маңыздылығы, оның қажеттілігі туындап
отырғанын көрсетеді. Тілдік сәйкестілік болмаған жағдайда ұлттың,
мемлекеттің құрып кетуі, жойылып кетуі мүмкін. Себебі ұлттың өзіне тән
сәйкестілігі болмаса, оның орнын басқа ұлттың сәйкестілігі басады. Оның
анық көрінісін біз қазақ – орыс тілдік байланысынан көріп тұрмыз. Қазақ
халқының тілдік сәйкестілігі орыс тілі тарапынан ығыстырылып, ақырында
мұның өзі мәдени құлдырауымызға ұласа жаздады. Тілдік сәйкестіліктің
келбеті әсіресе, белгілі бір қоғамда анық байқалады. Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік алуы тілдік сәйкестілігіміздің қалпына келуіне
себеп болды.
Сәйкестілік деген ұғымның өзінің мемлекетке, этносқа, тілге,
мәдениетке, дінге, гендерге, жасқа, кәсіпке қатысты болып келетінін
ескерсек, тұлғаның бұдан сырттап қала алмайтынын көруге болады. Сәйкестілік
қозғалмалы, өзгермелі сипатта жүзеге асады.
Тілдік сәйкестілік солардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені
ұлттың, адамның анықталған бір тілде сөйлеуі оның басқалармен қарым –
қатынас жасауына себеп болады. Қазақстандағы тілдік сәйкестіліктердің
ішінен студент жастардың тілдік сәйкестілігін қарастыру бүгінгі таңдағы
маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі ел болашағы, ұлттың болашағы
жастардың қолында. Олардың ЖОО – да толықтай білім игеріп шығуы түрлі
қолайлы факторлар бойынша Қазақстанның дамуына, өркендеуіне жағдай жасайды.
Студенттердің тілдік сәйкестілігі екі басым бағытта өрбіп отыр: қазақ және
орыс тілдерінде. Көптеген мәліметтер қазақ тілінің мемлекеттік тіл
ретіндегі мәртебесі бірте – бірте көтеріле бастағанын көрсетеді. Ал алынған
сауалнамалар нәтижесінде көптеген ұлты қазақ студенттер ана тілінде жақсы
сөйлей алмаса да, қазақ тілін ана тілі ретінде танитындықтарын айтқан. Яғни
олардағы тілдік сана – сезімнің ояна бастағаны көрінеді.
Көптеген орыс тілді қазақ студенттердің мұндай жағдайға түсуіне
кеңестік қоғамның әсері мол болғандығын байқаймыз. Себебі көп жылдар бойы
орыс тілі жетекші, басым тіл ретінде танылып келді де, өзге ұлттардың тілі
ығысу процесін бастарынан кешірді. Оның ішінде қазақ тілі де болды.
Көптеген орыс тілінде сөйлейтін респонденттердің айтуынша, олар өздерінің
ана тілдерін білмейді, себебі оларды ес білгеннен орыс тілінде тәрбиелеген,
орыстілді балабақшаға апарған, орыстілді ортаға қосқан, орыс тілінде сабақ
жүргізілетін мектепке берген. Ата – аналарының кезінде жасаған қадамдары
қазіргі кезде студенттер арқылы қоғамдағы тілдік процестерге әсер етіп,
одан әрі тілдік сәйкестіліктің де орныға алмай отырғандығының басты
белгісіне айналған.
Студенттердің тілдік сәйкестілігі көп жағдайларда қостілділікке,
сонымен қатар екінші тілді таңдауына, студенттердің өзін - өзі
сәйкестендіруіне келіп тіреледі. Жаһандану жағдайында студенттердің өзін -
өзі сәйкестендіруі негізгі сипат алады, себебі студенттер санасы толығып,
өзін жеке тұлға ретінде сезінген сайын тілдік бейімділікке де дайын
тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында жастардың санасына бүгінде
тілдік сәйкестілікке орыс тілімен қатар ағылшын тілі де ықпал етіп
отырғандығын көруге болады. Ақпараттық қоғам, жаңа технологиялар заманы
жастардың тілдік сәйкестіліктерінің өзгеруінің кезеңдерін анықтай түседі.
Сонымен қатар бұл ұғымның еліміз үшін маңыздылығы басқа ұлттардың қазақ
тілімен өздерін сәйкестендіретіндігінде. Аталған мәселелердің барлығы
зерттеу еңбектің негізгі бөлімінде толықтай қарастырылды.
Тілдік сәйкестілік ұғымы Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған
кезден бастап қана жүйелі түрде қарастырылып келеді. Ал одан бұрын орыс
тілі мен жергілікті ұлт тілі өзара қарым – қатынасқа түсіп, байланысып, сол
арқылы бірін – бірі байытады деген пікірмен орыс тілінің басым болуына жол
ашылған болатын. Күрделі социолингвистикалық өзгерістер қоғамның басқаша
тілдік сипатта өрбуіне жол ашты. Қазақ халқының ана тілі - қазақ тілі көп
жағдайларда тілдік сәйкестілік тұрғысынан зерттелінбей келді. Бұл жалғыз
тілге қатысты емес, халықтың мәдени, әлеуметтік болмысы бастапқы
табиғатынан қол үзді. Ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, жекелеген ұлт
тілдерінің мүдделері ешқашан есепке алынбаған, сондықтан мемлекеттік
басқару орындарында орыс тілінде сөйлеу, орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу
кең таралған.
Тілдік сәйкестілік жеке тұлғаның бір тілде сөйлеуі, сол тілді қарым –
қатынас құралы ретінде қолдануы. Белгілі бір тілмен байланысы оның сол
тілге деген сәйкестілігін анықтайды. Қазақстан Республикасындағы жастардың
тілдік сәйкестілігі көп ретте олардың тілге деген қарым- қатынасын
көрсетеді.
Зерттеу жұмыста көбінесе осы мәселелер жан – жақты талданды,
сараланды. Жас ерекшеліктеріне байланысты тіл білімі саласында зерттеушілер
түрлі жастағы адамдардың тілдік сәйкестіліктеріне қатысты ғылыми
сараптамалар жасап, қоғамның тілдік көрінісіне баға беріп келеді. Алайда
қоғамның ең басты бөлшегі болып табылатын студент жастардың тілдік
сәйкестілігіне әлі күнге дейін лайықты зерттеу жасалынбай келеді. Тілдердің
қақтығысы жастардың тілдік санасына да әсер етеді. Зерттеу жұмысының өзекті
болып табылатындығы сауалнама негізінде әр ұлт өкілдерінен құралған
студенттердің тілдік сәйкестілігін анықтау болып табылады. Сауалнама
жүргізілген студенттердің тілдік сәйкестіктері біркелкі емес екендігі
көрінеді. Зерттеу жұмысының алдағы уақытта да студенттердің тілдік
сәйкестілігін анықтауға қолдануға болатындығы дәлелденді.

Бітіру жұмысының пәні. Социолингвистика мен тілдік сәйкестілік,
Қазақстандағы студент жастардың тілдік сәйкестілігі. Қостілділік және оның
Қазақстандағы таралу ерекшеліктері, тілдік сәйкестіліктің әлеуметтік
мәселелері.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тілдік сәйкестіліктің
қоғамдағы орнын, студент жастар арасындағы көрінісін зерттеу, сол арқылы
тілдік сәйкестідліктің қалыптасу ерекшеліктерін сараптау. Әр ұлттағы
студенттердің арасына сауалнама жүргізіп, олардың тілдік сәйкестіліктерін
талдау.

Бітіру жұмысының нәтижелері. Алғаш рет студенттердің тілдік
сәйкестіліктерін анықтау үшін ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі кезде қарқындап дамып келе жатқан тіл білімінің социолингвистика
саласының ең маңызды зерттеу жүргізу әдісі сауалнама әдісін қолдану арқылы
Алматы қаласындағы студенттердің тілдік сәйкестілігі анықталды. Жалпы
зертеу жұмысының ғылыми жаңалықтарын топтап айтатын болсақ олар мынандай:
1) Әр ұлт өкілдерінен тұңғыш рет кең көлемде сауалнама жүргізілді;
2) Студент жастарының тілдік құзіреттілігі сарапталды;
3) Статистикалық мәліметтер қоры жинақталып, түзілді.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелерін социолингвистика саласында
қолдануға болады. Еңбектегі теориялық ойларды Қазақстанның қазіргі тіл
саясатына қатысты ғылыми айналымға енгізуге болады. Сонымен қатар тілдік
сәйкестікке байланысты еңбектерде жариялауға болады.
Зерттеудегі сауалнама үлгілерін кейін де зерттеулер жүргізген кезде
үлгі ретінде қолдануға болады. Сонымен бірге жұмыстағы пікірлерді,
анықтамаларды социолингвистикалық сөздіктер жасаған кезде қолдануға
жарайды.

Зерттеудің дерек көздері: Тіл және сәйкестік Халықаралық ғылыми –
теориялық конферециясының материалдарының жинағындағы Орусбаев А.,
Кулжабаева А Язык и этническая идентичность, Нагзибекова М. Б. Азизова М.
Э. Языковая идентичность русских в Таджикистане, Пардаев А. С.,
Мамасолиев И. У. Русский язык в Узбекистане: лингво – этнические
тождество, мақалалары пайдаланылды. Сонымен қатар О. Б. Алтынбекованың
Этноязыковые процессы в Казахстане монографиясы, Новая языковая
идентичность в трансформирующемся обществе: Казахстан, Кыргызстан,
Таджикистан, Узбекистан зерттеу - әдістемелік еңбегі пайдаланылды.

1 ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Тілдік сәйкестілік ұғымы

Сәйкестілік субьективті шындықтың басты элементі болып табылады.
Барлық субьективті шындық сияқты ол да қоғаммен диалектикалық байланыста
болады. Сәйкестілік әлеуметтік процестер негізінде қалыптасады. Ол
әлеуметтік қатынастар арқылы түрленіп, қайта қалыптастырылады.
Сәйкестіліктің қалыптасуы мен ұстанынымымен байланысты әлеуметтік процестер
әлеуметтік құрылыммен анықталады, керісінше, организмнің әсерімен пайда
болған сәйкестілік берілген әлеуметтік құрылымға көмек көрсете отырып,
модификациялап немесе қайта қалыптастыра отырып жауап береді. Қоғамда,
нәтижесінде арнайы сәйкестілік пайда болатын тарихтар бар, бірақ бұл
тарихтарды арнайы сәйкестілігі бар адамдар құрады.
Осы диалектиканы ескере отырып, топтық сәйкестілік жалған
түсінігіне жол бермеуге болады. Ерекше әлеуметтік құрылымдар тұлғалық
жағдайда танылатын сәйкестілік типтерін тудырады, яғни американдықтың
сәйкестілігі французға қарағанда өзгеше. Нью-Йорк қаласының тұрғынынікі –
Орталық Батыс тұрғынынан, қызметкердікі дала сыпырушыдан өзгеше болады.
Біздің байқағанымыздай, күнделікті өмірдегі ұстаным мен қағида осындай
типизацияға байланысты болады. Бұл дегеніміз, сәйкестілік типтері
күнделікті өмірде кездеседі, ал олар туралы бекітулерге қарапайым адамдар
пікір білдіре алады. Француздар американдықтардан өзгеше деп ойлайтын
американдық адам Францияға барып, ондағы жағдайды өз көзімен көре алады.
Әрине, мұндай типизациялау мәртебесін әлеуметтік білім құрылымымен
салыстыруға келмейді, ал верификация мен мәлімдеме ғылыми әдістің каноны
болмайды. Біз күнделікті типизация мен әлеуметтік құрылым арасындағы нақты
байланысты әзірше қарастырмауымыз керек. Пуритондық өзінің пуритандық
екенін білді және ол өзінің пуритандық екенін ағылшындарға еш қиындықсыз
түсіндіріп жеткізді, бірақ Бірақ Макс Вебердің пульсін тексергісі келген
әлеуметтанушы басқа күрделі әрекеттерге мән беруі керек. Қазіргі контексте
бізді қызықтыратын тек бақылау және верификация сәйкестілігі типтерінің
теорияға дейінгі және ғылыми тәжірибеге дейінгі кезеңі [1, 3].
Сәйкестілік индивид пен қоғам арасындағы диалектикалық арақатынастан
пайда болатын феномен болып табылады. Сәйкестілік типтері, бір жағынан,
әлеуметтік өнімі, обьективті шындықтың тұрақты элементтері. Сәйкестілік
теориясы әрқашан шындықтың жалпы интерпретациясы болады; олар таңбалық
универсалийлерге теоретикалық заңдылықпен құрылған және соңғылардың
мінездемесімен түрленеді. Егер әлемде белгілі бір орынға ие болмаса,
сәйкестілік түсініксіз болып қалады. Сәйкестілік бойынша кез келген
теориялар теоретикалық интерпретация шегінде жүзеге асуы керек. Бұл бөлімді
қарастырып көрелік.
Егер сәйкестілік теориясы шындық теориясына қосылатын болса, онда
бұл соңғы теориялар терминдерінен пайда болады. Мысалы, эмпирикалық
феноменді интерпретациялайтын психология өз матрицасы ретінде космостың
мифологиялық теориясына ие, сондықтан ол есептің мифологиялық нүктесі
болмайтын интерпретацияға сыймайды. Жалпы, психология әрқашан да
космологияны болжаушы болып табылады.
Мұны жиі қолданылатын психиатриялық термин шындыққа назар аудару
терминінен байқауға болады
Психологияның пайда болуымен сәйкестілік пен қоғам арасында тағы бір
диалектикалық байланыс пайда болады – психологиялық теория мен субьективті
шындық элементтер арасындағы байланыс. Мұндай теоретизациялау барлық
теориялық заңдылықтар сияқты әртүрлі болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған
заңдастырылған теориялардың көздері мен фазалары осы жағдайда қолдануға
болады, бірақ оның маңызды айырмашылығы бар. Психологтар барлық индивидтер
үшін өте күшті және ұзақ субьективті релевант болып табылатын шындық
өлшеміне жатады. Сондықтан диалектика теориясы мен шындық индивидке жиі
және тікелей әсере етеді.
Психологиялық теория интеллектуалды күрделіліктің ең жоғары
деңгейіне жеткенде, көп жағдайда бұл осы жүйе үшін (дайындалған) арнайы
дайындалған мамандар болғанда жүзеге асады. Бұл мамандардың әлеуметтік
ұйымдасуы қандай болмасын, психологиялық теория күнделікті өмірде,
проблемалық жағдайларды жоғалту үшін интерпретация сызбасын бере отырып
төмендетеді. Субьективті сәйкестілік пен әлеуметтік сәйкестіліктің
диалектикалық байланысынан пайда болған мәселелер теоретикалық
категориялармен сәйкес топтастырылуы мүмкін, олар кез келген терапияның
алдын – ала бір бөлшегі болып табылады.
Психологиялық теория эмпирикалық тұрғыдан тепе – тең немесе тепе –
тең емес болуы мүмкін. Мұнда сөз эмпирикалық ғылымдағы терминдердің тепе –
теңдігі жайында емес, күнделікті өмірде сарапшы немесе қарапайым адамның
эмпирикалық феномендерді қолдануы жайында
Әзірше психологиялық теориялар осы тұрғыдан тепе – тең болып келеді.

Сәйкестілікті тілдік сәйкестілік тұрғысынан қарастыру үшін, ең
алдымен, оның ерекшеліктеріне назар аудар қажет.
Сәйкестілік бүгінгі күнге дейін түрлі тұрғыдан зерттеліп келе жатыр.
Оның бірі сәйкестілікті классикалық примордиалистік түсіну. Бұл бағыт
бойынша кез – келген адам өзін өзгермейтін, нақты топтар және адам мен
қоғамнан тыс, объективті өмір сүретін категорияларға жатқызыла алады. Яғни
адам белгілі – бір этникалық топқа, дінге, тілге, әлеуметтік нормаларға
тиісті болып туылады. Бұл бағыттың мардымсыздығынан сәйкестілікті
зерттеудің келесі түрлері пайда болды. Ол инструментализм мен
конструктивизм.
Инструментализм бойынша сәйкестілік белгілі – бір мақсаттарға жету үшін
пайдаланылатын құрал болып табылады. Ол әдетте элитамен билікке жету үшін
қолданылады. Инструментализм халық санағы немесе құжаттарды (жеке куәлік)
беру кезінде пайдаланылады.
Ал конструктивизм сәйкестілікті мәдени – құрылымдық феномен ретінде
түсіндіреді. Конструктивизм бойынша сәйкестілік саналы түрле белгілі – бір
қызығушылықтарды қанағаттандыру үшін және белгілі – бір мақсаттарға жету
үшін тұлғамен немесе топпен таңдалынады.

Қазақстандық тіл білімінде сәйкестілік деп
тұлғаның белгілі бір мемлекетке, этносқа, тілге, мәдениетке, дінге,
гендерге, жасқа, кәсіпке т.б. қатыстылығын сезінуін атайды. Сәйкестілікті
динамикалық деп суреттейді. Өйткені адам барлық жағдайларда өзінің
сәйкестілігін нақты анықтай алмайды. Сәйкестіліктің ауысуы да мүмкін
(мысалы: СССР азаматы болған, Қазақстан Республикасының азаматына айналды).
Сонымен қатар сәйкестілікпен саяси ж.т.б. мақсаттарда манипуляция жасауға
болады. Сәйкестіліктің түрі көп және олардың барлығы адамның санасында
жиынтық сәйкестілік қалыптастырады. Мысалы: жас сәйкестілігі, гендерлік
сәйкестілік, азаматтық сәйкестілік, әлеуметік сәйкестілік, діни
сәйкестілік, этникалық және тілдік сәйкестілік. Жиынтық сәйкестілік
құрылысында қажетті, негізгі категориялар бөлінеді. Олар адамның өзін
басқалармен салыстыруында негізгі параметрлерді анықтайды (мысалы:
әлеуметтік, тілдік, жас сәйкестілігі). Жиынтық сәйкестіліктегі
сәйкестіліктердің орны жағдайға байланысты өзгеріп отырады.
Ал Эриксон өз еңбектерінде сәйкестілік деп тұлғаның үздіксіздігін
және тұтастықты атайды. Сәйкестіліктің қалыптасуы оның дамуының негізгі
мақсаты. Эриксон бейбіт өмірге оралған жауынгерлердің психологиясын зерттеу
арқылы өзінің сәйкестілік теориясын жасаған. Жауынгерлер майданда соғыстың
барлық ауыртпалықтарын тартып, бейбіт өмірге оралғаннан кейін нерв
жүйелерінің функционалдық нашарлауымен ауырады. Соғыс кезінде жауынгерлер
қоғамда нақты орынға ие болған, өздерінің борышын өтеу үшін нақты мақсатпен
өздеріне тән қасиеттері болған. Соғыс аяқталғаннан кейін жауынгерлерге жаңа
әлеуметтік қарым- қатынасқа қосылу яғни жаңа сәйкестілік қалыптастыру
қажеттілігі туады. Эриксон пікірі бойынша осының нәтижесінде нерв жүйесінің
бұзылуы, сәйкестілікті жоғалту пайда болады.
Сәйкестілік субъективті шындықтың негізгі элементі болып табылады. Ол
әлеуметтік процестер арқылы қалыптасады және өзгеріп отырады.
Отандық лингвистикада қарастырылып жүрген сәйкестіліктің негізгі
түрлерінің бірі:
Гендерлік сәйкестілік – ол тұлғаның гендерге қатыстылығына
байланысты анықталатын сәйкестіліктің түрі. Гендер ұғымы лингвистикалық
парадигмаға жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында енді. Әйелдер мен ерлер
қоғамда әртүрлі қызмет атқарғандықтан, гендер сөйлеушінің тілдік құдыретіне
әсер етеді. Бұл өзгешеліктерді табу мен зерттеу тілдік тұлғаның белгісі
ретінде еркектік немесе әйелдік сәйкестілікті жасауға мүмкіндік береді.
Бұл тақырыбы батыстық феминистік лингвистикада толығымен қарастырылған.
Американдық ғалым Робин Лакоффтың тұжырымы бойынша әйелдер беделді
болуларына кедергі келтіретін биліксіз тілмен сөйлейді. Олардың тілдеріне
батылсыздық, жұмсақтық тән. Әңгіме барысында сөйлеушіні ықыласпен тыңдау,
үстемдік етуге тырыспаушылық байқалады. Ерлер болса диалог барысында
жағлайды қадағалауға тырысады, агресивті және компромиске бейімсіз болып
келеді. Ал әйелдер ерлерге тән тілмен сөйлейтін болса, ол тіл дөрекі болып
көрінеді.
Бұл пікірге О. Барр мен В. Аткинстің пікірі қайшы келеді. Олардың
айтуынша биліксіз тіл қабылдаушыға қарағанда мәртебесі төменірек кез
келген сөйлеушімен қолданылуы мүмкін. Оның жынысының әйел болуы шарт емес.
Осылайша гендерлік сәйкестілік өзгергіш және варианттары көп болып келеді.
Осыдан бір жынысқа жататын адамдардың тіліне тән, екінші жыныстың тіліне
қарама қарсы қойылатын ортақтылықтарды табу қиынға соғатыны байқалады.
Азаматтық сәйкестілік – тұлғаның сәйкестіліктерінің бірі.
Тұлғаның мемлекетке қатыстылығын сезінуі.
Жас сәйкестілігі – тұлғаның жастық тобына қатыстылығына байланысты
анықталады.
Кәсіби сәйкестілік – тұлғаның белгілі - бір кәсіпке қатыстылығын
сезінуі. Кәсіби сәйкестілік өзін-өзі сәйкестендіру арқылы анықталады.
Әлеуметтік сәйкестілік – тұлғаның әлеуметке, әлеуметтік топқа
қатыстылығын сезінуі. Өзін әлеуметтік мәртебемен теңдестіруі.
Өзін-өзі сәйкестендіру арқылы анықталады (ерлер, кәсіп иелері, этникалық
топ өкілдері т.б.).
Этникалық сәйкестілік – тұлғаның этникалық топқа тиістілігі.
Сәйкестіліктің ең негізгісі тілдік сәйкестілік. Өйткені қоғамда болып
жатқан өзгерістер бірінші кезекте адамның тілінен көрініс табады.
Әлеуметтік лингвистикалық терминдер сөздігінде тілдік сәйкестілікке
төмендегідей анықтама берілген:
Тілдік сәйкестілік - тұлғаның белгілі – бір тілге қатыстылығын сезінуі.
Тілді\тілдерді білуінен (тілдік құдырет), тілдерді қолдануынан (тіл
практикасы), тілдерге қарым-қатынасынан тұратын индивидтың немесе топтың
тілдік қасиеттерінің жиынтығы. Тілдік сәйкестілікті анықтау үшін жоғарыда
айтылған терминдерге тоқталып өткен жөн.
Тілдік құзырет – тұлғаның өзінің этносының тілін және екінші тілді
меңгеруі. Тілдік құдыретті осылайша түсідіру түрлі халықтар мен этникалық
топтарда түрліше көрініс табады. Ол туралы сипаттылық мәліметтерді халық
санақтарынан алуға болады. Мысалы, Ресей Федерациясында татар, башқыр,
чуваш, хакас оқушыларының тек 15-25%, құмық балаларының 30%, алтай
оқушыларының 50% ғана ана тілінде оқиды. Жауап берушілердің туған тілін
және екінші тілді меңгерулері туралы бағалауларына сүйенген бұл көрсеткіш,
тек тілдердің әлеуметтік негізінің сандық параметрлерін ғана анықтауға
мүмкіндік береді. Олар тілдердің даму динамикасы және тілдерді меңгерудің
салыстырмалы көрсеткіші [2, 330].
Тіл практикасы - белгілі коммуникациялық контекстегі бар тілдердің
ішінен тілдерді таңдау моделі.
Жалпы, тіл тек коммуникация құралы ретінде бейтарап өмір сүрмейді. Ол
әлеуметтік және нышандық мағынаға ие. Бұл тіл топтық сәйкестілікпен
этникалық байланыстардың негізгі қорғану құралы ретінде қызмет ететін көп
тілдік қоғамдарда айқын көрінеді. Тіл этникалық, азаматтық және мемлекеттік
сәйкестіліктердің нышандық элементі ретінде өте маңызды рөл атқарады.
Мемлекеттілікті құрастырудағы тілдің рөлі өскені соншалықты,
ұлттықмемлекеттік тілдің болмауы мемлекеттіліктің өзіне күмән туғызады. Ал
мемлекеттік тілді білмеу азаматтық қатыстылыққа күмән туғызады. Сонымен
қатар, тілдер әлеуметтік және саяси үстемдіктің нышаны ретінде танылады.
Тұлғалар өздерін белгілі-бір әлеуметтік топтармен сәйкестендіреді. Ол топқа
қатыстылығы сол топпен байланысты жағымды немесе жағымсыз бағаны сезінуімен
ұштасады. Кез-келген сәйкестілік белгілі дәрежеде анықталған бір тілмен
немесе тіл вариантымен байланысты болады.
Жиынтық сәйкестіліктер ішіндегі негізгі сәйкестіліктермен (әлеуметтік,
саяси, мәдени т.б.) байланысты тілдер де бағалырақ және даму жағынанда да
алдыда болады. Бұл нышандық басымды топтың тілі табиғатынан сапалы тіл
болып қабылдануына әкелуі мүмкін. Мысалы ресми тіл миноритар тілдерге
қарағанда бағалырақ және белгілі әлеуметтік қызметтер атқаруға арналған тіл
болып табылады.
Сондықтан тілді таңдау әлеуметтік акт болып табылады. Тіл таңдау арқылы
тұлға өзін белгілі әлеуметтік топпен сәйкестендіргісі келетінін көрсетеді.
Тұлғалар тілдік репертуарындағы түрлі элементтерді қолдану арқылы өздерінің
әлеуметтік сәйкестіліктерінің белгілі аспектілерін ерекше белгілейді
немесе төмендетеді. Мысалы, кейбір жағдайларда адам өзінің этникалық
қатыстылығын ерекше көрсету үшін этникалық тілді(мыс, қазақ) қолданады.
Басқа жағдайда сол адам қалалық космополит болғысы келгендіктен, орыс тілін
таңдайды.
Тіл таңдау арқылы адам әлеуметтік шындықты жасай отырып, сәйкестілікті
жасап шығарады. Тіл таңдау ол тек бар тілдік сәйкестіліктердің біреуіне
тоқталу емес, ол сол сәйкестілікті жүзеге асыру.

1. 2 Жасқа байланысты тілдік сәйкестілік

Қазіргі психологиялық ғылымда сәйкестілік мәселесі мен оның әр түрлі
аспектісі (динамикасы, құрылымы, түрлері, т.б.) ең маңызды мәселелердің
бірі болып табылады. Орыс тілінде сәйкестік термині жиі қолданылмайды
және ол көбінесе тепе - теңдік мәні ретінде қолданылады., бірақ Э.
Эриксон ұқсастық деп жеке тұлғаның бүтіндігі мен толассыздығын
көрсетеді. Сәйкестіктің қалыптасып, пайда болуы оның дамуында маңызды
мәселе болып табылады.
Э. Эриксон невроз кезінде мен тұрақсыздығы клиникалық сараптамасына
қосылмастан, өзінің сәйкестік теориясын шығарады. Сәйкестік феноменінің
маңыздылығының Эриксонға екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
психотерапиялық тәжірибе жүргізуден мәлім болды. Оның пациенттері бейбіт
өмірге оралған солдаттар болды. соғыстың бар ауыртпалығын көтерген олар
бейбіт өмірде невроз ауруыменм ауыратындар еді. Пациенттерде мынадай
белгілер байқалды: қорқыныш сезім, қобалжу, оңашалану. Эриксонның
пікірінше, бұл белгілердің жиынтығы сәйкестікке тән. Мұндай неврозды
белгілердің себебін Э. Эриксон жеке тұлғаның өмір сүруінің әлеуметтік
ееркшеліктерінен байқады. Солдаттар әскер қатарында болғанда қоғамда нақты
бір орынға айналып, әлеуметтік қосылып, тұрақты мақсат пен бағалау
жүйесіне, арнайы қабілеттер мен жеке қасиеттерге ие болып, әскери
міндеттерін атқарды. Соғыс аяқталғаннан кейін солдаттар жаңа әлеуметтік
қарым – қатынасқа түсіп, қоғамда әскер өмірден кейін жаңа орын табуы керек
еді. Басқа сөзбен айтқанда, солдаттардың ескі сәйкестікті жаңа сәйкестікпен
алмастыруы керек болды. Мұндай қайта құру процесі невроздық жағдайға
әкелді. Мұны Э. Эриксон кірігу немесе сәйкестіктің эжоғалуы деп көрсетті.
Э. Эриксон әлеуметтік – психологиялық механизмдер мен сәйкестіктің
қалыптасу амалдарын адамның өсу процесінде зерттеді. Адамның туғанынан
бастап кәрілік шағына дейінгі өмірінде орын алатын сегіз деңгейді бөле
отырып, адамның даму сызбасын құрды. Өз үлгісінде Э. Эриксон эмбриологиядан
алынған эпигенетикалық принципке негіздеді. Дамудың әр деңгейі алдағы
эволюцияны шештін кезеңдерден тұрады.
Сәйкестік субьектіде өзінің Менін тұрақтандыру және толассыздану
сезімін туғызады, бұл адамның өсіп, даму процестердегі өзгерістерден тыс
пайда болады. Сәйкестіктің бір формадан екінші формаға ауысуы сәйкестіктің
тоқырауын тудырады. Сәйкестіктің алғашқы бүтінделген формасы жасөспірім
кезеңде қалыптасады. (Э. Эриксон жасөспірімдердің жасын жеке бөлмейді). Бұл
кезең өмірлік тоқыраудың ең қиын кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кризиске
дамудың үш кезеңін қарастырады: қарқынды өсу және жыныстық жетілу;
эмоционалдық тұрақсыздық және мен басқалардың алдында қалай көрінемін,
мен қандаймын деген ойлардың басым болуы; қоғам талаптарына және тұлғалық
мүмкіндіктеріне сай өзінің мамандандырылған дәрежесін табу қажеттілігі;
Э. Эриксон бойынша, жасөспірімдік кезең сәйкестілік тоқырауы
процесінің айналасында құрылады, ол әлеуметтік және жеке тұлғалық
таңдаулардын, сәйкестік пен өзіндік анықтаудан тұрады. Егер жасөспірім бұл
мәселелердің шешімін таба алмаса, онда оның бойында негізгі 4 сызық бойынша
дамитын әлсіз сәйкестілік қалыптасады:
1. Психологиялық жақындықтан, өте жақын тұлғааралық қатынастан
қашықтау;
2. Уақыт сезімін әлсірету, өмірлік жоспар құра алмау, үлкею мен
өзгерістерден қорқу сезімі;
3. негативті сәйкестілік қалыптастыру, өзіндік анықтамалар
жасауданг бас тарту және жағымсыз тәртіпті таңдау;
4. Өндірістік, шығармашылық мүмкіндіктерін әлсіреті, өзінің өзінің
ішкі ресурстары мен белгілі бір қызметті жасай алмау қабілеті.
1996 жылы Канада зерттеушісі Джеймс Марша сәйкестіліктің дамуының 4
деңгейін бөліп көрсетті, бұлар жас адамның мамандық ,діндік және саяси өзін
- өзі анықтау дәрежесімен өлшенеді.
1. Анықталмаған әлсіз сәйкестілік - яғни индивид нақты пікір айта
алмайды, мамандық таңдамаған және сәйкестік тоқырауын ұшырамаған.
2. Жедел, алдын – ала пайда болған сәйкестілік, егер индивид
белгілі бір қатынас жүйесіне қосылғанда, бірақ бұл процесс өз еркінсіз,
яғни басынан кешірген тоқырау немесе сын нәтижесінде, біреудің атағы мен
пікіріне сүйене отырып қосылғанда, белгілі бір орынғңа ие болады.
3. Моратория деңгейі, мұнда индивид нормативті тоқырау
анықталуының процесінде, дамудың бірнеше варианттарының өзіне қажеттісін
таңдап алуы.
4. Толық жетілген сәйкестілік бұл деңгейде кризис аяқталған,
индивид өзін - өзі іздеудекн тәжірибелік өзін - өзі қалыптастыруға көшеді
[3, 2-3].
Жасөспірімнің сәйкестілігі анықталмаса, ол моратория деңгейінен
бастап, содан кейін толық жетілген сәйкестікке көшеді, ал кей жағдайларда
әлсіз сәйкестілік деңгейінде немесе жедел алдын – ала пайда болған
сәйкестілік деңгейінде қалып қалады да, белсенді таңдау мен өзіндік
анықталудан бас тартады. Сонымен қатар толық жетілген сәйкестілік ұғымы
және оның критерийлері бірізді емес, себебі тұлғалық даму ерекшеліктері
көптеген факторларға байланысты болады. Сәйкестілікті қалыптастыруда
әлеуметтік ортаның маңызы зор. Біздің елімізде бұл соңғы онжылдықтағы
әлеуметтік жағдайдың бірден өзгеруіне байланысты, адамдардың
сәйкестілігінің өзгеруі, жасөспірімдер сәйкестілігіне әсер етті.
Жасқа байланысты тілдік сәйкестілікті анықтауда маңызды орынға ие
болатын құбылыс – инцесстік мінез – құлықты анықтау болып табылады. Ұғымның
өзі негізінен психологиялық зерттеу аясында жүзеге асады. Ғалымдар
зерттеулерінде жасөспірім сәйкестілігін анықтайтын басты критерий –
инцесстік сәйкестілікті зерттеу.
Инцесстік мінез – құлық, қоғамда бірнеше ғасырлар бойы талқыланып
келе жатқан құбылыс, қазіргі таңда бұл зерттеушілер үшін балалардың
сексуалдық қиянатының бір формасы ретінде қаралып отыр. Әлі күнге дейін
мұндай мінез – құлықтың механизмі туралы нақты интегралдық көзқарастар жоқ.
Сонда да көптеген феноменологияның инцесті мінез – құлыққа негізделген
теориялық концептілерге сүйене отырып, тұлғаның осындай әрекетіне қатысу
ерекшелігіне назар аударған жөн [4, 5] .
Қазіргі клиникалық әдебиеттерде суреттелетін инцестік мінез –
құлықтың негізгі паттерні – отбасы ішіндегі дисфункция жағдайы болып
табылады. Мұнда ата – ананың біреуі балаға әлеуметтік жағынан жақын болады
да, ата – ана мен бала арасындағы шекара минимицацияланады және балалар
сексуалдық қарым – қатынасқа да отбасы ішіндегі жұптардың біреуінің жағдайы
сияқты болады. Мсыалы, әкесі отбапсында басым билікке ие болады да, сондай
дәрежені ұстап қалу үшін басқа да отбасы мүшелерінің сексуалды бағынуы да
қажет болады. Мынадай жағдайлар да кездеседі, ата – аналардың билігі
басымдары баланы сексуалды әрекетке баулыған кезде құрбан болып отырған
адамның жағымсыз эмоциясымен байланысты когнитивті қателікті бастан
кешіреді. Тұлғалық бағытталған теория қатарына үлкен адамның инцестік
қатынаста өз баласымен қарым – қатынасын көрсеткенде, ертеректе бастан
кешірген сексуалдық тәжірибемен байланысты өзі үшін позитивті эмоционалды
қалыпты қалыптастыратындығына көп көңіл бөлінеді.
ВИД әдісін қолдану арқылы жүргізілген зерттеулер барысында Мен –
концепциясына бағытталған сараптама компоненттері жас мөлшерлік
сәйкестілік пен басқа да көптеген психологиялық әдістермен байланысты. Мен
концепциясы мен Мен образы жас мөлшерлік сәйкестіліктің жас мөлшерлік
механизмі мен сәйкестігі болып табылады. Жас мөлшерлік сәйкестілік
дегеніміз – тұлғаның белгілі бір жас аралығындағы психологиялық мінез –
құлқын өзгертіп, психологиялық тұрғыдан ретке келтіріп – психологиялық –
тұлғалық қасиеттерін ашуы. Сәйкестілік өзекті жағдай, өмір жолында мен –
бүтіндігін бастан кешіру.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, зерттелушілердің өзіндік санасы көп
жағдайда инфонтивизм шегінде суреттеледі. Онда тұлғаның әлеуметтік ролі,
отбасылық жағдайы, индивидтің дәрежесі көрсетілсе, екінші жағынан, -
тұлғааралық қатынастың когнитивті компонентінің бұзылуы көрінеді де, тепе –
теңдік психологиялық өсіп – жетілу кезінде детерминацияланады. Жеке
тұлғалар жас мөлшері жағынан дифференциациялық қиындықтарды басынан
кешіреді, сонымен қатар мінез – құлықтық паттернді белгілі фактор ретінде
қаралады.
Осылайша жас мөлшерлік сәйкестік бізді маңызды әлеуметтік құбылысты
қалыптастыруға әкеледі.
Қазіргі заманның ерекше белгісі ретінде адам феноменінің мәнімен
байланысты сауал жасқа қатысты қызығушылық болып табылады, ол адамға
ғылымды үйреткен қызығушылықтар аймағының кеңеюі мен дамуында шықты.

2 ТІЛДІК ҚАСИЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН - ӨЗІ
СӘЙКЕСТЕНДІРУІ

2. 1 Оқыту тілін таңдау

Тәуелсіздік алғаннан бері сәйкестілік туралы мәселелер посткеңестік
мемлекеттерде тек қоғамдық пікірталастардың нысаны болып қана қойған жоқ,
сонымен қатар ауқымды ғылыми ізденістерге де негіз болды [5, 65].
Cоциолингвистикалық терминдер сөздігіне сүйенсек, сәйкестілік ұғымы
социолингвистикада тұлғаның анықталған этноспен, ұлтпен, тілмен
теңдестірілуінде түсіндіріледі [6, 46]
Әлеуметтік және этникалық топпен сәйкестіктікте, Г. И. Исимбаева
атап көрсеткендей, жекелеген түрде күрделі процесс болып табылады,
индивидте айқын және жасырын сәйкестік болуы мүмкін, ол әр түрлі
негіздердің әсерімен табылады [7, 20].
Сәйкестіліктер қақтығысы туралы маңызды дискуссиялық сұраққа жауап
беруге тырысу, өзінің автохтонды мәдениетіне деген күн санап өсіп келе
жатқан қызығушылықтарды түйсіну мен мойындаудың қажеттілігі және ана тілге
біздің республикамызда этникалық сәйкестілікті сақтаушы құрал ретінде қарау
өте маңызды деп атап көрсетеді Н. Ж. Шаймерденова, жаңа егеменді
мемлекеттің полиэтникалық құрамы ұлттық саясатта оның күші бола алса, бірақ
ұлтаралық қақтығыстар кезінде әлсіздіктің нүктесіне де айналуы мүмкін.
Ғалымның атап өткеніндей, қазіргі кезде біздің республикамызда екі жақты
процесс жүріп жатыр, бір жағынан, ұлтаралық қарым – қатынас аясын
кеңейткен, әр түрлі этникалық және әлеуметтік топтардың бір интеграциялық
және өркениеттік процестерге жұмылған, ақпараттық байланыстардың даму
процесі, екінші жағынан, жоғары дәрежеде барлық ұлт өкілдерін өздерінің
ұлттық, мәдени және тілдік сәйкестіктерімен түйсіну [8, 270].
Республикамызда өмір кешіп жатқан әр түрлі ұлттардың тілдік
сәйкестігі туралы статистикалық мәліметтер көптеген ғылыми әдебиеттерде
көрініс тапқан, бірінші кезекте, 1999 жылы жүргізілген санақтың
нәтижелерінің арқасында біз тілдік сәйкестіктер туралы хабардар бола аламыз
[9,86]. Жалпыхалықтық санақтың қорытындысында этникалық, мемлекеттік, орыс,
ағылшын, неміс, француз және түрік тілдерін білуі туралы сауалнама
Қазақстанның әрбір аумақтарында, қалалық және ауылдық жерлерде тұратын
ұлттық топтарға олардың этникалық, гендерлік ерекшеліктеріне байланысты
жүргізілді. Бұдан бұрын, ең бірінші рет мемлекеттік тілді толық меңгеруі
туралы мәліметтер алынды, олар мынадай критерийлер қатары бойынша
айқындалды: білемін, аздап білемін, білмеймін, үйренемін. Бұлардың барлығы
да мемлекеттік тілге қатысты сауалнаманың сұрақтары бойынша сараланды.
Республикадағы қостілділіктің айқын сипат алып отырғандығы – қазақ -
орыс қостілділігі және ұлттық – орыс қостілділігі. Көптеген түркі тілдес
(азербайжан, күрді, түрік, өзбек, ұйғыр) этностарға ұлттық – қазақ – орыс
көптілділігі тән. Татарлар, башқұрттар, дұнғандар мен шешендер бұлайша
топтастыруда аралық орындарға ие.
Жоғары деңгейде тілдік сәйкестілігіне ұлттық – қазақ қостілділігі
тән болып келетін тәжік ұлтын айрықша атап өтуге болады.
Біртілді ұлттардың арасында жоғары дәрежеде бәрінен бұрын Кавказ
халықтарын қоспағанда, славян тектес (белорус, поляк, украин) ұлттар,
сонымен қатар армяндар, гректер, еврейлер, кәрістер, немістер, молдавандар
және мордва, удмурт, чуваш ұлтының өкілдері белсенді орын алады.
Жоғарыда көрсетіліп кеткен ұлттардың тілдік сипаттамасының типтері:
а) сол ұлттардың бірігіп қоныстануының аймақтық ерекшеліктеріне қарай; ә)
қалалық және ауылдық жерлерге қарай; б) респонденттердің жыныстық
ерекшеліктеріне қарай, яғни гендерлік бөлінісіне қарай және олардың, ең
бастысы білімдеріне қарай шоғырланатыны айта кеткен жөн. Қазақстан
Республикасында тұратын әр түрлі ұлттар өкілдерінің ұлттық тілдерін
меңгерудегі сәйкестіктері мынаны көрсетті: ана тілін білу мен оны қолдану
сол ұлттардың өкілдерінің нақты білімінің және білімнің қолдануының айғағы
болып табылмайды, ол тек қана этникалық сана – сезімге байланысты болуы
мүмкін екен.
Саясаттанушы Б. Әбдіғалиевтің айтуына сүйенсек, Қазақстандықтардың
көпшілік бөлігі ана тілін негізгі ұлтты жітеуші (этнодифференциалдық)
фактор ретінде тұтынады екен, бірақ статистикалық мәліметтер
респонденттердің өздерінің дербес қалауларына байланысты екендіктерін
көрсетеді. Барынша обьективті және фактілік критерий болып ана тілін
меңгеру және қостілділікті және көптілділікті меңгеру деп тұжырымдайды
зерттеуші [10, 103].
Адамдардың және қоғамның этникалық сана – сезімінің қалыптасуында А.
Орысбаев пен А. Құлжабаева тұтасымен үш бөлімді бөліп қарастырады:
1) Тіл этникалық сана – сезімнің маңызды индикаторына айнала
отырып, этникалық сәйкестікті түйсінуде приматтық болып табылмайды,
2) индивидтің және этникалық топтардың коммуникативтік функциясын
атқара отырып, тіл өзін адамның ұлтқа тәуелділігінің репрезентант екендігін
көрсетеді,
3) бөтен тіл жергілікті автохтонды тілді ығыстырып, елдің аймағынан
шығарып тастай отырып, индивидтің және қоғамның ана тіліне айналады, тілдік
қақтығыстарға, тілдік қарама - қайшылықтарға бармай – ақ, ана тіл
қолданылуының кез – келген шеңберінде коммуникациялық құрал ретінде қызмет
атқарады [11, 190-198].
Жоғарыда аталып кеткендей, орыс тілін еркін меңгерген және осы тілде
сөйлей алатын қазақтардың саны 75 пайызды құраған, шындық өмірде одан да
көп екенін мойындамасқа болмас. Мұның жанама дәлелі әл – Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті студенттерінен алынған анкеталық сұрақтар болып
табылады, ұлты қазақ студенттердің басым бөлігі (тіпті түгел дерлік) өз ана
тілдері ретінде этникалық қазақ тілін атаған, олардың арасында қазақ тілін
жақсы, өз деңгейінде білмей тұрса да, ұлттық сәйкесттіктерге байланысты
солай істегендері бар. Өйткені қазақ ұлтының өкілдері болып табылатын
студент жастар орыс тілінде сөйлеп, сол тілде араласатын ортасымен қарым –
қатынасқа түссе де, ұлттық сана – сезімі, тілдік сана – сезімі қазақ
қалпында қала береді. Адамның санасындағы тілдік код ол туғанынан бастап,
өзге тілде сөйлей бастаса да ұмытылмайды. Бұл, бір жағынан,
психолингвистикамен тікелей байланысты құбылыс. Сонымен қатар осы жерде
қазақтардың ұлттық сәйкестігіне байланысты, қазіргі кезде ұлттар мен
диаспоралардың арасында орын алып отырған жағдайдың психологиялық фактор
болып табылатынан айта кеткеніміз жөн, сауалнама кезінде студенттер ерікті
және еріксіз, саналы немесе санасыз түрде этникалық тілді меңгеру
дәрежесіне үлес қосқан. Е. Ю. Протасованың жазғанындай, тіл сәйкес келуі де
мүмкін, сәйкес келмеуі де мүмкін, мұндай оқиғалар тарихта көп орын алған,
сондықтан адамдардың белгілі бір ұлтқа және тілге тәуелділігін естен
шығаруға болмайды. Тілдің ықпал етуінің ерекшеліктері, ана тілге деген
қарым – қатынас және осы аталған терминнің өзі көп кездерде дау тудырып
жатады. Ана тілі деп, ең алғашқы үйренген және ең маңызды болып табылатын,
барлығы керемет жақсы білетін, онымен өзін жеңіл сәйкестендіруге болатын
тілді атайды [12, 13-14].
Қазақстандық орыстар өздерінің этникалық сәйкестіліктерін сақтай
отырып, байланысып жатқан ұлттардың тілдік әсерлеріне аз ұшыраған, мұның
өзі тарихи мұрагерлікке байланысты, орыс тілін білмейтін ұлттар орыс
тілінің үстемдік құруына байланысты орыс тілін үйренуге тиісті болған,
орыстар болса, ереже бойынша әлеуметтік, қоғамдық және мәдени тұрғыда басқа
тілдердің қажеттілігін сезбеген, өйткені басқа тілдер тарапынан
қажеттіліктер тумаған.
Әр түрлі жастағы респонденттерден сауалнама жүргізу барысында өзін -
өзі ұлттық сәйкестендіруге байланысты, оның ана тілімен, туған тілімен
қарым – қатынасына байланысты сұрақтар алынды [13, 82-96].
Этникалық өзін - өзі сәйкестендірудің тұрақты позициясының фонында
сұралғандардың басым бөлігіне сауалнама жүргізу барысында жазылып алынған
басқа тілдерді өз ана тіліндей құрметтейтіні жайлы да жауаптар қызықтырады.
Көптеген адамдар өздерін осылайша басқа тілдермен сәйкестендіреді екен.
Мәселен, ұлты неміс бір адам қазақ тілін ана тілі ретінде санйды және өзі
қазақтанушы ғалым болып шықты. Оның отбасы 1941 жылы соғыс басталған кезде
Германиядан жер аударылып келген және бір белгісіз қазақтың ауылына
түсірілген. Сонда ол қазақ балаларымен емін – еркін араласып, олармен бірге
ойнап, қазақ тілін өз ана тіліндей үйреніп алған. Бұл отбасынан шыққан үш
адам қазақ тілі саласында қызметтер атқарады екен. Әрине, орыс тілін отбасы
мүшелерінің меңгеру, білу деңгейі жоғары, бірақ қазақ тілін білгенге
жетпейді.
Алматы қаласында туып - өскен ұлты қазақ бір азамат өзін қазақ
ретінде сәйкестендіреді, алайда ана тілін орыс тілі деп атаған. Ол мұның
мәнісін өзінің туғаннан орыс тілінде сөйлегенімен, қаладағы орыс тілді
ортаның әсер етуімен және мектепке дейінгі мекемелерде (балабақшада)
тәрбиенің орыс тілінде жүргізілуімен, сонымен қатар мектепте университетте
де орыс тілінде жүріп – тұрғанымен байланыстырады. Профессор Э. Д.
Сүлейменованың сөзіне қарағанда, бұқаралық сауалнама жүргізу барысында
мәдени басымдылық әлі орыс тілінде тұрған сияқты, сонымен бірге қазақтардың
аз мөлшері 0, 8% көрсеткіште орыс тілін өздерінің ана тілі ретінде
есептейді екен [14, 15-25].
Біздің ойымызша, көпұлтты қоғамдағы әр түрлі ұлттардың өкілдерінің
этникалық сәйкестігінің білдірілуінің индикаторы оның мектепте немесе ЖОО –
да оқу тілін таңдауына да қатысты болуы мүмкін.
Тұрғылықты орнына қарай миноритарлық және біртектес болып табылатын
аймақтардағы мектептер бір тілде сабақ жүргізеді, көптеген ата – аналар
тілін білсін деген ниетпен әрі ана тіліне деген құрметпен өз балаларын
ана тіліндегі мектептерге сабаққа беруге ұмтылады. Мәселен, орыс пен тәжік
диаспоралары көп шоғырланған Оңтүстік Қазақстан облысында 200405 жылы
80,283 бала мектепті ана тілінде бітіріп шыққан, 6903 тәжік ұлтының
өкілдері де ана тілдерінде білім алған.
Әр түрлі ұлттардағы жастардың ЖОО – ға түсу кезінде қазақ немесе
орыс тілдлерінің бірін таңдауы жастардың шыққан ортасына қарай тілдік
басымдылықпен де байланысты болып келуі мүмкін.
Сонымен қатар соңғы екі жылдың мектеп бітіруші түлектерінің ЖОО – ға
түсу кезінде қандай тілді таңдағандары статистикалық мәліметтерден белгілі
болып отыр. Бұл мәліметтерге сүйене отырып, біздің байқағанымыз Қазақстанда
тұтастай алғанда, жастар қостілділікке ие , яғни олар қазақша – орысша және
орысша – қазақша тілдерді басқаларына қарағанда, жетік меңгерген.
ЖОО – ға түскеннен кейін жастар студенттік микроәлеуметтік қоғам деп
аталатын орта қалыптастырады, ол жастар ортасындағы ең жоғары білім
деңгейімен, демографиялық және әлеуметтік біртектіліктің маңызды
деңгейімен, коммуникативтік байланыстың ауқымдылығымен, уақыт пен кеңістік
бойынша тұрақтылығымен, бұдан басқа екі тілдердің басым қолданысымен, яғни
топтық қостілділікпен сипатталатын, алайда индивидтердің тілдік дәрежесінің
аса бірдей еместігімен ерекшеленеді [15, 403-409].
Осыған, яғни студенттік ортадағы қостілділіктің таралу
ерекшеліктеріне және оның экстралингвистикалық факторларға қатыстылығына
байланысты тест пен анкета тәсілдері қолданылған социолингвистикалық
зерттеулер жүргізілді. Тестілеу анкеталау әдісімен қатар
социолингвистикалық ақпараттарды алудың ең бір тиімді тәсілі болып
саналады. [16 ].
Студенттік ортадағы және оның экстралингвистикалық факторларға
тәуелділігінде студенттік ортада қостілділіктің таралу ерекшеліктеріне
қатысты нағыз социолингвистикалық зерттеулер үшін тестілеумен қатар
анкеталық тәсілдер де қолданылады [17, 222-228].
Әр түрлі бағыттағы ғылыми зерттеулердің ортасында соңғы жылдары
ереже бойынша жиі – жиі тілдік тұлға тұратын болды. Ю. Н. Карауловтың әділ
және эмоционалды ескерткеніндей, тілді оның шегінен шықпай, оның
жаратылысына назар аудармай, иелеріне, сөйлеушісі – адамға, нақты тілдік
тұлғасына қарамай, өз - өзінен тану мүмкін емес. Тілдік тұлға – бұл тілдің
анализі мен суреттеуін көрсететін сәулелі идея, тілді зерттеудің барлық
аспектілеріне бойлай енеді және бір мезгілде адамды оның тілінен тыс
қарастыруға болмайды деген пәндер арасындағы шегараларды жоққа шығарады
[18, 3-7].
Тілдік тұлғаны феномен ретінде зерттеудің өзектілігімен байланыста
жеке респонденттерден сөйлеу түрінде сұхбат алу тәсілі қабылданған, ол сол
адамның тілдік биографиясын түсіндіру, тілдік приоритеттерге әсер етеін
факторларды түсіндіру, өзінің этникалық сәйкестігін, ақыр аяғында – тілдік
тұлғаның сөйлеу бейнесін жасау мақсатында қолданылады [19, 368].
В. А. Звегинцевтің жазғанындай, социолингвистикада зерттеу нысаны
тіл болған сайын, ол лингвистикалық зерттеулерде жүргізілетін әдістердің
кең түрін пайдалауға міндетті [20,312]. Социолингвистикалық мәліметтер
сондықтан тілдік сәйкестікті анықтау үшін ең бастысы, зерттеулер жүргізілу
керек екендігі көрінеді. Қазіргі кезде Қазақстандағы тілдік жағдайды
анықтау үшін арнайы құрылған зерттеушілер тобы көптеген жерлерге
сауалнамалар жүргізіп, олардан түскен деректерге қарай жастардың, қазіргі
Қазақстан қоғамының тілдік сәйкестігін анықтап беріп отырады.
Астана қаласында жүргізілген социолингвистикалық зерттеулер
(Ағманова 2001, Шаймерденова 2003, Досмұхамбетова 2002 және басқалары) оның
жедел өзгерген демографиялық және саяси мәртебесімен байланысында қазақстан
социолингвистикасының дамуына да үлес қосты. Зерттеуші А. Е. Ағманова [21,
19-26] 2001 жылы білім беру саласы мен мемлекеттік қызмет аясындағы тілдік
жағдайды зерттеу, әлеуметтік – психологиялық және демографиялық факторлар
мен шарттардан мемлекеттік тілді қолдану мен меңгеру процесіне қатыстылығын
көру мақсатында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің
1-2 курс студенттеріне және мемлекеттік қызметкерлер – қазақ тілін жедел
оқыту үшін ұйымдастырылған Республикалық орталықта тыңдаушылар арасында
анонимдік анкеталық сауалнама жүргізген. Анкетада тілді пассивтік меңгеру
деңгейін көрсететін мынадай формулалар пайдаланылған: тек сөздікпен ғана,
не айтқанын ұғамын, бірақ сөйлей алмаймын; не айтып тұрғанын түсінемін,
ойымды қиналып жеткіземін. Ал белсенді меңгергендерге арналған – еркін
сөйлей аламын, оқимын, бірақ жаза алмаймын; еркін сөйлеймін, түсінемін,
оқимын және жазамын; сонымен қатар тілді білмеу де ескерілген: мүлдем түк
білмеймін.
Болашақта қазақстандық зиялылардың қатарын толықтыратын және өз
өмірлерін тұрақтылыққа, қоғамның тыныштығына бағытталған демократиялық жаңа
өзгерістерге лайықтап құратын білім алып жүрген жастардың арасындағы
қостілділіктің таралуын зерттеу қазіргі кездегі елдегі жүргізіліп жатқан
тілдік саясаттың тиімділігі бойынша нақты критерийлер болып табылуы мүмкін.

Сонымен сәйкестілік әлеуметтік практикада және идеологияда (тілдің
әлеуметтік рөліне, тілдерді қолдану мен үйренуге қарым-қатынастар мен көз-
қарастар ) көрініс табады, соның ішінде тіл практикасында. .
Тілдік сәйкестіліктің біз қарастыратын түрі жас ерекшелігіне байланысты,
дәлірек айтқанда, студенттердің тілдік сәйкестілігі.
Жоғарыда атап өткендей, жас сәйкестілігі деп тұлғаның жастық тобына
қатыстылығына байланысты анықталатын сәйкестіліктің түрін айтамыз.
Жастық мөлшерленуі бойынша сөйлеуші уақыт өте келе өзінің сөйлеу әрекетін
өзгертеді. Ал осы өзгерістер келесі ұрпақта көрініс табады. Мысалы орта
жастағы қалалық қостілді қазақтар қазақ және орыс тілін қолданса, ұлғайған
шағында ана тіліне көшеді.
Осыған байланысты тілдік сәйкестілікті жас ерекшеліне байланысты зерттеу
қажеттілігі туады. Өйткені әр жастық топқа кіретін тұлғалардың өзіндік
тілдік ерекшеліктері болуы сөзсіз.
Студенттер қоғамның ерекше әлеуметтік тобы. Қоғамда болып жатқан
өзгерістердің барлығы студенттерге әсер ететіні сөзсіз, ал ол өз кезегінде
олардың тілінен көрініс табады.
Студенттердің қоғамдық – саяси және әлеуметтік өзгерістер туралы
пікірлерін анық білу үшін сауалнама жүргізудің басым үлес алатындығын
айтпай кетуге болмас. Біздің қарастырып отырған мәселеміздің өзі теорияны
практикамен ұштастырғанда ғана жүзеге асатын процесс. Студенттердің тілдік
сәйкестілігін анықтау үшін, тілдік құзіреттілігіне баға беру үшін анкета
тәсілінің тиімді екенін жоғарыда айттық. Әлеуметтік лингвистика аясындағы
зерттеулерді саралауға, талдау жасауға таптырмайтын бірден – бір құрал
сауалнама жайлы Э. Д. Сүлейменова анкета, сауалнама – опросный лист,
вопросник, основной инструментарий Опросадеп берілген.
Респондент – сауалнамадағы сұрақтарға жауап беруші, сыналушы тұлға.
Респондент ұғымын интербьюрер, информант терминдерімен мағыналас, мәндес
десе де болады.
Студенттердің тілдік сәйкестілігі сауалнама жүргізу арқылы айқындалды.
Бұл сауалнама Э.Д. Сулейменова, Н.Ж. Шаймерденова, Ж.С.Смагулова сияқты
қазақстандық ғалымдармен INTAS Новая языковая идентичность в
трансформирующемся обществе: Казахстан, Киргизстан, Таджикистан,
Узбекистан жобасы бойынша дайындалған [22].
Сауалнама төрт модульдан тұрады: 1) жауап беруші туралы қысқаша
мәлімет; 2) қалыптасып жатқан мемлекеттік және азаматтық сәйкестіліктерге
қатыстылығы; 3) тілді\тілдерді меңгеру дәрежесі және этникалық
сәйкестілікке қатыстылығы; 4) тілдік сәйкестіліктің индикаторы ретіндегі
жауап берушілердің тіл практикасы Сауалнама 48 сұрақтан және жүйелі жазба
ретінде берілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау
Телерадио саласындағы тілдік сәйкестіліктің көрінісі: социолингвистикалық талдау
Аудио оқыту құралы ретінде
Қазақ бөлiмiнде оқитын студенттердiң тiлдiк санасындағы неологизмдердiң идентификациясы (психолингвистикалық талдау).
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері
Қарым қатынастың интеракциялық жағының сипаттамасы
Оқытушылар МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ психологиялық ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін айқындау
Пәндер