Италия экономикасының «Ғажайып даму» кезеңі



Кіріспе

І.ТАРАУ. ИТАЛИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Италияның өнеркәсіп салаларында қайта кұрулар
1.2 Италияның ауыл шаруашылығының дамуы

ІІ.ТАРАУ. ИТАЛИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ «ҒАЖАЙЫП ДАМУ» КЕЗЕҢІ
2.1 Италияның экономикалық модернизациялануы
2.2 Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігі

ҚОРЫТЫНДЫ
Сілтемелер тізімі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республпкасының президенті Н.Ә.
Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа жолдауында біздің мемлекеттің дамыған 50
мемлекет қатарына кіру бағыты ұсынылды. Еліміз өз дамуында, осындай батыл
жоспарды қойып отырған кезеңде, алдымызда тұрған осындай биік белеске
сүрінбей жету үшін тарихшылар өз үлесін қосып әлемдік елдердің дамуын
қарастырып оның сабақтарын алып көрсету қажет. Осындай мемлекенттің бірі
Италия болып саналады. Италия дегенде көз алдымызға тек Бенитто Муссолини
меп Ватикан, опера мен мафия ғана емес сонымен қоса әлемге танымал Фиат,
Аджип, Альфа Ромео сияқты ірі концерндерді елестетеміз. Тәуелсіз
еліміздің экономикасының дамуында маңызда роль атқаратын мұнай газ
секторында да осы аталмыш елдің ірі компаниялары да жұмыс істеп, ал Италия
біздің еліміздің дамуына инвестиция құюшы елдердін алғашқы ондықтың
құрамына кіреді. Мінекей осындай мемлекеттің уақьп пен заман қиындығына
ұшырап биік асулардан өтіп, дамыған елдер қатарына кіру жолы мен оның
сабақтары маңызды деп санаймын.
Қазіргі таңда Италия Еуропалық интеграцияның моторы болып саналатын
мемлекеттердің бірі, әлемнің дамыған сегіз елі (G-8) қатарына кіреді.
Италияның даму жолының өзі ерекше. Екінші дүние жүзілік соғыстан жеңілген
мемлекет болып шыққан Италия небары 10-15 жыл ішінде даму деңгейі жоғарғы
елдер қатарына кірді. Еуропа континентінде маңызды стратегиялық орын алып
отырған ел, өзінде табиғи байлығы, шикізаты аз болғанына қарамастан өзінің
даму жолын дұрыс таңдай білді. Экономикалық қиыншылықтарды ғана емес
сонымен қоса саяси - әлеуметтік дағдарысты жеңе білді. Екінші дүние жүзілік
соғыс қарсаңыңда итальян қоғамын реваншистік фашистік идеялармеи уландырған
нацистік тәрбие мен оның салдарының өзі үлкен қиылшылык туғызды. Соғыс
қарсаңындағы қойылған жалған ұрандар мен мақсаттардан тойған, итальян
социумы соғыстан кейінгі билікке келгсн антифашистік демократиялық
күштердің ұсынған либералды экономика, ортақ Еуропа ұрандарына үлкен
сенімсіздікпен қарады. Егер халық өз болашағына сенбесе, ешбір
экономикалық модель болсын, миллиондаған, миллиардтаған инвести-цияларда
құтқармайды. Міне осындай психологиялық шұңқырға түскен қоғамды, болашаққа
деген үмітін оятып қана қоймай, көздеген мақсат-тардың орындалуына
сендіріп, оның нәтижесі мен жемісін көрсете білудің өзі де маңызды. Бұрынғы
Кеңес Одағының социализм мен коммунизм идеясының дағдарысқа ұшырауы мен
оның зардаптары мен психологиялық салдары Қызыл империя перефериясында
болған дезинтеграциялық процесстермен экономикалық дағдарыстың басты
себепкері болып саналады. Көптеген елдер коммунизм идеясын ұлтшылдық және
діни идеялармен ауыстыруды жөн санап, азаматтық соғыс пен негізсіз
тәкаппарлыкқа алып келуіне кесірін тигізді. Америка Құрама Штатының әйгілі
президенті Дуайт Эйзенхауердің қоғамның жүрегінде ешқандай вакуум болмауы
тиіс, осы вакуумды әрқашанда толтырып отыру қажет, дегеніндей Италия
экономикалық ғажайыбының ірге тастарының бірі болып шынайы, утопиялық
емес идеялардың фашизм идеясының орнын толық басуы деп санауға болады.
Жоғарыда аталған психологиялық шұңқырдың бір адам баласына ғана мен бір
қоғамға әсерін XX ғасырдың 50 жылдары батыс елдерінде қарастырып терең
зерттегені анық.
Ешбір экономикалық ғажайыпты бір адам қолдап жасай алмайды оны бүткіл
қоғам жасайды. Итальян экономикалық ғажайыбының атасы Альчидо Де
Гасперидің айтуы бойынша, мемлекет дамуының басты негізі бұл дұрыс
таңдалған жол, оған жетелей білетін дарынды елін сүйгіш басшы мен қоғамның
сенімі және қолдауы. Еіер осы айтылғанның ішінен бір компоненті жоқ немесе
артта қалса, олда ол едің дамуы тоқтап дағдарысқа ұшырайды.
Итальян тарихынан тағы да нені сабақ етуге болады? Еліміздің дамуы мен
қоғамның дамуына кедергі болып отырған сыбайлас жем қорлық пен
бюрократиялық жойылмайды деушілер аз емес. Менің оларға келтірер дәлелім
өзім қарастырып отырған Италиядан келтіруге болады. Ғасырлар бойы мафия
жеңілмейді, ол мәңг, деген сөз итальян қоғамында қалыптасқан ұлттық
дінге айналған болатын. Алайда Де Гаспери кезеңінде осы аталмыш сөздің
аксиома еместігіне көз жеткізді. Әрине мафиямен күрес осы күнге дейін
жалғасып жатқанымен, ол ұйымның бұрынғыдай мемлекет істеріне толық араласуы
жойылды.
Қазіргі таңда әлем елдерінің дамуыдағы дамыған солтүстік пен артта
қалған оңтүстік арасындағы қайшылықтар Италияда осы күнге дейін өзекті
болып келеді. Әрине қайшылықтар сақталуда, бірақ осыны шешу әлемдік тарихта
алғашқы рет осы мәселені шешу Италияда басталды.
Аталмыш тақырыптың маңызды және оны қарастырудың қажеттілігі, оның
тарихы мен сабақтары біздід еліміздің дамуы үшін маңызды деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталмыш тақырып әлемдік тарихта жақсы
зерттелген. Экономикалық ғажайып тек қана тарихи -экономикалық тақырып
емес, сонымен қоса ғылымның басқа салаларында зерттеу объектісі. Герман
экономикалық ғажайыбы тәрізді, итальян экономикалық ғажайып шетелдік немесе
отандық тарих ғылымында терең зерттелген. Егерде шетелден соның ішінде
басты еуропалық тарихнамада оны экономикалық дамудың бір бағытты ретіндс
қарастырылып оны басқа мемлекеттермен салыстырып отырса және зерттеудің
нәтижелерін экономика саласында тығыз пайдаланып қаншама Америка Құрама
Штаттары сияқты алпауыттың экономикалық саяси көмегінің әсерінен
жүргендігін көрсетсе де Батыстық тарихнаманың бір ерекшелігі онда дамудың
бір жолы деген баға береді. Қырғи қабақ соғысының кезеңі-ндегі
экономикалық дамудан саяси астарын іздеу, оның көп ұзамай дағда-рысқа
ұшырайтындығын болжау біздің отандық (советтік) тарихнамаға тән құбылыс.
Бұл тақырыпты зерттеудегі экономикалық астарын зерттеу болса оның
әлеуметтік мәнін осы күнге дейін зерттеу жүріп жатыр. Егер батыстың
тарихнамасында осы кезеңде маңызды роль атқарған орта немесе кіші Лукез,
немесе интелегенция мен кәсіпкерлердің мәні деп көрсетсе, советтік
тарихнамада жұмысшы немесе шаруаларды бір ауыз сөзбен пролетариаттың рөлі
көп қарастырылады.
Шетелдік соның ішінде итальяндық тарихнамада кеңінен зерттелген. Сол
итальяндық тарих ғылымының өкілі Альфредо Андреоттиді [1] атап өтуге
болады. Ол өз еңбегінде итальян экономикасының дамуын негізінен соғыстан
кейінгі халықтың үлкен еңбегімен байланыстырады, ол Америка Құрама Штатының
рөлін жаза отырып американдық көмек тек қана қаржылай болды. Экономиканың
конкуренция мен дамудың негізгі заңдылықтары бұзылмады деп жазады.
Экономикалық дамудың басты негізі ретінде тарихи әлеуметтік және
өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Италияның Жерорта теңізі бассейнніндегі
№1 ел деген атақ беріп жазады.
Екінші итальяндық тарихшы, солшыл қозғалыстың жанашыры, антифашистік
қозғалыстың өкілі Бериццо Манцокки [2]. Осы кезеңдегі итальяндық дамуының
негізгі мәселелеріне тоқталып, оның қиындықтары мен шетелдік (АҚШ)
экономикалық - қаржылық топтарының саясаты мен оның салдарын терең ашып
көрсеткен. Альфредо Андреотти эконо-микалық дамудың тек қана жақсы жағын
көрсетсе, Манцокки екі жақты қарастырады, алайда солшылдық пен
антиамерикандық бағыт басымдылық білдіріп тұр. Сонымен қоса сол кезеңдегі
Еуропалық интеграцияның алғашқы қадамдарын ондағы Италияның рөлін
қарастырып, болашағын болжайды. Екі итальян тарихшысын салыстыра отырып
екеуі екі саяси полюстың өкілі деп атасақ та, екеуін біріктіретін бір
мәселе ең бірінші орынға лайықты деп қорытындылайды. Кеңестік тарихнамада
бұл мәселемен Васильков Н.П. [3], Колосов Л.С [4], Покровский А.Н [5] және
В.П Чураковты [6] атап өтуге болады.
Васильков Н.П өз еңбегінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының
тенденциясын қарастырады, сонымен қоса экономикалық дамуын да жан - жақты
қарастырады. Еңбегімнің бірінші тарауында сыртқы фактордың ауыл
шарушылығына әсерін қарастырады, екінші тарауында эконо-миканың басқа
саласына токталады, ҒТР мен заман талабына жасалып отыр ма деген сауал
қойылады. Жұмысымның үшінші тарауында экономикалық дамудағы мемлекеттік
монополиялардың рөлі мен қарқынды жүріп жатқан экономикалық дамудың салдары
қарастырылады. Төртінші тарауда Еуропалық экономикалық интеграцияларды
Италияның орнына кейінінен тоқталады. Сонымен қоса халықаралық экономикалық
қатынастардағы Италияның рөлі мен Маршалл жоспарының Италияға қатысты
саясатын қатты сынға алады.
Колосов Л.С өзінің еңбегінде итальян экономикасының ауыл шаруашылық
және өнеркәсіптік салаларының дамуы мен сол кездегі жағдайын салыстыра
отырып анализ жасайды. Сонымен қоса итальян Волютасының халықаралық немесе
еуропалық рыноктағы айналымға түсуі мен банк сферасының дамуына тоқталып
өзіндік баға беруде дәстүрлі маркстік - лениндік позициядан, скептикалық
түрғыдан сипаттайды. Монополиялардың оның ішінде американдық монополияның
Италия экономикасына негативті әсері бар деген тұжырымға келеді. А.Н
Покровский өз еңбегінде ҒТР - ның Италия өнеркәсібіне әсері және жаңадан
құрылып жатқан Еуропалық рыноктың шеңберіндегі итальян рыногы мен
мемлекеттің экономика іскеріне араласуы мықты болуы керек. Мемлекет
халықаралық қатынастардың негізгі Акторы деген позицияны ұстанады. Сонымен
қоса екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі итальян социумының дамуы
қаншалықты тұрақты деген риторикалық сұрақ қояды.
Келесі автор екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі экономикалық
саладағы маңызды роль атқарған мемлекеттік монополиялық капитализмді
зерттей келе оның Италиядағы ерекшелігіне терең тоқталады. Сонымен қоса
Еуропалық қаржы рыногын сппаттай отырып оның пролетариатты қанаушы басты
орган ретінде сппаттайды.
Американдық тарихшы Санжай Руперелия [7] (шыққан тегі үндіс) саяси
экономиканы зерттеу барысында өзінің еңбегінде Италияның экономикалық дамуы
қандай дәрежеде, Италияның Маршалл жоспарына қатыспауы мүмкін де еді және
оның каншалықты тәуелсіз екендігін қарастырып Де Гаспери үкіметін сынға
алып оған әділетті бағасын беріп, алайда оларды қажет монополиялармен
күресу керек деген тұжырымға келді.
Италия социумының дамуын зерттеушілер ішінен Марко Феррараны [8] атап
өтуге болады. Ол Италияның саяси өміріндегі өзгерістерді жазады. Бұл
тарихшының бір ерекшелігі зерттеудің хронологиялық шеңберін 19431958
жылдарды алады. Оны былай деп түсіндіреді Б Муссолини биліктен қуылған соң
Италияда солшыл қозғалыстар біртіндеп күшйе бастады және оларды М Бардельдо
үкіметі мойындады деп.
Сонымен қоса Ю.П Лисовскийді [9] атап өткен жөн. Ол өз еңбегінде
Италияның фашизмнен және оның салдарымен қалай күрескенін және халықтың
демократиялық кезеңге қалай өткенін және өміріндегі қиыншылықтар мен
өткелдерді сипаттайды.
Итальян мемлекетінің саяси институттарының дамуы Муссолинидің,
Бадельдоның фашистік режимдері тұсындағы саяси элитаның идеалдарының ауысуы
мен мемлекеттің қуаттық дамуына сипаттама береді.
Келесі зерттеуші Зевелова Г.И [10] Италияның саяси - әлеуметтік дамуын
қарастырады. Болып өткен саяси реформаларға Кеңестік идеологиядан бас
тартып сипаттама берген тұңғыш тарихшы.
Италияның сол кезеңдегі саяси партияларының дамуы олардың
ерекшеліктерін қарастыру маңызды орын алады, бұл жерде В.П Любинді [11]
атап өткен дұрыс. Ол бұл жерде партияларының саяси эволюциясы,
программалары, билік үшін күрес, саяси платформалары мен технологияларына
сипаттама береді.
В.П Гайдун [12] Итальян Християндық Демократиялық партиясының құрылу
тарихына, оның қоғамдық және еаяси өмірі, фашизмге қарсы күресі мен саяси
платформасы және технологиясын қарастырып, оны жалпы еуропалық саяси
аренадағы ХДСХСС. және т.б. ұлттық, оңшыл күштермен салыстырады.
Християндылық құндылық дегеніміз не және Италия Християн Демократиялық
Партиясының ерекшелігі мен орны қандай деген сұраққа жауап берді.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселемен терең айналысып жүрген
зерттеуші жоқ. Алайда С.Ермантай, Г.К Көкебаева, С.М.Мәшімбаев сияқты
зерттеушілерді атап өткен жөн.

Тақырыптың деректік негізі Зерттеу жұсымыздың деректік негізі
көптеген Заңдар мен нормативті актілер.
1. Соғыстан кейінгі Италия үкіметінің қаулысы мен парламентінің Заңдары
жинағы [13] Халықаралық кешендер мен мемлекет аралық келісімдер [14].
Италияның Республикалық Конститутциясы [15]. Саяси партиялардың
монифестерімен программалары оның ішінде социалистік [16] коммунистік және
жұмысшы қозғалысының монифесттерімен халыққа жолдауы [17]. Итальян
конститутциялық сотының үкімдері [18]
2. Статистикалық мәліметтер. Италиядағы сайлау қорытындылары мен сайлау
комиссиясының берген мәлімсттері [19]. Экономикалық дамау диаграммалары мен
таблицалық көрсеткіштер [19.20]. Тәуелсіз және үкіметтік емес ұйымдардың
итальян қоғамының дамуына берген салыстырмалары [19.21].
3. Саяси және қоғам қайраткерлерінің шығармалары, хаттары мен үндеулері
сонымен қатар мемуарлары. Оған Альчидо Де Гаспери [23], П.Толятти [23],
Християн Демократиялық Партиясының негізін қалаған Луиджи Сурцоның
еңбектері [24] жатады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазу барысында
алдыма қойғаи мақсатым:
- XX ғғ 50-60 жж Италияның экономикалық әлеуметтік дамуын қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет
Италияның өнеркәсіп салаларында қайта құруларды қарастыру
Италияның ауыл шаруашылығының дамуының ерекшелігін анықтау
Италия экономикалық модернизациялауын қарастыру
Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігін көрсету

Диплом жұмысының тақырыбының хронолониялық шеңбері. Зерттеу жұмысының
хронологиялық жағынан XX ғасырдың 50-60жж аралығын қамтиды.
Диплом жұмысының құрлымы Диплом жұмысы төмендегідей бөлімдерден
құралған: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Бірінші тарау екі параграфтан, екінші тарау екі параграфтан құралады.
Бірінші тарауда Италия экономикасының салаларының екінші дүние жүзілік
соғыстан кейінгі жағдайы және алғашқы модернизациялық процесстер
қарастырылады. Екінші тарауда Италия экономикасының ғажайып даму кезеңін
қарастырдым, сонымен Италия экономикалық дамуынындағы модернизациялык
процесстер мен оның нәтижесін қарастырып экономикалық дамудың негізі
ретінде болғанын жаздым. Италияның дамуындағы қайшылықтардың бірі бұл артта
қалған оңтүстік мәселесі, осы мәселе екінші тарауда орын алды.

І-ТАРАУ. ИТАЛИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Италияның өнеркәсіп салаларында қайта кұрулар

Бұл бөлімде менің көздеген негізгі мақсатым: Италия тарихында қазіргі
экономикалық мықты елдің қалыптасуына әсер еткен басты факторлардың бірі
өнеркәсіп салаласы болып табылады. Ал Қазақстан Республикасының
экономикалық дамуындағы негізгі жолдарының бірі өнеркәсіп салаласы болып
табылатыны сөзсіз. Бұған дәлел Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы жолдауы дәлелдейді. Дәл осы
себепті Италия өнеркәсіп салаласының дамуы менің тарапымнан өте үлкен
қызығушылық тудырып отыр. Осы себепті Италия өнеркәсіп салаласының дамуын
деректер мен зертіеулер негізінде танып, біліп, оны Қазақстан ауыл
шаруашылығымен салыстыру менің негізгі мақсатым болып табылады.
Италияда 1950 жылдың басында-ақ экономикалык даму белең алды.
Мемлекеттің өндірістік кәсіпорындарының саны соғысқа дейінгі дәрежеге
жетті. Сол жылдары кәсіпорындардың саны жыл сайын 10% өсіп отырды [25].
Бұған себеп капиталдың жаңаруы, жеке монополияларға мемлекет тарапынан
көмектің болуы, шетелдік жеке капиталдың ағымы, жаңа ғылыми - техникалық
кіріспесі, жоғарғы ішкі сұраныс еді. Жаңа өндірістің көмегімен еңбек
өнімділігі артты. Солай бола тұра жұмыскерлердің еңбекақысы төменгі
деңгейде қалып қойды. Италияның сыртқы сауда айналымы әр он жылдықта 3
есеге көбейіп отырды.
Италия индустриалды-аграрлы мемлекет. Оның экономикасы өнеркәсіп
орындарының шоғырлануымен және капиталының орталықталықтануымен
сипатталады. 1950 жылы 18-20 ақпан аралығында Рим қаласында ұлтаралық
экономикалық (ВИКТ) конференциясы өтті. Бұл конференцияда экономикалық
депрессиядан шығу жолдары қаралды. Сонымен қатар конференцияда
электроэнергетикалық монополиялардың, жұмысшылардың сұраныстары қаралды.
Әлеуметтік - экономикалық жоспар бойынша Италия алдында қиын, әрі ауқымды
тапсырма болып, соғыстың салдарынан қиратылған халық шаруашылығын, кайтадан
қалпына келтіру болды. 1953 жылдан кейін Италия экономикасының дамуы
көптеген ерекшеліктерге бөленді. Ең алдымен өніріс орындарының даму темпін
атап өткен жөн. 15 жыл ішінде өндіріс өнімдері 3 есе өсті. Орта жылдық
өнімнің өсуі шамамен 8 - 9%-ға жетті. Осылайша, Италия өндіріс орындарының
өсу қарқыны барлық капиталисттк елдер, яғни Батыс Европа елдерінің арасында
бірінші орынға, ал Жапониядан кейін екінші орынға ие болды. Италияда
өндіріс орындарының дамуының тағы бір ерекшелігі , ол: дамудың жылдар сайын
бір қалыпта болмауы. Яғни Италия экономикасының қарқындап дамуы немесе
кұлдырап кетуі заңды құбылыс сипатында болды. Бұл итальяндық өндіріс
өнімдерінің өсуін өткен жылдармен салыстырғанда ерекше айқын көрінеді.
Шындығында, егер өндіріс өнімдері орташа есеппеп 9%-ға өссе, 1958 жылы ол
4%-ға төмендеп кетті, содан кейін 1960 жылға таман күшті қарқынмен , яғни
рекордтық дәрежемен 15%-ға көтерілді [23.152].
Мемлекетте жаңа өнеркәсіптің түрлері тез арада дамыды, яғни
электроника, химия, мұнай, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі. Италия
аграрлық - индустриалдықтан, индустриалды - аграрлы мемлекетке біртіндеп
айналды. 1959 жылы Италияда өнеркәсіптік өзгерістер басталды.
Италия экономикасының циклдық төмендеу дағдарысы, шамамен айтқанда әр
бір 5-6 жыл сайын қайталанып отырды. Ендігі кезекте, жекеше шаруашылық
өндірістердің өсуіне көңіл аударайық. Мұнда лезде көз алдымызға жеке
өндірістердің өнім өндіру дәрежесі 1953 жылдармен салыстырғанда үлкен
айырмашылығының бар екендігі білінеді.
1950 жылы өнеркәсіп Италияның жалпы халық шаруашылық өнімінің 40%, ал
ауыл шаруашылығы - 32% құрады. 1952 жылы өнеркәсіптің үлесі 51% жетті, ауыл
шаруашылығының үлесі небәрі 29,8% [24.95-96].
Италияның өнеркәсіп орындары 1929-1949 жылдар аралығында ерекше бір
тұрақтылықпен бір қалыпты деңгейді сақтап тұрды. Бірақ та орталық
статистика институтының мәліметтері бойынша өнеркәсіп орындарының нақты
индексі 1949 жылы 1938 жылға қарағанда 6% - га жоғары болды. Сонымен қатар,
итальян өнеркәсібінің Конфедерациясының статистикалық санағы бойынша, бұл
көрееткіш тек 86% құрады [23.110].

1 - кесте Италия халқының ауыл шаруашылығындағы жұмыс
күшінің бөлінуі

1931 ж. 1951 ж.
Салалары
млн. адам.% млн. адам.%
Ауыл шаруашылығы 9,4 51,4 8,3 42,3
Өнеркәсіп және көлік 5,7 31,1 7,1 36,2
Сауда, банктер, сақтандыру1,4 7,7 1,9 9,7
Басқа да салалар 1,8 9,8 2,3 11,8
Жалпы саны 18,3 100,0 19,6 100,0

Орталық статистика институтының мәліметтері бойынша соңғы жылдар
аралығында өнеркәсіп орындарының жалпы индексі өсу тенденциясына ие болды:
1953 жылы - 100, 1954 жылы - 109,1, 1955 жылы - 119,8, 1956 жылы - 127,8,
1957 жылы - 136,8, 1958 жылы - 142 және 1959 жылы - 155 [23.112]. Бірақ та
бұл жалпы көрсеткіш, итальян өнеркәсібінің жағдайын көрсете алмайды.
Италиядағы өнеркәсіптің дамуы уақытша, өтпелі сипатта еді, атап айтсақ,
мықты экономикалық негізі болмады. Италия шаруашылықтарының әр түрлі
салаларында жыл сайынғы адам санының өзгеріп, бірде кеміп, бірде ұлғайып
өзгеріп отыруын мына кестеден көруге болады (1 – кесте).
Өнеркәсіптің өсуіне басты капиталисттк елдердің сыртқы экономикалық
экспанциясы әсер етті. Сонымен бірге, бұл кезде Италия бәсекелес елдер
қатарына енген болатын.
Басты капиталдың жаңаруы маңызды рөл атқарды. Итальян өнеркәсібінде
басты капиталды модернизациялау жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіптің
металлургия, машина жасау және химия салаларында. Бұл құрал - жабдықтарды
өндірудің көбеюіне әсер етті. Сонымен қатар, Италия жұмысшы күшін
эксплуатация арқылы бірден кетеруі және еңбекшілердің өмір сүру деңгейін
төмендету әсерінен өнеркәсіп орындарын дамытты.
Бірақ та Италия өнеркәсібінің дамуына әсер ететін дем беруші уақытша
факторлар аяқталады. Мәселен, соның бірі жаппай басты капиталдың жаңаруы
тек, 1952 - 1955 жылдар аралығында ғана әсер етті.
Итальян өнеркәсібінің Конфедерациясының қаржы - экономикалық 24 орэ
газеті 1958 жылы 30 наурыздағы өнеркәсіптің жағдайына байланысты
мақаласында 1957 жылдың қарашасынан бастап итальян өнеркәсіп өндірісінің
индексі айтарлықтай дамуын көрсетеді, - деп жазады. 1958 жылы өнеркәсіп
өнімі 1957 жылға қарағанда 2,7 %-ға өскенін керсетеді [25.68].
Италияның кейбір өнеркәсіп салаларының бір деңгейде қалуы, біріншіден
бәсекелестік болмағаннан кейін өнімдерінің күрт төмендеуі, мемлекеттің
экономикасына айтарлықтай әсерін тигізді.
Мемлекеттің қатысуымен ең негізгі өнеркәсіп болып табылатын
металлургия өнеркәсібі кейбір зауыттарын жабуға мәжбүр болды, себебі олар
зауыт техникасының ескіруі және оларды болашақта жөндеу керектігімен
түсіндірді.
Итальян экономикасының қиыншылықтарын көптеген буржуазиялық газет-
журналдар жазды. Қиыншылықтар тұрғын үй салудың кысқаруында, машина жасау
өндірісінің қарқынының бәсеңдеуінде, тұтынушының жағдайының төмендігінде,
орта және шағын кәсіпкерлікте капиталдың азаюынан, импорттық белгілі бір
тауардың қысқаруынан, кейбір экспорттық тауар жағдайының тұрақсыздығынан
көрінді. Сонымен қатар, осы кезде белгілі болған ақша бөлудің азаю
тенденциясын айта кеткен жөн.
1957 жылдың аяғымен 1958 жылдың басында Италияға көмір, мақта, жүн,
мыс, қорғасын және де станоктарды импорттау белгілі бір дәрежеде азайды.
Бұл итальян кәсіпкерлері өнімнің қысқарғанынан, шикізат пен құрал -
жабдықтарға сұраныстарын азайтқанын білдіреді.
Жалпы нарық күшіне енуіне байланысты АҚШ экономикасының құлдырауы
және европа мемлекеттерінің экономика коньюнктурасының нашарлауы, сонымен
қатар Италияда да болды. Бұл жағдай капиталистік итальян топтарының
өкілдерін мазасыздандырды.
Италияның Жалпы нарыққа енуі итальян капиталистері бәсекелестікке
ұмтылу үшін жұмысшылардың жалақысын қысқартады. Сөйтіп еңбекшілердің өмір
сүруі қиындайды. Батыс Германия және басқа европалық елдердің дамыған
өнеркәсібімен бәсекелестікке түсуі үшін кұрал - жабдықтарын жөндеу және
модернизациялау үлкен қаржыны талап етеді. Әрине, қаржысы жеткіліксіз жеке
кәсіпкерлер қаржы мәселесін шешуде көп қиыншылықтармен кездескеннен кейін
банкротқа ұшырауы мүмкін.
Алайда, Италияның басқарушы топтары жалпы нарықка енуді дұрыс деп
санайды, осының есебінен итальян монополиясының экспанциясын кеңейтуді
көздейді.
Италияның экономикалық жағдайы тұрақсыз болып қала берді. Бұған елдегі
жұмыссыздық өнеркәсіптің кейбір салаларының артта қалуы, ауыл
шаруашылығындағы дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі дәлел
бола алады.

Өндірістік экономикалық аудандар

Солтүстік аудандарда өнеркәсіптің шоғырлануы және оңтүстік пен аралдық
аудандардың әлсіз индустриализациясы, мемлекеттің солтүстігі мен
оңтүстігінде теңсіздікті тудырады. Олар өмір сүру деңгейінде, халықтың
жұмыспен қамтамасыз етілуінде, мемлекеттік ұлттық табыстың теңсіздігінде
көрінеді, Европалық одақтың экономикалық жағдайы есебінің мәліметтері
бойынша, 1957 жылы Италия халқының 38% тұратын оңтүстік аудандарында ұлттық
табыстың 21% ғана алды, бөлінген ақшаның тек 26% ғана, ал өнеркәсіпке
бөлінген ақшаның 15-16% ғана іске асты [25.103].
Жер иеленудің артта қалған феодалдық сарқыншақтарымен сипатталатын
Италияның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы, солтүстік және орталық Италияға
қарағанда артта қалған.
Солтүстік Италия дамыған индустриалды - аграрлы аудан болып табылады.
Оның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылық пен өнеркәсіптің дамуына қолайлы
жағдай туғызады. Бұл жерде мемлекеттің потенциялды гидроэнергетикалық
ресурстарының ¾ бөлігі шоғырланған. Альпілік өзендер өнеркәсіптің
дамуындағы арзан электр энергиясының көзі. Құнарлы топырақ, жауын-шашынның
мол түсуі индустриялды орта-лықтары мен сауда байланыстарының жақындығы,
суғару жүйесінің ерте кезден дамуы интенсивті капиталистік ауыл
шаруашылығының дамуына әсер етті.
Бұл жерде мемлекет өнеркәсібінің және ауыл шаруашылық өндірісінің көп
бөлігі шоғырланған. 1951 жылдың қараша айындағы көрсеткіштер бойынша
Италиядағы 1,6 млн. шағын және ірі кәсіпорындарының, қолөнер
шеберханаларының, сауда және қаржы мекемелері және 6,52 млн. адам жұмыс
істейтін қоғамдық ұйымдардың 805 мыңнан астам кәсіпорындар мен мекемелер
және қоғамдық ұйымдардың 50 %, 4,06 млн. жұмысшылар мен қызметкерлердің 62%
Солтүстік Италияның үлесіне тиеді. Бұл жерде Милан - Турин - Генуя
үшбұрышында мемлекеттің ауыр өнеркәсібінің негізгі бөлігі шоғырланған
[26.302].
Миланда Италияның 500-ге жуық өнеркәсіп басқармалары және кредиттік
компаниялар мен банктер шотырланған, мемлекеттің ірі биржасы орналасқан,
сонымен қатар табиғи және жасанды жібекті сату жөніндегі халықаралық
биржада осы жерде. Дәл осы қалада итальян өнеркәсібінің Конфедерация
басқармасының штаб-пәтері орналасқан.
Милан - мемлекеттің ең ірі өндіріс орталығы Болат, вагондар,
паравоздар, автомашиналар, тракторлар, электромоторлар, динамомаши-налар,
әртүрлі химиялық өнімдер және бірқатар басқа да өнімдер Монтекатини,
Пирелли, Бреда, Изотта Фраскини және Альфа Ромео деген миландық
монополиялық қоғамының зауыттарында өндіріледі.
Миланның айналасында басқа да өнеркәсіп қалалары орналасқан, олардың
бәрі бірге Милан өнеркәсіп ауданын құрайды. Брешия және Бергамо қалалары
электрометаллургия мен машина жасаудың ірі орталықтары болып табылады. Комо
қаласы жібек тоқу өнеркәсібімен әйгілі. Жібек тоқумен бұл жерде
жұмысшылардың көп бөлігі жұмыс істейді. Баспа машиналары мен
радиоаппараттарды жасап шығаратын заводтар Комо қалысы және оның маңындағы
жерлерде орналасқан.
Милан қаласының өндіріс аудандарына тағыда Сесто Сан Джованни, Лекко
және Леньоне қалалары кіреді. Сонымен қатар мұнда металлургия заводы, ауыр
және орташа машина жасау орындары бар.
Туриндік өндіріс ауданында Италияның ең ірі машина жасау заводы ФИАТ
концерні орналасқан. Ол автомобиль, самолёт, қару-жарақ, трактор, сапалы
болат өндіреді. Сонымен бірге Туринде басқа да итальян монополиясының
мекемелері орналасқан: Пирелли (автопокрышка және электр кабелдері
жасалады), РИВ (подшипиик), Монтекатини (химиялық зауыт).
Осы ауданда бірнеше өндіріс қалалары орналасқан, соның бірі Бьелла. Бұл
жерде елдің ірі жүн түту және жүн тоқу фабрикалары жұмыс істейді.
Александрия қаласы өзінің алюминий мен қалайының алғашқы өңдеу
кәсіпорынымен белгілі. Новара қаласы орта машина жасау және бөлшек
құрастыру орталығы болып табылады.
Генуя мемлекеттің ең ірі портты қаласы. Ломбардия және Пъемонтаның
теңіз қақпасы деп аталуы тегін емес. Генуя порты арқылы Италияға
шикізаттың көп бөлігі кіреді (көмір, мұнай, және т.б.). Итльян порттарының
ішіндегі Генуя порты шетелдерден тауар мен жолаушының көп бөлігін
қабылдайды.
Қаланың кәсіпорындары мен оған тиісті өндіріс аудандары негізінен
сырттан әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді. Генуямен және оның 70-тей қала
маңындағы елді мекендерде (Сестри - Понетте, Ривароло. Корнильяно, Вольтри
және т.б.) металлургия заводттары судоверфи, паровоз жасау және ұшақ жасау
кәсіпорындары орналасқан. Ауыр өнеркәсібімен қатар жеңіл өнеркәсіп орындары
жұмыс істейді. Генуялық өнеркәсіп ауданына Савона порты да кіреді,
негізінен көмір және мұнай кіргізумен маманданған. Қалада металлургия және
машина жасау кәсіпорындары орналасқан [27.22].
Эмилия - Романья, Венето, Трентино, Альто - Адидже, Фриули -Венеция,
Джулия облыстары - аграрлы өнеркәсіпті аудандар болып табылады. Бірқатар
тарихи және әлеуметтік жағдайлар олардың экономикалық дамуының бәсеңдеуін
туғызды.
Энергетикалық және шикізат ресурстарының бұл облыстарда маңызы зор.
Адидже, Пьяве, Брента, Тальяменто өзендері үлкен гидроэнергия қорын
құрайды. Әртүрлі қазба байлықтарының (боксит, мырыш, қорғасын, пирит, қоңыр
көмір, мәрмәр, табиғи ғаз және т. б.) қорлары бар. Солтүстік шығыс
аудандары Орталық және Шығыс Еуропадан Жерорта теңізінің маңызды сауда
байланыстарының өтіетін аймақтарында орналасқан. Географиялық жағдайы,
электроэнергияның арзандығы және түсті металл қорлары Венеция өндіріс
ауданына әсерін тигізді.
По өзені дельтасында жанармай, Больцано руднигінде қорғасын -мырыш,
Гарда көлінде мәрмәр, Беллунода пирит ондіріледі. Сурьма, магний, минералды
тыңайтқыштар, қышқылдар. синтетикалық азот өндіретін химиялық заводттар
және алюминий. мырыш, қорғасын, металдық магний балқыту кәсіпорындары арзан
энергия көзімен жергілікті шикізат қоры негізінде жұмыс істейді.
Монфальконеде Адриад теңізі ең ірі верфтері орналасқан. Болонья қаласында
тамақ өнеркәсібінің маңызды кәсіпорындары, көліктік машина жасау, станок
жасау химиялық заводттар бар.
Солтүстік — шығыс Италияның маңызды орталығы - Венеция. Бұл қала
ежелден әйнектен жасалған зергерлік бұйымдарымен сондай-ақ, қолөнер
бұйымдарымен әйгілі. Түсті металдың, мұнай өңдеудің, химия өнеркәсібінің
ірі-ірі кәсіпорындары, кеме жасау Венецияның маңындағы Маргереде
орналасқан. Венеция сауда және әскери порт, темір жол және әуе жолдың ірі
орталығы болып табылады. Әлемге әйгілі архитектуралық ескерткіштер, музыка
және кинофесіивальдердің өтуі көптеген туристердің назарын аударады.
Орталық Италия ауданына Тоскано, Марке, Умбрия және Лацио облыстары
кіреді. Орталық Италияның табиғат жайлары солтүстікке қарағанда қолайсыз
келеді. Ауданның көп бөлігін таулар алып жатыр, сондықтан жерді игеру кеп
еңбек пен қаржыны қажет етеді.
Мемлекеттің тек 10-12% суэлектр ресурстары Орталық Италия үлесіне
тиеді. Аппенин өзендерінің су жүйесі, Альпі өзендеріне қарағанда электр
энергиясын және суғару жүйесін қолдану қиынға түседі. Бұл жерде
мемлекеттегі электр энергиясын өндірудің 18%-н ғана құрайды.
Шикізат көзіні, негізінен Тосканода орналасқан ірі өнеркәсіп
орталықтарында шоғырланған. Эльба аралында мемлекеттің темір рудасын
өңдеудің ірі орталығы бар. Гросето провинциясында сынап өндіреді,
Монтекатиниде мыс өңделеді.
Портоферрайо, Пьомбино, Ливарно, Сан - Джованниде үлкен металлургия
заводтары бар. Сальто Вилино өзенінің суэлектр станциясының негізінде қару-
жарақ өндіретін - Терни дамыған. Ұсақ машина жасау кәсіпорындары Орталық
Италия қалаларында шашыраңқы орналасқан (Флоренция, Рим т.б.).
Осы ауданның экономикасының маңызды бөлігі болып текстиль, керамика
және әйнек кәсіпорындары табылады. Жүн түту және жүн тоқу кәсіпорындары
Флоренция, Лукке, Прато, Терамо және тағы басқа қалаларында орналасқан. Жүн
және мақта - мата кәсіпорындарының мекемелері Прато, Терамо, Лукка, Пиза
және Ливорно қалаларында орналасқан.
Мемлекеттің әкімшілік және саяси орталығы 1840 мың халкы бар Рим
қаласы. Римде парламент, үкімет итальян саяси партияларының басшылары
орналасқан. Оның өндіріс және сауда маңызы төмен, Милан, Турин, Генуя және
басқада Италияның экономикалық орталықтарына жол береді. Халықтың көп
болігі сауда, туристерге қызмет көрсету, мемлекеттік мекемелерде,
банкіерде, компания басқарумен және сауда мекемелерінде жұмыс істеумен
айналысады. Римде рим папаларының резиденциясы - қала мемлекет Ватикан
орналасқан.
Оңтүстік Италия ауданы Солтүстік және Орталық Италияға қарағанда
халқының тығыздығы өнеркәсіптің нашар дамығандығы және трасса мен темір
жолдың аздығымен сипатталады. Бірақ бұл ауданның өнеркәсіптері мүлдем нашар
деп айтуға да болмайды, оған негізінен ауа райының қолайсыздығы болып
табылады. Халыктың көп бөлігі ауыл шаруа-шылығымен айналысады (Калабри
67,3%, Абруцци 74,3% және т.т). Дәнді дақылдардан басқа жүзім өсіру,
сонымен қатар май алатын өсімдіктер, жемістер (цитрусты, миндаль және жеміс
- жидек ағаштары) кең таралған. Мал шаруашылығы аудан экономикасының
маңызды бөлігіне жатпайды.
Негізгі өнеркәсіп және сауда орталықтары - Неаполь, Бари. Таранто,
Кротоне, Салерно. Неапольде металлургия, машина жасау, электро-механикалық,
әскери заводтар, судоверфтер, текстильді фабрикалар орналасқан [25.125].
Бұл Оңтүстік Италияның маңызды порты, мемле-кеттің аралды және Оңтүстік
аудандарының мәдени орталығы болып табылады. Бариде судоверфтер мен
импорттық мұнайды өңдейтін заводтар, ал Тарантода әскери арсенал,
судоверфтар, машина жасау және химия заводтары, Кротонеде азотты және мырыш
балқыту заводы, ал Салернода судовеф пен текстиль фабрикасы бар.
Аралды Италияның өнеркәсібі нашар дамыған. Жеміс және балық өңдеу
заводы, май өңдеу заводы (Палермо), эссенция өндіру-заводы (Мессина), мақта-
мата кәсіпорындары (Катания) орналасқан. Палермо, Мессина, Сиракуза және
Кальяи портты қалаларында шағын кеме жасау зауыттары жұмыс істейді.
Сицилия бұрыннан табиғи сераның көзі болып табылады (Этна аудан). 1953-
1954 жылдары Сицилияның оңтүстік бөлігінде мұнайдың қоры табылған.
Сардинияда миниралды байлықтар өндіру Италия экономикасында маңызды рөл
атқарады. Қорғасын өндірудің 75%-ы Сардинияның үлесіне тиеді. Қорғасын,
мырыш рудалары Италия экспортының маңызды бір бөлігі. Иглезиака ауданында
темір және мыс рудалары өндіріледі. Карбония таскөмір бассейнінің орталығы
болып табылады. Сонымен қатар ол жерде құрамында көп мысы бар пирит
өндіріледі.
Оңтүстік пен Аралды Италия - итальян монополистерінің және ірі жер
иеленушілердің шикізат колониясына айналған.
Соңғы жылдары мұнай өндірудің өсуі мұнай өңдеуші және химия
өнеркәсібінің дамуына негіз болды. Машина жасау өндірісі нашар дамыған. Ірі
өндіріс кәсіпорындары тек Неапольда ғана. Металлургия өнеркәсібі Неаполь
ауданында орналасқан бірнеше зауыттармсн белгілі. Оның ішінде ірілері:
Баньолидегі металлургия зауыты (Ильва компаниясы), Торе Аннунциата зауыты
(Дальмине компаниясы), Каньтиери металлуржичи итальяни (Фальк
компаниясы), т.б.
Басқа салалардың ішіндегі дамыған сала болып, азық-түлік және құрылыс
материалдар саласы болып табылады. Оларда халықтың 40%-ке жуығы жұмыс
істейді. Азық - түлік өнеркәсібінде макарон жасау және консервіленген жеміс
- жидектер мен кокөністер, зәйтүн майы мен шарап, қой ірімшігі өндірісі
маңызды орынға ие.
Құрылыс материалдар өнеркәсібінде тұрғын үй салумен қатар, мәрмәр өңдеу
(Фоджа, Бари), жол салу, цемеіт пен кірпіш маңызды орын алады [28.153].
Тігін және текстиль өнеркәсібі (негізінен мақта - мата) Компанья
провинциясында жақсы дамыған. Ағаш өңдеу Сицилияда (жиһаз жасау, және т.б.)
кең таралған.
Энергетикалық ресурстар. Италия шаруашылығының ерекшелігі
электроэнергия алуда мұнай өнімдерін және метанды жағу нәтижесінде
алынған энергия басым болып келеді. 1955 жылы энергия
балансының су электр энергиясы - 48,9%, мұнай өнімдері - 7,3%, көмір - 17%,
метан - 13,4% және отын - 3,4% болды [4.77].
Көмір ресурстарына кедейлігі, әсіресе жоғарғы калориялы коксты көмірге
мардымсыздығы итальян экономикасының дамуының басты қиыншылығы болып
табылады. Көмір өнеркәсібі дағдарыс жағдайында тұр. Жалпы көмір өндіру 1956
жылы 1,5 млн. тоннаны құрайды. Осы жылы 10,7 млн. т. импортталды.
Мемлекеттің көмір қажеттігінің 90% импорттың үлесіне тиеді. 1957 жылы көмір
өндіру шамамен 1,3 млн. тоннаға азайып, ал 1959 жылға қарай бар болғаны 1,9
млн. тоннаны құрады [19.24] оны төмендегі кестеден көруге болады (2 -
кесте).
2 - кесте Көмір импортымен елдегі көмір өңдеу
(мың т.)

Жылдар Өнім Импорт
1956 1 023 11 212
1957 968 12 229
1958 680 9 456
1959 665 8 338

Көмір шахталарындағы жұмысшылар саны 1957 жылмен 1958 жылдар аралығында
38% қысқарды.
Электр энергиясын өндіру Италия халық шаруашылығында маңызды рөл
атқарады. 1954 жылы Италияда электр энергиясы 35,6 млрд. кВт сағ, 1955 -
жылы 38,1 млрд., 1956 жылы - 40,6 млрд., 1957 жылы - 42,7 млрд., 1958 жылы
- 45,49 млрд. Және 1959 жылы - 48,8 млрд. кВт — сағ. өндірілді. Жалпы 1959
жылдың басында мемлекеттің электр станциясының куаты 13,5 млн. кВт болды,
соның ішінде су электр станциясының үлесі 10,4 млн. кВт болды [19.243].
Жан басына шаққандағы электр энергияны тұтыну өскеніменде (1957 жылы -
728 кВт. сағ, ал 1958 жылы 750 кВт. сағ) басқа капиталистік мемлекеттер
қатарынан қалып отырды. Өндірілген электр энергияның 70% жуығы өнеркәсіпте,
10% - көлік және ауыл шаруашылығында қалған 20% тұрмыстық қажеітіліктерді
қолданылған.
Италия атом энергиясын қолдануда басқа дамыған мемлекеттерден қалып
қойды. Солтүстік Италияда Сочиета электро - нуклеаре итальяна (СЕЛНИ)
фирмасы Вестингауз американ фирмасының көмегімен жаңадан 165 мың кВт
қуаты бар атом станциясын салды.
Италияның мұнай өнеркәсібі жоғары дамыған, итальян экономика-сының
техникалық саласының алдыңғы қатарында.
Италияда мұнайды барлау енді ғана белең алып келеді, бірақ ол жылдан
жылға өсуде. Мұнайды барлаудың өсуі Сицилияның үлесіне тиеді.
Мұнай өңдеу өнеркәсібі шетелден, соның ішінде Кувейт, Сауд Аравиясы,
Ирак және басқада мемлекеттерден әкелінеген шикізат қорына тәуелді. Жалпы
1958 жылы Италияға 22,7 млн. тонна мұнай әкелінген. Ал 1959 жылы алдыңғы
жылмен салыстырғанда 10% өскен, яғни 25 млн. тонна.
1958 жылы Кеңес Одағынан Италияға 1026 мың тонна мұнай әкелінді, бұл
жалпы Италияға әкелінген мұнайдың 4,33% кұрады, ал 1959 жылы 2360 мың т.
(7,84% ) жетті [29.23]. Сонымен қоса итальяндықтардың мұнай өндірудегі қоры
1954 жылы 72 мың тоннаны, 1955 жылы 204 мың тоннаны, ал 1956 жылы 569 мың
тоннаны құрағанын көреміз. Ал келесі жылдары мұнай өндірудің өз бірталай
өскені айқын көрінеді, яғни 1957 және 1958 жылдарға қарағанда 1959 жылы
1695 мың тоннаға жетті [4.61] (3 - кестс).
3 - кесте Мұнай өндіру (мың т.)
1954 ж. 1955 ж. 1956 ж. 1957 ж. 1958 ж. 1959 ж.
72 204 569 1262 1534 1695

Италияда табиғи газды алудың дамуы По өзенінің аңғарында табылған метан
басымдылық көрсетеді. Метанның қоры 90 - 100 млрд. куб.м.
Газ алуда монополиялық орында мемлекеттік ЭНИ мұнай - метан одағы
тұр.
Металлургия. Италияда қара металлургияның шикізат қоры болмаған-нан
кейін, итальян металлургиялық фирмалары Европа, Азия және Оңтүстік Америка
елдерінен темір рудасы мен көмірді әкеледі.
1952 - 1957 жылдар аралығында итальян металлургия өнеркәсібі
салыстырмалы түрде жоғары қарқынмен өсті. 1958 жылы басқа жылдарға
қарағанда шойын, болат, прокат өндірісі біршама кысқарды. Айта кететін
жайт, Италия шойынды көп пайдаланғанына қарамастан аз өндіреді. Яғни шойын
импортпен сырттан әкелінеді (Европа. Азия және Оңтүстік Америка елдерінен).
4-кесте Италиядағы қара металдың өндірісі (мың тонна)
Жылдар Шойын Болат Прокат
1954 1256 4207 3126
1955 1625 5395 3999
1956 1873 5908 4415
1957 2072 6787 5014
1958 2060 6271 4635
1959 2098 6760 5082

Қара металлургияда шешуші рөлді ИРИ бақылауындағы мемлекеттің
қатысуымен қоғамдарына тиісті. Ірі металлургиялық қоғамдары болып Ильва,
Корнильяно, Дальмипе, Герни, Фальк және т.б. табылады. Бұл фирмалар
Италия қара металлургиясының 85% шығарады [23.140]. 1957 жылы қара металдың
айтарлықтай өсуі, итальян кәсіпорындарының арасында болашақта экономиканың
нашарлап кетуі мүмкін деген ой мазалап отыр.
1958 жылдары металлургиялық өндірістердің шамамен орташа саны 78%
жетті, ал алғашқы жылдары, яғни ол 1959 жылы бар болғаны 70% құраған еді.
Яғни жыл өткен сайын өнеркәсіптердің шығаратын өнім (шойын, болат, прокат)
мөлшері 1954 жылы шойын - 1256, болат — 4207, прокат - 3126 мың тоннаны
кұраса, ал ендігі кезекте жылдар өте келе бес алты жыл ішінде 1959 жылы
шойын өндірісі - 2098, болат - 6760, сонымен қатар прокат – 5082 мың
тоннаға көбейді [4.62] (4-кесте). Өндірістердің кысқаруы, құлауы машина
жасау және құрылыс орындарында осы металлдарды тұтынуда үлкен сұранысқа ие
болды. Сондай - ақ бұндай металлдарды, яғни қара металлдарды басқа шет
елдерден алып келінуінің қысқартылуының әсері зор болды. Өндіріс
орындарының қысқартылуы, сондай - ақ қара металды басқа елдерден, яғни
Европалық қауымдастықтан әкелуінің тоқтатылуы 1957 жылы жалпы нарық
келісімі бойынша қызмет етудің бастауына байланысты итальян өнеркәсіптік
орындарында тынышсыздық байқалды. 1958 жылы металлургия өнеркәсібі 78
пайызға жүктелсе, 1959 жылдың алғашқы айларында 70 пайызға төмендеді.
Көрсеткіштің бұлай төмендеуі құрылыс пен машина жасау сияқты сұраныс
иелерінің қара металлға қажеттіліктерінің төмендеуінен болды. ЕКҚҰ - да
Италияға қара металл алып келуге рұқсаттың сақталуы да осыған әсер етті.
Түсті металлургияның дамуы нашарырақ болды. Түсті металды қорытудың
өсуі Италияда айтарлықтай маңызды болмады. Алайда алюминий өндірісі 1955
жылмен салыстырғанда 1959 жылы 75,0 мың тоннаға жетті. Ал сынап өндірісі
керісінше төмен түсіп кетті. Қорғасын өндірісі болса 42,5 - тен 1959 жылы
45,0 мың тоннаға өсті. Мырыш өндірісі жыл сайын бірде төмендеп, бірде
жоғарылап 1959 жылы өндіріс көлемі 73,9 мың тоннаға жетті [4.64] (5-кесте).
5 - кесте Түсті металл өндірісі (мың тонна)
Өнімнің Жылдар
түрлері
1955 1956 1957 1958 1959
Алюминий 61,7 63,7 66,2 64,0 75,0
Сынап 1,8 2,1 2,2 2,0 1,6
Қорғасын 42,5 40,7 39,6 48,0 45,0
Мырыш 68,2 72,4 74,5 71,3 73,9

Химия өнеркәсібі Италияның экономикасының басты саласының бірі. Өнімнің
көлемі және техникалық деңгейі жағынан әсіресе, азот, _
жасанды талшық, лак, органикалық бояғыштар, сода, тыңайтқыштар өндіру
ерекшеленеді. Химия өнеркәсібі түгелімен өзінің шикізатымен қамтамасыз ете
алады. Италия дәрі-дәрмектер, органикалық бояғыштар, химиялық
тыңайтқыштарды экспортқа шығарады. 1958 -1959 жылдар аралығында химия
өнеркәсібінде бірқатар жаңа зауыттар іске қосылды. Мысалы Эдисон фирмасы
Мантуеде жаңа мұнай - химия зауытын іске қосты, сонымен қатар синтетикалық
аммияк, сілті қышқылы зауыттары Венеция мен Триоледе іске қосылды. Нулли
фирмасы Миланда сілті қышқылын өңдеу зауытын салды.
Итальян пластмасса өндірісінде айтарлықтай саналы қозғалыстар
байқалуда. Монтекатини фирмасының зауытында пластмассаның жаңа түрі
моплен (полипропилен) шығарылды.
СНИА - Вискоза фирмасының заводтары жаңа синтетикалық түрлерін, яғни
ол - лилион және рилсан өнімдерін өндіруді игере алды, және соны
меңгерді. Осы материалдар арқылы бұл база материалдың жаңа түрін шығарды.
Ол папертекс деп аталатын еркше қасиеті бар және ерекше құнды сондай-ақ
мықты қағаз түрі еді. (ол су болмайтын, яғни суды өз бойына сіңірмейді, өте
жоғарғы дәрежеде мықты, сонымен қатар отқа тез жанбайтын төзімділігімен
ерекшеленеді.) Химия өнімдерінің өсуінің бірде жоғарылап, бірде төмендеп
кетуін мына кестеден көруімізге болады [4.64](6-кеете)
6 - кесте Химия өнімдерінің өндірісі (мың тонна)
Жылдар
Өнім түрлері
1955 1956 1957 1958
Күкірт қышқылы 3108 3273 3301 3250
Азот қышқылы 859 853 825 -
Тұз қышқылы 118 131 143 -
Синтетикалық нашатыр спирті 423 483 487 609
Сода 249 266 296 274
Кальций карбиті 278 260 248 -
Минеральді суперфосфат 1975 1897 1852 1749

Резина өндірісінде импорттық шикізат негізінде 35 мың адам жұмыс
істейді. Пирелли концерні мемлекеттегі 13 ірі кәсіпорындарын иеленеді.
Резина өнімдерінің 65%, кабель және электр кабелдерін өндіруде 80% осы
фирманың бақылауында.
Машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарында итальян өнеркәсібін-де
жұмыс істейтін қызметкерлер мен жұмысшылардың 20% жұмыс атқарады. Басқа
өнеркәсіп салалары ішінде машина жасау көбірек ақша бөліну жағынан 3-ші
орынды, ал өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығару-дан 2-ші орынды иеленеді.
Саланың дамушы жағы автомобиль және кеме жасау болып табылады. Итальяндық
машина жасау бірқатар бар, солардың ішінде ірі монополиялық ФИАТ
концерні.
1958 жылы Италияда жалпы автомобиль өндірісі 393 мың дана болды, оның
ішінде 369 мыңы жеңіл автомобиль, ал 1959 жылы 501 мың дананың 471 мыңы
жеңіл автомобиль болды. Бұл жеңіл автомобиль өндірісінің өте жақсы
дамығанын керсетеді [30.42].
АҚШ-тың дағдарыс жылдарын пайдаланып, Италия фирмаларымен басқа да
европалық мемлекеттер өздерінің машина шығаруын көбейте түсті.
1957 жылы ФИАТ фирмасы ішкі саудада машина сатуды көбейту мақсатымен
ФИАТ - 500 маркілі автомашинасын шығарды. Оның бағасы ФИАТ - 600
машинасының бағасынан 20% төмен болатын. Бұл машинаны шығару үшін фирма
жаңа Мирафиори Зюд автомобиль зауытын салды. Осы зауыттың салынуымен
ФИАТ зауытының жеңіл машина шығару қуаты күніне 1000 -1100-ден 1500
данаға дейін артты [4.43]. Сондай - ақ Италияда машинаның басқа да түрлерін
шығару кең көлемде жүрді. Жыл сайын тігін машиналары, баспа машиналары,
есеп машиналары, велоси-педтер, мотоциклдар, тракторлар, әртүрлі прицептер,
сонымен қатар электротасымалдаушылар шығару 1957 - 1958 - 1959 жылдары
көбейе түсті (7-кесте).
7 - кесте Машииа жасау өнеркәсіптерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италия экономикасының құрылымы
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдардағы Италияның экономикалық дамуы
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
Экзотикалық туризм түрлері
Қайта өрлеу мәдениеті
Әлемнің ұлттық саябақтары және оның туризм дамуына әсері
Ежелгі Грекия өнері жайында
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері
Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі
Пәндер