Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Инвестициялық және қаржылық құқығы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу
Орындаған: Несіпбаева Ш. Қ.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы
Сейтжанов Ә. Ә.
Жұмыс қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының
кандидаты, доцент Рахметов Е. Ш.
Алматы 2006 ж.
Ж О С П А Р
Кіріспе . . . 3-4б.
1 - тарау. Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің құқықтық
негіздері . . . 5б.
- Мемлекеттік бюджет - негізгі ұғымдары, маңызы және
ерекшеліктері . . . 5-10б.
- Мемлекеттің бюджеттік қызметі, қағидалары және
бюджеттік классификация . . . 11-14б.
1. 3. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі . . . 15-20б.
2 - тарау. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы мен нақтылануының
түсінігі және негізгі проблемалары . . . 21б.
2. 1. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер мен
принциптер . . . 2-24б.
2. 2. Бюджеттің атұарылу негізінің мән жайлары . . . 24-26б.
2. 3. Бюджеттің атқарылу процесі - оның сатылары . . . 26-30б.
2. 4. Мемлекеттік бюджеттің нақтылануы мен түзету процесінің
негізгі ережелері . . . 30-33б.
2. 5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің атқарылуын
құқықтық реттейтін арнайы құзырлы органдар . . . 33-54б.
Қорытынды . . . 55-56б.
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер
тізімі . . . 57-59б.
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егемендігін алған, басқа да тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылған, терезесі тең, берік іргелі мемлекет. Сондықтан да жаңадан аяғымызға тік тұрып қадам басып, нарықтық экономикаға өту барысында біршама қиыншылықтардан өтуімізге тура келіп отыр.
Жалпы экономика саласы, мәдениет саласы, қорғаныс, спорт, денсаулық салалары болсын қазіргі заман талаптарына сай болу үшін біздің зайырлы мемлекетімізден көптеген өзгерістер мен толықтыруларды талап етуде.
Мұндай өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетсек, оларға осы салаларды әрдайым тәртіпті де тұрақты дамыту үшін жетілген заңнаманың болуын, басқарушы мемлекеттік органдардың және сонда қызмет етуші мемлекеттік қызметкерлердің, яғни біліктілігі жоғары, халықаралық стандарттарға жауап беретін, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандардың болуын т. б. жатқызуға болады.
Дегенмен ең бастысы ел экономикасының берік те, қарқынмен дамушы болуы тиіс. Себебі жоғарыдағы аты аталғандарды қамтамасыз етіп, олардың қызметін қаржыландыру үшін мемлекеттің тұрақты да, күшті ақша қоры болуы керек. Мұндай ақша қоры мемлекеттік бюджет деп аталады.
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюжеттік жүйе - мемлекетте жұмыс істейтін барлық бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Бюджеттен тыс қорлардың жиынтығымен мемлекеттік қаржылардың жиынтығын құрайды. Бюджет жүйесінің құрылысы мемлекеттік басқару органдарының құрылысымен анықталады. Біздің мемлекетіміз унитарлы мемлекет болғандықтан басқару органдарының екі деңгейі бар: орталық және жергілікті.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Мемлекеттік бюджеттің уақтылы және толық атқарылуына мемлекет тынысы байланысты десек тіпті де қателесе қоймаймыз. Өйткені жоспарланып, алдын ала кірісі мен шығысының белгіленуіне, және сол жоспардың тиісті деңгейде немесе мөлшерінен тыс, яғни артық орындалуына сәйкес мемлекеттің экономикасының қандайлық деңгейде дамып отырғанына келелі баға беруге болады.
Жалпы бюджеттің атқарылуы дегеніміз - бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай - ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру мен профицитін пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау.
Осы айтылған бюджеттің атқарылуын құқықтық реттейтін арнайы құзырлы органдардың дұрыс әрі тиімді қызмет етулеріне байланысты бюджеттің атқарылуының маңызды принциптері жүзеге асады. Бұл процесс ел экономикасының тыныс-тіршілігін айқындап отыр.
Осыған да байланысты болар менің төменде қарастырып отырған диплом жұмысымның негізгі мәселесі мемлекеттік бюджеттің атқарылуы, және оның атқарылуын құқықтық реттеу болып отыр.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты бюджеттің атқарылуының құқықтық реттерін ашып көрсету. Аталған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыс екі бөлімді қамтиды.
Аталған негіздерді ашу үшін келесідей міндеттер қойылды:
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің құқықтық негіздері деп аталатын тарауда мемлекеттік бюджет дегеніміздің не екені, оның ел экономикасында қандайлық орын алатыны, мемлекеттің бюджеттік қызметі қалай жүзеге асырылатыны, оның қандай қағидаларының бар екені, және Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қалай құрылатынын зерттеу, әрі құқықтық негіздеп беру.
Екіншіден, Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы мен нақтылануының түсінігі мен негізгі проблемаларына арналатын тарауда бюджеттің атқарылуының жалпы ережелері мен принциптері, атқарылу процесінің өзі, бюджеттің нақтылануы мен түзету процесі, және бюджеттің атқарылуын құқықтық реттейтін арнайы құзырлы органдар жөнінде теориялық және заңнамалық реттердегі негіздерді айқындап беру.
«Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу» тақырыбындағы дипломдық жұмысты жазу барысында, негізгі тиориялық мәселелердің анық қанығына жету үшін құқық және экономика ғылымдарында айтулы еңбектерін жазып қалдырған заңгер және экономист ғалымдардың кітаптары пайдаланылды.
Бұл еңбектерде бюджет ұғымы ашып көрсетілген. Және де Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылуының бағыттары айқындалған.
Сонымен қатар, тақырыпты толық қанды зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Конституция, осы салаға қатысты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Салық кодексі, арнайы құзырлы органдардың қызметтерін реттейтін Заңдар мен өзге де нормативті - құқықтық актілер, сонымен қатар Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» атты және де биылғы жылдың 1-наурызында Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары пайдаға жаратылды.
Аталған нормативті құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құқықтық жағдайы негізделеді. Ал Ел Президентінің халыққа жолдауына орай мемлекетімізде жыл сайынғы бюджеттің кірістері мен шығыстары көздерінің бағыттары айқындалады.
«Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу» атаулы осы дипломдық жұмысым менің алдағы да күрделі еңбектерімнің алғашқы бастауы, негізгі бастамасы болады деген сеніммен жазылып отыр.
1- тарау. Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің құқықтық негіздері
1. 1. Мемлекеттік бюджет - негізгі ұғымдары, маңызы және ерекшеліктері.
Қандай болмасын мемлекеттің болмысы мен өсіп- дамуын, өркениеті мен әлеуметтік - экономикалық ахуалын оның орталықтандырылған қаржылық ресурсы (ақша қоры) - мемлекеттік бюджетіне, осы бюджеттің қоғамдық -мемлекеттік маңызы бар мүдделерге байланысты атқаратын роліне қарап сипаттауға болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деп айтылған. Демек, унитарлық (конституциялық нормада «біртұтас» деп берілген ) мемлекеттің бюджеттік құрылысы біздің елдегідей екі деңгейден - республикалық бюджеттен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзырындағы жергілікті бюджеттен тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің қоғам және мемлекет тыныс- тіршілігіндегі ролі мен маңызы Қазақстан Республикасының нарықтық дамуы мен егемендігінде көрініс тауып отыр.
Мемлекеттік бюджет нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге, индустриалдық - инновациялық даму стратегиясын, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын, экономика салаларындағы құрылымдық түрлендіруді іске асыруға септігін тигізетін, ал бюджеттік құқық пән салықтық құқық әлеуметтік - экономикалық, мәдени және саяси - әкімшілік даму аясына қуатты ықпал ететін негізгі тетіктер болып табылады.
Демек, Қазақстан Республикасындағы біте қайнасқан қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қаржыландырудың қайнар бұлағы, мемлекеттік қаржы - қаражаттардың жүйеленген ағыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергілікті бюджеттер мемлекеттің бюджет жүйесінің материалдық тірегі, қаржы жүйесінің орталық буыны, Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің атрибуты және оның егемендігінің қаржылық негізі болып саналады, сондай-ақ мемлекеттік бюджет арқылы жалпы ұлттық өнімнің тиісті қаржылық заң актілерінде көзделген бөлігі қайта бөлініп, қоғамның әлеуметтік - экономикалық игілігіне пайдалынылады.
Мемлекет қарамағында өте мол және әр түрлі дәрежедегі ақша қаражаттары қорлары бар екені жоғарыдан белгілі болды. Солардың ішінен жалпы мемлекеттік, орталықтандырылған ақша қоры, яғни “бюджет” жеке дара бөлініп шығады. С. М. Найманбаев өзінің «Қазақстан Республикасының қаржылық хұқы» атты еңбегінде былай делінген: негізінде бюджет терминін ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты төрт мағынадан тұрады:
1) материалдық мағынада; 2) экономикалық категория ретінде; 3) құқықтық мағынада; 4) заңи - техникалық мағынада;
Материалдық мағынада, бюджет дегеніміз, мемлекеттің (немесе жергілікті әкімшілік - аумақтық мекендердің) шығыстарына жұмсауға арналған, жалпы мемлекеттік орталықтандырылған немесе жергілікті ақша қаражаттары қорлары, яғни мемлекеттік қазына.
Бюджеттің өзі ақша қаражаттары қоры ретінде біртұтас түрінде кездеспейді, өйткені түскен кірістер бірден белгіленген шығыстарға жұмсалынып отырылады1.
Заң әдебиеттерінде бюджетті экономикалық категория ретінде қарастырғанда, оны жалпы мемлекеттік орталықтандырылған немесе жергілікті ақша қаражаттары қорларын құратын және пайдаланатын экономикалық қатынастардың жүйесі деп сипаттайды.
Экономист ғалым В. Д. Мельниковтың «Қаржы» атты кітабында бюджетке берілген анықтаманың мән - мағынасы жоғарыдағы анықтамадан алшақ емес: Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнын мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгілейді2.
Осы экономикалық тұрғыдан мемлекеттік бюджеттің өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге болады. Олар келесідей белгілермен Н. Е. Мухитдиновтың, С. М. Найманбаевтың және С. Серимовтың ортақ еңбегінде былай сипатталады3:
- Ол мемлекет қарамағына қоғамдық өнімнің, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің құнының бөлігін және оны жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарын қанағаттандыруға пайдалануға байланысты бөлу қатынастарының экономикалық нысаны болып табылады;
- Қоғамдық өнімнің құнын бюджеттік бөлудің пропорциясы мен нысаны тұтас алғанда ұлғаймалы ұдайы өндіріс мұқтаждығымен және қоғамның әрбір тарихи кезеңде дамуының қоғам алдында тұрған міндеттермен айқындалады;
- Ол тауар нысанындағы қоғамдық өнімнің тікелей қозғалысына байланыстс емес құн бөлу сатысын, яғни тауар нысанындағы құнның қарсы қозғалысына жолықпаған ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын көрсетед.
- Ол құнды халық шаруашылығы салалары, еліміздің аумағы және экономика секторлары арасында бөлуге арналған.
Сонымен мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде ақша нысанындағы өндірістік қатынастарды көрсетеді және оның өзіне тиісті материалдық - заттай институты, яғни ақша қаражаттары қорлары болады. Мысалы, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры - республикалық бюджет болып табылады.
Құқықтық категория ретінде бюджет деп, мемлекеттің негізгі қаржылық жоспарын, яғни мемлекеттің және жергілікті өкілді органдардың кіріс және шығыс балансын айтамыз.
Заңи - техникалық мағынада бюджет дегеніміз - мемлекеттің негізгі қаржылық заңы немесе жергілікті өкілді органдардың қаржылық - құқықтық актілері.
Осы аталған ерекшеліктер бюджетті заң және экономикалық теория тұрғысынан сипаттап көрсетеді.
Енді мемлекеттік бюджеттің маңызына және оның қаржы жүйесінде алар орнына тоқталып өтер болсақ, бюджет маңызы мынадан көрініс табады: ол мемлекеттің қызмет етуінің қаржылық базасын құрады.
Ақшалай ресурстардың аккумуляциясы мен мобилизациясы арқылы жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігін ұдайы бөлу, пайдаланған бюджеттік (қаржылық) ресурстарды бөлшектеу мен ұйымдастыру сияқты процестер мемлекеттік бюджет арқылы өтеді.
Мемлекеттік биліктің негізгі есептік инструменті болып мемлекеттік бюджет табылады, ол мемлеке қарамағындағы мемлекеттік заемдар мен салықтық және салықтық емес түсімдер түрінде түскен табысты; және де бюджеттік - шығыс жазбаларға сәйкес бюджет ресурстарын пайдалану процесін бақылауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесіне қарағанда жалпы тек өзінде бар ұлттық табыстың бөлігін ғана қайта бөледі және келесі бағытта әрекет етеді:
- ел экономикасын жоспарлау, басқару және реттеудің экономикалық рычагы ретінде
- мемлекеттің қаржылық саясатымен анықталатын секторлар, әкімшілік - территориялды бірліктер, қоғамдық іс - әрекет сферасының пропорциялары арасында ұлттық табысты таратуды жүзеге асыратын, қаржы ресурстарын басқару және ақшалай қатынастарды ұйымдастыру механизмі.
Яғни мемлекеттік бюджет мемлекеттің егемендігінің материалдық негізі және мемлекеттіліктің бұлтартпас атрибуты ретінде адал қызмет етеді.
А. И. Худяков «Финансовое право Республики Казахстан» атты кітабында былай дейді, мемлекеттің қаржы жүйесіне кіретін барлық институттарды сипаттайтын болсақ, оның ішінде бюджет - бұл жалпы маңызы бар іс-шараларды қаржылындыру үшін арналғандығын ерекше атап өту керек. Бюджеттің шығыстарының негізгі бағыттары келесідей: мемлекеттік аппаратты, оған қоса сот, прокуратура және полицияны қамтамасыз ету, қорғанысқа кеткен шығыстарды қаржыландыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру, белгілі бір экономикалық, яғни халықтық шаруашылықтық маңызы бар, немесе білгілі әлеуметтік сипаттағы бағдарламаларды қаржыландыру (мысалы, ел ішінде тамақтану тағамдарына төмен бағаны қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қаржыландыру) .
Бюджеттің негізгі кіріс көзі салықтар болып табылады, одан өзге, мемлекеттік займдар кеңінен қолданылады. Қазақстанда бюджет жүйесі республикалық бюджет және жергілікті бюджет ретінде берілген, олардың жиынтығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін құрайды4.
Бүгінгі күні, 1999ж. 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, бюджетке мынадай анықтама берілген “бюджет бұл - заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімімен бекітілетін, мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры, ол мемлекеттің өзіндік қызметтерін қамтамасыз ету үшін арналған және заңнамада көзделген ретте салықтар, алымдар, өзге міндетті төлемдер, капитал айналысынан түсетін табыс, салықтық емес және өзге түсімдер есебінен құралады”.
Осылайынша, мемлекеттік бюджет бұл - қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қоры; тиісті қаржы жылына негізгі қаржы заңы статусы бар мемлекеттің негізгі әмбебап қаржылық жоспары; Қазақстан Республикасының қаржылық қызметіне және жергілікті мемлекеттік билік органдарына арналған бюджеттің қаражаттарды құру мен жұмсаудың формасы.
Бюджет жалпымемлекеттік қаржылық ресурстарды құрудың ұтымдылығы мен жұмсаудың дұрыстығының ұлттық қаржылық бақылау әдісі болып табылады. Сондықтан мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары болғандықтан бюджет барынша транспорентті болуы тиіс, ал оның құрылуы - демократиялы әрі ашық болуы керек, яғни бюджет мемлекеттің бюджеттік байланыстардың мазмұнын мақсатты қолданудың көрініс формасы болуы керек деген сөз.
Мемлекеттік бюджеттің бар болуы белгілі уақыт ішінде тұтас мемлекет үшін немесе оның қандайда әкімшілік - территориялды бөлігі үшін, маңыздылығын ескеріп қоғамдық қажеттіліктерге бюджеттік ресурстарды бөлу кезінде икемделуге мүмкіндік береді.
Сонымен, жоғарыдағылардан шыға келе мемлекеттік бюджетке тән өзіндік ерекшеліктерге келесілерді жатқызуға болады:
Біріншіден, қоғамдық қаржылық - экономикалық қатынастарды (қоғамның таза табысының қозғалысын көрсететін, императивті сипаттағы, экономикалық қатынастар жүйесі) құрудағы ортақтасқан процестерді, мемлекеттің және әкімшілік - аумақтық құрылымдардың орталықтанған қаржы қорларын юөлу мен ұйымдастыруды білдіреді.
Екіншіден, мемлекет қолындағы қаржылық ресурстардың орталықтануының деңгейін айқындайтын ақша (қаражат) құралдарының аккумуляциясының нақты көлемі; ол экономикалың даму деңгейіне, қоғамның экономикалық және әлеуметтік мәселелерді іске асыратын шаруашылық жүргізудің әдістеріне тәуелді болып келеді.
Үшіншіден, тауарлы формада болмайтын құн айналысымен тікелей байланыссыз келетін жалпы ұлттық өнімді (құнның ақшалай формасы) бөлудің кезеңін білдіреді.
Төртіншіден, негізгі қаржылық заң статусына ие мемлекеттің әмбебап қаржылық жоспары болып табылады, себебі оның көрсеткіштері экономикалық және әлеуметтік дамудың, мемлекет қауіпсіздігін сақтап, қорғанысын қамтамасыз етудің барлық салаларын қамтиды; және бюджеттік байланыстардың жоспарлы мазмұнын көрсетеді
Бесіншіден, мемлекеттің орталықтанған ақшалай қоры ретінде, республикалық және жергілікті бюджеттердің қосындысын білдіреді, яғни республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланған мемлекеттің бюджет ресурстарын білдіреді.
Сонымен, мемлекеттік бюджет Қазақстан Республикасы мен оның құрамына кіретін әкімшілік - аумақтық құрылымдар деңгейінде құрылады. Онда мемлекеттің кірістері мен шығыстары біріктірілген. «Бюджет жүйесі туралы» Заңда келесі анықтамалар берілген:
- Республикалық бюджет - Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген, орталықтанған ақша қоры; ол түсімдер мен бюджет дефицитін қаржыландыру (профцитін пайдалану) есебінен құралады және ҚР Конституциясы мен өзге де заңнамалық актілері жүктеген функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналады.
- Жергілікті бюджеттер - (әкімшілік - аумақтық бірліктер бюджеттері) - облыс бюджеттері, қала бюджеттері (аудандық маңызы бар қалалардан өзге) аудан бюджеттері, қала ішілік аудандарды қоспағанда.
- Облыс бюджеті - облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер жиынтығы - олардың өзараөтелмелі операцияларын есепке алмағанда.
- Бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасы Парламентімен немесе тиісті жергілікті өкілді оргагдармен сәйкес қаржы жылына бекітілген бюджет.
- Нақтыланған бюджет - ағындағы қаржы жылына бекітілген бюджетті орындау барысында енгізілген өзгертулерді есепке ала отырып Қазақстан Республикасы Парламентімен немесе сәйкес жергілікті өкілді органдармен бекітілген бюджет.
«Бюджет жүйесі туралы» Заңның 27-бабына сәйкес (01. 04. 1999ж. ) Қазақстан Республикасы территориясында Қазақстан Республикасы Президенті шешімімен Қазақстан Республикасы төтенше бюджеті енгізіле алады, оның құрамына, қажет жағдайда, мемлекеттің барлық қаржы ресурстары кіре алады. Төтенше бюджеттің әрекет ету уақытысы тұсында республикалық бюджет туралы заң мен кез келген деңгейлі бюджет туралы шешімдер тоқтатылады.
Бюджет тек қана мемлекеттің мүддесін білдіру үшін ғана әрекет етеді. Сондықтан, бюджеттен бөлінген қаржы есебінен тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған приоритетті бағдарламалар; өндірістік және әлеуметтік - тұрмыстық инфрақұрылысты жетілдіру жолдары; өндірістің дамуында мемлекеттік және жеке экономикалық секторлардың инвестициялық активтілігін арттыру бағдарламалары қаржыландырылады.
Мемлекеттік бюджеттің маңызы онда шоғырланған қаражаттың көлемімен ғана айқындалмайды. Бюджетпен тығыз байланыста қаржы жүйесінің барлық өзге тетіктері қызмет етеді. Республикалық және жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесі аясында қызмет етеді, ол жүйе мемлекеттік құрылысты есепке ала отырып, шыңдалған қағидалар мен нормативті құқықтық актілер негізінде құрылады. Сәйкесінше, бюджет жүйесін зерттеу қажеттілігі туындайды. Мемлекеттің унитарлы табиғатына сәйкес және онда әлсіреген категория ретіндегі жергілікті мемлекеттік басқару әдісінің болуы республикалық және жергілікті бюджеттерді бөліп шығарады, аталғандар Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін құрайды.
Сонымен, бюджет жүйесі құрамына экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейдегі бюджеттерді біріктіреді («Бюджет жүйесі туралы»ҚРЗ 3б. (1) ) .
Демек, бюджеттік жүйе дегеніміз - материалды және ұйымдасқан бюджеттік қатынастар, принциптер, бюджеттік жоспарлаудың әдістері мен тәсілдері, бюджет түрлері, қаржылық және өзге құзырлы органдар.
Бюджет құрамы, әдетте мамандандырылған экономикалық формадан - кірістер мен шығыстардан тұрады. Бюджет кірістері - бұл салықтардың, алымдардың және өзге бюджетке төленуі тиіс міндетті төлемдердің, салықтық емес өзге түсімдердің, және де бюджетке қайтарымсыз негізде түсетін капитал айналысынан алынатын табыстардың көлемі («Бюджет жүйесі туралы» ҚР Заңы 1б. )
Сонымен, бюджет жүйесінде ірі ақшалай қорлар қаражаттарының аккумуляциясы Қазақстан Республикасының барлық территориясында теңдей экономикалық және мәдени дамуды қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін тудырады.
Мемлекеттік бюджеттің қызметі әлеуметтік негізделген экономиканың ортақ мақсаттарына жетуге бағытталған және мемлекет қолындағы қуатты басқару механизмі болып табылады5.
1. 2. Мемлекеттің бюджеттік қызметі, қағидалары және бюджеттік классификация.
Енді жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаражаттардың түсінігіне тоқталайық.
Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар - экономикалық қатынастардың жиынтығы арқылы жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыратын және бөлетін, сондай - ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын қаржылық - экономикалық институт.
Мемлекеттік (республикалық және жергілікті бюджеттер) бюджет осы институттың көрінісі, сондай - ақ материалдық белгісі болып табылады. Осы жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру кезінде мемлекеттің өзі немесе мемлекет мүддесін көздейтін өкілетті органдары белгілі бір қызметті жүзеге асырады.
Бұл қызмет қаржылық қызметтің бір түрі ретінде есептелінеді.
Сонымен, жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің іс - әрекеті бюджеттік қызмет деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz