Мекеменің есеп саясатын дайындау
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ 2
КІРІСПЕ 3
І БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП 5
1.1 Шаруашылық субьектісінің бухгалтериясының және ұйымынң құрылымы. 5
1.2 Ұйымның есеп саясаты 7
ІІ.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 11
2.1 Ақша қаражаттарының есебі 11
2.2 Негізгі құралдардың есебі 13
2.3 Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі. 15
2.4 Тауарлы-материалдық қорлар есебі 17
2.5 Еңбекақы және оның төлемінің есебі 20
ІІ.ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 22
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
ҚОСЫМШАЛАР 30
КІРІСПЕ
Мен Қуаныш бөбекжай-бақшасында дипломалды тәжірибеден өттім. Бұл кәсіпорын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға жатады. Мекеме Түркістан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы Қазыбек би көшесі 16А ғимаратта орналасқан. Мектепке дейінгі білім беретін орталық болып табылады. Мемлекеттік тіркеуі 07.07.2010 жылы тіркелген, нарықта жұмыс істеп келе жатқанына 14 жылға жуық болған. Қазіргі таңда басшысы Абдирахманова Мираш Бекзатовна. БИН: 100740003872
Балабақшаға 300 бала барады, онда 100 қызметкер жұмысқа орналастырылған, олардың арасында көптеген жоғары білікті мамандар бар.
Бұл балабақша тәрбиешілердің бейіндік білімі бар (мектепке дейінгі педагогтар мен психологтар) және балалардың жеке даралығын дамытуға бағытталған. Шынайылық пен жауапкершілік, шығармашылық және жан - жақты білім, Өзін-өзі бағалау, әдептілік, терең руханият және адамзат мәдениеті-бұл ұмытылмас мектепке дейінгі жылдар өтетін атмосфераны қалыптастырады.
Балалармен жұмыс істеудің негізгі міндеті - әр баланың жеке әлеуетін ашуға жағдай жасау, оның жеке басын қабылдау, онымен жылы қарым-қатынас орнату.
Баланың сөйлеуін дамытуға, дұрыс дикцияны орнатуға ерекше назар аударылады. Білікті логопедтер мен психолог балалармен жеке жұмыс істейді.
Балалардың эстетикалық тәрбиесіне үлкен мән беріледі, олар сурет салады, музыкамен айналысады, оркестрде ойнайды, бал және халық биінің элементтерін меңгереді.
Осы ұйымдағы құқық белгілейтін құжаттар: жарғы, құрылтай шарты, кәсіпорынды ашу туралы әкімшіліктің қаулысы, салық органында қою туралы куәлік, сондай-ақ қорларда қою туралы куәлік болып табылады.
Ішкі құжаттар: бастапқы құжаттар (шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, үзінді көшірмелер, шығыс-кіріс кассалық ордерлер). Мүлік пен қаржы қаражатын қалыптастыру көздері: ақылы қызметтер көрсетуден, сондай-ақ шаруашылық қызметтің басқа да түрлерінен алынған, оның ішінде еркін айырбасталатын валютадағы кірістер; банктік және өзге де кредиттер болып табылады. Кәсіпорында салықтар мен міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайда оның иелігінде болады және орталық ғимаратын күтіп ұстауға және қызметкерлерге ақы төлеуге жұмсалады. Қалған пайдадан әртүрлі қорлар құрылады. Кәсіпорын өз жұмысының нәтижелерінің жедел және бухгалтерлік есебін жүргізеді, статистикалық есептілікті жүргізеді.
Қуаныш бөбекжай-бақшасында шарттық, кредиттік, салықтық, есеп айырысу операцияларын бұзғаны үшін толық мүліктік жауаптылықта болады.
Ұйымдағы бухгалтерлік есеп бас директорға тікелей есеп беретін штаттық лауазымды атқаратын бас бухгалтердің күшімен жүргізіледі. Ұйымдағы салық есебі бас директорға тікелей есеп беретін штаттық лауазымды атқаратын бас бухгалтердің күшімен жүргізіледі. Бас бухгалтердің шаруашылық операцияларды құжаттау және құжаттар мен мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптары ұйымның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып саналады.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысының лауазымдық міндеттеріне:
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының қызметін басқарады;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;
"Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Менің дипломалды тәжірибемнің мақсаты теориялық білімді практика негізінде толықтыру және бекіту, дипломдық емтиханға мәліметтер жинау. Ал дипломалды тәжірибенің міндеттеріне:
Мекеменің шаруашылық қызметімен танысу және есеп саясатына талдау жасау;
Ақша қаражаттары мен оның баламаларын зерттеу және дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру;
Қорлар есебін, негізгі құралдар, материалдық емес активтердің есебіне талдау жасау;
Міндеттемелер, капиталдың есебіне зерттеу жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну;
І БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
1.1 Шаруашылық субьектісінің бухгалтериясының және ұйымынң құрылымы.
Зерттеу нысанасы Түркістан облысының Білім басқармасының Шардара ауданы Білім бөлімінің Қуаныш бөбекжай-бақшасы МКҚК болып табылады.
Қуаныш балабақшасы Шардара ауданы бiлiм бөлiмiнiң, Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңы, Мемлекеттiк кәсiпорын туралы, басқа да нормативтiк актiлерге сәйкес заңды тұлғаның мәртебесiне ие болып өзбетімен шұғылданады. Басқарудың мемлекеттiк құрылымы Шардара ауданының бiлiм бөлiмi болып табылады.
Түркістан облысының Білім баскармасының Шардара ауданының білім бөлімінің "Қуаныш" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының орналасқан жері Түркістан облысы, Шардара ауданы, Ұзыната а., КАЗЫБЕК БИ, 16А
Кәсiпорын қаржылармен болатын оның ұйғарымдарында мiндеттемелерiне өз беттерiнше жауап бередi.Кәсiпорын кез келген шешімді ҚР заңдарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдап, ҚР Салық кодексі негізінде қызмет атқарады. Кәсiпорын құрылтайшының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Кәсiпорын ҚР Президенттінің Балапан бағдарламасына сәйкес мектеп алды дайындыққа, сонымен бiрге балабақшада балаларды, оқуға, денешынықтыруға, музыкаға уйретеді. Қуаныш МКҚК балабақшасы үшiн жергiлiктi бюджеттен жәрдемақылары, аналық жарналар, өкiметтiң жергiлiктi органдарының дотациясы негізгі құралдарының мазмұны болып табылады. Қуаныш балабақшасы МКҚК тиiстi инстанциядағы ҚР-ның заңымен қойылған мерзiмдерде және көлемдегi ай сайынғы, тоқсандық және жылдық қаржылық, салық және статистикалық есеп берудi ұсынады.
Қуаныш балбақшасы МКҚК басқаруының ұйымдық құрылымы - сызықты (ол 1 суретте көрсетілген) .
1 сурет. Қуаныш бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны балабақшасын басқарудың ұйымдық құрылымы
Бухгалтерлiк есептiң Қазақстандық стандарттарында және әдiстемелiк ұсыныстарының негiзiн қалайтын ережелер, қағидалар бекітілген, әрбiр жеке кәсiпорында оның қызметiнiң қоғамдық қаржы шеңберінде оның жүзеге асырылуы, есептіліктің күрделiлiгiнiң техникалық база дәрежелерiнiң басқару қызыметшiнiң бiлiктiлiгiнiң шарттарына сүйене отырып айқындауы керек. Басқару есептіліктің қабылдаулары мен жүргізу әдістері болып табылады.Алғашқы бақылауды жүзеге асыру кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік есебінің әдістерімен,өлшеу құнымен,шаруашылық қызметінің ағымдағы толық қорытындысы кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіледі.
Есеп саясаттының құрылуы - бұл бухгалтерлiк есептiң жүргiзілуiнiң белгiлi әдiстерiнiң нақты шаруашылық жиынтығының таңдауы және олардың қолдануының ретiнiң анықтауы. Басқа сөзбен айтқанда, есеп саясаты - бұл ағымдағы топтау және кәсiпорынның шаруашылық жұмысының айғақтарының қорытындысы, бухгалтерлiк есептiң жалпылауын өлшем құн, алғашқы бақылауды жүзеге асыруды ретттеуді, немесе iске асыру әдiсi. Есеп саясаты, мiндеттi түрде әртүрлi кәсiпорындарда әр түрлі жүргізіледі.
1.2 Ұйымның есеп саясаты
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты 8 Есеп саясаты Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандартына сәйкес әзірленеді.Стандарттың мақсатыесеп саясатын таңдау және өзгерту критерийлерін, сондай-ақ есеп саясатындағы өзгерістерді есепке алу және ашып көрсету тәртібін, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістерді және қателерді түзетулерді анықтау болып табылады. Стандарт ұйымның қаржылық есептілігінің маңыздылығын және сенімділігін, сондай-ақ осы қаржылық есептілікті уақыт бойынша және басқа ұйымдардың қаржылық есептілігімен салыстыруға арналған. Есеп саясаты - бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ заңына енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес және Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
oo бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
oo бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
oo алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
oo ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
oo актив пен міндеттемелер түгендеуін өткізу тәртібі (реті);
oo актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
oo құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
oo шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
oo бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Есеп саясатының мазмұны. Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері,мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация(тозу) есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет:
oo негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері;
oo материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары;
oo шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері;
oo өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі;
oo жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
oo дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
oo материалдық қорларды бағалау әдістері;
oo негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалынып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады . Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарының жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтіні мен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылданған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
Мекеменің есеп саясатын дайындау. ҚуанышМКҚК балабақшасының Есеп саясаты мыналардың негізінде әзірленген:
oo Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы ;
oo Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттары (ҚЕХС);
oo ҚЕХС қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
Халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары.
ҚуанышМКҚК балабақшасының бухгалтерлік есебін жоғарыда баяндалған есеп саясатының ережелері мен талаптарына сәйкес жүргізеді.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделінуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
oo Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
oo бухгалетрлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
oo жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.
ҚуанышМКҚК балабақшасының есеп саясатының жалпы ережелері: ҚуанышМКҚК балабақшасының есеп саясаты Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы 28.02.2007 жыл №234-ІІІ ҚР заңына енгізілген қосымшалар мен өзгерістерге сәйкес, қаржылық есептілік - Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттары (ҚЕХС) бойынша, ҚЕХС қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, Қаржы министрлігінің басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қалыптастырудың негізіне келесі принциптер кіреді: есептеу, үздіксіз қызмет, түсініктілік, мәнділік, маңыздылық, сенімділік, бейтараптылық, сақтық, аяқтап бітірушілік, сәйкестілік, жүйелілік (бір ізділік), шынайы және алалықсыз ұсыну.
Салықтық есеп айырысу мен төлемдер 10.12.2008 жылы Салықтар мен бюджетке басқадай міндетті төлемдер туралы заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржылық есептемені дайындағанда, ұйым келесі үшін жауапты болады:
oo бухгалтерлік есептің тиісті қағидаттарын таңдау және оларды бірізді қолдану;
oo дәлелді бағалар мен есептерді қолдану;
oo ХҚЕС талаптарын сақтау және ХҚЕС-нан барлық елеулі ауытқуларды қаржылық есептемеге түсініктемелерде ашып көрсету;
Қаржылық есептемені ұйым өз қызметімен жақын болашақта айналыса береді деген жорамалды есепке алып, дайындау, бірақ мұндай жорамал заңсыз болатын жағдайлардан басқа.
Сонымен қатар басшылық мына үшін жауапты болады:
oo ұйымда тиімді әрі сенімді ішкі бақылау жүйесін жасап шығару, ендіру және әрекет етуін қамтамасыз ету;
oo ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты кез келген уақытта дәл дайындап алуға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп жүйесін қолдану және қаржылық есептеменің ХҚЕС талаптарына сәйкес келуімен қамтамасыз ету;
oo бухгалтерлік есепті Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық Қаржылық Есептеме Стандарттарына сәйкес жүргізу;
oo ұйым активтерінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету үшін өз құзыреті шеңберінде шара қабылдау;
oo алаяқтық фактілерін және басқа қиянаттарды анықтап алу және олардың алдын алу.
Есеп саясаты мекеменің барлық құрылымдық бөлімдері үшін мекеменің бүтіндей қаржылық есебінің көрсеткіштерінің салыстырмалығына жету үшін бірыңғай болып табылады.Осы есеп саясатын Шардара ауданының білім бөлімі мақұлдаған және уәкілетті органмен келісіліп бекітілген, 2023 жылғы 1қаңтар бастап күшіне енді.
ІІ.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Ақша қаражаттарының есебі
Өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субьект Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 2 маусымдағы № 266 Клиенттердің ҚР банктерінде банктік шот ашу,жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспонденттелетін немесе жинақ шоттарын ашады.Банктік шоттар банк шоты шараты бойынша ашылады. МКҚК Қуаныш балабақшасының жиынтық ақша қаражаттары банктік төлем есеп-айырысу шотында болады.
МКҚК Қуаныш балабақшасының бос ақша қаражаттар олардың төлем есебiнде банкте сақталады. Бұл кәсiпорында ақша айналымының есеп-айырысу операцияларының, тиiмдi жүзеге асырылуы ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк туғызады. Көрcетiлген есептеулер ақшалайсыз төлеу iске асырылады, яғни төлеушiнiң төлем есебiнен банктің бөлiмшелері арқылы алушыға ақша аударылады.
Ақша қаражаттары есеп - айырысу шотында банктің төлем құжаттарымен рәсімделеді .Ағымдағы немес корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді. Бірінші қол кою құқығы балабақшанын меңгерушісінде, екінші бас есепшіде. Банктік штқа субьектке хабарланатын нөмір беріледі және ол операцияны рәсімдейтін барлық құжаттарға қойылады.
Ағымдағы шотқа оның иесіне тиесілі төлемдерінің негізгі массасы- тауарлар қызмет көрсетулерді, материалдық құндылықтарды өткізуден түскен түсімдер және т.б. түседі.
Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алынған тауарлық- материалдық қорлар үшін қойған шоттары,төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға,жәрдемақыға және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол ақшасыз аударымдары жүргізіледі.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру ҚР-ның 1998 ж. 29 маусымдағы № 237-1 Төлемдер мен ақша аударымдары туралы Заңына, ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 сәуірдегі № 179 ҚР территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері атты қаулысына және ҚР Ұлттық банкі Басқармасының ҚР территориясындағы банктік шот ашпай, қолма-қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын атқару Ережелерін бекіту туралы қаулысына, ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 қарашадағы № 433 Клиенттер мен оған қызмет ететін банк арасында қолма қол ақшасыз төлем жүргізу Ережелерін бекіту туралы атты қаулысына сәйкес жүзеге асады. Осы заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынандай негізгі формаларымен МКҚК Қуаныш балбақшасы жүзеге асырады:
oo Төлем тапсырмасы
oo Чек
oo Төлемдік талап-тапсырма
Төлем тапсырмасы- бұл банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны көшіргіш немесе комьютерде қажеті бойынша басады.
Чек- чек берушінің банк-алушыға жазбаша бұйрығы бар, олардың арасындағы шартқа негізделген, осындай бұйрықта көрсетілген чек ұстаушыға ақша сомасын төлеу төлем құжаты. Чек кітапшалары қолма-қол ақшасыз төлемдерді атқару,қолма-қол ақшалай қаражатты алу үшін қолданылады.
Төлемдік талап-тапсырмаларымен есеп айырысуда бенефециар банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс,көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік ұжат береді.
Банк Заңды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе күнделікті оған үзінді көшірме , яғни банк шотындағы ақшалай қаражаттың қозғалысы жөнінде жазылған жазбалардың көшірмесін береді. Бас есепші алынған мәліметтерді компьютерге 1.С Бухгалтерия Версия 8 бағдарламасына енгізеді.
Банктік шоттардағы ақшалай қаражатты есептеу ұшін субьектінің қаржылық-шаруашылық қызметі шоттарының Үлгі жоспарының 1000 Ақша қаражаттары шоты арналған. Соның ішінде 1030 Банктегі ағымдық ақша қаражаттары бойынша жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша ақшалай қаражаттың түсуі,ал кредит бойынша - азаюы көрсетіледі.Банктің ақтаушы құжаттармен тіркелген үзінді көшірмелері есеп шот бойынша жазбаға негіз болады. Үзінді көшірмелердің 1030 шот кредиті бойынша №2 журнал ордерге 1030 шот дебеті бойынша әр түрлі журнал-ордерлерде көрсетіледі. Алайда, есептің дәл болуы маңызын және бақылау қажеттілігін ескере отырып, №2 журнал-ордерге қосымша №2 тізімдеме жүргізіледі,онда 1030дебетіне жатқызылған барлық сома есептелінеді.Банктің үзінді көшірмелері тексеріледі және өңделеді, яғни сомалармен қатар шот корреспонденциялары жасалады.
Кесте 1Есеп- айырысу шоты бойынша шоттар корреспонденциясы
№
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
дебет
кредит
1
2
3
4
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өнім,жұмыс,көрсетілген қызмет үшін шотты төлеу сомасына
1030
1210
2
ТМҚ мен жабдықтарға, орындалған жұмыс және қызметке аударылған аванстар
1030
3510
3
Артық аударылған соманың орнын бюджет толтырды
1030
1280
4
Жеке және заңды тұлғалардан қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік қарыздар алынды
1030
6280
5
ТМҚ-ды жабдықтаушылар мен мердігерлерге орындалған жұмыс пен қызметке төлеу
3310
1030
6
Бюджетке аударылған салық сомасы
А) коорпоративті табыс салығы
Ә) ҚҚС
Б) жеке табыс салығы
3110
3130
3120
1030
7
Зейнетақы қорына аударылған сома
3220
1030
2.2 Негізгі құралдардың есебі
Субьектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі.Негізгі құралдарды есептеу үшін 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің синтетикалық шоты,ал олардың тозуы 2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы шоттарында жүргізіледі. Негізгі құралдар құрамына обьектілердің есепке алу пайдаланудың нормативті мерзімі көрсетіледі.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде
материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдық активтер. Оған мыналар жатады:
- жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа объектілер);
- көлік құралдары;
- жабдықтар, өлшеу аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары және т.б.
Қуаныш МКҚК негiзгi құралдардың есепке алуы үшiн алғашқы есептiк құжаттаманың негiзгi формалары мыналар:
Негiзгi құралдарды қабылдау-тапсыру актiсiмен (№ НҚ-1-ф) рәсімделеді.Субьектілер пайдалы қызмет ету мерзімін(негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу көзделелетін кезең нормативті қызмет мерзімін(субьект белгіленген нориаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең)және жойылу құнын ( пайдалы қызметі мерзімі біткен соң,күтілген шығыны істен шыққан соң есептен шығарылып,негізгі құралдарды жлюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің) болжанатын бағасы өз бетінше белгілейді.Негізгі құралдарды қабылдау- тапсыру актісі негізінде бухгалтерияда мүліктік карточка ашылып,негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір обьектісіне мүліктік нөмер беріледі.Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларынның тізімдемелерінде (№ НҚ- 6), тіркеледі.Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды Архив картотека бөліміне қояды. Қабылдау-тапсыру актi - жөнделген, реконструкцияланған және модернизацияланған объекттілердiң жөнделуі, қалпына келтiрілуіне сәйкес олардың өткiзілуiн рәсiмдеуi үшiн қолданылады.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі арнайы тізімде тіпкеуге жататын инвентарлы карточкаларда әрбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz